АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

ГЛОССАРИЙ 18 страница

Читайте также:
  1. DER JAMMERWOCH 1 страница
  2. DER JAMMERWOCH 10 страница
  3. DER JAMMERWOCH 2 страница
  4. DER JAMMERWOCH 3 страница
  5. DER JAMMERWOCH 4 страница
  6. DER JAMMERWOCH 5 страница
  7. DER JAMMERWOCH 6 страница
  8. DER JAMMERWOCH 7 страница
  9. DER JAMMERWOCH 8 страница
  10. DER JAMMERWOCH 9 страница
  11. II. Semasiology 1 страница
  12. II. Semasiology 2 страница

2 Тәжірибелік ізденіс немесе тәжірибелік-шығармашылық. Оқушы меңгерген теориялық білімін жаңа жағдайда, өмірде қолдан білуі қажет. Проблемалық оқытудың бұл түрінде оқушы оқу проблемаларының тәжірибелік шешімін іздестіреді.

3 Шығармашылық ізденіс. Оқушы үйреніп білген білім қорын одан әрі дамытып, шығармашылықпен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру қажет. Шығармашылық жұмыстарға көркем шығарма жазу, сурет салу, ән шығару, жоба құрастыру, слайд жасау, т.б.

Проблемалық оқыту түрлері оқушылардың шығармашылық белсенділіктерін жетілдіреді, пәнге деген қызығушылықтарын арттырады, пәннен терең білімділіктерін дамытады. Оқушының ғылыми тұрғыдан ойлау дағдылары қалыптасады. Көтерілген мәселе бойынша көпшілік ақпарат құралдары мәліметтерімен, кітапханада, қосымша әдебиеттермен, энциклопедиялық сөздіктермен, т.б. жұмыс істей отырып білім қорларын молайтады. Қозғалған мәселе бойынша бір-бірімен ой бөлісуге, сол арқылы белсенді тілдік қатынасқа түсуге мүмкіндік туындайды. Өйткені ол белгілі бір мәселені шешу бойынша ой бөліседі, өз көзқарастарын білдіреді, оны дәлелдейді. Бұның бәрі тілдік қатынасқа түсудің бірден-бір жолы және соқушының өзіндік жұмыс істеуіне мүмкіндік туады. Яғни, проблемалық оқыту дегеніміз – оқытушы мен оқушының бірлескен оқу және іздену, зерттеу әрекеті. Проблемалық жағдайларды шеше отырып, оқушылардың өз беттерінше саралау, түсіну, игеру, талдау, баға беруі болып табылады.

Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:

1. Селевко бойынша педагогикалық технологиялардың топтастырылуы

2. Қарқынды оқыту технологиясы дегеніміз не?

3. Ұжымдық оқыту технологиясы дегеніміз не?

4. Дамыта оқыту технологиясы дегеніміз не?

5. Проблемалық оқыту технологиясы дегеніміз не?

Әдебиеттер:

1. ҚР Жоғары білім беру мемлекеттік стандартының тұжырымдамасы. –Алматы: РБК, 1998. -96 б.

2. Подласый И. П. Педагогика. – М.: Владос, 2000. -573 с.

3 Пестолаций И.Т. Избр. пед. произв. В з т-х. Т.3. –М., –1965. -216 с

4 Гузеев В. От методик к образовательной технологий. //Народное образовоние. –1998. №7. С.84 -91.

5 Юдин В. Сколько технологий в педагогике? //Школьные технологий. – 1999. №3. С.34-40.

6 Кушнир А. Новая Россия подрастает.// Народное образование. –1997. №5. С.20-27.

7 Смирнов С. Еще раз о технологиях обучения. //Высш.обр.в Россий. –2000. №6. С.113-120.

8 Арстанов М.Ж., Пидкасистый П.М., Хайдаров Ж.С. Проблемно-модульное обучение: Вопросы теорий и технологий. – Алматы: Мектеп, 1980. -208 с.

9 Скаткин М.Н. Проблемы современной дидактики. 2-е изд. – М.: Педагогика, 1984. -95 с.

10 Вихман. Метод сочетательного диалога. Опыт применения. (В порядке обсуждения). // За качеством кадров. – 1931. №6. С.26-35.

11 Китайгородская Г.А. 33 ответа на 33 вопроса. – М.: МГУ., 1993. -197 с.

12 Дьяченко В.К. Сотрудничество в обучений. – М.: Просвещение, 1971. -191 с.

13 Вихман 3. Опыт построения учебного материала для массового рабочего образования. //Революция и культура. – 1930. №15-16. С.55-63.

14 Дьяченко В.К. Общие формы организаций процесса обучения: Актуал. проблемы теорий и практики обучения. – Кросноярск: Изд. Кроснояр. ун., 1984. -185 с.

15 Дьяченко В.К. Еще раз о коллективных учебных занятиях. //Народное образование. – 1992. №1-2. С.12-17.

16 Арыстанов М. Проблемное обучение в учебном процессе вуза. – Алматы: Мектеп, 1975. -80 с.

17 Пидкасистый П.И., Арыстанов М.Ж. Проблемно-модульное обучение: вопросы теорий и технологий. – Алматы: Мектеп, 1990. -207 с.

15 Гонтарь Г.М. Использование проблемного подхода при обучений второму иностронному языку. Автореф.... канд.пед.наук. – М. – 1987. -16с.

 

3 Тәжірибелік сабақтардың мазмұны

№1 Тәжірибелік сабақ: Қазақ тілін оқыту әдістемесінің пайда болуы, даму тарихы және мәселелері. Қазақ тілін оқыту әдістемесі мәселелері пәні, мақсаттары мен міндеттері.

Мақсаты: Қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихи қалыптасу және даму жолдары және қазақ тілін оқыту әдістемесі тарихы пәні, мақсаттары мен міндеттері туралы білімдерін жетілдіру

Әдістемелік нұсқаулық: Әдістемелік мұра және оны танып-талдау әдістері мен жолдары, қазақ тілі – мектепте оқытылатын негізгі пәндердің бірі ретінде, пәндер жүйесіндегі орны мен маңызы.

 

Негізгі тапсырмалар мен сұрақтар:

1. Қазақ тілі-ұлт тілі, ұлттық әдеби тіл және мемлекеттік тіл /конспект/.

2. Қазақ тілінің шыққан тегі мен даму кезеңдері типологиялық белгілеріне шолу.

3. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің зерттелу тарихына шолу /конспект/.

Әдебиеттер:

1.Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. – 1990. – 448 б.

2. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеу. – Алматы, 1990. – 365 б.

3. Басымов Қ.А. Грамматиканы оқыту жөнінде // Ауыл мұғалімі, 1938. - №4, июль, - 26-27 б.

4. Аханов Қ. «Қазақ тілі» оқулығына нұсқау. – Алматы, 1975. – 52 б.

№2 Тәжірибелік сабақ: Қазақ тілін оқыту жүйесінің қайнар көздері мен негізгі бастаулары. Миссионерлік бағыттағы ағарту жүйесі. Ислам дінін уағыздаушы ауыл молдалары ашқан мектептер. Қазақ зиялылары ашқан зайырлы мектептер

Мақсаты: Қазақ тілін оқыту жүйесінің қайнар көздері мен негізгі бастаулары туралы, ауыл молдаларының мектепке қосқан үлесі, қазақ зиялыларының қазақ даласында ашқан мектептері туралы алған мағлұматтарын толықтыру.

Әдістемелік нұсқаулық: Қазақ тілін оқыту мен оның әдістемесінің қалыптаса бастауына ХХ ғасыр басында шығып тұрған «Айқап», «Қазақ», «Мұғалім», «Шолпан», «Шора», «Сана», «Жаңа мектеп» т.б. сияқты басылымдардың қосқан үлесі. Бұл басылымдарда жаңадан ашылып жатқан мектептердің әртүрлі мәселелері жүйелі түрде сөз болды. Ана тілін қалай оқыту керек, қазақ тілінің оқу құралын жазу мәселесі, педагогиканың негізгі ұстанымдарын анықтау мәселесінің көтерілуі. Қазақ тілін оқыту жүйесінің қайнар көздері мен негізгі бастаулары. Миссионерлік бағыттағы ағарту жүйесі. Ислам дінін уағыздаушы ауыл молдалары ашқан мектептер. Қазақ зиялылары ашқан зайырлы мектептер

Негізгі тапсырмалар мен сұрақтар:

1. Мектептердің жалпы басқарылуы мен бағыттары

2. Қазақ даласындағы алғаш ашылған мектеп

3. Алғашқы кездегі мектептің жалпы сипаты

4. Алғаш құрылған мектеп-интернаттары

5. 1931-1940 жылдары Қазақстанда мектепте білім беру ісі

6. ХІХ ғасырдың 70-80 жылдары оқу жүйесінде қай ғалымдардың оқулықтарын пайдаланды?

Әдебиеттер:

1.Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. – 1990. – 448 б.

2. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеу. – Алматы, 1990. – 365 б.

3. Басымов Қ.А. Грамматиканы оқыту жөнінде // Ауыл мұғалімі, 1938. - №4, июль, - 26-27 б.

4. Аханов Қ. «Қазақ тілі» оқулығына нұсқау. – Алматы, 1975. – 52 б.

5. Жиенбаев С. Сауат мектебінде ауыз бен жазба сөзге үйрету // Ауыл мұғалімі, 1935. - №6.

6. Сауранбаев Н. Ана тілін оқыту туралы // Халық мұғалімі, 1941. - №11. – 6-8 б.

№3 Тәжірибелік сабақ: Ы. Алтынсарин еңбектерінің қазақ тілін оқытудағы рөлі. Ы.Алтынсариннің әдістемелік ой – пікірлері.

Мақсаты: Ы.Алтынсариннің әдістемелік ой – пікірлері мен еңбектерінің қазақ тілін оқытудағы алатын рөлін анықтау. Әдістемелік еңбектерімен танысып, талдау жүргізу

Әдістемелік нұсқаулық: Ы. Алтынсарин Қазақстанда ұлы ағартушылық идеясын қалың халық бұқарасына тарататын, сөйтіп, оны ілгері алып бара алатын кадрлар даярлауды ірі мақсат етіп қоюы. Кадрларды ол тек азаматтық халық мектептері арқылы ғана дайындап шығаруға болатындығын көрсетуі. Ы. Алтынсарин еңбектерінің қазақ тілін оқытудағы рөлі, Ы.Алтынсарин ашқан мектептер, «Қазақ хрестоматиясы» еңбегінің маңызы

Негізгі тапсырмалар мен сұрақтар:

1. Ы. Алтынсарин - кемеңгер әдіскер

2. Ы. Алтынсарин еңбектерінің қазақ тілін оқытудағы рөлі

3. «Қазақ хрестоматиясы» еңбегіне талдау жүргізу

Әдебиеттер:

1. Әбілқаев А. Қазақ тілін оқыту методикасы. Алматы, «Мектеп»1988.

2. Д.Әлімжанов, Ы.Маманов Қазақ тілін оқыту методикасы. Алматы, 1965.

3. Қайдаров Ә. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. Алматы: Ана тілі, 1998.

4. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы, 1966.

5. А.Ысқақов Ана тілін оқытудың түйінді мәселелері (қазақ тілі мұғалімдерінің іс-тәжірибелері, жинақ), 1972, 19-бет

6. Қ.Басымов Грамматиканы оқыту жөнінде, «Ауыл мұғалімі» журналы, 1938., №14

7. Досмұхамедұлы Х. Аламан/ -Алматы,1991ж.

8. Сыздықова Р. Сөз сазы / Алматы, 1983 ж.

№4 Тәжірибелік сабақ: Қазақ тілін оқытудың ғылыми жолдарының саралануы. Ахмет Байтұрсынұлының әдістемелік іс-тәжірибесі. А.Байтұрсынұлының оқулықтары мен әдістемелік еңбектерінің маңызы

Мақсаты: А.Байтұрсынұлының оқулықтары мен әдістемелік еңбектерінің маңызын түсіну. Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тілін оқыту бойынша ұсынған әдістеместеріне талдау жүргізу

Әдістемелік нұсқаулық: Ғалым өзінің оқулықтарында әріптерді балаларға тез әрі оңай үйрету үшін көптеген әдістерді пайдаланған. Ол өзі жасаған әліппидегі әріптерді үйрету үшін, ең алдымен, оны жазып үйрену үшін, тілдегі дыбыстарды тани білу керектігіне назар аударады. «Әріптерді тани білуді» мақсат ету – таңбаның негізгі белгілерін бағамдауға үйрету. Таңбаның екі негізгі белгісі бар. Бірі-сыртқы тұлғасы да, екіншісі оның мағынасы. А.Байтұрсынұлы осының екі жақтылық белгісін балаға дұрыс пайымдауға көңіл бөлген. Дыбысты меңгертіп, оның әріптік таңбасын таңбалайды

Негізгі тапсырмалар мен сұрақтар:

1. А.Байтұрсынұлы жазған «Оқу құралы» еңбегі

2. «Баяншы», «Әліппе астары», «Нұсқаушы», «Тіл жұмсар» әдістемелік еңбектерінің маңызы

3. «Баулу мектебі», «Жалқылау», «Қай әдіс жақсы», «Дыбыстарды жіктеу» атты мақалалары.

4. А. Байтұрсынұлының әдістемелік тұрғыдағы еңбектерінің қазіргі кезеңдегі көрінісі

Әдебиеттер:

1. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. – 1990. – 448 б.

2. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеу. – Алматы, 1990. – 35 б.

3. Басымов Қ.А. Грамматиканы оқыту жөнінде // Ауыл мұғалімі, 1938. - №4, июль, - 26-27 б.

4. Аханов Қ. «Қазақ тілі» оқулығына нұсқау. – Алматы, 1975. – 52 б.

№5 Тәжірибелік сабақ: Жұмабаев Мағжан – педагог, әдіскер ғалым. Мағжан Жұмабаевтың әдістемелік еңбектері

Мақсаты: Мағжан Жұмабайұлының педагогика, әдістеме саласында атқарған ғылыми қызметімен танысу. Ақынның «Педагогика» (1922), «Ана тілі» (1923), «Бастауыш мектепте ана тілін оқыту методикасы» (1925), «Сауатты бол» (1926), «Ересек шала-сауаттылар программасы» (1926) сияқты еңбектері мен оқу ағарту мәселелеріне арналған мақалаларымен танысу.

Әдістемелік нұсқаулық: М.Жұмабаевтің «Педагогика» еңбегіне енген «Тіл», «Тілдің адам өміріндегі һәм ұлт өкілдеріндегі ұсталған орны», «Баланың тілі» атты тақырыпшалар көтерілген мәселелердің маңызы бүгінгі күні де өзінің зәуірлігінен айырылған жоқ. М.Жұмабаевтың қазақ баласының тәрбиесіне терең мән бергені, оның психологиялық аспектілеріне ғылыми талдау жасауы халықтық ағартушылық жүйеде қажетіліктерден туындағаны. М.Жұмабаевтың ана тілде оқытудың маңыздылығына мән беуінің маңызы.

Негізгі тапсырмалар мен сұрақтар:

1. М.Жұмабаевтің «Педагогика» (1922) еңбегінің маңызы

2. М.Жұмабаевтің «Бастауыш мектепте ана тілін оқыту методикасы» (1925) еңбегіне талдау жүргізу

3. «Сауатты бол» (1926), «Ересек шала-сауаттылар программасы» (1926) еңбектерінің маңызы

Әдебиеттер:

1. Аймауытов Ж. Тәрбиеге жетекші

2. Жұмабаев М. Педагогика

3. Сыздықова Р. Сөз сазы / Алматы, 1983 ж.

4. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер/-Алматы,1998 ж.

№6 Тәжірибелік сабақ: Жүсіпбек Аймауытовтың қазақ тілін оқыту әдістемесіне қосқан үлесі. Жүсіпбек Аймауытовтың әдістемелік ой-пікірлері.

Мақсаты: Жүсіпбек Аймауытовтың қазақ тілін оқыту әдістемесіне қосқан үлесі жайлы білімдерін толықтыру. Автордың «Тәрбиеге жетекші», «Сабақтың комплекстік жүйесінің әдістері» т.б. еңбектерімен танысып, талдау жұмыстарын жүргізу

Әдістемелік нұсқаулық: Жүсіпбек Аймауытовтың қазақ тілінің оқыту әдістемесіне арнап ана тілін оқытуға, жазу мәселесі мен емле жүйесіне байланысты жазған ғылыми мақалалары. Ұлттың жазу тілін жетілдіру, жалпы халықтың сауатын көтеру мәселелерін қозғайды. Қазақ баласына хат танытудың өрелі жол ретінде ғалым буын әдісін қолдауы. Балаға әуелі 2-3 дауысты дыбысты үйретіп, содан кейін оған дауыссыз дыбысты қосып, буын не бір-екі буыннан тұратын сөздерді құрап, жаздыру, оқыту әдісін ұстану қажеттігі туралы пікірлері.

Негізгі тапсырмалар мен сұрақтар:

1. «Ана тілін қалай оқыту керек?» атты көлемді мақаласы әдістемелік құндылығы.

2. Ж.Аймауытовтың «Тәрбиеге жетекші» еңбегімен танысып талдау

3. «Сабақтың комплекстік жүйесінің әдістері» еңбегінің маңызы

Әдебиеттер:

1. Аймауытов Ж. Тәрбиеге жетекші

2. Жұмабаев М. Педагогика

3. Сыздықова Р. Сөз сазы / Алматы, 1983 ж.

4. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер/-Алматы,1998 ж.

№7 Тәжірибелік сабақ: Сейіл Жиенбаевтың ғылыми-әдістемелік еңбектерінің мазмұндық сипаты. Сейіл Жиенбаев ұсынған қазақ тілін оқыту әдістері

Шамғали Сарыбаевтың қазақ тілін оқыту әдістемесіне қосқан үлесі. Шамғали Сарыбаев- әдіскер

Мақсаты: Сейіл Жиенбаев– қазақ тілін оқытудың әдістемесі пәнінің арнайы сала ретінде қалыптасуына үлес қосқан ғалым. С. Жиенбаевтің қазақ тілін оқыту әдістемесіне байланысты жазған еңбектері туралы білім жетілдіру. Ш. Сарыбаевтың алғашқы еңбектерімен танысу

Әдістемелік нұсқаулық: С.Жиенбаев еңбектерінің қазақ тілін оқыту әдістемесінде алатын орны. Қазақ тілі әдістемесінің педагогикалық негіздері, жазу жұмыстары, талдау үлгілері, грамматиканы оқыту, кітап оқыту әдістемесі сияқты мәселелерге тоқтаумен бірге, «мұғалім сабақты беруді» көрсетіп бергенінен айнытпай орындауға міндетті емес, өз білгенінше түрлі әдіс қолдануға ерікті әдістеме рецепт емес, әкімшілік нұсқау да емес, тек педагогикалық кеңес, жол-жоба», - деп әдістеменің көптеген мәселелеріне тоқталуы.

Ш. Сарыбаевтың алғашқы еңбектерінің бірі Е.Қожантаев пен Ғ.Табынбаевпен бірігіп жазған «Үлкендер үшін әліппе» еңбегі. ХХ ғасырдың 20 жылдарындағы сауат ашу науқаны басталған тұста бұл әліппенің қазақ жастарының сауатын ашудағы маңызы. Ө. Тұрманжановпен бірге «Бірінші басқыш мектепке арналған әліппе кітабы», Қ.Оспанұлымен бірге «Екпінді күш 1–класс үшін әліппе кітабы», А.Әлібайұлы, М.Долайұлымен бірге жазған «Ана тілі /бастауыш политехника мектептерінің 3-4 кластары үшін /» атты оқу құралдары.

 

Негізгі тапсырмалар мен сұрақтар:

1. С. Жиенбаевтің қазақ тілін оқыту әдістемесіне байланысты жазған еңбектері

2. Ш.Сарыбаевтың «Қазақ тілі әдістемесінің кейбір мәселелері» еңбегі

3. Ш.Сарыбаевтың «Жаздырып үйретудің әдістері», «Түрліше жазылатын бір мәнді сөздер туралы», «Қазақ сөйлемінде үтірдің жазылатын орындары» еңбектерінің маңызы

4. С.Жиенбаевтің «Грамматика талдауыш», «Қазақ тілі әдістемесі», «Грамматикалық таблицалар» еңбектері

Әдебиеттер:

1.. Ш.Сарыбаев. Қазақтілі методикасының кейбір мәселелері. 1956

2. Қ.Т.Қабиева. Сөйлемдегі сөздердің байланысы жөнінде-Алматы

3.Т.Әбдікәрімова, Т.Әбдіғалиева, К.Шәймерденова. Қазақ тілін оқыту әдістемесі,А.1999

№8 Тәжірибелік сабақ: Ғали Бегалиевтің әдістемелік тәжірибесі
Ғали Бегалиевтің ғылыми-теориялық еңбектері. Иманбек Ұйықбаевтың әдістемелік іс-тәжірибесі. Иманбек Ұйықбаев қазақ тілін оқыту әдістемесінің негізін қалаушылардың бірі

Мақсаты: Ғали Бегалиев - әдістеме ғылымының дамуына өзіндік үлес қосқан ғалымдардың бірі. Ғали Бегалиевтің әдістеме жөніндегі алғашқы мақалаларымен танысу.

И.Ұйықбаевтің қазақ тілін оқыту әдістемесі тарихына қосқан үлесі және И.Ұйықбаев құрастырған «Қазақ тілі методикасының библиографиялық көрсеткіші» атты еңбегімен танысу

Әдістемелік нұсқаулық: Ғали Бегалиевтің әдістеме жөніндегі алғашқы мақалалары, онда негізінен өзі жақсы меңгерген бастауыш мектептердегі қазақ тілін оқытудың мәселелерінің көтерілуі, ауыл мектептерінде сабақ беріп жүрген мұғалім-ұстаздарға көмек болатын әдістемелік кеңестері. Әдіскер-ғалымның «Бастауыш мектептегі қазақ тілінің методикасы»(1940), «Әріп, дыбыс, буын», «Бастауыш мектепке бірнеше класты бір уақытта оқыту туралы»(1950), «Грамматика таблицалаларына нұсқау», «Қазақ мктептерінің 4 класы үшін мұғалімдерге көмекші құрал» (1959) сияқты әдістемелік еңбектерінің қазақ тілін оқыту жүйесі үшін маңызы.

И.Ұйықбаевтің еңбектерінде әр сөздің ұғымы мен мағынасын оқушыларға түсіндірудің қыры мен сыры ашылады. Мектеп грамматикаларында сөздердің мағыналары олардың лексика-семантикалық сипаты арқылы емес, грамматикалық жүйедегі қай сөз табына жататынына байланысты анықталады. И.Ұйқыбаевтың еңбектерінде де негізгі мәселелер осы құрылымдық бағытта жазылуы.

 

Негізгі тапсырмалар мен сұрақтар:

1. Ғ.Бегалиевтің «Бастауыш мектепте қазақ тілінің методикасы»,

«Қазақ тілінің грамматикасы»,

«Бастауыш мектепте қазақ тілі методикасының мәселелері» еңбектерімен танысып, талдау жүргізу

2. И.Ұйықбаевтың « Қазіргі қазақ тіліндегі етістіктің көріністері»,

«Қазақ тілі методикасының очерктері»,

«Қазақ тілі методикасының библиографиялық көрсеткіші» еңбектерімен танысу.

Әдебиеттер:

1. Ұйықбаев И. Зат есімді оқыту // Қазақ тілі методикасының мәселелері. – алматы, 1969. – 228 б.

2. Х.Арғынов. Қазак тілі методикасы. А.,1974

3. З.Бейсембайқызы. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. – Алматы, 2002

4. З.Бейсембайқызы. Қазақ тілін модуль негізінде оқыту. А., 2001

5. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы /Қазақстан жоғары мектебі №1, 2004. 5-20-66.

6. Қазақ тілін оқыту методикасы. Жалпы редакциясын басқарған Б.Құлмағамбетова -Ал.:«Мектеп», 1988

7. С.Қазыбайұлы.Мектепте қазақ тілін оқыту тәсілдері.-Алматы 1997

8. Д.Әлімжанов, Ы.Маманов. Қазақ тілін оқыту методикасы- А., 1965

№9 Тәжірибелік сабақ: Хасен Арғынов - әдіскер ғалым.
Хасен Арғыновтың ұсынған әдіс-тәсілдерінің мазмұндық сипаты

Қажым Аманғалиұлы Басымов - мәдениет қайраткері, қажырлы педагог, профессор. Қ.Басымов еңбектерінің маңызы

Мақсаты: Хасен Қуандықұлы Арғынов - әдіскер ғалым. Әдіскер ғалымның «Қазақ тілі методикасы. Синтаксис. Пунктуация» атты еңбегі жайлы мағлұмат алу.

Қажым Аманғалиұлының ғылыми еңбектері жайлы білімдерін жетілдіру

Әдістемелік нұсқаулық: Х.Арғыновтың оқушыларға берілетін теориялық білім мұғалімнің түсіндіруімен әңгіме, байқау әдістері, ойлаудың анализ, синтез, салыстыру, жинақтау, қорыту тәсілдері мен ойша қорытудың индукция, дедукция түрлері негізінде іске асырылатынын атап көрсетуі. Яғни мұғалімнің білімділігіне ерекше мән берілуі. Сыныптағы оқушылардың білім өрісі мен алғырлығына, жұмыс істеу қабілетіне байланысты өтілетін тілдік материалды әртүрлі деңгейде түсіндіруге болатындығына көңіл аударады. Х.Арғынов қазақ тілін оқыту барысында орындалатн жаттығуларға, олардың тәрбиелік мәніне ерекше назар аударады. Оқушыны дағдыландыруға берілетін жаттығу мәтіндерінің тәрбиелік маңызының болуы,оқушының ойлау қабілетін, ой-өрісін жетілдіруге, тілін байытуға қызмет ету мүмкіндігіне көңіл бөледі. Жаттығулар жеңілден ауырға, белгіліден белгісізге көшу ұстанымына негізделу қажеттігі туралы.

Қажым Басымов қазақ тілі тәрізді бүтін бір ғылымның теориялық та, әдістемелік те жақтан дамуына орасан зор үлес қосты.

Қ.Басымов «Грамматиканы оқыту жөнінде» деген мақаласында грамматиканы оқытудың маңызына тоқталып, оның өту әдісін баяндауы. Гаммматиканы оқыту үстінде оқушының сөйлеу тілі де, жазу тілі де қабаттасып, грамматиканың әр тарауына ілесе өз уақытында жаттықтырылып отырады.

 

Негізгі тапсырмалар мен сұрақтар:

1. Х.Арғыновтың «Қазақ тілінің күрделі сөйлем синтаксисін оқыту методикасы»,

«Қазақ тілінің синтаксисі мен пунктуациясы әдістемесінің негіздері» еңбектерімен танысып, талдау жүргізу


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.018 сек.)