АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

ГЛОССАРИЙ 11 страница

Читайте также:
  1. DER JAMMERWOCH 1 страница
  2. DER JAMMERWOCH 10 страница
  3. DER JAMMERWOCH 2 страница
  4. DER JAMMERWOCH 3 страница
  5. DER JAMMERWOCH 4 страница
  6. DER JAMMERWOCH 5 страница
  7. DER JAMMERWOCH 6 страница
  8. DER JAMMERWOCH 7 страница
  9. DER JAMMERWOCH 8 страница
  10. DER JAMMERWOCH 9 страница
  11. II. Semasiology 1 страница
  12. II. Semasiology 2 страница

Сондай-ақ синоним, антоним, көп мағыналы сөздер де өз ішінде белгілі бір мағыналық қатынасқа ие. Сөйтіп, лексикалық парадигма дегенде осындай өзара мағыналық байланысы бар сөздерді тобын атаймыз. Сондықтан, семантикалық принцип көп мғыналы сөздер мен омонимдерді, көп мағыналы сөздер мен антонимдерді, синонимдер мен түбірлес сөздердіүйренуде қолданылады. Сондай-ақ өзара бір атау топтарға бөлінетін сөздерге көңіл аудару да лексикалық мағынаны аша түсетін тәсіл екенін есте сақтаған жөн. Мысалы, шабуылшы, қорғаушы, қақапашы сөздерін спорттың футбол атты түрімен ғана түсіндіріп, мағынасын тек семантикалық принцип арқылы түсіндіруге болады. Қандай сөз болмасын ешқашан тілде жеке өмір сүре алмайды, қандай да бір байланыста қолданылып, қажетке жарайды /3.12/.

Төртінші принцип – диахрониялық принцип. Бұл принцип тіліміздегі сөз байлығының пайда болу, жасалу қалыптасу тарихын халық өмірімен салыстыра түсіндіруге негізделген, ол көбінесе 6-сыныптағы басқа тілден енген сөздер,көнерген сөздер, неологизмдер мен кәсіби сөздер туралы ұымды оқушыларға түсіндіруде қоданылады. Сөйтіп, диахрониялық принцип – оқушыларға сөздің тарихын, шығу тегін не пайда болу себебін ашып түсіндіру жолымен лексикалық мағынаны анықтау үшін тым күрделі көрінуі де мүмкін. Мәселен онда емес. Біз бұл жерде сөздің этимологиясынашу үшін жасалатын күрделі талдауға бамаймыз, тек 6-сынып оқушыларының өз ұғымына сай, оқулық материалы көлемінде ғана жүргізіледі. Жаңа сөздер, неологизмдер мен көнерген сөздерді халық тарихымен салыстырып, би, хан, уәзір сияқты төңірегінде әңгіме жүргізген өте пайдалы.

Лексика бойынша жүргізілетін жаттығу жұмыстары жөнінде профессор А.Айғабылов: лексикалық жаттығулар қазақ тілі лексика жүйесін білуге дағдылануға бағытталады. Сондай-ақ лексикалық жаттығу оқушылардың сөз байлығын арттырады, сөзге көңіл бөлуге, мағынасын анық аңғартуға жетелеп, лоикалық ойлау жүйесіне кеңейтеді. /3.4/

Лексика саласы бойынша берілетін жаттығулардың өзіндік ерекшеліктеріне қарай классификациялап алған жөн. Берілетін жаттығу жұмыстарының бірінші тобы, сөз жоқ лексикалық жаттығу болып табылады. Мұнда негізінен оқушылардың лексикадан алған теориялық мәліметтері пысықталып, сөз қолданысқа үйретіп, дағдыландыру, сөздіктерді пайдалану ісі игерілуі керек. Дұрсында сөздіктермен танысу, оларды пайдалану жұмысы әрбір тиісті лексикалық ұғымдармен бірге жүргізілуі тиіс. Мысалы, түсіндірме сөздікпен танысу, оны пайдалану сөз мағыналарын өткенде қажет болады. Оқушылар сөздің лексикалық мағынасын сөздікте қалай түсіндіретінін немесе өздері мағынасын анық аша алмаған сөздердің, омоним сөздердің берілу тәртібін үйретеді.

Көп мағыналы сөздердің әр түрлі синонимі, әр түрлі антонимі болатынын түсіндіріп, оған сай жаттығу жұмысын жасау – сөзді толық түсіндіруге, барлық мүмкіндігін ашып ұғуға мүмкіндік береді. Мысалы, асау, ат, асау өткел деген тіркестерде асау сөзіне бірде жуас, бірде оңай сөзі антоним болады. Ал синонимі де әр түрлі, айталық, бастықпаған ат, қиын өткел.

Ал, лексчикалық жаттығулардың екінші тобы тілді басқа салаларымен байланыстырып жүргізілетін синтетикалық жаттығу болып есептеледі. Яғни, лексикадан алған білімін одан бұрын өткен тараулармен байланыстырылған жаттығу. Ол үшін мынадай жатығулар жүргізілгені абзал.

1. Берілген сөздердің лексикалық және грамматикалық мғыналарын топтастрыу: 1) адам, өсімдік, жануар, алтын, су. 2) қызық, жазық, әдемі, үлкен. 3) ойлану, жүру, сөйлеу, кебу.

Оқушылар үшін топқа бөлінген сөздердің зат атауы екенін, екінші топтағы сөздердің затың белгісі, сынын білдіретін анықтап, зат есім, сын есім, етістікке жататынын түсіндіру тиіс. Сол сияқты лекситкалық мағынаны сөздің жасалу жолына, қалдырылуына, шығу тегіне қарай ажырту да грамматикамен тығыз байланысты жүргізіледі.

2. Мына түбірлес сөздердің қай сөз тобына жататынын анықтау: 1) келісім, келісті, келіншек; 2) орын, орынша, орыдық, орынды; 3) адам, адамдық, адамгершілік, адамды.

3. грамматикамен байланысты жүргізілетін жаттығуындағы бір түрі сөздің түрлену барысын немесе сөз жасау барысындағы айырмашылықтарын ажырату болып табылады. Мысалы, белгілі бір сөзге септік, тәуелдік, жіктік жалғауларын жалғау арқылы лексикалық мағыналарын салыстырып көруге болады. Оқушылар бұлайша түрленген сөздердің лексикалық мағынасы сақталып, грамматикалық мағынасында өзгерістер пайда болғанына көз жеткізеді.

Бұл айтылған жаттығу түрлері оқушылапрдың лексикалық мағынаны грамматикалық мағынадан ажыратуға көмектеседі, сөйтіп, сөздің қолданыс аясын жақсы меңгеріп, практикалық дағдысы артады, жазу мәдениеті жетіледі.

Ал стилистика саласымен байланысты лексикалық жаттығулар сөзді таңдап қолдануға, айтылатын ойға лайық сөйлем құрауға үйретеді. Бұған байланысты жүргізілетін жаттығу жұмыстары:

1. Берілген сөздер мен сөз тіркестері қандай лексика-семантикалық топтара, қайсысы қандай стильдік тармақтарға жатады. Мысалы, балалар-балдар, қыз-нашар бала, тыныш-тиыш, бала-балақай.

2. стилистика туралы ұғымды оқушыларға кеңінен түсіндіріп, ғылыми, көркем әдебиет, сөйлеу стильдерімен таныстыру.

5 снып жоспарында лексика материалдарына 10 сағат берілген. Оқушылар осы берілген сағат көлемінде сөздің лексикалық мәнін, оның тілімізде қолданылу орнын, қызметін түсіндіру, сөйтіп, олардың сөз байлығын артырады; сөзді тілдегі өзіндік өзгешелігін, яғни дыбыстық жағын, затты, сапаны, қимылды т,ю, мағынаны аңғартатынын түсіндіру 5 сынып оқушылары лексика тақырыбын өту барысында лексикалық ұғымдарын хабардар болумен қатар, олардың көркем әдебиетте қолданылуымен танысып, өз беттерімен оларды текстен табуға дағдыланады.

Сөз және оның мағынасы бойынша оқушылар тіліміздегі сөз байлығы туралы түсінік алып, олардың мағыналары, қолдану аясы бойынша дағдылануы мақсат етіледі. Сондай-ақ тілдегі сөз байлығының шексіз молығын, ал олардың сан алуан мағынаға не екенін түсіндіруі қажет.

Мұғалім сабақты «Қазақ тілі түсіндірме сөздігінің» бір томын көрсетуден бастап, тіліміздегі сөз байлығымыздың молдығын, оның бірсыпырасы көрсетілген түсіндірме сөздікте берілгенін айтып шығады. Сонан соң тіліміздегі сөздердің әр түрлі ұғымдарды аңғаратыныдығын ескертіп, көрсетілген сөздіктен кез келген бі сөзді алып, мұғалім оқып шығады.

Арпа – зат. Бидайға ұқсас қалың қауызды, дәнді астық.

Бұндағы арпа сөзінің зат атауы екенін және бидай секілді дәнді астықтың бір түрі екенін білеміз.

Ал түсіндірме сөздікте сөздің алфавиті тәртібімен беріліп, оларды грамматикаық белгісі, одан кейін түсінігі жазылатынын, қолданылуына қарай көркем әдебиеттен мысал беретінін оқушылар түсінеді. Бұлайша түсіндірме сөздік арқылы сөзге түсінік беру – оқушылардың тіліміздегі әрбір сөздің белгілі бір ұғымға берілген атау екенін нақты көзбен көріп, саналы түсіндіруіне мүмкіндік береді.

Ал сөздің мағынасын түсіну не оны түсіндіру оңай жұмыс емес. Кейде өзі айтып түсініп тұрған сөзінің лексикалық мағынасын ашып беру оқушыға қиындық келтіреді. Сондықтан мұғалім сөз мағынасын түсіндіруде мынадай тәсілдерді қолданған дұрыс: көрнекілік, мағыналық, мәтіндік. Көрнекілік тәсіл лексикалық мағынаны түсіндіруде оқушының көріп, ұстап жүрген, жақсы таныс, нақтылы заттарын мысалға алуға болады. Мұндай таныс атаулар мыналар: қой, сиыр, ағаш т.б.

Мағыналық көрнекіліктәсілден қарағанда кеңірек. Оған сөздердің синонимдерін табу, лоикалық анықтамсын табу, мағыналық құрылысына анықтама, талдау жасау жұмыстары жатады. Мысалы, таяну-сүйену; тату-сыйлас, дос, тамыр т.б.

Контекстік тәсілдердің сөз мағынасын ашуда үлкен маңызы бар. өйткені қандай сөз болмасын оны мағынасы тек сөйлем, мәтін құрамында ғана нақты ашылады. әсіресе, көп мағыналы сөздерді мағынасы мәтінде ашық көрінеді.

Сөздің тура мағынасы мен ауыспалы мағынасын оқушыларға нақтылы түсіндіру қиындық келтіреді, өйткені ауыспалы мағыналы сөздер оқушылардың ой-өрісін, образды ойлау жүйелерін қажет етеді. Сондықтан мұғалім оқушылардың текстен тура мағыналы сөзбен ауыспалы сөзді ажырата алуын, ауыспалы мағынаны сөздің образды ойлау жүйесімен айтылатын түсінуін негізге алу керек. Оқушылар тұтқа сөзінің тура мағынасы мен тірек мағынасында қолданылған ауыспалы мағынасын түсінеді.

Мұғалім тағы да басқа мысалдар арқылы кеңейте түсіндіріп, сөздің бастапқы мағынасы тупа делінетін,ал қолданылуына қарай кейін пайда болған мағынасын туынды немесе ауыспалы мағына деп айтатыны ұқтырады. Ол үшін оқушылар әуелі сөздің тура, ауыспалы мағынада қолданылуын түсіндірме сөздіктерден көріп, оның берілу тәртібімен танысады, ауыспалы мағыналарды тура мағынамен салыстырады.

Мұғалім ол үшін оқушылардың жақсы білетін, күнделікті қолданылып жүрген сзөзін таңдап алғаны жөн. Мысалы, әл сөзін алайық. әл – зат есім. 1. Күш, қаут, шама. 2. Хал-ахуал, тұрмыс, жағдай.

Сөздің ауыспалы мағынасы тура мағынасының негізінде пайда болып, бірте-бірте жаңа сөз жасалатынын түсінеді

Оқулықта берілген жаттығу қара, қал, суық, қисық деген сөздердің қандай мағынада қолданылып тұрғанын айтып беіңіздер деп ауызша түсіндіруді тапсырған. Осы жаттығудың міндетін оқушылар орындаған соң, мұғалім мынадай сызбаға түсіріп, дәптерлеріне жазуын қадағаласа, артық болмайды.

Бұл сызбаны жасапболған соң оқушылардың өзі мұғалімнің басшылығымен әр сөздің бірінші мағынасы мен екінші мағынасын салыстырады. Сондай-ақ осы мысалдарға қарап отырып, оқушылар оқулықтағы: «Сөзді ауыспалы мағынада қолдану – ойды көркем етіп айтып берудің құралы болып саналады. Демек, сөздің ауыспалы мағыналарын жете білу тілді көркемдік, бейнелік қасиеттерін тану және меңгеру үшін өте-мөте қажет деген соңғы абзацтың мәнін ұғыну керек. Айталық, суық хабар дегенді қайғылы хабар, жаман хабар, көңілзіз хабар деп атауға да болатынын, бірақ суық сөзірің қолданыуы бұл аталғандардан әрі күшті, әрі әсерлі естілуіне себеп болып, бейнелік күш беріп тұрғанын түсіндіру қажет. әрине, оқушылар бірер мысалмен бұл күрделі тілдік құбылысты анық түсінуі қиын.

Көп мағыналы сздерді түсіндіру өткен сабақта өтілген сөздің тура және ауыспалы мағынасын қайталаумен тікелей байланысты. өйткені, әрбір сөздің ауыспалы мағынасы сол сөздің мағынасын дұрыс түсінген оқушыға көп мағыналы сөздің мәнін ұғу қиын болмайды. Дегенмен, көп мағыналы сөздерді түсіндірудің де өзіндік қиындықтары бар. Ол шін мұғалім екі мәселені жақсы аңғарып алуы керек. Ол тіліміздегі сөздердің жалқы және көп мағыналы сөздердің омониммен ажырату белгісі.

Оқушылар көп мағыналы сөздердің анық көре алады. Сөйтіп, сөздің әр түрлі мағынасын ұғу арқылы оқушылардың ұғымы кеңейіп, танымы артады, жазу, сөйлеу үстінде әр сөздің өзге сөзбен тіркесу қабілетін игереді.

Омонимдерді түсіндірудің шет жағасы көп мағыналы сөздерді түсіндіру үстінде де қарастырылатынын жоғарыда айттық. Сондықтан көп мағыналы сөздерді қайталау үстінде омоним туралы ұғым заңды түрде жалғасып, жаңа сабақты бастауға ыңғайлы жағдай туады.

Оқулықта омоним сөздерді оқушыларға түсіндіру үшін ара, шабу сияқты зат және қимыл атауларының омонимдестігіне көрнекі құрад боларлықтай суреттер берілген. Мұғалім осы әдісті өзінше басқа-басқа суреттермен жалғастыра түсіндіргені дұрыс. Мысалы, қыс суреті мен шегені қысқашпен қысып, ұстау бейнесін, қыздың суреті мен шегені қысқашпен қысып, ұстау бейнесін, қаздың суреті мен қазу үрдісін бейнелеген, суретті, жазу (жыл мезгілі), жаз (қаламмен жазу, шумақталған сымды жазу) суреттері сияқты көрнекі құралдарды көрсете отырып, бұлардың бір-біріне ұқсастық белгісі жағынан көз жеткізу керек. Сонда оқушылар омоним сөздер бір-біріне ұқсастық белгілері жоқ басқа-басқа мағынаны аңғартса, кһп мағыналы сөздерді пысықтау мүмкіндігін алады. Суретті оқушылардың қабылдау мүмкіндігіне орай алынады. Сол арқылы омонимдерді бір сөз табынан да болатынын ескерген жөн. Оқушылар барлық уақытта мәтіндегі сөз иағынасын толық түсіне бермейді, жалпылай түсінсе де нақты лексикалық мағынасын түсінбей қалуы жиі кездеседі. Сондықтан суретпен түсіндіру де барлық жағдайда мүмкін емес. Сол себепті оқушылар сөздікпен жұмыс істеуге дағдыланғаны жөн.

А.Айғабылов «сөздерді» кһп мағыналы не омоним екенін ажыратуға түсіндіре сөздіктің оөушыларға үлкен көмегі бар, өйткені мқнда көп мағыналы сөздер бір сөз аясында, ір мағынасы цифр арқылы бөлініп түсіндірілсе, омоним басқа-басқа сөз ретінде жеке мәтіндермен беріледі.

 

1.буын 1. Адам я жануар сүйектерінің бір-бірімен өзара байланысқан арашығы. 2. Өсімдік сабағының буылтықталған жері. 3. Тұтас бір нәрсенің жеке саласы. 4. Ауыспалы мағына. Жас жағынан шамалас адамдар тобы.
2. Буын 1. Бу етістігінен жасалған өзіндік етістік 2. Қылғыну, тұншығу мағынасында 3. Ауыспалы мағына. Қатты ашуланғандықтан, ызаланғандықтан, долданғандықтан сөйлей алмай қалу. 4. Белін бекем буынды – бел байлады.
3. Буын 1. Сөздерді айту кезіндегі қарқынмен кілт үзіліп шыққан бір немесе бірнеше дыбыстар тізбегі.

 

Сөйтіп, біз буын сөзінің үш омоним ретінде берілгенін, ал олардың әрқайсысы бірнеше мағынаны (көп мағыналық) аңғартатындығын көреміз. Сондай-ақ омонимдерді ажырата білуде сөздікпен жұмыс істеу тәртібін қолданылу үлгілерін түсіну үшін, әдебиет сабақтарында мәтіннен тауып үйрену керек. Ол үшін мұғалім әуелі әдебиеттік оқу кітабынан омоним жиі кездесетін үзінділерді нұсқап, белгілі бір тапсырма береді.ол тек омонимді қайталау үшін ғана емес, әдебиет сабағына үлгеруге де көмек болады. /3.23/

Синонимдерді түсіну арқылы оқушы тек сөз байлығын арттырып қана қоймайды, өз ойын әрі ақты, әрі образды жеткізуге үйренеді. Тіл мәдениетін игеруде мүмкіндік алады. Сондықтан синоним туралы материалды екі сабаққа бөліп өткен жөн. Бірінші сабақта оқулықта берілген синоним жөніндегі ережені жан-жақты түсіндіріп, оқушылар мәтіннен синонимді таба латындай пысықтау жұмыстарын жүргізуіміз керек. Еер сынып оқушыларының синонимді түсінуі қиын болатын болса, синонимдерді де сурет арқылы, айталық қой бағып жүрген кісінің суретін көрсетіп түсіндіру керек. Бұл кім? – деген сұрауға оқушылар шопан, бірі бақташы, бірі қлйшы деп, синоним сөздерді өздері табады, сөйтіп оқушылар шопан, бақташы, қойшы сөзінің мәндес мағыналы сөздер екенін өздері айта алады.

Сондай-ақ мұғалім оқушыларға бір сөзді ұсынып, оның синонимін таптыру да тиімді әдіс. Мысалы, сәби деген сөздің синонимін (нәресте, бөбек, бөпе, бала, шақалақ) оқушылардың өздеріне таптырып, сол сияқты ақылды – (есті); бұлқыну – (жұлқыну, тыпыршу) сөздерін тақтаға жазып, жақша ішіндегі сөздерді оқушылар тауып айтса, синоним сөздердің қандай сөз екенін білгені, синонимдік қашар жасай алғаны. Осы жерде оқушылардың синонимдік қатар дегеннің не екеніне көзі жетеді. Мысалы, жоғарыда оқушылардың өздері тапқан синонимдік қатарлардан сәби, ақылды, бұлқыну сөздерінің біріншісі –зат есім, екіншісі – сын есім, үшіншісі – етістік екенін, ал олардың әрқайсысына табылған синонимдік қатарлар да сол сөз табына жататынын оқушыларға түсіндіру қиын емес. Оқушылар осыдан кейін әрбір синонимдес қатарлар бір ғана сөз табынан жасалмайтынына көзі жеткізеді.

Екінші сабақта синоним сөздердің тілімізде қолданылу орнын, көркем әдебиеттегі ролін түсіндіруді мақсат еткен жөн деген ұсынысты білдірген әдіскер А.Айғабылов оқулықта «синоним сөздер тілдің байлығын көрсетеді» деп басталатын соңғы абзацта айтылған ой кеңейтіліп түсіндірілуі керек. Оқушылар синоним, синонимдік қатар деген ұғымдарды еске түсіріп шықаннан кейін, мұғалім бір затты не сынды, қимылды бір сөзбен атамай, бірнеше сөзбен айтатынымыздың себебін ашып,түсіндіреді. Бұлайша түсіндіру синонимдік қатарлардың тілдегі орнын, қажеттілігін түсінуге себеп болады.

Синонимдік қатарлар мағыналас, мәндес болғанмен, олардың заттың, сын-сапаның, қимылдықбелгілерін әр түрлі реңкте аңғаратындығын, әр кез сөйлем ішінде бірінің орнына бірі ауысып, қолана бермейтінін түсіндіру қажет. Оқулықтағы жаттығуларды рындау үстінде оқушылар қысқа тон, қысқа жіп, қысқа шаш, қысқа жең деп атауға болғанмен, қысқа мұрын деуге болмайтынына көзі жетеді. Селдір шаш десек те, селдір кездесу деп айтуға, кәрі қойды қой деуге болмайтынын түсінеді. Сондай-ақ сөйлеу не жазу үстінде айтайын деген ойды жеткізіп, нақтылай түсу үшін синонимдес сөздердің қатарынан қоланылып, бірыңғай мүше ретінде келуін де ескерткен жөн. Мысалы, қалжың бас, әзілқой /3,25/

Антоним сөздерді оқушыға түсіндіру мұғалімге онша қиынға соқпады. Оқулықта берілген суреттер мен жаттығу жұмыстары да оқушыларға лайықталып берілген. Алайда, қарама-қарсы мағынада айтылатын сөздердің лексика-грамматикалық мағынасына көз жібермей, олардың тіліміздегі орнын, ролін түсіндіру қиын.

«Лексика мен фразеология» бөлімін өту алдында бұдан бұрын оқылған лексикалықұғымдар қайталанады, әсіресе лексикалық мағына, көп мағыналы сөз, ауыспалы мағыналар, синоним, омоним, антонимдерді қайталау оқушыларға практикалық жағынан үлкен көмек береді. Айталық 6-сынып материалдары сөздің қолдану аясына (жалпылама қолданылатын сөздер мен терминдер, диалект сөздер. Кәсіби сөздер, көнерген сөздер меннеологизмдер және шығу тегіне (басұа тілдерден енген сөздер) қарай құрастырылғанымен, олардың көп мағыналылығы, дара мағыналылығы, синонимғ омоним, антонимдердің бар не жоқтығын ескеріп отыру көзделеді. Бұлайша қарастыру оқушылардың материалдарды пәнімен байланыста қабылдап, қазақ тілі сөздік құралының тіл жүйесіндегі орнын, олардың көнеру, жаңару процесін түсінуге, сөйтіп, шәкірттердің жалпы дүниетанымының артуына, ойларының дамуына себепші болады. Сондай-ақ 5 сыныптағы лексикалық ұғымдар 6 сыныпта морфологиядан оқытылатын сөз құрамы мен сөз жасалуын, морфологияны өткенде де қажет болады. Сондықтан жоспарда бөлінген сағаттан 2 сағатты қайталауға бөлген жөн.

1. Бірінші сабақтың мазмұны. Сөздердің лексикалық мағыналыры, көп ағыналы сөздер, ауыспалы мағыналы сзер туралы қайталау, қазақ тілінің түсіндірме сөздігімен жұмыс істеу. Қайталау сабағын жүргізу тәртібі сыныптың дайындығына қарай әр түрлі өтуі мүмкін. Егер сынып оқушылары өткен материалды жақсы білетіндей дәрежеде екеніне мұғалімнің көзң жетсе, әуелі бірнеше сұрақтарды қойып, оқушылардың оқулықтағы жаттығулармен жұмыс істеуіне басшылық етеді. Кейде сынып оқушылары былайша қайталауға дайын бомауы да мүмкін. Ондай жағдайда мұғалімнің: «неге ұмытты? Кәне, сен айтшы? Бәрің де білмейсіңдер ме? Онда 5 сынып материалдарын білмей тұрып, 6 сыныпты қалай оқимыз?» - деген сияқты оқушылардың жүйкесін әлсірететін артық сөз қолданылмауы тиіс.

2. мұғалім ондай жағдайда қайталауды жаттығу жұмыстарынан бастап, өзі түсіндіруге кіріскені абзал. Оқушылар жаттығу үстінде көп мағыналы сөздерді өзгелерінен ажыратумен бірге, әр түрлі сөздермен мағыналық байланыстарын жақсы түсіну арқылы сөз байлығымыздың молаюының бір жолы екенін аңғаруы тиіс. Мұның өзі 6 сыныпта қазақ тілінің сөз байлығы туралы түсінік алуға жетелейтін қосымша материалмен танысуға мүмкіндік береді. Мысалы, күю, етістігінің алғашқы мағынасы жану, бықсу, болса, қызу (күн күйіп барады), қайғыру (күйіп отырмын), дегбірсіздену (күйіп-пісіп жүр) сияқты мағыналары да жеке-жеке әрекет-құбылысты аңғартатынын, сөйтіп сөз байлығының сан жағынан емес, сапа жағынан да байытып отыратынын түсінеді. Ал ауыспалы мағыналарын түсіндіргенде оқушы тек 5 сыныпта өткен материалдарды ғана еске түсіріп қана қоймай, көбінесе жеке адамның сөз қолдануына қарай ауыспалы мағыналардың пайда болатынын, ал сөздердің кейбіреуі қолданыла келе тура мағынаға айналатынын аңғарған жөн.

3. екінші сабақтың мазмұны. Антоним, омоним, синонимдерді қайталау. Түсіндірме сөздікпен жұмыс істеу. Антоним, синоним, омонимдерді еске түсіру сөздердің көп мағыналылығын салыстырыла, жарыстырыла жүргізілгені дұрыс. Мысалы, бір көп ма,ыналы сөзді алып, оған антоним, синонимдерін таптырудың үлкен мінң бар. Егре ауыр етістігінің синонимдерін тапқызсақ, біреулері – салмақты, зілдей десе, екінші біреулрі – қатал, төзімсіз деп жауап береді. Шындығында да осы сөздерді топтап, бір-бірімен мағынасын салыстырсақ, синонимдес боатынына көзіміз жетеді. Сондықтан оқушылардың өзі айтқан сөздерді жеке-жеке тақтаға шығып оларды оқушылардың нег атағанын абзал.


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.007 сек.)