|
|||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
ГЛОССАРИЙ 8 страница
Негізгі тапсырмалар, сұрақтар: 1. Хасен Қуандықұлы Арғыновтың қандай еңбектерін білесің? 2. Әдіскер ғалымның «Қазақ тілі методикасы. Синтаксис. Пунктуация» атты еңбегі жайлы мағлұмат беру 3. Әдіскер ғалымның қазақ тілін оқыту әдістемесі тарихына қосқан үлесі қандай? 4. Қажым Аманғалиұлының ғылыми еңбектерін ата 5. Қ.Басымов туралы ғылыми толық пікірлер қай мақалада жазылған?
Әдебиеттер: 1. Қ.Басымов Грамматиканы оқыту жөнінде, «Ауыл мұғалімі» журналы, 1938., №14 2. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер/-Алматы,1998 ж 3. Қазақ тілін оқыту методикасы. – Алматы, 1988. – 240 б. 4. Қазақ тілінің оқу бағдарламалары. – Алматы, 1995. – 25 б. 5. Аханов К., Ысқақов А., Кәтенбаева Б. Қазақ тілі / 5-сыныпқа арналған оқулық. – Алматы, 1994. – 173 б. 6. Прәлиева А., Әбуева К. Қазақ тілінен дидактикалық материалдар. – Алматы, 1992. – 88 б. 7. Сыздықова Р. Тіл табиғатын таза сақтайық десек // Қазақстан мектебі. – 1993. - №5. – 21-24 б.
№10 Дәріс: Қазақ тілін оқыту әдістемесі дамуындағы М.Балақаев, І.Кеңесбаев, Р.Әміров, Ы.Маманов еңбектерінің алатын орны Мақсаты:: М.Балақаев, І.Кеңесбаев, Р.Әміров, Ы.Маманов еңбектерімен танысу. Әмір Рақыштың педагогикалық көзқарастары туралы түсініктерін қалыптастыру. Жоспар:
4. «Етістік», «Қазіргі қазақ тілі. Лекциялар курсы» атты зерттеулері
Қазіргі кезде қазақ тілін мектепте оқыту мәселесі төңірегінде таза тәжірибе баяндалатын еңбектермен қатар, қазақ тілі әдістемесә ғылыми-педагогикалық тұрғыда қарастырылып, мектеп мұғалімдеріне көмекші нұсқау сипатта, монографиялық сипатта, әрі жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқулық сипатында жазылған еңбектер туды. Осындай еңбектердің авторы қазақ тілі әдістемесінің мәселелерін зерттеген, профессор - Әмір Рақыш. әміров Рақыш Сәтұлының балалық шағы халқымыздың басындағы қиын жылдармен, сергелең кезеңдермен тұспа-тұс келеді. Ол 1930 жылы 9 қаңтарда Жамбыл облысының Жамбыл ауданы Жетітөбе (қазір Аса деп аталады) аулында туған. әкесі Сәт – мұғалім, шешесі – Мінәсіп үй шаруасындағы кісі болған. Рақыш Сәтұлы оқуды Жамбыл қаласында бастап, Отан соғысы жылдары туған ауылында жалғастырады. Ұстаз: «Тәлшә мамандығын қалауыма Ыбырайым Маманрвтың ықпалы сбеп боды», - дейді. Ы:Маманов – студенттермен қоян-қолтық араласып жүоетін көпшіл кісі болатын. Ол кісі 1 курстан бастап курс жұмысы ретінде тақырып берңп, үйінен сирек ұшырайтын ғылыми кітаптарды әкеп беріп, таныстырып, тіл біліміне қызықтырады. Қазақ мемлекеттік университетіне түсіп, М.Әуезов, І.Кеңесбаев, Н.Сауранбаев, М.Балақаев, Ы.Маманов, Блюменфельд, Үшаяқов, Е.Исмайлов сияқты ұстаздардың шәкірті болғанын Әмір рақыш тағдыр берген зор сыйлық деп есептейді. Р.С. Әмір «Қазақ тіліндегі жалғаулықтар» деген таұырыпта диссертация жазып, қорғап, 1955 жылы филология ғылымдарының кандидаты деген ғылыми дәрежеге ие болды. 1957 жылы қазақ тілін оқытуды жақсарту мәселесіне арналған республикалық ғылыми-практикалық конференция өтеді. Конференция қабылдаған ұсыныстардың мәні зор болады. Қазақ тілін оқытудың дәрежесін көтеру бғытындағы көптеген күрделі шаралар жзеге асады: бағдарламалар, оқулықтар және сапада қайта дайындалды, қазақ тәлән оқытатын сағат саны көбейтіліп, методикалық базасы күшейтілді. Р.С. Әмір қазақ тілін қазақ, орыс мектептерінде оқытуға қатысты бағдарламалар дайындайды. 1-4 сыныптарға арнап М.Балақаевпен, А.Асқарбаевамен, Ұ.Асыловпен, У.Жиенбаевамен, К.Бозжановамен, О.Бекбосыновамен бірлесе отырып жаңа оқулықтар шығарады. әдістемелік құралдар дайындап, маұалдар жащада. Р.С.Әмір 1958 жылы орыс мектептерінің 2-4 сыныптарына арнап шығарған «Қазақ тілі» оқулығы тілді үйретуде практикалық жолға қоюдың алғашқы үлгісі болды. Орыс мектептеріне арналған басқа сынып оқулықтары да осы бағытпен жазылды. Рақыш Сәтұлы қазақ тіл білімінің күрделі салаларының бірі – сөйлеу тілі синтаксисінің ерекшеліктерін зерттейді. Көп жылғы зерттеулерінің нәтижесінде осы тақырыпта докторлық диссертация қорғайды. Сөйтіп, «Әдеби тілдің тіл дами келе ауызекі сөйлеуіміздің әдеби түрін дамытатынына көзіміз жетіп отыр. Тіл дамуында ерсілі-қарсылы болып жататын осы заңды процестер Р.Әмір кітабында жүйелі баяндалады» - дейді Өмірзақ Айтбаев. Р.Әмір Қазақ тілін оқытудың мазмұны мен әдістемесі саласы бойынша бірсыпыра еңбектер жазады. Солардың арасынан сөйлемнің бірыңғай мүшелерін оқыту, әдебиетті оқытуда шәкірттерді шығарма тілін түсіне білуге үйрету, бастауыш сыныптардағы бағдарламалар мен оқулықтар, бастауыш сынптарда қазақ тәлән оқытудың ғылыми-методикалық тақырыптары, орыс мектептерінде қазақ тілін оқыту әдістемесі, орыс мектептерінің 2-7 сыныптарына арналған қазақ тілі бағдарламасы мен грамматиканы оқыту таблицаларын айрықша атауға тұрады. Осының ішінде 1993 жылы «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналының №3 санында жарияланған «Қазақ тілін теориялық, практикалық жағынан тереңдеп оқыту бағдарламсы» мақаласын және осы жылы тура осы журналды» № 10-11-12 сандарында жарық көрген «Жалпы білім беретін мектептің 5-9 сыныптарына арналған қазақ тілі пәнінің бағдарламасы» мақаласын ерекше айтуға болады. Бұл мақалаларда әр сыныпты бөлек-бөлек өз алына алып, баланың қабылдау санасына, ойлау қабілетіне байланысты бағдарламаны жасап береді. Екінші аталған мақаласында жоба жөнінде бір ауыз айтып өтеді: «Қазақ мектебінің оқу-тәрбие жұмысын қоғам өмірінде болып жатқан саяси, әлеуметтік, экономикалық түбегейлі өзгерістерге сай жаңартып қалыптастыру оңай іс емес. Ол үшін ерен жұмыс керек. Дегенмен, соған апаратын әрекет, ізденіс Білім министрлігі мен білім проблемалары институтында, сонымен қатар мектептерде қолға алынуда. Қазақ мектептерінің жаңа құрылымын, жаңа оқыту мазмұнын анықтауға арналған тұжырымдамалар дайыналады. Осы құжаттар негізінле «Қазақ тілі пәнін қоғам, мектеп реформасына сай жетілдіру тұжырымдамасы» жазылып, «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналының бетінде (1992, №4) жарияланды. Енді жоба ретінде оқытушыларға 5-9 сыныптарда түпкі (базалық) білім беру мақсатын көздеп, қазақ тілі пәніне бүгінгі қойылып отырған талаптармен таныс деп есептейміз. Бағдарлама сол талаптарды орындауды міндет етті – дейді (3.76). Әдіскер ғалымның мектеп бағдарламасына сәйкес арналып жазылған мынадай еңбектерін көрсетуге болады: «3-класта бірыңғай мүшелерді оқыту», «Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін оқытуды жақсартайық», «10-класқа сөз құрамын оқыту», «Қазақ тілін тереңдетіп оқыту жөнінде», «Қазақ тілін орыс мектептерінде оқыту методикасы», «Бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту», «Қазақ тілі оқулығын (3-класс) пайдалану жөнінде методикалық нұсқау», «Орыс мектептерінің 2-3 кластарына арналған қазақ тілі оқулығын методиклық нұсқау», «1-класта қазақ тілін оқыту»; «1-класта оқушылардың тілін дамыту үшін істелетін жұмыстар»; «Грамматика, емле, тіл дамыту»; «Қазқ тілі»; «Қазақ тілі. 3 жылдық бастауыш мектептің 1-класына арналған оқулық»; «Қазақ тілі. Сегіз жылдық мектепті» 1-класына арналған»; «Қазақ тілі. 2-класқа арналған»; «Қазақ тілі. Грамматика, емле, тіл дамыту. 2-класқа арналған»; «2-3 класқа қазақ тілі оқулығына методикалық нұсқау»; «Қазақ тілі орыс мектептері үшін»; «Қазақ тілі. 3-класс начальной русской школы»; «Қазақ тілі. 3- класқа арналған»; «3-класс. «Қазақ тілі» оқулығына методиклық нұсқау (мұғалімге арналған көмекші құрал)»; «Қазақ тілі оқулығына методикалық нұсқау (орыс мектептеріне» 3-класына арналған)»; «Қазақ тілі. 4-класқа арналған оқулық»; «Қазақ тілі оқулығы бойынша жаттығулар. 8-сыныпқа арналған»; Әмір Рақыштың ғылыми-«әдістемелік еңбектерінің тақырыбы жан-жақты, әр салалы. Мәселен, «Қазақ тіліндегі шылаулар», «Шылаулар мен демуліктер», «Көмекші сөздер», «Жай сөйлемдер» тіліміздің грамматикалық құрылысына арналған мәнді, мазмұнды, тың зерттеулер қатарына қосылады. Ғалымның сөйлемнің бірыңғай мүшелерін оқыту, әдебиетті оқытуда шәкірттерді шығарма тілін оқытудың ғылыми-методикасы тақырыптары, орыс мектептерінде қазақ тілін оқыту методикасы, орыс мектептерінің 2-7 кластарына арналған қазақ тілі программасы мен грамматиканы оөыту таблицаларын айрықша атауға тұрады. Ғалымның серік авторлармен Г.И.Уәйісова, Ә.Е.Жқмабаевамен бірге шығарған «Қазақ тілі» жалпы білім беретін мектепті» 2-сыныбына арналған оқулығы. Оқулық 2-сыныпқа арал.андықтан іші-сыртының суреттері мен бояулары ерекше көз тартады. Оқулық – оқытушы. Мұғалім үшін емес, шәкірттерге арналып жазылатынын ұмытпауымыз тиіс. Сондай-ақ оқулықтың алғашқы бетінде мынадай шартты белгілерді байқаймыз: «_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ - сөйлем =================== - ереже - мағлұмат ■ - күрделірек тапсырма - шығамашылық тапсырма» Бұл шығарма белгілердің әрқайсысының түстері бөлек. Ал оқулық ішінде бұлар ерекше тайға таңба басқандай анық болып тұрады. Ал екінші бетінде Диқан Әбілевтың «Туған тіл» өлеңі жазылған: «Туған тілім – бабам тілі - өз тілім. Туған тілім – анам тілі - өз тілім. Туған тілім – данам тілі - өз тілім. Туған тілім – адам тілі - өз тілім». өлеңді жатқа айту керектігін жащып қойған. әрі оңай, әрі жаңа мектеп табалдырығын аттаған балаға тіліне деген сүйіспеншілікті туғызатын бұл өлең өте орынды берілген. «Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту» еңбегін К.Бозжановамен бірге 1964 жылы жарияланды. Мұнда «Батауыш мектеп оқушыларын оқу дағдысын үйрету төмендегі үш мақсатқа негізделіп жүргізіледі.
Бастуыш мектептің оқу сабағына бұл көрсетіліп отырған үш талаптың үшеуіне де оқушыларды бірте-бірте дағдыландыру қажет. Олардың қай-қайсысының да жүзеге асырылуы 1-сыныптан басталады да, барлық сыныпта қатар жүргізіліп отырады. Содан кейін барып шығарманы дұрыс оқуға үйрету, мәнерлеп оқу, тексті саналы түрде оқуға дағдыландыру, мәнерлеп оқуды ұйымдастыру жолы, оқу сабақтарын өткізудің үлгісі, оқушыларды емлеге жаттықтыру, грамматикалықұғымдарды түсіндіру, қазақ тілін оқыту үстінде оқушыларды тәрбиелеу деген мәселелерге тоқталады. Қазақ тілін оқу арқылы оқушылар тіл, емле туралы білім алып, жазу дағдыларына үйреніп қана қоймады. Олар грамматика мен емлені оқу үстінде ойын жетілдіреді, тілін дамытып, іскерлікке үйренеді. әрине мұндай кезде оқытушының да көп ізденуін, сабақты жақсы әдіс-тәсілдермен өтуі, жалпы шебердігі қажет. Қазіргі кезде білімді дайын күйінде беретін дәстүрлі сабақтар – баладан ыждаһаттықпен тыңдап, берген тапсырманы мүлтіксіз орындауды ғана талап ететін сабақтар өмірбен артта қалып, мектептегі сабақ беру үрдістері күрт жаңару үстінде. Бұл «инновациялық» деп аталып жүрген үрдісті тәжірибеге ендірудің мәні – оқу материалын оқушыға дайын күйінде жеткізу емес, оны шәкіртпен бірлесе шешудің түрлі жолдарын, тәсілдерін іздестіру: яғни баланы талаптандыру, ізденіс арқылы олардың бойындағы шығармашылық қабілетті ояту. Сабақ үрдісінде осы принцип жүзеге аспаған жағдайда, оқыту құрғақ сөз болып, шәкіртіміз құр ережені жаттау мен сөйлем талдауға ғана машықтанған роботтарға айналатындығына көзіміз жетіп отыр. Тілдің фонетикалық, грамматикалық құрылысына байланысты материалдарды оқу оқушылардың ой өрісін кеңейтеді деген пікірді әдіскер ғалым үнемі еске салып отырады. Оқушылар мұнымен қатар сөздердің ішкі мағыналық ерекшеліктерін де (бір топ сөздердің, заттың атын білдіретіндігін, екінші топ сөздердің сынды білдіретіндігін т.б.) аңғарады. Бұл мағлұматтар оқушылардың тіл туралы ұғымын байытып, ой өрісін кеңейтеді. Сөйлемге, сөзге байланысты тақырыпты өту үстінде оқушылар сөйлемді, сөзді тілдік категория ретінде танып ой иен ұғымнан даралап, біліп, абстрактылы түсініктерді таниды. Бұл да оқушылардың ойын дамытатын жайт. Сөздердің грамматикалық топтарын (заттың атын білдіретін сөздер, заттың қимылын білдіретін сөздер т.б.) сөйлемдердің граматикалық түрлерін (хабарлы, сұраулы т.б. сөйлемдер) тану үстінде оқушылар талдауу, топтау, қорыту әдістеріне төселіп жетіледі. Талдау, топтау, қорытындылау – ой жұмысының көп жұмсалатын тәсілдері. Бұл тәсілдерді меңгеру арқылы өздерінің ойлау қабілетін жетілдіреді. Оқушылардың ой өрісінің жоғары болуына тіл сабақтарында пайдаланылатын жаттығу материалдарының да әсері мол. Сондықтан жаттығу материалдарының мазмұны бай, әрі тұрмыс тірішіліктің әр саласын қамтуға, сөздік қоры әр салалы болып келуге тиіс. Мұнымен бірге мұғалім оқушылардың өздеріне мысалды өмірдің әр саласынан келтіруін талап етіп, соған үйретіп отыруы тиіс. Бұл оқушылардың қиялын жетілідріп, ширақ ойлауға үйретеді. өйткені олар әр саладағы тіршілікті еске түсіріп, көз алдына елестетіп, содан мысал құрастыратын болады. Тіл сабақтарын оқу арқылы оқушылар іскерлікке үйренуге тиіс. Олар жұмысын ұқыпты, таза, әрі ұтымды әдіспен ұйымдастырып істеуге төселеді – деп жазады ғалым өз еңбектерінде. Р.Әмір мәтінді дұрыс оқуға көп көңі бөледі: «Оқушы қандай болмасын тексті дұрыс оқуға дағдыланбайынша, оның білімдік және тәрбиелілік мәнәі де жете меңгере алмайды. Сондықтан тексті оқығанда оқушының әрбір сөзді дұрыс айтуын қадағалап отыру керек. Оқушының шығармасы я тексті қатесіз оқуы деген сөз: 1) Оқып отырғанда сөз ішінен әріпті, жеке буынды, не сөзді қалдырып кетпей оқуы; 2) кейбір буынды не жеке сөзді қайталап оқымауы; 3) кейбір дыбыстардың, сөздердің орнын ауыстырмай, сөзді бұзбай оқуы; 4) орфоэпиялық талаптар тұрғысынан қате жібермей оқуы; 5) текстегі сөздердің мағынасына қарай, лайықты дауыс ырғағын, интонациясын сақтап оқуы». Оқушылардың оқу дағдыларын байқау жұмысын жүргізген кезде, жоғарыда көрсетілген талаптардың орындалмайтын себептерінің әртүрлі екендігі анықтайды да, мынадай жолдарын көрсетеді: 1) Оқу сабағындағы негізгі мақсат – тексті дұрыс оқып шығу емес, одан ұққанын айтып берумен шектелуі; 2) Текст оқығанда мұғалімнің оқушыны қатты қадағаламауы; 3) Әрбір оқушының оқу темпін мұғалім жете білмей, кейде оны асықтыруы деп нақты көрсветеді де, мұғалім тарапынан «қайталап оқыту» талап етіледі. Енді қате болдырмаужың, болған күнде оны қандай жолдармен түзету керектігі жөнінде былай дейді: 1. Егер тексте бір сөзді қайта-қайта қайталап оқыса, ол жерде екі не үш рет жазылмағанын ескертіп айту; 2. оқушы жылдам оқу мақсатына беріліп, сөзді сөйлемді дұрыс оқымайды. Содай кезде қайтадан қайталап оқыту қатесін ескерту; 3. 1-2 сынып оқушылары үшін оқылуы қиындық келтіретін сөздерден қате жібергенде, сөзді буынға, буынды дыбысқа талдау тәсілін қолдану: 4. Кейбір оқушының қатесін түзетуүшін қатесіз оқитын оқушымен бірлесіп хор ретінде оқыту: 5. Шылауларды (да, де, та, те, мен, пен), сұраулы, лепті, сөйлемдерді, қос сөз, қаратпа сөздерді қосып оқып жібереді. 2-сынып оқушысы грамматикалық ұғым алмағандықтан, олардың дұрыс оқылуын талап ету; 6. Енді бір оқушылардың тарапынан жіберілетін қате қазақ тілінде кейбір біріккен сөздердің оқылуы мен жазылуындағы өзгешелікке байланысты. Мұндай кезде сол сөзді буынға, дыбысқа талдату арқылы жүзеге асыруға болады. Бастауыш мектеп оқушыларының оқу дағдыларын жетілдіруде қойылатын бағдарламалық талаптың бірі – оқушыны мәнерлеп оқуға үйрету болатын. «Мәнерлеп оқу» деген сөз – екінші түрде айтқанда, қандай тексті болмасын дұрыс сөздерді бұзбай, сөз қалдыриай, аяғын жеп қоймай, әрбіреуін анық, дыбыстарын дұрыс атап оқуы. Тексті саналы түрде түсініп оқу мәнерлеп оқи білудің талаптарын қамттыса, керісінше, оқушыны мәнерлеп оқуға үйрету, - қандай тексті болса да санлы түрде түсініп оқуын қамтамасыз етеді, - деп жазады ғалым. Қандай болмасын мәтіннің мазмұнын дұрыс ұғып, онда айтылғандарды саналы түсіну үшін және тыңдаушыға дұрыс ықпал ету үшін оқушының дауыстап оқудағы дауыс ырғағы иен мәнерінің де өор маңызы бар. Еңбекте мәнерлеп оқудағы құралдың әрқайсысына жеке-жеке тоқталады: 1. Логикалық екпін – мағына жағынан мәні басым сөзге ерекше екпін түсіре айту. Ондай сөз оқылғанда басқа сөздерден өзгешереку, өзі не болып тұрған мәнін аңғартарлық дауыстың болуын тілейді. 2. мәнерлеп оқуға үйретудегі керекті құрал – паузалардың (кідіріс) орынды болуы. Тыныс белгілеріне байланысты паузалар әр түрлі болып келеді. Пауза үш түрлі – грамматикалық, логикалық, психологиялық. Грамматикалық пауза тыныс белгілеріне байланысты болса, екінші, логикалық пауза оқылып отрған сөйлемдегі мағынаны айқындаудағы мәні зор сөздердің немесе сөз тізбектерінің, басқа сөздерден бөлініңкіремей, ой екпінінің сазын бере айтылуы. 3. Мәнерлеп оқуға үйретудегі тағы бір керекті нәрсе – оқу қарқынының бір қалыпты болуы. Егер тез, жылдам оқудың жөні осы деп, қандай шығарманы оқыса да, сөзерді бір-бірінен ажырата алмайтындай, үстемелеп оқыса, біріншіден, түсініксіз болса, екіншіден, құлаққа жағымсыз болады. Сонымен қатар тм салбыр, баяу оқу да сөздердің және текстің ұғыну мүмкіндігіне нұқсан келтіреді, дауыстың дұрыс шығуына, жақсы естілуіне де кемістік келтіреді. Сондықтан тексті оқығанда оқушыны орынсыз асығудан және тым салбыр кібіртектеп оқудан сақтандырып отыру қажет. Р.Әмір грамматикалық ұғымдарды түсіндіруге терең мән берген әдіскер. Грамматика сөздердің, сөйлемдердің құралу, байланысу заңдылығын, амалын белгілейді. Сондықтан грамматика ұғымдарын оқушылар сөздерді, сөйлемдерді талдау арқылы таниды. Мұнда әдіскер грамматикалық ұғымдарды түсіндіруде оқушылардың барлық сезім мүшелерін (көру, есту) қатыстыра отырып танытса, сонда ғана ұғымды игеру оқушыларға оңай тиетінін ескертеді. Грамматикалық ұғым бергенде, мұғалімдер өтілетін категорияның белгілерін практикалық жолмен тиянақтап жете танытудың жолын іздейді. Мысалы: қос сөздер танытылатын болса, оқушылар олардың қайталап, қосақталып келетінін, кейбіреуінің алдыңғы сыңарының қысқа, мағынасыз бөлшек екенін, бір екпінмен айтылатынын, жазылғанда арасына сывзықша қойылатынын байқап алуға тиіс. 2-сыныпта грамматикалық ұғымдарды тануға жаттығулар үшін мынадай жұмыстар ұйымдастырылады деп көрсетеді: 1. Жазба текстен тиісті грамматикалық категорияны (қимылды білідіретін сөз, сұраулы сөйлем т.б.) тауып талдау сұрағын қою т.б. 2. Ауызша ойдан мысал табу, оны талдау. 3. Ауызша айтылған сөзден грамматикалық категорияны тауып, талдау. Кітаптың өн бойынан бағалы әдістемелік кеңестерді кездестіруге болады. Бұл кітаптың тағы бір пайдалы жері балаларды жалықтырмайды, кез-келген жерде сұрап, кейде жаздырып, қайсыбір уақытта тақтаға шығарып немесе қызық әңгімелер айтып сабақты түрлендіріп отыруды мұғалімдерден қатты талап етеді. Және оның жақсы үлгілерін мысал ретінде түрлі әдістер арқылы өз тәжірибесімен баяндап кетеді. 1971 жылы ғалым А.Асқаровамен бірлесіп «2-3 класс қазақ тілі оқулығына методикалық нұсқау» шығарады. Бұл нұсқау орыс мектептеріне арналған 2-класта оқытылатын бұл қазақ тілі оқулығы 1970-71 лқу жылында жаңа бағдарлама бойынша қайта жазылады. Иұнда 65 параграф қамтылған. әрбір параграф бір сағат мөлшеріне өтуге арналған. Оқу басталысымен, алғашқы үш апта бойы ауызекі сабақтар жүргізіледі. Бұ алғашқы сабақтардың иазмұны төмендегідей: 1. Сыныптағы әрбір оқушының қазақ тілінен қаншалық сөз білетінін анықтайды. 2. Оқушыларға таныс дыбыстардан жасалған қазақ тіліндегі сөздермен таныстырады. Ол үшін кез келген жеңіл сөздерді ала бермей (жер, тау, дала), программалық талаптарға сай, оқулықта берілген материалдарға сәйкес сөздер ғана алынады (терезе, доп, ал, бер т.б.). Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.015 сек.) |