|
|||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
ГЛОССАРИЙ 9 страница3. оқулықта берілген материалдардың негізінде, мұғалімнің көмегімен,сөз мағынасын түсіндіріп, сол сөзге сұрақ қою, сұраққа жауап қайтару және қысқа-қысқа сөйлемдер құрау үйретіледі (мынау не? Ол – класс. Мынау не? Ол – терезе, т.б.) 4. оқулықтағы суретер бойынша жүргізілетін жұмыс тұтас сабақтың ажырамас бір бөлігі ретінде болады. Жаңа сабақты түсіндіру және қорытындылау кезеңдері сол суреттерге байданысты жүргізіледі. 5. әр сабақта түсіндірілетін жаңа сөздердің жалпы саны алты сөзден артпайды. Бүгінгі үйретілген сөздер келесі сабақтарда жаттықтырылып, жаңа сөздермен толығады. 6. Ауызекі сабақтар оқулықта, тақтада жазылған сөздер мен сөйлемдерді оқуға және таныс сөздер мен суреттер бойынша сөйлем құрап айтуға негізделеді. Ал жазу жұмысы жүргізілмейді. 7. Ауызекі сабақтар кезінде ы дауысты дыбысының дыбысталу ерекшелігіне көңіл бөлінеді де, орыс тіліндегі ы дыбысы мен қазақ тіліндегі ы дыбысының жасалу өзгешелігін салыстыра талдайды. Р.Әмір бастауыш сыныптардағы тіл дамыту жұмыстарына да баса көңіл бөледі. Оқушыларға қазақ тілін оқыту жұмысы алдымен сөз танудан, сөйлеуге үйретуден басталады. Мектепке келген бірінші күннен бастап оқушылар мұғалімнің көмегімен әр сабақ сайын үйренген жаңа сөздерден сөйлем құрайды. Сөз саны көбейіп, оқушылардың сөзді қоры молайған сайын жүйелі, мағыналы сөйлемдер, шағын әңгіме қрастырып айтып беретін дәрежеге жетеді. Ол сөйлемдер мен шағын әңгімелер оқушыларының күнделікті көріп, біліп жүрген заттарымен, істерімен, өмірмен байланысты болып келеді. Оқулықта берілген материалдар негізінен оқушылардың ауызша және жащбаша тілін ширатуға, жетілдіруге, дамытуға арналған. Алдыңғы сабақта үйретілген сөздер келесі сабақтарда үнемі қайталанып, сөйлемдер мен шағын текст құрастыруға көмекші болады. Оқушылардың тілін ширатып, дамытуға шағын өлең, тақпақтар мен жұмбақтарды жаттау пайдалы. Ол үшін мұғалімдер алдымен мәнерлеп оқып береді. Тақпақтың әр жлына тоқталып, оның мағынасын түсіндіреді. Оқушылармен бірлесе отырып, орысшаға аударады. Оқушы тақпақтың мағынасын жақсы түсінсе, оны мәнеріне келтіріп дұрыс оқиды, әрі тез жаттайды. Сыныптағы балалардың дарындылық қасиетін ескере отырып, тақпақтың ауыр-жеңіл түрлерін даралап беріп, оны сыныпта, мектепте өткізілетін кештерде айтқызуға болады. Оқушылар текспен біршама жұмыс жасауға үйренген кезде, қызықты мысал, әңгіме ертегілерді оқып беру қажет, ол – оқушыларды еліктіріп, білуге құмарлығын, қазақ тілі сабағына деген сүйіспеншілігін арттырып, ой-өрісін дамытады. Грамматиканы оқытуда орыс мектептері үшін болғандықтан екі тілде де жете түсіндіре айтуды және мұғалім сабаққа келерде грамматикалық материалдарды алдын ала жүйелі жобаға келтіріп, әр сұрақтың сырын ашып, таныта білсе, ондай материалдар оқушылардың ұғымына жеңіл қалыптасатынын баса айтады. Тіл үйретудің негізі – оқушылардың сөздік қорын байыту және сол сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру. Сондықтан қазақ тілі сабағында бұл жұмыса баса көңіл аударылуы тиіс. «Оқушылардың сөздік қорына текст арқылы енетін жаңа сөздердің мағынасын түсіндіріп беру – істі бастапқы қадамы ғана. Мұғалім жаңа сөздердің мағынасын сурет көрсету немесе заттың өзін көрсету арқылы, орысша аудармасын беру арқылы түсініреді. Жаңа үйренген сөздер оқушылардың есінде сақталуы үшін, ол үнемі қайталанып отырылады»-деп жазады әдіскер-ғалым. әдіскер сөз үйреткенде мағынасына қарай топтап үйреткенді жөн көреді. Бұл - өте ұтымды әдіс. Осындай жағдайда бала есінде берік сақталады. Р.Әмір оқушыларды сөйлем құрауға үйретудің мәнісін, оның алғы шарттарын жақсы танытқан. Мұнда мұғалім алдымен орысша сұрақ айтып, оның қазақшасы қалай болатынын, қазақша қалай жауап беру керек екенін үйретеді. Сосын қазақша сөздкердің түбірі мен қосымшасын ажыратып түсіндіреді. Алғашында қазақша сөздермен жұмыс жасаған балалар оларды орсшаға аударады. «Сөйлемнің жаңа өтілген түрін өз бетімен құрауға оқушыларды үйрету үшін жаттығудың мынадай түрлері пайдаланылады: 1. Сөйлемнің бір сөзі түсіріліп, оның орнына сұрақ қойып, оқушы сұраққа сөз қосып, сөйлемді толықтырып айту, жазу. 2. Орысша сөйлемдер, текст беріп,оны қазақша аудару. 3. Оқушыларға бір-біріне сұрақ қойдырып, жауап бергізу. 4. Текст оқытып, мазмұныны айтқызу. 5. Сурет бойынша сөйлем құратыру, әңгіме айтқызу», - деп жазады ғалым. Оқушыларды жүйелі сөйлеуге үйрету де тіл үдістемесінің негізі бағыттарының бірі. Тілді меңгеру сөйлемдерді өзара ұштастырып жүйелі сөйлеу дәрежесіне жеткенде кемеліне келеді. Сондықтан қазақ тілі сабағына оқушылар тек сөз біліп, сөйлем құоап қана қоймайды, жүйелі әңгіме айтуға, күрделі пікір білдіруге дағдыланады. «оқушыларды жүйелі сөйлеуге үйрету үшін мынадай жұмыстар істелінеді: 1. Әңгіме, ертегі оқытып, оның мазмұынын айтқызу. 2. Сурет бойынша әңгіме құрату. 3. Көргенді, істеген істері жөнінде әңгіме айтқызу». әдіскер жоғарыдағыдай жұмыстардың басты мақсаты – оқушылардың еркін, өз сөзімен әңгіме айтуға, жүйелі пікір айтуға үйрету деп біледі. Бұл үш жұмысына қарап отырсақ, расында балалардың ойлау қабілетін, еркін сөйлеу қабілетін көздегені байқалып тұр. Аталмыш жұмыстар мұғалімнің сұрақ қою көмегімен жүзеге асады. Қарап отырсақ, жоғарыда әдістеменің барлығы мұғалім шеберлігіне байланысты екенін көреміз. Н:Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде және тіліміздің – мемлекеттік қызметте де, өндірісте де, ғылымда да,білімде де дәл орыс тілінің қолданылуындай болып қолданылу үшін қолдан келгеннің бәрін істеу керек» - деген тұжырымдары бар екені белгілі. Қазақ тілін оқытуда осы тұжырымдарға сүйенгеніміз жөн. Олай болса мемлекеттік тіл тағдыры – қазақ ұлтының да тағдыры. Қазақ тілін оқытудың маңыздылығын бүгінгі таңда өмірдің өзі-ақ көрсетіп отыр. Сондықтан қазақтың әр сөзін қонымды әдіспен, терең оймен, ажарлы тілмен жас өрендердің санасын жеткізе білу үшін қазақ тілінің мұғалімі - өте кемел адам болуы керек. Ұлт тілінің рухын аспандататын да, асқақтататын да осы қазақ тілінің мұғалімдері. Жан Жак Руссоның «Ұстаздық ету уақыт ұту емес, өзгенің бақытын аялау, өзінің уақытыңды аямау. Бірақ бұған өкінбеу керек, жер үстінде адам тәрбиелеуден асқан абыройлы іс, ардақты жұмыс жоқ. Ұстаздық – ұлы нәрсе» - деген байлаы өте дұрыс айтылған тұжырым. Сөйтіп, Рақыш Әмір Сәтұлының мақалаларындағы, кітаптарындағы әдіскерлік нұсқаулар мұғалімдерге жоғарыда атап көрсеткеніміздей нақтылы көиек көрсететін пайдалы көрсеткіш болып келеді. Адам тәлім-тәрбиесіз, өнер-білімсіз, іс-әрекетсіз өмір сүрмек емес. Сол өмірінде ол өзін қоғамнан тыс жүрген жанмын демей, ата-ананың ұлы-қызы болғандақтан халықтың, Отанның ұлы-қызымын деп есептейді. Кісіні сондай саналы ойға баулитын, еңбек процесіне белсене қатысуға мүмкіншілік туғызатын қарым-қатынас құралы – ұлы мәртебелі ана тілі. Адам білімді, тәлім-тәрбиені тіл арқылы алады, мәдениетті, өнерді, ғылымды, техниканы тіл арқылы үйренеді. Тіл – ұлт ерекшеліктерінің бірі, ұлт мәдениетінің бір формасы. Сондықтан онда әрбәр халықтың ұлттық сана-сезімінің, ойлау тәсілінің, мінез-құлқының нысаналары сақталады. Халықтың сондай ерекшеліктері, мәдениеті, әдет-ғұрпы, әдеби мұралары, оның психикалық қалпы тіл арқылы ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отрады. Ана тілі мектепте өтетін пәндердің оқу материалдарын әрі саналы түрде, әрі жеңіл иеруді қамтамасыз етумен қатар, тәлім-тәрбие жұмыстарын ойдағыдай жүргізуге және балалардың патриоттық, ұлттық сезімдерін дамытуға жәрдем етеді. Сондықтан да қазақ тілін оқыту әдістемесін жетік меңгеру, оны дамтыу әрбір педагогқа жауапкершілік жүктейді. Оның басқа пәндер сияқты оқушыларға қазақ тілінен білім берудің де өзіне лайықты әдістері бар. Ол әдістер қазақ тілінен өзіне тән ғылыми жүйесін оқыту мен одан жүргізілетін практикалық жұмыстардың түрлеріне сәйкес болып келеді. Қазақ тілін оқыту – қазақ әдеби тілінің маңызын, әдіс тәсілдерін, амалдарын, оқушыға ана тілінен білім берудің, оны меңгертудің жодарын үйрететін ғылым. Мұғалім ана тілінен теориялық білім беру арқылы оқушының өзін қоршаған ортаға көзқаасын қалыптастырады. Қазіргі кезде қазақ тілін мектепте оқыту мәселесі төңірегінде таза тәжірибе баяндалатын еңбектермен қатар, қазақ тілі әдімстемесі ғылыми педагогикалық тұрғыда қарастырылып, мектеп мұғалімдеріне көмекші нұсқау сипатта, монографиялық сипатта, әрі жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқулық сипатында жазылған еңбектер туды. Сондай еңбектердің авторы болып жүрген қазақ тілі пәнәі оқыту әдістемесі ғылымыеа өзіндік ой-өрнегімен, тегеурінді тұжырымдарымен үлесқосқан әдіскер, ғалым, филология ғылымының докторы, профессор – Рақыш Әмір Сәтұлы. Р.Әмір туралы жазылған мақалалар мен Р.Әмірдің ғылыми және әдістемелік еңбектері: Хасенов Ә. Ұстаздық жолда // Қазақстан мұғалімі. 1980, 11-қаңтар. Айтбаев Ө. Сөз-ой сәулесі // Қазақ әдебиеті. 1973,6-сәуір. әміров Р.С. Жалпы білім беретін мектепті» 5-9 кластарына арналған қазақ тілі пәніні» бағдарламасы (жоба) // Қазақ тілі мен әдебиеті. 1993.№10-11012. Бозжанова К., Әміров Р. Бастауыш Мектепте қазақ тілін оқыту. Алматы, 1964 жыл. Асқарбаева А., Әміров Р., 2-3 класс: «Қазақ тілі» оқулығына методикалық нұсқау. Алматы, 1971. Әміров Р. 3-кластарға оқыту жұмысы (методикалық нұсқаулар жинағы) Алматы.1973 жыл. Әміров Р. 3-класс «Қазақ тілі» оқулығына методикалық нұсқау (мұғалімдерге арналған көмекші құрал). Алматы. 1971 жыл. әміров Р. Қазақ тілі оқулығына методикалық нұсқау (орыс мектептеріне» 3-класына арналған). Алматы.1991. әміров Р., Асылов Ұ., Жиенбаев у. «Қазақ тілі» 4-сынпқа арналған оқулық. Алматы. 1997 жыл. Әміров Р., Әмірова Ж. «Қазақ тілі» оқулығы бойынша жаттығулар. 8-сыныпқа арналған. Алматы. 1994 жыл. Әміров Р. 1-класта қазақ тілін оқыту. Мұғалімдерге көмекші құрал. Алматы. 1962 жыл. Әміров Р. 1-класта оқушыларды тілін дамыту үшін істелінетін жұмыстар. Алматы.1957 жыл. Әміров Р., Бәкірова А. Қазақ тілі грамматикасы, емле, тіл дамыту. 1-класқа арналған оқулық. Алматы 1984 жыл. Балақаев м., Әміров Р., Қазақ тілі. Алматы. 1965. Уәйісова Г., Әміров Р., Жұмабаева Ә. Қазақ тілі 2-класқа арналған. Алматы. 1998. Әміров Р., Әуелбаева Ш., Бәкірова А. Қазақ тілі. Грамматика, емле, тіл дамыту.2-класқа арналған. Алматы. 1997жыл. Қазақ тіл білімімен әдістемесіне өзіндік үлес қосқан әдіскер ғалымның бірі - Маманов Ыбырайым 1907 жылы 10 мамырда Талдықорған облысы, Ақсу ауданында дүниеге келген. Ыбырайым – «Айман-Шолпан» жырында атақты Маман байдың ұрпағы. Ы.Маманов 1927 жылы Алматы қаласындағы оқу-ағарту институтын бітірген соң, 1927-1928 жылдары Талдықорған облысындағы Сарқанд ауданы, Коммуна мектебінің директоры болып қызмет етеді. 1929-1932 жылдары Орал қаласында орта мектеп мұғалімі, 1932-1938 жылдары Көкшетау облысы, Еңбекшілер ауданында орта мектепте мұғалім болып қызмет атқарады. 1938-1940 жылдары Алматы пед. Училищесінің оқытушысы, 1940-1991 жылдар арсында қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде оқытушы, доцент болып қызмет еткен. «Қазақ тіліндегі көмекші етістіктер» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғаған. Ғалымның «Етістік», «Қазіргі қазақ тілі. Лекциялар курсы» атты зерттеулерінің қазақ тіл білімінің теориялық тұрғыда дамуы үшін маңызы ерекше деп білеміз. Ы.Мамановтың Д. Әлімжановпен бірігіп жазған «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» деп аталатын оқулығы орта мектеп мұғалімдері мен жоғары оқу орындарының филология факультеттеріне арналып, 1965 жылы жарық көрген. Еңбек «Орта мектепте қазақ тілін оқытудың жалпы мәелелері», «Қазақ тілінен білім берудің методтары мен оқу жұмыстарын жүргізудің жолдары», «Грамматиканы оқыту методикасы» деп аталатын үш тараудан тұрады. Мектепте қазақ тілін оқытудың нгізгі міндеттері мен мақсаттары анықталатын бірінші тарауда әдістеменің өзге пәндермен байланысы көрсетіліп, орта мектептерде қазақ тілін оқыту бағдарламаларының негізгі принциптері баяндалды. Мұнда оқытудың бағдарламалық негізіне терең мән беріледі. Оның теориялық та, практикалық та маңызын белгілейді: (Әрбір класта қазақ тілінен өтілетін материалдардың көлемін дәл белгілеу; тілді оқыту жұмысын тәртіпті және жүйелі жүргізуге бағыт беру; мұғалімнің тілді оқытуға арналған жылдық, тоқсандық, айлық және жеке тақырыптарға арналған сабақ жоспарларын творчестволық тұрғыда жасауына ұйытқы болу; мұғалімдердің методикалық шеберлігін арттырып, әр тақырыптың мазмұнына қарай пайдалы әдістерді қолданып отруға, өз білімдерін толықытырып отыруға міндет жүктейді; мұғалімдердің сабақтарын ұқыпты дайындалып, оған керекті материалдарды күн ілгері әзірлеу құнттылығын арттырады; мұғалімдердің оқушылармен кластан тыс жүргізетін жұмыстарын жақсартуды, оларды өтудің әдістерін белгілейді; тілдік материалдарды бір-бірімен ұдайы байланыстырып, ұдайы қайталап отырудың әдістерін үйретелді. Ғалымдар қазақ тілін оқытудың ең ұтымды әдістері ретінде фонетикалық, грамматикалық, морфологиялық синтаксистік тәсілдеді айтады. Шынында да, дәстүрлі грамматикада сөз тұлғаларының формалық деңгейін анықтауда мұндай тәсілдердің оңтайлылығын, әрі мазмұннан формаға принципі бойынша талдау үшін, мұның қажеттілігін ешкім жоққа шығара алмасы анық. Сондай-ақ, анализ-синтез, салыстыру, индукция-дедукция, баяндау, әңгімелесу тәсілдерін пайдаланудың тиімді жолдары көрсетіледі. «Мұалім индукцмя-дедукциялық методты жақсы білсе, біріншіден, индукциялық тәсіл мен дедеукциялық тәсілдің ара жігін ажыратып, оларды бір-бірімен шатастырмайтын болады; екіншіден, индукциялық тәсіл мен дедукциялық тәсілді практика жүзінде байланыстыра біледі; үшіншіден, оқушыларды өздерінің белгілі бір білім шындығы мен зат танытудағы ойлау қабілеттілігімен дұрыс қоытындылар шығарып үйренуге шеберленеді» /80/ Зерттеушілердің пайымдауынша, әңгімелесу методы оқушылардың сабақ үстінде білім алу талабын арттырып, белсенділігін күшейтеді. Олар жауап беріп, өз пікірлерін дәлелдеуге тырысады, бірінің айтқанын екінші толықтыра түсіп, тілдерін дамытады, үйе берілген тапсырманы жақсы орындауға үнемі талаптанады. Еңбекте көрнекілік пен оны пайдаланудың жолдарынақты көрсетіледі. Көрнекі құралдардың түрлері ретінде: таблицалық көрнекілік, схемалық көрнекілік, плакаттық көрнекілік, символикалық, тақта көрнекілігі, кескінді әріптер мен буынға бөлінген сөздіктер көрнекілігі, карточкаларды пайдалану көрнекілігі, зат пен нәрсенің өзін көрсету көрнекілігі. Бұл көрнекіліктерді қазіргі кезде де ыңғайына орай қолдана білген жөн. Еңбекте фонетиканы, грамматиканы, орфографияны оытудың әдістемесі де берілген. «оқушылардың грамматканы жақсы білуініңбір шарты – анықтамалар мен ережелерді саналы түрде толық меңгеруі» деп пайымдаған ғалымдар оларды оқытуға, ережелердің құрылысы стильдік жағынан бір-біріне ұқсас, бір жүйеде болуына басты назар аударады. Сондай-ақ. «грамматика сабағында грамматикалық талдау жасаған кезде, үй тапсырмасын тексерген кезде, грамматикадан жаңа материал түсіндірген кезде босын, әйтеуір қисынын тауып, оқушыларға тиісті сөздердің емлесін үйретіп, керек жерінде есіне салып, грамматика мен емлені ұдайы байланыстырып отыру керектігін» мақсат тұтады. Морфологияға байланысты бағдарламаға енген бесінші сыныптан бастап, алтаншы, жетінші сыныптарда жалғасатын теориялық материалдардың барлығына әдістемелік талдау жасайды. «мұғалімнің ең бірінші мақсаты – оқушыларға сөз негіздерін (түбір сөз) саналы түрде өздері таба алатын етіп дағдыландыру) - деп жазады зерттеуші әдіскер ғалымдар /139/. Мұның да мәні ерекше. әсіресе, жас мамандар өздері түбірін таба алмайтын негніздерді мысалға алмауы керек екені анық.мысалы: көтер, тышан, т.б. сияқты тұлғаларды мысалға келтіріп, ұятқа қалған жас оқытущылар бар. Ғалымдар осыдан сақтандырып отыр. Ең алдымен, «оқушыларға сөздердің жалғауларын тапқызып, дағдыландыру үшін, мұғалім арнайы сөйлемдер дайындап келіп, тапсырмалар беріп отырғаны» дұрыс екенін ғалымдар ескертеді. Ы.Мамановтың негізгі ғылыми-әдістемелік шығармалары: Қазақ тілі (оқулық) А., 1949. Қазақ тілін оқыту методикасы (оқулық) А., 1965. Қазіргі қазақ тілі. Етістік. А., 1966. Сопоставительная грамматика. А., 1966 (авт.бірл); Қазақ тілін оқыту методикасы. А., 1965; Бақылау жұмыстары (сырттан оқушылар үшін). А., 1955. Пединституттың сырттан оқу бөлімнің оқу жоспарына түсінік.А., 1964. Қазіргі қазақ тілінің бақылау жұмысы. А., 1958.
Негізгі тапсырмалар, сұрақтар: 1. Әдіскер ғалымның мектеп бағдарламасына сәйкес арналып жазылған еңбектерін ата 2. Р.Әмір Қазақ тілін оқытудың мазмұны мен әдістемесі саласы бойынша қандай еңбек жазды? 3. Ы.Мамановтың «Етістік», «Қазіргі қазақ тілі. Лекциялар курсы» атты зерттеулері қашан жарық көрді? 4. Ы.Мамановтың морфологияға байланысты әдістемелік талдауы
Әдебиеттер: 1 Әбілқаев А. Қазақ тілін оқыту методикасы. Алматы, «Мектеп»1988. 2 Д.Әлімжанов, Ы.Маманов Қазақ тілін оқыту методикасы. Алматы, 1965. 3. Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. Алматы: Ғылым, 1977. 4. Қайдаров Ә. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. Алматы: Ана тілі, 1998. 5. Серғалиев М. Көркем әдебиет тілі. Алматы: Мектеп, 1995. 6. Х.Арғынов Жай сөйлем синтаксисін оқытудың методикасы. Алматы 1967. 7. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы, 1966. 8.Б.Құлмағанбетова Құрмаласа сөйлемді оқытудың кейбір мәселелері Алматы, 1957 56-бет 9. Сауранбаев Н.Т. Қазақ тіл білімінің проблемалары. Алматы, 1982. 10. А.Ысқақов Ана тілін оқытудың түйінді мәселелері (қазақ тілі мұғалімдерінің іс-тәжірибелері, жинақ), 1972, 19-бет
№11 Дәріс: Әлімжанов Дәулет - қазақ тілінің оқыту әдістемесінің дамуына үлкен үлес қосқан ғалым. Айтбай Айғабылұлы - қазақ тілі әдістемесінің дамуын өз үлесін қосқан ғалым Мақсаты: Әдіскер ғалымдардың қазақ тілін оқыту әдістемесіне қосқан үлесі жайлы түсініктерін қалыптастыру. Жоспар: 1. Әлімжанов Дәулет - қазақ тілінің оқыту әдістемесінің дамуына үлкен үлес қосқан ғалым. 2. Д.Әлімжановтың ғылыми еңбектері 3. Айтбай Айғабылұлы - қазақ тілі әдістемесінің дамуын өз үлесін қосқан ғалым 4. Айтбай Айғабылұлының еңбектері
Әлімжанов Дәулет - қазақ тілінің оқыту әдістемесінің дамуына үлкенн үлес қосқан ғалымдардың бірі. Шын аты – Дәулетияр.1912 жылы маусымның 7 күні Алматы облысы Шелек ауданындағы Малыбай ауылында дүниеге келген. 1954 жылы профессор С.аманжоловтың жетекшілігімен «Некоторые вопросы принципа нагядности в преподаваний казахского языка» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғайды. Профессор Ғ.Қалиев «Ұлттағы өмір» атты мақаласында Д.Әлімжановтың өмірбаяны мен шығармашылық жолы туралы мәнді деректер береді. Бұл деректер бойынша, Дәулет екі жасында анасынан жетім қалып, кедейліктің тақсіретін тартқан. Жеті-сегіз жасынан бастап ауылдың малын бағып күнін көрген. 1923-1925 жылдар елге келген кеңес үкіметіне сүйеніп, еті тірі бала «Қызыл отау» арқылы сауатын ашады да, кейін осы ауылда ашылған мектепте сабақ оқуын жалғастырады. Кейін комсомлға өтіп, белсенді болып. Оқуын тереңдетеді, 1931 жылы жұмысшылар факультетіне түседі. 1933 жылы абай атындағы педагогика институтының жанындағы дайындық курсына түсіп, 1934 жылы тіл және әдебиет факультетінің қазақ бөліміне студент болып қабылданады. 1938 жылы институтты бітірген соң, осы институттың қазақ тілі және қазақтілін оқыту әдістемесі кафедраларына оқытушылық қызметте қалдырылады, кафедра меңгерушісі (1961-1971), деканы қызметтерінде болады. Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.014 сек.) |