|
|||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
ГЛОССАРИЙ 5 страницаС.Жиенбаев еңбегінде оқушыларға грамматикалық категорияны танытудың маңыздылығын атап көрсетеді. Әрине адам баласы өзінің ана тілін грамматиканы оқымаса да біледі, бірақ тілдердің құбылыстарын, оның ішкі даму заңдылықтарын терең түсіну үшін тілдегі негізгі категориялармен таныс болу қажеттігін жақсы атап өтеді. Еуропа оқымыстысы О.Еспересеннің зертеулеріне сүйене отырып, жасаған талдаулары терең де мазмұнды. Тіпті кейігі зерттеулерде кездесе бермейтін терең теориялық толғамдар бар. Айталық, сөздің мәнісін барлағанда, автор оны тек дыбыстан тұратын бірлік ретінде ғана қарастырмай, ұғымды таңбалаушы ретінде бағалайды. Балаларға анықтама үйретіп, жаттатып шаршаудың қажетсіздігін мұғалімдерге жете түсіндіру шарт деген тұжырым айтады. «Тұлғашыл бағыттағы оқымыстылар категорияның сыртқы тұлға жағына айрықша көңіл бөліп, мағына мен мазмұн жағын көп елемеген. Шынында, грамматиканы оқытқанда сөздің сементикалық белгісі зор мән беруіміз керек. Әрі тұлғасын, әрі мазмұнын айырғанда ғана мәселе ұғымды болмақ» - деген көрген ойды С.Жиенбаев еңбегінен табамыз. Тілдегі құбылыстың тұлғасын көрсетіп, мағынасын ұқтыру – үйретудің негізгі әдісі. Оқытушының айтып тұрғанының барлығын бірдей бала түсінбеуі мүмкін. Бұдан шығар жол - әртүрлі жеңіл мысалдар мен көрнкілікті дұрыс қолдана білу, - деп жазады ғалым әдіскер. Грамматикалық категорияны түсіндірудің қалыпты жолы – сұрақ қою арқылы ұғындыру екені де талданып жазылған. Оқыту тәжірибесінде құбылыстарды өзара салыстырып, сол арқылы олардың ұқсастығы мен айырмашылығын айқынырақ көрсетуге болатыны белгілі. С.Жиенбаев салыстыру әдісін қазақ тілін зерттеуге, оқытуға қолдануға болатынын айтып нақты мысалдарментүсіндіре дәлелдейді. Бұл әдістің пайдасы белгілі бір деректерді салыстырып, оның айырмасын не ұқсастығынайыру баланы ынталандырады. Екіншіден, бала себеп пен тұлға, мағына дегендерді көп тексереді. Соның арқасында талданылып отырған екі категорияның өзін меңгеріп алады деп ойын түйіндейді ғалым. С.Жиенбаев еңбегінің маңызды қыры сөздің ұғымдық, мағыналық жағынан тексерілуі болса керек. Өзінің көп замандастарынан ерекше, зерттеуші тілдің құрылысын ғана емес, оның мағыналық құрылымын, ұғымдық сипатын айқындауға талаптанған. Батыстық семантикалық үлгіде жазылған ғылыми зерттеулерді көп оқып, зерделегені байқалады. Автордың О.Есперсенге,Н.Я.маррға сілтеме жасауы – оның зерттеулерінің негізі бағыты мағыналық жүйе, функционалдық құрылым екенін аңғартады. Қазақ тілінде сөз таптарын ажырату орыс тілінен анағұрлым қиын дейді ғалым. Олай болуының себебі қазақ тілінде тұлғасы бірдей, тек мағынасына қарап айырылатын сөздер бар. Шығу тегі жағынан тектес түбірлер болып саналатын есім-етістік жұптарының көп мағыналықтан жіктеліп шығатыны белгілі жағдай. Қазіргі тілдің синхрондық сипатында бұл сөздер әр түрлі мағыналарға ие. Сөздердің арнайы мағынасы мен олардың қай сөз табына жататындығын, қызметін айқындайтын – контекст, мәтін. Зерттеуші осындай мағынасы сөйлем ішінде айқындалатын лексикалық бірліктердің мағынасын салыстыру әдісі арқылыкөрсету дұрыс деп пайымдайды. Тек қана түбір сөздердің мағыналары емес, кейде негіздердің мағыналарын айқындауда да қиыншылық болатыны зерттеуде аталып өтіледі. Олардың ішкі семантикалық мәнінің тек контексте ашылатыны нақты мысалдар салыстырып беру арқылы олардың, мағыналық ерекшелігіне оқушының көзін жеткізу. Қазақ тілі оқыту әдістемесінің негізгі көкейтесті мәселелеріне үн қосып, оның дамуына үлкен үлес қосқан ғалым С.Жиенбаев еңбектері өзінің өзектілігін күні бүгін де жоғалтқан жоқ. Оның семантикалық бағыттағы ойлары мен тұжырымдары, оқушыны ойлантуға жетелейтін сабақ үлгілері, ұғымдық, мәндік талдаулары болашақ оқытушылар мен зерттеушілерге бағыт көрсете берері сөзсіз. 1936 жылы орта мектептің V – VI сыныптарына раналған С.Жиенбаевтің «Грамматика талдауыш», «Қазақ тілі әдістемесі», «Грамматикалық таблицалар» тағы басқа еңбектері жарық көрді. Бұл аталған еңбектердің қазақ тілін оқыту әдістемесінде алатын орны ерекше. Онда қазақ тілі әдістемесінің педагогикалық негіздері, жазу жұмыстары, талдау үлгілері, грамматиканы оқыту, кітап оқыту әдістемесі сияқты мәселелерге тоқтаумен бірге, «мұғалім сабақты беруді» көрсетіп бергенінен айнытпай орындауға міндетті емес, өз білгенінше түрлі әдіс қолдануға ерікті әдістеме рецепт емес, әкімшілік нұсқау да емес, тек педагогикалық кеңес, жол-жоба», - деп әдістеменің көптеген мәселелеріне тоқталады, ол қазір де мәнін жойған жоқ. С.Жиенбаев туралы, оның әдістеме ғылымын дамытудағы орны мен өзіндік қолтаңбасы туралы кезінде И.Қ.Ұйқбаев «Қазақ тілі методикасының библиографиялық көрсеткіші» атты шағын жұмысында көптеген құнды мәліметтер келтірген. Осы жұмыста С.Жиенбаевтың қаламынан шыққан 95 еңбектің аты аталады. Мұның ішінде таза педагогика мен әдістемеге арналған еңбегінің саны – 29. Бұлардың ішінде «Лекции по педагогике для заочников вуза и педучилища»(1930), «Методика родного языка в НШ»(1934), «Методические материалы для учителей НШ»(1935), Грамматика талдауы «Ауыл мұғалімі»(1939), Грамматикалық атегорияларды таныту «Халық мұғалімі» (1950,№5), «Үлкендерге хат таныту методикасы»(1936), «Қазақ тілі методикасы»(1941) сияқты еңбектерінің мәні үлкен. Шамғали Сарыбаев – ХХ ғасырдың 20 жылдарында А.Байтұрсынұлы бастаған қазақ тіл білімі корифейлерінің ізін баса келген ғалымдардың бірі. Ш.Х: Сарыбаев 1893 жылы, наурыз айының 11-күні Батыс Қазақстан облысының Орда ауданына қарасты Қарашағыл деген мекенде дүниеге келген. Жастайынан еңбекке араласады. 1913 жылы Шамғали Орынборда мұғалімдер даярлайтын құсайния татар мектебіне оқуға қабылданады. Сонда өздігінен орыс тілін үйреніп, татар әдебиетін біліп шығады. Мектепті 1916 жылы бітіріп, Қазалы қаласына келіп бала оқытумен айналысады. 1918 жылы Шымкентте уездік халық ағарту мекемесіне басшылық жасайды. Кеңес өкіметі орнаған жылдары Ташкенттегі Педагогика институтында қазақ тілі пәнінен оқытушылық қызметте болады. Өз заманының зиялы азаматы ретінде Ш.Х. Сарыбаев өзінің мұғалімдік тәжірибелерінен түйген келелі ойларын сол кездегі «Жаңамектеп», «Еңбекші қазақ», «Еңбек» т.б. сияқты баспасөз беттерінде жариялап отырады. Оның «Сауатсыздықпен күресу жолдары», «Тіл құралды оқытудағы тәжірибелер», «Қазақ мектептеріндегі орыс тілін оқыту жайы» тәрізді мақалалары жарияланады. Ұстаз-ғалым елді сауаттандыру үшін қазақ тілінің қадірін арттыру қажеттілігіне ерекше назар аударады. Шамғали Сарыбаев 1923-34 жылдары Ташкентте Орта Азия коммунистік университетінде ұстаздық қызмет атқарады. Ал 1934 жылы Қазақстанға қайтыр оралып, Алматыдағы сол кездегі Журналистика институтында 1937 жылға дейін дәріс береді. Жоғары оқу орындарында қызмет еткен жылдары оның қаламынан қазақ тілі мен оның оқыту әдістемесінің әртүрлі мәселелеріне байланысты ғылыми мақалалары жазылып, жарияланады. Ғалым кейін 1954 жылға дейін Абай атындағы КазПИ-де қызмет істейді. Ш. Сарыбаевтың алғашқы еңбектерінің бірі Е.Қожантаев пен Ғ.Табынбаевпен бірігіп жазған «Үлкендер үшін әліппе» 1921 жылы Ташкент қаласында жарыққа шығады. ХХ ғасырдың 20 жылдарындағы сауат ашу науқаны басталған тұста бұл әліппенің қазақ жастарының сауатын ашудағы маңызы ерекше болған. Кейін 1931 жылы Ташкент қаласында қазақтың мақал-мәтелдерін жинап бастыруда үлкен еңбек еткен ақын Ө. Тұрманжановпен бірге «Бірінші басқыш мектепке арналған әліппе кітабы», 1932 жылы Қ.Оспанұлымен бірге «Екпінді күш 1 –класс үшін әліппе кітабы», 1933 жылы А.Әлібайұлы, М.Долайұлымен бірге жазған «Ана тілі /бастауыш политехника мектептерінің 3-4 кластары үшін /» атты оқу құралдары басылады. Осылайша мектепке оқулық жазу сияқты жауапты да күрделі істерді істеу қажеттілігі туып тұрған заманда, соның үдесінен шығуды көздеп, ғылымдағы негізгі тырнақ алды туындыларын арнаған ғалым кейін іргелі ғылыми мәселелермен де айналысады. Қазақстанға келгеннен кейін ғалым қаламынан туған «Түоліше жазылатын бір мәнді сөздер туралы», «Емле жүйелері», «Сызықшаның бастауыш пен басқа мүшелер арасында жазылатын орындары», «Грамматикалық мағына деген не?», «Табыс жалғауының тасалануы», т.б. сияқты тіл білімінің өз кезеңіндегі өзекті мәселелеріне арналған ғылыми мақалалары жарыққа шыға бастайды. А.Байтұрсынұлының «Тіл танытқышынан» сусындап өскен бұл кездегі ғалымдар түркі тіл білімі үшін ең маңызды саналатын күрделі теориялық мәселелерді көтере алғандығымен де ерекшеленсе керек. Айталық, автор қаламынан шыққан «Грамматикалық мағына деген не?» «Төрт етістік (отыр, тұр, жатыр,жүр)», «Қосылып жазылмайтын сөздер» атты мақалалардың көтерген жүгі жеңіл емес еді. 1920-190 жылдар мектеп ісі үшін, жалпы ағарту саласы үшін аса ауыр жылдр болғанын атап өту парыз. Бұл заман салған ауыртпалықтармен қатар, жазу таңбасының қайта-қайта өзгеруімен де байланысты болды. Ахмет Байтұрсынұлының реформаланған әліппесімен сауатын ашып қалған қазақ жастарына аз жылдың ішінде латын қаріпін, одан да көп ұзамай Кирилл жазуын меңгеру қажеттілігі туындады. Осы ретте мектепке арнап оқулық, оқу құралдарын жазу, емлені реттеу, оның негізгі принциптерін белгілеу сияқты күрделңі мәселелер ғалымдар алдында тұрған келелі міндеттер болды. Ш.Х. Сарыбаев та мұндай күрделі мәселелерден шет қала алмады. «Емле жүйелері», «Ы,і-нің жазылуы туралы», «Қосымшалардың өзгеруіндегі қайшылық» т.б сияқты мақалаларын ғылым осы мәселеге арнаған. Ғалым 1944 жылы «Орыс мектептерінде қазақ тілін оқыту методикасы» атты тақырыпта кандидаттық дисертация қорғайды. Бұл жұмыс қазақ тілін оқыту әдістемесінен арнайы қорғалған тұңғыш ғылыми жұмыс еді. Кейіннен «Жоғары мектептер программаларын»(Т. Қордабаевпен бірге), «Қазақ тілі методикасының программасын» жазады. Жоғары оқу орындарында қызмет етіп жүрген жылдарда әдістемелік негіздегі өзінің негізгі туындылары жазады. «Қазақ тілі методикасының кейбір мәселелері» атты еңбегі соның куәсі. 1956 жылы Ш.Сарыбаевтың «Қазақ тілі әдістемесінің кейбір мәселелері» деген кітабы шықты. Бұл еңбектің қазақ тілінің әдістемесін дамытуда өзіндік үлесі болғаны анық.
1. Сейіл Жиенбаевтің қазақ тілін оқыту әдістемесіне қосқан үлесі 2. Сейіл Жиенбаевтің психологиялық аспектілері 3. С. Жиенбаевтің қазақ тілін оқыту әдістемесіне байланысты жазған еңбектері 4.Ш. Сарыбаевтың алғашқы еңбектері 5. Ш.Сарыбаевтың «Қазақ тілі әдістемесінің кейбір мәселелері» деген кітабы қай жылы шықты?
Әдебиеттер: 1.. Ш.Сарыбаев. Қазақтілі методикасының кейбір мәселелері. 1956 2. Қ.Т.Қабиева. Сөйлемдегі сөздердің байланысы жөнінде-Алматы №8 Дәріс: Ғали Бегалиевтің әдістемелік тәжірибесі Иманбек Ұйықбаевтың әдістемелік іс-тәжірибесі. Иманбек Ұйықбаев қазақ тілін оқыту әдістемесінің негізін қалаушылардың бірі. Мақсаты: Ғали Бегалиевтің әдістемелік тәжірибесімен танысу Жоспар:
3. И.Ұйықбаевтың қазақ тілін оқыту әдістемесі тарихына қосқан үлесі 4. 2. И.Ұйықбаев құрастырған «Қазақ тілі методикасының библиографиялық көрсеткіші» атты еңбегі
Әдістеме ғылымының дамуына өзіндік үлес қосқан ғалымдардың бірі – Ғали Бегалиев. Ғали Бегалиев 1887 жылы Батыс Қазақстан облысы, Қазталов ауданында дүниеге келген. 1907 жылы Қазандағы Мухамедия медресесінде оқиды. 1907-1909 жылдары Торғай облысында мұғалімдік қызметте болады. 1910-1912 жылдары Орынборда орысша курсты бітіріп, Батыс Қазақстан облысының Ақбұлақ стансасындағы қазақ мектебінде мұғалім болып жұмыс істейді. 1918 жылы Орал қаласында бірыңғай еңбек мектептерінде мұғалімдер даярлайтын курс ұйымдастыруға қатысып, онда негізгі пәндерден дәрістер оқиды.1922-1924 жылдары Орда қаласындағы педагогикалық техникумда мұғалімдік қызметте болады. Ал 1924-1930 жылдары Орал қаласындағы «Қызыл Ту» газетінде, Алматыдағы «Еңбекші қазақ» газеттерінде істейді. Осы жылдары КазПИ-де қазақ тілінен және қазақ тілінің оқыту әдістемесі пәндерінен сабақ береді. Қазақ ССР оқу министрлігінде инспектор болып жұмыс та істейді. 1931-1933 жылдары ол Мәскеудің әдіскер – тілшілер даярлайтын педагогикалық ғылыми зерттеу институтының аспирантурасында оқып, филология ғылымының кандидаты атағын алады. Ғали Бегалиевтің әдістеме жөніндегі алғашқы мақалалары 1930 жылдары жарық көреді де, онда негізінен өзі жақсы меңгерген бастауыш мектептердегі қазақ тілін оқытудың қыр сырын ашуға талаптанады. Ауыл мектептерінде сабақ беріп жүрген мұғалім-ұстаздарға көмек болатын әдістемелік кеңестер жазады. Әдіскер-ғалымның «Бастауыш мектептегі қазақ тілінің методикасы»(1940), «Әріп, дыбыс, буын», «Бастауыш мектепке бірнеше класты бір уақытта оқыту туралы»(1950), «Грамматика таблицалаларына нұсқау», «Қазақ мктептерінің 4 класы үшін мұғалімдерге көмекші құрал» (1959) сияқты әдістемелік еңбектерінің өз кезеңінде қазақ тілін оқыту жүйесі үшін маңызы зор болғанын атап өту қажет. Өзге де замандас қаламдастары сияқты Ғ.Бегалиев қазақ мектептерінде орыс тілін оқыту мәселесіне, алфавиттік жүйе мен байланысты өз пікірін білдіріп отырған. Әдіскер ғалымның «Бастауыш мектепте қазақ тілінің методикасының мәселелері» мен «Бастауыш мектепте бірнеше класты бір уақытта оқыту туралы» деген еңбектері 1950 жылы жарық көреді. Бастауыш мектеп пен орта мектептерде қазақ тілі сабағын оқытудың тиімді жолдарын ұсынып, құнды ойлар айтады. Бастауыш мектептерде қазақ тілі бойынша өтілетін әр сабақтың әдістемесін жасап, әрбір тақырыпты қалай оқыту, әдіс тәсілді қалай дұрыс қолданудың өзі дұрыс деп таныған жолдары мен тәсілдерін ұсынады. Сабақтың өту процесін терең меңгерген ғалым тақырыпты оқыту барысында мұғалімнің алдынан шығатын қиындықтарды алдын-ала шамалап, одан шығудың жолдарын да көрсетіп береді. Әдістемелік еңбектерінде бастауыш сыныпта өтілетін негізгі тақырыптарды қарапайым да тетең талдай отырып, мұғалім ұстануға тиісті негізгі тәсілдерді белгілеп береді. Грамматикалық жеке тақырыптарды оқытудың әдістемесін жасайды. Әрбір жеке тақырыптың әдістемесін жазудағы мақсатын ғылымның өзі былайша түсіндіреді: «Бұлайша жазуымыздың себебі мектеп мұғалімдері тілден өткізетін сабақтарға оқулық бойынша әзірленгенде, сол сабақты оқыту методикасына да қоса әзірленсін дегендік. Тіл мұғалімі әрі грамматиаклық тақырыпты, әрі оны оқытудың методикасын бір уақытта әзірлесе, оқыту жұмысы сапалы болып шықпақ» (Бегалиев Ғ. «Бастауыш мектепте қазақ тілінің методикасы, Алматы 1940, 57 –бет.») Ғ. Бегалиев есімі қазақ тілін оқыту әдістемесі пәнінің дамуына, әсіресе бастауыш мектептердегі қазақ тілін оқытудың сапалы өтуіне өз үлесін қосқан әдіскер ғалым ретінде танылады. Ғ. Бегалиевтің негізгі ғылыми - әдістемелік еңбектері: Бастауыш мектепте қазақ тілінің методикасы. Алматы, 1940. Құрмалас сөйлем. Алматы, 1941. Қазақ тілінің грамматикасы. Педучилище оқушылары мен бастауыш мектептердің мұғалімдеріне арналған оқу құралы. Алматы, 1944. Әріп, дыбыс, буын.Алматы, 1935. Қазақ тілі граматикасы. ІІ бөлім. Синтаксис. Орта мектептің 6-7 кластарына арналған оқу құралы. Алматы, 1948. Бастауыш мектепте қазақ тілі методикасының мәселелері. Алматы,1950. Қазақ тілі. Орыс мектептерінің 5-7 кластарында оқитын қазақ оқушыларына арналған оқулық. Алматы, 1957. Қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылымының әдістемесі ғылымының негізін салушылар А.Байтұрсынұлы, С.Жиенбаев, Ш.Х Сарыбаев, Ғ.Бегалиев, Х.Басымовтардың ізімен оқыту ісінің қыр – сырын терең меңгеріп, енді оның тек жалпы бағыттарын ғана емес, тіл білімінің белгілі саласы бойынша теориялық білім мен тәжірибелік дағдыны беру мақсатында зерттеулерін жазған ғалымдар легі жалғасын тапты. Әдістеме ғылымының пән ретінде дамуына үлес қосқвн И.Ұйықбаев, Х.Арғынов, Ы.Маманов, Ж.Шакенов, Б.Кәтембаева т.б. сынды ғылымдар әдістеме ғылымын теориялық тұрғыдан байытты. Ұйықбаев Иманбай Қабышұлы 1922 жылы Павлодар облысы, Қашыр ауданында туған. 1948 жылы КазПИ – ді бітіріп, 1952 жылы аспирантураны тәмамдайды. 1952-1954 жылдары Ы.Алтынсарин атындағы педагогикалық ғылыми-зерттеу институтында аға ғылыми қызметкер болып жұмыс істейді. 1954 жылы «Қазіргі қазақ тіліндегі етістіктердің көріністері» атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғайды. Автордың «Мектепте қазақ тілін оқыту мәселелері», «Қазақ тілі методикасының очерктері» әдістемелік еңбектері мен орта мектептің 8,9 сыныптарына арналған оқулықтары бар. Әдіскер ғалымның еңбектерінде әр сөздің ұғымы мен мағынасын оқушыларға түсіндірудің қыры мен сыры ашылады. Мектеп грамматикаларында сөздердің мағыналары олардың лексика-семантикалық сипаты арқылы емес, грамматикалық жүйедегі қай сөз табына жататынына байланысты анықталады. И.Ұйқыбаевтың еңбектерінде де негізгі мәселелер осы құрылымдық бағытта жазылды.Сондықтан да автор былай деп ой түйіндейді: «Сөз таптарының морфологиялық белгісі - әр сөз табының сөз тудыру тәсілі мен түрленуіне, ол формалардың грамматикалық ерекшелігіне қатысты» (Мектепте қазақ тілін оқыту мәселелері,Алматы, 1957). Автор мектеп мұғалімдерінің бағдарламаны қалай жасауға болатынын, оны пйдаланудың жолдарын саралап көрсетеді, 3,4,5 сыныптарда сөз табына қатысты мәселені балаға жеткізудің жолдарын анықтайды. Есім және етістік сөз таптарын мектепте қалай өтуге болатынын жіктеп талдайды. Әрбір сабақтың өзіндік ерекшелігіне, теориялық білімді меңгертуде жаттығудың маңызды орын бар екеніне жақсы тоқталады. Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту барысында түсіндірмелі диктанттар мен бақылау диктанттарын жиі алып отыру қажеттігін ескертеді. Әдіскер – ғалым бастауыш мектептерде грамматикалық талдау жұмыстарын жүргізуге де ерекше көңіл бөледі. Мұның өзі балалардың сауттылығын күшейтуге көмектеседі деп ой түйіндейді. Грамматикалық талдау грамматика мен емлені меңгеруге көмекші құрал болатындықтан, оны өтілген тақырыпқа сәйкес үнемі жүргізіп отыру қажет. Грамматикалық талдау үшін алынған сөйлемдер жеңіл, түсінікті болуы керек деп жазады. Лексика саласын оқыту да оқушылардың тілін дамытуға мол мүмкіндік барын айта келіп, автор синоним, антоним, омоним, термин сөзде, көнерген сөздерді т.б. оқытуда иек артуға болатын негізгі тәсілдер мен жолдарды көрсетіп береді. И.Ұйықбаев диктанттың түсіндірмелі, терме, өздік, шығармашылық, сөздік және бақылау сияқты түрлерін ұсынған. И.Ұйықбаев құрастырған «Қазақ тілі методикасының библиографиялық көрсеткіші» атты еңбектің де әдістеме ғылымы үшін берері мол. Құрастырушы бұл шағын кітапшада Қ.Басымов, С.Жиенбаев, Ш:Х.Сарыбаевтардың өмірі мен шығармашылық жолы туралы құнды деректер бере отырып, олардың шығарған, жазған зерттеу жұмыстарының тізбесін берген. Автордың көрсетілген үш ғалым жөнінде айтқан пікірлері аса құнды. Мұның өзінің кейінгі ғылыми ізденіспен жүрген ізденушілерге тигізер пайдасы орасан. Сонымен қазақ тілін оқыту әдістемесі тарихында И.Ұйықбаев есімінің де өзіндік орны бар. Автордың қаламынан шыққан қазақ тілін оқыту жүйесіне байланысты еңбектердің маңызы күні бүгін де жойылған жоқ. И.Ұйықбаевтың негізгі ғылыми - әдістемелік еңбектері: Категория глагольного вида в современном казахском языке. АКД,Алматы, 1954. Қазіргі қазақ тіліндегі етістіктің көріністері.Алматы, 1958. Қазақ тілі методикасының очерктері.Алматы, 1962. Тіл мәдениетінің кейбір мәселелері. Алматы,1969. Қазіргі қазақ тіліндегі сөз варианттарының проблемасы.Алматы, 1976. Қазақ тілі методикасының библиографиялық көрсеткіші. Алматы, 1961. Қазақ тілі.8 сыныпқа арналған оқулық.1997. Қазақ тілі, 9-сыныпқа арналған оқулық.1997.
Негізгі тапсырмалар, сұрақтар: 1. Ғали Бегалиевтің әдістеме жөніндегі алғашқы мақалалары қай жылы жарық көрді? Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.011 сек.) |