|
|||||||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
ГЛОССАРИЙ 12 страницаМұғалімнің қайталау кезінде тағы бір ескеретін мәселесі оқушылардың 5 сыныпта жазған мазмұндама, шығармаларындағы лексикалық қателердің жиі кездесетін түрлерін тағы бір қайталаулардың артықтығы жоқ, демек, өзге мысалдармен көрсетілген қатеден гөрі оқушылардың өз қатесі оқушыларға көбірек әсер етеді, есте сақтауына мүмкіндік береді. Қазақ тілінің сөз байлығы туралы түсінік. Бұл тақырыпты өтуде ең негізгі мәселелер: оқушылардың сөз байлығы, оның баю, даму жолдары түсіндірілумен бірге сөздердің халық қазынасына жататын әрі қажетті, әрі қадірлі зор байлық екенін түсіндіру. Бұл ретте оқушылардың алдына Ғ.Мұстафиннің «Түрлі-түрлі байлық бар. Солардың таңдауын берсе, мен тіл байлығын атар едім. өйткені тіл байлығы – бәрінен де сенімді байлық». Ғ.Мүсреповтің «Тіл – аса қадірлеп ұстайтын байлығымыз». М.Әуезовтың «Қазақ халқының тілі - әрі бай, әрі көркем тіл» деген сөздері арнайы көрнекілікпен жазылып, ілініп қойылады. Осы айтылған пікірлердің шындығына оқушылардың көздерін жеткізу керек, сондай-ақ тіліміздегі сөз байлығының молдығының қанша екеніне көз жеткізудің, қиын екенін, қазірше 100 мыңдай сөз жиналып оырғанын ескерту артық болмайды. Содан кейін сөз байлығымыздың даму, баю, жасалу жлдарын түсіндіру үшін мынадай сызбаны падаланған жөн.
Мұғалім сызба арқылы қазақ тілінің күннен-күнге байып, ғылым мен тіршілікте кездесетін сан алуан қғымдар мен қимылды, сапаны, көңіл-күйді толық жеткізе, түсіндіре алатын оралымды тілге айналып келе жатқанын оқушыларға ұқтыруға әрекет жасауы керек. Басқа тілдерден енген сөздерді оқытуда мұғалім өткен сабқтың жалғасы екенін ескеруді қмытпау керек. Өйткені қазақ тілі сөз байлығының баю жолының бірі – басқа тілден сөз ену екені туралы оқушылар аздап болса да, өткен сабақта есіткен. Қай халықтың тілі болмасын басқа тілден сөз алмай, басқа тілге өзсөзін бермей тұра алмайтындығы, оның әр түрлі тілдерде сөйлейтін халықтардың бір-бірімен қарым-қатынаста болуы себеп болатыны оқулықта жақсы айтылған. Алайда мұғалім осы ұғымды оқушыларға барынша қызықты баяндап, олардың есінде қалатындай дәлелдеп, деректер тауып айтса, толықтырып айтса ғана оқушыға жетеді. Оқытуды тәрбие беруден бөліп қарастыра алмаймыз. Бұл ұғымдар оқу-тәрбие жұмысы деп тіркесіп қолданылады. Оқу-тәрбие жұмысының бірлігі барынша шеберлікті, мектеп жұмысындағы іскерлікті керек ететін ұлы міндет. Осы орайда Айтбай Айғабылов бірқатар мақалалар жазған. Оның «Лексиканы оқытудағы тәрбие жұмысы» аттыы мақаласында осы мәселе кең қамтылады. Ана тілінің сөз байлығын үйрену, оның өзара мағыналық қатынасын түсіну арқылы оқушыда ең бірінші тіл туралы көзқарас қалыптасады. әрбір сөз – бейім ұғымдар атауы. Сондықтан сөз мағынасын түсіну арқылы оқушы өмірдегі сан-саналы құбылыс сырын, қолданылу аясын, әдеби тіл нормасын, жазу мідениетін меңгереді; өз халқының тарихына терең үңіліп, Отанын сүюге, патриотизмге тәрбиелейді. Ал бұл айтқандар әрбір тақырыппен жеке сабақтарда жүйелі түрде орындалу үшін мұғалім қазақ тілінің «Лексика» бөлімінде нендей тәрбиелік жұмыс жүргізуге болады, оны қалай тиімді өткізу керек? деген мәселелерді мамандарының жоспар жасаған кезлен бастап ойластырады. Қай тақырыпта қандай міселе қарастырылуы алдын-ала жоспарлануды керек етеді. Сонымен «Лексика» бөлімін оқыту барысында мына мәселелерді еске алу керек. Ең әуелі, мұғалім қазақтың сөз байлығын жете біліп, оны аса зор сүйіспеншілікпен оқыта білуі керек. «Оқушыны ғылымға баулығың келеді екен, - сол ғылымды өзің сүй, жақсы біл, сонда оқушы ғылымды да, сені де сүйеді. Сен оларды тәрбиелеу мүмкіндігіне ие боласың», - деген екен Л.Н.Толстой. Мұғалім қашанда өзі терең білетін, сүйетін мәселесін түсіндіргенде бар пейілімен құлай айтады да, оқушының зейінін өзіне қаратады, баурап алатындай эмоция, сезім табады. Сонда ғана оқушының мұғалімге, мұғалім әңгімелеген мәселеге деген ықыласы, сүйіспеншілігі артады. Сөз, тілдің адамзатқа қасиеті, қажеттілігі туралы халық даналығы, ғалым-жазушылардың сөздерін пайдаланудың да үлкен мәні бар. Сабақ үстінде тәрбие жұмыстары оқу материалдарының мазмұнына сай жүргізіледі. Мейлі, сөз мағыналарын өткенде, мейлі басқа тілден енен сөзді, кәсіби сөзді, т.б. лексикалық ұғымдарды түсіндіргенде мәселенің тарихы мен даму процесі қазіргі өмірмен байланыстырыла түсіндіріледі. Мұның өзі оқушылардың пайым шеңберін кеңейтіп, өздігінен ой қорытындысын жасай алатын дәрежеге жетуі, онда жас буынның қазақ тілінен алатын тәрбиесі аз болмайды. Отан, туған жер, атамекен сияқты сөздерді бұрынғы өмірді суреттейтін әдебиеттердегі мағынасы мен бұйымы сөз қоланысымыздағы мағынасын салыстыру арқылы түсіндірсек, оқушыларға патриоттық тірбие беріп, олардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттырамыз. Айталық, Отан сөзі бұрынғы үй іші, семья, от басы деген ұғымда қолданылса, «тған жер», «атамекен» сөздерә белгілі бір мекенді, ауыл көлемін, шағын территорияны аңғартқан. Ол ұғымдарды бұл сөздердің бүгінгі мағыналарымен салыстырудың үлкен мәні бар. Осы сяиқты, Отан соғысы, Отан сүйгіштік, Отан байлығы, Отанымыздың шекарасы сияқты сөз тіркестері осы дәуірдегі жаңа мағынасына байланысты жаңа ұғымды білдіретін тіркестер екеніне көз жеткіземіз. Сондай-ақ бұрын тілімізде еңбек сзі бейнет, михнат, азап, жұмыс, қиыншылық, тауқымет сияқты сөздермен синонимдес болатынын, еңбек ету таптық қоғамда жиіркеніштік «мәдениеттә өмірге» қарама-қайшы ұғымда қолданылатынын түсінлдіре отырып, қазіргі мағынасында ол сөдің бейнет, махнат, азап, тауқымет, қиыншылық сияқты сөздермен мағыналастық ұғымы қойылған еңбекші, жұмысшы сияқты сөздер қазіргі кәсіп иелеріне айтылатын мысалдар арқылы түсіндірсе, сөз мағынасының өзгеруі қоғамдқ өзгеріске сай дамып отыратынын оқушы еркін түсінеді. Екіншіден, еңбек, еңбекқор, жұмысшы сөзінің лексикалық мағыналары арқылы оұушылар еңбек сүюге тірбиеленеді. Бұнымен қатар қазіргі тілімізде қолданылып жүрген еңбек ету құқығы, еңбек ақы, дене еңбегі, еңбек қорғау сияқты тіркестерді конститутиядан тауып, олардың әрқайсысына сөйлемдер құрастыру, шығарма жаздыру тәрізді жұмыс жүргізуде де өтілген тақырып мазмұнын өмірмен тығыз байланыстырып, ұжымды тәрбие беруге мүмкіндік жасайды дейді ғалым-үдіскер. Айтбай Айғабылов Ы.Алтынсарин атындағы педагогика ғылыми-зерттеу институтында жұмыс істеп жүрген кезінен қазақ тілін методикасымен айналысып, қазақ тілі оқулықтарының олқы тұстарын түзеп, жетілдірген. Ұстазы Кәкен Ахановпен бірігіп морфология курсын оқытуға арналған методикалық нұсқау жасап, кейіннен осы кітапқа авторлық құқыққа ие болды. Бұл еңбектерінде қазақ тілін оытудың тиімді жолдарын қарастырып, қазақ тілін оқыту методикасының жетістіктеріне сүйене отырып жазылған. Қазақ тілін оқыту мақсатқа ережелер мен анықтамаларды жаттап мақсатын орындау ғана емес, сол теорияның біліммен қарулану арқылы мідениетті сөйлеуге, сауатты жазуға дағдылану. Сондықтан да білім берумен бірге, білім алу дағдысын үйрету де негізгі мәселе болып есептеледі. Қазақ тілін оқыту методикасында оқушылардың тіл байлығын арттырып, сөйлеу эстетикасын жетілдіре түсу, ана іліндегі әуезділікті, мәнерлікті, алуан мән-мағынаға бай тілдік материалды игеру сөз болады. Ана тілі дегеніміз анықтамалар мен ережелер жинағы емес, сан түрлі мән, ажарымен ғана оқушының сүйіспеншілігін арттырып, білімін байытатын пән. Қазақ тілін оқыту мақсатын іштей екіге саралауға болады. Біріншісі – ана тілі туралы білім негізін беру, ал екіншісі – «өмірге түгел ортақ ой-сезімді дәлірек те тоығырақ бере алатын тіл байлығын» (М.Әуезов) қолана білуге дағдыландыру. Бұл еңбек осы тектес еңбектерден бірнеше өзгешеліктерге ие. Бірінші, жыл басында бірден оқулықтың негізгі материалына кіріспей, алдымен қазақ тілі туралы мәлімет береді. Бұндағы мақсат – оқушыларға тіл туралы алғашқы тәрбие сабағын ұйымдастырып, шәкірттердің тілге деген көзқарасын қалыптастыру, эстетикалық талғамын ояту. Сондай-ақ оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру. Екінші өзгеріс – жетілдірген бағдарлама бойынша морфология курсы 6 сыныпта оқу жылының аяғына дейін оқытылатын болғандықтан 5 сыныптан 6 сыныпқа бірсыпыра материал көшірілді. Олар: етістіктер, етістіктің мағынасы мен құрамына қарай түрлері, етістіктің шақтары. Бұларды 6 сыныпқа ауыстырғанда оқушының жасына лайықтап күрделендіру, көлемін ұлғайту мақсаты қойылған жоқ, басты мақсат теориялық мәліметті молайту емес, керісінше, жеңілдетіп беру көзделеді. Үшінші өзгеріс – тілік анықтамалар мен түсініктердің оқушыларға барынша түсінікті берілуі көзделіп, бірсыпыра материалдарды жеңілдету мақсатымен жұмыс жүргізілді. Мысалы, бұрынғы оқулықта анықтамалардың көпшілігі жаттап лайықталынып, бірнеше ерекшелік бір сөйлемге сыйғызылып, күрлделенген сөйлеммен берілген болатын. Оны оқушы бірден сыдыртып оқып шыққанда түсіне қоймайтын. Сондықтан ондай анықтамаларды оқулықты өңдеуде бөлімдерге бөліп, әрбір ерекшелік жеке-жеке сөйлеммен беріледі. Оқулықта бұлайша ережені бөліп, жіктеп берудің себебі, ерекшеліктер бірден көзге түседі, әрқайсысының мағынасы есте қалуға оқушының жаттап әуре болмауына көмегі тиеді. Сондай-ақ оқушылардың грамматикалық тіл жүйесін дұрыс түсінуіне оқулыққа ұсынылатын материалдың орналасу тәртібінің де ролі бар. Өйткені пәнаралық байланыс методика айрықша маңызға ие. Сондықтан кей материалдың орны ауыстырылып берілді. Мысалы, бұрынғы оқулықта рай түрлері бұйрық райдан басталып, ашық раймен бітетін. Мұндағы мақсат – бұйрық ралы сөздердің етістіктің бастапқы формасы (бар, кел,шық, көр) болып келетінін көрсету еді. Бұл ғылыми тұрғыдан дұрыс та. Дегенмен оқушыларға рай түрлерін түсіндіру үшін, ашық райдан бастап түсіндіру етістіктің шақ түрлерін түсіндірумен тікелей байланысты. Ал етістіктің рай түрлерінен бұрын етістіктің шақ түрлері өтілетінін ескерсек, рай түрлерін ашық райдан бастаған жөн екені де түсінікті болады. Екіншіден, етістіктің рай түрі – іс-әрекеттің шындыққа қатысын көрсететін қиын да күрделі категория. Айталық, бұйрық рай, шартты, қалау райды түсіндіру үшін іс-әрекеттің болып жатқанын, болатынын немесе болып өткенін ашып, айқын көрсетіп тұрған ашық раймен салыстырмай болмайды. Сондықтан бұл жағынан да ашық райдың бірінші оқылуы қажет-ақ. Оқулықты жақсарту жолында әрбір тілдік категориядан кейін қайталау үшін баұылау сұрақтары мен тапсырмалар беріледі. Бұл жаңа бағдарламада көрсетілген білім дағдыларына қойылатын талапқа сай жасалған кезіндегі жаңалық. Қайталау сабағында оқушылардың білімін жинақтау, бір ізге түсіріп қорыту үшін талдау жұмысының көп пайда беретіні белгілі. Ал ондай талдау үнемі жүргізіліп отруы үшін оқулықта ір сөз табының ауызша және жазбаша талдау үлгілері беріледі. Төртінші өзгеріс – бұрынғы оқулықтағы жаттығу санының аздығына, оқушылардың түсінуіне көмек болатын схема-таблицалардың жетімсіздігін толықтыруға байланысты. Бұрынғы оқулықтарда кейбір тақырыптарға бірден жаттығу берілмей, оған қатысты жатығулар кейінгі тақырып жаттығуларымен бірге берілген еді. Мысалы, ауыспалы осы шақ және оның түрлері, нақ осы шақ тақырыптарына жаттығу берілмей, ауыспалы осы шақты өтіп болған соң, барлық осы шаққа бірден жаттығу берілген еді. Бесінші өзгеріс бұрынғы оқулыққа қарағанда оқулық бірсыпыра қосымша тапсырмалармен толықтырылды. Бұрын оқу жылының жартысында морфология бөлімін аяқтап, синтаксис бөлімін оқуды бастайтындықтан, өткен материалды жинақтауға көңіл аз бөлінетін. Енді жаңа бағдарламаға байланысты жыл бойында бір рет және жыл соңында бір рет сыныпта өткен материалдарды жинақтап, бір ізге келтіретіндей арнайы материалдар берілді. Алтыншы өзгеріс – оқулыққа тіл ұстарту материалдарының жүйелі орналастырылуы. Бұған дейінгі бағдарламаларда тіл ұстарту жұмысына қандай мәселелердің енетіні айтылғанмен, не оқулықта, не нұсқауда оған берілген материалдар болмай келді. Соның нітижесінде мұғалімдердің сабақ үлгілері әр жерде әр түрлі болып бір ізге түспей келді. Сондықтан тіл ұстарту сабақтарында өтілуге тиісті бағдарламалық материалдар ыңғайына қарай теориялық тақырыптардың ара-арасына енгізіліп, оқушылардың тілден алған білімінің тіл ұстарту сабағында практикалық маңызға ие болуына мүмкіндік жасамайды. Ұсынылған методикалық нұсқау міндеттің орындалуына көмек болатындай ретте жасалып, оқулық және бағдарламада айтылған тіл мәселелерін мұғалімге барынша анық жеткізу жолдары көзделеді. Мұғалім түбір сөз, туынды сөз, қосымша (жалғау, жұрнақ), сөз таптары туралы түсінік бергенде лексикалық және грамматикалық мағынаны оқушы салыстыра түсінеді. Оқушыларға білім беру маұсаты мен міндеті тек оқыту процесімен іске асатындықтан, оқыту жүйесін барынша тиімді жолға қою – бірден-бір негізгі мәселе. Осыған байланысты Айтбай Айғабылов бірқатар еңбектер жазып кеткен. Ол мақалаларында тиімді әдістерді де айтып өтеді. «оқытуды оптималандырудың кейбір мәселелері» мақалаларында кеңінен морфология, қазақ тілі сабағын қалай өткізуге тиімді болатыны жайлы айтады. Оқытуды оптималдандыру принциптерін қарастыру соңғы нүктесіне жеткен соң, дегенмен, бүгінгі оқу-тәрбие жұмысын жақсартуға пайдасыз еместігі аңғарылады. Оқытуды оптималдандыру принциптерін қазақ тілін оқытуға лайықтап қарастырса, оның мұғалімге көмегі көп. Ал, оқуды оптималдандыру принциптері деген не? «оптималды вариант іздеу мұғалімнің өз мүмкіндігінен, шәкірттерді тақырып мазмұнының деңгейімен таңдалып, оған қойылған мақсат жетегінде ғана іске алады. Қазіргі қазақ тілін оқыту тәжірибемізге көз жүгіртсек, осылайша оқыту процесін творчестволық жолмен шешіп жүрген мұғалімдер аз емес. Айталық, қазір программалап оқыту туралы айтылса да, мұғалімдер оқушылардың сабақтан алған түсінігін аз уақыт ішінде байқап шығу перфокарталарды қажетті жерінде пайдалану үлгісін көрсетуде. Оқыту принйиптерін оптималдандыру жайы да осы сияқты тәжірибемізде қажеттігі анықталып, орныққан әдіс, тәсілді қолдап, оларды қай жерде қалай қолдану керектігін шешу арқылы ғана жүзеге аспақ. /8.28/. «Сабақты оптималдандыру үшін, әрине, мұғалімнің сол пәнге тән әдістердің түрлерә мен ерекшеліктерін толық білуі керек. көбінесе, мұғалім көп ізденбегендіктен, сырттай еліктейді де, оның қолданылу орнын, мөлшерін дұрыс шеше алмайды. Мәселен, сабақта техникалық құалдарды тиімді пайдалану, пәнаралық байланысты күшейту, тәрбие жұмыстарын жүргізуге әуестеніп, 45 минуттың көпшілігін негізгі тақырыптан тыс мәселелерге арнайтын мұғалімдер де бар. Олардың ойынша, сабақ сапалы өткен сияқты. Шындығында да сырт қараса, бәрі түгел, ал бірақ негізгі тақырыптың жайы көмескі. Себебі бұлардың бәрі көбінесе сабақты мақсатына қарай емес, керекті дүниелерді түгендеп шығу ниетімен, керекті-керексіз жерлерде де пайдаланумен өтеді де, оқушының зейінін шашыратады, сабақ мазмұны ашылмай қалады» /8.29/. Сабақтың сапалы өтілуіне негіз болатын түп қазық мақсаттың жүзеге асуы десек, қазақ тілін оқытуда екі мақсат көзделеді: біріншісі – оқушыларға тіл туралы ғылымды түсіндіру; екіншісі – оқушыларды бүгінгі қоғамдағы қажетті өтейтіндей мәдениетті сөйлеуге, жазуға баулу. Егер осы екеуінің өзара салмағын салыстырсақ, әрине екіншісі басым келеді. Себебі оқушыларға тіл туралы ғылымды үйренудегі мақсаттың жүзеге асуына дайындық болып есептеледі. Бірақ бұл екеуі оқушыларға бөлек-бөлек жеткізілетінбілім, дағды емес, бірінсіз бірі тұтас ілім екенін де ұмытпау керек. Мақалда А.Айғабылов тілдің салаларын өткенде қойылатын талаптарға тоқталады. Мысалы, грамматиканы (морфология мен синтаксисті) оқыту оқушының тікелей сөйлем, текст сөйлем, текст жасауына мүмкіндіктер туғызады. Сондықтан да қазақ тілінің мектеп курсында грамматикаға әлдеқайда көп уақыт бөліеді. Оқушылар сөйлемнің мәні сөз бен грамматикалық категориялар мағынасына қарап жасалатынын түсініп, текст құрау мүмкіндіктерін игереді. Мысалы: Машина келді және машинамен келді деген екі сөйлемнің мағынасы бірдей емес. Бірақ екі сөйлем де мшина және келді сөздері арқылы жасалған. Демек, бұл жерде сөздің лексикалық мағынасы бір болғанымен, грамматиканың мағынасы бір емес. Бірінші сөйлемде көмектес септік жалғауы жоқ та, екіншісінде бар. Сөйтіп, бұл сөйлемдердің өзгешелігі жалғаудың грамматикалық мағыаында. Сөз құрылысын мақсатқа сай пайдалану үшін, дәл осындай салыстыру басқа тақырыптарда да жүргізілуі тиіс /8.31/. Осылайша тілдік категориялардатіл дамыту мақсатында бағындыып оқыту – тіл ұстарту жұмысының алғы шарты. Сондай-ақ оның оқушылар жазба жұмыстарындағы қатенің түп төркінін жоюға да үлкен көмегі болмақ. Оқушының алған теориялық білімі сауатты жазу, сөйлеу мәдениетіне бағытталғандықтан, ауызша «төрт», «беске» жауап беретіндері жазуда көп қате жібереді деп ойлайды автор. Мақалада тек морфология мәселесін сөз етеді. Солардың бірі – тіл ұстарту. Стилистикалық қатенің төркіні – тіл ұстарту бағдарламасына лайық шешілетін міселе. Оқушының жазба жұмысында әр түрлі стильдің ерекшелігін дұрыс түсінбей, араластырып пайдалану (мысалы, іс қағаздарын жазуда көркем әдебиет немесе публицистикалық стильді араластыру), сөйлем мен сөйлемнің, абзац пен абзпцтың байланысын бұзу, т.б. ой, пікірді жеткізуге кедергі болатын пікірлерді стилистиклық қатеге жатқызған орынды. Тіл ұстарту – қазақ тілін оқыту жұмысының ең жанды жері.өйткені оқушыларға тіл туралы теориялық мәлімет беруде дыбыс, сөз, сөйлем көлемінде білім берген, ол тек тіл ұстарту үшін оқушыларды дайындағанымыз. Ал, тілдің негізгі қажеттілігі – қатынас ұүралы екендігінде. Қатынас құралы болу үшін тіл дыбыс, сөз, сөйлем шеңберінде емес, текст деңгейінде ғана іске асады. А.айғабылов морфология мәселесіне көп көңіл аударған ғалым. Оның «Ережеден дәлдік – оқыту сапасының көрсеткіші» атты мақаласында кең тараған ережелерді мысалға алып, мінін көрсетеді. Мемлекеттік тілдің дәрежесі зерттелу сапасы мен оқыту әдәсәнәң жетілуіне тікелей байланысты екенін дәлелдеудің қажеті жоқ,. Осы тұрғыда ойланып, өзгелер айтпаса да, өзіміз оқулықтар мен оқу құралдарына талапты күшейтетін кез келдә деп жазады ғалым. Қазіргі оқулықтарымыз қазақ тілінің білгір мамандары қолымен жазылғанын мақтан етеміз. Бірақ ғылым дамитынын, кешегі жетістіктерімізден кемшілік шығып жататынын өмірдің заңы деп түсінген, ол оқулықтарға да өңдеу қажет сияқты. Біз бүгін осындай кемшіліктерге тоқталу арқылы мемлееттік тілдің оқытылу аясын жақсарту жайлы ой айтады. Ол үшін нақтылы әңгіме қозғау үшін фонетика саласы бойынша мектеп оқушыларынан бастап, жоғарғы оқу орнына арналған оқулықтарға кең тараған ережелерге тоөталған. Біздіңше, біріншіден, барлық сөз бойындағы өзгерістің себебі артикуляцияға байланысты пайда болады деген ұғымның үстем болып келуі. Тіл – тілде эволюцияның даму барысында ешқандай көрші дыбыстың ықпалынсыз-ақ жүзеге асатын түрлі дыбыстың алмасу, дыбыстың артық қойылып айтылуы немесе кейбір дыбыстың (кей морфемалық) түсіріліп айтылуы сияқты құбылысқа мән берілмеуден туған жағдай деп есептеуге болады. Екіншіден, жоғарыда келтірілген ережелерге берілген мысалдардың көпшәләгә түбір сөзге жалғану мен форма тудырушы жұрнақтардың жалғануы арқылы түсіндірілген. Эволюциялық даму жолында ұяңдану, қатаңдану т.б. дыбыс алмасу процесі жиі қолданылатын жалғаулар мен форма тудыратын жұрнақтарда алғаш іске асады да, сөз тудырушы жұрнақтарда ең соңында (өзгерістер тілде дағдыға айналғанда) барып іске асады. Сондықтан да жоғарыда ережеге қашы келетін сөздер ішіндегі (морфема жігіндегі) тіркесімдер негізінен сөз тудырушы жұрнаққа байланысты болып отыр. Мысалы, қырқа, буынтық, қолтық, тантай, ботақан т.б. Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.007 сек.) |