АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

ГЛОССАРИЙ 6 страница

Читайте также:
  1. DER JAMMERWOCH 1 страница
  2. DER JAMMERWOCH 10 страница
  3. DER JAMMERWOCH 2 страница
  4. DER JAMMERWOCH 3 страница
  5. DER JAMMERWOCH 4 страница
  6. DER JAMMERWOCH 5 страница
  7. DER JAMMERWOCH 6 страница
  8. DER JAMMERWOCH 7 страница
  9. DER JAMMERWOCH 8 страница
  10. DER JAMMERWOCH 9 страница
  11. II. Semasiology 1 страница
  12. II. Semasiology 2 страница

2. Әдіскер ғалымның 1950 жылы қай еңбегі жарық көрді

3. И.Ұйықбаев құрастырған «Қазақ тілі методикасының библиографиялық көрсеткіші» атты еңбегі жайлы не білесің?

Әдебиеттер:

1. Ұйықбаев И. Зат есімді оқыту // Қазақ тілі методикасының мәселелері. – алматы, 1969. – 228 б.

2. Х.Арғынов. Қазак тілі методикасы. А.,1974

3. З.Бейсембайқызы. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. – Алматы, 2002

4. З.Бейсембайқызы. Қазақ тілін модуль негізінде оқыту. А., 2001

5. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы /Қазақстан жоғары мектебі №1, 2004. 5-20-66.

6. Қазақ тілін оқыту методикасы. Жалпы редакциясын басқарған Б.Құлмағамбетова -Ал.:«Мектеп», 1988

7. С.Қазыбайұлы.Мектепте қазақ тілін оқыту тәсілдері.-Алматы 1997

8. Д.Әлімжанов, Ы.Маманов. Қазақ тілін оқыту методикасы- А., 1965

 

 

№9 Дәріс: Хасен Арғынов - әдіскер ғалым.
Хасен Арғыновтың ұсынған әдіс-тәсілдерінің мазмұндық сипаты

Қажым Аманғалиұлы Басымов - мәдениет қайраткері, қажырлы педагог, профессор. Қ.Басымов еңбектерінің маңызы

Мақсаты: Хасен Арғыновтің қазақ тілін оқыту әдістемесіне қосқан үлесі жайлы түсініктерін қалыптастыру.

Қажым Басымовтың ғылыми-педагогикалық шығармашылығы туралы түсінік беру.

Жоспар:

1. Хасен Қуандықұлы Арғынов - әдіскер ғалым.

2. Әдіскер ғалымның «Қазақ тілі методикасы. Синтаксис. Пунктуация» атты еңбегі жайлы мағлұмат

3.Қажым Аманғалиұлы Басымов - мәдениет қайраткері, қажырлы педагог, профессор

4.Қажым Аманғалиұлының ғылыми еңбектері жайлы мағлұмат

 

Әдістеме ғылымының теориялық тереңдікке бой ұрып, оның жеке сала бойынша өркендеп дамуына үлес қосқан ғалымдарының бірі - Хасен Қуандықұлы Арғынов.

Арғынов Х.Қ. – 1926 жылы Павлодар облысы, Бесқарағай ауданында туған.1951 жылы Семей Педагогикалық институтын бітіріп, біраз жыл мектептерде оқытушылық қызметте болды. 1961-1963 жылдар аралығында «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Қазақстан мектебі» басылымдарында қызметкер болады да, Абай атындағы КазПИ-ге аспирантураға қабылданады. Аспирантурада негізінен қазақ тілін оқыту әдістемесімен, оның негізгі теориялық мәселелерімен айналысады. Бірнеше ғылыми мақалалар жариялап, кейін «Қазақ тілінің күрделі сөйлем синтасисін оқыту методикасы» атты кндидаттық диссертациясын қорғайды. 1971 жылы «Қазақ тілінің синтаксисі мен пунктуациясы әдістемесінің негіздері» деген тақырыпта докторлық диссертациясын жазып бітіреді.

Ғалым еңбегі негізінен қазақ тілінің синтаксисін орта мектептерде оқыту жүйесіне аранлады. Оқушыларға қазақ тілі синтаксисінің және тыныс белгілерінің негізгі заңдылықтарын ашып, олардың дұрыс жазу, дұрыс сөйлеу машығын дағдыландыруға басты назар аударады. Автордың ойынша, мұғалім синтаксистің негізгі заңдылықтарын сагалы түрде меңгеріп, біліп, соларға сүйенсе ғана, оқушыларына әрбір синтаксистік тұлға мен тыныс белгісінен сапалы да терең теориялық білім бере алады. Теориялық білім берудегі негізгі 15 түрлі ортақ заңдылықты ұсынады. Бұл ұсынылған заңдылықтар тек синтаксисті оқытуға ғана қатысты емес, ғылымның өзге де салаларын меңгертуде қолданыла алады.

Ғалым ең алдымен,оқушыларға берілетін теориялық білім мұғалімнің түсіндіруімен әңгіме, байқау әдістері, ойлаудың анализ, синтез, салыстыру, жинақтау, қорыту тәсілдері мен ойша қорытудың индукция, дедукция түрлері негізінде іске асырылатынын атап көрсетеді. Яғни мұғалімнің білімділігіне ерекше мән беріледі. Сыныптағы оқушылардың білім өрісі мен алғырлығына, жұмыс істеу қабілетіне байланысты өтілетін тілдік материалды әртүрлі деңгейде түсіндіруге болатындығына көңіл аударады. Бір ғана теориялық мәселені әртүрлі дәрежеде ұғындыруға болар еді. Ұғымтал, алғыр оқушыға көбірек ақпарат беруге, теориялық сипатын баса айта беруге болса, қабылдауы орташа немесенашар балаға өз дәрежесіне лайықтап қана түсіндіру абзал. Қай сабақта қай оқыту әдісі тиімді екенін, әрі сабақ мазмұны қай дәрежеде болуықажеттігін мұғалім өзі таңдайды. Мұның өзінде де мұғалімге үлкен сауаттылық, жауаптылық керек деп тұжырымдайды ғалым. Өткізілетін материал жеңіл де тиімді меңгерілу үшін, бұрын өткен материалдар үнемі қайталанып, өзара байланыстырылып отырылуы қажет. Әсіресе тіл білімінің салалары, айталық, морфология мен синтаксистің байланыстылығы үнемі ескерілгені мақұл.

Х.Арғынов қазақ тілін оқыту барысында орындалатн жаттығуларға, олардың тәрбиелік мәніне ерекше назар аударады. Оқушыны дағдыландыруға берілетін жаттығу мәтіндерінің тәрбиелік маңызының болуы,оқушының ойлау қабілетін, ой-өрісін жетілдіруге, тілін байытуға қызмет ету мүмкіндігіне көңіл бөледі. Жаттығулар жеңілден ауырға, белгіліден белгісізге көшу ұстанымына негізделу қажеттігін айтады.

Ғалымның «Қазақ тілі методикасы. Синтаксис. Пунктуация» атты еңбегі қазақ тілінің әдістемесінде жеке сала бойынша жүйелі курс жасаудағы іргелі зерттеу болып саналады.Еңбек негізгі үш тараудан тұрады.Бірінші тарауы «Сөз тіркесінің синтаксисі» деп аталады да, мұғалімнің сөз тіркесінің әрбір бөлігін қалай өткізуге болатыны туралы егжей-тегжейлі талданады. Жаңа сабақты өту үшін балаларды дайындау, олардың бұрынғы өткен материалдарын естеріне түсіру үшін жұмыстар жүргізу, жаңа сабақтың маңызды жақтарын ұғындырудың жолдары, көрнекі құралдарды пайдалана білу сияқты мәселелердің ешқайсысы да қалтарыста қалмайды.

Екінші және үшінші тараулар жай сөйлем синтаксисі мен құрмалас сөйлем синтаксисіне арналған. Мектептегі оқулық бойынша барлық тақырыптарға тиісті талдаулар жасалып, нақты әдістемелік нұсқаулар мен кеңестер беріледі.

Көрнекі құралдар жасаудың үлгілері, сызбалар мен кестелер келтіріледі.

Х.Арғынов зерттеулері қазақ тілін оқыту әдістемесін пән ретінде жаңа сатыға көтере алды. Оның зерттеу көкжиегін кеңейтті. Әдістеменің негізгі теориялық тұжырымдары ғана жасалып қойғаны жоқ, сонымен бірге, тек синтаксис пен тыныс белгілілер бойынша сабақты жүргізудің ғылыми негізін жасады. Қазіргі таңда қазақ тілінен мектепте дәріс беретін мұғалімдердің басты сүйенер оқу құралы болуға тиіс бұл еңбектің ғылыми деңгейі де, теориялық біліктілігі де жоғары.

Х.Арғыновтың негізгі ғылыми - әдістемелік еңбектері:

Қазақ тілінің күрделі сөйлем синтаксисін оқыту методикасы. АКД.;Алматы, 1964.

Қазақ тілі.9 класс оқулығы Алматы, 1971-1978.

Қазақ тілінің синтаксисі мен пунктуациясы әдістемесінің негіздері ДДА., 1971.

Дидактикалық материалдар. Алматы, 1980.

Қазақ тілі грамматикасын оқытудың әдістемесі туралы терең ғылыми пікір айтқан, зерттеу ұмыстарын жүргізген ғалымдардың бірі – Қажым Басымов. Мәдениет қайраткері, қажырлы педагог, профессор Қажым Аманғалиұлы Басымов қазақ мектептері мен институттарын өркендетушілердің бірі болды. Қазан төңкерісінен кейін профессор Қажым Аманғалиұлы Басымовтың ғылыми-педагогикалық шығармашылығын дамуына орасан зор мүмкіндік туды

Қажым Аманғалиұлының ғылыми еңбектері 1920жылдардың ішіне жариялана бастайды. Ол өзінің барлық өмірін жастарды тәрбиелеуге арнады. 1917 жылдан бастап оқытушы болды. Ғылыми-педагогикалық қызметімен қатар профессор Қажым Басымов әдебиет майданына да белсене қатынасты.

Автор 1938 жылы «Грамматика оқыту жөнінде» дген мақаласында оқыту әдістеріне тоқталады.

Қажым ағарту жолында көп еңбек сіңірді, жүздеген педагогикалық кадрларды әзірлеуге барлық күш – жігерін, білімін жұмсады. Ол оқытқан оқушылар кейін өмірдің алуан түрлі саласында қызмет атқарды. Кейбіреуі докторлық диссертация қорғап академик те болды. Академик Н.сауранбаев Басымовтан оқып, 1928 жылы ағарту институтын бітірген, оның көп шәкірттерінің бірі.

Смағұл Төребаевтың айтуынша, «Қажекең – нағыз педагог адам еді, тілге өте шебер болатын. Ол әрбір сабаққа бір жаңалық әкелетін жұрнақтарды көп зерттеуші еді, сабақ сайын жаңа тапқан жұрнақтарын айта отыратын» деп өз пікірін білдірді.

Қажым Амнағалиұлының мақалалары республикалық баспасөз беттерінде жарияланды. Солардың ішінде Жетісуда шыққан «Тілші»деген газетте «Социалдық жол» деп аталған Ақтөбе облыстық газетінде де бірсыпыра мақалалары басылып шықты. Сол кезде «Тілші» деген газетінің жауапты редакторы болып қызмет істеген Сара Есованың айтуынша Басымовтың бүркеншек аттары болатын «Сарыалжын, Бөкейше» деген бүркеншек атпен мақала, өлеңдерін бастыра алатын.

Профессор Қ.Басымов қазақ тілімен туыстас тілдермен қатар орыс, араб тілдерін білген. Оның бізге белгілі елуден аса еңбегі жалпы тіл білімі, орфография, грамматика, пунктуация және әдебиет мәселелеріне арналған.

Қажым әсіресе орфография жөнінде көп жазды. Отыз шақты еңбегі орфография туралы жазылған. Ол орфография мәселелері жайында 1932 жылы «Жаңа әріп пен жаңа емле және дыбыстарымыздың жіктері» деген кітапшаны да бастырып шығады.

Профессор Қ.Басымов – қазақ тілі орфографиясын жазуға белсене қатынасқан ғалымдардың бірі. Оның орфография жөнінде жазған «Емле сөздігінде негізгі тиянақ керек», «Қысқарған сөздерді дұрыс жаза білейік», «Түрлі-түсті сөздерді» жазылуы туралы деген мақалаларының қазіргі кезде зор маңызы бар.

Қажым «Емле сөздігіне негізді тиянақ керек» деген 1930 жылы жазған мақаласында «Жазудың тезі – емле сөздігі» екенін айта келіп, қазақ тілінде диалектіні» бар екені нақты мысалдармен дәлелдейді. Мысалы: Мәстемір – шымшуыр, сым – шалбар, дәндеу – үлкен, сырғауыл, пешене – тағдыр тағы басқа осы диелектілерге байланысты профессор Қажым Басымов былай деп жазды:

Бір ұғымды сөздердің бұдан да көп бірнеше түрлерін талай жүзеге толтыруға болады. Әр ауданда әртүрлі айтылатын нәрсе аттары өте жиі ұшырайды. Тергеп, теріп отырсақ аяғыңды басқан сайын кездесе береді. Мұндай кең өріс алған бір ұғымды әртүрлі сөздің өзгелерін сылып тастап, біреуін ғана аламыз десек, тіліміздің жанды тамырына балта шапқанмен тең түсер еді. Бұлар жазу тілін шұбарламайды. Ұғымға өрнекті түр кіргізгеннен басқа зияны жоқ.

Басымов этимология мен стилистика мәселелерімен де шұғылданады. Ол «Түрлі-түсті сздердің жазылуы туралы» деген мақаласында күн аттарының парсы тілінен алғанын айтады. Мысалы: шәнбә - сенбі, иак-шәнбә- жексенбі, ду-шәнбә-дүйсенбі, сей-шәнбә- сейсенбі, шаһар- шәнбә- сәрсенбі. Осы мақаласында «Мана, бағана,» деген сздерді салыстыра келіп, ол былай дейді:

«Мана - бағана» екеуінің қайсысын жазу мәселесіне келгенде, әрине қысқасы «мана» сөзі қолайлы болады. «Бағана» сөзі, бірден ұзын, екіншіден басқа заттың аты.

Қажым грамматика мен пунктуация мәселелеріне де көп көңіл бөлген. Қазақ тілінің педтехникумдар мен институттарға арналған бағдарламаларын жазды. Қажымның «Грамматиканы оқыту жөнінде», «Қазақ тілінің жалғау - жұрнақтары», «Сөйлем мүшелері туралы», «Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері» деген еңбектерінің, бұлардан басқа да мақалаларының грамматикамен пунктуацияны терең түсінуге көп көмегі тиеді.

«Қазақ тілінің жалғау - жұрнақтары»деп аталатын мақаласында Басымов былай дейді: Жалғау – жұрнақтар тіліміздің өрнекші ұстасы. Түбір сөздеріміздің жанды тамыры. Тіліміздің заңына толық бағынып жүретін әуеншісі. Жұрнақтар тілімізде өте көп. Әзірге тексеріп тапқанымыз, өзгеріс түрлерімен қоса санағанда барлығы екі жүз алпыс төрт болып отыр. Жұрнақтарды түбірдің мағынасын өзгертеді, өзгертпейді деп екіге бөлу қате. Жұрнақтың бәрі мағынаны өзгертеді. Ныкы-нікі-дыкы-дікі жұрнақтары басқа сөз таптарын сын есімге аударады делінген. Бұл қате пікір. Әр сөз табын сын есімге айналдырмайды, сол сөз табында қалып, меншіктеуді білдіреді. Мысалы: менікі, үлкендікі, баланікі, тағы басқа.

«Белгісіздік есімдігіне жатқызылған ешқандай,ешқашан сөздері затты кесіп білдіреді. Бұлар белгісіз емес, белгілі. Сондықтан бұларды өзіне бөлек атау керек. Белгісіздік есімдікке кейбір, қайсібір, әлдекім сияқты сөздер жатады.»

Сілтеу есімдігі «ана» сөзі көмектес жалғауда «анамен» түрінде өзгереді деу қате. «Анаумен» түрінде айтылады.

Сілтеу есімдігінің «бұл» сөзі септелгенде ылғи «б» дыбысымен басталатындары көрсетілген. Мысалы: «бұны» - «мұны», бұны-мұны, бұнда-мұнда болуы керек.

Есімдік «Ол» сөзінің табыс жалғауының үстіне тәуелдік жалғау «сы» жалғанады деп айту қате. І,ІІ жақ мен, сен сөздері де осылай. Мысалы: менің,сенің, оның, оным,, онысы, тағы басқа «ң»,»сы» тәуелдіктерінің алдындағы «і,ы» табыс жалғаулы деп тануға болмайды. Ал,мені, сені, оны дегенде табыс жалғау болатыны дұрыс, бұл өзіне басқа.

«Мен колхоздан келдім, - бұл сөйлемдегі «колхоздан» сөзінің аяғына шығыс септік жалғауы жалғанғанмен, «неден»? сұрауына жауап болып тұрған жоқ, «қайдан?» сұрауына жауап болып, баяндауышты пысықтап тұр. Сондықтан «колхоздан» сөзі – толықтауыш емес, «пысықтауыш» болып тұр - деген ойлар айтады ғалым.

Қ.Басымов 1938 жылы «Ауыл мұғалімі» журналында басылған мақаласы «Сөйлем мүшелері туралы» еді.

Бұл мақалада қазақ тіліндегі сөйлем мүшелеріне, оның түрлеріне тоқталады. «Осы күнге шейін қазақ грамматикасындағы аяғы жерег тимей келген мәселенің бірі осы сөйлем мүшелері болып келеді.Мұғалімдеріміздің көбі сөйлем мүшелерінің соңғы кездегі дұрыс топтастырылуын бір-бірінен айырмашылықтарын ұғына алмай жүр. Сондықтан осы мәселе жөнінен біраз тоқталып өтуіміз өте керекті болып отыр» - дей келе төмендегідей талдау береді.

Осы күнге шейін сөйлем мүшелері не? Дегенде, беріліп келген жауаптын түрлері мынандай болып келді:

а) Сөйлемдегі сөзді сөйлем мүшесі дейміз.

б) Сөйлемде қанша сөз болса, соларды бәрін сөйлем мүшесі дейміз.

в) Сөйлемдегі әр түрлі сұрауға жауап болған сөзді сөйлем мүшесі дейміз.

д) сөйлемдегі әр түрлі сұрауға жауап болған сөзді сөйлем мүшесі жейміз.

Міне, сөйлем мүшесін сөзді анықтауда берілген бұл жауаптардың бірден-бір дұрыс деуге болмайды.

Бірінші жауапта: «Сөйлемдегі сөзді сөйлем мүшесі» дейді екенбіз, бұған ұарағанда ұандай сөздер болса да сөйлем мүшесі бола береді. өйткені сөйлемдегі сөздердің барлығы бірдей сөйлем мүшесі бола бермейді. Сөйлем ішінде келгенәмен сөйлем мүшесі болмайтын сөздер де болады.

Енді, сөйлемдегі әртүрлі сұрауға жауап болған сөзді сөйлем мүшесі жейтін төртінші жауаптың қаталдығына келейік.

Бұл жауаптың қаталдығы, біріншіден әр түрлі сұрауға жауап болатын сөздердің барлығы бірдей сөйлем м,шесі бола бермейді.

Екіншіден, әр түрлі сұрауға жауап бермей-ақ, бірыңғай сұрауға жауап беретін сөздер сөйлем мүшесі бола береді.

Енді қандай жеке сөздер сөйлем мүшесі болатындығын, қандай жеке сөздер сөйлем мүшесі болмайтындығын қорытсақ.

1) Сөйлемдегі айтайын деген ойды білдіруге керекті көмекшісіз жаңа топталмаған негізгі мағына шығаратын сөздер жеке-жеке де сөйлем мүшесі бола алады. Мысалы: Мен кеше мектебімізді бітірдім.мұндағы төрт сөздің төртеуі де жеке сөйлем мүшесі болып тұр.

2) Сөйлемдегі айтайын деген ойды білдіруге керекті негізгі мағына шығаратын сөздерге басқа көмекші сөздер қосақтасып сөйлем мүшесі бола алады. Мысалы, ол қарай қалды, мылтық тарс етті, найзағай сарт етті.

3) Міне, сөйлем мүшелері осындай өзгешеліктеріне қарай алдымен екі салаға бөлінеді. Оның бірі – тұрлаулы мүшелер деп аталса, екіншісі – тұрлаусыз мүшелер деп аталады. Тұрлаулы мүшелер сөйлемдегі негізгі мағына шығаратын сөйлемді құрайтын тиянақты ой негізі есебінде саналады. өйткені, тұрлаулы мүшелерді сөйлем ішінен түсіріп тастағанда орны үңірейіп көрініп тұрады. Ол екі мүшесіз сөйлем блмайды. Сондықтан, тұрлаулы мүелер сһйлемнің бас мүшелері саналады.

Мысалы: «Кеше келді» деген сөйлемнің ішінен біреудің келгені, сол келген адамның атының айтылмауы анық көрініп тұр.

Тұрлаусыз мүшелер, тұрлаулы мүшелердей негізгі мағына шығарылмайды, тұрлаулы үшелердей сөйлеуді құрайтын тиянақтымүше де бола алмайды. өйткені, тқрлаусыз мүшелерді сөйлем ішінен түсіріп тасағанда, тұрлаулы мүшелердей орындары үңірейіп көрініп тұрмайды. Сондықтан, мұндай тұрлаусыз мүшелер сөйлемдегі шығатын негізгі мағыалары жаға сөйлемді құрауда алатын орындарына қарай екіге бөлінеді.

1) Бастауыш

2) Баяндауыш

Бастауыш болатын сөз, мағынасы жағынан сөйлемдегі ойдың иесі болады. Сондықтан басқа сөздердің барлығы осы бастауыш болатын сөздің ісін, жайын, сипатын білдіреді. Мысалы, «Еркінбек кеше үш кітап алды» деген сөйлемдегісөздерді өзара байланысы жағынан қарамай, таза мағынасы жағынан қарасақ, қалған төрт сөздің «Еркінбек» сөзінің мағынасын кеңейтіп тқрғанын көреміз.Басқа сөздер мағына жағынан «Еркінбек» сөзіне оралып, «Еркінбек» сөзінің діңгек қазық сөз болып тұрғанын сеземіз.

3) бастауыш болатын сөздің өзіне тән қойылатын сұраулары болады. Сұраулардың негізгісі екеу: кім? Не? Осы екі сқрауға көптік жалғау жалғанса, бастауыштың сұрауы болады. Кімдер, нелер? I-II-III-жақ тәуелдік жалғаулары қосылса да бастауыштың сұрауы болады.

Басьауыштың сөз таптарынан келуіне мысалдар:

А) Олар сабағын білді – бұл сөйлемдегі бастауыш болып тұрған «Олар» сөзі зат есім. Сқрауы – кім?

Б) Қызыл жақсы түс – бқл сөйлемдегі бастауыш болып тұрған «қызыл» сөзі сын есім.

В) Мың көп сан – бқл сөйлемдегі бастауыш болып тқрған «мың» сөзі есімдік.

Г) Мен озат оқимын – бұл сөйлемегі бастауыш болып тұрған «мен» сөзі есімдік.

Д) Оқыған озар – бұл сөйлемдегі бастауыш болып тұрған «оқыған» сөзі есімше.

3) Бастауыш болатын сөздер зат есімдер, болмаса заттанған басқа сөз таптары болады. Зат есімге, болмаса заттанған сөз таптарына көптік жалғау жаңа тәуелдік жалғаулар жалғанса да, сөйлемнің бастауыш мүшесі бола алады. Жекеше, көпше жаңа тәуелдік жалғауы сөздердің бастауыш болғандығын жоғарғы мысалдармен көрдік.

4) бастауыштың сөз таптарынан келгені сияқты, сол сөз таптары қандай тұлғада болса да бастауыш бола алады. Бастауыш сөз таптарына қарай зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, есімшелерден келсе, сөз тұлғаларына қарай негізгі түбір, біріккен түбір, қос түбір, қосарланған түбір, туынды ыөздерден де келе алады. Бастауыш сөз таптарына қарай зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, есімшелерден келсе, сөз тқлғаларына қарай негізгі түбір, біріккен түбір, қос түбір, қысқарған түбір, туынды сөздерден де келе алады. Бастауышың сөз тұлғаларынан келуіне мысалдар.

А) Олар сабағын білді – бұл сөйлемдегі бастауыш болып тұрған «Олар» сөз тұлғасының негізгі түбірі, сөз табының зат есімі.

Б) оқушы мектепке келді –, «оқушы» сөз тұлғасының туындысы, сөз табының есімге айналған етістігі.

В) Ақтөбе облыстық қала - бұл сөйлемдегі бастауыш болып тұрған, «Ақтөбе» сөз тұлғасының біріккен түбірі, сөз табының зат есімі. Сөйлемдегі бастауыштың ұүралуы. Сөйлемдегі бастауыштың құралуы түрлі-түрлі болады. Кейбір бастауыш жалғау сөзден тұрса, кейбір бастауыш екі болмаса бірнеше сөзден құралады.

Міне, бастауыштың сөйлем ішінде осындай құралып кездесуі үш түрлі болады.

1) дара бастауыш

2) күрделі бастауыш

3) бірыңғай бастауыш

ғалым бұдан әрі бастауыш сияқты сөйлемде үш түрлі құрылады

1) дара баяндауыш

2) күрделі баяндауыш

3) бірыңғай баяндауыш

Күрделі баяндауыш болатын сөз таптары:

1. күрделі баяндауыш көбінесе екі етістіктің қатарласа айтылуымен болады. Мұндай етістіктердің алдыңғылары а, і,ыр, қалы дәнекерлеріне біткен көсемше сөздер болады да соңғылары жақ-жақпен өзгеріп жүретін көмекші сөздер болады.

2. күрделі баяндауыш есімше сөздердің аяғына екен, емес сөздерінің шешілген түрлері жаңа «болар, шығар» сияқты сөздердің көмекші болып айтылуымен болады.

3. күрделі баяндауыш одағай сөздердің аяғына «етпек» сөзінің шешімін қосарлануымен болады.

4. екі болмаса көп есімдер топталып та күрделі баяндауыш болуы мүмкін.

«Бастауыш пен баяндауышты» қиысуы. Сөйлемде бастауыш пен баяндауыш өзара жақ-жағынан қиысып, жүйеленіп келеді.

1. бастауыш пен баяндауыш жағына қарай қиысады. Бастауыш 1-жақ болса, баяндауыш та 1-жақ болады.

2. бастауыш пен баяндауыштың жағына қарай қиысумен қатар анайы-сыпайылығына қарай да қиысады. Бастауыш сыпайы боласа, баяндауыш та сыпайы болады.

3. бастауыш пен баяндауыш жекеше, көпше түріне қарай да қиысады.

4. бастауыш пен баяндауыш сөйлем ішінде жалғаусыз болып та, бірі тәуелденбей, екіншісі тәуелденіп те, не екеуі де тәуелденіп те қиысады.


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.014 сек.)