|
|||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
ГЛОССАРИЙ 10 страницаҒ:Қалиев Д.Әлімжановтың ғылыми шығармашылығы туралы мынадай пікір айтады: «1940 жылдан кейінгі кезде қазақ тілін оқыту әдістемесінің дамуына, пән ретінде қалыптасуына Дәулет Әлімжанов айтарлықтай үлес қосты: ол өзінедейінгі еңбек еткен ғалымдардың зерттеулерін, пікірлерін жинақтап, өзінің тәжірибелерін және республика мектептеріндегі алдыңғы қатарлы оқытушылардың тәжірибелерін сараптап, сол курстың оқыту әдістемесі» белгілі жүйеге келтіріліп, жас мұғалімдерге де, тәжірбелі мұғалімдерге де әрі теориялық, әрі практикалық басшалақ беретін үлкен ғылыми пәнге айналдырды» / Ұлағатты өмір. 224б/. Дәулет Әлімжанов 1954 жылы профессор С.Аманжоловтың ғылыми жетекшілігімен «Қазақ тілін оқытудағы көрнекілік принциптерінің кейбір мәселелері» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғайды. Оқытудағы көрнекілік әдістемесіндегі жаңа бағыттың, ғылыми саралаудың басы болды. Ғалым филология ғылымдарының кандидаты Ы.Мамановпен бірге «Қазақ тілін оқыту методикасы» атты оқулықты 1965 жылы «Мектеп» баспасынан шығарады. Бұл оқулық қазіргі күнге дейін әдістеме саласы бойынша негізгі оқулықтың бірі, әрі оқушы үшін табыла қоймайтын сирек еңбек. Д.Әлімжановтың негізгі әдістемелік еңбектері: Қазақ тілінің грамматикасы. Бастауыш мектептің 3-класына арналған. А., 1983 (авт. бірі); Некоторые вопросы принципа наглядности в преподаваний казахского языка. АКД., А., 1954. Қазақ тілін оқыту методикасы. А., 1965 (авт.бірі); Қазақ тілін оқыту методикасының программасы. А., 1961; Фонетикалық таблица. А., 1962., Қазақ тілін оқыту методикасының бақылау-пысықтау жұмысы. А., 1964,1968,1969. Қазақ тілі методикасының мәселелері. А., 1969 (авт.бірі); Университеттер мен жоғарғы оқу орнында қазақ тілін оқыту әдістемесінің программасы. А., 1965. Қазақ тілінде морфологияны оқыту методикасының кейбір мәселелері. А., 1972. Қазақ тілі әдістемесінің дамуын өз үлесін қосқан ғалымның бірі – Айтбай Айғабылұлы. Айтбай Айғабылұлы 1936 жылы Ташкент облысы, Шыназ ауданы, Көтерме ауылында дүниеге келген. 1959 жылы Низами атындағы Ташкен педагогикалық институтын бітіріп, 1959-1972 жылдары мектепте мұғалім, мектеп директорның орынбасары болып жұмыс істеген. 1972 жылы Алматыға келген Айтбай Айғабылұлы Қазақ энциклопедиясына редактор болыпорналасады. Энциклопедияның шұрайлы да, шырайлы боп шығуына тындырымды еңбегімен үлес қосқан Айғабылұлының еңбегі еленіп, көп ұзамай аға ғылыми қызметкерге жоғарылатады. 1976 жылы белгілі ғалым К.Ахановтың жетекшілігімен «қазақ тіліндегі бау-бақшаға байланысты кәсіби сөздер» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғайды. 1978 жылы Ы.Алтынсарин атындағы педагогика ғылымдары ғылыми-зерттеу институтында қазақ тілін оқыту әдістемесі бөлімінің меңгерушісі қызметіне ауысады. Мұның өзі ұстаздық тәжірибені ғылыммен, әдістемемен байытуға жағдай жасайжы. Осы тұста одақ бойынша оқу жүйесін, оқулықтарды жетілдіру мәселесі қолға алынған еді. Мектепке арналған қазақ тілі оқулықтарын да жаңадан жасау, барлығын қайта қарау қажет еді. А. Айғабылұлының педагогикалық тәірибесі, ғылыми дайындығы осы қажетке қарады. Ұстазы Қ.Ахзановтың мектепке арналған морфология оқулығына өмір талабына сай бірсыпыра қосып, алулар жасауға тура келді, тың жаттығулармен, картиналармен толықтырылды. Мұның өзі А. Айғабылұлының толық құықты автор болуына мүмкіндік береді. Автор ретінде осы оқулыққа түсінік, методикалық нұсқаулар, сонымен қатар қазақ тілін оқыту әдістемесіне байланысты еңбектер жазады. Аиап айтқанда, «Қазақ тілі мен әдебиетін оқыту» (1982), «Қазақ тілін оқыту методикасы» (1988) атты еңбектерді» авторларының бірі ретінде А.Айғабылұлы әдіскер-ғалым ретінде танылады. А.Айғабылұлы 1984 жылы әл-Фараби атындағы университетке қызметке келеді. Сөйтіп, оның ұстаздық, ғалымдық келбет университете қабырғасында кемеліне келіп, кең құлашынжаяды. Өмірінің соңына дейін осы университетте қызмет атқарады. 1997 жылыакадемик Ә.Қайдаридың басшылығымен «Қазақ тілі морфонологиясы» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғайды. Тіл кез-келген танымдық іс-әрекеттің құралы, ойлаудың формасы және оны дамытудың негізі болып саналады. «Тіл – ұлттың жаны.» Сол жанның ендігі тағдыры бүгінгі ұрпақтың осынау ұлы мұраға деген қатынасына, көзқарасына, тарих және келешек алдындағы өз міндетін қалай түсінетіндігіне байланысты. Ал санаға сәуле себер сондай тұрлаулы түсінік пен ұлағатты ұғымды қалыптастыру мұғалімнің маман ретіндегі парызы ғана емес, адам, азамат ретіндегі қарызы болып есептеледі. Себебі «мектептің тілі алмайтындығы» ақиқат (Х.Досмұхамедұлы). сондықтан да болашақ қоғам иелерін тәрбиелейтін жалпы білім беретін мектептерде оқытылатын ана тілі пәнінің маңызы ерекше. Мектепте оқытылатын ана тілінің қай саласын оқыту болса да оқушының тілдік фактілерінің терең түсінуіне, оны күнделікті іс-тәжірибесінде қолдануына мұғалім мүмкіндік беруі керек. Ана тілінің лексикалық құрылымын оқыту мектеп оқушылары үшін қызықты сала болумен бірге, үлкен жауапкершілікті де қажет етеді. Себебі, бала лексиканы ғылыми тұрғыда түсіндіре аламас да, ол сөздің ең басты белгісі оның мағына білдіруінде екенін, сөз мағыналарының әр түрлі болатындығын, кейбір сөздің бірнеше мағынасы бар екенін, ал енді бір сөздердің дыбысталуы мен мағыналары жағынан бір-біріменбайланыста болатынын біледі. Ал лексиканы оқыту үстінде сол білімдері жүйеленіп әрбір лексикалық бірліктіңөзіндік ерекшеліктері мен белгілері тиянақталады. Бадла осыған дейінгі күнделікті іс-тәжірибесінде қолданылып жүрген сөздерін белгілі бір жағдайға орай, дәл құнарлы да бай сөз қорымен, оның ішкі салаларымен танысады. Өз тілінің сұлулығымен, әуезділігін, байлығын, сөзжасамдық құдіретін сезінеді. Ең бастысы, ана тілі адамның бүкіл саналы тіршілігінің бастау көзі екендігін оның рухани қажеттілігінің негізі екендігі түсінеді. Бұл түсінік баланың тіл туралы сапалы білім алуына, ол білімдерін өзінің тәжірибесінде берік орнықтыруы мен логикалық ойының дамытылуына басты түрткі болады. Лексика бөлімінің білімдік, танымдық маңызы оқушылардың тіл білімі туралы ұғымының кеңеюіне, тілдің ең кіші бөлшегі – сөздің фонетикамен, морфологиямен, синтаксиспен, стилистикамен қатысып түсуіне, сөйтіп, бүкіл тілдік жүйені тұтас ұғып, оған өз көзқарасының қалыптасуына мүмкіндік береді. Лексиканы оқытуда алға қойылатын мақсаттардың бүгінгі жастарды заманывмызға лайық тәрбиелеп шығу үшін үлкен маңызы бар. Қазақ тілін оқыту бағдарламасы мен оқулықтарын жетілдіруге байланысты бірсыпыра талаптар жаңарғаны белгілі. Оқушыларға білім беру мақсаты мен міндеті тек оқыту процесімен іске асатындықтан, оқыту жүйесін барынша тиімді жолға қою – бірден-бір негізгі мәселе. «Оқұытудың негізі – сабақ, ондағы қолданылатын метод, әдіс, түрлі жолдар десек, осы төңіректе тәжірибеде жаңа әдіс, ескі әдіс деп сабақ беру дәстүріміздегі тәжірибенің өзін бөле-жара әңгіме ету етек алды. Тіпті, бір кезде бүкіл сабақты бағдарламалап яғни прграммалап оқыту, кейінірек проблемалы оқыту туралы идея көтергенде де, өзге метод, әдістер іске алғысыз болып қала береді». әдістердің бірін жарамды, бірін жарамсыз деп есептеуге немесе біріне аз, біріне көп көңіл бөлуге болмайды. Сабақта өтілетін материалдың мазмұн-мақсатына орай әдіс таңдалады. Мысалы, қазақ тілінен оқушыларға жаттығу жұмысын орындатуда да ттүрлі әдіс таңдалады. Айталық, жаттығу мұғалімнің нұсқауымен орындалса, түсіндіру әдісі, оқушылар өз біліміне сүйеніп орынды репродуктивті әдіс, егер оқушылар мәтінді өзгерту немесе редакциялау сияқты шығармашылық еңбекпен орындаса, зерттеу әдісі қолданылады. Көрнекті педагог В.А.Сухомлинский «Правда» газетінде жарияланған бір мақаласында «Қазір тәжірибелі мұғалімдер оқушыдан оқулық тексін жаттауды талап етпейді. Олай оқыту ақыл-ойды тежеу қаупін туғызады. Тәжірибелі мұғалімдер өз жұмысын оқушыны ойландыратындай, бұрыннан білетін біліміне сүйене отырып, фактімен құбылысты салыстыратындай, ө бетімен қорытынды жасай алатындай етіп құрады» - деп жазған. Мұғалім қай тақырыпты өтсе де, оның мақсатын анықтауы қажет. Ол мұғалімнің өзі үшін қажет. өйткені осы сабақты не үшін өтем, нені оқушы есте сақтауы керек, қай мәселе қосыша материал ретінде қалады, баланың дүниетанымына, ертеңгі күні сөйлеу, жазу дағдысына көмек болатын тұсы қайсы? – деген сұрақтардың жауабы мұғалімге анық болмай, ол сабақта қолданылатын әдіс құралдар бірін-бірі толықтыра алмай қалады. А.Айғабылов «Қазақ тілі сбағы құрғақ өтілмей, мәдениетті сөйлеу, жазу дағдысымен ұштасып жатуы үшін, әрбір тілдік категорияның өмірде қолданылу аясын ашатындай мақсат қойылуы керек дей келіп, «лексиканы оқыту барысында оқушыларды» сөз байлығын арттыру, жеке сөзді сөйлем ішінде орын-орынмен пайдалануға баулу синоним сөздерді іріктеп жұмсауға үйрету т.б. мақсат қойылады. Оқушылар жеке сөздің лексикалық мағыналарын ұға отырып, өз жазба жұмыстарына бақылау, редакция жүргізу арқылы жеке сөздердің орынды қолданылуы ойдың дәл анық жеткізілуіне мүмкіндік беретініне көз жетеді. Кәсіби диалект, көнерген, жаңа сөздердің өздерін түсінеді. Мысалы, келбетті, әдемі сөздері синоним болғанмен, әдемі үй десек те, келбеті үй деуге болмайды. Сондай-ақ, көнерген сөзердің тек өткен өмірді баяндайтын тарихи еңбектерде, көркем шығармаларда қолданылатынын, ал, неологизмдердің тек бүгінгі тұрмысымызды баяндайтын хабарларда кезедесетінін түсіндірсек, көнерген сөздер мен неологизмдердің қандай сөздер екенін білумен қатар, не үшін қажет екенін көрсетіп, оқушының ертеңгі күні оны өз орнымен пайдалануына мүмкіндік жасаймыз. Сөздің жасалу жалпы түсіндіргенде, оқушы сөздің мағынасы мен оның құрамындағы морфемамен өзара мағынаның байлаеысын аңғаруға үйреніп, оны өздері қодана білуге дағдылану керек. Мысаы, егістікті жер мен егістік жер дегендегі еісті мен егістік сөзеріндегі – ек, -іс, -ті, -тікморфемаларының мағынасына көз жеткізбей, тіркестердің мағынасын түсінбейді. Сондай-ақ қазақ тілінде морфемалардың (түбір мен қосымшаларды) тіркесуі қалай болса, солай бір үлгімен келе бермейді. Мысалы, ұшқыш пен сыпырғыш сөздеріндегі -қыш, -ғыш аффиксі (морфема) бір болғанмен, бірінде маман адамды, бірінде құралды білідріп тұр. Гер сыпыр сөзінен ұшқыш сияқты адам ұғымын жасағымыз келсе, -ғыш жұрнағын емес, -уыш қосымшасы арқылы сыпырушы деген сөз жасаймыз. Мұның барлығы оқушының сөз байлығын саналы игеріп, еркін қолдануына мүмкіндік береді»- дейді әдіскер /14.30/. Сонымен мектепте оқытылатын лексика курсын екі бөліп қарастыруға болады. Біріншісі – арнайы өтілетін курс та, екіншісі - өзге тіл білімі салалары бойынша берілетін мәліметтер. әуелі 5-6 сыныптарда өтілетін арнайыкурстың лингвистикалық негізін қалай түсіндіруге болатынын профессор Айтбай Айғабылов былай түсіндіреді: «Тіліміздегі сөздердің жалпы қызметін бірдей санауға болмайды. Оның үстіне олар қалай болса солай пайда бола салған шашаыранды атаулар емес. Олар – заңды түрде бір-бірімен байланысты, жинала келетіл жасайтын аса күрделі дүние. Мысалы, сөз (тілдің кішкене бір бөлшегі) затты (парта, үй), құбылысты (жел,аяз), оның белгілерін (қатты, биік), мөлшерін (бір, екі), қимылын (оқы, тұр) білдірумен бірге сөзбен сөздің мағыналық қатысын (үйге дейін, ауыл жаны), әртүрлі сезі-сезікті (аһ, ойбай), кейде белгілі бір дыбысты (іңгә, мияу) да аңғартады. Сондықтан тіліміздегі сөздердің жеке түрін дербес мағынаны аңғарту, аңғартуына қарай атау сөздер, көмекші сөздер және одағай сөздер деп үшке бөлеміз. Немесе лексикалық мағыналы сөздер және грамматикалық мағыналы сөздер деп, екіге бөлуге болады. Лексика бөліміне енетінін материалдық лингвистикалық негізі де осы айтылған принциппен шектеледі. Яғни тек қана лексикалық мағынасы бар сөздер туралы мәлімет беріледі де, грамматикалық мағынаны аңғартатын сөздер (көмекші есім, шылау, одағай) грамматика аясында сөз болды. әрине, лексикалық мағынасы бар сөздердің грамматикалық мағынасы болатынын мұғалімнің естен шығаруына болмайды. Дегенмен, бұл жерде лексикалық мағына негізгі белгі ретінде алынуы керек./3.4/ Ал, егер былайша лингвистикалық негізін ажыратып алмай, лексиканы тіліміздегі жалпы сөздердің жиынтығын деп түсіндіое салсақ, оқушылар лексикалық талдау кезінде, жаттығу үстінде жанасады да, сабақтың негізгі мақсаты орындалмайды. Мұғалімдер көп жағдайда оқлықты өздеріне тірек етеді. Онысы дұрыс та, алайда,оқулық оқушы үшін жазылғанын, онда мұғалім үшін көп нәрсенің жасырын сыр болып қалып қоятынын әр кез есте сақтау керек. Егер мұғалім оқулықтағыны ғана білсе, оқушыға берер білімніңтүпкі мақсатын, одан шығар нәтижені алмайды. Сондықтан мұғалім лексикалық мағынаны өзге (грамматкалық) мағынада жақсы ажырата алуы керек. Лексикалық мағынасы бар сөздердің өзі әр түрлі қосымшалар жалғану арқылы дыбыстауы қауызын өзгертіп тырады: адам, адамдар, адамдары, адамдарымыздың, адамдық, адамсу т.б. Ал олар сол қосымша арқылы грамматикалық мағына қабылдады ма деген мәселені ерекше ажырату керек. өйткені атаулы сөздерді ішінде туынды түбір сөздер өте көпкездеседі. Оларды лексикалық мағынасы сақталып түрлі формаға енген сөздер (адамдар, адамдармыз) бөле білмей тұрып, лексиканың лингвистикалық негізін де толық түсіну қиын болады. Сондықтан оқушыларға лексикалық мағына дегенде, әртүрлі мысалдармен саналы түсіндіру арқылы ғана, оны грамматкалық мағынадан ажырататын болады. Мысалы, дейін, шейін, гөрі т.б. Шылаулар мен кітап, қар, аяқ сияқты сөздерді салыстырып, оқушыларпдың өзіне мағыналарын түсіндір десек, тек кітап, қар, аяз деген сөздердің ғана лексикалық мағынасыны жоқ екеніне көздері жетеді. Сөз мағынасын ашып түсіну оқушылардың лексикалық ұғым туралы кеңеюімен стилистикадан хабардар болуға мүмкіндік береді. Сөздердің мағынасына кей жағдайда жеке тұрып ашыла бермей, олар кейде мәтін сөйлемде ашылуы мүмкін. Мысалы, ақиық сөзінің оқушы бүркіт тұқымдас құс маржасын аңғартатын мәтінсіз түсінсе де, ауыспалы мағынада шаршамайтын, шалдықпайтын адам деген мәнін ұға бермейді. Көл сөзінің теңізден кіші суды аңғармашының білгенмен, көп, мол дегенді білдіруі тек текст ішінде ғана ашылады. Сондай-ақ сөз кейде өз мағынасында да,ауыспалы мағынасында да қолданылмай екі не одан да көп сөздердің тіркесуі арқылы басқа мағына беретін кезі болады. Мұндай тіркестер айтушы немсе жазған кісінң құрастыруымен емес, дайын, бұрыннан тіркесіп, қалыптасқан күйінде жеке сөз орнына пайдаланылады. Мысалы, ашық ауыз, төбе шашы тік тұрды сияқты тіркестер жеке бір ғана атауыш сөз мағынасын береді. әрине, мұның бәрін лексикалық мағынаны түсіндіргенде үйіп-төгіп оқушыға түсіндірем деу әурешілік»,-дейді А.айғабылов, дегенмен мұғалім өзі есте ұстаса, мәтін ішінде кездесе қалғанда оқушыға ұқтыруына қажет болады деп жас мамандарға кеңес береді. /3. / әдіскер ғалым А.Айғабылов лексиканы оқытуда, яғни лексика бөлімінен саналы білім беру үшін жоспарға енген тақырптарды теориялық және практикалық жағынан мәні анықталуы керек дей келіп, лексика білімін оқытуда есте сақталуы қажет үш ұғым бар екенін білуіміз керек дейді. Сонымен әдіскердің үш ұғымына мән берсек, біріншісі – сөздің мағыналық топтары. Бұған сөз және оның мағыналары (тура, ауыспалы, көп мағыналық), синоним, омоним, антоним. Екіншісі - әртүрлі қолданылу аясына қарай бөлінетін жалпыға бірдей, белгілі аяда қолданылатын сөздер (терминдер, диалект және кәсіби сөздер), көнерген сөздер мен неологизмдер. Үшіншісі – шығу тегіне қарай қазақтың байырғы сөздері мен басқа тілден енген сөздер. Осы үш топқа бөлінген тақырыптар бүкіл лексика бөлімін қамтиды да, олардың әрқайсысы мұғалімдерге материалды түсіндіруге белгілі міндет жүктейді. Бірінші ұғым деп алап отрған сөздің мағыалық топтары 4 сыныпта оқылатыны белілі. 5 сынып оқушылары сөз мағыналарының әртүрлі қолданыс жолдарын (тура, ауыспалы), синонимдерінің,омонимдердің, антонимдердің тіліміздегі көркемдік, стильдік мәнін түсініп, текстерден ажыратуға, тіл ұстарту жоспары бойынша ресми іс-қағаздар стилінде, ауызекі сөйлеу стилінде, көркем әдебиет стилінде қолдану жолынан хабардар болды. Олардың түсіндірме сөздікте берілу тәртібімен танысып, сан түрлі сырын ұғады. Сөйтіп. Оқушылар сөйлеу, жазу нормаларына жаттығады. Ал, екінші және үшінші топқа жататын ұғымдар 5 сыныпта оқытылады да тіліміздегі сөздердің даму, қалыптасу жолымен және олардың әдеби тілдің стильдік тармақтарында қолданылу аясын аңғартады. Мысалы, қазақтың байырғы сөздері мен басқа тілден енген сөздерді оқу арқылы тілдің баю, даму жолын түсінсе, терминдер мен диалект, кәсіби сөздердің, көнерген сөздер мен неологимдердің мәнін білу арқылы тілдің сан-саласы стильдік тармақтары болатынын, әрқайсысы да қажетіне қарай тілімде қызмет ететінін ұғады. Сондықтан лексика бөлімінің материалдарын өту барысында да, кейін пысықтау анықтап ескертудің зияны жоқ. Оқушыларға анық бөлу үшін кестені жасап, іліп қоюға да болады. Ал фразеологизмдер мағынасы жағынан өзара синонимге де көп мағыналыққа да жатады. Ал шығу тегіне қарай фразеологизмдерді тіліміздегі сөздер сияқты байыры фразеологизмдер, басқа тілден енген фразеологизмдер деп бөлуге болады. Мысалы, көрмес түйені де көрмес, тасбақа аяң сияқты тұрақты тіркестердің біріншісі байырғы фразеологизм болса, екіншісі- шрепаший шаг дегенннен алынған. Қысқасы фраөзеологизмдер жеке сөздің болмысы ретінде қолданылатындықтан, сөздің аясында қарастырылады. «Мектепте лексиканы оқытуды», яғни оқытуда оның тиімділігін арттыру үшін алға қойылатын негізгі принциптерді саралап алудың үлкен мәні бар. Ғалымның пайымдауынша, лексиканыоқыту әдістемесінде негізінен төрт принцип бар: Оның біріншісі – сөз мағынасын оның (сөздің(аңғартатын болмысымен (зат, сын, сапа, сан, қимыл т.б.(салыстыру; екіншісі – лексикалық мағына мен грамматикалық мағынаны салыстыру: үшіншісі – семантикалық-мағыналық принцип: төртіншісі – диахрониялық принцип. Бұл төрт принципке жеке-жеке тоқталған А.Айғабылов бірінші принципті – сөзді болмыспен салыстыруды былайша түсіндіреді. Қазақ тілінің сөз байлығын үйрену өмірдегі сан алуан құбылыстың өзін, оның сын сипатын ұғумен қатар жүретіні белгілі. өйткені нендей жаңа зат, жаңа ұғым пайда болуына қарай жаңа сөз пайда болатыны белгілі, оның тіпті қолданылуы не қолданбауы да сол зат немесе ұғымның өіне байланысты. Адамның өзіне танысемес ұғымды тануы мен өсуі сияқты лексиканы да оқытқанда да сөз мағынасын өмірмен тікелей ұштастырылып отырумен талап етіледі. Айталық, 5 сыныпта сөздің мағыналық топтарын оқытуда сөздің мағынасын заттың суретімен салыстыру лексиканың көп мағыналы сөздер, синоним, омоним, антоним сияқты категорияларын топтауға үлкен септігін тигізеді. Бір заттың атауы екі не одан да көп сөзбен аталса, ондай сөздерді синоним болатынын (шлақ, қысқа, келте т.б.) немесе бірнеше зат бір сөзбен аталса, омоним болатынын, бір-біріне ұқсаса бірнеше затты бір сөз аңғартса, көп мағыналы сөз болатынын түсіндіру үшін өте қажет әдіс болып табылады. Мектеп оқулығында бұлайша салыстыру әдісіне негізделген суреттер берілген. Оны мұғалім көбейтіп қолданылуына болады. Тілдегі сөздерді оқушы қолданып тұрғанымен, оның ішкі сырын, мағыналық қатпарларын, стильдік өңін анық тани бермейді. Екінші принцип жайын яғни лексикалық мағына мен грамматикалық мағынаны салвыстыруды профессор А.айғабылов: «Бұл принцип лексикалық құбылысты нақтылап, анықтап, дәлелдеп тануға, сөйлеу, жазу кезінде лексикалық қателерді болдырмауға көмектеседі. Мысалы, анотним, синоним, омоним немесе көпмағыналы сөздерді оқытқанда, олардың лексикалық мағыналарына көңіл бөлеміз де грамматикалық мағынасына көңіл аудармаймыз. Шындығында да олардың бір сөз табына да, әр түрлі сөз табынан да (түс-зат есім, түс-етістік т.б.) бола беретінін салыстыра түсіндірсек, тақырыптың мазмұны ашылуы да, лексикалық мағынаныжақсы түсіндіруге мүмкіндік туады. /17.3.10/ Лексиканы оқытуда әрбір лексикалық категорияларды түсіндіру лексикалық мағына мен грамматикалық мағынаны қатар қойып салыстыру арқылы жүрсе ғана ұтымды болады. Былайша түсіндіру – лексикалық мағынаны ашуға көмектесумен бірге, оқушылардың грамматикалық ұғымдарды да бойына сіңіре беруіне, сөздердің қолдану аясын тереңдей білуіне мүмкіндік жасайды. Үшінші принцип – семантикалық принцип. Бұл принципті әдіскер әр түрлі сөздермен мағыналық байланысына қарай лексикалық парадигма жасау қабілетімен байланыстырады. Лексикалық парадигма дегеніміз айналадағы заттар мен құбылыстардың бір-біріне қатысы сондай болады. Мысалы, өзара қатыстылыы арқылы бір атауға топталатын сөздер болады. Айталық, таңертең, сәске, түс, намаздыгер, намазшам, кешқұрым сөздері бір күн ішінде болатын мезгіл атаулары; тал, терек, қарағаш, қараған, сәмбі, өрік, алма т.б. сөздер ағаш сөзінің мағынасына енеді. Қол, аяқ, иық, тізе, арқа, құлақ, көз, мұрын т.б. сөздер дене мүшесіне жатады. Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.007 сек.) |