|
|||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
ГЛОССАРИЙ 3 страницаМақсаты: А.Байтұрсынұлының оқулықтары мен әдістемелік еңбектерінің маңызын түсіну. Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тілін оқыту әдістемесіне қосқан үлесі жайлы мағлұмат беру Жоспар:
3. Байтұрсынұлы Ахмет –алғашқы әліппе, оқулық, тіл құралдарын жазған педагог ғалым.
Ұлы далада соғылған алғашқы қоңырау арқылы қазақ баласы мектеп табалдырығын аттады. Енді осы білім шаңырағында жүйелі түрде іргелі пән ретінде жүргізілетін сабақтардың оқулықтары мен оқу құралдары жазылып, олардың бағдарламалары жасалуы қажет болды. Бұл үлкен де ауқымды, әрі жауапкершілігі мол іс еді. Сондықтан да, ең алдымен, қазақтың көзі ашық оқығандарының бәрі де бұл іске жабыла кіріседі. Қазақ тілін оқыту мен оның әдістемесінің қалыптаса бастауына ХХ ғасыр басында шығып тұрған «Айқап», «Қазақ», «Мұғалім», «Шолпан», «Шора», «Сана», «Жаңа мектеп» т.б. сияқты басылымдардың қосқан үлесін де айту парыз. Бұл басылымдарда жаңадан ашылып жатқан мектептердің әртүрлі мәселелері жүйелі түрде сөз болды. Ана тілін қалай оқыту керек, қазақ тілінің оқу құралын жазу мәселесі, педагогиканың негізгі ұстанымдарын анықтау жайы үнемі күн тәртібінде тұрды. Айталық, Ж.Аймауытовтың «Ана тілін қалай оқыту керек?» деген мақаласы «Жаңа мектеп» журналының № 2 санында 1919 жылы жарияланды. Мақалада қазақ тілін оқытудың өз кезіндегі өзекті мәселелері көтеріледі. Ең әуелі география, математика, табиғаттану, педагогика, қазақ тілі, әдебиет, тарих т.б. пәндерінен қазақ тілінде оқулық жазу ісі белсенді түрде іске асырыла бастады. С.Асфендияров, Ә.Бөкейханұлы, М.Жұмабаев, Х.Досмұханбетов, М.Тынышпаев, Ж.Ақбаев, Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынұлы сынды қазақ халқының біртуар азаматтарының бұл бағыттағы бастамалары бүгінгі таңда қалың орман қауымға белгілі. Қазақ тілінің төл оқулығын ана тілінде алғаш рет жазып, оның әуелгі терминологиясын қалыптастырған айтулы ғалым – Ахмет Байтұрсынұлы. А.Байтұрсынұлына дейін жазылған қазақ тілі туралы бірлі-жарым орыс тіліндегі оқу құралдары болғанмен, қазақ тілінде бұл мәселе көтерілмеген еді. Қазақ тілінің грамматиксына тыңнан түрен салған, оның барлық салалары бойынша алғашқы терминдерін жасап негізгі жүйесін қалыптастырған Ахмет Байтұрсынұлы болды. А.Байтұрсынұлы Орынбор қаласындағы Ыбырай Алтынсарин салдырған мұғалімдер даярлайтын «Учительская школаны» 1895 жылы бітіреді де, ағартушылық жұмысқа кіріседі.Содан 13-14 жыл бойы яғни 1895 жылдан 1909 жылға дейін ауылдық болыстық бастауыш мектептер мен 5-6 жылдық екі сыныптық училищелерде мұғалім болып істейді. Бала оқытумен күнделікті айналыса жүріп, оның негізгі қажеттіліктерін, қиыншылықтарын жақсы біледі. Ахмет Байтұрсынұлы ұлт мктебінің бойына қан жүгіріп, өз аяғына тұрып кетуі үшін, ең алдымен, оның жазуы яки түсінікті де сөздің айтылуы жүесін толық белгілеі алатын әліпби қажеттігіне әсіресе қаты ден қояды. Сөйтіп, 1910 жылдан бастап қазақ жазуын жаңадан түзумен айналыса бастайды. Өзінің негізгі ғылыми ойларын ғалым 1912 жылдан бастап «Айқап» және «Қазақ» газеттерінің беттерінде жариялайды. Ұзақ ізденістен кейін автордың өзіндік әліпбиі дүниеге келеді.Бұл әліпби негізінен араб таңбасына негізделген, қазақ тіліне толық икемделген нұсқа санлып, өз кезеңінде жергілікті ұстаздар арасында үлкен қолдауға ие болды. АхметБайтұрсынұлы қазақ жазуына үлкен реформа жасайды. 1912 жылдан бастап, бұл ғылыми негізге сүйеніп жасалған қазақ әліпбиі жаңа жазу ретінде іс жүзінде қолданысқа түсе бастайды.Осы кезден бастап көптеген мұсылман медреселері мен қазақ-орыс мектептері жаңа жазу таңбасын қолданады. 1915 жылдың өзінде бұл таңбамен 15-тей қазақ кітабы жарық көреді. А.Байтұрсынұлы реформаланған араб жазуы өз кезеңінде қазақ мәдениетінің өсіп, қалыптасуына үлкен үлес қосады. Кеңестің қатал саясатының салқынымен латын таңбасына көшкенге дейін бұл жазу қазақ арасында кеңінен тарап, көпшілік қолдауына ие болған.1924 жылғы Орынборда маусымның 12 – жұлдызында өткен «Қырғыз (қазақ) білімпаздарының тұңғыш съезінде» талқыланып, көпшіліктің қолдауына ие болғанымен, 1926 жылы Баку қаласында өткен Бүкілодақтық Бірінші Түркологиялық съезде барынша дәлелдеп баққанымен, Ахмет Байтұрсынұлының ұсынған концепциясы ақырында ұлтшылдық деп айыпталғаны бүгінгі оқырманға толық таныс. Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тілінің оқулығын жазыуы – қазақ тілінде қазақша жазылған оқулықтың алғашқы бастамасы болды. Автор 1912 жылы мектеп балаларына арнап, қазақша сауаттандыратын әліппені – «Оқу құралын» жазғаннан кейін, мектепте қазақ тілін пән ретінде оқытатын оқу құралын жазуға кіріседі. «Біздің заманымыз – жазу заманы: жазумен сөйлесу – ауызбен сөйлсуден артық даражаға жеткен заман. Алыстан ауызбен сөйлесуге болмайды. Жазумендүниенің бір шетіндегі адам екінші шетіндегі адаммен сөйлеседі. Сөйлегенде сөздің қисынын келтіріп сөйлеу қандай керек болса, жазғанда да сөздің кестесін келтіріп жаза білуге, қай сөз қандай орында қалай өзгеріліп, қалайша біріне-бірі қиындасып жалғасатын жүйесін білу керек», - деп жазады ұлы ғалым (Тіл құралы,173 - бет) Заманына сай адамда дегендей, болашақ жазудың заманы болатынын көріп, тани білген ғалымның түзген әліпбиі қазақ тілінің фонологиялық сипатын дәл танытып, таңбалай алшды. А.Байтұрсынұлы жазған бұл «Оқу құралы» 1912-1925 жылдар арасында 7 рет қайта басылып шығады. 1926 жылы А.Байтұрсынұлы «Жаңа Әліп-би» еңбегін жазады. Бұл Мемлекеттік білім кеңесінің ұсынған бағдарламасына сәйкестендіріліп, суреттермен безендіріліп, толықтырылып шығарылады. Ахмет Байтұрсынұлының мектеп туралы, оқу-білім туралы ойлары 1914 жылғы «Қазақ» газетінің № 62 санында жарияланған «Мектеп керектері» атты мақалысында баяндалған. Онда ең әуелі мектепісіне керекті нәрсе ретінде білімді, педагогика мен әдістемеден хабары бар мұғалім деген қорытынды жасайды. «Мектептің жаны - мұғалім»- дейді ғалым. Мұғалім қандай болса, оның мектебі де сондай деген тұжырым айтады. Екінші, оқыту ісіне керек құралдар қолайлы, әрі жұрттың бәрі бірдей сыйлайтын сыйлы болуы қажет деген ой айтады. Шынында да, егер ұсынған оқулық сынға ұшырап, қатесі көне-көрнеу байқалып тұрса, онымен оқуда, оқыту да ауыр екені өзінен-өзі түсінікті. Ғалымның ең қажет нәрсе ретінде тағы да айрықша бағалайтны – бағдарлама. Оқыту ісі көңілдегідей болып шығуы үшін, оның үлгісі, мерзімді өлшемі болуы қажеттігін дәл тауып, тан басып айтады. Ахмет Байтұрсынұлы көрнекті ғалым ретінде ғана емес, әдіскер ретінде де көп еңбек еткен. Алғашқы әліппе, оқулық, тіл құралдарын жазумен қатар, осы оқу құралдарын тәжірибе жүзінде қалай пайдалану қажеттігі жөнінде де ғылыми тұрғыдан терең талдаулар жасайды. Бұл тұрғыдан Ахмет Байтұрсынұлы қазақ әдістемелік ғылымның да алғашқы бастаушысы бола алады. «Баяншы», «әліппе астары», «Нұсқаушы», «Тіл жұмсар» әдістемелік еңбектері мен «Баулу мектебі», «Жалқылау», «Қай әдіс жақсы», Дыбыстарды жіктеу атты мақалалары осының айғағы болса керек. Ғалым өзінің оқулықтарында әріптерді балаларға тез әрі оңай үйрету үшін көптеген әдістерді пайдаланған. Ол өзі жасаған әліппидегі әріптерді үйрету үшін, ең алдымен, оны жазып үйрену үшін, тілдегі дыбыстарды тани білу керектігіне назар аударады. «Әріптерді тани білуді» мақсат ету – таңбаның негізгі белгілерін бағамдауға үйрету. Таңбаның екі негізгі белгісі бар. Бірі-сыртқы тұлғасы да, екіншісі оның мағынасы. А.Байтұрсынұлы осының екі жақтылық белгісін балаға дұрыс пайымдауға көңіл бөлген. Дыбысты меңгертіп, оның әріптік таңбасын таңбалайды. 1913 жылы жазылған «Қазақша оқу жайынан» деген мақаласында «Бала оқытуды жақсы білейін деген адам, әуелі балаға үйрететін нәрселерін өте жақсы білерге керек, екінші баланың табиғатын біліп, көңіл сарайын танитын адам боларға керек» деп жазады. Мұның өзі, түптеп келгенде, ұстаздың білім-білігін жоғарлығы, бала зердесін, психологиясын танудағы шеберлігі. Ұстаз - өз білгенін ғана үйретіп қойса, ол ұстаз емес, нағыз ұстаз болу үшін оқушының білуге тиісті нрсесін үйрету парыз. Балауса бала ұстазының кей осал тұстарыболса, оны кешіре алар, ал оның білімсіздігін кешпейді. Білімсіз ұстаз – болашақтың дұшпаны. Бала уақытының ұрысы. Алдында отырған оқушының уақыт аты ұлы қазынасын алуға ешкімнің құқығы болмаса керек. Ахмет Байтұрсынұлының «Баяншы» әдістемелік нұсқауы Қазан қаласынан 1920 жылы жарыққа шыққан. «Сөз басында» автор былай деп жазады: «Үйрену һәм үйрету ең басында қиын. Балалар оқудың басында қиналмаса, оқудан тауы шағылмай, көңілі қайтып, мұқалмайды; оқуға ықыластанып, оқыған сайын қызығады» (Т3л та5ылымы6 1992, 323). Мұның өзі қазіргі таңдағы бастаыш мектептерді білім беру ісіне басшы, оның негізгі оқулық жазу жүйесінде басты бағдар, талап болатын ойлар. Жақсы оқытудың негізгі әдістерінің бірі ретінде ғалым баланың бұрынғы білген білігін ұштау, соның негізіндежаңа хабар ұсынуды басты назарда ұстаған сыңайлы. Айталық «Дыбыспен жаттығу»үшін әрбір дыбыстардысаралап алған соң, оны жазуарқылы ұғындыруда мынадай әдіс-тәсіл қолданады: «жазу дегеніміз – дыбыстың таңбасы. Әр дыбыстың әр елдің таңбасындай таңбасы болады. Таңбасына қарап қай дыбыс екенін танимыз». ХХ ғасыр басындағы бала үшін өз елінің таңбасын білу – аса күрделі дүние болмаған. Әрбір ата ана өз елінің, руының таңбасын баласының санасынасіңіріп өсірген. Міне осы жадтағы жазу жүйесін ғалым үлгі ретінде пайымдатып, санаға сәуле түсіріп алып, аналогиялық таным негізінде оның жаңа әріпке тез енуіне, түсінуіне жағдай туғыза алады. «Оқу үйренгендегі басты мақсат – керек сөзді жаза білу, жазылған сөзді оқи білу Сөз – дыбыстың мағыналы болып тізілгені. Сөз айту дыбысты ауызбен тізу. Оқуға келген балалар сөйлей білсе де, дыбыстарды тізіп сөз шығара білмейді. Себебі олар сөздің дыбыстан тізілетінін білмейді»- деп жазады ғалым. «Жастардың оқу-тәрбие жұмысы түзелмей, жұрт ісі түзелмейді» дегенді мақсат етіп ұстаған ғалым «Қазақша оқу жайынан» атты мақаласында бала оқыту жүйесін құрудың алғашқы бастамаларын көрсетеді. Әліппеден өзге кітаптардың әлі шыға қоймағанына қынжылыс білдірген автор «...әуелі біз елді түзеуді бала оқыту ісін түзеуден бастау керек. Неге десеңіз болыстық та, билік те халықта оқумен түзеледі. Қазақ ісіндегі неше түрлі кемшіліктің көбі түзелгенде, оқумен түзеледі....Жаңалыққа жастар мойынын бұрын қайырылар, халық түзелуініңүміті жастарда. Сондықтан жастардың қалай оқып, қалай тәрбиеленуі бәрінен бұрын ескеріліп, бәрінен жоғары қойылатын жұмыс» - деп жазады. Бұлай сөйлеудің ар жағында үлкен мән бар. Орыс үкіметі жүргізіп отырған оқыту саясаттың ар жағындағы орыстандыру жайы жатқанын терең сезінген ғалым, қазақ балаларын, жастарын қазақша оқытудың жайын осылайша тұспалдап жеткізіп отыр. Сондықтан да қазақ баласынң бір парасаты орысша оқып жүргенін айта отырып, «орысша оқу орыс қолтығында тұрған жұртқа керек, керек болғанда қазақша оқығанның үстіне керек. Қазақша оқи, жаза білген соң, шама келсе орысша да білу қажет» екенін анық айтады. Ғалым оқыту ісіндегі ең басты, әрі маңызды нәрсе оқуды дыбыспен жаттықтыру деп түсінеді. «Дыбыспен балаларды жаттықтыру – оқу мен жазу үйретудің негізі. Істің басы түзу басталса, барысы да түзу болмақшы» дегенді нықтай айтады. Бұл пікірлерді қазіргі кезде өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде меңгертуді қолдарына алып жүрген ұстаздар басты бағыт ретінде қолданса мақұл болар еді. Ахмет Байтұрсынұлының «Бастауыш мектеп» атты мақаласы қазақтың бастауыш мектебі қандай болу керек? деген мәселеге арналған. Қазақ баласын бірден орысша оқыту жөн бе, болмаса алдымен бастауышта қазақша оқытуды міндеттеу керек пе, орысша білім алған баланың ертеңі дүниетанымы қалай қалыптасады деген ұлт болашағы үшін мәні терең, мағынасы мол мәселені көтереді. «Бастауыш мектеп әуелі миссионерлік пікірден, политикадан алыс боларға керек, яғни қазақтың діні, тілі, жазуы сұмдық пікір ссуық қолдан тыныш боларға керек.Қазақ дінге нашар күйден өткен, енді қазақты басқа дінге аударамын деу құр әурешілік» - деп жазады. А.Байтұрсынұлы. Ахмет Байтұрсынұлының әдістемелік бағытта жазылған «Тіл жұмсар» атты еңбегінің мәні зор. Тіл – құралдың жеке бөлшектерін түсіндіру жолын белгілеп берген бұл еңбектің қазақ тілінің әдістемесі пәнінде алатын ролі мен маңызы ерекше болмақ. «Тіл жұмсар» - қазақ тілін оқыту әдістемесінің басы. Ғалымның өзі көрсетіп бергендей, тіл туралы еңек жазу бар да, оны балаға оқыту жүйесі бар: «Тіл құрал» қазақ тілі қандай құрал екендігін тұтас түрінде таныту үшін түрлі бөлшектерін, тетіктерін ұсағын ұсағынша, ірісін ірісінше жүйелі тұрған орнында алып көрсетіп танытады. «Тіл жұмсар» сол үлкен құралдың бөлшектерін, тетіктерін балаға шағындап бөлек-бөлек ойыншық сияқты құрал жасап, соларды танытып, соларды жұмсату арқылы барып үлкен құралды танытады» (1992,336) «Жақсы дерлік де, жаман дерлік те бір әдіс жоқ Олақтықтың белгісі – бір ғана әдісті болу, шеберліктің болуы – түрлі әдісті бөлу; керек орнында жоқ әдісті табу да қолынан келу», - деп ой түйіндеген әдіскер-ғалым. Ахмет Байтұрсынұлының жазғандарынан алар тағылым үлгі мол. Қай кездегі мұғалім не оқытушы болса да, оқыту әдісін көп білуі шарт. Әр әдісті орынды қолдана білсе, қайсібір әдіс болса да өз орнында орынды көрінері даусыз. Әдіскер – ғалым оқытудың дұрыс жолға қойылуы үшін,мынадай әдістемелік қағидаларды ұсынады: 1) Жаңа берілетін сабақты баланың білетін мағлұматтарымен ұштастыру; 2) Тиісті таныстыру арқылы сабақтың мазмұнына ынталандырып, ілтипат аудару; 3) Сабақты алдын ала даярлайтын сұраулар қою арқылы ынтасын арттыру; 4) Қажетсіз мағлұматтардан сақтану, баланың ілтипатын қоздыратын қызықты нәрселерді ғана сөйлеп, үйрету; 5) Баланың ішін пыстыратын біркелкі мағлұматтардан сақтану, лайықты салыстыру, теңестіру, ұқсастыру, түрлі әдісті оңтаймен оқтуға, жандандыруға тырысу; 6) Алғашқы кездегі оқыту деректің көрнекі болуы. Оған сай жобаларды дұрыс қолдану; 7) Өзгелерді ынталандыру үшін оқытушы үйрететін нәрсесіне өзі де ынталану, өзі де жақсы көру, оқытушы сүйген нәрселерді оқушы да сүйеді. Ғалым ұсынып отырған қағиданы қай-қайсысы болса да балаға дәріс беру жүйесінде ешқашан ескірмек емес. Мектеп мұғалімі үшін үнемі есте болатын негізгі ұстанымдар деп бағамдаймыз. Ахмет Байтұрсынұлы тіл білімінің басты салалары туралы ең алғаш қалам тартқан ғалым еді. Алғашқы сауат ашу құралы ретінде жазылған «Оқу құралынан» бастап, «Әліп-би» мен «Тіл құралда» қазақ тіл білімінің басты әрі негізгі терминдерін жасады.
Негізгі тапсырмалар, сұрақтар: 1. Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тілін оқыту әдістемесіне қосқан үлесі 2. Ахмет Байтұрсынұлының жазған «Тіл құралы» еңбегі Әдебиеттер: 1.Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. – 1990. – 448 б. 2. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеу. – Алматы, 1990. – 365 б. 3. Басымов Қ.А. Грамматиканы оқыту жөнінде // Ауыл мұғалімі, 1938. - №4, июль, - 26-27 б. 4. Аханов Қ. «Қазақ тілі» оқулығына нұсқау. – Алматы, 1975. – 52 б. №5 Дәріс: Жұмабаев Мағжан – педагог, әдіскер ғалым. Мағжан Жұмабаевтың әдістемелік еңбектері Мақсаты: Жұмабаев Мағжанның әдістемелік еңбектері туралы мағлұмат беру Жоспар:
3. М.Жұмабаев еңбектерінен бастау алатыны тарихи шындық.
Қазақ халқының ұлы ақыны Мағжан Жұмабаев шығармашылығы – халықтың рухани қазынасы, әлемдік мәдениеттің байлығы. Мағжан Жұмабайұлының педагогика, әдістеме саласында да атқарған ғылыми қызметі мол. Ақынның «Педагогика», (1922), «Ана тілі», (1923), «Бастауыш мектепте ана тілін оқыту методикасы»(1925), «сауатты бол»(1926), «Ересек шала-сауаттылар программасы»(1926) сияқты еңбектері мен оқу ағарту мәселелеріне арналған мақалалары бар. Мағжан Жұмабаев 1922 жылы «Педагогика» атты ғылыми еңбегін жазады. Өз кезіндегі көрнекті қазақ зиялыларының бірі, белгілі ғалым педагог-публицист М.Жолдыбаев зерттеудің беташарына былай деп жазады: «Заманға дәл кітап шыққанша малданып, одан кейін салыстырып қарап, бұрынғы жазылғандардың адсқан жерлерін тауып отыруға Мағжан Жұмабаев «Педагогикасы» іздесе таптырмайтын пайдалы тарихи материал». Мағжан Жұмабаев өз еңбегінің бағыт – бағдарын былайша аңғартады: «Алдыма бір кітапты қойып алып желе бергенім жоқ. Тәрбие ғылымдарының пікірлерін таңдап алуға ұмтылдым» («Педагогика», Алматы, 1922). Ақын осылайша ағынан жарылады, өз еңбегінтолық аяқталған, жетілген дүние деуден де аулақ. Солай болса да, бұл зерттеу – еңбек қазақ ғылымында алғашқылардың бірі болып педагогика саласында түрен салған, елең еткізер туынды екені анық. Оқу құралының бірінші бөлімі педагогиканың жалпы мәселелеріне арналған. Автор тәрбие саласын былайша жіктейген: «дене тәрбиесі, жан тәрбиесі, ақыл тәрбиесі, сұлулық пен әдеп-құлық тәрбиесі». Расында да, адам баласыныңкемелденіп, дұрыс тәрбиеленуі үшін, ең алдымен денсаулығының жақсы болуы шарт. Олүшін дене тәрбиесінің дұрыс жолға қойылуының маңызы зор. «Жан тәрбиесі» деген атаудың өзінің мән мағынасы терең. Адам жанының тереңде таза болуы – болашағының жарқын болуынын кепілі. Жан адалдығына аса мән берген ақын оның отбасындағы, мектеп қабырғасындағы тәрбиелену жолдарына да ерекше дн қояды. Психологиядағы жан көріністері – ақыл, ішкі сезім дүниесі, қайрат туралы М.Жұмабаев толғана баяндайды. Баланың әсерленуі, ойлануы, эмоциялық толғаныстарының өзіндік ерекшелігін, ересек адамның ойлануымен салыстыраотырып зерделейді. «Баланың жаністері бір-бірімен берік байланған болады,бір-бірімен берікжүреді. Баланың денесі мен жаны, ақылы мен сезімі. Сезімі мен қайраты ббәрі бір іс қылады, бұлар бір-бірімен күресе білмейді, бірін бірі тізгіндей білмейді», - деген байлам жасайды автор. Жас сәбидің бір нәрсеге ұмтылуы оның ақылының, сезімінің, жанының, денесінің, қайратының бірдей күш жұмсауы арқылы болатынын айта келіп, бала шақта алынған әсердің өмір бойы естен шықпауының мәнісін ғылыми тұрғыда ашып береді. Осылайша сәби жанының ерекше белгілері мен қасиеттерін анықтай отырып, тәрбиенің негізгі сипаттары мен мазмұнының қалай жүзеге асуы керек екенінің нақты жолдарынбелгілейді. «Жас бала- жас бір шыбық, жас күнде қай түрде иіп тастасаң, есейгенде сол иілген күйінде қайтып алмақ» - деп түйін жасайды ақын – ғалым. Мағжан жұмабаев тәрбие түрлерінің осындай басты – басты маңызды сипаттарына тоқталып, олардың бір-бірімен табиғи тамырластығын, жақындығын түсіндіреді. Егер адам баласына аталған тәрбие түрлерінің барлығы түгел бірлесе, оның жалпы білімі мен тәрбиесі жақсы болатынын тәптіштей айтады. «Егер де ол ыстық, суық, аштық, жаңалаштық сияқты тұрмыста жиі ұшырайтын күштері елемейтін мықты, берік денелі болса, түзу ойлайтын, дұрыс шешетін, дәл табатын ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы әуен,әдемі түрденләззат алып, жан толқындырарлық болса, жамандықтан жаны жиреніп, жақсылықты жаны тілеп тұратын құлықты болса ғана адам баласының дұрыс тәрбие алып, шын адам болғандығы. Балам адам болсын деген ата-ана осы төрт тәрбиені дұрыс орындасын»- деп тілек етеді. Қазақ баласының тәрбиесіне жоғары мән бере отырып, ақын Абай жолының үрдісімен баланы дәл өзіндей қылып шығару емес, заманына лайық азамат етіп тәрбиелеуді мақсат етуді ұсынады. Оның туған халқының тәлім-тәрбиелік бай мұрасын игеру жолындағы еңбегі ұшаң-теңіз. «Ұлт тәрбиесі – бяғыдан бері сыналып келе жатқан соқпақ жол болғандықтан, әрбір тәрбиеші сөз жоқ, ұлт тәрбиесімен таныс болуғв тиіс. Сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті» -деп жазады ақын. Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.009 сек.) |