АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Бап. Бала асырап алу 6 страница

Читайте также:
  1. DER JAMMERWOCH 1 страница
  2. DER JAMMERWOCH 10 страница
  3. DER JAMMERWOCH 2 страница
  4. DER JAMMERWOCH 3 страница
  5. DER JAMMERWOCH 4 страница
  6. DER JAMMERWOCH 5 страница
  7. DER JAMMERWOCH 6 страница
  8. DER JAMMERWOCH 7 страница
  9. DER JAMMERWOCH 8 страница
  10. DER JAMMERWOCH 9 страница
  11. II. Semasiology 1 страница
  12. II. Semasiology 2 страница

9-1-бап. Мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін
жәрдемақыны тағайындау және төлеу

1. Мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы өтініш жасалған күннен бастап баланың мүгедектігінің барлық кезеңіне тағайындалады.
2. Отбасында екі және одан да көп мүгедек бала тұрған жағдайда жәрдемақы әр мүгедек балаға тағайындалады және төленеді.
3. Асырап алған, сондай-ақ қорғаншылыққа (қамқорлыққа) алған мүгедек балалары бар отбасыларға мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы бала асырап алу туралы сот шешімі заңды күшіне енгізілген күннен бастап немесе қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу туралы шешім қабылданған күннен бастап тағайындалады.
Ескерту. Заң 9-1-баппен толықтырылды - ҚР 2009.12.02 № 211-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

10-бап. Жәрдемақылар мөлшері

1. Осы Заңға сәйкес жәрдемақылар мынадай мөлшерде белгіленеді:
1) бала туғанда берілетін жәрдемақы:
бірінші, екінші, үшінші балаға – 31,41 айлық есептік көрсеткіш;
төртінші және одан кейінгі балаларға – 52,35 айлық есептік көрсеткіш;
2) бала күтімі жөніндегі жәрдемақы:
бірінші балаға – 5,76 айлық есептік көрсеткіш;
екінші балаға – 6,81 айлық есептік көрсеткіш;
үшінші балаға – 7,85 айлық есептік көрсеткіш;
төртінші және одан кейінгі балаларға – 8,90 айлық есептік көрсеткіш;
3) балаларға арналған жәрдемақы – әрбір балаға 1,05 айлық есептік көрсеткіш;
4) мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы – жалақының 1,05 ең төмен мөлшері.
Осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген жәрдемақылар – республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленетін айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің өзгеруі ескеріле отырып, ал осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген жәрдемақы – ең төмен жалақы мөлшерінің өзгеруі ескеріле отырып төленеді.
2. Өтініш беруші жәрдемақының мөлшерін өзгерту немесе оны төлеуді тоқтату үшін негіз бола алатын мән-жайлар туралы тиісті уәкілетті органды он жұмыс күні ішінде хабардар етуге міндетті.
Өтініш беруші бала күтімі жөніндегі жәрдемақының, балаларға арналған жәрдемақының және мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақының мөлшеріне әсер ететін мән-жайлар туралы уақтылы хабарламаған жағдайда, көрсетілген мән-жайлар туындаған кезден бастап жәрдемақы мөлшері қайта қаралады, бірақ бұл мерзім оларды тағайындаған кезден ерте болмауға тиіс.
Ескерту. 10-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.12.19 № 9 (2008.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.12.02 № 211-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2013.01.08 № 64-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 31.03.2014 N 180-V (01.04.2014 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

11-бап. Жәрдемақыларды төлеуді тоқтату

1. Осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 2), 3), 4) тармақшаларында көзделген жәрдемақыларды төлеуді тоқтату үшін:
1) баланың қайтыс болуы;
2) баланың толық мемлекет қарауына берілуі;
3) өтініш берушінің жәрдемақының (жәрдемақылардың) заңсыз тағайындалуына әкеп соқтырған дәйексіз мәліметтер табыс етуі;
4) Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасында белгіленген жағдайларда ата-аналарды ата-ана құқықтарынан айыру немесе құқықтарын шектеу, бала асырап алуды жарамсыз деп тану немесе оның күшін жою, қорғаншыларды (қамқоршыларды) өз міндеттерін атқарудан босату немесе шеттету негіз болып табылады.
2. Жәрдемақыны төлеу осы баптың 1-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған күннен бастап тоқтатылады.
Артық төленген сомалар - ерікті түрде, ал бас тартқан жағдайда сот шешімінің негізінде сот тәртібімен қайтарылуға жатады.
3. Бала (балалар) қайтыс болған жағдайда осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 2), 3), 4) тармақшаларында көзделген жәрдемақыларды төлеу бала (балалар) қайтыс болған ай өткен соң тоқтатылады.
Ескерту. 11-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2007.12.19 № 9 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.12.02 № 211-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

12-бап. Қазақстан Республикасының балалы отбасыларға
берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы
заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық

Қазақстан Республикасының балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы заңнамасын бұзуға кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.

13-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

Осы Заң, 2006 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 4-баптың 1-тармағының 2) тармақшасын, 8-бапты, 10-баптың1-тармағының 2) тармақшасын қоспағанда, 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Президенті

 

Жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйін сақтау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 қарашадағы № 1271 қаулысы

«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» 2002 жылғы 8 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйін сақтау қағидаларыбекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 29 қарашадағы
№ 1271 қаулысымен
бекітілген

Жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың
тұрғын үйін сақтау қағидалары

1. Жалпы ережелер

1. Осы Жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйін сақтау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» 2002 жылғы 8 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың (бұдан әрі – балалар) тұрғын үйін сақтау тәртібін айқындайды.
2. Балалардың тұрғын үйінің сақталуын бақылауды жергiлiктi атқарушы органдар (бұдан әрі – органдар) қамтамасыз етедi.
3. Балаларды қорғаншылыққа немесе қамқоршылық, патронаттық тәрбиелеуге бергенге, білім беру ұйымдарына, медициналық және басқа да ұйымдарға орналастырғанға дейін олардың тұрғын үйін сақтауды органдар қамтамасыз етедi.
4. Балаларды қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронаттық тәрбиелеуге беру, білім беру ұйымдарына, медициналық және басқа да ұйымдарға орналастыру кезінде олардың тұрғын үйін сақтауды балалардың заңды өкілдері қамтамасыз етедi.
5. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан орган жалдаған тұрғын үй балаларда олар білім беру ұйымдарында, медициналық және басқа да ұйымдарда, оның ішінде қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін ұйымдарда болған кезеңде, қорғаншылықта немесе қамқоршылықта, патронаттық тәрбиеде болғанда кәмелетке толғанға дейін сақталады.
6. Он төрт жасқа толмаған балалардың тұрғын үйін иеліктен шығаруға, оның ішінде айырбастау немесе сыйға тарту бойынша мәмілелер жасауға немесе олардың атынан кепілгерлік шартын, тұрғын үйді өтеусіз пайдалануға тапсыру немесе кепілге қою бойынша мәмілелер, заң жүзінде, өсиет бойынша оларға тиесілі мұрагерлік құқықтардан бас тартуына, олардың тұрғын үйін бөлуге немесе одан үлес бөліп алуға әкеп соқтыратын мәмілелер жасасуға жол берілмейді.

2. Жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған
балалардың тұрғын үйін есепке алу тәртібі

7. Органдар балалардың тұрғын үйінің бар-жоғын анықтайды және оларды жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есепке алады.
8. Балаларда тұрғын үйінің бар екені анықталған жағдайда, органдар:
1) тексерілетін тұрғын үйде тіркелген адамдар, сондай-ақ нақты тұратын адамдарды көрсете отырып, тұрғын үйдің техникалық, санитариялық жай-күйі туралы актіні;
2) әрқайсысының ерекше белгілерін көрсете отырып, тұрғын үйдегі мүліктің тізімдемесін жасайды.
9. Тізімдеме мен акт 2 данада жасалады:
1) бір данасы тиісті тұрғын үй орналасқан аумақтағы органда;
2) екінші данасы баланың заңды өкілдерінде болады.

3. Жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған
балалардың тұрғын үйіне қорғаншылықты белгiлеу тәртібі

10. Органдар балаларды қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронаттық тәрбиелеуге беру, білім беру ұйымдарына, медициналық және басқа да ұйымдарға орналастыру қажеттілігі туралы белгiлi болған сәттен бастап бiр ай iшiнде балалардың тұрғын үйіне қорғаншылық белгiлейдi.
11. Тұрғын үйге қорғаншылық осы Қағидалардың 2-бөлімінде белгіленген рәсімдер орындалғаннан кейін органның тұрғын үйге қорғаншылық белгілеу туралы шешім шығаруы жолымен белгіленеді.
12. Органдар балаларды қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронаттық тәрбиелеуге беру, білім беру ұйымдарына, медициналық және басқа да ұйымдарға орналастыру қажеттілігі туралы белгiлi болған сәттен бастап дереу аумақтық әділет органдарына осы Қағидалардың 6-тармағында белгіленген жағдайларда мәмілелер жасауға тыйым салу туралы қорғау хаттарын жолдайды.

4. Жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған
балалардың тұрғын үйін жалға (жалдауға) беру тәртібі

13. Баланың заңды өкілдері қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның келісімімен балалардың тұрғын үйін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін үлгі шарт негізінде жалға (жалдауға) бере алады.
14. Тұрғын үйді жалға (жалдауға) беруге келісім алу үшін баланың заңды өкілдері қорғаншылық немесе қамқоршылық функцияларын жүзеге асыратын органға мынадай құжаттарды береді:
1) еркін нысанда ресімделетін балалардың тұрғын үйін жалға (жалдауға) беру үшін рұқсат алуға өтініш;
2) 10 жасқа толған, тұрғын үйге меншiк құқығы немесе тұрғын үйді пайдалану құқығы бар кәмелетке толмаған баланың келісім-анықтамасы;
3) заңды өкілдің және балалардың жеке басын куәландыратын; балаларды қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронаттық тәрбиелеуге беру немесе білім беру ұйымдарына, медициналық және басқа да ұйымдарға орналастыру туралы құжаттардың көшірмесі;
4) тұрғын үйге құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері.
15. Балалардың тұрғын үйін жалға (жалдауға) беруге органдардың келісім беруі құжаттар келіп түскен сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.02.2015 № 92 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
16. Заңды өкілдер тұрғын үйді жалға алу (жалдау) шарты бойынша алынған ақшаны балалардың банктік шотына аударуға тиіс.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.02.2015 № 92 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
17. Балалардың тұрғын үйін жалға (қосымша жалға) беру шартын жасау немесе оның қолданысын тоқтату (бұзу) кезінде тұрғын үй балалардың заңды өкілдерінің, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган өкілінің, жалға алушының (қосымша жалдаушының) қатысуымен қабылдау-беру актісі бойынша беріледі.

5. Баланың заңды өкілдерінің жетім балалардың, ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйін сақтау жөніндегі
міндеттерін орындауын бақылауды жүзеге асыру тәртібі

18. Баланың заңды өкілдері тұрғын үй есепте тұрған органға алты айда кемінде бір рет осы тұрғын үйдің жай-күйі, тұрғын үйге қатысты жүзеге асырылатын іс-әрекеттер туралы мәліметтерді қамтитын қамқорлығындағы баланың тұрғын үйін басқару жөніндегі еркін нысандағы есепті береді.
19. Балалардың заңды өкілдерінің балалардың тұрғын үйін сақтау бойынша міндеттерін орындауын бақылауды Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы заңнамасына сәйкес органдар жүзеге асырады.
20. Баланың заңды өкілдері тұрғын үйді сақтау бойынша міндеттерін тиісінше орындамаған жағдайда, қамқоршылық немесе қорғаншылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган заңды өкілдерді олардың міндеттерінен шеттетеді және Қазақстан Республикасының ерлі-зайыптылық туралы заңнамасына сәйкес тиісті шаралар қабылдайды.

 

 

Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы N 126 Заңы

МАЗМҰНЫ

Ескерту. Мәтiнде "тарау" деген сөздiң алдындағы "I - V" деген цифрлар тиiсiнше "1 - 5" деген цифрлармен ауыстырылды - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен, бүкiл мәтін бойынша "16 жасқа", "18 жасқа", "18 жастан", "23 жастан" деген сөздер тиiсiнше "он алты жасқа", "он сегіз жасқа", "он сегіз жастан", "жиырма үш жастан" деген сөздермен, "І", "IІ", "III" деген цифрлар тиiсiнше "бiрiншi", "екiншi", "үшiншi" деген сөздермен ауыстырылды - 2004.12.31. N 28 Заңымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді).

1 тарау. Жалпы ережелер

1-бап. Азаматтардың мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар
алуға құқығы

1. Қазақстан Республикасы азаматтарының осы Заңда және Қазақстан Республикасының оған сәйкес қабылданған өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделген негiздерде және тәртiппен мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар алуға құқығы бар.

2. Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының азаматтарымен бiрдей мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы алу құқығын пайдаланады.

3. Бiр мезгiлде әртүрлi мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар алуға құқығы бар адамдарға олардың тыңдауы бойынша бiр жәрдемақы тағайындалады.

4. Мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақылар (бұдан әрі - жәрдемақылар) - бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын, азаматтарға мүгедектік туындаған, асыраушысынан айырылған кезде және жасына байланысты берілетін ай сайынғы ақшалай төлемдер.
Ескерту. 1-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.11.16. N 482, 2005.12.15. N 101 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңдарымен.

1-1-бап. Халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы органдар

1. Орталық атқарушы орган - халықты әлеуметтiк қорғау саласында реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган.

2. Уәкiлеттi ұйым (бұдан әрi - Орталық) - осы Заңның шарттары бойынша функцияларды жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Yкiметi уәкiлеттiк берген заңды тұлға.

3. Жәрдемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi орган - Орталықтың аумақтық бөлiмшелерi.

4. Жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган - уәкiлеттi мемлекеттiк органның аумақтық бөлiмшелерi.
Ескерту. 1-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), өзгерту енгізілді - 2006.07.04. N 148 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

2-бап. Жәрдемақылар төлеуге арналған қаражат

Осы Заңға сәйкес жәрдемақылар төлеу бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
Ескерту. 2-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.

3-бап. Жәрдемақылар тағайындау тәртiбi

1. Жәрдемақылар тағайындау үшiн өтiнiш жасау жәрдемақыға құқығы пайда болғаннан кейiн, қандай да бiр мерзiммен шектелмей кез келген уақытта жүзеге асырылуы мүмкiн.

2. Жәрдемақы тағайындау туралы өтiнiш жәрдемақыға құқығы бар адамның тұрғылықты жерi бойынша жәрдемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi органға берiледi, оған тiзбесiн орталық атқарушы орган бекiтетiн құжаттар қоса беріледi.
3. Азаматтарға жәрдемақы тағайындауды орталық атқарушы орган белгiлеген тәртiппен жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган жүргiзедi.

4. Жәрдемақы тағайындау үшiн құжаттарды қарау өтiнiш берiлген күннен бастап он жұмыс күнiнен аспауға тиiс.
Жәрдемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi орган тиiстi шешiм шығарылғаннан кейiн бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей ол туралы өтiнiш берушiге хабарлайды.
Жәрдемақы тағайындаудан бас тартылған жағдайда жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган бас тарту себебiн жазбаша дәлелдеп, өтiнiш берушiге құжаттарын қайтаруға мiндеттi.

5. Жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның шешiмiне сот тәртiбiмен шағым жасалуы мүмкiн.
Ескерту. 3-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.20. N 13 (01.01.2005 бастап күшіне енеді), 2006.07.04. N148 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

4-бап. Жәрдемақының бiр түрiн екiншiсiне ауыстыру

Жәрдемақының бiр түрiн екiншiсiне ауыстыру жәрдемақы алушы адамның жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға барлық қажеттi құжаттарымен қоса өтiнiш берген күннен бастап жүргiзiледi.

Жәрдемақының бiр түрiнен екiншiсiне ауыстыру туралы өтiнiш беру, құжаттарды қарау, шешiм қабылдау тәртiбi, сондай-ақ осындай жәрдемақыны төлеу осы Заңның 3-бабының 2 - 5-тармақтарына сәйкес жүргiзiледi.
Ескерту. 4-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.

5-бап. Жәрдемақылар тағайындау мерзiмi

1. Жасына байланысты жәрдемақы сондай жәрдемақы тағайындауға өтiнiш берiлген күннен бастап тағайындалады.

2. Мүгедектiгi бойынша жәрдемақы мүгедектiгi белгiленген күннен бастап, бiрақ оны тағайындауға өтiнiш берген күнге дейiн әрi кеткенде 3 айдан аспайтын мерзiм үшiн тағайындалады.

3. Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жәрдемақылар жәрдемақыға құқығы пайда болған күннен бастап тағайындалады, бiрақ барлық қажеттi құжаттармен жәрдемақыға тағайындауға өтiнiш берiлген күнге дейiн әрi кеткенде 12 айдан аспайтын мерзiм үшiн.

4. Жәрдемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi органның өтiнiштi барлық қажеттi құжаттармен бiрге қабылдаған күнi жәрдемақы тағайындау үшiн өтiнiш берiлген күн болып есептеледi.
Ескерту. 5-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.

6-бап. Жәрдемақыларды төлеу тәртiбi

1. Жәрдемақы төлеу ағымдағы ай үшiн жүргiзіледi. Жәрдемақы алушы қайтыс болған жағдайда жәрдемақы қайтыс болған айына қоса төленедi.

2. Алушы уақытында талап етпеген жәрдемақылардың есептелген сомасы өткен уақыт үшiн, бiрақ оларды алу үшiн өтiнiш беру алдындағы 3 жылдан аспайтын уақытқа төленедi.

3. Жәрдемақы тағайындау және төлеу жөнiндегi уәкiлеттi органдардың кiнәсi бойынша уақытында алынбаған жәрдемақылар сомасы қандай да бiр мерзiммен шектелмей, өткен уақыт үшiн бiр мезгiлде төленедi.

3-1. Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды алушы қайтыс болған жағдайда отбасы мүшелеріне не жерлеуді жүзеге асырған адамға 15,7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жерлеуге арналған біржолғы төлем төленеді.

4. Жәрдемақы төлеу орталық атқарушы орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
Ескерту. 3-1-тармақпен толықтырылды - ҚР 1999.04.05 N 366 Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.20 N 13 (01.01.2005 бастап күшіне енеді), 2006.07.04. N 148 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 31.03.2014 N 180-V(01.04.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.011 сек.)