АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция
|
Бап. Тонау
1. Тонау, яғни бөтеннің мүлкін ашық жымқыру – мүлкi тәркiленiп немесе онсыз, екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2. Мынадай: 1) жәбiрленушiнiң өмiрiне немесе денсаулығына қауiптi емес күш қолданып не осындай күш қолдану қатерін төндіріп; 2) бiрнеше рет; 3) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен; 4) тұрғын, қызметтiк, өндiрiстiк үй-жайға не қоймаға заңсыз кiріп жасалған тонау – мүлкi тәркiленiп, үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 3. Ірi мөлшерде жасалған тонау – мүлкi тәркiленiп, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 4. Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген іс-әрекеттер, егер оларды: 1) қылмыстық топ жасаса; 2) аса iрi мөлшерде жасалса, – мүлкi тәркiленiп, жетi жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
192-бап. Қарақшылық
1. Қарақшылық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру мақсатындағы шабуылға ұшыраған адамның өмiрiне немесе денсаулығына қауiптi күш колданумен немесе тiкелей осындай күш қолдану қатерін төндірумен ұласқан шабуыл – мүлкi тәркiленiп, үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2. Мынадай: 1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен; 2) бiрнеше рет; 3) тұрғын, қызметтiк, өндiрiстiк үй-жайға не қоймаға заңсыз кiріп; 4) қаруды немесе қару ретiнде пайдаланылатын заттарды қолданып; 5) денсаулыққа ауыр зиян келтіріп жасалған қарақшылық – мүлкi тәркiленiп, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 3. Мынадай: 1) денсаулыққа ауыр зиян келтіре отырып, абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан; 2) iрi мөлшердегі мүлiктi жымқыру мақсатында жасалған қарақшылық – мүлкi тәркiленiп, жетi жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 4. Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген іс-әрекеттер, егер оларды: 1) қылмыстық топ жасаса; 2) аса iрi мөлшерде жасалса, – мүлкi тәркiленiп, он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
193-бап. Ерекше құндылығы бар заттарды жымқыру
1. Ерекше тарихи, ғылыми, көркемдiк немесе мәдени құндылығы бар заттарды немесе құжаттарды жымқыру, оларды жымқыру тәсiлiне қарамастан, – мүлкi тәркiленiп немесе онсыз, үш жылдан алты жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2. Мынадай: 1) алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған; 2) бiрнеше рет жасалған дәл сол іс-әрекет – мүлкi тәркiленiп, жеті жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген іс-әрекеттер, егер оларды: 1) қылмыстық топ жасаса; 2) осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген заттарды немесе құжаттарды жоюға не бүлдіруге әкеп соқса, – мүлкi тәркiленiп, он жылдан он екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
194-бап. Қорқытып алу
1. Қорқытып алушылық, яғни күш қолдану не бөтеннің мүлкін жою немесе бүлдiру қатерін төндіріп, сол сияқты жәбiрленушiнi немесе оның жақындарын масқаралайтын мәлiметтердi не жариялануы жәбiрленушiнiң немесе оның жақындарының мүдделерiне елеулі зиян келтiруi мүмкiн өзге де мәлiметтердi тарату қатерін төндіріп бөтеннің мүлкін немесе мүлiкке құқықты беруді немесе мүлiктiк сипаттағы басқа да әрекеттер жасауды талап ету – мүлкi тәркiленiп немесе онсыз, төрт мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2. Мынадай: 1) күш қолданып; 2) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен; 3) бiрнеше рет жасалған қорқытып алушылық – мүлкi тәркiленiп, үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 3. Мынадай: 1) жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтіріп; 2) ірi мөлшерде мүлiк алу мақсатында жасалған қорқытып алушылық – мүлкi тәркiленiп, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 4. Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген іс-әрекеттер, егер оларды: 1) қылмыстық топ жасаса; 2) аса iрi мөлшерде жасалса, – мүлкi тәркiленiп, жетi жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
195-бап. Алдау немесе сенiмді теріс пайдалану жолымен мүлiктiк залал келтiру
1. Алдау немесе сенiмді теріс пайдалану жолымен мүлiктің меншiк иесiне немесе өзге де иеленушісіне жымқыру белгiлерi болмаған кезде мүлiктiк залал келтiру – үш жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не жетпіс бес тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады. 2. Бірнеше рет жасалған дәл сол іс-әрекет – бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не тоқсан тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады. 3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген: 1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен; 2) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып; 3) ақпараттық жүйеге заңсыз кіру не ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша берілетін ақпаратты өзгерту жолымен жасалған іс-әрекеттер – белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген іс-әрекеттер, егер оларды: 1) қылмыстық топ жасаса; 2) ірі залал келтірсе, – мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
196-бап. Көрiнеу қылмыстық жолмен табылған мүлiктi иемдену немесе өткізу
Көрiнеу қылмыстық жолмен табылған мүлiктi күні бұрын уәделеспей иемдену немесе өткізу – үш жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не жетпіс бес тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады. 2. Бірнеше рет жасалған дәл сол іс-әрекеттер – бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не тоқсан тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады. 3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген: 1) автомобильге, мұнай мен мұнай өнiмдерiне немесе iрi мөлшердегi өзге мүлiкке қатысты; 2) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен; 3) тарих, мәдениет ескерткiштерiне, сондай-ақ ерекше тарихи, ғылыми, көркемдiк немесе мәдени құндылығы бар заттарға, құжаттарға қатысты жасалған іс-әрекеттер – мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, төрт мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 4. Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшінші бөлiктерiнде көзделген, қылмыстық топ немесе адам өзiнiң қызмет бабын пайдалана отырып жасаған іс-әрекеттер – мүлкi тәркiленiп немесе онсыз, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
197-бап. Мұнайдың және мұнай өнiмдерiнің шығарылу заңдылығын растайтын құжаттарсыз оларды тасымалдау, иемдену, өткiзу, сақтау, сондай-ақ мұнайды қайта өңдеу
1. Мұнайдың және мұнай өнiмдерiнің шығарылу заңдылығын растайтын құжаттарсыз оларды тасымалдау, иемдену, өткiзу, сақтау, сондай-ақ мұнайды қайта өңдеу – үш жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не жетпіс бес тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады. 2. Бірнеше рет жасалған дәл сол іс-әрекеттер – бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не тоқсан тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады. 3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, ірі мөлшерде жасалған іс-әрекеттер – мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген: 1) қылмыстық топ жасаған; 3) аса ірі мөлшерде жасалған іс-әрекеттер – мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, үш жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
198-бап. Авторлық және (немесе) сабақтас құқықтарды бұзу
1. Авторлық және (немесе) сабақтас құқықтар объектiлерiн заңсыз пайдалану, сол сияқты авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектiлерiнiң контрафактiлiк даналарын өткiзу мақсатында иемдену, сақтау, алып өту немесе дайындау не авторлықты иемденiп алу немесе тең авторлыққа мәжбүрлеу – бір жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз жиырма сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға жазаланады. 2. Дәл сол іс-әрекеттер, егер олар айтарлықтай мөлшерде жасалса немесе айтарлықтай залал не автордың немесе өзге құқық иеленушiнің құқықтарына немесе заңды мүдделерiне елеулі зиян келтiрсе не бірнеше рет жасалса, – үш жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не жетпіс бес тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады. 3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген: 1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен; 2) iрi мөлшерде жасалған немесе iрi залал келтiрген; 3) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған іс-әрекеттер – белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 4. Осы баптың екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген, қылмыстық топ жасаған іс-әрекеттер – үш жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
199-бап. Өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, өнеркәсiптiк үлгiлерге, селекциялық жетiстiктерге немесе интегралдық микросхемалар топологияларына құқықтарды бұзу
1. Өнертабыстың, пайдалы модельдiң, өнеркәсiптiк үлгiнiң, селекциялық жетiстiктiң немесе интегралдық микросхема топологиясының мәнiн олар туралы мәлiметтер ресми түрде жарияланғанға дейiн автордың немесе өтініш берушінің келiсiмiнсiз жария ету, сол сияқты авторлықты иемденiп алу немесе тең авторлыққа мәжбүрлеу не өнертабысты, пайдалы модельдi, өнеркәсiптiк үлгiнi, селекциялық жетiстiктi немесе интегралдық микросхема топологиясын заңсыз пайдалану – бір жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз жиырма сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға жазаланады. 2. Дәл сол іс-әрекеттер, егер олар айтарлықтай мөлшерде жасалса немесе айтарлықтай залал не автордың немесе өзге құқық иеленушiнің құқықтарына немесе заңды мүдделерiне елеулі зиян келтiрсе не бірнеше рет жасалса, – үш жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не жетпіс бес тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады. 3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген: 1) алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы; 2) iрi мөлшерде жасалған немесе iрi залал келтiрген; 3) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған іс-әрекеттер – белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 4. Осы баптың екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген, қылмыстық топ жасаған іс-әрекеттер – үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
200-бап. Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу
1. Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу (айдап кету) – бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2. Мынадай: 1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен; 2) бiрнеше рет; 3) өмiрге немесе денсаулыққа қауiптi емес күш қолданып не сондай күш қолдану қатерін төндіріп жасалған дәл сол іс-әрекет – үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бec жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, қылмыстық топ жасаған не iрi залал келтiрген іс-әрекеттер – бес жылдан сегіз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 4. Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген, өмiрге немесе денсаулыққа қауiптi күш қолданып не сондай күш қолдану қатерін төндіріп жасалған іс-әрекеттер – алты жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
201-бап. Жерге заттай құқықтарды бұзу
1. Азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтарына немесе заңмен қорғалатын мүдделерiне не қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiне елеулi зиян келтiруге әкеп соққан, күш қолданып не оны қолдану қатерін төндіріп жасалған немесе адамдар тобы жасаған немесе заңсыз тiнтумен ұласқан бөтен жер учаскесiне заңсыз кіріп кету, сол сияқты бөтен жер учаскесiн заңсыз басып алу – екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған іс-әрекеттер – белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
202-бап. Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдiру
1. Айтарлықтай залал келтіріп, бөтеннің мүлкiн қасақана жою немесе бүлдiру – екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2. Мынадай: 1) өрт қою, жарылыс жасау арқылы немесе өзге де жалпы қауiптi тәсілмен жасалған; 2) абайсызда денсаулыққа ауыр немесе ауырлығы орташа зиян келтiруге әкеп соққан; 3) жәбiрленушiнiң өзiнiң қызметтiк немесе қоғамдық борышын орындауына байланысты не оның жақын туыстарына қатысты нақ сондай уәждермен жасалған; 4) әлеуметтiк, ұлттық, нәсiлдiк немесе дiни араздық уәжі бойынша жасалған; 5) ірі залал келтірген дәл сол іс-әрекет – үш мыңнан жеті мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 3. Осы баптың бірiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген: 1) абайсызда адам өлiмiне; 2) аса ірі залал келтіруге әкеп соққан іс-әрекеттер – бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
203-бап. Ерекше құндылығы бар заттарды қасақана жою немесе бүлдіру
1. Тарих, мәдениет ескерткіштерін, табиғи кешендерді немесе мемлекет қорғауға алған объектілерді, сондай-ақ ерекше тарихи, ғылыми, көркемдік немесе мәдени құндылығы бар заттарды немесе құжаттарды қасақана жою немесе бүлдіру – үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2. Мынадай: 1) өрт қою, жарылыс жасау арқылы немесе өзге де жалпы қауiптi тәсілмен жасалған; 2) абайсызда денсаулыққа ауыр немесе ауырлығы орташа зиян келтiруге әкеп соққан; 3) әлеуметтiк, ұлттық, нәсiлдiк немесе дiни араздық уәжі бойынша жасалған дәл сол іс-әрекет – бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан іс-әрекеттер – жеті жылдан он екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
204-бап. Бөтеннің мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру
1. Абайсызда жасап, ірі залал келтіріп бөтеннің мүлкін жою немесе бүлдіру – бір жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз жиырма сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не қырық бес тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады. 2. Отпен немесе қауiптiлігі жоғары өзге де көздермен абайсыз жұмыс iстеу арқылы жасалған не ауыр зардаптарға әкеп соққан немесе аса ірі залал келтірген дәл сол іс-әрекет – екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
7-тарау. АҚПАРАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР
205-бап. Ақпаратқа, ақпараттық жүйеге немесе ақпараттық-коммуникациялық желіге құқыққа сыйымсыз қол жеткізу
1. Электрондық жеткізгіштегі заңмен қорғалатын ақпаратқа, ақпараттық жүйеге немесе ақпараттық-коммуникациялық желіге азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бұзуға әкеп соққан қасақана құқыққа сыйымсыз қол жеткізу – белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан екі жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, үш жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не жетпіс бес тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады. 2. Ұлттық электрондық ақпараттық ресурстарға немесе ұлттық ақпараттық жүйеге қатысты жасалған дәл сол іс-әрекет – белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан екі жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жүз сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не тоқсан тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады. 3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, абайсызда ауыр зардаптарға әкеп соққан іс-әрекеттер – белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
206-бап. Ақпаратты құқыққа сыйымсыз жою немесе түрлендіру
1. Электрондық жеткізгіште сақталатын, ақпараттық жүйеде қамтылатын немесе ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша берілетін, заңмен қорғалатын ақпаратты қасақана құқыққа сыйымсыз жою немесе түрлендіру, сол сияқты ақпараттық жүйеге көрінеу жалған ақпарат енгізу, егер бұл азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бұзуға әкеп соқса, – белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан екі жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не тоқсан тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады. 2. Мынадай: 1) ұлттық электрондық ақпараттық ресурстарға немесе ұлттық ақпараттық жүйеге қатысты; 2) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған дәл сол іс-әрекеттер – белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген: 1) қылмыстық топ жасаған; 2) ауыр зардаптарға әкеп соққан іс-әрекеттер – белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
207-бап. Ақпараттық жүйенің немесе ақпараттық-коммуникациялық желінің жұмысын бұзу
1. Ақпараттық жүйенің немесе ақпараттық-коммуникациялық желінің жұмысын бұзуға бағытталған қасақана әрекеттер (әрекетсіздік) – белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан екі жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2. Мынадай: 1) ұлттық электрондық ақпараттық ресурстарға немесе ұлттық ақпараттық жүйеге қатысты; 2) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған дәл сол іс-әрекеттер – белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, төрт мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген: 1) қылмыстық топ жасаған; 2) ауыр зардаптарға әкеп соққан іс-әрекеттер – белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
208-бап. Ақпаратты құқыққа сыйымсыз иеленіп алу
1. Электрондық жеткізгіште сақталатын, ақпараттық жүйеде қамтылатын немесе ақпараттық-коммуникациялық желімен берілетін заңмен қорғалатын ақпаратты қасақана құқыққа сыйымсыз көшіру немесе өзгедей құқыққа сыйымсыз иеленіп алу, егер бұл азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бұзуға әкеп соқса, – белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан екі жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, екі жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не алпыс тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады. 2. Мынадай: 1) ұлттық электрондық ақпараттық ресурстарға немесе ұлттық ақпараттық жүйеге қатысты; 2) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған дәл сол іс-әрекет – белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген: 1) қылмыстық топ жасаған; 2) ауыр зардаптарға әкеп соққан іс-әрекеттер – белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
209-бап. Ақпаратты беруге мәжбүрлеу
1. Күш қолдану не мүлікті жою немесе бүлдiру қатерін төндіріп, сол сияқты жәбiрленушiнi немесе оның жақындарын масқаралайтын мәлiметтердi не жариялануы жәбiрленушiнiң немесе оның жақындарының мүдделерiне елеулі зиян келтiруi мүмкiн өзге де мәлiметтердi тарату қатерін төндіріп, электрондық жеткізгіште сақталатын, ақпараттық жүйеде қамтылатын немесе ақпараттық-коммуникациялық желімен берілетін, заңмен қорғалатын ақпаратты беруге мәжбүрлеу – белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан екі жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2. Мынадай: 1) адамға немесе оның жақындарына дене күшін қолданумен ұштасқан; 2 алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған; 3) ұлттық электрондық ақпараттық ресурстардан немесе ұлттық ақпараттық жүйеден ақпарат алу мақсатында жасалған дәл сол іс-әрекет – белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген: 1) қылмыстық топ жасаған; 2) ауыр зардаптарға әкеп соққан іс-әрекеттер – белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
210-бап. Зиян келтіретін компьютерлік бағдарламалар мен бағдарламалық өнімдерді жасау, пайдалану немесе тарату
1. Электрондық жеткізгіште сақталатын, ақпараттық жүйеде қамтылатын немесе ақпараттық-коммуникациялық желімен берілетін ақпаратты құқыққа сыйымсыз жою, бұғаттау, түрлендіру, көшіру, пайдалану, компьютердің, абоненттік құрылғының, компьютерлік бағдарламаның, ақпараттық жүйенің немесе ақпараттық-коммуникациялық желінің жұмысын бұзу мақсатында компьютерлік бағдарлама, бағдарламалық өнім жасау немесе қолданыстағы бағдарламаға немесе бағдарламалық өнімге өзгерістер енгізу, сол сияқты осындай бағдарламаны немесе бағдарламалық өнімді қасақана пайдалану және (немесе) тарату – белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2. Мынадай: 1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен; 2) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып; 3) ұлттық электрондық ақпараттық ресурстарға немесе ұлттық ақпараттық жүйеге қатысты жасалған дәл сол іс-әрекеттер – белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген: 1) қылмыстық топ жасаған; 2) ауыр зардаптарға әкеп соққан іс-әрекеттер – белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
211-бап. Қолжетімділігі шектелген электрондық ақпараттық ресурстарды құқыққа сыйымсыз тарату
1. Азаматтардың дербес деректерін немесе Қазақстан Республикасының заңдары немесе олардың меншік иесі немесе иеленушісі қолжетімділікті шектеген өзге де мәліметтерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды құқыққа сыйымсыз тарату – белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, екі жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не алпыс тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады. 2. Мынадай: 1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен; 2) пайдакүнемдік ниетпен; 3) адам өзiнiң қызмет бабын пайдалана отырып жасалған дәл сол іс-әрекет – белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген: 1) қылмыстық топ жасаған; 2) ауыр зардаптарға әкеп соққан іс-әрекеттер – белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
212-бап. Құқыққа қайшы мақсаттарды көздейтін интернет-ресурстарды орналастыру үшін қызметтер ұсыну
1. Ашық ақпараттық-коммуникациялық желіде жұмыс істейтін аппараттық-бағдарламалық кешендерді құқыққа қайшы мақсаттарды көздейтін интернет-ресурстарды орналастыру үшін ұсыну бойынша көрінеу құқыққа қайшы қызметтер көрсету – белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан екі жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2. Алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы немесе қылмыстық топ жасаған дәл сол іс-әрекет – белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
213-бап. Ұялы байланыстың абоненттiк құрылғысының сәйкестендiру кодын, абоненттi сәйкестендiру құрылғысын құқыққа сыйымсыз өзгерту, сондай-ақ абоненттiк құрылғының сәйкестендiру кодын өзгертуге арналған бағдарламаларды жасау, пайдалану, тарату
1. Ұялы байланыстың абоненттiк құрылғысының сәйкестендiру кодын өзгерту, ұялы байланыс абонентiн сәйкестендiру картасының телнұсқасын жасау, егер бұл әрекеттер өндірушінің немесе заңды иесінің келісімінсіз жасалса, – үш жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не жетпіс бес тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады. 2. Ұялы байланыстың абоненттiк құрылғысының сәйкестендiру кодын өзгертуге немесе ұялы байланыс абонентiн сәйкестендiру картасының телнұсқасын жасауға мүмкiндiк беретiн бағдарламаларды құқыққа сыйымсыз жасау, пайдалану, тарату – екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, қылмыстық топ жасаған іс-әрекеттер – бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
8-тарау. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР
214-бап. Заңсыз кәсiпкерлiк, заңсыз банктік қызмет
1. Кәсiпкерлiк немесе банктік қызметтi (банк операцияларын) тiркелусіз, сол сияқты осындай қызмет үшін міндетті лицензиясыз не рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнаманы бұзып жүзеге асыру, сол сияқты кәсіпкерлік қызметтің тыйым салынған түрлерімен айналысу, егер бұл іс-әрекеттер азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі залал келтірсе не ірі мөлшерде табыс алумен немесе айтарлықтай мөлшерде акцизделетін тауарларды өндірумен, сақтаумен, тасымалдаумен не өткізумен ұштасса, – мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2. Мынадай: 1) қылмыстық топ жасаған; 2) аса ірі мөлшерде табыс алумен ұштасқан; 3) бірнеше рет жасалған дәл сол іс-әрекеттер – мүлкi тәркiленiп, бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
215-бап. Жалған кәсіпкерлік
1. Жалған кәсiпкерлiк, яғни кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру ниетiнсiз, кредиттерді заңсыз алу немесе салықтан босату немесе тыйым салынған қызметті жасыру немесе өзге де мүліктік пайда алу мақсатында немесе осындай әрекеттердің жасалуына жәрдемдесу мақсатында жеке кәсiпкерлiк субъектiсiн құру не басқа заңды тұлғалардың олардың шешiмдерiн айқындау құқығын беретiн акцияларын (қатысу үлестерiн, пайларын) иемдену, сол сияқты оларға басшылық ету, егер бұл іс-әрекеттер азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке iрi залал келтiрсе, – екi мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2. Мынадай: 1) бiрнеше рет; 2) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен; 3) мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адам не оған теңестiрiлген адам не лауазымды адам не жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам жасаған дәл сол іс-әрекеттер, егер олар өзінің қызмет бабын пайдалануымен ұштасса; 4) басқа жеке (заңды) тұлғаның келісімінсіз оның құжаттарын не жалған құжаттар пайдаланып жасалған дәл сол іс-әрекеттер – мүлкі тәркіленіп, ал 3) тармақта көзделген жағдайларда белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, үш мыңнан жеті мың айлық есептiк көрсеткiшке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзету жұмыстарына не үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, қылмыстық топ жасаған немесе аса ірі залал келтірген іс-әрекеттер – мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып немесе онсыз, жеті жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
216-бап. Іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура жазу бойынша әрекеттер жасау
1. Мүліктік пайда алу мақсатында жеке кәсіпкерлік субъектісінің іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура жазу бойынша әрекеттерді азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі залал келтіріп жасауы – үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген: 1) бірнеше рет; 2) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен; 3) он мың айлық есептік көрсеткіштен асатын сомаға жасалған; 4) мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адам не оған теңестірілген адам не лауазымды адам не жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам жасаған іс-әрекет, егер ол өзінің қызмет бабын пайдалануымен ұштасса; 5) жалған кәсіпорынды пайдалану арқылы жасалған іс-әрекет – мүлкі тәркіленіп, ал 4) тармақта көзделген жағдайларда белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, үш мыңнан жеті мың айлық есептiк көрсеткiшке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, қылмыстық топ жасаған немесе аса ірі залал келтірген іс-әрекеттер – мүлкі тәркіленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып немесе онсыз, жеті жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
217-бап. Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету
1. Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру, яғни тартылған қаражатты қабылданған мiндеттемелердi қамтамасыз ететiн кәсiпкерлiк қызметке пайдаланбай, жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ақшасын немесе өзге мүлкiн не оған құқығын қайта бөлу және бiр қатысушыларды басқалардың жарналары есебiнен байыту арқылы осы активтердi тартудан табыс алу (мүлiктiк пайда табу) жөнiндегi қызметті ұйымдастыру, сол сияқты қаржылық (инвестициялық) пирамидаға немесе оның құрылымдық бөлімшесіне басшылық ету – мүлкі тәркіленіп, бір мыңнан үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерінде айыппұл салуға не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2. Мынадай: 1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен; 2) бірнеше рет; 3) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып; 4) ірі мөлшерде ақшаны немесе өзге мүлікті тарта отырып жасалған дәл сол іс-әрекеттер – мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, үш жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген: 1) қылмыстық топ жасаған; 2) аса ірі мөлшерде ақшаны немесе өзге мүлікті тарта отырып жасалған; 3) мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адам не оған теңестiрiлген адам не лауазымды адам не жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам жасаған іс-әрекеттер, егер олар өзінің қызмет бабын пайдалануымен ұштасса, – мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан жеті жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, ал 3) тармақта көзделген жағдайларда мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, бес жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Ескерту. Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құруға дем берушілік немесе оған немесе оның құрылымдық бөлімшесіне басшылық ету туралы өз еркімен мәлімдеген, сондай-ақ оның қызметін ашуға немесе жолын кесуге белсенді түрде ықпал еткен, қаржылық (инвестициялық) пирамиданы ұйымдастырушыдан басқа адам, егер оның әрекеттерінде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
218-бап. Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату)
1. Қылмыстық және (немесе) әкімшілік құқық бұзушылықтардан түскен табыстар болып табылатын мүлікті конверсиялау немесе аудару түрінде мәмілелер жасасу арқылы қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңды айналымға тарту, егер мұндай мүлік қылмыстық және (немесе) әкімшілік құқық бұзушылықтардан түскен табыстар болып табылатыны белгілі болса, оның шынайы сипатын, көзін, орналасқан жерін, оған билік ету, оны ауыстыру тәсілін, мүлікке құқықтарды немесе оның тиесілігін жасыру немесе жасырып қалу, сол сияқты осы мүлікті иелену және пайдалану немесе қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастыруға делдалдық ету, егер бұл іс-әрекеттер айтарлықтай мөлшерде жасалса, – мүлкі тәркіленіп, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2. Мынадай: 1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен; 2) бірнеше рет; 3) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған дәл сол іс-әрекеттер – мүлкі тәркіленіп, бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген: 1) мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адам не оған теңестiрiлген адам не лауазымды адам не жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам жасаған іс-әрекеттер, егер олар өзінің қызмет бабын пайдалануымен ұштасса; 2) қылмыстық топ жасаған; 3) iрi мөлшерде жасалған іс-әрекеттер, – мүлкі тәркіленіп, ал 1) тармақта көзделген жағдайларда белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Ескерту. Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) мүлікті заңдастыру дайындалып жатқаны не оның жасалғаны туралы өз еркімен мәлімдеген адам, егер оның әрекеттерінде осы баптың екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген қылмыстар немесе өзге де қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
219-бап. Кредиттi заңсыз алу немесе бюджеттік кредитті мақсатсыз пайдалану
1. Дара кәсiпкердiң немесе ұйымның шаруашылық жағдайы, қаржылық жай-күйi немесе кепiл мүлкi туралы немесе кредиттi, дотацияны, кредиттеудiң жеңiлдiктi шарттарын алу үшін елеулi мәнi бар өзге де мән-жайлар туралы көрiнеу жалған мәлiметтердi банкке немесе өзге де кредиторға ұсыну арқылы дара кәсiпкердiң немесе ұйым басшысының кредитті, дотацияны не кредиттеудiң жеңiлдiктi шарттарын алуы, сол сияқты кредиттеудi, дотация берудi тоқтатуға, жеңiлдiктердi жоюға не бөлiнген кредит пен дотация мөлшерлерiн шектеуге әкеп соқтыруы мүмкін мән-жайлардың туындағаны туралы ақпаратты банкке немесе өзге кредиторға хабарламауы, егер бұл іс-әрекеттер iрi залал келтiрсе, – екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2. Бюджеттiк кредиттi нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбау, егер бұл іс-әрекет азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке iрi залал келтiрсе, – екі мың айлық есептік көрсеткішке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
220-бап. Облигацияларды орналастырудан алынған ақшаны мақсатсыз пайдалану 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | Поиск по сайту:
|