АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция
|
бап. Мародерлік
Шайқас алаңында өлгендер мен жараланғандардың заттарын жымқыру (мародерлік) – бес жылдан он жылға дейiнгі мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
458-бап. Әскери сипаттағы құпия мәлiметтердi жария ету немесе әскери сипаттағы құпия мәлiметтер жеткізгіштерді жоғалту
1. Мемлекеттiк құпиясы жоқ әскери сипаттағы құпия мәлiметтер жеткізгіштерді қызметi бойынша сенiп тапсырылған адамның абайсызда жоғалтуы, егер жоғалту аталған жеткізгіштермен жұмыс істеудің белгiленген қағидаларын бұзудың салдары болып табылса, – бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не тоқсан тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады. 2. Мемлекеттiк құпиясы жоқ әскери сипаттағы құпия мәлiметтердi қызметi бойынша сенiп тапсырылған немесе белгiлi болған адамның жария етуi – екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, iрi залал келтiруге немесе өзге де ауыр зардаптардың туындауына әкеп соққан іс-әрекеттер – бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 4. Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшінші бөлiктерiнде көзделген, ұрыс жағдайында немесе төтенше жағдай кезінде жасалған іс-әрекеттер – жеті жылдан он екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 5. Осы баптың бiрiншi, екінші немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген, соғыс уақытында жасалған іс-әрекеттер – он жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
459-бап. Әскери мүлiктi қасақана жою немесе бүлдiру
1. Қару-жарақты, оқ-дәрiлердi, қозғалыс құралдарын, әскери техниканы немесе өзге де әскери мүлiктi қасақана жою немесе бүлдiру – екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2. Ауыр зардаптарға әкеп соққан немесе күш қолданып немесе оны қолдану қатерін төндіріп жасалған не адамдар тобы немесе алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған дәл сол іс-әрекет – бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, ұрыс жағдайында немесе төтенше жағдай кезінде жасалған іс-әрекеттер – бес жылдан он екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 4. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, соғыс уақытында жасалған іс-әрекеттер – он жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
460-бап. Әскери мүлiктi абайсызда жою немесе бүлдiру
Қару-жарақты, оқ-дәрiлердi, қозғалыс құралдарын не әскери техника заттарын ауыр зардаптарға әкеп соққан абайсызда жою немесе бүлдiру – бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не тоқсан тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
461-бап. Әскери мүлiктi жоғалту
Қызметте пайдалану үшiн сенiп тапсырылған қару-жарақты, оқ-дәрілерді немесе әскери техника заттарын сақтау қағидаларын бұзу, егер бұл оларды жоғалтуға әкеп соқса, – екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
462-бап. Қару-жарақпен, сондай-ақ айналадағыларға қауiп төндіретін заттармен және нәрселермен жұмыс істеу қағидаларын бұзу
1. Қару-жарақпен, оқ-дәрiлермен, радиоактивтi материалдармен, жарылғыш немесе айналасындағыларға аса қауіп төндіретін өзге де заттармен және нәрселермен жұмыс істеу қағидаларын бұзу, егер бұл абайсызда адамның денсаулығына ауыр немесе ауырлығы орташа зиян келтiруге, әскери мүлiктiң жойылуына не өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса, – екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2. Абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан дәл сол іс-әрекет – бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет – бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
463-бап. Машиналарды жүргiзу немесе пайдалану қағидаларын бұзу
1. Жауынгерлік, арнаулы немесе көлiктік машинаны жүргiзу немесе пайдалану қағидаларын абайсызда адамның денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтiруге әкеп соққан бұзу – белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан екі жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, үш жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не жетпіс бес тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады. 2. Абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян келтіруге әкеп соққан дәл сол іс-әрекет – белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет – белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 4. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет – белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан он жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
464-бап. Ұшу немесе оған дайындалу қағидаларын бұзу
Абайсызда адам өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан, ұшу немесе оған дайындалу қағидаларын бұзу, сол сияқты әскери ұшу аппараттарын пайдалану қағидаларын бұзу – белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан он жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, үш жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
465-бап. Корабль жүргiзу қағидаларын бұзу
Әскери корабльдерді жүргiзу немесе пайдалану қағидаларын абайсызда адам өлiмiне не өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан бұзу – белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан он жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, үш жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
466-бап. Адамның алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйде машиналарды жүргізуі, корабльдерді жүргізуі, әскери ұшу аппаратын басқаруы, әскери техниканы осындай адамның жүргізуіне немесе басқаруына беру не жүргізуіне немесе басқаруына жол беру
1. Алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйдегі адамның жауынгерлік, арнаулы немесе көліктік машинаны жүргізуі не әскери корабльдерді жүргізуі не әскери ұшу аппаратын басқаруы не осындай адамға аталған әскери техниканы жүргізуге немесе басқаруға беру, сол сияқты осындай адамның әскери техниканы жүргізуіне немесе басқаруына лауазымды адамның жол беруі – белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан екі жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не тоқсан тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады. 2. Абайсызда адамның денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтіруге әкеп соққан дәл сол іс-әрекеттер – белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян келтіруге әкеп соққан іс-әрекеттер – белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан алты жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бес жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 4. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекеттер – белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан жеті жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, бес жылдан он жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 5. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан іс-әрекеттер – белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан он жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
467-бап. Осы Кодексті қолданысқа енгізу және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілерінің күші жойылды деп тану туралы
1. Осы Кодекс, 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 45-бапты, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 48-бапты қоспағанда, 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. 2. Осы Кодекстің 287-бабында бекітілген ережелер жарақаттайтын патрондармен атылатын ұңғысыз атыс қаруын, газды қаруды сақтауға және алып жүруге ішкі істер органдарының рұқсаты бар адамдарға 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданылады. 3. Осы Кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап мыналардың күші жойылды деп танылсын: 1) 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 15-16, 211-құжат; 1998 ж., № 16, 219-құжат; № 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 20, 721-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 10, 106-құжат; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 15, 137-құжат; № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 21-22, 87-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 72-құжат; № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 4, 33-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 17, 140-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 71, 73, 75-құжаттар; № 17, 82, 83-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 11, 59-құжат; № 15, 71-құжат; № 20-21, 119-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 19, 28-құжаттар; № 19, 145-құжат; № 20, 158-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 13-құжат; № 3, 26, 27-құжаттар; № 4, 30-құжат; № 5, 35, 36-құжаттар; № 10, 77-құжат; № 12, 84-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 4, 21-құжат; № 7, 36-құжат; № 10-11, 54, 56-құжаттар; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 11-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 8, 49-құжат), 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап күшін жоятын 51-бабын қоспағанда; 2) «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiн күшiне енгiзу туралы» 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 15-16, 212-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2002 ж., № 18, 158-құжат; 2003 ж., № 24, 180-құжат; 2009 ж., № 24, 128-құжат; 2014 ж., № 8, 49-құжат).
Қазақстан Республикасының Президентi Н. Назарбаев
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | Поиск по сайту:
|