|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
Информатика
1. Ақпарат түсінігі. Информатиканың пәндік аймағы және міндеттері. 2. ДК жұмыс істеу қағидалары (принциптері). Джон фон-Нейман қағидалары. Дербес компьютер архитектурасы. Негізгі блоктары мен олардың атқаратын қызметі. 3. Компьютердің операциялық жүйелері (ОЖ). ОЖ-де файлдар жүйесін ұйымдастыру. 4. ДК-дегі ақпаратты өлшеу және бейнелеу. Ақпаратты жіктеу (классификация) және кодтау. 5. Мәтіндік процессорлар (редакторлар) және олардың кешендік мәтіндерді форматтау тәсілдері. 6. Кестелік процессорлар (MS Excel), олардың графикалық, статистикалық және экономикалық мәліметтерді өңдеу мүмкіндіктері. 7. MS Access сияқты МҚБЖ-ң мәліметтер қорын қалыптастыру және өңдеу қызметі. Сұраныстард, формалар және қорытынды есеп (отчет) құру. 8. Компьютерлік вирустар. Вируспен зақымданудың негізгі белгілері. Вирусқа қарсы программалар, олардың түрлері мен негізгі мүмкіндіктері. 9. Программалық жабдықтамалардың (ПЖ) жіктелуі (классификациясы). Жүйелік және қолданбалы ПЖ. 10. Графикалық редакторлар. Векторлық және растрлық графика, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары. 1. Ақпарат түсінігі. Информатиканың пәндік аймағы және міндеттері. «Ақпарат» термині латынның «informatio» - түсініктеме, баяндама, хабар басу деген сөзінен шыққан. Ақпарат ұғымы: 1) философиялық тұрғыдан, ақпарат – біздің санамызбен қабылданатын, ақиқат өмірдің белгілі бір объектілері, үрдістері мен құбылыстарының қасиеттері мен қатынастарының бейнелері. 2) Есептеу техникасы тұрғысынан, ақпарат ұғымы оның жадында сақталатын, қажеттігіне байланысты өңделетін және сыртқы ортаға берілетін мәліметтер. Сонымен, Ақпарат – белгілі бір нәрсе (адам, жануар, зат, құбылыс) туралы таңбалар мен сигналдар түрінде берілетін мағлұматтар. Ақпараттың түпкі заттық мазмұны оның негізгі қасиеттерін – дәлдігі мен толықтығын, бағалығы мен қажеттілігін, анықтылығы мен түсініктілігін ашуға көмектеседі. Ақпарат түрлері: мәтін, сурет, фотобейне, дыбыстық сигналдар, электрлік сигналдары, магниттік жазба және т.б. " Информатика " термині француздардың informatique (ақпарат) және automatique (автоматика) сөздерінен шыққан, оның мағынасы - "ақпараттық автоматика". Ағылшын тілді елдерде оның орнына — "Сomputer science“ термині кең қолданылады, сөзбе-сөз аудармасы "Компьютерлік ғылым". Информатика – есептеу техникасы құралдарының көмегімен ақпаратты қабылдау, құру, сақтау, түрлендіру, өңдеу және жеткізу тәсілдерін жүйеге келтіретін техникалық ғылыми пән. Яғни, Информатика – ақпараттық процесстерді зерттейтін ғылым. Пәндік аймақты келесі ұғымдар анықтайды: - есетеу техникасы құралдарының аппараттық жасақтамасы; - есептеу техникасы құралдарының программалық жасақтамасы; - аппараттық және программалық жасақтамалардың өзара әсерлесуі; - адамның аппараттық және программалық жасақтамалармен әсерлесу құралдары; Информатиканың профильдік емес пән мамандықтары үшін негізгі міндеттері: - ақпарат, ақпарат құрылымы мен қасиеттері, оны алу сақтау, өңдеу және жеткізу әдістері туралы іргелі ұғымдарды беру; - есептеу техникасының аппараттық және программалық құралдарымен жұмыс тәсілдері мен әдістерін жүйелендіру; Информатиканың профильдік пән мамандықтары үшін негізгі міндеттері: - информатика мен есептеу техникасының базалық ұғымдары мен заңдылықтарын; - информатиканың пәндік аймағы мен негізгі әдістерін; - информатиканың даму тарихын; - ақпаратты өндеуді автоматтандыруға негізделген жүйелерді құру тәсілдері мен әдістерін; - аппараттық және программалық жасақтамаларды басқау тәсілдері мен әдістерін; - компьютерлік программаларды құру тәсілдері, әдістері мен құралдарын; - ақпаратарды қорғау тәсілдерін жалпылау, қорғау әдістері мен құралдарын құру іскерлігіне үйрету болып табылады. 2. ДК жұмыс істеу қағидалары. Джон фон-Нейман қағидалары. Дербес компьютер архитектурасы. Негізгі блок/ы мен олардың атқаратын қызметі. Джон фон-Нейман принципі: 1. Ақпарат екілік сан жүйесінде бейнеленеді және оның бірлігі сөз д.а. Яғни, нольдер мен бірлерден тұратын жиындар сандарды, командаларды және т.б. ақпараттық объектілерді бейнелейді және оларды сөздер деп атайды. 2. Әртүрлі типтегі ақпарат сөздері (сандар мен командалар) бір жадта сақталынады, олар бірдей кодталынады, бірақ оларды пайдалану өзгеше болады. 3. Ақпарат сөздері машина жадысының ұяшықтарына орналасады; әрбір ұяшыққа номер беріледі, ол номер сонда жазылған сөздің адресі деп есептелінеді. Сөзді жадқа жазу үшін ұяшықтың номері көрсетіледі, ал оны пайдалану қажет болса, онда оның адресі бойынша тауып алынады. Сонымен, ұяшық адресі онда жазылған команданың немесе шаманың идентификаторы (машиналық аты) болады. Ұяшықтан алынғанда ондағы сөз өзбетімен жойылмайды; оны өшіргенше қолдануға болады. Ұяшықтағы сөзді өшіру үшін оның орнына басқа сөзді жазу керек; сонда бұрынғы сөз өшіріліп, жаңа сөз соның орнына жазылады. 4. Алгоритм командалар деп аталынатын басқарушы сөздердің тізбегінен тұрады; әрбір команда орындалатын амалдар мен оған қатысушы информациялық сөздерді анықтайды. Машина командалары арқылы құрастырылған алгоритмді программа деп атайды. 5. Есептеулердің орындалу тәртібі алгоритммен анықталып, командалардың тізбегімен (программамен) сипатталынады. Осы принциптер б/ша ЭЕМ–нің келесі түрдегі құрылғылары болуы тиіс: - арифметикалық-логикалық құрылғы екілік сан жүйесіндегі сандарға арифметикалық және логикалық амалдарды орындауға арналған; - басқару құрылғысы программаның орындалу үрдісін ұйымдастырады; - жад н/е еске сақтау құрылғысы программалар мен деректерді сақтауға арналған; - сыртқы құрылғылар ақпаратты енгізу және шығару үшін қолданылады. Фон-Нейман принципі негізіндегі құрылған компьютер архитектурасы: ДК архитектурасы деп компьютер бөліктерінің негізгі жиынтығы мен олардың арасындағы байланысты айтады. ДК мына құрылғылардан тұрады: 1) Негізгі жады (есте сақтау құрылғысы) 2) Процессор 3) Шеткі аймақтық құрылғылар Негізгі жады ақпаратты сақтауға арналған. Ол өзі: оперативтік жад және тұрақты жад деп екіге бөлінеді. ОЗУ – оперативтік жады ПЗУ – тұрақты жады Оперативтік жадыға осы кезде қажетті ғана ақпарат сақталады. Компьютер өшкен кезде оперативті жадыдағы ақпарат өшеді. Компьютердің жұмыс істеу жылдамдығы оның оперативтік сыйымдылығына байланысты. Тұрақты жады ақпаратты оны дайындау барысында электрондық немесе механикалық әдіспен жазылады. Негізгі жады регистрлерден тұрады. Регистр – ақпаратты екілік кодта уақытша сақтайтын құрылғы. Регистрдегі еске сақтау құрылғысы – триггер деп аталады. Триггер деп 0 немесе 1 деген екі күйдің бірінде болатын құрылғыны айтады. Процессор немесе микропроцессор Бұл құрылғының негізгі атқаратын қызметі машина жадына келетін ақпаратты түрлендіру. Процессордың құрамында басқару құрылғысы, арифметикалық логикалық құрылғы, регистрлер болады. Процессор мен негізгі жады аналық платада орналасады. Шеткі аймақтық құрылғылар. Принтер: мәтінді немесе графикалық ақпаратты қағазға түсіру (матрицалық, лазерлік, сия бүріккіш). Плоттер немесе график сызғыш: үлкен форматтағы графиктік мәліметтерді қағазға шығаруға арналған. Сканер: графиктік немесе мәтіндік мәліметтерді компьютерге енгізуге арналған. CD ROM: компакт дискілерді оқуға арналған құрылғы. Модем: телефон желісі арқылы басқа компьютерлермен ақпарат алмасуға арналған құрылғы. Стример: мәліметтерді магниттік лентада сақтауға арналған. Желілік адаптер: компьютерді жергілікті желіде қолдануға мүмкіндік береді. IBM PC компьютерлері 3 блоктан тұрады: 1-блок жүйелік блок; 2-блок мәтіндік және графикалық ақпаратты бейнелейтін монитор немесе дисплей; 3-символдарды енгізуге арналған пернетақта; Жүйелік блок құрамы: Микропроцессор, оперативті жады, аналық плата, қоректену блогы, қатқыл диск, және т.б. Мәтіндік және графикалық ақпаратты шығару үшін монитор немесе дисплей қолданылады.
3. Компьютердің операциялық жүйелері (ОЖ). ОЖ-де файлдар жүйесін ұйымдастыру. Операциялық жүйе – компьютер іске қосылған кезде бірден жұмыс жасайтын программа. ОЖ қолданушымен сұхбат ұйымдастырады, компьютермен және оның ресурстарымен (оперативті жад, дискіде орынды, т.б.) басқару жұмыстарын және басқа қолданбалы программаларды іске қосу жұмыстарын орындайды. Операциялық жүйе қолданушымен, қолданбалы программалармен және компьютер құрылғыларымен байланыс түрін (интерфейс) орнатуды қамтамасыз етеді. Ол адамға программаларды іске қосуға, барлық мүмкін деректерді оларға беруге және олардан алуға, программаның жұмысын басқаруға, компьютердің параметрлерін және оған қосылған құрылғыларды өзгертуге, ресурстарды қайта бөлуге мүмкіндік береді. ОЖ-ның екі негізгі қызметін атап айту керек, олар: 1) Барлық қолданбалы және жүйелік программалардың жұмысын, оларды бір-бірімен және аппаратық жабдықтармен байланыстыра отырып, қамтамасыз ету; 2) Әрбір адамға ЭЕМ-ді жалпы басқару мүмкіншілігін беру; Дербес компьютерлерде кең тараған операциялық жүйелерге MS (PC) DOS, WINDOWS 95/98, WINDOWS 2000/ХР, OS/2, UNIX, т.б. жатады. Кез келген ОЖ кем дегенде 3 бөліктен тұрады: 1. Ядро – командалық интерпретатор, ол ОЖ командаларын машина кодтарына айналдырады. 2. Драйверлер – құрылғыларды басқаратын программалар 3. Интерфейс – тұтынушыны компьютермен сұхбаттастыратын ыңғайлы орта. Графикалық интерфейс – шағын суреттермен көмкерілген көзге жылы орта. Алғашқы ОЖ-лер үшін тышқанмен шерту орнына сөз тізбегі енгізілетін. Мыс., Word программасын іске қосу үшін: winword.exe терілетін еді. ОЖ түрлері: Атқаратын жұмыстарына қарай екіге бөлінеді: 1. Біртапсырмалы (однозадачная) - DOS 2. Көптапсырмалы (многозадачная) - Windows Тұтынушы санына қарай екіге бөлінеді: 1. Біртұтынушылы (однопользовательский) - DOS 2. Көптұтынушылы (многопользовательский) - Windows Разрядтылығына қарай: 1. 16-разрядты (DOS, Windows 3.1) 2. 32-разрядты (Windows 98/ME) Файл (file – бума, десте) белгілі бір атпен магниттік дискіде жазылған біртектес ақпараттар жиыны. Файлдарды ОЖ басқарады. Олардың құрылымы, аталуы, пайдаланылуы, қорғалуы толығымен ОЖ қарамағында. ОЖ файлдармен жұмыс істейтін бөлігі файлдық жүйе деп аталады. Файлдық жүйе (ағ. File system) – компьютердегі ақпарат тасушылардағы мәліметтерді ұйымдастыру, сақтау және атау әдістерін анықтайтын жүйе. Нақты ФЖ файл атының өлшемін, файлдың максималды мүмкін болатын өлшемін, файл атрибуттары жинағын анықтайды. Кейбір ФЖ сервисті мүмкіндіктерді көрсетеді, мысалы енуді шектеу немесе файлды шифрлеу. ОЖ тұрғысынан, диск кластерлер жиынынан тұрады. ФЖ драйверлері кластерлерді файлдар мен каталогтарға ұйымдастырады. Қызметі: 1. Файлға ат беру 2. Қосымшалар үшін файлдармен жүмыс істеудің программалық интерфейсі 3. ФЖ-ң логикалық моделін көрсету 4. Қоректену ақауларына, аппаратты және программалық жабдықтардың қателіктеріне ФЖ-ң орнықтылығын ұйымдастыру 5. Жүйенің басқа объектілерімен дұрыс әрекеттесуі үшін қажетті файл параметрлерін қамту. Түрлері: FAT32, HPFS, ext2, QIC, ISO9660, HFS, UDF, AEFS, NFS, CIFS, SSHFS, GmailFS т.б. Файл атрибуттары деп дискіде сақталып тұратын файлдың сипаттамаларын айтады. Жалпы атрибут файл қасиеттерiн анықтайтын параметрлер, олар төртеу: • Файл аты мен типі; • Файлдың жазылған немесе соңғы өзгертілген мерзімі (дата мен уақыт); • Файлдың байтпен берілген көлемі; • Файлдың қорғаныс деңгейлері, маңыздылығы: a. Архивтi (Archive) файл – өзгертуге, өшіруге болады; b. Тек оқу үшiн (Read only) қолданылатын файл; c. Жасырын (Hidden) сақталатын, көрсетілмейтін файл; d. Жүйелік (System) тек оқылатын, әрі жасырын сақталатын файлдар, ОЖ файлдары.
4. ДК-дегі ақпаратты өлшеу және бейнелеу. Ақпаратты жіктеу (классификация) және кодтау. Хартли таңдап алынған хабар ішіндегі I – информация мөлшерін N санының екілік логарифмі ретінде анықтау керек деп тапты. Хартли формуласы: I = log2N Клод Шеннон таңдап алу ықтималдықтары әр түрлі хабарлар жиыны ішіндегі информация мөлшерін анықтау формуласын ұсынды. Шеннон формуласы: I = — (p1log2 p1 + p2 log2 p2 +... + pN log2 pN), Бұл формула бойынша егер p1,..., pN ықтималдықтары тең болса, онда олардың әрқайсысының мәні 1/N –ге тең болады да, Шеннон формуласы Хартли формуласына айналып кетеді. Клод Шеннон информацияны өлшеу үшін бір бит (ағылшынша bit – bi nary digi t – екілік сан) бірлігін ұсынды. Командалар мен мәліметтерді компьютер ішінде бейнелеу үшін қолданылатын екі таңбаның (0 мен 1) бірін есте сақтауға арналған машина жадының ең кіші бөлігін бит деп атайды. Бит – өлшеудің ең кіші бірлігі, сондықтан практикада одан үлкенірек өлшем бірлігі – байт қолданылады. Байт – қатар тұрған сегіз биттен тұрады. Компьютер пернетақтасының 256 символдан тұратын таңбаларының кез келгенін кодтау үшін 8 бит қажет (256=28). Бұдан басқа іріленген өлшем бірліктері де қолданылады: *1 Килобайт (Кбайт) = 1024 байт = 210 байт,1 Мегабайт (Мбайт) = 1024 Кбайт = 220 байт,1 Гигабайт (Гбайт) = 1024 Мбайт = 230 байт ДК-дегі ақпаратты бейнелеу тәсілдері * мәтін, сурет, сызба, график; * магниттік жазбалар Кіріс ақпараты – фирмаға немесе бөлімшесіне келіп түсетін ақпарат. Шығыс ақпараты – бір фирмадан екіншісіне, бөлімшесіне жіберілген ақпарат. Ішкі ақпарат – объект ішінде пайда болады, сыртқы - объект сыртында. Мәтіндік ақпарат - физикалық тасығышта (қағаз, дисплей экранындағы сурет) ақпаратты бейнелеу үшін пайдаланылатын алфавитті, сандық және арнайы символдар жиынтығы. Графикалық ақпарат - әр түрлі графиктер, диаграммалар, сұлбалар, суреттер. Ақпараттар классификациясы 1.Қабылдануына байланысты: -визуалды – көру мүшелері арқылы -аудио – есту мүшелері арқылы -түйсіну – түйсіну рецепторлары арқылы -иіс сезу мүшелері арқылы -дәм сезу мүшелері арқылы қабылданатын ақпарат. 2. Суреттеу, келтіру формасына байланысты: -мәтіндік – символдар түрінде беріледі. -сандық – математикалық әдістерді білдіретін сандар мен белгілер түрінде -графикалық – сурет түрінде -дыбыстық – ауызша не жазба түрінде. 3. бағытталуына сай: -жалпы -арнайы – спецификалық жиынтықты қамтиды. -жеке – қандай да бір адам туралы ақпарат. Ақпаратты белгілі - бір алфавит арқылы ұсынуды кодтау деп атайды. Бір белгі тобынан екінші белгі тобына көшіру ережесін код деп атайды. Ақпараттың кодталуы кейде шифрау депте айтылады, оның кері кодталуы декодирование процесімен тікелей байланысты. Екілік алфабиты 0 және 1 таңбаларымен ұсынылады. 0 немесе 1 мәндерін ғана қабылдай алатын сигналды бит деп атайды. Символдарды кодтау үшін 8 биттен тұратын котты байт деп атайды. 8 нөл мен бірлердің көмегімен яғни бір байттың көмегімен 256 символ кодталады. Символдарды кодттау кобинациаларының жиынтығын кодтау кестесі деп аталады. Есептеуіш техникасында ең көп пайдаланатын код – ASCІІ коды – американдық апарат алмасудың стандарттық коды. Кодтау кестенің 16 жолы 16 бағаны бар. Кесте екі бөліктен тұрады; стандарты, баламалы. Стандартты бөліктегі – бірінші 128 символдар, 0 - ден 127 - ге дейінгі коттар; Цифрлар, латын алфавитінің әріптерімен компютер жумысын басқаратын арнайы символдар. Баламалы бөліктегі - 128 - ден 255 - ке дейінгі кодтар алфавиттер (орыс, қазақ) Ондық, екілік, оналтылық санау жүйелерінің сәйкестендіру кестесі бойынша кодтауға болады. 5. Мәтіндік процессорлар (редакторлар) және олардың кешендік мәтіндерді форматтау тәсілдері. Мәтіндік редакторлар: Блокнот, WordStar, Multiedit, NortonEditor, т.б. Мәтіндік редактор - бұл мәтіндік құжаттар құруға, оларды түзетуге, құжаттың мазмұнын экранда қарауға, оны басып шығаруға мүмкіндік беретін қолданбалы бағдарлама. Мәтінді форматтау, графика енгізу, дұрыс жазылуын тексеру үшін кең мүмкіндіктері бар мәтіндік редакторларға қатысты жиі мәтіндік процессор атауы қолданылады. Баспа машинкасында орындалатын мүмкіндіктерден басқа мұнда қате тексеру; тезаурус (синоним сөздер) табу; сөз тіркесін іздеп тауып, оны басқаға өзгерту; «қиып алып желімдеу»; бірнеше терезедегі мәтіндермен катар жұмыс істеу тәрізді көптеген қосымша әрекеттер орындалады. Іс-әрекеттер тізбегін орындай алатын программалар тобы. Бұларға Лексикон, Word, WordPerfect программалары жатады. WordPad программасы процессорлар мен редакторлар аралығында орналасқан программа деуге болады. Мәтіндік процессорлар қуатты программа болғанмен кітап, журнал жасауға ыңғайлы емес. Мұндай мақсатта баспа жүйелері қолданылады. Windows қосымшалары ішіндегі мәтін даярлайтын WordPad мәтін редакторы және оффистік қолданбалы программалар ішіндегі Word мәтін процессоры кез келген мәтінді жылдам форматтап, мынадай қызметтер атқарады: (мүмкіндіктері айтылады) MS Word мәтіндік процессоры, оның мәтіндермен жұмыс істеу мүмкіншіліктері. MS Word – Windows жүйесінде мәтіндік құжаттармен жұмыс істеудің қуатты процессоры. Қазіргі замандағы мәтіндік процессор пайдаланушыға төмендегідей қызметтерді тиімді орындауға мүмкіндік береді (2007 мүмкіндікте): Word алғашқы нұсқалары (Word 5.0 -ге дейін) MS DOS жүйесімен жұмыс істеген болатын. Олар графикалық режимде емес, тек символдық режимде істеді. 1992-93 ж. Windows 3.1 жүйесінен бастап, Word 6.0 нұсқасы графикалық ортада жұмыс істеп, WYSIWYG принципі жүзеге асырылды. Оның келесі нұсқасы Word 7.0 немесе Microsoft Word 95 деп аталды. Ол әр түрлі программалармен мәтін, сурет алмаса алатын қуатты процессор бола бастады. Одан кейінгі нұсқасы Microsoft Word 97 (Word 8.0) – Оffice 97 құрамына кірді. Ол электрондық құжаттармен де жұмыс істеп, мәтіндерді тек.DOC типінде ғана емес,.HTM,.PDF сияқты электрондық форматтарда сақтай алатын болды. Осы жылдардан бастап Word авторлық қызметті автоматтандыру жүйесі (authoring system) болып қалыптасты. Мұнда құжаттың екі түрі – электрондық және қағаздық түрлері қарастырылды. Оның әрқайсысы өз тәсілдерімен өңделетін болды. Соңғы қуатты нұсқа – біз қарастыратын Word 2000 жүйесі болып саналады, ол компьютер желілерімен жақсы жұмыс істей алатын, баспа жүйелеріне жақындаған, өте көптеген мүмкіндіктері бар процессор. Мәтінді форматтау – мәтін бетін безендіру процедурасы. Құжатты өңдеу кезінде оның құрамы өзгереді. Ал форматтау кезінде оның сыртқы бейнесі өзгереді. Мәтіндік редакторларда символдар мен абзацтарды форматтау түсінігі бар. Символдарды форматтау кезінде шрифт параметрлері анықталады: гарнитура, өлшем, астын сызу, сызу типі, т.б. WinWord –та шрифтті форматтауды мәтін фрагментін ерекшелеп, Формат/Шрифт командасын орындау арқылы жүзеге асыруға болады. Бұл команда шрифттік рәсімдеу нұсқалары қарастырылған диалогтық терезенің ашылуына алып келеді. Абзацқа байланысты форматтау жиі қолданылады. Егер енгізілген сөз өте ұзақ болса, және де жолға симай жатса, мәтіндік редактор автоматты түрде жаңа жолға көшеді. Егер берілген абзац аяқталса, енгізу пернесі арқылы келесі абзацқа көшуге болады. Құралдар тақтасында орналасқан батырмалар командаларды жедел түрде шақыруға негізделген. Батырмалардағы бейнеленген суреттер орындалатын амалдарды белгілейді. Егер тышқан нұсқағышын нақтылы бір батырмаға алып барсақ, онда сол батырма туралы анықтама пайда болады, яғни сол батырманың атқаратын қызметін түсіндіреді. Форматтау сызғышы беттің алаңын, азат жолды қою, кестенің ұяшықтарының өлшемін реттеу қызметін атқарады. Айналдыру жолағы (мәтіннің орналасуын қарау сызғышы) тік және көлденең бағыттарда құжаттардың беттер ретінде орналасуына мүмкіндік береді. Қалып-күй қатары белсенді құжат туралы ақпарат береді (беттер санын, меңзердің орналасуын және т.б.), ал меңзердің құралдар тақтасындағы нақтылы батырмаларда көрсетілуі сол батырманың атқаратын қызметін көрсетеді.
6. Кестелік процессорлар (MS Excel), олардың графикалық, статистикалық және экономикалық мәліметтерді өңдеу мүмкіндіктері. Екі экономист студент Дэн және Боб үй тапсырмасын тез орындауға көмектесетін және уақытты үнемдейтін әдіс ойлап табуды шешті. Олар тарихта бірінші рет электронды кесте бағдарламасын жазып, оны Visible Calculator сөзінен қысқартып VisiCalc (Көрсеткіш калькулятор) деп атады. Сондықтан барлық электрондық кестелер бағдарламасы, оның ішінде Excel программасы Дэн мен Бобтың арқасында жүзеге асты деп есептейді. Кестелік процессорлар кестелік құжаттарды компьютердің көмегімен өңдеуге мүмкіндік береді. Қазіргі компьютерлерде Мicrosoft Excel кестелік процессоры кең тараған. Мicrosoft Excel кестелік процессоры деректермен әр түрлі операцияларды орындауға мүмкіндік береді. Excel кестелік процессоры: · Кесте құру және оларға ат қойып, дискіде сақтау; · Сақталған кестелерді ашу және оларға түзету жасау; · Кестелерге жол, баған, ұяшық қосу немесе оларды кестеден алып тастау; · Жол, баған немесе ұяшықтар ішіндегісін көшіру немесе орын ауыстыру; · Ұяшықтар ішіндегісін өсуі немесе кемуі бойынша сұрыптау; · Пайдаланушының өзі құрастырған формулалар бойынша немесе кестелік процессорда бар дайын формулалар бойынша есептеу жүргізу; · Кесте деректері бойынша диаграмма құру және оларды кестеге кірістіру; · Кестеге графикалық обьектілерді, яғни стандартты суреттер қорынан суреттерді кірістіру; · Кестелерді баспаға, яғни принтерге шығару мүмкіндіктерін қамтиды. Электрондық кестелер (немесе кестелік процессорлар) деп кесте түрінде берілген мәліметтер жиынын компьютер көмегімен автоматты түрде жылдам өңдеуге арналған программалар тобын айтады. Ерекшелігі – алдын-ала берілген формулалар бойыншаавтоматты есептеу мен жаңартуды қамтамасыз ету. Электрондық кестелер экономикалық, бухгалтерлік, статистикалық және ғылыми-техникалық есептеулерде кеңінен қолданылады. Электрондық кестелер: - мәліметтердің үлкен жиынтықтарымен бір типті есептеулер жүргізу үшін; - қорытынды есептеулерді автоматтандыру үшін; - есептеулерді параметрлердің мәндерін таңдау және формулаларды табуляциялау арқылы шешу үшін; - тәжірибелердің нәтижелерін өңдеу үшін; - параметрлердің тиімді мәндерін іздеуді ұйымдастыру үшін; - кестелік құжаттар дайындау үшін; - берілген (немесе алынған) мәліметтер бойынша графиктер және диаграммалар тұрғызу үшін кеңінен қолданылады. Графикалық мәліметтерді көрсету. Диаграмма – сандық мәліметтердің өзгеруін айқындап көрсетуге мүмкіндік береді. Кестелік процессорлар статистикалық деректерді түрлі түсті диаграммалармен, графиктермен және графикалық суреттермен, схемалармен әсерлі көрсетуге мүмкіндік берді Диаграмма – бұл мәліметтерді талдау мен салыстыру ыңғайлы болу үшін кестедегі мәліметтердің көрнекті графиктік түрде берілуі. Кестеге мәліметтер енгізу. (формула, мәтін т.б) MS Excel-де есептеулер. Есептеулер формулалар және функциялар аппараттарын қолданады. Формула – сандық тұрақтылар, ұяшықтарға сілтемелер, функциялардың математикалық операциялар арқылы байланысқан өрнектері. Кез келген экономикалық мәліметтер қандай да бір экономикалық объектілердің сандық сипаттамаларын көрсетеді. Экономикалық мәліметтердің стохастикалық табиғаты олардың анализі мен өңделуінде арнайы статистикалық әдістерді пайдалануға алып келеді. Сондықтан да статистикалық анализдің фундаменті болып кездейсоқ өлшемнің ықтималдығы түсінігі болып табылады. Статистикалық функциялар
Қаржылық функциялар
Сонымен қатар программа қаржылық экономикалық есептеулер жүргізуге мүмкіндік береді. Қаржылық есептеулер басқарушылық шешімдер қабылдауда пайдаланылатын әдістер мен есептеулерді: қарапайым арифметикалық операциялардан бастап, күрделі алгоритмдерге дейінгі тиімді шешімді анықтау модельдерін қамтиды. Экономикалық есептеулер қатарына келесілер жатады: -қарапайым пайыздар мен күрделі пайыздар, валюта; -қаржы; -қаржылық активтерді бағалау. 7. MS Access сияқты МҚБЖ-ң мәліметтер қорын қалыптастыру және өңдеу қызметі. Сұраныстар, формалар және қорытынды есеп (отчет) құру. Access программасы – бұл мәліметтер базасын басқару жүйесі. Басқару жүйесі дегеніміз - көлемді мәліметтер жиынын тұтынушыларға ыңғайлы түрде бейнелеп, белгілі бір форматта сақтап қана қоймай, оны ары қарай өңдеуге арналған программалар кешені. Мәліметтер базасы (МБ) - ақпараттық жүйенің өңделетін объектісі, қоршаған ортаның белгілі бір саласының немесе бір пән аймағының нақты объектілері жайлы берілген мәліметтер жиыны. Екі өлшемді кестелерден тұратын мәліметтер базасы реляциялық база болып саналады. MS Access екі режимде жұмыс істейді: 1) Жедел (оперативті) режим – бірден МБ (мәліметтер базасы) терезесінде жұмыс істеу, яғни оларды қарау, өзгерту, керектісін таңдау жұмысын жүргізу; 2) Конструктор режимі – алдын ала объект макетін-жобасын, құрылымын жасау және оны толықтырып өзгерту. Сұраныстарды құрастыру. Сұраныстар – бұл пайдаланушы орнатқан шарттың негізінде, бір немесе бірнеше кестелерден өзіне қажет жазуларды іріктеп алуға көмектеседі. Сұраныстың қасиеттері: 1. нәтижелі кестені құрастырғанда, базадан қажет ақпаратты тек таңдамай ғана, сонымен қатар оны өңдеу мүмкіндігі болып табылады (сұрыптау, сүзбеуден өткізу, біріктіру, бөлу, өзгерту). Сонда алғашқы кестеде ешқандай өзгертулер пайда болмайды. 2. қорытынды есептеулер жүргізу мүмкіндігі (өріс бойынша орташа мәнін, ең максималды, ең минималды мәнін, қосындыны табу). Форманы құру. Формалар мәліметтердің енгізу жылдамдығын жоғаралатады және олардың дұрыстылығын қамтамасыз етеді. Бұл жерде өзіміздің мәліметтер базамызды құруға болады. Мысалы: жұмысшылардың фотосын қою т.б. Біздер бұнда фондтар жайлы ақпаратты қосамыз: аты, гиперссылка, код фонда, жұмысшылар аты, фамилиясы және олардың лауазымдары. Бұл форманың көмегімен әртүрлі форма типін құруға болады. Столбец ленточную, табличный, және басқалары. Оның ерекшелігі мәлімет бір – бірінен бөлініп тұрады және нақты әрі тиімді болып келеді. Формалар – деректер базаны ақпаратпен толтыратын қызметкерлерге қажет. Олар ақпаратты енгізуге, қарап шығуға және кесте немесе сұраныстағы ақпаратты модификациялауға көмектеседі. Құру тәсілдері: 1. автоматты түрде – Автоформа. 2. шебер арқылы – Мастер форм. 3. өз қолымен – Конструктор. Есептер құрастыру. Есептер – сұраныстар жұмысының нәтижелерін көрнекті түрде, баспа құрылғысында басылма түрінде алуға мүмкіндік береді (қағаз құжаты). Құру тәсілдері: 1. автоматты түрде – Автоотчет. 2. шебер арқылы – Мастер отчета. 3. өз қолымен – Конструктор.
8. Компьютерлік вирустар. Вируспен зақымданудың негізгі белгілері. Вирусқа қарсы программалар, олардың түрлері мен негізгі мүмкіндіктері. Компьютерлік вирус – «көбейтілуге» және басқа программаларға жұғуға қабілетті, әдетте өлшемі шағын (200-ден 5000 байтқа дейін) арнайы компьютерлік программа (яғни ол кодын көп қайтара көшіреді де, оны басқа программалардың кодына қосады). Ол компьютерге пайдаланушының рұқсатынсыз, «зақымдалған» дискета немесе «зақымдалған» файлмен бірге түсуі мүмкін. Ішінде вирусы бар программа «зақымдалған» деп аталады. Вирустардың пайда болуының келесі негізгі белгілері: 1. Ойдағыдай жұмыс істеп тұрған программалардың жұмысын тоқтатуы немесе жұмыс істемеуі; 2. компьютердің баяу жұмыс істеуі; 3.файлдар мен қапшықтардың жоғалуы н/е олардың құрамының бұрмалануы; 4. файлдар өлшемдерінің өзгеруі; 5. дискідегі файлдар санының кенеттен көбеюі; 6. бос жедел жад өлшемінің кішіреюі; 7. компьютер жұмысындағы жиі тұрып қалулар мен жаңылысулардың болуы. Антивирустық программаларды үш негізі топқа бөлуге болады: ü Файл мәліметтерін бақылауға арналған, олардың қосындыларын есте сақтауға негізделген программалар; ü Программаға немесе операциялық жүйеге вирус жұққан сәтте, оларды анықтайтын резиденттік программалар. ü Вирус/ жұқтырылғаннан кейін, олар-ң бар екенін анықтайтын программа/. Вирустарды табуға және жоюға мүмкіндік беретін программалар антивирустық программалар деп аталады. ü Детектор программалар - тек бұрыннан белгілі вирус түрлерінен ғана қорғай алады, жаңа вирусқа олар дәрменсіз болып келеді. ü Фагтар немесе доктор-программалар - вируспен зақымдалған файлдарды тауып қана қоймай, оларды «емдейді» де, программаны вируспен зақымдалғанға дейінгі қалпына келтіре отырып, файлдардан вирустарды жояды. ü Ревизор программалар - компьютердің вируспен зақымдалмаған кезін есте сақтайды, содан кейін ағымдағы жағдайды алғашқы жағдаймен салыстырып отырады. Егер өзгеріс табылса, онда дисплейдің экранына хабарлама шығарады. ü Доктор – ревизорлар программалар - файлдағы өзгерістерді анықтап қана қоймай, оларды автоматты түрде «емдеп», бастапқы қалыпты жағдайды түзейді. ü Фильтр-программа/ н/е «күзетші/» - үнемі компьютер жадында болатын шағын резидентті программа/. Олар компьютердің операция/ын бақылайды және компьютер жұмысының барысында вирус/ға тән күмәнді әрекет/ді табады. Қандай да бір программа осындай әрекет/ді орындамақшы болғанда, «күзетші» хабарлама жібереді, ал пайдаланушы тиісті операцияны орындауға рұқсат береді н/е тыйым салады. ü Вакцина программалар - компъютердегі программалар жұмысына әсер етпей, оларды вирус «жұққан» сияқты етіп модификациялайды да, вирус әсерінен сақтайды, бірақ бұл программаларды пайдалану онша тиімді емес. 9. Программалық жабдықтамалардың (ПЖ) жіктелуі. Жүйелік және қолданбалы ПЖ. Компьютерлерге арналған программалардың жиынтығы программалық жабдықтаманы құрады. Қызмет көрсету қасиеттері бойынша программалық жабдықтаманың келесі түрлерін ажыратады: · жүйелік · қолданбалық Жүйелік программалық жабдықтама деп өзіне: · операциялық жүйелерді · желілік программалық жабдықтамаларды · сервистік бағдарламаларды · программаларды жасау құралдарын қосатын программалық жабдықтама түсініледі. Желілік программалық жабдықтама - желілік есептеуіш жүйелердегі жалпы ресурстарды: магниттік дискілердегі желілік жинақтауыштарды, принтерлерді, сканерлерді, жіберілетін хабарламаларды және т.б басқаруға арналған. Желілік программалық жабдықтамаға: · желілік ОЖ · желілік емес ОЖ-лерде бар кейбір желілік программаларды жатқызады. Қолданбалы программалық жасақтама - әртүрлі мәселелік аумақтардағы қолданбалы есептерді шешуді жасақтайтын жеке қолданбалы программалар мен қолданбалы программалар дестелерінен (ҚПД) тұратын программалық жасақтама бөлігі. Оның құрамына: - жалпы мақсаттағы ҚПЖ; - мәселелік бағытталған ҚПЖ; - интегралданған ҚПЖ кіреді. Жалпы мақсаттағы ҚПЖ құрамына әртүрлі қолданбалы есептерді шешуге жиі қолданылатын программалық құралдар енеді, олар: - мәтіндік редакторлар мен процессорлар; - графикалық редакторлар; - электрондық кестелер (ЭТ) процессорлары; - мәліметтер қорын басқару жүйелері; - электрондық презентациялар және т.с.с. Мәселелік бағытталған ҚПЖ - белгілі бір саладағы есептерді жүзеге асыруға мамандандырылған программалық құралдардың жиынтығы. Мұндай программалық құралдарға: - жобалауды автоматтандыру жүйелері (ЖАЖ); - таңбаларды айыру жүйелері; - статистикалық, қаржылық – аналитикалық жүйелер; - ғылыми зерттеулер жүйелері және т.с.с. жатады. Интегралданған ҚПЖ – қазіргі уақыттағы ҚПЖ-ның қарқынды және қуатты дамып жатқан бөлігі. Олар – көп функционалды, бірнеше қолданбалы программалық жабдықтарды бір ресурстық қор негізінде жинақтап объектілер деңгейінде әсерлесулерін жүзеге асыратын дестелер (Lotus Works, Microsoft Office және т.б.). 10. Графикалық редакторлар. Векторлық және растрлық графика, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары. Графикалық редактор - 1. графикалық кескіндермен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін әрі оларды түзетуге, толықтыруға арналған программа; графикалық ақпаратты редакциялайтын программа; 2. дисплей бетінде граффикалық кескіңдер салу процесін автоматтандыруға арналған программа; 3. графикалық кескіндерді, көріністерді, суреттерді, сол сияқты мультипликацияны құруға арналған құралдармен қамтамасыз ететін программалық комплекс. Графикалық редактор түрлері: растрлық және векторлық. Растрлық графикада кескіндер түрлі-түсті нүктелердің жиынтығынан тұрады. Графикалық ақпараттың осындай нүктелер жиыны немесе пиксельдер түрінде ұсынылуы растрлық түрдегі ұсынылу болып табылады. Растрлық кескінді құрайтын әрбір пиксельдің өз орны мен түсі болады және әр пиксельге компьютер жадында бір ұяшық қажет. Растрлық кескіннің сапасы сол кескіннің өлшеміне және әр пиксельді бояуға қажетті түстердің санына тәуелді болады. Мұндай типті кескіндер Adobe Photoshop, Corel Photo, Photofinish секілді қуатты графикалық редакторларда өңделеді. Растрлық кескіндер векторлық кескіндерге қарағанда сапасы жоғары, әсерлі болады. Қарапайым фотосуреттердің өзі компьютерде растрлық кескін түрінде сақталады. Растрлық кескіндерді Paint, Adobe Image Ready секілді программаларды қолданып қолдан жасауға да болады. Артықшылығы: растрлық кескінді түзетуге, әдемілей түсуге, яғни оның кез-келген бөлігін өзгертуге болады; нүктелерді қажет болмаса ішінара алып тастауға немесе қоюлатуға, сондай-ақ кескіннің әр нүктесін ақ-қара немесе басқа кез келген түске өзгертуге болады. Кемшілігі: растрлық кескін өлшемінің масштабын өзгерткенде кескіннің сапасын жоғалтатыны, файлдар өлшемдерінің өте үлкендігі. Векторлық кескіндер, бұл - сызық, доға, шеңбер және тікбұрыш сияқты геометриялық объектілер жинағынан тұратын кескіндер. Бұл жерде вектор дегеніміз — осы объектілерді сипаттайтын мәліметтер жиынтығы. Векторлық графиканың басты артықшылығы оған кескін сапасын жоғалтпай өзгеріс енгізуге, оңай кішірейтуге және үлкейтуге болатындығы. Келесі артықшылығы - векторлық кескіндердің ақпараттық көлемі растрлық кескіндермен салыстырғанда әлдеқайда аз болады. Векторлық кескіндер СorelDRAW, Adobe illustrator, Micrografx Draw секілді векторлық графикалық редакторларда жасалады. Қысқаша айтатын болсақ, растрлық кескін компьютерге жазылғанда әр пикселдері жеке жеке сипатталып, анықталып жазылады. Яғни былай. Бірінші қатардағы бірітнші пиксел түсі қара, бірінші қатардағы екінші пикселдің түсі сары,… оныншы қатардағы оныншы пикселдің түсі ақ. Осылай осылай сурет толықтай біткенше сипатталады. Ал векторда сурет математикалық формулалар, кесінділер арқылы сипатталып жазылады. Яғни былай. Төрт бұрышты кескін, ұзындығы 10мм, ені 10мм, түсі қара. Векторлы кескінді сипаттап жазу әлдеқай оңай әрі қысқа. Сондықтан векторлы кескіннің салмағы да жеңіл, әрі оңай маштапталады. Расторлық графикада кескіндердің базалық элементі - нүкте болса, векторлық графикада – сызық болып табылады.
Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.058 сек.) |