|
|||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
Систематикасы
Синонимдері. Faba vulgaris Moench, Faba bona Medik., Faba equina Medik. Систематикасы. Family Fabaceae Lindl. S. str. (=Papilionaceae Giseke), Tribe Vicieae Bronn (=Fabeae), Subtrib. Fabinae (Viciosae Alef.), genus Faba Mill. Биологиясы және морфологиясы. 2n=12. Біржылдық. Тамыры негізгі, қатты тарамдалған, 80-150 см тереңдікте болады. Тамырында топырқты азотпен байытатын түйнек бактерияларының калониялары түзіледі. Сабағы жуан, тығыз, тік, төртқырлы, іші қуыс, биіктігі 10-150 (200) см. Жапырақтары жұпқауырсынды, ірі, етті, 1-4 жұпты, көлемі 4-8 х 2-4 см, эллипс тәрізді, бозғылт-жасыл; бөбежапырақтарының ұзындығы 2 см-ге дейін, жұмыртқатәрізді-үшбұрыш, тісті, шірнелігі бар. Гүлдері ірі, ұзындығы 3,5 см шамасында, әр шоғында 2-6(12). Тостағаншасы түтік тәрізді. Венчик белый или розоватый, парус с фиолетовыми жилками, крылья с черным пятном. Өздігінен тозаңданатын өсімдік, но наблюдается и перекрестное опыление. Жемісі - боб с 2-4-8 семенами. Бобы очень крупные, 5-10(35) х 1,5-4 см, сплюснутые, вальковатые или продолговато-цилиндрические, мясистые, коротко опушенные, по швам голые, молодые - зеленые, зрелые - бурые и черные, кожистые, по 1-4 в пазухе. Семена от 0,5 до 4 см длиной, обычно плоские, овальные, с латеральным, вдавленным, эллиптическим или линейным рубчиком, темно-фиолетовые, красно-коричневые, светло-желтые или зеленые. Вес 1000 семян 200-2550 г. В зависимости от размеров семян бобы делят на крупносемянные (масса 1000 семян 800-1300 г), среднесемянные (масса 1000 семян 500-700 г) и мелкосемянные (масса 1000 семян 200-450 г). Крупносемянные сорта возделываются как овощные. Бобы кормовые отличаются относительно мелкими семенами и хорошо развитой вегетативной массой. Атбұршақтар Атбұршақ – бағалы көкөністік, азықтық және сидеральды (жасыл тыңайтқышқа) дақыл. Көкөністік дақылдардың ішінде ақуыздық және аминқылдық құрамы бойынша көш бастап тұр. Атбұршақ ақуызы құндылығы жағынан еттен кем түспейді. Атбұршақ дәндерінде 28-35% ақуыз және барлық алмаспайтын аминқышқылдар болады. Атбұршақтардың техникалық жетілу фазасында құрамында 4,2% көмірсу, оның 2,6%-ы қант, көп мөлшерде минералды тыңыйтқыштар, негізінен калий, кальций, фосфор, магний, күкірт және темір; 36%-ға дейін крахмал, 4% пектинді заттар, 15%-ға дейін май болады. Жасыл атбұршақта микроэлементтер мен ферменттік жүйесі көп. Олардың құрамы: 100 г атбұршақта 20 мг С витамині, 1,8 мг РР витамині, 0,5 мг каротин (А провитамині). Ұсақдәнді атбұршақтар – үй жануарларына бағалы азықтық дақыл. 1 кг дәнде 230-300г ақуыз болады. Атбұршақтардың құнарлылығы жоғары: ақуыздық құрамы бойынша сұлы дәнінен 3,5 есе, сиыржоңышқа – сұлы қоспасы дәнінен 2 есе асып түседі. Органикалық заттары жеткіліксіз топырақты аудандарда атбұршақтар құнды жасыл тыңайтқыш ретінде үлкен маңызға ие. Азотөндіруші түйнек бактерияларының атбұршақ өсімдігімен симбиозы нәтижесінде жер жыртылғанда топырақ азотпен байытылады. Атбұршақтар жиналғаннан кейін 10 м2 топырақта 50г-нан астамы қалады. Атбұршақтардың бағалы құрамының топырақты азотпен байытуы сазды топырақты қолданғанда жүзеге асатындығын есте ұстау керек. Мұндай топырақтарда атбұршақтар жасыл тыңайтқыш ретінде саңырауқұлақ ауруларымен ауырып, нашар дамитын біржылдық бөрібұршақты оңай алмастырады. Атбұршақ өскен топырақты жыртқаннан кейін топырақ барынша өнімді болып, химиялық, физикалық және биологиялық құрамы жақсарады. Бұл жағдайда жасыл тыңайтқыштың топыраққа әсері қидың әсеріне тең келеді. Бақша аумағындағы атбұршақтарды барынша жылуды жақсы көретін қияр, асқабақ, қарбыздарды суық желден қорғау үшін ықтырмалы өсімдік ретінде де өсіреді. Бұл жағдайда атбұршақтарды ерте көктемде бірнеше қатар қылып көкөніс дақылының сол жақ бөлігіне отырғызады. Мұндай аумақтарда микроклимат жақсарып, топырақтың беткі қабатының температурасы жоғарылап, су режимі оптималды өзгереді, топырақ микрофлорасының өміршеңдігі активтенеді және топырақтан бөлінетін көмір қышқылымен өсімдіктің қоректенуі күшейеді. Сонымен қатар атбұршақтарды картоп өсімдігінің арасын нығыздау мақсатында да өсіру ұсынылады. Мұндай отырғызуда картоптың белоктық құрамының жоғарлағындығын байқауға болады. Бақшаларда атбұршақтарды нығыздағыш ретінде отырғызуды әдетте қырыққыбат, тарна (брюква) және т.б. жүйектерінің шетінен бастайды. Тағамға атбұршақтарды балғын түрінде, сонымен қатар өңделген түрінде – сорпаға, борщқа, ботқаға, закускаға, салатқа, винегретке, соустарға қолданады. Атбұршақ ұнын бидай мен қарабидай қосып нан пісіруге, күлшеге және кеспе дайындауға қолданады. Қуырылған және тартылған атбұршақтарды суррогат кофе ретінде қолданады. Атбұршақтың қалыпты асқазан сөлінде қорытылуының басқа күнделікті бұршақ, ұнтақ (манный) және арпа жармасы, ақ нан өнімдерінің қорытылу жылдамдығынан еш айырмасы жоқ. Құндылығы жағынан атбұршақ дәндері шамамен картоптан 3,5 есе, қырыққабаттан 6 есеге асып түседі. Атбұршақ тарихы Атбұршақтарды адамдар азықтық мақсатта ежелден қолданып келеді. Бұған тас, қола және темір дәуірлеріндегі Италия, Франция, Швейцария және Германия жерлеріндегі қазба қалдықтары дәлел. Жорамал бойынша, атбұршақ дәнді дақылдарының ішінде ең алғаш бөлініп шыққаны атбұршақ. Олардың дәндері б.з.д. 2400 ж өмір сүрген египет фараондарының қабірлерінен табылған. Египетте, Грецияда және Римде атбұршақтар азық ретінде қолданылады. Атбұршақтың грек тіліндегі “фаба” атауы “тағам” деген мағына береді. Нан пісірерде бидай ұны жетіспегенде атбұршақ ұнын қолданған. Атбұршақтардан көптеген тағамдар: шалма көже (похлебка), пюре және т.б., сонымен қатар косметикалық заттар – опа және ұнтақтар жасалған. Антикалық дәуірде атбұршақтар емдік мақсатта кең қолданыста болған. Дискроид пен Гален (I-II ғ.) дизентерияда және басқа да ішек ауруларында сірке қышқылында пісірілген атбұршақты қолдануды ұсынды. Дәстүрлі медицинада атбұршақ ұны жүрек айну және түрлі суық тиюден болатын ауруларға қарсы қолданылды. Атбұршақ ұнының балмен қоспасы түрлі іріңдерді жеңілдетеді. Атбұршақ ұнының тұнбасы катарактаны емдейді. Рим тарихшысы Плинийдің жазуынша коптеген тайпалар атбұршақты нан жасайтын дақылдарға қосқан. Атбұршақ киселі діни рәсімдерге жиі қолданылған. Атбұршақтардың Францияда кең қолданыста болғандығын осы жоралғыға байланысты көше аттарынан да аңғаруға болады. Скандинавияда атбұршақтар XII ғ егіле басталды. Солтүстік Америкаға атбұршақтардың таралуы 1602 ж. Массачусетс жағалауы маңындағы Елизавет аралдарына капитан Госнольдтың егуінен басталды. Ресейге атбұршақтар V-VI ғ. тарала бастады. Олар мұнда Болгариядан жетуі әбден мүмкін. Тасқа айналған атбұршақ дәндері Минск маңындағы Банцеровск қалашығындағы (VI-VIII ғғ) қазбалардан табылған. Владимир князі (978-1015жж) кезіндегі жылнамаларда атбұршақтар жайлы ескертулер кездеседі. Ол жерде Владимирдің Киевте көкөністер мен атбұршақтар қорын сақтайтын қойма салғандығы айтылады. Қазбалар көрсеткендей ерте кезеңдерде таралған атбұршақтар дәндері ұсақ болған, ал ірі дәнді дақылдары кейіннен пайда болған. Елде атбұршақ ХХ ғ 30-60 жылдары таралды. 60 жылдардың ортасында жүгерінің артуына байланысты атбұршаққа деген қызығушылық бәсеңдеді. Қазіргі таңда бұл дақылдың әмбебаптығынан болу керек, оларға деген қызығушылық фермерлер мен бақташылардың арасында артуда. Биологиялық ерекшеліктері Тамыры ұршықтәрізді, 150 см-ге дейін жетеді. Жанама тамырлары жақсы дамыған; қолайлы жағдайда азоттұрақтандырушы түйнектердің үлкен көлемін құрайды. Сабағы тік, жапырылмайтын, төртқырлы немесе дөңгелек, іші қуыс, биіктігі 180 см-ге дейін. Жапырақтары жалаң эллипс тәрізді, төменгі бөлігі біржұпты, сабақтың ортаңғы бөлігі екіжұпты, қарама-қарсы, жоғарғы бөлігі үш-төртжұпты, кезектесіп орналасқан, кейде әлсізтолқынды немесе тісті, ұзындығы 5-8 см, ені 3-5 см, жасыл, сирек сұр-жасыл. Бөбежапырақтары жартылайжебетәрізді, ірі, тісті. Гүлдері гүлшоғында 2-12 дейін, ірі – 2 -3,5см ұзындықта, ақ, қанатында қоңырқай дақтары бар және желкенінде ұзына бойына қоңыр жолақтары бар. Сонымен қатар ақ, сарғылт, қоңыр, қызғылтым және ала түстері кездеседі. Желкен шұңқырлы, жоғарғы бөлігі сүйір, қайықша жоғарғы бөлігі ашық, қанатшамен тығыз байланысқан. Тостағанша жалаң, бозғылт-жасыл немесе антоцианмен боялған, түтікті. Гүлдеуі төменгі түйінінен басталады, алғашқы жемісберуші түйіннің реттік нөмірі сұрыптың тез пісуіне байланысты, қаншалықты сұрып тезірек піссе, соншалық түйіні төменде орналасады. Төменгі үшінші генеративтік аумағындағы гүлдері жоғары бөлігіне қарағанда көбірек. Атбұршақтар басқаларынан айқасып тозаңдану және қайта тозаңдануы бақыланады. Тозаңдарды бал аралары мен түкті аралар тасымалдайды. Екі немесе одан да көп сұрыптарды көбейткенде оқшаулау кеңістігін бақылау қажет: ашық кеңістік жағдайында 1000 м және табиғи оқшаулауда (биік бөлектенген отырғызу) 500 м. Жеміс – асбұршақ. Бір шоқта 1-2, қуыста 3-4 жемістен. Жалпақ, 4-35 см ұзындықта, жіңішке және жалпақ, қоңыр. Атбұршақ жармасы бас кезінде жасыл, тегіс, етті. Жетілген кезінде атбұршақ жармасы күңгірт-қоңыр. Пергамент қабаты барда жарма тегіс, әлсізторлы, егер, пергамент қабаты жоқ болса немесе әлсіз жетілсе – қатпарлы. Бірінші жағдайда атбұршақтар жарылады. Жас жемістер жасыл, піскендері – қою қоңыр. Дәндері мөлшері мен түсіне байланысты келесідей: қара, жасыл, күлгін, лимон-сары, ақ, қызылкүрең және ала. Кең таралғаны сұрғылт-ақшыл сары түстісі. Көкөністік селекционды сұрыптардың арасында жасыл жәнее соңғы жылдары – ақ. Мұндай түс консервілік өндірісте келесідей түсіндіріледі – онда консервіленгенде қараймайтын дәнді сорттар қолданылады. Солтүстік аймақта күңгірт-күлгін түсті дәнді атбұршақтар кең таралған. Дәндерінің ірілігіне қарай атбұршақтар ұсақдәнді – салмағы 1000 дән 200-500 г, ортадәнділер – 500-700г және ірідәнділер – 700 г көп. Орта факторларына әсері Жарық. Атбұршақтар ұзақ мерзімді өсімдіктерге жатады. Қысқа мерзімді жағдайда гүлдеуі мен жеміс беруі қатты кешігеді. Жер шарының әртүрлі аудандарындағы сұрыптар күн ұзақтығына әсері әртүрлі. Гүлдеуінің басталуына қарай әсерінің 4 типі бар: ұзақкүнгі (негізгі бөлік), қысқакүнгі, аралық және нейтралды. Мұндай бөлінулер дақыл өзгерістерінің үлкен мүмкіндіктерін көрсетеді. Жылу. Атбұршақтар басқаларына қарағанда суыққа төзімді. Атбұршақтардың өнуі -4 С-қа дейін шыдайды. Дәндері -3,8 С –та да өсе алады. Атбұршақтардың өсуі мен дамуы үшін оптималды температура 19... 20 С. Мұндай температурада өнім еккеннен кейін 7-ші күні көрінеді. Гүлдеу мен жеміс фазалары үшін барынша қолайлы температура 15...20 С. Атбұршақтардың суыққа төзімділігі нағыз атбұршақтардың күздік түрлері болмаса да,оларды Кавказда күзде өсіруге мүмкіндік береді. Ылғал. Атбұршақтар ылғалсүйгіш дақыл, әсіресе олар ылғалды өнуінен гүлдеуіне дейінгі кезеңде қажет етеді. Дәннің бөртуіне және өніп-көктеуіне олардың массаларынан 1,5 есе артық мөлшерде қажет етеді, жоғары өнім алуы егудің оптималды мерзіміне байланысты. Топырақ. Атбұршақтар топыраққа талғампаз келеді. Ереже бойынша, атбұршақтың мол өнімін ылғалды ұстап тұра алатын топырақтан алады. Мұндай құрам шымтезек түзетін топырақта – батпақты және ауыр сазды топырақта болады. Құмдақ жерлер атбұршақ егуге жарамсыздау, минералды және органикалық тыңайтқыштарды қосуды қажет етеді. Егу аудандары. Атбұршақ дәндеріненқанағаттанарлықтай өнім алу үшін өсу кезеңінде шауын-шашын мөлшері 150 мм-ден кем түспеуі керек. Бір мезгілде ортатәуліктік температура тез пісетін сұрыптар үшін 1800 С және кеш пісетіндер үшін 2400 С болу керек. Жылу мен ылғалдылықтың берілген шектері атбұршақтарды сәтті өсіруде ареал шекарасын анықтауға мүмкіндік берді. Мысалы, орташа пісетін сұрыптарда ареалдың солтүстік шекарасы Калининградтан бастау алып Минс, Брянск, Орел, Казань, Уфа, әрі қарай Кулунда жазығы мен Алтай аймағынан Ресей шекарасына дейін. Атбұршақтарға барынша қолайлысы бұл ауданның батыс бөлігі.
Сұрыптар мен егіс ерекшеліктері Еліміздегі көкөністік атбұршақ сұрыптары екі топқа бөлінеді: солтүстік және батыс-европалық. Солтүстік топтың сұрыптары ерте пісетіндігімен, төменгі температураға тұрақтылығымен, ірі және орта дәндерімен ерекшеленеді. Оларды елдің европалық және азиялық аумағындағы солтүстік және орманды бөліктерінде өсіреді. Елдің орталық, батыс, оңтүстік-батыс аудандарында атбұршақ сұрыптарынан батыс-еуропалық топтарын өсіреді. Бұлар, ереже бойынша, сұрыптар орташа пісетін, дәндері ірі, ашық түсті, жиі жарықшақтанатын атбұршақтар. Орыстың қара атбұршағы – ертеден аудандастырылған сұрыптардың бірі. Солтүстік топқа жатады. Өсімдік биіктігі 40-110 см. Жемістің техникалық жетілуі тік, сәл қатпарлы, ұзындығы 8-12 см. Жемісі бастапқыда жасыл, толық піскеннен кейін қара түсті. Піспеген дәндері ақшыл, піскендері – қою күлгін, қараға ұқсас. Атбұршақ жармалары піскенде жарықшақтанбайды. 1000 дәннің салмағы 1100-1400 г. Егу ауданына байланысты егілгеннен кейін 40-55 күннің ішінде пісіп, көкөніс ретінде қолдануға келеді. Атбұршақтардың өнімділігі 0,5 кг/м2, дәндері 170-200 г/м2. Ресейдің солтүстік алқаптарында – Ленинград облысынан Байкалға дейінгі жерлерінде кең таралған. Белорус сорты. Өсімдік биіктігі 60-150 см. Жемісі ірі, тегіс,ұзындығы 10-20 см. Піспеген кезінде қою жасыл, піскенде қоңыр-қара. Дәндері ұзарған-сопақша, шикі кезінде ақшыл, толық піскен кезінде – сары, сақтайтын болса сары- қоңыр түсте болады. 1000 дәннің салмағы 1400-1800 г. Орыстың қара сортымен салыстырғанда кештеу піседі. Жемістерді еккеннен 55-65-ші күні жинайды. Атбұршақтар өнімділігі 0,5 кг/м2. Ресейдің қара топырақты емес аудандары мен Мәскеу облысында өсіреді. Велена. Өсу кезеңі 83-87 күн. Дәндері ірі, бұршақ ұзындығы 10-12 см, аздап иілген, басы сүйір емес, 3-4 дәнді. 1000 дән салмағы 1400 г. Бұршақ өнімділігі 1,5-1,7 кг/м2. Барлық жерде аудандастырылған. Вировск сұрыпы. Өсу кезеңі 85-88 күн. Өсімдік биіктігі орта 65-105 см. Сабақ қалыңдығы орташа, өсімдіктегі жалпы түйіндер саны 17-21. Бір өсімдіктегі дәндер саны 19-39, дәндері ірі және орташа, тегіс, ақшылдау. 1000 дән салмағы 860-1200 г. Сұрып көктемгі суыққа, -4С-қа дейін төменгі температураға төзімді. Атбұршақтардың өнімділігі 1,6-1,8 кг/м2, дәндері 180-220 г/м2. 1997 ж. Барлық жерге аудандастырылған. Малазықтық атбұршақ сұрыптары, қазіргі уақытта аудандастырылғандары негізінен орта-европалық топқа жатады. Олар биік сабақтарымен, майда дәндерімен (1000 дән салмағы 250-650 г)ерекшеленеді, түстері ақшылдан қою-күлгінге өзгереді. Елде отандық және шет елдік селекцяның аудандастырылған мал азықтық келесі түрлері аудандастырылған: Альфред, жергілікті Дағыстандық, Исток, Қаракөлдік, Қоңырқай, жергілікті Лиелаплатондық, Мария, Пензенский 16, күлгін Уладовский, Херц Фрея, Хмельницкий, Чабанский және Янтарлы. Төменде олардың ішінде кең таралғандарының сипаттамасы берілген. Аушра. 118-125 күнде пісіп-жетіледі, атбұршақ ұзындығы 6-8 см, түзу немесе иілгенн, 3-4 дәнді, төменгі атбұршақтың бекіну ұзындығы 20-40см. Сұрып зиянкестер мен ауруларға төзімділігі орташа. Құрғақшылық пен жарықшақтануға төзімділігі орташа. Поволжье мен Белоруссияда аудандастырылған. Қоңырқай. Сабақ ұзындығы 120 см, азбұтақтанады, ұзындығы 6-7 см, түзу цилиндрлі, 3-4 дәнді, төменгі атбұршақтың бекіну ұзындығы 28-32 см. Дәндері дөңгеленген –сопақша, алдымен ашық-қоңыр, артынан қоңып, салмағы 1000 дәнде 360-380 г, 115-126 күнде піседі. Зиянкестер мен ауруларға төзімділігі орташа. Тульский және Нижнегород облыстары мен Башқұртсьтанға аудандастырылған. Күлгін Уладовский. Сабақ ұзындығы 130 см, бұтақтануы аз, атбұршақ ұзындығы 6-7 см, төменгі атбұршақтардың бекінуі 27-40 см. Дәндері дөңгеленген, күлгін түсті. 1000 дәннің салмағы 430-550 г. Зиянкестер мен ауруларға тұрақтылығы орташа. Рязан ауданы мен Ставраполь аймағында аудандастырылған. Янтарлы. Аршығыш, қатты пергемент қабатты, әлсіз жарықшақтанатын атбұршақ. Дәндері 4-5-у, сопақша формалы, қара жолақтары бар ақшыл түсті, дән беті жылтыр, тегіс. 1000 дән салмағы 420-545 г. Олардың дәндерін өсірудегі артықшылығы тез пісуінде және төменгі атбұршақтың жақсы бекінуінде. Фузориозға тұрақты. Алтай аймағы мен Орловск облысында аудандастырылған. Тұқым өсіру шаруашылығындағы ерекшеліктер. Атбұршақты егуге ылғалды ұстап тұратын, бірақ судың тұрып қалмауы үшін төменгі қабаты суды өткізетін топырақты таңдайды. Атбұршақ дәндерін аурулардың алдын алу үшін егістікке еккен жөн. Дәндерді себер алдында нитригинмен өңдеп, 70%-қ жұмсартатын тигам ұнтағымен 1кг дәнге 4-6 г мөлшерінде дәрілейді. Өсімдікті дәрілеу өнімділік пен өсімдіктің зиянкестер мен ауруларға төзімділігін арттырады. Нитрагенмен өңдеу атбұршақтың бастапқы даму фазасындағы тамырында түйнек бактерияларының түзілуін жылдамдатады. Егілетін сорттар саны 1-ден коп болса қайта тозаңдануды болдырмау үшін кеңістіктегі оқшаулауды қадағалау керек. Әр түрлі сорттарды еккенде арақашықтығы 1000 м-ден кем болмауы қажет. Кейбір шаруашылықтарда атбұршақтың дәндерін тұқым шаруашылығында атбұршақ дәндерін егуді қалыпты жағдайдан арттырады. Себінді қалыңдағанда алғашқы атбұршақтар топырақтан биік болып, өсімдіктің өсу уақыты қысқарады, әсіресе механихацияланған жинауда маңызды болып табылатын атбұршақтардың жетілуі тату болады. Тұқым шаруашылығындағы себіндіде сорттық тазартуларды жүргізеді. Алғашқы тазарту атбұршақтардың гүлдеу кезеңінде жүргізіледі, тезпісуі, жапырақ, гүлінің түсіне байланысты айырмашылығы бар барлық өсімдіктерден арылады. Екінші тазалау жинау алдында құрылысы, формасы, атбұршақ көлемі, түрі бойынша сәйкес келмейтін өсімдіктерден арылады. Жинау атбұршақтардың 75-90%-ы қара түске енгенде басталады. Шабылған өсімдікті шағын үйінді қылып жинайды немесе баумен байлап, 5-7 күнге құрғатуға қалдырады. Бұдан кейін оларды шатырдың астына кепкенге дейін орналастырып, бастырып қояды. Сақталатын дәндер ылғалдылығы 15%-н жоғары болмау керек. Атбұршақтарды өсіру Атбұршақ еккен аймақтағы топырақты күзде күрекпен қайта қазып шығу керек. Көктемде органикалық және минералды тыңайтқыштарды: 3-5 кг/м2 қи, суперфосфат – 30-50 г, хлорлы калий – 10-20 г/м2 қосады. Жақсы тыңайтылған топыраққа тек бақшалық қоспаны – 30 г/м2 және екі стақан күлді 1 м2-ге қолданады. Дәндерді себер алдында аурулармен, зиянкестермен зақымдану белгілері жоқ ірілерін, қаттыларын таңдап сұрыптайды. Дәндердің өнгіштігін арттыру үшін себер алдында 5-6 сағ суға салып қойып, артынан 5 мин ыстық суда (50 С) жылытып, кейіннен суық суда суытуға болады. Атбұршақтарды ертерек, әдетте сәуірдің аяғы – мамырдың басында егеді. Егу әдісі – қатар аралары 45-50 немесе 60 см болатын қатармен егу немесе ленталы (ленталар арасы 60 см, 20-30 см лентадағы қатарлар арасы). Дәндердің бір-бірінен ара қашықтығы 10-15 см. Тұқымды егу тереңдігі 6-8 см. Атбұршақтарды жылусүйгіш дақылдарға – қияр, асқабақ, кәді және т.б. ықтырмалы мақсатта отырғызғанда жүйек шетінен бастап егеді. Атбұршақтарды картоппен бірге отырғызғанда дәнмен бір шұқырға емес, жанына отырғызады. Атбұршақтар картопты жинау уақытында пісіп үлгермейді. Сондықтан картопты қазар алдында атбұршақ өсімдігін тамырымен қазып алып көшетханаға жетілгенге дейін орналастырады. Егілген атбұршақтардың күтімі қатарлар арасын қопсыту мен арам шөптерден тазартудан тұрады. Кетпенмен 8-12 см тереңдікте қатарлар арасын қопсытқанда бір жағынан арамшөптерден тазарады. Қайтара қопсытқанда өсімдік түптеледі. Өсу кезеңінің бірінші жартысында қопсытарн алдында тыңайтқыштарды – 10-15г/м2 суперфосфатты, 10 г/амоний сульфатын, 15-20 г хлорлы калийды енгізеді. Жапырақтары қабысарда қопсытуды тоқтатады. Өсу кезеңін және атбұршақтардың тату пісіп-жетілуін уақытын қысқарту үшін гүлдеу уақытында қырқуды – негізгі сабақтың төбесінен арылуды жүргізеді. Атбұршақтардың 75-90 %-ы қарайғанда дәндерін жинайды. Пышақпен немесе орақпен өсімдіктерді кесіп, баумен байлап шатырдың астына 7-10 күнге кепкенше қояды. Кептірілгеннен кейін атбұршақтар бастырылады. Дәндерді құрғақ орында сақтайды.
Жасыл тыңайтқыштарға атбұршақтарды күтіп-баптау ерекшеліктері Жем-шөптік атбұршақтарды жасыл тыңайтқыш ретінде қолдану органикалық заттар аз кездесетін сортаң топырақты Ресейдің солтүстік-батыс облыстарында маңызды болып келеді. Органикалық тыңайтқыштарды қолдану көптеген артықшылықтарға ие сидераттармен салыстырғанда қымбат және көп еңбекті қажет етеді. Қидың, шымтезек және басқа органикалық тыңайтқыштар ең алдымен егістік жердің құнарлануына алып келеді, сол кезде жасыл тыңайтқыш ретінде қолданылатын жем-шөптік атбұршақтар сияқты дамыған тамыр жүйесі есебінде егінді қабат астында 150 см тереңідікке дейінгі топырақ қабатының құнарлануына мүмкіндік береді. Нәтижесінде жалпы топырақтүзу процесіне оңтайлы әсер ететін процесс топырақтың аэрациясы жақсарады. Жасыл тыңайтқыштың әсерінен топырақтың қышқылдығы төмендеп, өсімдіктің көміртекпен қоректенуі жақсарып,топырақ микрофлорасы активтенеді, топырақтың биологиялық сіңіру қасиеті жоғарылайды. Жем-шөптік атбұршақты тиімді қолданудағы негізгі шарты азоттың аздаған молшерін құрайтын өсімдіктің барынша жасыл массасын алуды қамтамасыз ететін агротехникалық қолданыс комплексі. Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.013 сек.) |