|
|||||||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
Аурулар мен зиянкестер
Аурулар. Суық, ылғалды ауа райы немесе құрғақшылық аурулардың – асхохитоз, тот, пероноспороз, шоколаддағы және фузариозды солулардың пайда болуына алып келеді. Асхохитоз. Атбұршақ егістігінде таралған. Өсімдіктің барлық жер үсті мүшелері зақымданады. Әсіресе аурудың зияндылығы дәндері зақымданғанда жоғары, себебі өнімділігі 40-50%-ға төмендейді. Жапырақтарда алдымен ақшыл-сұр, кейіннен ішінде қою-қоңыр пикнидтері бар қызыл жиекті қоңыр дақтар пайда болады. Сабақтары мен саптарында дақ сопақша, батық, қызыл-қоңыр түспен жиектелген. Атбұршақ жармаларында дақ қызыл жиекті, үңгілген, үлкен, қара-қоңыр түсті, пикнидтар шоғырланып орналасқан. Саңырауқұлақтар енгеннен кейін жармалары арқылы дәндері зақымданып, оларда қою-қоңыр дақ пайда болады. Аурудың максималды дамуы жетілуінің аклғашқы фазасы – ұрықтануда байқалады. Күресу жолдары. Дақылдардың кезектесуі, 3-4 жылдан кейін егілген орынға қайталама егу. Егіске 15%-қ коллоидтық күкірт (1 м2-қа 0,4-0,5 г) бүрку. Тот. Ауру Ресейдің дала және орманды дала зоналарында таралған. Тот қоздырғышының даму циклы бір өсімдік-иесінде өтеді. Көктемде немесе жаз басында жапырақтың төменгі бөлігінде сақинатәрізді орналасқан ақшыл-сары дақ пайда болады. Саңырауқұлақ-қоздырғыш өсімдік қалдықтарында қыстайды. Ауру жылы климатты аудандарға зиянды, жапырақтың, кейіннен өсімдіктің жойылуына алып келеді. Күресу жолдары. Егіске гүлдегеніне дейін 1%-дық бордо ерітіндісін, коллоидты күкірт суспензиясын (1м2-на 0,4-0,5 г) бүрку. Өсімдік қалдықтарын жою. Ақұнтақ. Барлық аумақта таралған, әсіресе ылғалдылығы төмен және түнде шық түсетін аудандарға зиянды. Ауру бүрлену фазасында шағын ақ дақ түрінде, кейіннен зақымданған аумаққа ақұнтақ таралып, қатты көбейсе өсімдіктің барлық бөлігін жауып қалады. Ауру ауа райының ыстық әрі құрғақ кездерінде дамиды. Күресу жолдары. Өсімдік қалдықтарынан арылу. Басқа атбұршақтардан аумақтық шектеу. Калий тыңайтқышының мөлшерін арттыру. Аурудың дамуы күшейсе коллоидды күкіртті (1м2-на 0,4-0,5 г) бүркеді және ұнтақталған күкіртті (1м2-на 1,5-2 г)себу. Төзімді сорттарды қолдану. Пероноспороз немесе жалған ақұнтақ. Әсіресе ылғалды және ыстық жазда және дәнді қабаттастырып еккенде ауру кең таралады. Саңырауқұлақ әсіресе жапырақтарды зақымдайды: жапырақтың жоғарғы бөлігінде алдымен ақшыл-жасыл, кейіннен үлкен хлорлы дақ пайда болып, жапырақтың төменгі бөлігінде дақтарда сұрғылт-күлгін саңырауқұлақ түседі. Аурудың пайда болуы төменгі бөліктегі жапырақтарда болады. Гүлдеу фазасында – жемістенгенде ауру ортанғы және жоғарғы бөліктердегі жапырақтарға таралады және төзаңданудың бастапқы уақытында өсімдіктің барлық бөлігіне таралып кетуі мүмкін. Күресу жолдары. Дақылдың алмасуы. Сау дәндерді себу. Ауру байда болғанда өсімдікке 1%-дық бордо сұйықтығын (0,4-0,5 /м2) бүрку. Фузариоз. Өсімдік аурумен өну кезеңінен – дәндері пайда болғанға дейін зақымданып, нәтижесінде өнуі бүлінеді, тамыры шіриді және солады. Дәннің өсу кезеңінде ауру тұқымдық иіні және тамыр өскінінің ұшында қоңырланған түрде көрініс беріп, топырақ бетіне жетпей өледі. Зақымданған өскіндер нашар өседі, олардың жапырақтары сарғаяды, түбтерінде шірік пайда болады, зақымданған ұлпа қоңырланып – өскін өледі. Фузариозды солу әсіресе гүлдеу кезеңінде – атбұршақ пен дәндерінің пайда болуы алдында қатты білінеді. Атбұршақтың зақымдалған жармалары түссізденіп, дәндері солғын тартып, ал қабығы қатпарланады. Зақымдалған өсімдік қалдықтары инфекция көзі болып табылады. Инфекция дәнде сақталуы мүмкін. Күресу жолдары. Егіс айналымы. Тазалау, сұрыптау, дәндерді залалсыздандыру және микроэлемент ерітінділерінде өңдеу. Қышқыл топырақтың әктендірілуі. Өсімдіктің жақсы өсуі үшін минералды тыңайтқыштарды қосу. Шоколадты дақ. Ауру жапырақтар мен сабақта жұмырланған, қызғылт, қоңыр (шоколад түстес), есепсіз, сұр дақ түрінде көрінеді. Гүлдері, сабақтары зақымданып, қоңырлануы және солуы мүмкін. Саңырауқұлақтар өсімдік қалдықтары мен дәндерінде мицелийлерімен сақталады. Күресу жолдары. Егіс айналымы. Өсімдік қалдықтарын жою, топырақты терең жырту. Дәндерді залалсыздандыру. Фосфорлы- калийлы тыңайтқышпен қоректендіру. Бұршақ тұқымдастарының ішінде атбұршақтар зиянкестерге барынша төзімді. Бірақ олардың да егістері зиянкестермен зақымдалуы мүмкін. Атбұршақтардың негізгі зиянкестріне: бит, шіркейдің түрлі түрлері (бұршақ тұқымдастарының, бұршақтың, жоңышқаның), бұршақтардың дәндері және түйнек бізтұмсығы. Зиянкестер. Атбұршақ және бұршақ биті. Барлық аймаққа таралған. Атбұршақ және бұршақ битінің жұмыртқасы көпжылдық бұршақ тұқымдастарының тамыр бойында қыстап шығады. Қанатты дарақтары мамырдың аяғы – маусымның басында пайда болып, атбұршақтарға орналасады. Биттер сабақтың бас жағында, жапырақта жұмыртқалап, өсімдік шырынымен қоректенеді. Көбіне биттер ылғалды жылы ауа райында болады. Зиянкестерге қолайлы жағдай орнаса биттер атбұршақ егістігін толығымен жоя алады. Гүлдеу аяқталғаннан кейін биттер аталығы мен аналықтары пайда болатын көпжылдық бұршақ тұқымдастарына орналасады. Күресу жолдары. Көпжылдық бұршақ тұқымдастарынанаумақтық шектеуді қадағлай отырып атбұршақтарды араластыра егу. Гүлдену алдында 2,5 %-қ метафоспен тозаңдандырады. Жаппай гүлдену кезеңінде төбесінен бүркеді. Биттермен күресуге мыңжапырақ және жусанның қайнатпасын қолдануға болады. Оны дайындауға бір уыс құрғақ мыңжапырақ және жусан тармағын алып, қайнақ су құйып, 7-10 мин қайнатады. Суытып, 2-3 сағ қойып қояды. Алынған ерітіндімен өсімдікті бүркеді. Бұршақ тұқымдастарының дәнегі. Елдің шығыс бөлігінде таралған, солтүстік бөлікте жаздың ыстығында ғана кездеседі. Негізінен атбұршақтардың гүлдеу кезеңінде пайда болады. Аналықтары жұмыртқаларын жас атбұршақтарға қалдырады. Пайда болған сарғыш қызыл түсті дернәсілдер атбұршақ қабығын, сосын дәндерді кеміріп, сонда қуыршаққа айналады. Қуыршақтан шыққан қоңыз дәнде қалып, еккенде топыраққа түседі. Күресу жолдары. Атбұршақтың зақымдалған дәндерінен тұз ерітіндісінің көмегімен арылуға болады. Атбұршақтарды тағамдық тұз ерітіндісіне батырады(10 л суға 3 кг тұз, зақымдалған дәндер су бетіне қалқып шығады). Түйнек бізтұмсығы. Барлық аумақта таралған. Екі түрі бар – жолақты және сұр. Жолақты бізтұмсық сұр түсті, ұзындығы 3,5-5,6 мм, алдыңғы бөлігінде және қанаттарында қара дақ және ақ қылдар, олардың ұзындығы 2,8-4,5 мм. Қоңыздар топырақтың беткі қабатында жапырақ немесе көпжылдық бұршақ тұқымдастарының астында қыстап, кейіннен өсімдіктің жас өскініне қонып, жас жапырақтарынан және жоғарғы бөлігінен бастап жей бастайды. Қоңыз аналықтары жұмыртқасын топыраққа қалдырады. Дернәсілдері (ақ, сары басты, ұзындығы 4-5 мм) тамырындағы түйнектерді зақымдайды. Күресу жолдары. Топырақты уақытылы өңдеп отыру. Полихлорпинен шашу да жақсы көмектеседі (1га-ға 2 кг). Қоңыздардың қырылуы 70-90%. Жекелеген шаруашылықта күресу жолдары көбіне культураның алмастырып отырғызумен шектеледі. Атбұршақтарды өзге де бұршақ тұқымдастары тәрізді жыл сайын уақытылы жер қазылғаннан кейін жаңа орынға отырғызады.
Vicia faba L. түрінің зерттелу тарихы Ботаникалық объект ретінде атбұршақтардың зерттелуі Линнейге дейін басалды. XVI және XVII ғасырлардағы маңызды жұмыстар жинақтарының барлығында дерлік бұл өсімдіктің морфологиялық белгілерінің қысқа сипаттамаларын табуға болады. Сол уақыттағы ботаниктер атбұршақтарды негізінен 2 топқа бөлген: ірі дәнді Faba vulgaris (Tragus 1552, Fuchsius 1542, Cordus 1561); Phaseolus saitvus немесе major (Dodonaeus 1578,1616); Faba major recentiorum (Lobelius 1576); Faba major hortensis (Ger. 1597); Faba sativa (Park. 1640); Faba leguminosa seu cyamos (J.Bauhin 1651); Faba major or major hortensis (Blackwell. 1737); Faba major (Weihmann 1739); және ұсақ дәндермен Faba silvestris (Matthiolus 1565, Camerarius); Faba minor (Lobelius 1576); Phasrolus minor (Dod. 1578); Faba minor communis (Ger. 1597); Faba minor sylvestris (Park.1640); Faba minor sive equine (C.Bauhin 1623). Кейінгі авторлардан алғаш Morisson (Hist. Oxon. 1680) оларды үш топқа бөлген: ірі дәнділер – Faba compressa major seu hortensis recentiorum alba et ruba Moris.,; ұсақ дәнділер – Faba rotunda oblonga seu cylindracea minor seu equine alba et nigra Moris. және ортадәнділер – Faba rotunda oblonga seu cylindracea media alba Moris. Faba аталатын өсімдік түрлерін ерекше топқа бөлудегі негізгі ерекшелік белгілеріне: тік, қатты, іші қуыс сабақ, бозғылт түсті етті жапырағы, алдыңғы бөлігінде ұсақ қара жолағы бар ірі дәндер, қара дақтары бар ақ гүлдер жатады. Линнейдің ізашары Турнефор 1719 жарық көрген Institutiones кітабында атбұршақтың 8 түрі жайында айтылған: 1) әдеттегі ақ-қара гүлді, 2) қызылкүрең-қаралау түсті гүлді, 3) өте ұзын атбұршақ, 4) орта, жалпақ дәнді атбұршақ, 5) домалақ дәнді, өте қысқа атбұршақ, 6) ақ целиндр тәрізді, ұсақ, дөңгелек дәндер, 7) қара целиндр тәрізді, ұсақ, дөңгелек дәндер, 8) өте ұсақ, цилиндр тәрізді дөңгелек дәндер. Өсімдіктің жалпы сипаттамасында Турнефор тағы бір маңызды сипаттамалық белгісін қосқан: жапырақ сабы сүйірленіп аяқталады. V.faba-ны зерттеу тарихындағы маңызды кезеңі Линнейдің Species plantarum-ның алғашқы басылымында алғаш рет Faba мен Vicia түрлерін біріктірген 1953 жыл болып саналады. Линнейге дейінгі кезеңдегідей V.faba классификациясы негізінен дән белгілері: көлемі және пішініне негізделеді. 1807 жылы Person дәні орташа көлемді b equine: seminibus6 fol. ovato – oblongis атты үшінші топты бөліп көрсетеді. 1841 жылдан үш топқа бөлу басым бола бастап, бастапқы мардымсыз мәліметтер барынша анықтала бастады. Мысалы, Harz 1885 жылы сандық өлшемдерді дәннің ұзындығы мен салмағы шегінде ғана емес, алғаш рет дәндегі жолақтардағы айырмашылықтарға көңіл бөлді. Оның сипаттамасы жаңа сипаттамаларға барынша келеді. Осылайша, тұтас жүзжылдық шамасында классификация негізі тұрақтала түсіп, барынша ұсақ таксономиялық бірліктер тереңдетіле зерттеле бастады. Осылай, 1866 жылы Alefeld өзінің Landwirtschaftliche Flora еңбегінде 42 форманы, Kornicke 1873 жылы 54 форманы келтіреді. Бір ескере кететін жайт, бұл өсімдікке арналған зерттеу жұмыстары өте аз. Аталған тақырыпқа арналған зерттеу жұмыстарының бірі де бірегейі, алғашқы монография - G.Mattei Мессине Ботаникалық Бағының директоры жазған, 1889 жылы жарық көрген «Monografia della Vicia Faba». Автор өз назарының басым бөлігін V.faba-ның V.narbonensis-тен шығып, таралуына аударады. Өз тұжырым қатарларын келтіре отырып, систематикалық бөлімінде жалпы сиаттары қысқа, нақты мазмұндалған. Тармақталған сызбасы келесідей: Бірінші секцияда: Дәндері ұсақ немесе жапырайған 1) bacla (айқас тозаңданбайтын) 2) arvensis (ұзындығы 10-15 мм және көлемі 6-10 мм) atra, atro-rubens, fusca6 variegata, pallida, viridis. Екінші секция Дәндері ірі немесе жапырайған. 1) media (ұзындығы 1,5-2см, көлемі 1см) atro-rubens, rubens, violacea, pallida,albescens. 2) major (ұзындығы 2-3см, көлемі 2см) atro-rubens, rubens, rubro- violacea, violacea, variegata, pallida, viridis. 3) maxima (ұзындығы 4см, көлемі 2 см). 4) rolunda (ұзындығы 2см, көлемі 2см). Атбұршақтардың шығу-қалыптасу орталықтары. Археологиялық деректер. V.faba-ның ертедегі қазба қалдықтары неолит кезеңіне жатады, негізінен Жерорта теңізі жағалауы маңындағы елдерде топтасқан. Атбұршақтың қола дәуіріндегі қазбалары да сол ареалмен шектелген. Ал Батыс Еуропаға аталған өсімдік кейінірек, темір дәуірінен Германияда табылған. Ал бұрынғы Кеңес Одағындағы мемлекеттер аумағындағы археологиялық зерттеулер көрсеткіштері б.э.д. VI-VIII ғ (Беларуссия) жатады. Аталған мәліметтерді айшықтай түсу үшін келесі кестені ұсынуға болады:
Қазба деректерінің арасында мөлшері өте ұсақ дәндер (4,4-4,8мм), барынша үлкен дәндер (10,8 – 11,6мм) де табылды. Неолиттік дәуірдегі дәндер көлемі 4,8-10,8 мм, қола дәуіріндегілер 4,4-10,4мм, темір дәуірінде 5,6-11,6мм аралығында болады. Бушан келтірген мәліметтер бойынша шығыс бөлікте орналасқан – Греция(Heraclea), Венгрия(Lengyel, Aggtelek), Швейцария (Petersinsel), Италия(Monte Gurazze), Кіші Азиядағы (Hissarlik) атбұршақтар ұсақ, әрі дөңгелек пішінді; батыс бөліктегі Испанияда керісінше, атбұршақтар барынша ұзын, барынша тегіс.
.
Пайдаланылған әдебиеттер
Бых Г.М. Кулинарное использование зерна и экструдита чечевицы. Нижний Новгород, 1999. Вильсон Л.А. Продукты питания из сои. М.: Колос, 1998. Жирмунская Н. М. Зеленое удобрение на садовом участке. ИВЦ «Маркетинг». М.,1994. Жирмунская Н.М. Хорошие и плохие соседи на огородной грядке. ИВЦ «Маркетинг». М., 1995. Клявиня А. Обед на каждый день. М.: ВО «Агропромиздат», 1989. 383 с. Кубанские разносолы.// Советская Кубань, Краснодар, 1993. – 64 с. Макашева Р.Х. Горох. Л.: Колос, 1973. Минюк П.М. Фасоль. Минск: Ураджай, 1991, - 92 с. Цыганок Н.С. Горошек, фасоль, бобы. М.: Сельнов. Приусадебное зозяйство, 1995. 540 рецептов соевой кулинарии / Сост.: Т.А. Терешкович. Минск: Аверсэв, 1997. – 254 с. Яковлев Г.П. Семейство Бобовые (Fabaceae, или Leguminosae)// Жизнь растений, 1981 г., т.5, ч. 2. Вестник моды, 1908. Приложение 100 блюдиз овощей. С.М. Мартынов Бобы http://www.activestudy.info/klubenkovye-dolgonosiki-vrediteli-zernobobovyx-kultur/ http://www.agroatlas.ru/ru/content/cultural/Vicia_faba_K http://chem21.info/info/797370/ http://zarip-ovosch.ru/boby-ovoschnye,-botanicheskaya-hara http://earthpapers.net/preview/45244/d?#?page=5 http://octopay.me/search Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.013 сек.) |