АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Ежелгі психология

Читайте также:
  1. Глава 1. Социальная психология: как это делается
  2. Гуманистік психология
  3. Индивидуальная психология А. Адлера
  4. Инженерная психология
  5. Исправительно-трудовая психология и методы психологического воздействия на заключенных
  6. Квантовая психология
  7. Когнитивная психология (Зубенко)
  8. Лебон Г Психология народов и масс
  9. Лекция 2. «Биологическая и психологическая подструктуры личности. Психология познавательных процессов»
  10. ЛЕКЦИЯ № 19. Медицинская психология. Способы диагностики и лечения в психологии
  11. Особенности психологии как науки. Научная и житейская психология. Проблема предмета психологии. Психические явления. Психологические факты

Орта ғасырлардағы жан және сана туралы түсініктер.

XVII-XIX ғ. Психология

Психологияның тәжірибелік ғылымға айналуы


Шет психологиясындағы ағымдар(бихевиоризм).

Адамзат өзінің тарихын, шығу тегін, тілдері мен салт-дәстүрлерін тануында психология ғылымы ерекше орын алады. Ежелгі ойшылдар адам үшін басқа адамнан артық қызық объекті болмайтынын қателеспей айтқан. Психологияның зерттеу пәнінің негізіне, адам болмысының табиғаты, психикалық құбылыстары, үрдістері, қасиеттері кіреді.

Психологияның ерекшеліктерін, ежелден, адам ақылы тысқары құбылыстар ретінде қабылдап келе жатқандықтан, оларды ғылыми тұрғыдан анықтау қиындыққа соқтырады. Тәннен жанды бөлек, ерекше нәрсе түрінде қабылдауды мысал ретінде келтіруге болады. Адамдар мен жануарлардың өлетінін, адамның түс көретінін ежелгі адамдар да білген.

XIX ғасырдың соңы - XX ғасырдың басында, белгілі психолог Г.Эббингауз психологияның тарихы қысқа, ал тарих алдындағы кезеңдері ұзақ деп психология туралы қысқа да нұсқа айтты. Бұл жерде, тарих ретінде, философиядан бөлініп табиғи ғылымдарға жақындау және жеке эксперименттік әдістерді ұйымдастыру кезеңі деп аталған психиканы зерттеудің кезеңі айтылған. Бұл XIX ғасырдың соңғы ширегінде болды, бірақ психологияның қайнар бұлағы ғасырлар қойнауында жатыр.

Психиканы адамның рухани өмірінің көрінісі және ол барлық материалдық табиғат бағынатын заңдарға бағынбайды деп қарастырған идеалистік философия, адам психикасын түсінудегі материалдық көзқарасты көптеген ғасырларға ығыстырды. Жан туралы көзқарастар қандайда болмасын метаморфозаларды бастан өткерсе де, жанды өмірдің қозғаушы көзі деген тұжырым тұрақты болып қалды. Тек XVII ғасырда ғана Рене Декарт психологиялық ілімдердің дамуының жаңа кезеңін бастады. Ол тек ішкі ағзалардың жұмысы ғана емес, сонымен қатар ағзаның әрекеті - оның басқа сыртқы денелермен әрекеттестігі де жанды қажет етпейді дегенді көрсетті. Декарт бір мезгілде екі ұғымды енгізді: сана және рефлекс. Алайда, ол өз ілімінде кенеттен жан мен тәнді қарама-қайшы қояды. Ол өзара тэуелсіз екі субстанцияның - материя мен рухтың - бар екендігін айтады. Сондықтан психология тарихындағы бұл ілім "дуализм" (латын тілінен duaIіs - "қосалқы") деген атаққа ие болды. Дуалистердің көзқарасы бойынша, психикалық құбылыстар мидың өнімі мен қызметі емес, мидан тыс әрі одан тәуелсіз өздігінен болады деп санайды. Философиядағы бұл бағыт объективтік идеализм деген атқа ие болды. Дуалистік ілімдердің негізінде XIX ғасырдағы психологияда психофизикалық параллелизм (яғни психикалық және физикалық құбылыстар қатарлас - өзара тәуелсіз, бірақ бірге деп тұжырымдайтын) деген идеалистік теория кеңінен таралды. Психологиядағы бұл бағыттың басты өкілдері - Вундт, Эббингауз, Спенсер, Рибо. Бине, Джемс және басқалар.
Шамамен, осы уақыттан бастап психология пәні туралы жаңа түсініктер пайда болады. Сезіну, ойлау, тілеу қабілеттерін сана деп атай бастады. Сонымен психика санаға теңестірілді.

Психологияның жеке ғылым ретінде қалыптасқан уақытынан басталатын дамуы, XIX ғасырдың екінші жартысындағы әр түрлі мақсаттағы және зерттеудің әр түрлі әдістерін пайдаланатын өзара ауыспалы теориялардың үздіксіз күресіне ұштасты. Бірақ XIX ғасырдың соңындағы теориялардың барлығы және XX ғасырдың теорияларының бір бөлігі сананың интероспективтік психологиясының төңірегінде жасалды.

Адамның мінез-құлқын қадағалауға мүмкіндік беретін құралдарды жасауды талап етуші, капиталистік өндіріс әдісінің дамуына байланысты пайда болған, көптеген практикалық мәселелер алдында "сана психологиясы" әлсіз болды. Бұл XX ғасырдың екінші онжылдығындағы пайда болған психологияның жаңа бағытына әкелді. Бұл бағыттың өкілдері психологиялық ғылымның жаңа мағынасын жариялады. Оған психика да емес, сана да емес сырттан бақыланбайтын, адамның қозғаушы жауап қайтаруларының жиынтығы ретінде түсіндірілетін мінез-құлық енді. Бұл бағыт "бихевиоризм" (ағыл. behavior -"мінез-құлық") деген атқа ие болды. Бұл психология пәні жайлы көзқарастардың дамуының үшінші кезеңі еді. Бихевиоризм негізін салушы Дж.Уотсон қоршаған ортаға бейімделуші тіршілік иесінің мінез-құлқын зерттеуді психология міндеті деп білді. Бір онжылдық ішінде ғана бихевиоризм бүкіл әлемге таралды жэне психология ғылымының ең басты ықпал етуші бағыттарының біріне айналды. Сонымен, психология алғашқыда - жан туралы ғылым, содан соң психология - жансыз ғылым, соңында психология - санадан тыс ғылым.

 


3.Психология ғылымның негізгі салаларының өзара байланысын талдаңыз

Қазіргі кезде психология ғылымы — көптеген салалар мен тармақтарға бөлініп, ілгері дамып отырған өрісі кең ғылыми тән. Бұл салалар мен тармақтар дамуы мен калыптасуы жағынан адамның түрлі тәжірибелік іс-әрекеттерін қамтитын әр килы сатыда тұр. Оларды топтастырьш, жік-жікке ажырату жіктеу (классификация) деп аталады.

Адамның нақты іс-әрекеттеріне сүйене отырьш, оның психикасының дамуын темендегіше жіктейміз.
I. Тәлім-тәрбие (педагогикадық) псяхологиясы, Бұл пәннің зерттейтіні — адамды оқыту мен тәрбислеу ісіндегі психологиялық зандылықтар. Ол оқушылардың акыл-ойы мен ойлау жүйесін, дағдыларын қалыптастырудың, олардың тиісті оқу материалдарын меңгеруі мен ұстаз-шәкірт арасындағы өзара қарым-катынастарды зереттеудің түйінді мәселелерін қарастырады.

II. Жас кезеңдерінің психологнясы — әр қилы психикалық процестердің табиғи негізі мен үнемі дамып отыратын азаматтық қасиеттерін, психологиялық сапаларын зерттейтін бұл сала мынадай тармақтардан құралады: балалар психологиясы, жеткіншектер психологиясы, жастар психологиясы, ересектер психологиясы, қарт адамдар психологнясы

III. Арнаулы психология. Бұл адам дамуының бірқалыпты даму жолынан ауытқуын, ми ауруына ұшырағандардың психикалық күйзелістері мен осы саладаьы ер қилы аурулардың себептерін қарастырады.

IV. Еңбек психологиясы — адамның іс-әрекет түрлерінің психологиясын, еңбекті ғылыми негізге сүйене отырып ұйымдастыру мәселелерін қарастырады.

V. Медициналык психология дәріғерлердің қызметі мен аурулардың мінез-құлқын зерттейді.

VI. Әскери психологияның ең басты міндеті — азаматты ел-жұрты мен Отанын қорғайтын қалқан болуға психологиялық тұрғыдан даярлау. Мұнда жауынгердін. мінез-құлқы мен отаншылдық қасиетін тәрбиелеп қалыптастыру жағдайлары, бастықтар мен бағынушылар арасындаш қарым-қатынастар, үгіт-насихат жұмыста-рын жүргізу, дұшпанға дейген өшпенділік сезімдерінік оянып, оған қарсы барлау істерін ұйымдастыру және соғыс техникасын меңгеру мен басқару әдістері зерттеледі,

VIІ. Әлеуметтік-психология адам мен қоғам арасындағы қатынас мәселелерімен айналысады. Бұл сала адамдардың белгілі бір негізде ұйымдасқан топтары мен кездейсоқ топтары арасындағы өзара қарым-катынастағы психологиялық кұбылыстардың сырын зерттейді. Қазіргі кезде әлеуметтік психология шеңберінде мынадай үш түрлі мәселе қамтылады:

VIII. Спорт психологиясы спортшылардың іс-әрекетіндегі психологиялық ерекшеліктерін қарастырады, Спорт жетекшілері мен бағынушылардың өзара карым-қатынасын, оларды даярлаудың жағдайын, құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуін, психологиялық даярлығын іздестіре келе, оларды жаттықтыру және күш-қуатын жинақтау деңгейін, жарыстарды ұйымдастыру, өткізу мәседелернің психологиялық факторларын зерттсйді Әрбір ел мен халықтың спорт өнеріндегі срекшеліктерін де ескере отырып, оларды жаттықтыру міндеттері анықталады.

IX. Сауда психологиясы — қазіргі заманда кенінсн дамып отырған сала. Бұл сала бойынша әрбір елдің саяси-экономикалық және мәдени-материалдық қажеттіліктерін өтеу мақсаттарына қарай дамыту шаралары белгіленеді, Сонымен қатар, әсіресе, жарнамалардың психологиялық ықпалы, елдегі адамдардың жас ерекшеліктері, сатьш алушылардың мұқтаждығы, оларға қызмет көрсетудің факторлары қарастырылады.

X. Ғылыми-шығармашылық (творчество) психологиясы — соңғы кездерде зерттеле бастаған сала, Бұл салада шығармашылық адамның жасампаздық қызметі, өзіндік ерекшеліктері, белсенділігі айқын көрініп, ғылыми жаңалықтарды ашудағы интуициясы, сезімдік рөлі т, б. сипаттары зерттеледі. Осы бағыттағы ерекше ма-нызды заңдылық — эвристика тәсілі.

XI. Көркемөнер, әдебиет пен шығармашылыққа қатысты психология. Бұл сала бойынша қарастырылатын мәселелер —- әсемдікті қабылдау және оның адам жан дүниесін байытуға ықпал ету факторлары. Бұл саланың өзекті мәселелері әлі күнге дейін жүйелі түрде вз дәрежссінде зерттеле қойған жоқ.

XII. Салыстырмалы психология психиканын филогенетикалық түрлерін карастырады. Мұнда адам мен хайуанаттар психикасын салыстыра отырып зерттейді. Олардың психикасындағы айырмашылықтары мен ерекшеліктері ажыратылады. Бұл саланың жануарлар пснхологкясын зерттейтін тармағы әрбір түр мен тектің, олардың тобындағы жан-жануар, жәндіктердің. құлқьш. әрқылы механизмдерін қарастырады

XIII. Заң психологиясы хұқыққа қатысты мәселелерді реттеу және оларды тәжірибе жүзінде қолданудың психологиялық мәселелерін зерттейді. Бұл сала сот психологиясы, кылмыс психологиясы, еқбекпен түзету психологиясы (пенитендиарлы) деп аталатын тармактардан құраяады.

 


4.Психология ғылымының дамуындағы негізгі кезеңдеріне сипаттама беріңіз

Психология ғылымының дүниеге келуі 1879ж. Вундтін Лейпциг каласында алғашқы эксперементалды зертхана ұйымдастыруымен сипатталады. Психология ғылымының даму тарихы бірнеше этаптарға бөлінеді: 1. Психология жан туралы ғылым; 2. Психология сана туралы ғылым. 3. Психология жүріс-тұрыс туралы ғылым. 4. Психология психика туралы ғылым.

1-ші кезең (б.з.дейінгі 5ғ.).Психология жан туралы ғылым ретінде. Жан туралы ғылыми түсінік ежелгі гректердің әмбебап ғалымы Аристотель (б.з.д. 384-322) есімімен байланысты. Екі жарым мың жылға созылған осынау кезеңде психология басқа ғылымдармен (философия, медицина, әдебиет, жаратылыстану, т.б.) аралас, астарласа дамып келді. XIX- ғасырдың екінші жартысынан былай қарай ғалымдар жан құбылыстарын (түйсік, ес, ойлау, қиял т.б.) эксперимент жүзінде әртүрлі құрал-жабдық аспаптардың көмегімен зерттей бастады. Осы кезден бастап, психология өз алдына дербес отау тігіп, тәжірбиелік ғылым ретінде дамыды. Психология ғылымының тарихы да біріне-бірі қарама-қарсы (материализм, идеализм) жоғарыда аталған екі бағыттың үздіксіз ой-пікір тартысына толы. Мысалы, ертедегі грек ойшыларының бірі Демокрит (б.э.д. 460-370) сол кездің өзінде-ақ жанды (психика) оттың атомдарындай қозғалмалы қасиет деп түсіндірді. Ол жанның мәңгі еместігін, оның өсіп, өшіп отыратындығын айтып, материалистік тұжырым жасады. Сол заманның екінші бір ойшылы, идеалист Платон (б.э.д. 427-347) керісінше “жан- мәңгі өлмейді, өшпейді”,- деп тұжырымдады. Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби (870-950) дүние- материядан құралады, ол жойылмайды, бір түрден екінші түрге көшіп, өзгере береді, жан денеден бұрын өмір сүрмейді, бір денеден екінші бір денеге барып орналаса да алмайды деп материалистік тұрғыдан дұрыс пайымдаса, батыс ойшылы Фома Аквинский (1225-1274ж.ж.) жанның мәңгі өлмейтіндігі, оның денеден бөлек өмір сүретіндігі жайлы пікірлерді ары қарай дамытып, осы көзқарастың кең өріс алуына мүмкіндік берді.

Екінші кезең — Сана туралы ғылым бұл кезен Декартын сана ұғымен байланысты. ХҮIII ғ. психология бiлiмiнiң дамуында Рене Декарт жаңа есiгiн ашты. Ол адамны өн iшкi мүшелерi ғана емес, тiптi дене əрекетiнiң де жанға ешқандай қатысы болмайтыны жынде пiкiр айтып, дəлелдедi. Бұл жантану ғылымының кейiнгi желiсiне үлкен ықпал жасады. Декарт ғылымға екi түсiнiктi — рефлекс жəне сананы бiрдей енгiздi. Бiрақ ол өз тағылымында жан мен тəндi бiр-бiрiне қарсы қойды, өзара тəуелсiз екi болмыс материя жəне рух жасайтынын уағыздады. Сондықтан да психология тарихында бұл Декарт тағылымы «дуализм» (екi тарапты) атауын алды. Бұл бағыт ғылымда объективтi идеализм деп аталды. Мұндай идеалистiк көзқарасты дəрiптеушiлер Вундт, Эббингауз, Спенсер, Рибо, Джемс, т.б. Бұл идеалистi бағыттағылардың бəрiн бiрiктi дeген жалпы пiкiр: психикалық болмыс — ғылыми талдауға келмейтiн, себебі бұндай түсiнiк кең етек алып, ал бұл бағыттағы идеализм интроспекттiк (өзiн-өзi бақылау) сана тағылымы атын алды. Осыдан сана өзiмен өзi шектелiп, психика объектив болмыс пен субъектiнiң өзiнен де толығымен ара байланысын үздi.

Үшінші кезен жұрыс-тұрысты зерттейді ХIХ ғ бірінші жартсында психология жұрыс-тұрыс туралы ғылым реттінде қарастырылады. ХIХ ғ. екiншi жартысында дербес ғылымға айналған психологияның дамуы өз алдына əртүрлi мақсаттарды белгiлеп, əртүрлi зерттеу тəсiлдерiн қолданған, бiр-бiрiн ауыстырып отырған теориялар таласында жүрiп отырды. ХIХ ғ. аяғындағы барша теориялар, ХХ ғасырдағы бiршама тағылымдар сананың осы интроспектік психологиясы шеңберiнде зерттелдi. Интроспекттiк психология аймағындағы теориялардың бiр-бipiнен айырмашылығы сананы құрылымы, мазмұны жəне белсендiлк дəрежесiне қарай əрқилы сипаттаудан болды, яғни бiр сипаттама жетекшi деп есептелiндi. Осы тұрғыдан сана психологиясы өз зерттеулерiн 5 бағытта алып барды: саналық элементтер теориясы (В. Вундт, Э. Титченер); саналық əрекеттер психологиясы (Ф. Брентано); саналық ағым (сел) теориясы (У. Джемс); дербес құрылым психологиясы (гештальтпсихология); суреттеме психологиясы (Дильтей). Бұл теориялардың бəрi не ортак. Tүciнiк: қоршаған дүниемен белсендi қатынастағы адам орнына сана қойылып, оның бар iс-әрекетi сана белсендiлiгi деп танылды. Психологияда эксперименттiк əдiстiң орнығуына қарамастан, бұл дəуiрде аталған теориялардың бəрiне тəн ерекшелік — психикалық құбылыстардың мəнiн түсiндiру емес, тек қана суреттеп нақтылау.

Төртінші кезен психология психика туралы ғылым осы кезенде, 1879 ж. Вундт Лейпцигте алғашқы эксперименталды зертхана ұйымдастырды. Сана психологиясына эксперимент қою мүмкiндiгi ашылды: зерттеушi белгiлi жағдайлар жасап, онда психикалық процестердін өтуiн бақылап отырды. Бiрақ бұл бақылаулардың ерекшелiгi адам өзiнiң iшкi жан-күйiн, сезiмiн, ой толғанысын өзi бақылайды, осыдан мұндай зерттеуде интроспектк аталған əдiс қолданылды. ХХ ғ. екiншi он жылдығында психологияның жəне бiр бағыты пайда болып, оның өкiлдерi психологиянын жазна пəнiн жариялады: ол психика да емес, сана да емес, ал сырттай бақыланатын, егiнен адам қозғалысының жиынтығы-əрекет-қылық едi. Бұл бағыт «бихевиоризм» (ағылш. behaviour-қылық) аталып, психология пəнi жөнiндегi түсiнiктер дамуының негізін қалады. Негізгі психологиялық теорияларға бихевиоризм,гештальтпсихология, психоанализ,іс-әрекет теориясы,гуманистік психология. Психика-қоғамдық –тарихи практикамен тексеріліп,құпталған дүниенің шынайы да дұрыс бейнеленуі. Бихевиоризмн iрге тасын қалаушы Дж. Уотсон психологияның мiндетті қоршаған ортаға бейiмделу тiршiлiк иесы қылық-əрекетiн зерттеу деп бiлдiрді. Тек бiр онжылдықтың өзiнде-ақ бихевиоризм бүкт дүниеге тарап, психология ғылымының ықпалды бағыттарының бiрiне айналды. 4-ші кезеңде психология ғылым ретінде психиканың фактілерін, заңдылықтарын және механизмдерін зерттейді.

 

5.Психологиялық зерттеудің негізгі әдістерінің өзарабайланысын көрсетіңіз

Ғылыми психология дамуды жеке адамның бүкіл өмір сүру процесінің негізі тәсілі ретінде қабылдайды. Психология ғылымы үшін даму принципі ерекше маңызға ие, себебі оның зерттейтің объектісі психика - өзінің аса үлкен динамизмімен сипатталады. Барша психикалық болмыс нақты даму процесінде пайда болады, жасайды және өзгереді (Б.Ф. Ломов).

Психологияда адамның психикалық ерекшеліктерін зерттейтін бірнеше әдістер бар. Олардың бір тобы негізгі әдіс, екінші тобы қосалқы әдіс деп аталынады.

Негізгі әдістер.

1.Байқау әдісі.

Белгілі жоспар бойынша жүйелі түрде біраз уақыт бойына зерттелуші адпмның психикалық ерекшеліктерін қадағалауды байқау әдісі деп атайды. Байқау табиғи жағдайда, зерттелінуші адамның әрекетіне әдейі араласпай-ақ жүргізіледі. Осы әдіс арқылы зерттелінушінің мимикасын, сөз реакцияларын, түрлі қозғалыстарын, міңез-құлқын, жалпы әрекетін байқауға болады.

Байқау әдісінің нәтижелі болып шығуы үшін қолданылатын қажетті кейбір шарттар:

байқаудың ұзақ уақыт бойына жүргізілуін және бір фактінің өзі бірнеше рет қайталанып зерттелінуін қамтамасыз ету;

зерттелетін объектіні айқын белгілеу және байқаудың мақсатын түсіне білу қажет;

байқалған фактілерді сол сәтте жазып отыру, басты фактілерді

іріктеп алу.

Байқау әдісінің кейбір кемшіліктері бар. Біріншіден, зерттеуші мұнда өзіне керек құбылыстарды әп-сәтте зерттеп алмайды да, көп уақытын жіберіп алады. Екіншіден, байқауды әр уақытта ойлағандай ұйымдастыруға жағдай болмай да қалады.

2) Тәжірибе.

Тәжірибе жасауда зерттеуші өзіне қажетті жан қуаттарының көлденеңнен кез болуын күтіп тұрмай, сол процестің тууына өзі жағдай жасайды. Психологияда тәжірибе лабораториялық және табиғи болып бөлінеді.

Неміс ғалымы В. Вундт психологияны тәжірибелік жолмен зерттеудің негізін салды, тұнғыш рет лаборатория ашты. Психологтар алғаш рет көру, есту, иіс түйсіктерін зерттеу үшін тәжірибені пайдаланды. 80-ші жылдары ес құбылыстарын зерттеу лабораторияда тұнғыш жүргізіле бастайды. Арнаулы әдістер қолдану арқылы жаттап алудың тездігі мен дәлдігі, ұмытудың жылдамдығы т. б. өлшенілді. Орыс психологы Н. Ланге эксперимент әдісімен зейін мен қабылдауға зерттеу жүргізді. 90-шы жылдарда француз психологы А. Бине алғаш рет ойлау процесіне тәжірибе жасады.

Тәжірибе жүргізу үшін арнаулы лабораториялық құралдар қажет. Мысалы, психикалық процестердің пайда болу шапшаңдығын өлшеу үшін – хроноскоп, тері түйсігінің сезгіштігін байқау үшін – эстезиометр, зейінің көлемін анықтау үшін – тахистоскоп, естуді өлшеу үшін – аудиометр т. б.Лабораторияда жүргізілетін эксперименттің нәтижелілігі төмендегі жағдайларға байланысты:

1. Байқалатын объекті жөнінде эксперимент жүргізушінің күн ілгері болжамының (гипотезасының) болуы тиіс;

2. Тәжірибе түріне лайықты жұмыс жағдайын жасау;

3. Тәжірибені күн ілгері белгіленген жоспар бойынша, арнаулы әдістемеге сай жүргізу;

4. Бір құбылысты бірнеше рет тексеруден өткізіп, оларға сандық және сапалық жағынан дербес талдау жасау;

5. Алынған мәліметтерге байланысты негізгі және ішінара қорытындылар шығару.

Табиғи экспериметті психологияға тұнғыш еңгізген орыс психолог А.Ф. Лазурский. Мұнда тәжірибе жүргізуші өзіне керек құбылысты табиғи жағдайда тұдырып отырады. Егер оқушылардың ойлауын, сезімін, еркін зерттеу керек болса, психолог қандай болмасын әрекет ұйымдастырады.

Қосалқы әдістер:

· Әңгемелесу әдісі арқылы психолог белгілі жоспар

бойынша зерттелінуші адамның жас және дара ерекшелігіне, білім көлеміне қарай күні бұрын әзірленген сұрақтар қояды.Әңгіме көбінесе жанама түрде ұйымдастырылады, мұнда сөйлесу әдісіне ерекше мән беріледі;

· Анкеттік әдіс арқылы кісі күні бұрын бланкіге жазылып '

қойылған сұрақтарға жазбаша жауап береді. Осы әдіспен әр түрлі топ ұжымының психологиялық өзгешеліктері зерттелінеді;

· Сұхбат барысында сұрақ қоюшы респондентпен әңгімелеседі, зерттеуді белгілі сұрақтың айналасында, арнаулы жоспар бойынша жүргізеді;

· Тест әдісі балалардың білімі мен икемділігі, бейімділігі, жалпы ақыл-ойының даму дәрежесі, жекелеген жан қуаттарының дамып, қалыптасуы жөнінен мағлумат алуға көмектеседі. Тест арқылы бала өз жасына қарағанда дұрыс дамыған ба, не оның дамуында өз кезеңінен ауытқушылық барма деген сауалдарға жауап алынады.


6.Тұлғаның қалыптасуы мен дамуына әсер етуші факторларды айқындаңыз

Жеке тұлға белгілерінің пайда болуы мен дамуын талдау үшін жеке тұлғалардың қалыптасу процесіне әсер ететін мынадай факторларды бөліп көрсетеміз: 1) биологиялық тұқымқуалаушылық. 2) Физикалық орта. 3) Мәдениет 4) Топтық тәжірибе. 5) Индивидуалды тәжірибе.

Биологиялық тұқымқуалаушылық белгілері ауаға, суға, ұйқыға, қауіпсіздікке, ауырмауға қажеттілікті қамтитын адамзат тіршілігінің туған қажеттіліктері мен қабілеттерімен толықтырылады. Егер әлеуметтік тәжірибелерде негізінен адам иеленетін жалпы белгілермен түсіндірілетін болса, ал биологиялық тұқымқуалаушылық жеке тұлғаның индивидуалдығын, оның қоғамның басқа мүшелерінің бастапқы айырмашылығын түсіндіреді. Осыған байланысты биологиялық тұқымқуалаушылық толығымен жеке тұлғаны жасай алмайды. Себебі мәдениет те әлеуметтік тәжірибе арқылы беріледі.

Физикалық орта. Кейбір зерттеушілер физикалық қоршаған ортаға жеке тұлғаның дамуында үлкен роль берді. Атақты социолог П.Сорокин 1928 ж. басылған еңбектерінде Конфуций, Аристотель, Гиппократтан бастап, қазіргі кезеңнің географы Эллиот Хантингтонға дейінгі көптеген ғалымдар теорияларын кеңейтті. Мұнда жеке тұлға тәртібіндегі топтық ерекшеліктер негізінен ауа-райындағы географиялық ерекшеліктермен табиғи ресурстардағы ерекшеліктерме,н анықталады. Ғалымдардың бұл тобына философ Г.В.Плеханов пен Л.Н.Гумилевті де жатқызамыз. Бұл зерттеушілер жасаған теориялар ұлттық сананы ақтау үшін негіз болып табылады, бірақ жеке тұлғаның дамуына физикалық факторлардың шешуші әсерін ақтай алмайды, шындығында ұқсас физикалық және географиялық жағдайда жеке тұлғаның әртүрлі типтері қалыптасады және керісінше жеке тұлғаның ұқсас топтық белгілері қоршаған ортаның әртүрлі жағдайларында дамиды. Осыған байланысты физикалық орта әлеуметтік топтың мәдени ерекшеліктеріне әсер ете алады., бірақ тұлғаның жеке қалыптасуына әсері шамалы.

Мәдениет. Анықталған мәдени тәжірибе барлық адамзат үшін жалпы болып табылады және сол немесе басқа қоғам дамуының қандай сатысында тұрғанына тәуелді емес. Сонымен қатар әрбір қоғам өзінің барлық мүшелеріне басқа қоғам бере алмайтын кейбір ерекше тәжірибелерді, ерекше мәдени үлгілерді береді.

Амеркан зерттеушісі К.Дьюбайс сол қоғамға тән жалпы белгілерді иемденетін жеке тұлғаны модальды деп атады. Модальды тұлға деп Дьюбайс сол қоғамның мәдениетіне тән кейбір ерекшеліктерді иемденетін жиі кездесетін жеке тұлғалардың типін түсінді.

Модальды тұлға қоғам мәдени тәжірибесіне барарда өзінің барлық мүшелеріне беретін жалпы мәдени құндылықтарды өзіне сіңіреді. Яғни әрбір сол қоғамның мәдениетіне сай келетін бір немесе бірнеше тұлғалық типтерді дамытады. Бірақ күрделі қоғамда субмәдениеттің көп болуына байланысты жеке тұлғалардың жалпы қабылдаған типін табу өте қиын. Біздің қоғамымыз көптеген құрылымдық бөлімдермен сипатталады: аймақ, ұлт, шұғылданатын іс, жас ерекшелік катег.ориясы, жеке тұлға болады. Бұлардың әрқайсысы өздерінің жеке субмәдениетін жасауға бейім. Бұл үлгілер жеке индивидтерге тән тұлғалық үлгілермен араласады және аралас тұлғалық типтер пайда болады.

Яғни жеке тұлғалардың қалыптасуына биологиялық факторлары және жеке әлеуметтік топтағы жалпы мәдени үлгі әсер етеді. Сонымен қатар тұлғалардың қалыптасу процесін анықтайтын негізгі факторлар топтық тәжірибе және индивидуалды тәжірибе болып табылады. Бұл факторлар жеке тұлғалардың әлеуметтену процесінде толық бейнеленеді.

 


7.Тұлға дамуының концепцияларының негізгілерін сипаттаңыз

Тұлға - бұл қоғамдық-тарихи дамудың өнімі. Адамның қоғамдық қатынастар жүйесінде алатын орны, оның орындайтын іс-әрекеті -бұл оның тұлғасының қалыптасуын анықтайтын жағдайлар. Тұлғаның қалыптасуы адамның мінездемесі үшін маңызды орын алады, яғни оның мінез-кұлык пен іс-әрекетінің жоғары саналы формаларын қамтамасыз етіп, оның ақиқатқа байланысты барлық қарым-қатынастарының бірлігін құрайды.

Тұлға теориялары ол мінез-құлықтың жалпы теориясы болып табылады бейсаналы мен саналы мінез-құлықтың детерминанттарын ашады. Барлык тұлға теориялар соншалықты көп болса соншалықты әртүрлі, қазіргі психологияда тұлға теорияларын бірнеше кластерлерге бөледі:

- бірінші кластер Адлер, Фромм, Хорни, Меррей, Салливан әлеуметтік теориялардың функционалистік теориялары;

- екінші кластер Фрейд, Адлер, Юнг даму тұрғысынан тұлғаньң құрылымдары мен бейсаналы комплекстері;

- үшінші кластер Ангьял, Гольдштейн, Роджерс туа берілген организменді өзіндік маңыздану;

- төртінші кластер Адлер, Фрейд, Меррей, Салливан әлеуметтік қоршағандармен өзара әрекеттегі үздіксіз даму;

- бесінші кластер Оллпорт, Кэттелл, Адлер, Фрейд, Юнг, Шелдон тұлғаның конституционалды құрылымдары.

Психодинамикалық теория типіне К.Левиновтің формуламен берілген символикалық түсініктік типі жатады: В = F (Р,Е). В- мінезді, F-функциональдық тәуелділік белгіні, Р-тұлғаның ішкі субъективті психологиялық қасиетін, Е- әлеуметтік ортасы дегенді білдіретін шартты белгілер болып табылады. Психодинамикалық теорияның символикалық көрінісі мынадай болады:

В = Ғ (Р)

- Мұнда мінез психологиялық қасиеттен шығарылып тасталды. Ол толығымен олардың негізінде түсіндіріледі.

- Социодинамикалық теорияда мінез детерминациясы ішкі ситуацияға беріліп, оған ішкі тұлға қасиеті ретінде мән берілмейді. Сөйтіп, оны символикалық түрде В = Ғ (Е) берілді.

- Интеракционистік тео рия - адамның өзектіәрекеттерін басқарудың ішкі және сыртқы факторларын өзара әрекеттестік принцип негізінде құрылады. Оның Левин формуласы: В = Ғ(Р,Е).

- Экспериментальдық теория - факторлар арқылы алынған талдау мен қорытып шығаруға құрылады.

- Экспериментальді емес т еория - өмірлік пікірлер, бақылау мен тәжірбиеге, теориялық қорытуға негізделеді де, экспериментке сүйенбейді.

- Құрылымдық теория - тұлға қүрылымын анықтау, жүйелік түсініктер беріледі де солардың арқасында сипатталу жүзеге асады.

- Динамикалық теория - тұлға дамуындағы қайта құрылу, өзгерістер, яғни оның динамикасы беріледі.

Кейбір теориялар білім беру жүйесі кезеңін, ал енді бірі адамныің бүкіл ғұмырлық дамуын қамтиды. Сондықтан, олар жас ерекшелік және педагогикалық психологияға тән сипаттарға сай құрылған.

Сонымен, тұлға туралы теориялар: ішкі қасиеттерді, келбет пен тұлға сапасын немесе олардың сыртқы көріністерін алады. Мысалы: мінез, қылық, іс - әрекет сияқты.

Тұлғаның интеракционды теориясын американ психологі У.Майшел жасады. Онда адам тұлғалық факторы мінез белгілеп, оны бірнеше мынадай, топқа бөледі:

- 1.Адам қабілеті.

- 2.Когнетивті стротегиясы.

- 3.Кітетіні.

- 4.Құндылығы.

- 5.Мінез жоспары.

Тұлға теориясын жасауда американ психологі Э.Эриксон тұжырымдамасының өзіндік орны бар. Ол тұлға дамуы мен қалыптасуын эпигенетикалық принципке сүйене отырып түсіндіреді және өмір сүру барысында болатын тұлға дамуындағы 8 дағдарыстың болатынын белгілейді.

- 1.Алғашқы өмір сүру кезеңінде болатын сену, не сенбеу.

- 2. 2-3 жас арасында болатын күмән мен ұят.

- 3.3-6 жас аралығында белсенділік пен оған қатысты болатын кінәләну.

- 4.Еңбек қорлық және оған қарсы толық мәнде болмаушылық.

- 5.12-18 жас аралығындағы болатын тұлғаның өзін - өзі белгілеуі мен жеке дара даралануындағы топтамалар мен дау-дамайлар.

- 6.20 жас шағындағы өз шектеулігі мен қоғамға араласушылығы мен оған қарсы мәндері.

- 7.30-60 жас аралығында жас ұрпақ қамқорлыққа өзін-өзі жегуі.

- 8.60 жас және одан жоғары жаста өткізген өміріне қанағаттануы мен өкіну, түңілуі.


8.Түйсік және оның түрлерінің өзарақатынасына анықтама беріңіз

Адам түсіктерінің түрлері мен рөлі.

Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарыaaның жеке қасиеттерінің, сезім мүшелеріне тікелей әсер етуінен пайда болған мидағы бейнелерді туйсік деп атайды.

Түйсік арқылы заттардың түсін, иісін, дәмін, қатты-жүмсақ-тығын, кедір-бүдырлығын т.б. осы секілді қасиеттері ажыратылады. Сондай-ақ түйсік денеде болып жататын түрлі өзгерістер жөнінде де, яғни дененің қозғалысы мен оның кеңістікке орналасуын, жеке бөліктерінің жүмысы жайлы хабарлайды

Түйсіктердің түрлерін үлкен үш топқа бөлуге болады.

1.Сыртқы дүниедегі заттар мен қүбылыстардың жеке қасиеттерінің бейнесі болыи табылатын түйсіктер.Бүлардың рецепторлары дененің бетінде немесе оған жақын орналасқан. Осындай сыртқы анализаторлардың рецепторларын экстероцептор дсп атайды. Бүган көру, есту, иіс, дом, тері туйсіктері жатады.

2. Ішкі мүшелеріміздің күйін бейнелейтін"(хабарлайтын) түйсіктерге түрлі органикалық түйсіктер"жатады. Олардың рецепторларын интероцептор деп атайды.

3. Дене мүшелерінің қозғалысы мен бірқалыпты орналасуын қозгалыс немесе кинестезиялық туйсіктер хабарлап отырады. Мүның рецепторы проприоцептор деп аталынады.

А. Көру туйсіктері.

Көру түйсіктері біздің көзімізге электромагнит толқындарының әсер етуінің нәтижесінде пайда болады. Егер бір уақыттың ішінде көзімізге үзындығы 380-нен 780 миллимикронға дейін (миллимикрон мм-дің 1/1000 000 бөлімі) электромагнит толқындары әсер етсе, біз жарықты сеземіз. Белгілі үзындығы бар әр түрлі толқындар әсер етсе ғана көз заттардың түсін (бояуыы) ажыратады. Мәселен, қызыл түс үзындығы 700 миллимикрон, жасыл түс 300 миллимикрондай үзындықтағы электромагнит толкындарының әсер етуінен пайда болады. Спектрге қараған кезде одан табиғаттағы жеті негізгі тусті және олардың сансыз реңцерін айыруға болады. Ересек адам түстің 180-дей жеке түрлерін және он мыңнан астам реңктерін ажырата алады.

Түстер хроматикалық, яғни бояулы (қызыл, кошқыл сары, жа-сыл, көгілдір, көк, күлгін), ахроматикалық, яғни бояусыз (ақ, кара және барлық сүр түстері) болып екіге бөлінеді.Хроматикалық түстер үш түрлі сапамен (түстің жарықтылығы, өңі, қоюлығы), ахроматикалық түстер тек жарықтылығымен ғана ажыратылады. Түстің жарықтылығы — түстердің қара түстен айырмашылық дәрежесі. Мәселен, ақ түс ең жарық түс, қара түс жарықтылығы ең төмен түс болып табылады. Түстердің өңі дегеніміз бір түстің екінші түстен өзіндік ерекшелігін көрсететін сапасы. Түстің қоюлығы — жарықтылығы бірдей сүр түстерден жеке түстердің айырмашы-
лығы. Ең қою түс — қызыл түс болады. Көру мүшесі — көз. Оның негізгі бөлімі — көз алмасы. Көз алмасы үш түрлі қабықпен (ақ түсті,тамырлы және торлы) қапталған шар тәріздес нәрсе.

Ә. Есту түйсіктері

Есту мүшесін тітіркендіретін ауа бөлшектерінің тербелістері — дыбыс толқындары. Ауа бөлшектерінің тербелістері тербелудін жиілігі, амплитудасы (құлашы) және тербелудің түріне қарай ажыратылады. Осыған сәйкес есту түйсіктерінің үш жағы болады. Олар: дыбыстың жоғарылығы — бұл тербелу жиілігінің сәулеленуі, дыбыстың қаттылығы — бұл тербелу амплитудасының сәулеленуі, тембрі — тербеліс түрінің сәулеленуі. Біздің құлағымыз бір секунд ішінде 16 тербелістен немесе герцтен 22 мың герц (тербеліс) ішіндегі дыбыс толқындарын сезе алады. Жиілігі бұдан асатын тербелістерді кұлақ шала алмайды. Өйткені бұлар өте жіңішке, ультрадыбыстар. 16 герцтен төменгі дыбыстарды да құлақ шала алмайды. Дыбыстардың мұндай түрін инфрадыбыстар деп атайды. Құлағы ең сақ аң-күстар дегенде ең алдымен жарғанат айтылатыны белгілі. Оның есту қабілеті 175 мың Гц, одан соң ит — 100 мың Гц, шегіртке — 90 мың Гц, тауық — 38 мың Гц келеді. Адамның естігіштік қабілеті — сайрауық кұстармен бір деңгейде — 20 мың Гц болады екен.

В. Дәм туйсіктері

Дәмді айыратын мүше — тіліміздегі дәм бүршіктері. Оны тітіркендіретін белгілі дәмі бар, суға ерігіш түрлі химиялык зат-тар. Дәмді тәтті, ащы, түзды, қышқыл деп төртке бөледі. Дәм, иіс түйсіктері бірімен-бірі араласып жататындықтан, адам көбінесе дәмді де дұрыс айыра алмайды. Мәселен, тұмауратқан адамның дәмді айыруы бәсең болатындығы — дәм, иіс түйсіктерінің араласып жататындығына жақсы мысал. Тілдің түрлі бөліктері дәмнің жоғарыда аталған төрт түрін түрліше сезеді. Мәселен, тәтті дәмді — тілдің үшы, ащыны — тілдің түбі, қышқылды — тілдің екі жақ шеті, түзды тілдің үшы мен екі шеті жақсы сезеді. Егер дәмі бар затгы тілдің ортасына салса, адам көпке дейін оның дәмін ажыра-та алмайды. Өйткені, дәм сезетін бүршіктер тілдің ортасында болмайды.

Г. Тері туйсіктері Тері түйсігінің рецепторы — денедегі терінің өн бойына орналасқан. Тері түйсігі, сондай-ақ тілдің, мүрынның кілегей кабықтарында да мол. Тері түйсіктерінің өзі бірнешеге бөлінеді. Олар: тактиль (сүйкеніс), қысым, дуыл түйсіктері), температура (жылыны, салқынды білдіретін түйсіктер) және ауырганды білдіретін туйсіктер. Тері түйсігі рецепторларының есебі жоқ. Тек ауырғанды білдіретін нүктелердің өзі ғана денемізде 900 мыңнан асып жатады. Терінің түрлі алаптарында сезгіштік бірдей емес.

Ғ. Сипай сезу туйсіктері Адамдардың еңбек әрекетінде ерекше орын алатын түйсіктерінің бірі — сипай сезу (осязание) туйсігі. Мұның екі түрі бар. Біріншісі — пассив сипай сезу. Бүған тері түйсігі түгелдей кіреді. Екіншісі — актив сипай сезу. Актив сипай сезу тері және қозғалыс түйсіктерінің ұштасып келуінен көрінеді. Актив сипай сезу түйсігінің рецепторы адамның қолында (саусақ, алақан) орналасқан. Осы түйсік — әрекеттің нақтылы бір түрінің ықпалымен күшті дамып отырады.

Сипай сезу түйсіктерінің жалпы еңбек процесінің «ұсақтүйек» ерекшеліктерін меңгеруде, мектепте оқушыларды қол еңбегінің дағдыларына үйретуде, сондай-ак, соқыр, мылқау, керең адамдардың тіршілігінде ерекше орын алатыны түсінікті.

2 Органикалық туйсіктер Түйсіктердің екінші тобына — органикалық туйсіктер жатады. Бұлардың рецепторлары ішкі мүшелердің қабаттарына (өңеш, қарын, ішек, тамыр, өкпе, жүрек т. б.) орналасқан. Ашыққанда, шөлдегенде не сусын қанғанда, жүрек айнығанда, іш ауырғанда және т. б. осындай жағдайларда болатыы сезінулер органикалық түйсіктерге жатады. Адам тоқ, деыі сау кезінде немесе іс-әрекет үстінде түйсіктердің бүл түрін байқай бермейді.
И. М. Сеченов сондықтан да түйсіктердің бүл тобын «көмескі түйсіктер» деп атаған. И. П. Павлов мектебінің зерттеулері көрсеткендей, дені сау адамның органикалық түйсіктері оның жалпы «хал-күйінің» негізі болып табылады.

Е. Кинестезиялық туйсіктер Кинестезиялық туйсіктер дененің жеке мүшелерінің бір күйдегі қалпын, қозғалысын білдіреді. Кинестезиялық түйсіктерді кейде қозғалыс түйсігі деп те атайды. Оның рецепторлары – ет, тарамыс, сіңірлердегі жүйкелерінің ұштары.

Ж. Тең басу шуйсіктері Мұндай — туйсіктерді статикалық туйсіктер деп те атайды. Статикалық түйсіктердің рецепторлары ішкі құлақтағы вестибулярлық аппаратга орналасқан. Статикалық туйсік — бастың қоз-ғалысын, дененің кеңістіктегі алып түрған орнын, яғни адамның тең басуын бейнелейді.

3. Вибрациялық туйсікте

Вибрациялық түйсіктер қозғалған дененің ауаны толқытуын бүкіл өн бойымызбен сезінген кезде пайда болады. Негізгі анализаторлары (түйсіну мүшелері) сау адамдар көбінесе өздерінде бүл түйсіктердің болуын байқамайды. Көзі, қүлағы, тілінен бірдей айрылған американдық Елена Келлер мен орыстың ғылыми қызметкері Ольга Скороходованың өмірі мен творчестволық әрекеті анализаторлардың адам қаларлық жағдайда бір-бірімен байланысып отыратындықтарын, әсіресе, мұнда вибрациялық түйсіктердің кандай маңыз алатындығын жақсы көрсетеді.

9.Түйсіктің заңдылықтарының табиғатын көрсетіңіз

А. Сезгіштік және табалдырық

Психологияда адамның түйсіне алу қабілетін сезгіштік деп атайды.

Сезгіштікті: 1) абсолюттік, 2) айырма сезгіштік деп екіге бөледі.

Абсолюттік сезгіштік дегеніміз — сезім мүшелерінің өте әлсіз тітіркендіргіштерді түйсіне алуы. Сезгіштік түйсіктің табалдырығымен тығыз байланысты. Мәселен, абсолюттік сезгіштік түйсіктік табалдырығына тәуелді. Абсолюттік табалдырық — түйсік табалдырығының шегі. Абсолюттік табалдырық тітіркендіргіштін болмашы ғана түйсік тудыратындай ең аз шамасы. Түйсік табалдырығының шамасы азайған сайын адамның абсолют сезгіштігі арта түседі. Мәселен, біреу алақанындағы бір ми квадрат аумакқа түсетін салмақты 3 гр-нан бастап сезетін болса, екінші біреу осындай жерге түскен салмақты алты грамнан бастап сезеді. Бұдан соңғы адамның түйсік табалдырығы екі есе артық та, абсолюттік сезгіштігі екі есе кем екендігі көрінеді. Егер тітіркенудің шамасы табалдырықтан төмен жатса, оңда түйсік пайда болмайды. Мәселен, адам денесіне қонған тозаңды сезе алмайды, көз улътра күлгін сөулелерді көрмейді, құлақ әлсіз дыбыстарды естімейді. Өйткені осы тітіркендіргіштердің бірде-біреуінде түйсік туғызарлықтай күш жоқ.
Айырма сезгіштік деп сезім мүшелерінің тітіркендіргіштердің арасындағы болмашы айырмашылықты түйсіне алуын айтады. Айырма сезгіштікті сипаттау үшін не айыру табылдырығының мөлшерімен пайдаланады. Мәселен, егер алақанға жүз грамм салмақ салып, оған тағы бір грамм қосса, салмақтың артқаны білінбейді. Оны айыра білу үшін 3-4 грамм қосу керек, Айыру табалдырығы түйсіктің түрлерінде әртүрлі болып келеді. Мәселен, жарықты айыратын табалдырықтың күші 1/100-ге тең. Бүл айтылғандарды мынадай фактілермен дәлелдейді. 100 шамдық жарық Күшіне тағы бір шамдық жарық қосылса, сонда жарықтың аздап та болса артатындығы байқалады. Ал жүз кісі қатынасқан хорға тағы да он адам қосылса, хордың даусы аздап болса да көтеріледі.

Ә. Адаптация

Сезім мүшелерінің сезгіштігі әсер етуші тітіркендіргіштерге біртіндеп бейімделуге байланысты да өзгеріи отырады. Бүл кұбылысты адаптация дейді. Адаптация күбылысы адам сезгішіігінің артуын немесе төмендеуін көрсетіп отырадьь Түйсіктердің қай-қайсысы да адап-тацияланады. Мәселен, көру түйсігіндегі адаптацияны алайық. Жарық жерден қараңғы үйге кіру бізде қараңғылық адаптация-сын туғызады. Жарық жерден қараңғы бөлмеге кіргенде көздің қарашығы 17 есе үлғаяды. Бүл қарашыктан өтетін жарықтың мөлшері 17 есе көбейеді деген сөз. Көздің қараңғыда көргіштігіне торлы қабықтың шетіне орналасқан таяқшалардың әсері етс күшті. Олардың нашар жарықты да жақсы сезе алатын қасиеті бар. Мәселен, 30-40 минуттан кейін қараңғыдағы көру сезгіштігі 200 мың есе артады. Ал қараңғыдан жарыққа қарай сезгіштіктің өзгеруі жарық адаптациясын көрсетеді. Алғашқыда күн көзге шағылы-сып, көз еріксіз жүмылады. Адаптация қүбылысына перифериялық нерв жүйесімен қатар ми қабығы да қатысады.Адаптация тері (тактиль) түйсіктерінде де күшті байқалады. Осының салдарынан кейбір адамдар тітіркендіргіштерді түйсінбей де қалады. Температуралык. түйсіктердің де адаптациясы мол.Мәселен, судың бірқалыпты салқындығына дене тез уақыт ішінде төселеді де, адамның терісі суыққа тітіркенбейтін болады.Иіс түйсіктерінде адаптация түрлі дәрежеде көрінеді. Мәселен, камфараның иісі 1-2 минуттан кейін сезілмейтіы болса, горчица мен нашатыр сгшртінің иісіне адаптациялану тезірек болады.

Ауырсыну түйсіктеріндегі адаптация өте әлсіз, ауырсыну организмнің қалыпты жүмысының бүзылғандығын, осы сигнал-дың биологиялық рөлін көрсетеді. Адаптация қүбылысы үнемі өзгеріп отыратыы сыртқы дүние тітіркендіргіштеріне анализатор-лардың калай да бейімделе алатындығын байқатады.

Б. Түйсіктердің өзара байланысы. Сенсибилизация

Егер адаптация анализаторлардың сезгіштігінің түрлі жағдайла-рға байланысты артуының төмендеуінің көрсеткіші болса, сенси-билизаңия сезгіштіктің тек артуын ғана керсетстін қүбылыс болып табылады. Сезім мүшелерінің біреуінің әсерінен басқаларының сезгіштігі артып отырады. Мұны былайша түсіну керек. Әлеіз тітіркендіргіштер өзімен бірге әсер етіп түрған басқа тітіркендіргіштердің сезгіштігін арттырады. Мәселен, көзге жеткілікті мөлшерде түскен жарық оның көру қабілетін арттыру-мен қатар есту түйсігінің сезімталдығының артуына да себепші болады. Қызыл түс адамның ақ, қара түстерді дүрыс ажыратуына жәрдемдеседі. Түнгі үшуға дайындық кезінде үшқыштардың көздеріне 20-30 минут бойына қызыл көзілдірік киетіндері осыдан.С. В. Кравков, К. X. Кекчеев зерттеулерінде адамның дамыл-дамыл таза ауада дем алуы, жеңіл дене қимылын жасауы, беті-қолын салқын сумен сүртінуі көру сезгіштігін арттыратындығы дәлелденген.

Сыртқы дүниенің затгары бір ғана анализатормен түйсінілмейді. Бір сезім мүшесіне тускен әсер, қалған сезім мупіелеріне де әсер етедЬТүйсіктердің бір-бірімен байланысқа түсуі сыртқы дүниенің күбылыстарын толығырақ түйсінуге жағдай жасайды. Болар-болмас дәм түйсігі (кышкыл нәрсе) көру сезгіштігін артгырады, түз ерітіндісін ішкеннен кейін таза судың өзі тэтті болып көрінеді? Осындай өзара байланыс көру, сипай сезу, қозгалыс түйсіктерінде де көп байқалады. Түйсіктердің өзара байланысының өте айқын көзге түсетіні контраст (қарама-қарсылық) қүбылысы. Мәселен, айналасын ақ түске бояған сүр тік бүрыш айналасын қара түске бояған сүр тік бүрыштан күңгірттеу көрінеді. Ал осы сүр тік бүрыштың айнадасын қоңыр түске бояса, жасыл тартып, сары түске бояса, көгілдір болып көрінеді. Тым-тырыс кезде дыбыс жақсы естіледі, ыссы нәрседен кейін салқынды түйсіну өзінен-өзі белгілі. Жүйке процестерінің өзара индукция зандылығьшен (бір мезгілдік индукция) түсіндіріледі.


1 | 2 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.031 сек.)