|
|||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
Демікпе
Демікпемен ауыратын адамда тұншығу ұстамасы жиі болады. Дем алысында, сыртқа дем шығарғанда, шуыл немесе сырыл болады. Ішке қарай дем тартқанда бұғана және қабырға арасындағы тері ауаны қиналып тартқаннан ішке қарай сорылып, жабысады. Егер науқасқа ауа жетіспесе, оның тырнақтары мен еріні көгереді, мойын тамырлары білеуленіп тұрады. Әдетте ыстығы көтерілмейді. Демікпе көбіне бала кезден басталып, өмір бойы қол үзбей қояды. Ол жұқпалы емес, бірақ ата-анасы демікпемен ауыратын балаларда бұл ауру жиі кездеседі. Демікпеге тән нәрсе жылдың белгілі бір айында немесе түнінде өршиді. Ауру ұзаққа созылса, ол өкпе эмфиземасы өкпе эмфиземасына ұласады. Демікпе ұстамасы аллергиялық реакциялардың салдарынан да болуы мүмкін. Балаларда демікпе әдетте салқын тиюден басталады. Кейбір жағдайларда, көңіл-күйдің бұзылуынан да немесе мазасыз жағдайлардан да демікпе ұстамасы болуы мүмкін. Демікпе алдында — тыныстың демікпесі болып өткен организмдегі хал-жай, күшті жөтел ұстайды: көбінесе тыныс жолдарының қабынып, қызарып ауруы түрінде немесе ұзаққа созылған өкпенің қабынуы түрінде, мұрынның аллергиялық ауруы немесе мұрын ауруының қалыптан тыс ауытқуы түрінде дамиды. Емделу жолдары · Егер демікпе үйде өршитін болса, онда науқас сыртқа, ауасы таза жерге шығуы керек; өзіңіз сабырлы болыңыз, науқасқа майда сөйлеп, жігер беріңіз. · Сұйықты барынша көп беріңіз. Ол шырышты сілекейді босатып, тынысты кеңейтеді. Бу ингаляциясын жасаудың да көмегі бар. · Ұстама жеңіл болса, эфедрин, теофиллин немесе сольбутамол беріңіз. · Ауыр жағдайларда эфедрин немесе теофиллинді қосып, сольбутамол беріңіз. · Науқастың жағдайы тым ауыр болса,жедел жәрдем шақырыңыз · Температура көтерілген жағдайда немесе ұстама 3 күннен астамға созылса, тетрациклин немесе эритромицин капсулдарын беріңіз. · Демікпенің аскаридадан болуы өте сирек жағдайда ғана. Егер сізде жас балада аска-рида болуы мүмкін-ау деген күдік болса, онда оған пилеразин беріп көріңіз. · Егер сонда да науқастың беті бері қарамаса, онда дәрігерге барыңыз. Алдын алу шаралары: Демікпемен ауыратындар өзінде тұншығу ұстамасын туғызатын заттардан аулақ болуға тиіс. Демікпемен ауыратын адамдардың үйі мен жұмыс орны таза болуы керек. құсты немесе басқа да аңдарды үйде үстауға болмайды. Желдетіп алу үшін науқастың керуетін терезе алдына қою керек Кейде ашық ауада ұйықтау да жақсы. Сілекейді босату үшін күніне кем дегенде 8 стақан су ішіңіз. Демікпемен ауыратын адамға ауасы таза жерге қоныс аударғаны жөн. Егер сіз демікпе болсаңыз, темекі шекпеңіз. Темекі шегу сіздің өкпеңізді одан сайын бұзады. Аллергия тудыратын заттардан аулақ болуымыз керек.Егер де шаңды жерде жұмыс істесеңіз респиратор қолдану керек.
Тыныс демікпесі – әлемде ең көп таралған созылмалы ауру. Аталған дерттің асқынуы көп жағдайда өлімге әкеліп соқтырады. Соңғы 20 жылда осы дерттің түрі балалар арасында күрт өсті.
Муковисцидоз (кистозный фиброз) — системное наследственное заболевание, обусловленное мутацией гена трансмембранного регулятора муковисцидоза и характеризующееся поражением желёз внешней секреции, тяжёлыми нарушениями функций органов дыхания. Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.003 сек.) |