|
|||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
бап. Бас прокуратура1. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына Республиканың Бас Прокуроры басшылық етедi.
13-бап. Облыстардың прокурорлары Облыстардың прокурорлары және оларға теңестiрiлген прокурорлар: 14-бап. Облыстардың прокуратуралары 1. Облыстардың прокуратураларына және оларға теңестiрiлген прокуратураларға Республика Президентiнiң келiсiмiмен Республиканың Бас Прокуроры бес жыл мерзiмге тағайындайтын тиiстi прокурорлар басшылық етедi.
15-бап. Қалалық, аудандық және оларға теңестiрiлген 1. Қалалық, аудандық және оларға теңестiрiлген прокуратураларға Республиканың Бас Прокуроры бес жыл мерзiмге тағайындайтын тиiстi прокурорлар басшылық етедi.
16-бап. Төменгi прокурорлардың жоғары тұрған 1. Прокурорлардың бағыныстылығы: 17-бап. Прокуратура органдарындағы алқалар 1. Бас прокуратурада, облыстардың прокуратураларында және оларға теңестiрiлген прокуратураларда алқалар құрылады. 3 ТАРАУ 18-бап. Прокуратураның құқықтық актiлерiнiң жүйесi 1. Прокуратураның құқықтық актiлерiнiң жүйесiн:
19-бап. Наразылық 1. Прокурор Конституцияға, заңдарға және Республика Президентiнiң актiлерiне қайшы келетiн нормативтiк және өзге де құқықтық актiлерге, мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдардың шешiмдерi мен iс-әрекеттерiне наразылық жасайды. 20-бап. Қаулы 1. Заңның бұзылу сипатына қарай прокурор қылмыстық iс қозғау, тәртiптiк iс жүргiзу туралы, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзу жөнiнде қаулы шығарады.
Бап. Санкция 1. Прокурор жазбаша түрде: 5-3) жеке және заңды тұлғалардың банктердегi ақшасы мен басқа да мүлкiне тыйым салу;
22-бап. Нұсқау 1. Прокурор: 23-бап. Өтiнiш 1. Прокурор заңға сәйкес бұзылған құқықтарды қалпына келтiру және мемлекеттiң, жеке және заңды тұлғалардың мүдделерiн қорғау үшiн сотқа талаптық өтiнiш жасауға хақылы.
24-бап. Ұйғарым 1. Заңды бұзушылықты жою туралы жазбаша ұйғарымды прокурор енгiзедi және оны заңды бұзуға жол берген органға немесе лауазымды адамға, не жiберiлген заң бұзушылықты жоюға өкiлеттi органға немесе лауазымды адамға жiбередi. Егер заңды бұзу ашық сипатта болып, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына, сондай-ақ заңды тұлғалардың, қоғам мен мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiне елеулi зиян келтiруi мүмкiн болған және ол дереу жойылмайтын болған жағдайда, ұйғарым енгiзiледi. Ұйғарымды нормативтiк құқықтық актiлерге енгiзуге болмайды.
25-бап. Ұсыныс 1. Прокурор өз құзыретi шегiнде:
26-бап. Заңды түсiндiру 1. Органның немесе лауазымды адамның не азаматтың заңдарды бiлмеуi немесе дұрыс түсiнбеуi салдарынан оларды дұрыс қолданбауға әкелiп соғатын жеткiлiктi негiздер бар деп санаған ретте, прокурор заңның мазмұнын, ал қажет болған жағдайда заңды бұзғаны үшiн көзделетiн жауапкершiлiктi түсiндiредi. 26-1-бап. Прокурордың құқықтық актiлерiн мәжбүрлеп 1. Прокурордың қаулылары мен ұйғарымдарын өз еркiмен орындамаған жағдайда, ол мүлкiнен мәжбүрлеп айыруды көздейтiндерiн қоспағанда, прокурордың талаптарын мәжбүрлеп орындату туралы қаулы шығаруға және оны орындау үшiн уәкiлеттi мемлекеттiк органдарға жiберуге құқылы. 2. Уәкiлеттi мемлекеттiк органдар прокурордың тиiстi қаулысын алған бойда оны орындауға дереу шаралар қолдануға мiндеттi. 3. Лауазымды адамдар, азаматтар айғақтар беру үшiн прокуратура органдарына келуден бас тартқан жағдайда, прокурор ондай адамды прокуратура органдарына жеткiзу (күштеп әкелу) туралы қаулы шығаруға құқылы, оны жиырма төрт сағат iшiнде iшкi iстер органдары орындайды.
27-бап. Прокурорлық қадағалау актiлерiн жариялау Өз қызметiнiң жариялылығын қамтамасыз ету үшiн прокуратура органдары адамның және азаматтың конституциялық және заңмен қорғалатын өзге де құқықтарын, заңды тұлғалар мен мемлекеттiң мүдделерiн бұзған органдар мен лауазымды адамдардың заңсыз iс-әрекеттерi мен шешiмдерiне прокурорлық қадағалау актiлерiн бұқаралық ақпарат құралдарында жариялай алады.
4 ТАРАУ 28-бап. Қадағалаудың мiндеттерi 1. Қадағалаудың мiндеттерi: 1) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың құқықтық актiлерi мен iс-әрекеттерiнiң заңға сәйкес келуiн қамтамасыз ету; 2) заңдылықтың кез келген бұзылуын, осындай заң бұзушылыққа ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтап, жою, бұзылған құқықтарды қалпына келтiру шараларын қолдану болып табылады. 2. Прокуратура басқа мемлекеттiк органдарды алмастырмайды және ұйымдардың қызметi мен азаматтардың жеке өмiрiне араласпайды. 29-бап. Прокурордың өкiлеттiгi 1. Қадағалауды жүзеге асыру кезiнде прокурор:
5 ТАРАУ 30-бап. Прокурордың сотта iс қараудағы құзыретi 1. Қылмыстық, азаматтық немесе өзге де сот iсiн жүргiзу барысында сотта мемлекет мүддесiн бiлдiре отырып, прокурор осы Заңға, сондай-ақ Республиканың қылмыстық iстер жүргiзу, азаматтық iстер жүргiзу және өзге де заңдарына сәйкес шағым және қадағалау тәртiбiмен өз өкiлеттiгiн жүзеге асырады. 2. Соттың (судьяның) iс бойынша шешiмiмен, үкiмiмен немесе өзге қаулысымен оның заңға сәйкессiздiгi немесе негiзсiздiгi себептi келiспеген жағдайда, прокурор iстi қайта қарау немесе құқықтық актiнiң күшiн жою не өзгерту туралы жоғары тұрған сотқа наразылық беруге хақылы.
31-бап. Соттың заңды күшiне енбеген қаулыларына Прокурор өзiнiң iстiң сотта қаралуына қатысу-қатыспауына қарамастан, соттың (судьяның) заңды күшiне енбеген заңға сәйкес келмейтiн немесе негiзсiз шешiмiне, үкiмi мен өзге де қаулысына жоғары тұрған сотқа наразылық беруге хақылы. 32-бап. Соттың заңды күшiне енген қаулыларына 1. Прокурор соттың заңды күшiне енген шешiмдерi, үкiмдерi және өзге қаулылары бойынша iстердi өз құзыретiнiң шегiнде соттан талап етiп алдыруға хақылы. 2. Соттың заңды күшiне енген шешiмi, үкiмi мен өзге қаулысы заңға сәйкес келмейтiн немесе негiзсiз болған жағдайда, прокурор қадағалау тәртiбiмен наразылық жасайды. Егер наразылық жасау оның құзыретiнiң шегiнен асып кететiн болса, онда тиiстi прокурор наразылық жасау жөнiнде жоғары тұрған прокурорға ұсыныс айтып, өтiнiш жасайды. 3. Прокурордың соттың заңды күшiне енген шешiмiне, үкiмi мен өзге де қаулыларына наразылық жасау және орындалуын тоқтата тұру жөнiндегi өкiлеттiгi заңмен айқындалады. 33-бап. Республика Жоғарғы Сотының нормативтiк Республиканың Бас Прокуроры Республика Жоғарғы Сотының нормативтiк қаулысының Конституцияға және заңдарға сәйкес келмеу негiздерi бойынша Республика Жоғарғы Сотының жалпы отырысына наразылық енгiзедi.
6 ТАРАУ 34-бап. Қадағалаудың мазмұны мен мәнi Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыру, жедел-iздестiру шараларын жүргiзу барысында адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының сақталуы, сондай-ақ жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыруға өкiлеттi органдар мен лауазымды адамдардың актiлерi мен iс-әрекеттерiнiң заңдылығы қадағалаудың мәнi болып табылады. 35-бап. Прокурордың жедел-iздестiру қызметiнде Жедел-iздестiру қызметiне қадағалауды жүзеге асыра отырып, прокурор:
36-бап. Жедел-iздестiру қызметiнiң заңдылығына Жедел-iздестiру қызметiнiң заңдылығына қадағалауды Республиканың Бас Прокуроры және өзге прокурорлар заңдарда белгiленген құзыретi шегiнде жүзеге асырады. 7 ТАРАУ 37-бап. Қадағалаудың мазмұны мен мәнi Прокурор анықтама мен тергеу органдарының актiлерi мен қызметiнiң заңға сәйкестiгiне, жасалған қылмыстар және тергеу жүргiзу туралы өтiнiштер мен хабарларды шешудiң заңдарда белгiленген тәртiбiнiң сақталуына қадағалауды жүзеге асырады. 38-бап. Прокурордың анықтама мен тергеу 1. Анықтама мен тергеудiң заңдылығына қадағалауды жүзеге асыра отырып, прокурор: 1) анықтама мен тергеу органдарынан тексерiс үшiн қылмыстық iстердi, жасалған қылмыстар, жедел-iздестiру қызметiнiң, анықтаманың, тергеудiң барысы туралы құжаттарды, материалдар мен өзге мәлiметтердi алады; 2) жасалған немесе әзiрленiп жатқан қылмыстар туралы өтiнiштер мен хабарларды қабылдағанда, тiркегенде, шешкенде заңдылықтың сақталуын тексередi; 3) қылмыстық қудалау органының айыпталушыны, сезiктiнi қамауға алуға және күзетпен ұстауға немесе үйде қамауда ұстауға санкция беру туралы өтiнiшiн қолдайды не қолдаудан бас тартады; 4) қажет болған жағдайларда қылмыстық iс қозғайды, қылмысты iстерге тергеу жүргiзу жөнiнде жазбаша нұсқаулар бередi; 5) тергеушiлер мен анықтама жүргiзушi адамдардың заңсыз қаулыларының күшiн жояды; 6) егер анықтама мен тергеу барысында процеске қатысушылар мен басқа да азаматтардың құқықтарының бұзылуына, тергеудiң заңсыз әдiстерiне жол берiлсе, кiнәлi адамдардың жауапкершiлiгi туралы мәселе қояды; 7) тергеу мен анықтама толық болмаған, сондай-ақ тергеу мен анықтама барысында заңдылықтың бұзылуына жол берiлгенi белгiлi болған жағдайларда, қылмыстық iстердi қосымша тергеуге қайтарады немесе оны толық көлемiнде не нақтылы адамдарға қатысты тоқтатады; 8) анықтама мен тергеу органдарынан келiп түскен қылмыстық iстердi түптеп қарау үшiн сотқа жiбередi; 9) қажет болған жағдайларда тергеу бөлiмшелерi мен анықтама органдары басшыларынан оларға бағынысты органдарда заңды бұзушылықты жою, қылмыстардың толық ашылуын қамтамасыз ету мақсатында тексерiс жүргiзудi талап етедi; 10) анықтама жүргiзушi адамның, тергеушiнiң анықтама мен тергеу органдары басшыларының iс-әрекеттерi мен шешiмдерiне жасалған шағымдарды қарайды; 11) бұлтартпау шарасы ретiнде қамауға алуға шешiм жасалған адамдарды қамауда ұстаудың заңдарда белгiленген тәртiбi мен шартының сақталуын тексередi; 11-1) Қазақстан Республикасының аумағында қылмыс жасаған және тергеуден жасырынып жүрген адамға қатысты халықаралық iздестiру жариялауға санкция бередi; 12) заңмен белгiленген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады. 2. Прокурордың өз құзыретi шегiндегi нұсқаулары жазбаша нысанда берiледi және ол анықтама мен тергеу жүргiзетiн адам үшiн мiндеттi. ( V032147; V032165 )
39-бап. Қамауға санкция беру Ескерту. 39-бап алынып тасталды - ҚР 2008.07.05 N 65-IV 8 ТАРАУ 40-бап. Қадағалаудың мазмұны мен мәнi Әкiмшiлiк iс жүргiзудiң заңдылығына қадағалауды прокуратура: 1) әкiмшiлiк құқық бұзушылық жөнiнде, сондай-ақ iстердi қарау мен әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн жазалау шараларын белгiлеген кезде заңдардың дәл әрi бiрыңғай қолданылуын қамтамасыз ету; 2) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдарды қолданған кезде адамның және азаматтың, лауазымды адамдар мен ұйымдардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерiн қалпына келтiру; 3) азаматтардың әкiмшiлiк құқық бұзушылық жөнiнде жүргiзiлген iстерге байланысты кез келген актiге шағымдану құқығын қамтамасыз ету; 4) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдарды қолданған кезде заңдарды бұзуға кiнәлi адамдарға шара қолдану мақсатында жүзеге асырады. 41-бап. Прокурордың әкiмшiлiк iс жүргiзу Әкiмшiлiк iс жүргiзудiң заңдылығына қадағалауды жүзеге асыра отырып, прокурор: 1) уәкiлдi лауазымды адамдар мен органдардан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы мәлiметтердi, құжаттар мен iстердi талап етуге; 2) құзыретiне әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарау мен жаза қолдану кiретiн лауазымды адамдар мен органдардың iс-әрекеттерi мен шешiмдерiне берiлген шағымдарды қарауға; 3) азаматтарды әкiмшiлiк ұстау мен қамаудың заңдылығын, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылыққа ықпал етудiң өзге де шараларының негiздiлiгiн тексеруге; 4) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға қатысуға, өтiнiштер жасауға, iстi қарау кезiнде туындаған мәселелер бойынша қорытындылар беруге; 5) әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулылардың орындалуын тексеруге; 6) азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалар мен мемлекеттiң заңды мүдделерiн бұзуға жол берген лауазымды адамдарды жауапкершiлiкке тарту жөнiнде шаралар қолдануға; 7) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер жөнiнде iс жүргiзудi қозғауға; 8) заңда көзделген басқа да iс-әрекеттердi жасауға хақылы.
42-бап. Прокурордың әкiмшiлiк iс жүргiзуде заңдылықты Тексерiс нәтижелерi бойынша прокурор: 1) сотқа, өзге өкiлеттi органға немесе лауазымды адамға әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы қаулыға наразылық енгiзуге; 2) уәкiлдi лауазымды адамдар мен органдарға (соттан басқа) iске қосымша тексеру жүргiзу туралы жазбаша нұсқаулар беруге; 3) уәкiлдi органдардан өздерiнiң бақылауындағы немесе қарауындағы ұйымдарға тексеру жүргiзудi талап етуге; 4) заңмен белгiленген жағдайларда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi тоқтатуға; 5) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы қаулының орындалуын тоқтата тұруға; 6) әкiмшiлiк жолмен заңсыз ұсталған адамды босату туралы қаулы шығаруға; 7) жеке тұлғалардың, заңды тұлғалардың және мемлекеттiң құқықтары мен заңды мүдделерi бұзылған жағдайларда өз мiндеттерiн орындауға байланысты өкiлеттi мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдары қолданған тыйым салу немесе шектеу сипатындағы кез келген шараларды алып тастау туралы қаулы шығаруға немесе талап қоюға; 8) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғау жөнiнде қаулы шығаруға хақылы.
9 ТАРАУ 43-бап. Қадағалаудың мазмұны мен мәнi Прокурор: 1) сот тағайындаған жазалау мен мәжбүр ету сипатындағы өзге де шаралардың атқарылуы кезiнде адамдардың бас бостандығынан айыру орындарында болуының заңдылығын; 2) аталған мекемелерде сотталған адамдарды ұстаудың заңда белгiленген тәртiбi мен шарттарының сақталуын, олардың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуын; 3) бас бостандығынан айыруға қатыссыз жазаларды атқарудың заңдылығын; 4) азаматтық және өзге iстер жөнiндегi сот шешiмдерiн атқару заңдылығына қадағалауды жүзеге асырады.
44-бап. Прокурордың атқарушылық iс жүргiзудiң Атқарушылық iс жүргiзудiң заңдылығына қадағалауды жүзеге асыра отырып, прокурор өз құзыретi шегiнде: 8-1) заңдарда белгiленген жағдайларда атқарушылық iс жүргiзу органдарының борышкердiң банктердегi немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардағы ақшасына және басқа мүлкiне тыйым салу туралы актiлерiне санкция беруге құқылы.
10 ТАРАУ 45-бап. Қылмыстық қудалау шегi Прокуратура Конституцияға сәйкес осы Заңмен және қылмыстық-iс жүргiзу заңдарымен белгiленген тәртiп пен шекте қылмыстық қудалауды жүзеге асырады. 46-бап. Қылмыстық қудалау жөнiндегi өкiлеттiк Қылмыстық қудалауды жүзеге асыра отырып, прокурор: 1) оқиға болған жердi қарауға қатысуға, сараптама тағайындауға, сондай-ақ қылмыстық iс қозғау туралы мәселенi шешу үшiн қажеттi басқа да iс-әрекеттер жасауға хақылы; 2) қылмыстық iс қозғайды немесе қылмыстық iс қозғауға рұқсат беруден бас тартады; 3) анықтама немесе алдын ала тергеу жүргiзу үшiн тиiстi органға прокуратура қозғаған қылмыстық iстердi бередi; 4) заңда көзделген жағдайларда жедел-iздестiру қызметiн, анықтау мен тергеудi жүзеге асыратын лауазымды адамдардың жасайтын iс-әрекетiне санкция бередi; 5) жекелеген тергеу әрекеттерi бойынша iс жүргiзуге қатысады; 6) қол сұғуға болмайтын құқыққа ие адамды қылмыстық жауапкершiлiкке тартуға келiсiм алу үшiн ұсыныс енгiзедi; 7) iстi сотқа жiбередi.
47-бап. Iстi сотқа жiберу 1. Айыптау қорытындысымен келiп түскен қылмыстық iстi зерделеу кезiнде прокурор немесе оның орынбасары анықтама мен тергеу органдарының заңдардың талаптарын сақтауын және айыптыны сотқа беру үшiн негiздердiң жеткiлiктi екенiн тексеруге мiндеттi. 2. Қылмыстық iстi сотта қарау үшiн жеткiлiктi негiздер болған жағдайда прокурор немесе оның орынбасары iстi сотқа жiбередi. 3. Iстi сотқа жiберген ретте прокурор: 2) айыптау қорытындысынан жекелеген айыптау тармақтарын алып тастауға, жеңiлiрек ауыр қылмыс туралы заңды қолдануға; 3) тыю шарасын таңдап алуға, өзгертуге немесе жоққа шығаруға; 4) қосымша тергеу жүргiзу үшiн қылмыстық iстi қайтаруға хақылы. 11 ТАРАУ 48-бап. Прокурорлар, прокуратура органдарының 1. Прокурор - өз құзыретi шегiнде заңдардың, Қазақстан Республикасы Президентi жарлықтарының, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң дәл және бiрыңғай қолданылуын, жедел-iздестiру қызметiнiң, анықтаудың, тергеудiң, әкiмшiлiк және атқарушылық iс жүргiзудiң заңдылығын қадағалауды, сотта мемлекет мүдделерiнiң өкiлi болуды, сондай-ақ заңда белгiленген жағдайларда, тәртiп пен шекте қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын лауазымды адам. 2. Прокуратура органдарының қызметкерлерi мыналар: прокурорлар қызметiне аттестациядан өткен адамдар және тiкелей ғылыми-зерттеу немесе оқытушылық жұмыс жүргiзетiн прокуратура ғылыми ұйымдардың және бiлiм беру ұйымдарының аттестациядан өткен қызметкерлерi. 3. Әскери, табиғат қорғау, көлiк, сондай-ақ арнайы объектiлердiң прокуратуралары мамандандырылған прокуратуралар болып ұғынылады. 4. Прокуратура органдарына қызметке алу мемлекеттiк қызметшiлер кадрлары туралы республикалық деректер орталығына алдын-ала сұрау салынған және азаматтар мiндеттi арнаулы тексеруден өткен жағдайда жүзеге асырылады. 5. Бұрын сотталған және қылмыстық жауапкершiлiктен ақталмаған негiздер бойынша босатылған, сондай-ақ мемлекеттiк қызметтен, өзге де құқық қорғау органдарынан, соттар мен әдiлет органдарынан жағымсыз қылықтары бойынша босатылған адамдар прокуратура органдарына қызметке қабылдануға тиiс емес. 6. Прокуратура органдары қызметкерлерiнiң лауазымына денсаулық жағдайына қарай прокуратура органдарында қызмет өткеруге жарамды, әдетте, жоғары бiлiмi бар Қазақстан Республикасының азаматтары қабылдана алады. Оларды қызметке тағайындағанда сынақ мерзiмi белгiленуi мүмкiн. 7. Прокурорлар болып жоғары заң бiлiмi бар, қажеттi iскерлiк және моральдық қасиеттерге ие, денсаулық жағдайына қарай прокуратура органдарында қызмет өткеруге жарамды азаматтар тағайындала алады. Әскери прокурорлар сонымен бiрге әскери қызметшiлер болуы керек, оларға әскери қызмет және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi әскери қызметшiлерiнiң мәртебесi туралы Қазақстан Республикасының заңдары толық көлемде қолданылады. 8. Облыстардың прокурорлары мен оларға теңестiрiлген прокурорлар лауазымына, аудандық, қалалық және оларға теңестiрiлген прокурорлар лауазымына 25 жасқа толған, прокуратура органдарында кемiнде үш жылдық жұмыс стажы бар адамдар тағайындалады. 9. Прокуратура органдарының қызметкерлерi үш жылда бiр рет аттестациядан өткiзiледi. Аттестация тәртiбiн Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры белгiлейдi. 10. Прокуратура органдарына қызметке тұңғыш рет тағайындалған адам ант бередi, оның мәтiнiн Республика Президентi бекiтедi. 11. Прокуратура органдарында қызмет өткеру тәртiбi Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында қызмет өткеру туралы ережемен реттеледi.
49-бап. Прокуратура органдары қызметкерлерiнiң 1. Прокуратура органдарының қызметкерлерiне атқаратын қызметiне, бiлiктiлiгiне және арнаулы қызметтегi стажына сәйкес мынадай сыныптық шендер немесе әскери атақтар берiледi: 2. Жоғары сыныпты мемлекеттiк әдiлет кеңесшiсiнiң, 1, 2 және 3-сыныпты мемлекеттiк әдiлет кеңесшiлерiнiң сыныптық шендерiн, әдiлет генералдарының әскери атақтарын Қазақстан Республикасының Президентi бередi. 3. Прокуратура органдарының сыныптық шендер немесе әскери атақтар берiлген қызметкерлерi нысанды киiммен тегiн қамтамасыз етiледi. 4. Нысандары мен айырым белгiлерiнiң үлгiлерi, нысанды киiмдi киiп жүрудiң тәртiбi және қамтамасыз ету нормасы, сондай-ақ сыныптық шендердi немесе әскери атақтар беру және олардан айыру тәртiбi Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн Прокуратура органдарында қызмет өткеру туралы ережемен белгiленедi. 5. Сыныптық шендерi немесе әскери атақтары бар адамдарға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сыныптық шендерi үшiн қосымша ақы немесе әскери атақтары бойынша айлықақы белгiленедi. (қараңыз Z944000 )
50-бап. Прокуратура органдары қызметкерлерiн 1. Прокуратура органдарының қызметкерлерi мемлекеттiк өкiмет өкiлдерi болып табылады және мемлекеттiң қорғауында болады. 2. Прокурордың заңды талаптарын орындамау, прокурорды немесе оның отбасы мүшелерiн оның қызмет бабындағы жұмысына байланысты қорлау, қорқыту, күш көрсету немесе олардың өмiрiне, денсаулығына, мүлкiне қол сұғу, прокурордың қызметтiк мiндетiн орындауына кедергi келтiретiн басқа да әрекеттер заңда белгiленген жауапкершiлiкке әкелiп соғады. 3. Прокурор жасаған әкiмшiлiк құқық бұзу фактiсi туралы хабарды кез келген тексеру прокуратура органдары өкiлдерiнiң қатысуымен жүзеге асырылады. 4. Қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, прокурорды әкiмшiлiк жолмен ұстауға, жеке басын тексерiп қарауға, оның заттары мен пайдалануындағы көлiгiн тексерiп қарауға жол берiлмейдi. ( 35 бапты қараңыз K010155) 51-бап. Атыс қаруын қолдану және арнайы 1. Прокуратура органдары қызметкерлерiнiң: 1) атыс қаруы мен оқ-дәрiлер алуға, өзiмен алып жүруге және сақтауға; 2) Республиканың Бас Прокуроры белгiлеген тәртiппен қажеттi қорғаныс пен аса керек жағдайларда атыс қаруын қолдануға құқығы бар. 2. Қару қолданған барлық жағдайларда прокуратура органының қызметкерi айналадағы азаматтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек көрсету және жоғары тұрған прокурорға хабарлау үшiн қажеттi шараларды қолдануға мiндеттi. 52-бап. Еңбектi құқықтық реттеу Мыналардың: 1) прокуратура органдары қызметкерлерiнiң еңбек қатынастары осы Заңда, Прокуратура органдарында қызметтен өту туралы ережеде, сондай-ақ, осы Заңға қайшы келмейтiн бөлiгiнде мемлекеттiк қызмет туралы заңнамада көзделген ерекшелiктер ескерiле отырып, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен реттеледi; 2) прокуратура органдары қызметкерлерiнiң еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет туралы заңнамасымен реттеледi.
53-бап. Прокуратура қызметкерлерiн материалдық 1. Прокуратура органдары қызметкерлерiне еңбекақы төлеу Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджет есебiнен қамтылған органдары қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi негiзiнде белгiленедi. U041284 2. Прокуратура органдарының қызметкерлерiне жыл сайын күнтiзбелiк отыз күн мөлшерiнде еңбек демалысы берiледi. 3. Прокуратура органдарының қызметкерлерi қызметтiк тұрғын үй қорынан бiрiншi кезекте тұрғын алаңмен қамтамасыз етiлу құқығын пайдаланады. 4. Күнтiзбелiк он жылдан астам қызмет атқаратын прокуратура органдары қызметкерлерiнiң тұрақты тұрып жатқан қызметтiк үй-жайлары осы аталған қызметкерлердiң қалауы бойынша оларға және олардың отбасыларына жалға алу шарты бойынша берiледi немесе жеке меншiгiне қалдық құны бойынша сатылады. 5. Прокуратура органдарының қызметкерлерi мен зейнеткерлерi басқа үй-жай берiлмейiнше, қызметтiк үй-жайларынан шығарылуға тиiс емес. 6. Прокуратура органдарының қызметкерi қызметтiк мiндеттерiн орындау кезiнде қаза тапқан жағдайда қаза тапқан адамның отбасы ол қаза тапқан күннен бастап бiр жылдан кешiктiрiлмей, заңда белгiленген шарт пен тәртiп бойынша мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын алаң алуға құқылы. 8. Прокуратура органының қызметкерi қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде немесе қызметтен босағаннан кейiн бiр жыл iшiнде қызметтiк мiндетiн атқару кезiндегi мертiгудiң немесе жарақаттың салдарынан қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда оның асырауындағы адамдар мен мұрагерлерiне Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген тәртiппен соңғы атқарған қызметiндегi алпыс айлық ақшалай қаражаты мөлшерiнде бiр жолғы өтем төленедi. Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.056 сек.) |