|
|||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
Кіріспе. Бүгінгі таңда темір жол көлігі Қазақстан Республикасының өндірістік инфрақұрылымының маңызды
Бүгінгі таңда темір жол көлігі Қазақстан Республикасының өндірістік инфрақұрылымының маңызды бөлшегі болып табылады. Қазақстанның географиялық орналасуы (теңізге шығу мүмкіндігі болмауы, су кемелері жүретін өзендер болмауы) территориясының кеңдігі, өндірістің шикізаттық құрылымы, автокөлік саласының инфрақұрылымының төмендігі темір жол көлігінің маңыздылығын арттыра түседі. Қазақстанның теміржол саласы экономиканың дамушы секторы. Жүк дегеніміз – (ағылшын тілінен саrgo)`белгіленген ережелерге сай тасымалдауға қабылданған объект (шикізат, бұйым, дайын өнім, жиһаз, жануар, материал, өндіріс қалдықтары, тағамдар). Теміржол тасымалдау кезінде қатысатын жақтар: жүк жөнелтуші (ЖЖ), қызмет көрсетуші, жүк қабылдаушы (ЖҚ). ЖЖ және ЖҚ ретінде физикалық тұлғалар, заңды тұлғалар, әр түрлі кәсіпорындар болуы мүмкін. Қызмет көрсетуші ретінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ болуы мүмкін, немесе тасымалдау қызметін атқаратын (логистикалық) жеке компаниялар болуы мүмкін. ҚР-сы бойынша теміржол көлігімен тасымалдауларды реттейтін мекеме – ҚР-сының Көлік және Коммуникация министрлігі. Министірлік басында Жұмағалиев Асқар Қуанышұлы. 1972 жылы туылған. Білімі: Свердловскідегі Суворов училищесі, Харьков ракета әскерлерінің жоғары командалық - инженерлік училищесі, Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, Қазақ гуманитарлық заң университеті. Министрлік 6 комитет және 4 департаменттен тұрады. Комитеттер: · Көліктік бақылау комитеті · Автомобиль жолдары комитеті · Көлік және қатынас жолдары комитеті · Азаматтық авмация комитеті · Байланыс және ақпараттандыру комитеті · ХҚКО қызметін үйлестіру комитеті Департаменттер: · Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат департаменті · Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік саяcат департаменті · Автомобиль көлігі департаменті · Су көлігі департаменті Теміржол тасымалы бойынша жауапты комитет - Көлік және қатынас жолдары комитеті. Комитет басында Қилыбай Нұрдәулет Игілікұлы ( 1978 жылы туған ). «ҚТЖ» ҰК» АҚ магистральдық теміржол желісінің, жүк және жолаушылар тасымалының операторы қызметін атқарады. Соңғы кездері компанцияның өндірістік және техникалық әлеуеті өсіп келеді. Қазіргі уақытта 140 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған. Компания басында – Мамин Асқар Ұзақпайұлы. Болашақ жобалар: Арқалық-Шұбаркөл, Жезқазған-Бейнеу. Қолданысқа Қорғас-Жетіген желісі берілді. Арасында 4 станция, 10 айырылыспа пунктісі бар. «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ-ы General Electric Transportation технологиясы бойынша жаңа ғасырдың Evolution тепловозы шығарылып жатыр. Тағы да: «Қазақстандық вагон құрастыру компаниясы» ЖШС, Узень магистралі Иран порттарны дейін жеткізетін, Астана қаласында «Электровоз құрастыру зауыты» АҚ-ы, «Тұлпар-Тальго» жолаушы вагондарын шығаратын Астанадағы зауыт және өзге де басқа жобалар.
Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.003 сек.) |