|
|||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
Кіріспе
«Экономикалық теория негіздері» курсы міндетті пән болып танылады және барлық мамандықтар студенттері үшін екінші курста оқылады. Оны меңгеруге 2 несие бөлінген. Курс бағдарламасы экономикалық теорияның пәні мен әдістерінің ерекшеліктері, соңғыларының экономикалық саясатты дәлелдеудегі орны, қарастырылатын, қоғамдық өндіріс пен қоғамдық өнімнің құрылымы талданатын, экономикалық жүйедегі меншік қатынастарының орны ашылатын, нарықтық шаруашылық теориясының негізі берілетін, мемлекеттің нарықтық экономикадағы орны мен мемлекеттік экономикалық саясаттын негізгі бағыттары көрсетілген тақырыптарды қамтиды. Курсты оқытудың мақсаты болып студенттерді шаруашылық жүйелердің әртүрлі типтерінің қызмет етуі мен дамуының жалпы заңдалықтарымен таныстыру, олардың маңызды экономикалық категориялардың өзара байланысын айқындауы табылады. Курс экономикалық мәдениеттің деңгейін арттыруға және студенттерде нарықтық типтегі ғылыми экономикалық дүниетану мен мемлекеттік экономикалық және әлеуметтік саясатты іске асыруда белсенді азаматтық бағыттың (позицияның) қалыптасуына ықпал етеді. Студенттердің теориялық және тәжірибелік білімді меңгеруге қатысты бірлескен және жеке танымдық қызметі кезінде мақсатқа жету үшін оқу жұмыстарының келесі формалары қолданылады:лекциялар; семинар формасындағы тәжірибелік сабақтар; рефераттар мен есеп шығару формасындағы семестрлік жұмыстар; өзекті экономикалық мәселелер бойынша баяндамалар; білімді тексеру үшін тестер және бақылау жұмыстары. Ұсынылған әдістемелік нұсқау студенттерге «Экономикалық теория негіздері» курсы бойынша семинар сабақтарына дайындалуда көмек көрсетуге бағытталған. Ол семинар жоспарынан, әрбір тақырып бойынша ұсынылатын негізгі және қосымша әдебиттерден, семинарда талқыланатын мәселелердің ауқымын кеңейту мен оларды терең меңгеру мақсатында семинар сабағында тыңдалатын баяндамалар тақырыптарынан тұрады. Әрбір тақырыпқа әдістемелік нұсқаулар берілген, олардың мақсаты студенттің назарын анағұрлым күрделі мәселелерге аудару, оларға зерттелетін сұрақты қарастыруда көмектесетін әдебиеттердің көзін көрсету. Сабаққа дайындалу процесінде әдебиеттерді зерттеу кезінде студентке, сабақ үстінде жұмыс істеуге және емтихан тапсыруда көмек болатын, қысқаша конспект жазу ұсынылады.
Тақырып 1. Экономикалық теорияның пәні мен әдістері (2 сағ.) 1. «Экономика» түсінігі. Экономиканың негізгі мәселелері: не өндіру, қалай өндіру және кім үшін өндіру? 2. Экономикалық ресурстар және олардың түрлері. Ресурстардың шектеулілігі, экономикадағы таңдау мәселесі 3. Экономикалық теорияның пәні және қызметтері. Экономикалық теорияның экономикалық ғылымдар жүйесіндегі орны 4. Экономикалық құбылыстарды ғылыми танудың әдістері. Экономикалық заңдар және экономикалық категориялар Баяндамалар тақырыптары 1. Экономикалық теорияның пайда болуы және кезеңдері 2. Экономика мен саясаттың өзара байланысы 3. Қазақстанның экономикалық ресустары және оларды ұтымды пайдалану мәселесі 4. ҒТП және оның экономикалық прогрестегі өндіріс факторларының өзгерісіне әсері 5. Қызмет саласының қоғамдық өндірістегі орны
Негізгі әдебиеттер 1. Шеденов Ө.Қ., Байжомартов У.С. және т.б. Жалпы экономикалық теория: Оқулық. - Алматы: Ақтөбе, 2004. 2. Сахариев С.С., Сахариева А.С. Жалпы кезең – экономикалық теориясы. - Алматы: «Дәнекер», 2004. 3. Экономикалық саясат. Лекциялар / Д.Қ.Қабдиев, Т.Қ.Оралтаев, Ә.Е.Ескендіров, С.Қ.Бекмолдин және т.б. – Алматы: Экономика, 2002. 4. Я.Әубәкіров, К.Нәрікбаев, М. Есқалиев және т.б. Экономикалық теория негіздері: Оқулық. – Алматы, 2004. 5. Ихданов Ж.О., Орманбеков Ә.Ө. Экономиканы мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелері: Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2002. 6. Я.Ә.Әубәкіров, К.Нәрібаев және т.б. Экономикалық теория негіздері: Оқулық. – Алматы: «Санат», 1998.
Қосымша әдебиеттер 1. Алтаева Р.А. Табиғи ресурстарды тиімді пайдалануды жақсартудың маңызы. ҚазҰУ Хабаршысы. Экономика сериясы. №6(70).2008 2. Я.Ә.Әубәкіров, Б.Б.Байжұмаев, Ф.Н.Жақыпова, Т.П.Табеев. экономикалық теория: Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 1999. 3. Экономикалық саясат. Лекциялар. Д.Қ.Қабдиев, Т.Қ.Оралтаев, Ә.Е.Ескендіров, С.Қ.Бекмолдин және т.б. – Алматы: Экономика, 2002. 4. Нурпейіс Е. Экономикалық теория. Халықаралық экономика негіздері: Оқу құралы. – Алматы, 2002.
Экономиканың қоршауында өмір сүре отырып, біз көп жағдайда оның не екенін түсіне бермейміз. Сондықтан бірінші сұраққа дайындалу барысында осы терминнің оқу әдебиеттерінде қарастырылған мазмұнымен танысу керек Қоғамның экономикалық өмірінің негізгі салалары болып өндіру, бөлу, айырбас және тұтыну табылады. Осы салалардың экономикадағы орнын, сонымен қатар олардың тура және жанама (кері) байланыстарын түсіне білуде маңызды Қоғамда 3 негізгі мәселелер шешіледі: не өндіру, қалай өндіру және кім үшін өндіру. Не өндіру? сұрағының жауабы – қоғамның тұтынысымен анықталады. Қалай өндіру? Сұрағының жауабы – ресурстар мен технологияларды таңдауды білдіреді. Кім үшін өндіру? Сұрағының жауабы – жасалатын өнімді бөлудің тәсілі анықталатын меншіктің үстемдік етуші қатынастарымен анықталады. Дәл осы сұрақтарды шешу тәсілдері нарықтық, әкімшіл және аралас экономиканың айырмашылықтарын анықтайды. Осы сұрақтарды шешуде қандай экономикалық жүйенің анағұрлым тиімді болатынын атап көрсетіңіз. Неге дәл осы экономикалық құрылымның әртектілігіне негізделген аралас экономиканың, қазіргі кезде Батыстағы «таза капитализмді» ығыстыратын түсіндіруге тырысыңыз. Экономика – сирек кездесетін (шектеулі) ресурстарды тиімді пайдалану туралы ғылым. Семинар сабағының екінші сұрағында өндірістік ресурстардың 4 түріне, яғни жер, капитал, еңбек және кәсіпкерлік қабілетке сипаттама беру керек. Ақшаның неге өндірістік ресурс болып табылмайтындығын негіздеп түсіндіріңіз. Негізгі өндірістік факторлардың өндіріске ресурстармен тартылған өзара әрекетінің өз кезегінде соңғы өнімді шығару мақсатында өндіріс факторларын жаңадан қиыстыруға мүмкіндік беретін техникалық прогреске тәуелді технологиямен анықталатындығына назар аударыңыз. Ресурстар шектеулілігі мәселесінің мазмұны мен оның экономикадағы таңдау мәселесімен байланысын атап көрсетіңіз. Ресурстардың абсолютті және салыстырмалы шектеулілігін ажырату керек. Таңдай мәселесін өндірістік мүмкіндіктер қисығы бейнелейді. Оның көмегімен «жүктемелі шығындар» терминін түсіндіруге және өспелі жүктемелі шығындар заңдылығының мазмұнын ашып қарастыруға тырысыңыз. Неліктен экономиканың өндірістік мүмкіндіктер шегінде қызмет етуі оның тиімділігі мен таңдаудың дұрыстығын білдіретіндігін түсіндіріңіз. Өндірістік мүмкіндіктер шегін кеңейтуге мүмкін болатын шарттарды, жағдайларды анықтаңыздар. Экономистердің бұндай кеңеюді неге «экономикалық өсу» терминімен анықтайтындығын түсіндіріңіз. Үшінші сұрақты дайындауда қазіргі әдебиетерде экономикалық теория пәнінің анықтамаларына, яғни оның зерттейтін сұрақтарымен оларды қарастыру аспектілеріне әртүрлі көзқарастардың барлығына көңіл бөліңіз. Барлық осы әртүрлі қарама-қайшы анықтамалар үшін ортақ жағдай болып экономикалық процестер қозғалысының заңдылықтарын іздеуге бағытталу табылады. Экономикалық ғылымның екі тарауы – «саяси экономия» мен «экономиксті»-атап көрсетілген. Экономикалық теорияның осы екі тарауының пәндерінің айырмашылықтары неде екенін қарастырыңыз. Не себепті саяси экономия ғылымы үшін негізгі сұрақ болып меншік қатынастары туралы сұрақ, ал «экономикс»үшін қазіргі нарықтық механизм және оның қолданбалы аспектілері туралы сұрақ маңызды болатынын түсірдіруге тырысыңыз. Экономикалық теорияның қызметтері ғылымның қоғамдық өзара әрекеттер жүйесіндегі міндеттерімен анықталады. Танымдық, тәжірибелік, болжамдық және әдістемелік секілді негізгі қызметтерін қарастыру керек. Олардың іске асырылу механизмін ашыңыз. Экономикалық процестерде адамдар арасындағы қатынастардың өзгеше екі тобын кездестіруге болады. Олардың біріншісі – үстіртін, сыртқы. Ал екіншісі – ішкі, сыртқы бақылаудан жасырын. Сыртқы көрнекі экономикалық қатынастарды зерттеумен әрбір адам айналыса алады. Ал экономикалық теория шаруашылық құбылыстардың ішкі мазмұнын анықтауға, ашуға ұмтылады. Бірақ ол үшін экономикалық қатынастарды ғылыми тану үшін қолданылатын тәіслдер мен амалдардың барлық жиынтығын толығымен меңгеру керек. Экономикалық теория ғылыми тану әдістерінің көп түрлерін қолданады. Оларға келесілерді жатқызуға болады: ғылыми абстракция әдісі, талдау (анализ) және синтез әдістері, функционалды талдау әдісі, экономико-математикалық модельдеу әдістері және т.б. Нақты экономикалық құбылыстар мен процестерді зерттеу үшін осы аталған әдістермен қатар басқа да әдістердің қалай қолданылатынын түсінуге тырысыңыз. Экономикалық құбылыстарды ғылыми танудың нәтижесінде экономикалық теорияның категориялық аппараты қалыптасады және экономикалық заңдар әрекеттерінің механизмі ашылады. Экономикалық категориялар мен экономикалық заңдардың мәнін ашыңыз, экономикалық заңдардың табиғи және құқықтық заңдардан айырмашылығын түсіндіріңіз.
Тақырып 2. Меншік және кәсіпкерлік (2 сағ.) 1. Меншік қатынастарының мазмұны: құқықтық эәне экономикалық аспектілері. Меншіктің экономикалық қатынастар жүйесіндегі орны 2. Меншіктің типтері, формалары және түрлері.қазақстандағы меншіктің формалары мен түрлерінің көп түрлілігі 3. Меншікті жекешелендіру және мемлекетсіздендіру. Қазақстан: өтпелі кезеңдегі меншік қатынастары 4. Кәсіпкерлік шаруашылықты жүргізудің әдісі ретінде. Кәсіпкерлік қызметтің ұйымдық-құқықтық формалары: жеке иелену, серіктестік, корпорация
Баяндамалар тақырыптары 1. Меншік идеясын жкономикалық теорияда дамыту 2. Р.Коуздың меншік құқықтарының эконмикалық теориясы 3. Меншік және экономикалық жүйелер типтері: нарықтық экономика, орталықтандырылған жоспарлау экономикасы, аралас экономика 4. Мемлекеттік меншікті жекешелендірудің әлемдік тәжірибесі 5. Әлеуметтік бағытталған экономика 6. Интеллектуалды меншік 7. Қазіргі таңдағы Қазақстандағы кәсіпкерлік
Негізгі әдебиеттер 1. «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының заңы, Алматы, 2010 2. Бизнестің жол картасы - 2020 бағдарламасы // http//ru.government.kz/resources/docs/doc16 3. Шеденов Ө.Қ., Байжомартов У.С. және т.б. Жалпы экономикалық теория: Оқулық. - Алматы: Ақтөбе, 2004. 4. Сахариев С.С., Сахариева А.С. Жалпы кезең – экономикалық теориясы. - Алматы: «Дәнекер», 2004. 5. Экономикалық саясат. Лекциялар / Д.Қ.Қабдиев, Т.Қ.Оралтаев, Ә.Е.Ескендіров, С.Қ.Бекмолдин және т.б. – Алматы: Экономика, 2002. 6. Я.Әубәкіров, К.Нәрікбаев, М. Есқалиев және т.б. Экономикалық теория негіздері: Оқулық. – Алматы, 2004. 7. Ихданов Ж.О., Орманбеков Ә.Ө. Экономиканы мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелері: Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2002. 8. Я.Ә.Әубәкіров, К.Нәрібаев және т.б. Экономикалық теория негіздері: Оқулық. – Алматы: «Санат», 1998. Қосымша әдебиеттер 1. Қалдыбаева С.С. Қазақстандық көшпелілердегі меншік қатынастарының методологиялық және теориялық мәселелері. Аль-Пари. №4(64).2010 2. Я.Ә.Әубәкіров, Б.Б.Байжұмаев, Ф.Н.Жақыпова, Т.П.Табеев. экономикалық теория: Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 1999. 3. Экономикалық саясат. Лекциялар. Д.Қ.Қабдиев, Т.Қ.Оралтаев, Ә.Е.Ескендіров, С.Қ.Бекмолдин және т.б. – Алматы: Экономика, 2002. 4. Нурпейіс Е. Экономикалық теория. Халықаралық экономика негіздері: Оқу құралы. – Алматы, 2002. Бірінші сұрақты дайындау барысында меншіктің экономикалық және құқықтық мазмұндардың тұтастығы болып табылатындығына көңіл бөлу керек. Меншіктің құқықтық мазмұны мен экономикалық мазмұнының айырмашылығын көрсетіңіз. Меншіктің құқықтық мазмұнын қарастыруда Р.Коуз қалыптастырған меншіктің «құқықтыр шоғыры» теориясымен танысу қажет. Меншіктің экономикалық мазмұны оны иемдену, шаруашылық пайдалану мен экономикалық жүзеге асыру процестерінің сипаттарымен ашылады. Натуралды шаруашылық пен қарапайым тауар шаруашылығы жағдайындағы иемдену заңдарының нарықтық шаруашылықтағы иемдену заңдылықтарынан айырмашылығын және осы аталған жүйелерде жеке меншіктің мазмұнының қалай өзгеретіндігін ашып көрсетіңіз. Меншікті шаруашылық пайдалану процесін қарастыруда оның иемдену, пайдалану және билік ету қатынастарымен байланысына назар аударыңыз. Экономикалық қатынастардың дамыған жүйесінде меншік экономикалық болмыстың терең байланыстары мен өзара тәуелділігін, оның мазмұнын бейнелейді. Неліктен меншік қатынастарының экономикалық жүйенің сипатын анықтаушы негізгі фактор болып табылатындығын түсіндіріңіз. Екінші сұрақты дайындауда меншіктің күрделі де, көп жақты құрылым екендігін түсінуге тырысыңыз. Бұндай құбылыстың бірнеше формалары болады. Меншіктің негізгі формалары мен түрлеріне сипаттама беріңіз, олардың анағұрлым маңызды белгілері мен айырмашылықтарын атап өтіңіз. Қазіргі таңда жеке меншіктің тек дара емес, сонымен қатар ұжымдық үлестік формада да болатындығына көңіл бөліңіз. Қоғамдық меншіктің нарықтық экономикада қандай орын алатындығын көрсетіңіз. Меншіктің әртүрлі формалары мен түрлерінің мазмұндық белгілері экономикалық жұйелерде көрінеді. Экономикалық жүйенің таза капитализм (еркін бәсеке экономикасы), әміршіл экономика, аралас экономика секілді типтеріне сипаттама беріңіз. Аталған экономикалық жүйелерді қарастыруда келесі белгілерді ескеру қажет: меншіктің үстемдік етуші формалары мен түрлері, экономикалық билік және оны жүзеге асыру, шаруашылық формасы, нарыққа бөлінген орын, мемлекеттің экономикалық орны. Тақырыптың үшінші сұрағына дайындалуды «мемлекеттендіру» түсінігінің сипаттамасы мен оның орталықтан жоспарланған экономикада әкеп соғатын жағымсыз салдарын көрсетуден бастаңыз. Нарықтық экономикаға көшуде мемлекеттік меншікті реформалаудың қажеттілігін дәлелдеңіз. Бұл кезде мемлекеттік меншікті жою туралы емес, оның монополиялық жағдайын жою туралы сөз қозғалып отырғандығын түсіну керек. «Жекешелендіру» және «мемлекетсіздендіру» түсініктерінің мәнін ашыңыз. Әлемдік тәжірибеде орын алған жекешелндірудің жолдарын, әдістерін және формаларын сипаттаңыздар. Қазақстандағы жекешелендірудің ерекшеліктерін көрсетіңіздер: кезеңдерін, әдістерін, нәтижесін. Төртінші сұрақ бойынша кәсіпкерліктің қазіргі түсініктемесін, оның нарықтық экономикадағы орнын ашу керек және кәсіпкерліктің негізгі ұйымдық-құқықтық формаларына, олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін ескере отырып сипаттама беру керек. Сонымен қатар Қазақстандағы кәсіпкерліктің жағдайымен танысу керек, ірі, орта және шағын бизнес салаларындағы мәселелерді көрсету керек.
Тақырып 3. Нарықтық экономика мазмұны мен қызмет ету механизмі (2 сағ.) 1. Тауар-ақша айырбасы. Шаруашылықты нарықтық ұйымдастырудың пайда болуының алғышарттары 2. Нарықтың мазмұны мен қызметтері. Нарықтың артықшылықтары мен кемшіліктері 3. Нарықтық механизмнің негізгі элементтері. Сұраныс және ұсыныстың өзара әрекеті. Нарықтық тепе-теңдік 4. Бәсеке түрлері: жетілген және жетілмеген бәсеке. Бәсеке әдістері Баяндамалар тақырыптары: 1. Қазақстанда нарықтық экономика қалыптасуының ерекшеліктері. 2. Нарықтың инфрақұрылымы және оны дамыту. 3. Қазақстан экономикасындағы монополия. Монополияға қарсы саясат. 4. Айырбастың екі парадигмасы: еңбек құн теориясы және шекті пайдалылық теориясы.
Негізгі әдебиеттер 1. Шеденов Ө.Қ., Байжомартов У.С. және т.б. Жалпы экономикалық теория: Оқулық. - Алматы: Ақтөбе, 2004. 2. Сахариев С.С., Сахариева А.С. Жалпы кезең – экономикалық теориясы. - Алматы: «Дәнекер», 2004. 3. Экономикалық саясат. Лекциялар / Д.Қ.Қабдиев, Т.Қ.Оралтаев, Ә.Е.Ескендіров, С.Қ.Бекмолдин және т.б. – Алматы: Экономика, 2002. 4. Я.Әубәкіров, К.Нәрікбаев, М. Есқалиев және т.б. Экономикалық теория негіздері: Оқулық. – Алматы, 2004. 5. Ихданов Ж.О., Орманбеков Ә.Ө. Экономиканы мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелері: Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2002. 6. Я.Ә.Әубәкіров, К.Нәрібаев және т.б. Экономикалық теория негіздері: Оқулық. – Алматы: «Санат», 1998. Қосымша әдебиеттер 1. Сәкібаева Қ.С. Өнім сұранысын анықтау негіздері және сұранысқа әсер еуші факторларды талдау. ҚазҰУ Хабаршысы. Экономика сериясы. №6(58).2006 2. Тұрсымбаева М.Ж., Дәулетова А.М. «Бәсеке» ұғымы және нарық субъектілерінің бәсекеге қабілеттілік иерархиясы. Аль-Пари. №1(65).2011 3. Я.Ә.Әубәкіров, Б.Б.Байжұмаев, Ф.Н.Жақыпова, Т.П.Табеев. экономикалық теория: Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 1999. 4. Экономикалық саясат. Лекциялар. Д.Қ.Қабдиев, Т.Қ.Оралтаев, Ә.Е.Ескендіров, С.Қ.Бекмолдин және т.б. – Алматы: Экономика, 2002. 5. Нурпейіс Е. Экономикалық теория. Халықаралық экономика негіздері: Оқу құралы. – Алматы, 2002. Нарықтық шаруашылықтың пайда болуының алғышарттары туралы сұрақты алдыңғы тақырыптағы тауар шаруашылығының пайда болуының алғышарттарымен байланыстырып көрініңіз. Нарықтың пайда болуының төрт тарихи шартын атап көрсету керек: қоғамдық еңбек бөлінісі, нарықтық субхектілердің экономикалық оқшаулылығы, трансакционды шығындар мәселелелрін шешу және өндірушінің дербестілігі (экономикалық еркіндік). Осы жалпы шарттармен қатар қазіргі кезеңдегі өркениетті нарықтық қатынастарды қамтамасыз етуші шарттарды да атап көрсету керек (меншік пен шаруашылық етудің формаларының көптүрлілігі, шаруашалық қатынастардың демократиялануы, дамыған нарықтық инфрақұрылым және т.б.). Нарықтық қатынастардың мазмұнын ашуда экономикалық әдебиеттерде саналуан анықтама берілгендігін ескеру керек. «Нарық» түсінігінің екі жақты мағына беретіндігін ұмытпаңыз. Біріншіден, нарық өз мағынасында айналыс, айырбастау саласында жүзеге асырылатын өткізу, екіншіден, нарық – бұл адамдар арасындағы өндіру, бөлу, айырбас және тұтыну процестерін қамтитын экономикалық қатынастардың жиынтығы. Ол нарықтық экономиканың қызмет етуінің күрделі механизмі ретінде көрінеді. Нарықтық қатынастарды кең мағынада қалыптастыратын негізгі қатынастарды атап көрсетуге тырысыңыз. Нарықтың «қызметі»және «орны» түсініктері өзара тығыз байланысқан. Бұл бір объективті процесті танудың сатылары болып табылады. Нарықтың экономикадағы қызметтері мен орнын сипаттаңыз. Семинар сабағының екінші сұрағына дайындалуды нарықтық механизмнің күмәнсіз артықшылықтарын сипаттаудан бастаңыз. Одан кейін, нарықтық типті шаруашылық механизмнің идеалды құрылыс емес екендігін түсіне білу керек. Экономикалық ғылым нарықтық сәтсіздіктің бірқатар жалпы белгілерін бекітеді. Олардың негізгілерін сипаттауға тырысыңыз. Неліктен бұндай «сәтсіздіктердің» болуы нарықтық экономика жағдайында экономикалық өмірге мемлекеттің араласуын қажет ететіндігін түсіндіріңіз. Үшінші сұрақты қарастыруды нарықтық механизм – нарықтың негізгі элементтерінің: сұраныс, ұсыныс, баға және бәсекенің өзара байланысы мен өзара әрекетінің механизмі дегеннен бастау керек. Нарықтық механизмнің ерекшелігі оның әрбір элементінің бағамен байланысы болып табылады. Бағаның тарихи категория екендігіне көңіл бөліңіз. Экономикалық ғылым мен тәжірибеде бағаны бекітуге екі көзқарас қалыптасқан: шығындық және нарықтық. Осы баға қалыптастырудың екі тәсілінің айырмашылықтарын қарастыруға тырысыңыз. «Сұраныс», «ұсыныс», «сұраныс шамасы», «ұсыныс шамасы» түсініктерін сипаттаңыз, сұраныс және ұсыныс заңдарының мәнін ашыңыз, олардың қалай бекітілгенін және сұраныс пен ұсыныс шамасына әсер ететін факторларды көрсетіңіз. Үшінші сұрақты қарастыруда негізгі орынды «еркін нарықтық баға» категориясы алады. Тепе-теңдік бағаның сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекетінің негізінде қалай қалыптасатынын көрсетіңіз. «Тепе-теңдік баға» мен «әділетті баға» түсініктері барабар ма? Нарықта бағамен қатар өз кезегінде тепе-теңдік бағаның өзгерісін болдырушы сұраныс пен ұсыныс қисықтарының қозғалысын тудыратын бағалық емес факторлардың да әрекет ететіндігін ұмытпау керек. Бағаның нарықтық экономикадағы маңызды қызметтерінің бірі – теңестіруші. Тепе – теңдікті бекіту мен қолдаудың механизмін бейнелеуге екі көзқарас бар: Вальрас бойынша және Маршалл бойынша. Олардың айырмашылықтарын көрсетіңіз. Бәсеке нарықтық экономиканың бөлінбес элементі болып табылады. Бірақ оның сипаты әртүрлі болуы мүмкін және нарықтық тепе-теңдікке жетудің тәсілі осыған байланысты болады. Нарықта бәсекенің қаншалықты дамығандығын көрсету үшін «нарық құрылымы» термині пайдаланылады. Нарықтық құрылымның негізгі типтерін сипаттаңыз: таза бәсеке, таза (абсолютті) монополия, монополиялық бәсеке, олигополия, монопсония. Жетілген бәсекелі нарық үлгісі қандай белгілермен сипатталатынын және неліктен жетілген бәсекенің ең тиімді нарық болып табылатындығын көрсетіңіз. Бұл нарықтың идеалды болып табылатындығын жақсы түсіне білу керек, себебі нақты өмірде ол таза түрде кездеспейді. Нарықтың жетілмеген бәсекеліге түрленуінің себептерін және монополиялық құрылымды неліктен нарықтық механизмнің тиімсіз қызмет етуінің немесе нарық сәтсіздігінің мысалы ретінде саналатындығын, әртүрлі елдердің үкіметтерінің қатаң антимонополиялық саясатты жүргізуінің себептері мен оның негізгі формалары мен әдістерін түсіндіруге тырысыңыз.
Тақырып 4. Табыстарды бөлу. Табыстар және өндіріс факторларының бағалары (2 сағ.) 1. Ресурстарға сұраныс туынды сұраныс ретінде. Ресурс бағаларына әсер етуші негізгі факторлар. Өндірістік факторлар және факторлық табыс 2. Еңбек нарығы және оның ерекшеліктері. Жалақы еңбектің бағасы ретінде 3. Капитал нарығы және оның құрылымы. Қарыз капитал нарығы. Пайыз капитал иесінің факторлық табысы ретінде 4. Экономикалық рента. Жер нарығы, жер рентасы және оның түрлері. Баяндамалар тақырыптары 1. Жерге меншік және ренталық қатынастар 2. Жерді жалға алу және оған байланысты мәселелер 3. Кәсіподақтар және олардың еңбек нарығындағы орны 4. «Икемді» және «қатаң» жалақы саясаты 5. Қазақстанда еңбек нарығының ерекшеліктері Негізгі әдебиеттер 1. Шеденов Ө.Қ., Байжомартов У.С. және т.б. Жалпы экономикалық теория: Оқулық. - Алматы: Ақтөбе, 2004. 2. Сахариев С.С., Сахариева А.С. Жалпы кезең – экономикалық теориясы. - Алматы: «Дәнекер», 2004. 3. Экономикалық саясат. Лекциялар / Д.Қ.Қабдиев, Т.Қ.Оралтаев, Ә.Е.Ескендіров, С.Қ.Бекмолдин және т.б. – Алматы: Экономика, 2002. 4. Я.Әубәкіров, К.Нәрікбаев, М. Есқалиев және т.б. Экономикалық теория негіздері: Оқулық. – Алматы, 2004. 5. Ихданов Ж.О., Орманбеков Ә.Ө. Экономиканы мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелері: Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2002. 6. Я.Ә.Әубәкіров, К.Нәрібаев және т.б. Экономикалық теория негіздері: Оқулық. – Алматы: «Санат», 1998. Қосымша әдебиеттер 1. Алтаева Р.А. Табиғи ресурстарды тиімді пайдалануды жақсартудың маңызы. ҚазҰУ Хабаршысы. Экономика сериясы. №6(70).2008 2. Нұрмағанбетова М.Т. Қазақстан Республикасында инновациялық бағдарламаны іске асыруда жинақтық зейнетақы қоры мүмкіндіктерін пайдалану жолдары. ҚазҰУ Хабаршысы. Экономика сериясы. №1(89).2012 3. Муханалиева И.С. Бағалы қағаздар нарығы және оларды мемлекеттік реттеу. №6(46).2004 4. Я.Ә.Әубәкіров, Б.Б.Байжұмаев, Ф.Н.Жақыпова, Т.П.Табеев. экономикалық теория: Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 1999. 5. Экономикалық саясат. Лекциялар. Д.Қ.Қабдиев, Т.Қ.Оралтаев, Ә.Е.Ескендіров, С.Қ.Бекмолдин және т.б. – Алматы: Экономика, 2002. 6. Нурпейіс Е. Экономикалық теория. Халықаралық экономика негіздері: Оқу құралы. – Алматы, 2002. Тақырыптың бірінші сұрағын дайындауда ресурстар нарықтарының ерекшелігі ресурстардың шектеулілігі мәселелерімен байланысты болатынына көңіл бөліңіз. Экономикалық ресурстардың шектеулілігіне қарай оларға сұраныс өте тұрақты болады. Сонымен қатар ресурстар нарықтары үшін монопсония мен олигопсонияны әдеттегі құбылыс жасайтын сұранысты шоғырландыру тән. Ресурстар нарықтарының ерекшеліктері сұраныс пен ұсыныстың ерекше (арнайы) заңдылықтары арқылы жүзеге асырылады. Ресурстарға сұраныстың ерекшелігі болып олардың туындылығы табылады. Осы ерекшелікті сипаттау керек және ресурстарға сұранысқа қандай фокторлар әсер ететіндігін көрсету керек. Ресурстар шектеулілігінің оларға ұсыныстың шамасымен байланысын түсіндіріңіз. Екінші сұрақты қарастыруда еңбек нарығының ресурстар нарықтарының ішінде ең маңызды нарық екендігіне көңіл бөліңіз. Бұл еңбектің бағасы болып табылатын жалақымен негізделеді, сондықтан ең алдымен еңбек нарығына институционалды факторлар (мемлекеттік саясат, кәсіподақ қызметі, кәсіпкерлер одағының саясаты және т.б.) көп әсер етеду. Аталған факторлардың еңбек нарығы механизміне әсері нақты еңбек нарығының оның идеалды жетілген бәсекелі үлгісінен айырмашылығын тудырады. Жетілген бәсекелі еңбек нарығында бағаның (жалақы ставкасының) қалай бекілетіндігін және кәсіподақпен монополияланған, монопсониялық және екі жақты монополия нарықтарындақалай қалыптасатынын түсінуге тырысыңыз. Жалақының дифференциалдану мәселесін қарастыруда (зерттеуде) дифференциацияның негізгі принциптерін, механизмін және оның тарифтік жүйедгі орнымен танысыңыз. Капитал нарығы туралы сұрақты қарастыруды оның физикалық капитал нарығы, ақша капитал (қарыз) нарығы, қор нарығы және т.б. атап көрсетілетін құрылымын сипаттаудан бастаңыз. Экономикалық теорияда «пайыз» категориясы туралы бар көзқарастармен танысыңыз. Ақша капиталының тиімді қызмет етуін анықтаудың әдістеріне көңіл бөліңіз: а) капиал шамасын уақытта (во времени) өлшеу; б) дисконттау. Олардың капиталды инвестициялау туралы шешім қабылдау үшін қалай пайдаланылатынын түсіндіріңіз. Тақырыптың төртінші сұрағын дайындауда «экономикалық рента» түсінігімен танысыңыз. Неліктен экономикалық рента ретінде игіліктердің кез-келген иесінің алатын табысы танылатынын түсіндіріңіз. Сонымен қатар ренталық табыстар жерді иелену және жерді пайдалануға қатысты табыстар ретінде қарастырылады, сондықтан «жер рентасы» категориясын қарастыру талап етіледі. Жер рентасы жерге меншік өзін экономикалық тұрғыдан жүзеге асыратын, яғни табыс әкелетін форма екендігін түсіну маңызды. Қандай жағдайда рента артықшылық, ал қай кезде шығындар ретінде қарастырылатынын анықтаңыз. Жер рентасының түрлерін (абсолютті, дифференциалды, монополиялық) және олардың әртүрлі салаларда (ауыл шаруашылығы, қазып шығаратын өнеркәсіп, құрылыс) жер иесінің жер рентасын алу механизмін ашыңыз.
Тақырып 5. Ұлттық экономикалық жүйе және оның тепе-теңдігі. Экономикалық өсу. (2 сағ.) 1. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер. ЖҰӨ-ді есептеу тәсілдері 2. Жалпы экономикалық тепе-теңдік. Жинақталған сұраныс және жинақталған ұсыныс 3. Экономикалық өсу түсінігі және оны өлшеу. Экономикалық өсудің типтері мен факторлары Баяндамалар тақырыптары 1. Қазақстандағы экономикалық өсу 2. Көлеңкелі экономика 3. Ұлттық байлық және оны өлшеу 4. Қазақстандағы индустриалды-инновациялық саясат Негізгі әдебиеттер 1. Шеденов Ө.Қ., Байжомартов У.С. және т.б. Жалпы экономикалық теория: Оқулық. - Алматы: Ақтөбе, 2004. 2. Сахариев С.С., Сахариева А.С. Жалпы кезең – экономикалық теориясы. - Алматы: «Дәнекер», 2004. 3. Экономикалық саясат. Лекциялар / Д.Қ.Қабдиев, Т.Қ.Оралтаев, Ә.Е.Ескендіров, С.Қ.Бекмолдин және т.б. – Алматы: Экономика, 2002. 4. Я.Әубәкіров, К.Нәрікбаев, М. Есқалиев және т.б. Экономикалық теория негіздері: Оқулық. – Алматы, 2004. 5. Ихданов Ж.О., Орманбеков Ә.Ө. Экономиканы мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелері: Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2002. 6. Я.Ә.Әубәкіров, К.Нәрібаев және т.б. Экономикалық теория негіздері: Оқулық. – Алматы: «Санат», 1998. Қосымша әдебиеттер 1. Бимендиева Л.А., Жылжақсынова Ш.П. Экономикалық өсу – ұлттық экономиканың қызмет етуінің нәтижесі ретінде. ҚазҰУ Хабаршысы. Экономика сериясы. №6(46).2004 2. Исабеков Б.Н., Көлбаева М.А. Экономикалық дағдарыс және оны шешу жолдары. ҚазҰУ Хабаршысы. Экономика сериясы №6(70).2008 3. Я.Ә.Әубәкіров, Б.Б.Байжұмаев, Ф.Н.Жақыпова, Т.П.Табеев. экономикалық теория: Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 1999. 4. Экономикалық саясат. Лекциялар. Д.Қ.Қабдиев, Т.Қ.Оралтаев, Ә.Е.Ескендіров, С.Қ.Бекмолдин және т.б. – Алматы: Экономика, 2002. 5. Нурпейіс Е. Экономикалық теория. Халықаралық экономика негіздері: Оқу құралы. – Алматы, 2002. Ұлттық экономика қызмет етуінің нәтижесін өлшеу үшін теория мен шаруашылық тәжірибеде әртүрлі макроэкономикалық көрсеткіштер қолданылады. Оларға жалпы қоғамдық өнім (ЖҚӨ), жалпы ішкі өнім (ЖІӨ), жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ), таза ұлттық өнім (ТҰӨ), ұлттық табыс (ҰТ), жеке табыс (ЖТ) жатады. Аталған көрсеткіштермен танысу және олардың арасындағы байланысты бақылау керек. ЖҰӨ-ді есептеу кезінде әртүрлі әдістер қолданылады: өндіріс бойынша, шығыстар ағымы бойынша, табыстар ағымы бойынша. Неліктен шығыстар бойынша есептелетін ЖҰӨ-нің құрамдас бөліктерінің ішінде экономика жағдайын жалпы жеке инвестиция көрсеткіші, ал табыстар ағымы бойынша есептелетін ЖҰӨ-ң құрамдас бөліктерінің ішінде мұндай орын пайдаға берілген? Макроэкономикалық көрсеткіштер – бұл ақшалай көрсеткіштер, сондықтан олардың мәні бағалар өзгерісіне тәуелді. Соңғылардың әсерін есептеу үшін экономикалық теорияда нақты көрсеткіштер қолданылады. ЖҰӨ көрсеткіші мысалында нақты ЖҰӨ-ң қалай есептелетінін, оның ЖҰӨ бағалар индексімен және номиналды ЖҰӨ-мен байланысын қарастырыңыз. Нарықтық экономиканың сөзсіз элементі болып көлеңкелі экономика табылады. Оның қандай қызмет түрлерін біріктіретінін эәне макроэкономикалық көрсеткіштерге қандай әсер тигізетінін көрсетіңіз. Тақырыптың екінші сұрағын қарастыруды экономикалық жүйенің әртүрлі деңгейлерінде туындайтын тепе-теңдіктің 2 түрін, яғни ішінара және жалпыны салыстырудан бастаңыз. Олардың әрбіреуін қолдау механизмін саластырыңыз. Макроэкономикалық тепе-теңдік заңдылықтарының мазмұнын ашу үшін жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсынысты қарастыру керек, себебі ұлттық экономикадағы барлық өзгерістер олардың өзгерістерімен байланысты. Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсынысқа әсер ететін факторларды атаңыз. Макроэкономикалық тепе-теңдік негізгі үогілерін, яғни классикалық және кейнстік үлгілерді салыстырыңыз. Макроэкономикалық тепе-теңдікті қолдауда осы үлгілердегі жинақ пен инвестицияға қандай орын берілгендігіне ерекше көңіл бөліңіз. Жоспардың үшінші сұрағына дайындалуда «экономикалық өсу» терминінің қалай түсінілетіндігін, оның мақсаттары, негізгі типтері және факторлары қандай, қазіргі таңдағы олардың динамикасының тенденциялары қандай деген сұрақтарды меңгеру керек. Экономикалық өсу теориясы келесі сұрақтарға жауап беруді талап етеді: өндірісті кеңейтудің бағасы қандай? Толық жұмыс бастылық жағдайында өндірістік қуаттылық пен ЖҰӨ-ң көлемін қалай арттыруға болады? Осы сұрақтарға жауап іздеу экономикалық өсу мәселесін ресурстардың шектеулілігі мәселесімен байланыстыруға көмектеседі. Неліктен экономикалық өсудің шектеулілігі мәселесін шешуді жеңілдететіндігін ойланыңыз. Экономикалық өсу факторларын жіктеу аяқталға және тұрақты процесс болып табылмайтынын түсіну маңызды. Экономикалық өсудің көптеген факторларының мазмұны әртүрлі кезеңде және әртүрлі елдерде бірдей емес. Экономикалық өсуді ынталандырушы факторлармен қатар оны тежеуші факторларда болады. Экономикалық өсуді тежеуші факторлар туралы сұрақты дайындауда нарықтық және әкімшіл-әміршіл экономика жағдайындағы экономикалық өсу факторларының айырмашылығын анықтау үшін АҚШ және бұрынғы КСРО мысалында экономикалық өсуді салыстырыңыз. Қазіргі кезде экономикалық өсу теориясында ерекше орын жоғары инвестициялық белсенділікті қамтамасыз етуші инвестициялық факторларға беріледі. Мұндай көзқарастың мультипликатор теориясына негізделетінін түсіну және мультипликативті әсерді тудырушы механизмнің жұмысын қарастыру керек.
Тақырып 6. Макроэкономикалық тұрақсыздық: жұмыссыздық және инфляция (2 сағ.) 1. Экономикалық цикл. Циклдердің әр түрлілігі. Экономиканы циклге қарсы реттеу. 2. «Жұмысбастылық» және «жұмыссыздық» түсініктерінің мазмұны. Жұмыссыздық деңгейiн өлшеу. Жұмыссыздықтың формалары. 3. Мемлекеттің жұмысбастылық саясаты. 4 Инфляция дамуының механизмі. Инфляцияның түрлерi. Инфляцияның әлеуметтiк-экономикалық салдары. 5 Антиинфляциялық саясат.
Баяндамалар тақырыптары 1. Қазақстандағы жұмыссыздықтың себептері және формалары. 2. Қазақстандағы инфляциялық процестер. 3. Қазақстандағы жұмысбастылық саясат. 4. Қазақстанның антиинфляциялық саясаты. 5. Әлемдiк экономикалық дағдарыс жағдайындағы Қазақстанның экономикасы.
Негізгі әдебиеттер 1. Шеденов Ө.Қ., Байжомартов У.С. және т.б. Жалпы экономикалық теория: Оқулық. - Алматы: Ақтөбе, 2004. 2. Сахариев С.С., Сахариева А.С. Жалпы кезең – экономикалық теориясы. - Алматы: «Дәнекер», 2004. 3. Экономикалық саясат. Лекциялар / Д.Қ.Қабдиев, Т.Қ.Оралтаев, Ә.Е.Ескендіров, С.Қ.Бекмолдин және т.б. – Алматы: Экономика, 2002. 4. Я.Әубәкіров, К.Нәрікбаев, М. Есқалиев және т.б. Экономикалық теория негіздері: Оқулық. – Алматы, 2004. 5. Ихданов Ж.О., Орманбеков Ә.Ө. Экономиканы мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелері: Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2002. 6. Я.Ә.Әубәкіров, К.Нәрібаев және т.б. Экономикалық теория негіздері: Оқулық. – Алматы: «Санат», 1998. Қосымша әдебиеттер 1. Бүрлибаева А.А. Қазақстан халқының табысы мен жұмыс бастылығы арасындағы өзара байланыстар. ҚазҰУ Хабаршысы. Экономика сериясы. №6(58).2006 2. Макенова Г.У. Еліміздегі көші-қон үдерісінің еңбек нарығына әсері. Аль-Пари. №2 (62).2010 3. Я.Ә.Әубәкіров, Б.Б.Байжұмаев, Ф.Н.Жақыпова, Т.П.Табеев. экономикалық теория: Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 1999. 4. Экономикалық саясат. Лекциялар. Д.Қ.Қабдиев, Т.Қ.Оралтаев, Ә.Е.Ескендіров, С.Қ.Бекмолдин және т.б. – Алматы: Экономика, 2002. 5. Нурпейіс Е. Экономикалық теория. Халықаралық экономика негіздері: Оқу құралы. – Алматы, 2002.
Семинар сабағының бірінші сұрағын зерттеу барысында басты мақсат экономиканың тепе-теңдіктің бұзылуына бейімделу процесі болып табылатын макроэкономикалық динамиканың түсіндіру. Егер экономикалық өсу теориясы өсудің факторлары мен шарттарын ұзақ мерзімді тенденция деп қарастырса, ал циклдер теориясы – экономикалық белсенділіктің ауытқуларының себептерін уақытта қарастыратынын түсіне білу керек. Экономикада циклдік тербелістердің әр түрлі түсініктемелеріне қарамастан ескеретін жағдай экономикалық жүйенің өз қозғалысының теңсіздігінің сол жүйенің әлеуметтік-техникалық сипатымен анықталатындығы. Сөз экономикалық жүйенің құрылымында өз бетінше цикл бойынша дамитын және барлық экономикалық жүйенің дамуына циклдік сипат беретін материалды-техникалық және адами факторлардың болуы туралы. Өнеркәсіптік циклдің кезеңдерінің негізгі белгілерімен танысу және осы кезеңдердің қазіргі жағдайда көріну ерекшеліктерін анықтау керек. Циклдің негізгі кезеңі болып дағдарыстың табылатындығын түсіну маңызды. Ол экономиканың даму шегін анықтап қана қоймайды, сонымен қатар жиналып қалған экономикалық қарама-қайшылықтарды шеше отырып оның дамуы серпіліс береді. Экономиканы мемлекеттік реттеу, инфляция мен жұмыссыздықтың көп уақытқа созылған процестерге айналуы, ҒТП-ң барысында экономикалық құрылымдардың түбегейлі өзгерісі секілді құбылыстардың ХХ ғасырда классикалық іскерлік циклдің өзгерісіне әсерлеріне көңіл бөліңіз және түрленген циклдің негізгі ерекше белгілерін сипаттауға тырысыңыз. Дағдарыстың ХХ ғасырдың 70 жылдарының бірінші жартысында пайда болған жаңа түрлеріне – құрылымдық, аграрлық, энергетикалық және т.б.-на назар аударыңыз. Жоғарыда аталған дағдарыстардың өнеркәсіптік өндірістің жалпы жағдайына әсерін және олардың циклдік дамудың дәстүрлі көрінісін қалай өзгертетінін анықтауға тырысыңыз. Бұл сұрақтың анағұрлым күрделі мәселелерінің бірі болып ұзақтығы бойынша әртүрлі циклдерді (қысқа, орта, ұзақ) талдау және олардың бір-біріне өзара әсерін түсіну табылады. Ауытқулардың себебі мен механизмін көрсетуде қиындықтар «конъюнктураның үлкен цикліне» қатысты туындайды. Ресей мен Қазақстанның қазіргі таңдағы экономикасына қатысты «түрлендірілген дағдарыс» түсінігі қолданылады. Экономистердің осындай дағдарыстың ерекшеліктері мен оны жоюдың жолдарын қалай анықтайтынын түсінуге тырысыңыз. Семинар сабағының екінші сұрағын қарастыруды нарықтық экономикада 100 пайыздық жұмыс бастылықтың болмайтындығынан бастау керек. Жұмыссыздықтың не себепті жойылмайтындығын түсіндіріңіз. Осылайша, толық емес, әрбір жұмысқа тұрғысы келетін адамдардың жұмыс іздеуде уақытты ұтымды пайдаланатынын және сәйкес мамандықты өзгертуге мүмкіндікке ие бола алатын тиімді жұмыс бастылық туралы айту керек. Іскерлік белсенділіктің циклді ауытқуларының жұмыссыздық деңгейіне қалай әсер ететінін және циклдік жұмыссыздықты неліктен нағыз жұмыссыздық ретінде саналатындығын түсіндіріңіз. Жұмыссыздық қоғам үшін елеулі жоғалтулар тудырады. Экономикалық жоғалтуларды есептеу үшін әлемдік тәжірибеде А.Оукен заңы қолданылады. Оның қандай тәуелділікті бейнелейтінін анықтау керек. Қазіргі экономикалық теорияда жұмыс бастылықты реттеуге әртүрлі көзқарастар (тұжырымдамалар) бар, олардың жұмыссыздықты төмендету үшін қандай шараларды ұсынатынын түсіну үшін олармен танысу керек. Қазақстандық ғалымдардың жұмыстарын пайдалана отырып жұмыс бастылық пен жұмыссыздықтың ҚР-ғы ерекшеліктерін және жұмыс бастылық саясатының негізгі бағыттарын анықтаңыз. Инфляция – бұл нарықтық жүйедегі экономикалықтепе-теңдіктің бұзылуының тағы бір көрінісі. Инфляцияны сипаттауда оның нарықтық шаруашылықтың әртүрлі салалардағы ұдайы өндірістің диспропорциясынан туындайтын күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыс екендігіне сүйену керек. Нарықтық экономикада бағалар өсуінің инфляциялық себебіне нені жатқызуға болатынын ойланыңыз. Инфляцияны қолдау мен дамытуда экономикалық субъектілердің инфляциялық күтілімдерінің қандай орын алатындығына назар аударыңыз. Қазіргі экономикалық теория әртүрлі критерилерді пайдалана отырып инфляцияның көптеген түрлерін қарастырады. Инфляция түрлерінің толық жіктемесімен ұсынылған әдебиеттерді пайдаланып, танысуға болады. Ерекше назарды сұраныс пен шығын инфляциясына, олардың даму механизміне аудару керек. Бұл сұрақта ерекше орынға жұмыссыздық пен инфляцияның арасындағы Филлипс қисығымен бейнеленетін байланыс ие. Инфляцияның салдарын сипаттауда оның тұтынушылар жағдайына ғана емес, сонымен қатар нарықтың өзін-өзі реттеу механизмін бұза отырып экономикағада елеулі әсер ететінін ескеру керек. Оның неліктен болатынын түсіндіруге тырысыңыз. Инфляцияны жою дағдарысқа қарсы стратегияның негізгі міндеттерінің бірі болып қалады. Инфляциямен күресудің негізгі әдісі болып оның негізін құраушы себептермен күресу табылатынын түсіну маңызды. Инфляциямен күресудің экономикалық ойдың үш маңызды тұжырымдамасына негізделген үш бағыты мәлім: кейнстік, монетаристік және құрылымдық.
Тақырып 7. Экономиканы реттеудің қаржылық механизмі (2 сағ.) 1. Мемлекеттік бюджет және оның құрылымы. Бюджеттің дефициті және оны қаржыландыру әдістері 2. Салық салудың теориялық негізі. Салық және оның түрлері 3. Фискалды саясат: мақсаты мен құралдары 4. Экономикадағы ақша ұсынысы және ақшаға сұраныс. Монетарлық ереже 5. Ақша-несие саясаты. Ақша-несие саясатының құралдары
Баяндамалар тақырыптары 1. Мемлекеттік бюджет және Қазақстанның бюджеттік саясаты 2. Қазақстандағы салық саясаты 3. Қазақстан банктік жүйесі: жетілдіру бағыттары мен мәселелері 4. Қазақстан Ұлттық банктің ақша-немие саясаты 5. Экономиканы мемлекеттік реттеудің кейнстік және монетаристік теориясы 6. Қазақстан қор нарығының жағдайы
Негізгі әдебиеттер 1. Шеденов Ө.Қ., Байжомартов У.С. және т.б. Жалпы экономикалық теория: Оқулық. - Алматы: Ақтөбе, 2004. 2. Сахариев С.С., Сахариева А.С. Жалпы кезең – экономикалық теориясы. - Алматы: «Дәнекер», 2004. 3. Экономикалық саясат. Лекциялар / Д.Қ.Қабдиев, Т.Қ.Оралтаев, Ә.Е.Ескендіров, С.Қ.Бекмолдин және т.б. – Алматы: Экономика, 2002. 4. Я.Әубәкіров, К.Нәрікбаев, М. Есқалиев және т.б. Экономикалық теория негіздері: Оқулық. – Алматы, 2004. 5. Ихданов Ж.О., Орманбеков Ә.Ө. Экономиканы мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелері: Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2002. 6. Я.Ә.Әубәкіров, К.Нәрібаев және т.б. Экономикалық теория негіздері: Оқулық. – Алматы: «Санат», 1998. Қосымша әдебиттер 1. Өсербайұлы С.Ө., Жұмағалиев Е. Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің экономиканы реттеудегі рөлі. ҚазҰУ Хабаршысы. Экономика сериясы. №6 (86). 2011 2. Мухамадиева А.А. Қазақстан Республикасындағы Ислам банкі даму қызметінің ерекшеліктері. Саясат-POLICY. №1, қаңтар, 2011 ж. 3. Скакова Г.Я. ҚР-дағы салық саясатын мемлекеттік реттеу. Аль-Пари. №2 (62). 2010 4. Жумина Г.Е. Қазақстан сақтандыру нарығының қаржылық жағдайын талдау. Аль-Пари. №4 (64).2010 5. Раматуллаева Г.А. Дамыған шет елдердегі ақша-несиелік реттеу тәжірибелері. ҚазҰУ Хабаршысы. Экономика сериясы. №6(70). 2008 6. Мусина Қ.Р., Ибраимова А. Қазақстандағы әлеуметтік жобалар мен бағдарламаларды қаржыландыру бағыттары. ҚазҰУ Хабаршысы. Экономика сериясы. №1(89). 2012 7. Әубәкіров, Б.Б.Байжұмаев, Ф.Н.Жақыпова, Т.П.Табеев. Экономикалық теория: Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 1999. 8. Тажиева С.Қ. Кластер мен территориалды - өндірістік кешен ұғымдарының ерекшеліктері. ҚазҰУ Хабаршысы. Экономика сериясы. №1(89). 2012 9. Экономикалық саясат. Лекциялар. Д.Қ.Қабдиев, Т.Қ.Оралтаев, Ә.Е.Ескендіров, С.Қ.Бекмолдин және т.б. – Алматы: Экономика, 2002. 10. Нурпейіс Е. Экономикалық теория. Халықаралық экономика негіздері: Оқу құралы. – Алматы, 2002. Семинар сабағының бірінші сұрағын дайындауда мемлекеттік бюджеттің мазмұны мен құрылымын, оның кіріс және шығыс бөлімдерін, оны тұрақтандырудың шарттарын қарастыру керек. Мемлекеттік бюджеттің қандай жағдайда дефицит мәселесіне тап болатынын, оны жабудың қандай мүмкін жолдары болатынын, бджет дефицитін қаржыландыру әдістерінің экономика үшін қандай салдарға әкелетінін түсіндіріңіз. Сонымен қатар «мемлекеттік борыш» категориясының мазмұнын қарастырыңыз, оның құрылымы мен қандай жағдайда мемлекеттің мемлекеттік қарызды қайта қаржыландыру мен конверсияға жүгінетінін түсіндіріңіз. ҚР мемлекеттік бюджетінің ерекшеліктерін анықтаңыз (ҚР 2011-2013 ж. Республикалық бюджет туралы заңы. 29.11.2010 ж.). Дамыған нарықтық экономика жағдайында бюджеттің дефицитсіздігі оның толық оның толық сәтті екендігін білдірмейтінін түсіну керек: елдің экономикалық саулығы ұдайы өндіріс циклінің өзгерістерінебайланысты ұзақ мерзімді процестермен анықталады. Қаржы саясатының негізгі мақсаты болып бюджеттің тұрақтылығы, инфляциялық емес жұмыс бастылықты қамтамасыз ету емес, ал экономиканың толығымен тұрақтылығы табылады. Бұл мақсатқа бджет дефициті мен өспелі мемлекетік қарызбен қол жеткізілседе. Қазіргі таңда мемлекеттік бюджет соңғы мақсат емес, ол макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізу мен оны қолдаудың құралы ретінде қарастырылады. Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.058 сек.) |