АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Бойынша жалпы ережелер

Читайте также:
  1. B. жалпы экология
  2. G) табыстар бойынша
  3. G) табыстар бойынша
  4. тарау. Жалпы ережелер

Алматы, 2012


5В070300 – «Ақпараттық жүйелер» және 5В070400 – «Есептеу техникасы және программалық қамтамасыздандыру» мамандықтарына арналған диплом жұмысын жазуға және қорғауға арналған әдістемелік нұсқаулар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген «Білім беру ұйымдарында білім алушыларды ағымдағы бақылаудан, аралық және қорытынды аттестаттаудан өткізу ережелеріне»; сонымен қатар Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 31 шілдедегі № 336 бұйрығымен бекітілген, ҚР МЖМБС 5.03.016-2009 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Жоғары білім. Бакалавриат. Жоғарғы оқу орындарында диплом жұмысын орындау ережелері» негізінде құрастырылған.

Құрастырушылар:

Байтенова Л.М. – э.ғ.к., «Қолданбалы информатика» кафедрасының доценті,

 

Үкібасова Ғ.С. – Ph.D, э.ғ.к., «Қолданбалы информатика» кафедрасының

профессоры

 

 

Пікір берушілер:

Абдылдаев Э.Қ. - т.ғ.д., Т.Рысқұлов атындағы Қазақ Эконономикалық Университетінің «Қолданбалы информатика» кафедрасының профессоры

 

 

«Қолданбалы информатика» кафедрасының оқу-әдістемелік секциясының мәжілісінде талқыланды, 26.05.2012 жыл, № 19 хаттама.

«Қолданбалы информатика» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.д., профессор Заурбеков Н.С.

 

«Инженерлік-экономикалық» факультетінің оқу-әдістемелік бюросының мақұлданды, 04.06.2012 жыл, № 9 хаттама.

«Инженерлік-экономикалық» факультетінің оқу-әдістемелік бюросының төрайымы, ф.-м.ғ.к., доцент Гусманова Ф.Р.

 

МАЗМҰНЫ

 

1. Диплом жұмысын дайындау, жазу, қорғау тәртібі

бойынша жалпы ережелер.................................…………………......….........4

2. Диплом жұмысының тақырыбын таңдау..............……………………..…...5

3. Диплом жұмысының жазылу ережелері ………………………..…….…….6

4. Диплом жұмысының мазмұны және құрылымы...……………...……....….7

5. Диплом жұмысын рәсімдеу тәртібі …......………………..………….…....10

6. Диплом жұмысын қорғауға ұсыну тәртібі ………...................…..…….….18

7. Диплом жұмысын қорғау тәртібі ……....…………………………………..19

8. Диплом жұмысының мазмұны және рәсімдеуі бойынша кемшіліктер...20

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.......……………………………….…..…...22

Қосымшалар…………………………………………..……………………….23

 

 

1 Диплом жұмысын дайындау, жазу, қорғау тәртібі

бойынша жалпы ережелер

 

Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында және мамандықтардың оқу жоспарында қарастырылған диплом жұмысы жазбаша бітіру жұмысы болып табылады, сондықтан оны орындау әдістемесін әрдайым жетілдіріп отыруды талап етеді.

Диплом жұмысы дегеніміз – теориялық және тәжірибелік мәселелерді шешуге дайындығын көрсететін, студенттің ғылыми, тәжірибелік өзбетінше ізденісі. Оның негізгі мақсаты мен мазмұны – белгілі бір мамандық пен ғылым саласының бір өзекті мәселелесін зерттеу және өзбетінше ізденіс нәтижелерін жан-жақты талдау.

Дипломдық жұмыс мамандық бойынша теориялық білімі мен практикалық дағдысын жүйелеуге, бекіту мен кеңейтуге және нақты ғылыми, техникалық, экономикалық, өндірістік мақсаттарды шешуге; ғылыми зерттеу әдісін меңгеру және өз бетінше жұмыс жүргізе алу мен мәселелерді шешу кезіндегі эксперимент жүргізу дағдыларын дамыту; нақты тақырып шеңберінде қорытынды мен ұсыныстарды дәлелдеу; студенттің қазіргі заманғы өндіріс, ғылым, техника және кәсіби құзырлылық жағдайындағы өзбетілік жұмысқа дайындығын анықтауға бағытталған.

Диплом жұмысы белгілі бір мамандық пен ғылым саласының бір өзекті мәселелесін, зерттеу және өзбетінше ізденіс нәтижелерін қорытындылайды.

Дипломдық жұмыстың мазмұны диплом алдындағы тәжірибе өту базасына сәйкес келіп, келесі талаптарға жауап беруі тиіс:

- сәйкес мамандық пен ғылым саласы бойынша ғалымдармен, аналитиктермен, практиктермен, атап айтқанда, инженерлермен, конструкторлармен, менеджерлермен, экономистермен бірге өткізілген зерттеулер мен жобалар шешімдерінің қорытындылануы;

- зерттелген обьектілер бойынша ғылыми негізделген теориялық тұжырымдардың болуы;

- нақты мәселелерді шешуді қамтамасыз ететін ғылыми негізделген нәтижелердің болуы.

Осы әдістемелік нұсқауда диплом жұмысын жазудың негізгі талаптары: зерттеу бөлімінің ұйымдастырылуы мен әдістемесі, әдебиетпен рәсімделуі және Мемлекеттік аттаестациялау комиссия алдында жұмысты қорғауға ұсыну тәртібі берілген және «Қазақстан Республикасы жоғары и жоғары оқу орнынан кейінгі білімі мамандықтары жіктеуіші» (ҚР МЖ 08-2009), «Білім беру ұйымдарында оқушыларды, аралық және мемлекеттік қорытынды аттестациядан өткізу ережелері» (ҚР білім және ғылым министрінің 18 наурыз 2008ж. № 125 бұйрығымен бекітілген), Қазақстан Республикасының «Білім туралы» (2009 жылғы 27 шілдедегі № 319-ІІІ ҚРЗ), «Техникалық реттеу» (2004 жылғы 9 қарашадағы № 603-ІІ ҚРЗ) Заңдарына сәйкес терминдер мен анықтамалар қолданылады.

 

 

2 Диплом жұмысының тақырыбын таңдау

Дипломдық жұмысты орындауды ұйымдастыруды нақты және уақтылы жоспарлау оның сапасы мен сәтті қорғалуына өз әсерін тигізеді. Дипломдық жұмысты жазу кезіндегі негізгі аспектілер – оның тақырыбын таңдау және күнтізбелік жоспар бойынша оны орындаумен қатар, жұмысты рәсімдеу талаптарымен танысу.

2.1 Диплом жұмысының тақырыптары қазіргі жағдай мен болашақтағы ғылымның, техника мен мәдениеттің дамуына сай болуы тиіс.

Күндізгі оқу бөлімінің студенттері диплом жұмысының тақырыбын өндірістік (диплом алдындағы) практикаға дейін, ал сырттай және кешкі бөлім студенттері – ең соңғы сессия кезінде таңдап алуы керек.

Егер, жұмыс кәсіпорын (мекеме) материалдары бойынша орындалатын болса, онда оның тақырыбы сол кәсіпорынның (мекеменің) шешетін мәселелеріне жақын болуы тиіс. Сырттай және кешкі бөлім студенттері өздерінің өндірістік қызметімен немесе өндірістік қажеттілігіне сай тақырыптарға диплом жұмысын жаза алады.

2.2 Диплом жұмысының тақырыбын таңдағанда келесі ұстанымдарды басшылыққа алу керек:

- диплом жұмысының тақырыптары мамандықтарға және мамандарды даярлау бағытына сәйкес болуы қажет;

- тақырыптың өзектілігі мен жаңашылдығын айқындай білу керек;

- олардың материалдары бойынша жазылып жатқан диплом жұмысының нәтижелері кәсіпорын (мекеме) үшін тәжірибеде құнды болуы тиіс және іске асуы қажет;

- жеке зерттеулерді, статистикалық мәліметтерді, құқықтық және нормативті актілерді оқып үйрену және жұмыста пайдалана білуі керек.

2.3 Студент диплом жұмысының тақырыбын бекітілген тақырыптардан (кафедра құрастырған тізімнен) таңдайды. Диплом жұмысының тақырыптары шығарушы кафедрада әзірленеді, жоғары оқу орнының факультет кеңесінде қаралып бекітіледі. Диплом жұмысы тақырыптарының 30%-ы жыл сайын жаңартылады.

2.4 Студентке бекітілген тақырыптардан да тыс тақырыпқа диплом жұмысын орындау құқығы беріледі. Мұндай жағдайда студент таңдаған тақырыбының негіздері дәлелденген тұжырымдамасын жазбаша түрде немесе осы тақырыпқа тапсырыс берген мекеменің хатын кафедраға тапсыруы керек.

Сырттай бөлімде оқушыға диплом жұмысын өндірістік қажеттілікке сәйкес таңдап алуына рұқсат беріледі.

2.5 Студентке диплом жұмысының тақырыбы диплом жұмысы қорғалатын оқу жылының басында анықталып, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университетінің ректорының бұйрығымен бекітіледі.

2.6 Диплом алдындағы практика аяқталысымен диплом жұмысының тақырыбы қажетті жағдайларда шығарушы кафедраның ұсынысымен өзгертілуі, нақтылануы, түзетілуі мүмкін.

3 Диплом жұмысының жазылу ережелері

 

3.1 Диплом жұмысын жазу үшін кафедраның ұсынуымен әр студентке ғылыми жетекші тағайындалады;

3.2 Диплом жұмысының ғылыми жетекшілері болып профессорлар, доценттер, тәжірибелі оқытушылар мен сол жоғары оқу орнының ғылыми қызыметкерлері және басқа ұйымдардың ғылыми зерттеу, басылым салалары студенттің мамандығына сәйкес келетін жоғары білікті мамандары тағайындалады;

3.3 Диплом жұмысының жетекшісі:

1) диплом жұмысына тапсырма береді;

2) студентке диплом жұмысының орындалуының барлық кезеңіне күнтізбелік кесте құруға көмектеседі;

3) студентке негізгі қажетті әдебиеттерді, анықтамалық және архивтік материалдарды, тақырыпқа қажетті типтік жобалар және басқа да дерек көздерін ұсынады;

4) барысында студенттің күнтізбелік кестесінің орындалуын қадағалайтын ағымдық бақылау жүзеге асырылатын консультация кестесін құрады;

5) диплом жұмысының барлық тарауының көлемін белгілейді және диплом жазушы мен консультанттың жұмысын үйлестіреді;

6) әрдайым жұмыстың орындалуын бақылайды және оның орындалуы жайында кафедраға хабарлап отырады;

7) аяқталған диплом жұмысына сын-пікір жазады.

3.4 Диплом жұмысына тапсырма студенттердің дайындаған бастапқы материалдар мен дерек көздерінің сипаттамаларынан, сұрақтар тізімінен, ұсынылатын әдебиеттер тізімінен, кестелік материалдардың тізімінен (кесте, диаграмма, улгі), диплом жұмысының күнтізібелік кестесінен тұрады (А қосымшасы).

Диплом жұмысының тапсырмасын кафедра меңгерушісі аяқталу мерзімін көрсете отырып бекітеді. Диплом жұмысының тапсырмасы диплом жұмысына тігіледі.

3.5 Жекелеген тараулардың кезекпен орындалуы көрсетілген жұмыстың күнтізбелік кестесі барлық кезеңдерге құрылады және ғылыми жетекшімен келісіледі.

3.6 Қажет болған жағдайда диплом жұмысының ғылыми жетекшісінің ұсынуымен кафедра диплом жұмысының жекелеген тараулары бойынша ғылыми жетекшіге бөлінген уақыты есебінен консультанттар шақырады.

3.7 Консультант ретінде профессорлар, доценттер, тәжірибелі оқытушылар, осы жоғары оқу орнының ғылыми қызыметкерлері, басқа да ұйымдардың жоғары білікті мамандары мен ғылыми қызыметкерлерін де тағайындауға болады. Консультанттар өздеріне белгіленген тарауларын тексеріп, қолын қояды.

3.8 Шығарушы кафедра диплом жұмысы орындалмас бұрын әдістемелік нұсқау әзірлеп, студенттерді қамтамасыз етулері қажет, диплом жұмысының орындалуына ұсынылған талаптар мамандықтың мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес болуы тиіс.

3.9 Кафедра меңгерушісі диплом жұмысының орындалуы бойынша студенттің есеп беру мерзімін белгілейді. Бұл мерзімдерде студент ғылыми жетекшінің алдында және кафедра меңгерушісіне есеп береді, осы есеп бойынша диплом жұмысының дайындық дәрежесі назарға алынып, факультет деканына мәлімет ретінде беріледі.

3.10 Диплом жұмысы мамандық бойынша негізгі әдебиеттерді терең зерттеу арқылы орындалады (оқулықтар, көмекші оқулықтар, монографиялар, басылымдық әдебиеттер, лекциялық курстар, шет тілдеріне арналған журналдар, нормативтік әдебиеттер және т.б.).

3.11 Әрбір дипломдық жұмыстың тапсырмалары жеке және перспективалық теориялық, практикалық сұрақтарды дайындау тапсырмаларымен сәйкес болуы қажет. Мысалы, инженерлік мамандықтарда дипломдық жұмыс негізгі тақырыптан тыс технологияға байланысты жарық көрген сұрақтарды қамтуы қажет, (автоматтандырылған және кешенді өндіріс механизмі, стандарттау, ғылыми еңбекті ұйымдастыру және өндірісті басқару т.б.). Әр диплом жұмысының экономикалық негіздемесі сонымен бірге еңбек қорғау мен өндірістік экологияға арналған сұрақтарды қамтыған тараулары болуы қажет.

3.12 Диплом жұмысының ең негізгі мәтіні шығармашылық ойды, зерттеу әдістерін пайдаланудың негіздемесін компьютерлік технологияны қолданумен қабылданған есептеу әдістері мен есебін, жүргізілген тәжірибенің сипаттауын, оларды талдау және олардың тұжырымдары, техникалық-экономикалық нұсқаларын салыстыруды ашып көрсетуі және қажет болған жағдайда кестелермен, эскиздермен, диаграммалармен, сызбалармен және т.б көрсетіліп сүйемелденуі қажет.

3.13 Диплом жұмысын студент жоғары оқу орнында, сонымен бірге өндірісте, ұйымдарда, ғылыми, конструкторлық және басқа да ұйымдарда орындалады.

3.14. Диплом жұмысы қорғауға 2 апта қалғанша аяқталып рәсімделуі керек.

4 Диплом жұмысының мазмұны мен құрылымы

 

4.1 Диплом жұмысы өзінің мазмұны жағынан жоғары оқу орнын бітіруші курс студентінің нақты мамандық бойынша өздігінен дайындайтын, қолжазба түріндегі ғылыми-зерттеу жұмысы.

4.2 Диплом жұмысының көлемі, ереже бойынша, 60-90 бет болуы қажет. Қосымшалар диплом жұмысының (жоба) көрсетілген көлеміне енгізілмейді.

Диплом жұмысын жазу кезінде құрылымдық элементтерге қойылатын талаптарға сүйену керек. Әдетте, орта есеппен кіріспе мен қорытынды 3-5 беттен тұрады, 1-ші бөлім (кіріспемен бірге) – жұмыстың 30%, 2-ші бөлім– 40-45%,3-ші бөлім (қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімімен бірге) – 25-30% құрайды. Параграфтар көлемі бойынша бір-бірімен салыстырмалы түрде болуы тиіс (бұл дегеніміз, орта есеппен әр параграф 8-10 бет болуы керек). Бір параграф 4 бет болып, ал басқасы – 15 бет болуы рұқсат етілмейді.

Мәтіннің баяндалуы. Диплом жұмысының мәтіні қысқа, анық болуы керек, әр түрлі түсіндірмелерді енгізудің қажеті жоқ. Міндетті талаптарды баяндағанда келесі сөэдер қолдануы тиіс: «тиісті, міндетті», «тиіс», «қажет», «керек», «рұқсат аетілмейді», «тыйым салынған», «бұдан шығарылмайды».

Баяндауды үшінші адам атынан жүргізуге болмайды.

Мысалы :Біздің мақсатымыз болып табылады....

Дипломдық жұмыс жазу барысында біз келесі нәтижелер алдық....

Мәтінде белгіленген стандартқа сәйкес терминдер мен анықтамалар қолданылады, ал егер олар жоқ болса экономикалық және ғылыми-техникалық әдебиеттерде қабылданған терминдер мен анықтамалар қолданылады.

Мәтінде қолдануға болмайды:

- теріс сөйлеу тілін, техницизмді (әдебиетке кері кеткен сөздерді), кәсіпкерлік сөздерді;

- бірдей түсінік үшін мағынасы бір-біріне жақын келетін әртүрлі экономикалық және ғылыми-техникалық терминдерді;

- егер физикалық шамалар сандық бірліктермен берілмесе, онда оларды қысқартуға болмайды;

- мөлшерлердің теріс немесе оң мағыналарының алдындаматематикалық (-) немесе (+) таңбаларын қолдануға болмайды(«минус» немесе «плюс» сөзін жазу керек);

- сандық мәні жоқ математикалық таңбаларды қолдануға мысалы, > (үлкен), < (кіші), = (тең), ≠ (тең емес), сонымен қатар № (нөмір), % (пайыз) таңбаларын;

- тіркеу нөмірі жоқ стандарт индекстерін;

- егер құжат мәтінінде физикалық шамалардың сандық мәндерінің диапазоны келтірілген болса, онда физикалық шама бірлігінің белгісін диапазонның соңғы сандық мәнінен кейін көрсетіледі (мысалы, 1-ден 5 мм дейін; плюс 10-нан минус 40 градус Цельсияға дейін).

Мәтінде рұқсат етіледі:

- жалпы қабылданған қысқартуларды қолдану. Жұмыста бірінші рет атап өтілгенде терминнің толық аталуы, сонан соң жақша ішінде осы атаудың қысқаша нұсқасы беріледі. Бұдан кейін мәтін бойында берілген атаудың қысқаша нұсқасын қолдануға болады.

 

4.3 Диплом жұмысының құрылымдық элементтеріне мыналар жатады:

- мұқаба (сыртқы беті);

- титул беті;

- диплом жұмысының орындалуына тапсырма;

- мазмұны;

- кіріспе;

- негізгі бөлім;

- қорытынды (тұжырым);

- пайдаланылған әдебиеттер тізімі;

- қосымшалар.

4.4 Мұқабада (сыртқы бетінде) келесі мағлұматтар келтіріледі:

- диплом жұмысы орындалған, ұйымның атауы,

- студенттің тегі және аты-жөні,

- диплом жұмысының тақырыбы,

- жұмыстың түрі-диплом жұмысы,

- мамандықтың атауы және коды,

- қала және жыл.

4.5 Титул беті диплом жұмысының бірінші беті құжатты қажетті жағдайда өңдеу және іздестіру үшін қажет болып табылатын ақпарат дерек көзі ретінде қызмет етеді.

Титул бетіне келесі мағлұматтар келтіріледі (Г қосымшасы):

- диплом жұмысы орындалған, ұйымның атауы,

- дипломдық жұмыс жобасы орындалған, кафедра атауы,

- шектеуіш гриф (қажет болғанда),

- кафедра меңгерушісінің бекітілген қолы,

- жұмыстың түрі - диплом жұмысы,

- «тақырыбына» деген сөздің көрсетілуімен, диплом жұмысының тақырыбының, атауы,

- мамандықтың атауы және коды,

- сол жағында «орындаған», қарама-қарсы оң жағынан студенттің тегі және аты жөні,

- бір жол төмен «ғылыми жетекшінің ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы» және тегі мен аты жөні,

қала және жыл көрсетіледі,

Мұқабаны рәсімдеу үлгісі және титул беті В және Г қосымшаларына сәйкес келтіріледі (мұқаба өзгеруі де мүмкін).

4.6 Диплом жұмысының мазмұны кіріспе бөлімін, реттік нөмірлер және барлық тараулардың атауларын, тараушаларды, қорытындыны, пайдаланылған әдебиеттер тізімін, беттердің нөмірлері көрсетілген қосымшаларын қамтиды.

4.7 Кіріспе бөлім диплом жұмысының өзекті мәселелерін, ғылыми жаңашылдығын және практикалық маңыздылығын, қазіргі ғылыми мәселелерді шешу, ахуалын бағалаудан, сонымен қатар дипломның мақсаты, міндеттерін зерттелу обьектісін теориялық және әдіснамалық негіздерін құрайды.

4.8 Диплом жұмысының негізгі бөлігінде, орындалған дипломдық зерттеулердің мәнін, мазмұнын, әдістемесі мен диплом жұмысының негізгі қорытындыларын білдіретін мәліметтер келтіріледі.

Диплом жұмысының негізгі бөлігі ережеге сай, бөлім және бөлімшелерге бөлінеді (бөлім және параграфтар).

4.9 Қорытынды бөлім (тұжырым) дипломдық зерттеулер қорытындыларының қысқаша тұжырымынан, қойылған міндеттердің толық шешілуін бағалаудан, зерттелінген обьекті бойынша нақты ұсыныстардан тұруы қажет.

4.10 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ғылыми жұмыстарға қойылған талаптарға сәйкес рәсімделеді.

4.11 Қосымшаға дипломның зерттелуі мен орындалуына байланысты, негізгі бөлімде қамтылмаған материалдар кіргізіледі.

4.12 Диплом жұмысындағы қабылданған шешімнің және барлық деректердің обьективтілігі мен дәлдігі туралы жауапкершілікті студент-диплом жұмысының авторы - өз мойнына алады.

 

5 Диплом жұмысын ресімдеу тәртібі

 

5.1 Диплом жұмысы компьютер, принтер арқылы А4 форматты ақ қағаздың бір жақ бетіне бір интервал (аралық) сақтай отырып орындалады. Шрифт-қалыпты, кегль 14.

Диплом жұмысының мәтіні жан-жағынан қалдырылатын ашық орындардың (поля) мына мөлшерлерін сақтай отырып басылуы тиіс: сол жағынан - 30 мм, жоғары жағынан - 20 мм, оң жағынан - 10 мм және төменгі жағынан - 25 мм.

Айқындалып назар аударылатын терминдерге, формулаларға, теоремаларға, компьютерлік жағдайлардағы түрлі гарнитурлы шрифтарды пайдалануға рұқсат беріледі.

5.2 Диплом жұмысының орындау тәсіліне қарамастан басылған мәтіннің сапасы мен иллюстрациялардың, кестелердің ресімделу ЭЕМБ - дан басып шығарылған кездегі айқындығы талапты қанағаттандыруы тиіс.

5.3 Диплом жұмысын әзірлеу барысында көрінген қателер және графикалық дәлсіздіктерді, тазартқышпен немесе ақ бояумен бояу арқылы түзетуге және сол жерге машинамен басылған әдіспен немесе қара сиямен не қара тушпен - қолжазба түрінде түзетуге рұқсат беріледі.

5.4 Дипломдық жұмыстағы тегі, мекеменің, ұйымның, фирманың аттары, өнімнің аталуы және басқа жалқы есімдер атаулары түпнұсқа тіліне келтіріледі.

5.5 Диплом жұмысының құрылымдық элементтерінің атаулары «Мазмұны», «Нормативтік сілтемелер», «Анықтамалар», «Белгілеулер мен қысқартулар», «Кіріспе», «Қорытынды», «Пайдаланылған әдебиеттер тізімі», құрылымдық элементтерінің басында жазылуы тиіс.

5.6 Диплом жұмысын бөлімге және бөлімшелерге бөлу қажет. Әрбір бөлім және бөлімше аяқталған ақпараттан тұруы қажет.

Бөлімдердің атаулары диплом жұмысының тақырыбын ашып көрсетуі, ал бөлімшелердің атаулары өзі сәйкес бөлімінің тақырыбын ашып көрсетуі тиіс.

5.7 Бөлімдер мен бөлімшелердің атаулары олардың мазмұнын нақты және қысқаша дәріптеуі тиіс.

5.8 Бөлімдер мен бөлімшелердің тақырыптарын абзацтан кейін бас әріппен, аяғында нүкте қоймай, астын сызбай басу қажет.

Егер де атаулар екі сөйлемнен тұрса, оларды нүктемен бөледі.

5.9 Диплом жұмысының беттерін араб сандарымен нөмірлеу қажет. Беттің нөмері қағаздың төменгі жағының ортасына нүктесіз қойылады.

5.10 Титул беті жалпы беттердің нөмірленуіне қосылады. Титул бетіне нөмір қойылмайды.

5.11 Жекелеген беттерге орналастырылған иллюстрациялар және кестелер диплом жұмысы беттерінің жалпы нөмерлеріне қосылады.

А3 формат парағындағы иллюстрациялар, кестелер бір бет ретінде есептелінеді.

5.12 Диплом жұмысының бөлімдерінің барлық құжаттың өн бойында абзацтан кейін араб сандарымен белгіленіп нүктесіз қойылған реттік нөмірлері болуы қажет. Бөлімшелер бөлімдер аясында нөмірленуі қажет. Бөлімше нөмірі, нүктемен бөлінген бөлім мен бөлімше нөмірлерінен тұрады. Бөлімше нөмірінен кейін нүкте қойылмайды. Бөлімдер екі немесе бірнеше бөлімшеден тұрады.

Мысал:

МАЗМҰНЫ

 


1 | 2 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.02 сек.)