АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Введение. 1.1 Автоматтандырылған ақпараттық жүйелердің қазіргі заманғы жағдайына қысқаша шолу беру

Читайте также:
  1. A. II. Введение в изучение Плавта
  2. I Введение в экономику
  3. I. Введение
  4. I. Введение
  5. I. Введение в архитектонику жилой единицы (жилого пространства семьи) на земле.
  6. I. Теоретическое введение
  7. III.Введение новой темы.
  8. А. Введение
  9. А. Введение
  10. А. Введение
  11. А. Введение
  12. А. Введение

1 АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ҚОҒАМДАҒЫ РӨЛІ

1.1 Автоматтандырылған ақпараттық жүйелердің қазіргі заманғы жағдайына қысқаша шолу беру

1.2 Ақпараттық жүйені ендіруге арналған амалдар

1.3 Ақпараттық жүйені қолдану тәжірибесі

 

2 Кәсіпорынның коммерциялық инфрақұрылымының ақпараттық жүйесін жобалау

2.1 Магистрлік диссертация мәселелерінің маңызды қойылымы

2.2 Автоматтандырылған ақпараттық жүйелердің жобалау кезеңдері

2.3 Ақпараттық қамтамасыздандыру

2.4 Мәліметтер үлгісін ұсынуды таңдау

 

3 ЖҮЙЕНІ ЖОБАЛАУДЫҢ Техника - экономикалық негіздеуІ

3.1 Инвестициалық қаражатты және эксплуатациялық шығындарды есептеу

3.2 Адам өмірінің қауіпсіздігі

3.3 Техника - экономикалық негіздеу және экономикалық тиімділік көрсеткіштерін есептеу

 

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Қосымшалар

 

5.13. Параграфтарды ұсақ бөліктерге бөлуге болмайды (бағынышты бөлімдер болмауы тиіс), мысалы:

 

3.2 Адам өмірінің қауіпсіздігі

3.2.1 Еңбек жағдайын талдау

3.2.2 Адам өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі техникалық шешімдер

 

5.14. Параграфтардыжәне бағынышты бөлімдерді тезис түрінде рәсімдеуге болмайды, мысалы:

2 Кәсіпорынның коммерциялық инфрақұрылымының ақпараттық жүйесін жобалау күрделі шығындар көлемін едәуір азайтады және экономикалық тиімділікті арттырады....

 

5.15 Диплом жұмысының әр бөлім жаңа парақтан (беттен) басталуы қажет. Бір бөлімнің ішіндегі бөлімшелер бір-бірінен мәтіннен екі жол төмен түсіріліп бөлінеді.

5.16 Диплом жұмысының беттері және қосымшасы, диплом жұмысының құрамына кіретін барлық беттерінде нөмірлері болуы қажет.

5.17 Диплом жұмысындағы иллюстрациялар (сызбалар, карталар, кестелер, схемалар, диаграммалар, түсірілген суреттер) бірінші немесе келесі беттерде екендігі ескертілген мәтіннен кейін орналасуы керек.

Иллюстрациялар компьютермен де түрлі-түсті жолмен де орындалуы мүмкін. Барлық иллюстрацияларға сілтемелер болуы қажет.

5.18 Диплом жұмысына орналасқан сызбалар, кестелер, диаграммалар, схемалар, иллюстрациялар конструкторлық құжаттардың бірыңғай жүйесі (БЖКҚ) мемлекеттік стандарттың талаптарына сай болуы тиіс.

5.19 Қосымшадағы иллюстрациялардан басқа иллюстрациялар араб сандарымен басынан аяғына дейін нөмірленуі тиіс.

Егер сурет біреу болса, онда ол «Сурет 1», «Сурет» сөзі және оның аталуы жолдың ортасынан жазылуы тиіс.

5.20 Иллюстрацияларды бөлімдер шеңберінде (ішінде) нөмірлеуге болады. Мұндай жағдайда иллюстрациялар нөмірі нүктемен бөлінген бөлімнің нөмірі мен иллюстрацияның реттік нөмірінен тұрады. Мысалы: Сурет 2.1.

5.21 Иллюстрациялардың қажет болған жағдайда, атаулары мен қоса түсіндіретін мәліметтері болуы мүмкін сурет астындағы мәтін. Сонымен қатар, ескертулерде болуы мүмкін. Бұл жағдайда былай жазылады: Сурет 5. Есептер байланысының сұлбасы*

 

Мысалы:

 
 

 


Сурет 5. Есептер байланысының сұлбасы*

 

*Ескерту – суретті құрған автор

 

5.22 Иллюстрацияға сілтеме жасау барысында нөмірлеуде «2 суретке сәйкес» деп жазу қажет, басынан аяғына дейін ал бөлім бойынша нөмірлеуде «1.2 суретіне сәйкес» болуы тиіс.

5.23 Кестелер көрнекілік ретінде және көрсеткіштерді салыстыру мақсатында қолданылады. Кестелердің атаулары оның мазмұнын ашу керек. Дәл, қысқаша болуы тиіс. Кестелердің атауын кестеден жоғары, жолдың енінен абзацтан кейінгі «кесте 1» сөзінен соң келесі жолға орналастыру керек, мысалы:

 

Кесте 1

Дербес компьютердің пайдалануына кететін жылдық шығындар*

 

Шығын баптарының атауы Сомасы, тенге Шығын құрылымы, %
Еңбек ақысы    
Жабдықтардың амортизациясы    
Электроқуат шығындары 208510,848  
Ағымдағы кәсіби жөндеу жұмыстарының шығындары    
Материалдар шығындары    
Жанама шығындар    
Барлығы: 2339142,848  
*Ескерту – Мәліметтер ЖШС«ALSER» 2008 жылғы есеп беру құжаттарынан автормен алынған, ал шығындар құрылымы автормен есептелген

 

5.24 Кестені өзі ескертілген мәтіннен кейін орналастыру қарастырылады.

5.25 Барлық кестелерге диплом жұмысында (жобада) сілтемелер болуы тиіс. Сілтеме қоюда «кесте» деп нөмірлері көрсетіліп жазылуы қажет.

5.26 Көп жол мөлшердегі кестені келесі параққа (бетке) көшіруге болады. Кесте бөлігін келесі параққа (бетке) көшіру барысында «Кесте» сөзі және нөмірі бір рет кестенің бірінші бөлігінің сол жағына, ал келесі бөлігінде «Жалғасы» сөзі жазылады, және кесте нөмірі көрсетіледі, мысалы: «2 кестенің жалғасы». Кестелерді келесі параққа (бетке) көшіру барысында тақырыбы тек қана бірінші бөлігінің үстіне орналастырады. Кестенің бөлігін көшіруде кестені шектейтін төменгі көлбеу сызық сызылмайды.

Көп мөлшерлі графалы кесте қосымшаға енгізіледі.

5.27 Егер де кестенің әр түрлі жолдарындағы қайталанатын (графаларда) мәтін бір сөзден тұрса, онда ол бірінші жазылғаннан соң, тырнақшамен ауыстырылады; егер екі немесе көп сөзден тұрса, онда бірінші қайталанғаннан соң, оны «ол да солай» сөзімен ауыстырады, әрі қарай - тырнақшалармен. Қайталанып тұрған сандардың, маркалардың, белгілердің, математикалық және химиялық символдардың орнына тырнақшалар қоюға болмайды. Егер әріптік және былайғы мәліметтер қандай да кесте жолдарында келтірілмесе, онда оған сызықша қойылады.

 

Кесте 2

Жоба өңдеушілердің негізгі еңбек ақысын есептеу

 

    №       Кезеңдердің атауы және жұмыс мазмұны     Орындаушы Еңбек сиымдылығы Жабдықтарды пайдалану ұзақтылығы, сағат 1 сағат жұмыстың еңбек ақысы, тенге Еңбек ақысының сомасы, тенге
Норма-сағат % жалпы еңбек сиымдылығынан
    Сервис концепциясын өңдеу Жетекші   1,26 -    
  Жұмыс мазмұнын құру Жетекші   1,26 -    
Веб- бағдарламалаушы   1,26 -    
  Жазылатын ақпараттың сипаттамаларын анықтау Веб- бағдарламалаушы   0,63 -    

Продолжение таблицы 2

  Нарықты талдау және бизнес-жоспар жазу Жетекші   3,14 -    
  Пайдаланылатын программалық құралдарды таңдау Веб- бағдарламалаушы   1,26 -    
  Деректер базасын жобалау Веб-бағдарламалаушы   9,43      
  API әлеуметтік желісін құру Веб- бағдарламалаушы   9,43      
  Сайт дизайнын құру Веб-дизайнер   9,43      
  альфа версиясын шығару және құжат дайындау Веб- бағдарламалаушы   9,43      
  альфа-версияны тесттеу Веб- бағдарламалаушы   6,29      
  альфа-версиясындағы қателерді жөндеу Веб- бағдарламалаушы   6,29      
  Қосымша қызмет және өзгертулер жасау Жетекші   3,14 -    
Веб- бағдарламалаушы   3,14 -    
  Қосымша қызмет және өзгертулерді ендіру Веб- бағдарламалаушы   6,29      
  бета-версияны шығару және құжат дайындау Веб- бағдарламалаушы   3,14      
  бета-версияны тесттеу Веб- бағдарламалаушы   6,29      
  бета- версиясындағы қателерді жөндеу Веб- бағдарламалаушы   6,29      
  Финалдық версиясын шығару және құжат дайындау Веб- бағдарламалаушы   9,43      
  Финалдық версиядағы қателерді жөндеу Веб- бағдарламалаушы   3,14      
  Барлығы:           -    

 

5.28 Қосымшаға шығарылған кестелерден басқа, кестелер арап сандарымен басынан аяғына дейін нөмірленуі тиіс.

5.29 Бөлімдер ішіндегі кестелерді нөмірлеуге рұқсат беріледі. Мұндай жағдайда кестелер нөмірі нүктемен бөлінген бөлімнің нөмірінен және кестенің реттік нөмірінен тұрады.

5.30 Кесте жолдары және графа атаулары жекеше түрде бас әріппен жазылады, ал графаның тақырыпшалары, егер тақырыпша бір сөйлемнен тұрса, тармақша әріптермен, немесе егер олар дербес мағынаға ие болса, бас әріппен жазылады. Кестенің тақырыбы мен тақырыпшасынан кейін нүкте қойылмайды.

5.31 Кестелердің сол жағынан, оң және төменгі жағынан, ережедегідей, сызықпен шектелуі тиіс. Кестелердің шрифт мөлшерін, мәтіндегіден кем алуға рұқсат беріледі.

Графалардың аты, ережедегідей, кесте жолына қатарлас жазылады. Қажет болған жағдайда графалардың атын перпендикуляр орналастыруға рұқсат етіледі. Кестенің басы кестенің қалған бөлігінен жеке сызықпен бөлінуі тиіс.

5.32 «Ескерту» сөзі абзацтан бас әріппен жазылуы және сызылмауы тиіс.

5.33 Егер мәтін мазмұнына, кесте немесе графикалық материялдарға түсінік не анықтамалық мәліметтер қажет болса, дипломдық жұмысқа ескерту енгізіледі.

5.34 Ескертуді ескерту қатысты мәтіннен, графикалық материалдан кейін немесе кестеге орналастырады.Егер ескерту біреу болса, онда «Ескерту» сөзінен кейін сызықша қойылып, ескерту бас әріппен жазылады. Бір ескерту нөмірленбейді. Бірнеше ескертулер арап сандарымен рет-ретімен нүктесіз нөмірленеді. Кестелер бойынша ескерту кестенің аяқталуын білдіретін соңғы сызықтың үстінен жазылады.

Мысалы:

 

Ескертулер:

1 Мәліметтер әдебиеттерден алынған [14, C.27];

2 Құжат мекеме басшысымен бекітілген;

3 Құжатты нотариус арқылы куәландыру керек.

 

5.35 Көп графты кестелерді қосымшаға шығаруға болады.

5.36 Формулалар және теңдеулер мәтіннен басқа жеке жолға бөліп көрсетіледі. Әрбір формулалар және теңдеулердің жоғары және төменгі жағынан бос, бір жолдан кем емес орын қалдыру қажет. Егер теңдеу бір жолға сыймаса, онда ол теңдеу теңдік таңбаларынан кейін (=) немесе қосу белгісінен кейін (+), алу (-), көбейту (Х), бөлу (:), немесе математикалық белгілерден кейін көшірілуі тиіс және келесі жолдардың басында таңба тағы қайталанады.

5.37 Символдар мен сандық коэффиценттердің мағыналарын түсіндіру формулаға сәйкес келтіріліп, формулада берілген бірізділікпен жүргізілу керек.

5.38 Диплом жұмысындағы формулаларды реттік нөмірлермен нөмірлеу барлық жұмыс шегінде дөңес жақшаға алынып, арап сандарымен оң жақ шетте бір жолда қарастырылады.

5.39 Мәтіндегі формулалардың реттік нөміріне сілтеме жақшаға алынып жасалады. Мысалы – (1) формулада.

5.40 Бөлімше шегінде (ішіндегі) формулаларды нөмірлеуге рұқсат беріледі. Мұндай жағдайда формула нөмірлері нүктемен бөлінген бөлімнің нөмірлері мен формулалардың реттік нөмірінен тұрады, мысалы (3.1):

 

, лк (3.1)

мұнда – нормалық жарықталғандық

– шамның жарық ағыны, лм

– шамдар саны, шт.

– бөлме көлемі, м²

 

5.41 Пайдаланған дерек көздеріне сілтемелер квадратты (шаршылы) жақшаға алынады, мысалы [26, с.14-17].

5.42 Дерек көздері туралы мәлімет диплом жұмысының мәтініндегі дерек көздерінің сілтемелерінің жасалу реті бойынша орналасу керек және абзацтан кейін арап сандарымен нүктесіз нөмірленеді.

Мысалы:

1 Банк В.Р., Зверев В.С. Информационные системы в экономике. Учебное пособие – Москва.: Экономист. - 2005 – 254 с.

2 Бралиева Н.Б. Управление развитием информационных процессов в экономике Казахстана и их моделирование: Монография. - Алматы: Экономика, 2002. – 232 с.

3 Смирнова Г.Н., Сорокин А.А., Тельнов Ю.Ф. Проектирование экономических информационных систем. М.: Финансы и статистика, 2002 – 320 с.

4 Неверова Е.Г. Технология проектирования баз данных и знаний. - Алматы, Институт развития Казахстана, 2000 – 217 с.

5 Қазақстан Республикасы 26 пособие – Москва.ономике. (1)кже при проверке деятельностиПрезидентінің 2000 жылғы 14 наурыздағы № 359 Үкімі «2000–2003ж. Қазақстан Республикасының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыздандыру жөніндегі мемлекеттік бағдарлама».

6 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 4 сәуірдегі № 492 қаулысы "Қазақстан Республикасында бірыңғай ақпараттық кеңістіктің дамуы және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» ЖАҚ құру».

7 Гринберг А.С., Горбачев Н.Н. Информационные технологии управления. Учебное пособие – Москва.: Юнити - Дана, 2004.

8 Хакимжанов Т.Е. Сборник задач по охране труда и безопасности жизнедеятельности: Учебное пособие для вузов.– Алматы: ЭВЕРО, 2007.

 

5.43 Қосымшалар осы диплом жұмысының жалғасы ретінде келесі парақтарына рәсімделеді.

5.44 Диплом жұмысының мәтінінде барлық қосымшаларға сілтеме болуы тиіс. Қосымшалар мәтіндегі сілтемелердің ретіне қарай орналасады.

5.45 Әрбір қосымша жаңа беттен басталып «Қосымша» сөзі мен атауы беттің жоғарғы жағының ортасында көрсетілуі тиіс.

Қосымшаның аты болуы қажет, ол жеке жолға, мәтінге симметриалы түрде бас әріппен жазылады.

Егер диплодық жұмыс бір қосымшадан тұрса, онда белгілемей жіберіледі.

5.46 Қосымшалардың диплом жұмысының (жобаның) қалған бөлімдерімен басынан басталатын ортақ нөмірлері болуы тиіс.

6 Дипломдық жұмысты қорғауға ұсыну тәртібі

6.1Дипломдық жұмыс алдын ала қорғаудан өту үшін шығарушы кафедраға тапсырылады.

6.2 Дипломдық жұмысты алдын ала қорғау кафедраның ашық отырысында студенттердің және міндетті түрде ғылыми жетекшілердің міндетті түрде қатысуларымен және қажет болған жағдайда, ғылыми консультанттардың қатысуымен өткізіледі.

Алдын ала қорғау кафедра отырысының хаттамасымен рәсімделеді.

6.3 Алдын ала қорғаудан ойдағыдай өткен, қойылған талаптарға сәйкес ресімделген, аяқталған дипломдық жұмыс ғылыми констультант (егер бар болса) пен студенттің қолы қойылып, ғылыми жетекшіге ұсынылады.

6.4 Ғылыми жетекші диплом жұмысының мазмұнын, ұсыныстардың дәлелдігін, рәсімделуін анықталған талаптарға сәйкестігін тексеріп диплом жұмысына жазбаша сын-пікір жазады.

Диплом жұмысы қабылданған жағдайда ғылыми жетекші оған қол қойып және қорғауға жіберілгендігі туралы жазбаша-пікірмен бірге кафедра меңгерушісіне ұсынады.

Диплом жұмысы қабылданбаған жағдайда ғылыми жетекші оған қол қоймайды, бірақ жазбаша сын-пікір жазады, диплом жұмысының қорғауға жіберілмегендігі жөніндегі өзінің жазбаша сын-пікірін жазады.

6.5 Осы материалдардың негізінде кафедра меңгерушісі диплом жұмысына нақты соңғы тұжырымын шығарады да, оны титул бетіне жазады.

Егер кафедра меңгерушісі студенттің диплом жұмысын қорғауға жіберуге болмайды деп шешсе, бұл сұрақ студент пен ғылыми жетекшінің қатысуымен кафедра отырысында қаралады. Кафедра отырысының хаттамасы жоғары оқу орынының ректорына бекітуге ұсынылады.

6.6 Шығарушы кафедраның қорғауға ұсынған диплом жұмысы, пікір жазу үшін факультет деканына жіберіледі.

6.7 Шығарушы кафедра меңгерушісінің өндіріс және ғылыми ұйымдардың мамандары арасынан ұсынған пікір жазушылардың тізімі ректордың бұйрығымен бекітіледі. Пікір жазушылар ретінде басқа жоғары оқу орындарының профессорлар, доценттер, оқытушылар қатыстырылады.

6.8 Пікір жазушылардың базалық жоғары білімі болуы тиіс және/немесе қорғалатын диплом жұмысының профиліне сәйкес ғылыми атағы, ғылыми немесе академиялық дәрежесі болуы тиіс.

6.9 Пікір жазушы диплом жұмысына жазбаша пікірін ұсынуы қажет, онда тақырыптың өзектілігі, жаңашылдығы және практикалық маңыздылығы, тақырыптың маманның кәсіби даярлығына, берілген ғылыми академиялық дәрежесі мен берілген біліктілігіне сәйкестігі, жүргізілген зерттеудің дербестігі, қорытынды мен ұсыныстарының барлығы, мәселелердің шешілу және зерттеудің аяқталуы дәрежесі көрсетіледі.

Пікірде баллдық-рейтингтік әріптік жүйе бойынша бағасы және академиялық дәрежесі мен квалификация берілу мүмкіндігі көрсетілген дәлелді қорытынды беріледі.

Пікірде пікір берушінің қолы қойылып, оның жұмыс орнының мөрімен расталуы керек.

6.10 Ғылыми жетекшінің қорғауға жіберген, бірақ пікір жазушының F - «қанағаттанарлықсыз» деп бағалаған, диплом жұмысы жалпы жағдаймен қорғалады.

6.11 Факультет деканы шығарушы кафедраның меңгерушісі мен диплом жазушы - студентті жазылған пікірмен қорғауға бір күн қалғанда таныстырады. Диплом жұмысын пікірі және сын-пікірімен қоса Мемлекеттік аттестаттау комиссиясына қорғауға жібереді.

6.12 Диплом жұмысын қорғау студенттің қалауы бойынша қазақша және орыс тілдерінде жүргізіледі. Студент кафедраның ұсынысымен диплом жұмысының қорғауда таныстырылып және шетел тілінде сұрақтар қоюға болатын шетел тіліндегі қысқаша мазмұнын тапсырады.

6.13 050703 – «Ақпараттық жүйелер» и 050704 – «Есептеу техника және программалық қамтамасыздандыру » мамандығының студенттері дипломдық жұмысты қорғауда электрондық қорларды мультимедиялық тұсау кесер түрінде тұстас техникалық құралдар базасында және ақпарат қатынас саласында жетістікте пайдалануда жүзеге асыруға болады.

7 Диплом жұмысын қорғау тәртібі

 

7.1 Диплом жұмысын қорғау тәртібі білім беру саласындағы орталық атқарушы органдары бекіткен білім алушылардың үлгеріміне ағымдық, аралық және мемлекеттік қорытынды аттестация жүргізу Ережесімен анықталады.

7.2 Диплом жұмысын қорғауға дейін студент өз жұмысы бойынша баяндама жасап, көрекі құралдарын рәсімдеп, рецензент жасаған ескертулерге жауап ойластырады.

7.3 Диплом жұмысын қорғау мемлекеттік аттестациялық комиссия мүшелерінің жартысынан кем емес мүшелерінің қатысуымен ашық отырысында өткізіледі.

Диплом жұмысын қорғау студенттердің, шығарушы кафедр оқытушыларының қатысуымен бұқаралық түрде ұйымдастырылады. Қорғауға ғылыми жетекшілері шақырылады, сонымен қатар дипломдық зерттеулер жүргізілген ұйымдардың өкілдері және басқа да ынталы тұлғалар қатыстырылады.

7.4 Бір диплом жұмысын қорғаудың ұзақтығы, ереже бойынша, бір студентке 30 минуттан аспауы қажет.

7.5 Диплом жұмысын қорғау барысында студент мемлекеттік аттестациалық комиссияның және қатысушылардың алдында 15 минуттан кем емес уақыт аралығында баяндама жасап қорғайды. Онда зерттеудің неғұрлым маңызды нәтижелеріне мән беріледі (өзектілігі, ғылыми жаңалығы, негізгі қорытындылары мен қорғауға шығарылатын негізгі тұжырымдар). Студенттің баяндамасы диплом жұмысының негізгі мазмұнын ашатын көрнекі немесе интерактивті кестелік-иллюстрациялық материалдардан (кесте, сызба, диаграмма, графиктер және т.б.) тұратын слайдтар түрінде ұсынылуы тиіс.

Қорғау кезінде автор тек өзінің теориялық білімін ғана емес, сонымен қатар өзін-өзі ұстау қабілеттілігін, сөйлеу мәнерінің жоғарылығын, өз позициясына жауапкершілікпен қарап, қойылған сұраққа нақты әрі қысқаша жауап бере алатындығын көрсете білуі керек.

7.6 Диплом жұмысын талқылауға барлық қатысушылар сұрақ немесе сөз сөйлеу түрінде қатысады.

7.7 Талқылаудан кейін комиссия хатшысы сын пікір және пікірді оқып таныстырады (ғылыми жетекші қатысып отырған жағдайда өзі сөз сөйлейді). Сын пікір және/немесе пікірдегі ескертпелердің барлығына студент дәлелді түсіндірмелер береді.

7.8 Диплом жұмысын қорғау қорытындысы бойынша баллдық-рейтингтік әріптік жүйемен баға қойылады. Бағалауда студенттің теориялық деңгейі, ғылыми және практикалық дайындығы, ғылыми жетекшінің пікірі және сын пікір берушінің бағасы назарға алынады.

7.9 Диплом жұмысын қорғаудың қорытындысы әр студент бойынша мемлекеттік аттестациялау комиссиясының отырысының хаттамасымен ресімделеді және өткізілу күнінде хабарланады.

Егер студентке дипломдық жұмысы үшін және бүкіл оқу мерзімінде үлгерімі бойынша оң баға қойылса, «бакалавр» академиялық дәрежесі беріледі.

 

8 Диплом жұмысының мазмұны және рәсімдеуі бойынша кемшіліктер

 

Дипломдық жұмыс ғылыми жетекші мен пікір берушінің пікірімен бірге кафедра мәжілісінде қарастырылып, жұмысты қорғауға жіберу туралы нақты шешім қабылданады. Осы шешіммен бірге дипломдық жұмыс Мемлекеттік аттестациялау комиссиясына қорғау датасына 10 күн қалғанға дейін ұсынылуы керек.

Дипломдық жұмысты қорғауға рұқсат берілмеу себептері:

- програмалық пәндер бойынша қарыздары немесе теріс бағалары болса;

- ақылы оқитын студенттер келісім шарттарын орындамаған болса;

- дипломдық жұмыстың мазмұны және рәсімдеу талаптарын бұзған болса;

- дипломдық жұмысты қорғауға ұсынылу формасымен мерзімін сақтамаса, сонымен қатар ғылыми жетекші немесе пікір берушінің пікірі болмаса.

Егерде Мемлекеттік аттестациялау комиссиясы дипломдық жұмысты қорғау бойынша теріс баға берсе, онда дипломдық жұмыс бір жылдан кем емес уақыт ішінде өңделген түрінде қайта қорғалуы мүмкін.

Егер студент өз жұмысын қорғауға орынды себеппен келмесе, Мемлекеттік аттестациялау комиссиясының шешімімен қорғау мерзімі кейінгі уақытқа ауыстырылады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

1 Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III ЗРК «Білім туралы» Заңы.

2 Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы № 603-II; «Техникалық реттеу» Заңы.

3 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 наурыздағы № 195 қаулысымен бекітілген «Жоғары кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырушы ұйымдар кызметінің типтік ережелері».

4 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 26 бұйрығымен бекітілген, ҚР МЖМБС 5.04.019-2008 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Жоғары білім. Бакалавриат. Негізгі ережелері».

5 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген «Білім беру ұйымдарында білім алушыларды ағымдағы бақылаудан, аралық және қорытынды аттестаттаудан өткізу ережелері».

6 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылдағы 22 қарашадағы № 566 бұйрығымен бекітілген «Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру ережесі».

 

Қосымша А

Диплом жұмысының тапсырмасын рәсімдеу мысалы

Т.Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университет «Инженерлі-экономикалық» факультет «Қолданбалы информатика» кафедрасы   "Бекітемін" «ҚИ» кафедрасының меңгерушісі _________ ф.-м.ғ.к., доцент Заурбеков Н.С. "_____ " _____________ 200__ г.   Диплом жұмысын орындауға ТАПСЫРМА   Студент ______________________________________________________ Фамилия, аты, жөні Жұмыс тақырыбы:________________________________________________________ ___________________________________________________________________ жоғары оқу орнының бұйрығымен бекітілген № __________ «____» _____________200_ г. Бітірілген жұмысты тапсыру мерзімі: ___________________________________ Бастапқы материалдарды және әдебиеттерді сипаттау: _____________________ ______________________________________________________________________________________________________________________________________ Диплом жұмысында қарастырылатын мәселелердің тізімі: 1) _________________________________________________________________ 2) _________________________________________________________________ 3) _________________________________________________________________ Ұсынылатын негізгі әдебиеттер: _____________________________________________________________________ __________________________________________________________________________________________________________________________________________ Графикалық материалдар тізімі (кестелер, диаграммалар, сұлбалар және т.б.): ____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________   Тапсырманың берілген күні «_____» _____________ 200__г.   Ғылыми жетекші: ___________________________________ _____________ Фамилия, аты, жөні қолы Тапсырманы орындауға қабылдады Студент: ____________________ _____________ Фамилия, аты, жөні қолы

 

 


Қосымша Б

Күнтізбелік графикті рәсімдеу мысалы

Т.Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университет «Инженерлі-экономикалық» факультет «Қолданбалы информатика» кафедрасы   «Мақұлданды» «Бекітілді» Ғылыми жетекшісі «Қолданбалы информатика» э.ғ.к., доцент Байтенова Л.М. кафедра меңгерушісі ф.-м.ғ.к., доцент ______________ Заурбеков Н.С.___________ "____ " ___________________ 200_ ж.   ___ курс, _____топ, мамандығы «____________________________» __________студентінің мамандық шифрі, атауы ____________________________________________ тақырыбына арналған диплом жұмысын жазудың КҮНТІЗБЕЛІК ГРАФИГІ    
  Жұмыс кезеңдері Орындау мерзімдері Жетекшінің орындау туралы белгісі
Жоспарланған Орындалған
1. Диплом жұмысына тапсырма беру      
2. Негізгі көздер бойынша библиографияны құрастырумен бірге әдебиетті жинақтау, зерттеу мен өңдеу      
3. Диплом жұмысының жоспарын құрастыру мен оны ғылыми жетекшімен келістіру      
4. Диплом жұмысының бірінші бөлімін жазу және оны тексеруге ұсыну      
5. Өндірістік (диплом алдындағы) тәжірибені өту орны/жұмыс орны бойынша жиналған тәжірибелі материалдарын бір жүйеге келтіру, талдау мен өңдеу      
6. Диплом жұмысының екінші бөлімін жазу мен тексеруге ұсыну      
7. Диплом жұмысының үшінші бөлімін жазу мен тексеруге ұсыну      
8. Ғылыми жетекшімен бірге қорытындылар мен ұсыныстарды келістіру      
9. Диплом жұмысын ескертпелерге сәйкес қайта өңдеу (соңына дейін өңдеу) және оны кафедраға ғылыми жетекшінің пікірімен бірге ұсыну      
10. Диплом жұмысын кафедрада алдын-ала қорғау      
11. Диплом жұмысын кафедра меңгерушінің қорғауға рұқсат еткенінен кейін сыртқы рецензенттің сын-пікірін алу үшін бағыттау және жазбаша сын-пікірді алу      
12. Баяндаманың тезисі мен қорғауға шығарылатын кестелік-сурет түріндегі материалды құрастыру      

Күнтізбелік графикті берілген күні «______» ________________200__ г.

Күнтізбелік графикті орындауға қабылдады

Студент _______________________ _____________

ф.и.о. подпись

 

 


Приложение В

Диплом мұқабасын рәсімдеу мысалы

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Т.Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университет     Смағұлова А.М. Ақпаратты өңдейтін және басқаратын қолданбалы жүйені жобалау     ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ мамандық 050704 – «Есептеу техникасы және программалық қамтамасыздандыру»     Алматы, 2012  

 


Қосымша В

Титул бетін рәсімдеу мысалы *

Т.Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университет «Инженерлі-экономикалық» факультет «Қолданбалы информатика» кафедрасы   ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ     тақырыбы: Ақпаратты өңдейтін және басқаратын қолданбалы жүйені жобалау   мамандығы: 5В070400 – «Есептеу техникасы және программалық қамтамасыздандыру»   Орындаған: Смағұлова А.М. 4 курс студенті, 408 топ ___________________ (қолы) Ғылыми жетекші: Байтенова Л.М. э.ғ.д., доцент ___________________ (қолы)   Диплом жұмысы «Қолданбалы информатика» кафедрасы отырысының № 14 хаттама «19» мамыр 2009 жылғы шешімімен және факультет деканының № 54-29/271 «21» мамыр 2009 жылы өкімімен Мемлекеттік аттестациялау комиссиясына алдында қорғауға жіберіледі.
    Кафедра меңгерушісі ф.-м.ғ.к., доцент Заурбеков Н.С. _____________ (қолы)     «Инженерлі-экономикалық» факультетінің деканы ф.-м.ғ.д., профессор Ибраев Г.А. _____________ (қолы)

 

Алматы, 2012

 

 

 

 


 

 

*Ескеру – Титул беті өзгеруі мүмкін

 

5В070300 – «Ақпараттық жүйелер» және 5В070400 – «Есептеу техникасы және программалық қамтамасыздандыру» мамандықтарына арналған диплом жұмысын жазуға және қорғауға арналған әдістемелік нұсқаулар

Байтенова Л.М., Укубасова Г.С.

 

 

Подписано в печать 28.09.2012. Формат 60X84 1/16.

Бумага офсетная. Усл. печ. л. 1,5. Тираж 100 экз. Заказ № ___

 

«PRINTMASTER»

г.Алматы, ул.Шевченко 65/20

тел.: (727) 272-87-17, +7 (777) 214 02 50

e-mail: almaprintmater@gmail.com

 


1 | 2 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.033 сек.)