АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Хаффман кодтауы

Читайте также:
  1. Алгоритм Хаффмана
  2. Кодування Хаффмана

Кодтар сегменті

Мәліметтер сегменті

Стек сегменті

Кодтар сегменті

Орындалатын машиналық командалардан тұрады. Әдетте бірінші орындалатын команда осы сегменттің басында тұрады да, ОЖ басқаруға берілген сегмент адресі бойынша бағдарламаны орындау үшін жібереді.

Бұл сегменттің бастапқы адресі кодтар сегменттерінің регистрінде орналасады.

Мәліметтер сегменті

Бағдарлама жұмыс жасауға қажетті тұрақтылардан, мәліметтерден тұрады. Оның бастапқы адресі мәліметтер сегменттерінің регистрінде орналасқан.

Стек сегменті

Стек операциялық жүйеге басты ішкі бағдарламаларды бағдарламаға қайтаруда, оларды шақыртуға қолданылатындай қайтару адрестерінен тұрады.

 


 

Кодтау — мәліметтерді олардың алдын - ала тағайындадған кодтық комбинацияларымен бейнелеу немесе мәліметтер элементін (символдар жиынын) олардың кодтық комбинацияларымен сәйкес келтіру; программалау процесі;

Кодтау мақсаты – тасымалдауға немесе ақпаратты сақтауға кететін шығындарды азайту. Есептің шешімі жіберілетін мәліметтер ағымынан артық ақпаратты «жою» деп түсіндіруге болады.

Кодтау теориясы оңтайлы кодты алуға тырысады: берілетін ақпарат артықтығы мүмкіндігінше минимум, ал қабылданған ақпарат нақтылығы максимум болуы тиіс.

Ақпаратты кодтау тәсілдері:

• 1.Графикалық

• 3.Таңбалық

• 2.Сандық

Кодтау жүйесі

Екілік кодтау жүйесі - мәліметтерді 1 мен 0-ден тұратын екі белгінің тізбегімен жазуға мүмкіндік береді. Бұл белгілер екілік цифрлар немесе биттер деп аталады.Бит – ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі. 8 биттің комбинациясы байт деп аталады. ЭЕМ-да кез-келген таңбаны және санды биттердің көмегімен жазуға болады. Практикада ақпаратты өлшеу үшін үлкен өлшем бірліктер қолданылады:
1 Кбайт = 210 байт;

1 Мбайт = 210 Кбайт;

1 Гбайт = 210 Мбайт.

Ақпаратты беру жүйесі- дегеніміз ақпаратты уақыт және кеңістік бойынша тасымалдауға арналған техникалық жабдықтардың жиынтығы.

• Егер параметрлерінің көптеген мәндері жұп болып келсе, онда кездейсоқ функция берілген параметр бойынша дискретті деп аталады. Басқаша жағдайда, егер параметр үзіліссіз облыстан кез-келген мән қабылдай алса онда функция берілген параметр бойынша үзіліссіз деп аталады.

• Үзіліссіз сигналдан дискреттіге өту квантталу (дискреттеу) деп аталады, ал керісінше ауысу интерполяция деп аталады.

• Уақыт бойынша дискретті кездейсоқ функция кездейсоқ тізбек деп аталады.

Ақпарат көзі дегеніміз - тасымалдауға жататын хабарламаны тудыратын құрылғы немесе адам, ал қолданушы дегеніміз ақпаратты қабылдайтын құрылғы немесе адам.

Канал - дегеніміз сигналды беруге қолданылатын физикалық нысандардың жиынтығы.

Кодер –дегеніміз берілген канал бойынша тасымалдауға жарамды шығыстағы сигналды хабарламаға түрлендіретін құрылғы.

Декодер - дегеніміз шығыстағы сигналды қолданушының қолдануына жарамды түрге түрлендіретін құрылғыны айтады.

• Егер құрылғының шығысындағы хабарлама стационар кездейсоқ функция болса, онда ақпарат көзі стационарлы деп аталады.


 

Энтропия

Ақпарат теориясында ақпартты өлшеу үшін энтропиялық тәсіл пайдаланады.

— Ақпараттың хаостық шамасы,алғашқы алфавиттің кез-келген символының шығу анықталмағандығы.Ақпараттың жоғалуы жоқ кезде жіберіліп жатқан кездегі хабар символының саныны тең болады.

Энтропия концепциясы

— Ақпарат және энтропия концепциясы бір-бірімен терең байланысты,бірақ оған қарамастан статистикалық механикамен ақпарат теориясында теорияны шығару көп жыл керек болды.

— 1948 жылы Клод Шеннон ақпаратты шуллы комуниациялық канал арқылы тарату мәселесін зерттей отырып, комуникацияны түсінуге байланысты өзінің ықтималдыққа негізделген өзінің революциялық әдісін, энтропияның таза математикалық

Оның осы керемет идеялары мынадай 2 бағыттың негізін қалауға себепкер болды: «Ақпараттар теориясы, Кодтау теориясы


 

Ақпарат

n Ақпарат (лат. informatio — түсіндіру, мазмұндау) ұғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада пайдаланылатын көп мағыналы ұғым.

 

Жалпы ғылыми тұжырым және оның төмендегідей түрлері бар:

n Адамдар арасында ақпарат алмасу,

n Адам мен есептеуіш машина арасындағы ақпарат алмасу,

n Жануарлар мен өсімдіктер арасындағы ақпарат алмасу.

Ақпараттың өлшемі

n Синтаксистік — нысанға семантикалық қатысы жоқ,иесіздендірілген ақпарат.

n Семантикалық — пайдаланушы арқылы қабылдап алынған және пайдаланушының алдағы тезаурусына енгізілген ақпараттың түрі.

n Прагматикалық — пайдаланушы өзінің қойған мақсатына жетуіне қажетті әрі құнды ақпарат.

n Ақпараттың семантикалық теориясы “семиотика” сөзімен байланысты,яғни семиотика-тыныс белгілер жүйесінің теориясы.

n Тыныс белгілер жүйесі – бұл табиғи және жасанды тілдер. Олар жоғары дәрежеде ұйымдастырылған жүйелер арасында ақпарат алмасу үшін пайдаланылады(тірі организмдер,белгілі бір касиеті бар машиналар).

n «Тезаурус» –Адамның білімін семантикалық жеткізе алатын элементтер жиынтығы ретінде қарастыруға болады және де тезаурус сол элементтер арасындағы семантикалық қатынасты бередіАдам хабарламадан алған семантикалық ақпараттың санын сол пайдаланушының білім дәрежеініңөзгерісі арқылы анықтауға болады. Демек өзгеріс қаншалықты көп болған сайын,соншалықты көп ақпарат алынған деп есептелінеді.

n Адам өзінің білімінде,тезаурусында хабарлама алғаннан кейін өзгеріс бар болған кезде ақпарат алған болып табылады.


Ақпараттардың тасмалдануы және олардың тасмалдау жылдамдығы .

Тасымалдау жылдамдығы — бір секундта тасымалданатьш екілік ақпарат элементтерінің мөлшері арқылы анықталатын жылдамдық. Өлшеу бірлігі — бод (француз ғалымы Жан Морис Эмил Бодо есімімен аталған). Кейде бит/с немесе bps қолданылады. Бұл екі өлшеу бірліктерінің аздап айырмашылығы бар. Бод — құрамында қызмет бапты биттер (ақпарлар) бірге тасымалданған ақпарат мөлшерін көрсетеді, ал бит/с — тек негізгі ақпарат жеткізу жылдамдығын білдіреді.

Тасымалдау құралдары -программалық жасақтамалары басқа компьютерге тасымалдауға арналған программалық және аппараттық құралдар.

Тасымалдау модулі -порттарды қарым-қатынастық желімен орайластыруды жасақтайтын есептеу желісінің логикалық құрылғысы.

Тасымалдау ортасы — есептеу желісінде жеткізу ортасы; (арна) мәліметтерді электрлік немесе электрмагниттік сигналдар түрінде тасымалдайды. Т.о. екіге бөлінеді: иіектелмеген (сымсыз) — электрмагниттік сигналдарды жеткізу мен қабылдауды (сигналды өзінің ішінде ұстайтын құрылғысыз) жасақтайтын жеткізу ортасы. Мысалы, эфир, микротолқындық (жербетілік және жерсеріктік) жеткізу, лазерлік жеткізу, радиобайланыс және т.б.; шектелген — электр немесе жарық өткізетін сым немесе кабель (мысалы, қос есулі өткізгіш, коаксиалды кабель, оптикалық талшықты кабель).

Тасымалдау тізбегі — компьютердің қосындылауышы мен санауышындағы арнайы саражол. Ол тасымалдау цифрын бір разрядтан екінші разрядқа жеткізуге арналған.

Тасымалдаудың қате таңбасы — мәтіндік процессор программасына пайдаланушы адам қоятын тасымалдау таңбасы; тасымалдау таңбасын қойған кезде өріп жылжиды да, программа тасымалдауды таңба ретінде қабылдап, егер сөз келесі жолға тасымалданатын болса, оны сөз ортасында сақтайды.

Ішкі(Жедел)жады - компьютерлік есептеулерге арналған мәліметтерді белгілі бір уақытқа дейін сақтайтын құрылғы. Мәліметтер 0,1 түрінде жедел жадыға жазылады. Процессор мәліметтерді жедел жадыдан алып, оларды өндейді. Жедел жадыда тек белгілі бір уақытта болып жатқан компьютерлік процестерге қатысты мәліметтер ғана сақталып тұрады, компьютер сөнген жағдайда жедел жадыдағы мәлімет жоғалады.

 

 


 

Хаффман кодтауы

Шеннон алгоритміне қарағанда тиімді болып табылады.

Бұл кодтау негізгі екі бөліктен тұрады:

1)Оңтайлы кодты ағаш құрудан.

2)Код символдарының көрінісі мен құрылысы.

• Хаффмен алгоритмі-әліпбиді оңтайлы әрі көлемі жағынан бейімдейтін кодтау жуйесі.

• Ол 1952 жылы Массачусетс технологиялылық институтының аспиранты Дэвид Хаффменның курстық жұмысын жазу барысында құрылған кодтау түрі

• Қазіргі таңда көптеген программаларда ақпараттың көлемін қысуға пайдаланылады.

• Алгоритмнің идеясы мынадай: хабарламада таңбалар ықтималдығын біле отырып, биттер тұтас бірқатар тұратын, айнымалы ұзындық кодтарын салу рәсімін сипаттау қажет. Ықтималдығы жоғары таңбаларға сәйкесінше қысқа кодтар беріледі. Хаффман кодтарында префикстік қасиет бар және соның арқасында декодтауға мүмкіндік береді.

 


Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.006 сек.)