АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Гастропротекторлар

Читайте также:
  1. МЕДИЦИНА ФАКУЛЬТЕТІ

Гастропротекторлар (цитопротекторлар) тікелей асазанның шырышты қабатна әсер ететін және оған қандай да бір дәрежеде химиялық немесе физикалық зақымданушы факторларлың (қышқылдар, сілтілер, ферменттер және т.б.) әсер етуіне кедергі жасайтын пренпаратар тобы. Гастропротекторларды шырышты қабаттың құрылымы мен негізгі қызметін және оның компанентерін (әсіресе, шырышты қабатта микроциркуляцияны қамтамасыз ететін қан тамырларының эндотелиін) сақтау үшін тағайындайды. Негізінен мұндай препараттар асқазан мен ұлтабардың ойық жарасын емдеуге арналған. Бұрын асқазанның шырышты қабатын қорғау үшін бүркеп алғыш заттарды қоймалжыңдарды, бырыстырғыш заттарды қолданған. Бірақ, соңғы жылдары ұқсас типті мейлінше жетілген препараттар пайда болды.

Гастропротекторлар -әртүрлі механизмді дәрілік заттар тобына жатады.

  1. Шырышты қабатқа (ойық жара бетіне) механикалық қорғаныс жасайтын препараттар.

Сукральфат, Висмут үшкалий дицитраты

  1. Шырышты тосқауылдың қорғаныс қызметін және шырышты қабаттың зақымдаушы факторларға төзімділігін жоғарылататын препараттар.

Карбеноксолон, Мизопростол

Бүркеп алғыш және бырыстырғыш топтың препараттары. Асқазан мен ұлтабардың шырышты қабатының зақымдалған аймағындағы қорғаушы қабық құрайды.

Бұл топқа висмут және алюминий препараттары жатады.

Де-нол (пилоцид, трибимол)- 120мг күнін 3 рет -30мин тамақтан алдын қолданылады.

Простагландиндердің және олардың синтетикалық аналогтары АІТ жоғарғы бөлігінің шырышты қабатына әсер етеді.

- Клиникалық тәжірибеде кеңінен РGT аналогтары –мизопростол (сайтотек) қолданылады.

Көрсеткіштері:

- асқазан мен ұлтабардың эрозиясы және жара ауруы

- созылмалы реактивті антралдік гастрит

Мизопростол -200мкг күніне 4 рет тамақтан соң қолданылады (ұзақтығы 3 сағ).

Алюмини қосылысты антацидтерден

Сукральфат -1,0г күніне 3 рет тамақтан 30 мин бұрын қолданылады және 4 рет ұйықтар алдын қолданады.

Солкосерил – дені сау жаңадан туылған бұзаулардың қанының депротеинизерленген гемодиализаты, жара бетінің тез қабықшақтанып жазылуын тудыратын дәрілік зат болып саналады. Қолданылуы: жара және эрозия кезінде тамыр ішіне 10мл баяу немесе оны 100-200мл -0,9% Na CL араластырып тамшылатып жібереміз. Емнің ұзақтығы 10-14 күн.

Жанама әсері (крапивница, терінің қышуы, дәм сезудің бұзылуы).

1) диспепсиялық өзгерістер, эпигастри аймағының ауырсынуы.

2) «рикошет» реакциясы - НCL екіншілік секрециясы

3) Метаболикалық алколоз және тұз алмасуының бұзылуы

4) Зәрдің сілтіленуі, бүйректе фосфаттық тастардың пайда болуы

5) Гиперкальциемия тудырады

6) Ағзада AL дің жиналуы, энцефалопатия тудырады

Сіңірілмейтін антацидтер көптеген дәрілік заттардың сіңірілуін төмендетеді, оның ішінде Н2-гистамин рецепторларын, протондық помпа ингибиторларын, антибиотиктерді, саңырауқұлақтарға қарсы препараттады, глюкортикостероидтардың, иммунодепрессенттардың.

Бұл топқа простогландиндердің синтетикалық аналогтары (мизопрстол), висмут препараттары, сукральфат.

Н2 – рецепторларының блокаторлары.

Н2 – рецепторларының блокаторлары тұз қышқылының секрециясын тоқтатып, париеталді жасушалардың Н2–гистамин рецепторларын тежейді.

Қазіргі таңда клиникалық тәжірибеде, бұл дәрілік заттардың бірнешетуындылары қолданылады.

Цимитидиннен кейінгі, ранитидин және фамотидин, низатидин, роксатидин.

Н2 –гистамин рецепторларының блокаторларын антацидтермен қоса қолданғанда, олардың абсорбциясы 10-20% -ға төмендейді.

Н2 гистамин рецепторлары блокаторларының І туындылары (циметидин тобы) көптеген жанама әсер береді:

- Антиандрогендік әсер (галактория, аменорея, гиникомастия, импотенция)

- Гепатотоксикалық әсер (қандағы тронсаминаза 3 есе көбейеді)

- Қандағы креатинин деңгейі жоғарылайды (нейтропения, тромбоцитопения)

- Кардиотоксикалық әсер (жүрек ритмдерінің бұзылуы)

- АІТ-ң симтомдары (диспепсиялық өзгерістер)

- Аллергиялық реакциялар

- «Рикошет феномені» ем тоқтатылғаннан кейінгі түнгі уақытта тұз қышқылының секрециясы жоғарылайды.

АІТ жылжу (моторлы) қызметін қалыпқа келтіруші дәрі-дәрмектердің тиімдісі болып Дг- дофаминді рецепторларының – антогонисі саналады.

Сонымен қатар құсу орталығына ықпал етіп, құсыққа қарсы дәрмек болып табылады.

Асқазанның моторикасын күшейтетін заттарға (прокинетикалық заттар деп аталатындар) метоклопрамид, цизаприд, домперидон және басқа препараттар жатады. Оларды гастоэзофагиттік рефлюксте тағайындайды.

Асқазанның маторикасы жоғарылағанда холиноблокатоларды және миотропты әсері бар спазмолитиктерді қолданады.

Құсу – бұл жүзеге асуына көптеген бұлшықеттер қатысатын (асқазанның, аш ішектің, диафрагнаның, құрсақ қабырғасының) күрделі рефлекторлық акт. Ол құсу орталығының әр алуан тітіркендіргіштермен активтенуінен дамиды.

Жібргіш аймақты тежейтін құсуға қарсы белсенді зат бензамид туындысы метоклопрамид (реглан, церукал), домперидон қолданылады. Оның орталық әсерлері, құсуға қарсы әсерін қоса, дофминдік Д2- рецепторларды, ал үлкен мөлшерде серотиндік 5-НТ3- рецепторларды тежеуге де байланысты. Метоклопрамид аминазинге қарағанда едәуір белсенді және таңдамалы әсер етеді. Соңғысы оның құсуға қарсы әсері жалпы тежелу тудырмауымен көрінеді. Метоклопамидті асқазан мен ұлтабардың ойық жарасында, метеоризмде, ас қорыту жолдарының дискенезиясында қолданады. Бұл жағдайда метоклопрамидтің асқазан мен аш ішектің моторикасын күшейтіп, асқазанның қуысындағы затардың тез босауын жылдамдату қабілеті ескерілген. Препарат өңештің төменгі сфинктерінің тонусын жоғарылатады. Тоқ ішекке әсер етпейді.

Сонымен қатар, метоклопрамид өт қапшығы мен өт жолдарында қысымды жоғарылатады, Одди сфинктерінің тонусын төмендетеді.

Құсуға қарсы әсер спектрі бойынша метоклопрамид антипсихотикалық заттарға ұқсас. Оны негізінен асқазан-ішек жолдарының шырышты қабатының тітіркенуіне байланысты құсуларда, ойық жарада, гастритте, колитте, асқазан- ішек жолдарының обырында, сәуле ауруында, уремияда және т.б., асқазан ішіндегі затардың жылжуы бұзылғанда рефлюксэзофагитте қолданады. Тербету ауруында ол тиімсіз.

Жанама әсерлері: ұйқышылдық, құлақта шуыл, ауыздың құрғауы болуы мүмкін. Үлкен мөлшерде ол паркинсонизм құбылысын тудырады. Препаратты ішке, көктамырға және бұлшық етке енгізеді.

Фенотиазин туындыларынан құсуға қарсы белсенділігі жоғары препарат тиэтилперазин (торекан) қолданылады. Хеморецепторлық аймақтың дофаминдік рецепторларын тежеуден басқа, тиэтилперазиннің құсу орталығына тікелей тежегіш әсер көрсететіні жөнінде мәліметтер бар.

Сондықтан ол құсуға қарсы жан-жақты зат болып табылады. Препарат науқастармен жақсы көтеріледі. Кейде ауыздың құрғауы, ұйқышылдық, тахикардия, гипотония, ұзақ

қолданғанда паркинсонизм дамиды.

Құсу орталығының жібергіш аймағының дофаминдік рецепторларын тежейтін фенотиазин (этаперазин, трифтазин және т.б.) және бутирофенон туындыларының (галоперидол) құсуға қарсы айқын белсенділіктері бар. Олар әсері жібергіш аймаққа бағытталған заттармен (оймақгүл гликозидтері, апоморфин және т.б) тудырылатын құсуларда тиімді. Бұл препаратар опрациядан кейінгі кезеңде, сәуле ауруында жүктілік токсикозында дамыған құсуларды да қайтарады. Тербету ауруында олар тиімсіз.

Дофаминдік Д2 –рецепторлардың антогенисті домперидон (мотилиум) болып табылады. Ол құсуға қарсы және прокинетикалық зат ретінде қолданылады. Гемотоэнцефалды тосқауылдан нашар өтеді.

М- холиноблокаторлардан дротаверин, пинаверия бромид, мебеверин, лактулоза қолданылады


1 | 2 | 3 | 4 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.008 сек.)