|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
МЕДИЦИНА ФАКУЛЬТЕТІЖАЛПЫ ХИРУРГИЯ, ИНСТРУМЕНТАЛЬДЫ ДИАГНОСТИКА ЖӘНЕ ФАРМАКОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ
ФАРМАКОЛОГИЯ-2 ПӘНІНЕН «АС ҚОРЫТУ ЖҮЙЕСІ» БОЙЫНША 5В130100-ЖАЛПЫ МЕДИЦИНА МАМАНДЫҒЫНЫҢ 3-КУРС СТУДЕНТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ
Дайындаған: Б.ғ.д.,профессор Жумабаев У.А.
Түркістан– 2014ж.
№4 дәріс I Тақырыбы: Асқазан және ішек диспепсиясында қолданылатын препараттар. Ұйқы безінің сыртқы секрециясының жетіспеушілік синдромында қолданылатын препараттар. Бауыр және өт бөлуші жолдарының патологиясында қолданылатын препараттар.
II Мақсаты: Берілген сабақтың тақырыбы бойынша студенттердің білімін және біліктілігін терең кеңейтіпп, студенттердің танымдық жұмысын белсендіріп, тақырыптың маңыздылығын ашу. ІІІ. Дәріс тезисі
Дәріс жоспары:
Бұл жүйеге әсер ететін дәрілік заттардың жіктелуі:
I бөлім. Асқазанның және ішектің диспепсиясында тағайындалатын дәрілік препараттар. Ас қорыту жолдарының секреторлы және моторлы белсенділігінің бұзылыстары көптеген аурулар мен патологиялық жағдайларда байқалады. Асқазан-ішек жолының қызметін қалыпқа келтіру үшін көптеген дәрі дәрмектер қолданылады. Негізінен оларға асқазан мен ішектің секреторлық және моторлық қызметтеріне тікелей әсер ететін дәрілік заттар, ұйкы безі мен бауырдың экскреторлық белсенділігіне әсер ететін дәрі-дәрмектер жатады. Сонымен қатар олардыц қатарында тәбетті реттейтін заттар, кұсу шақыратын және кұсуға карсы заттар қарастырылады. Асқорыту жолдарының бұзылысымен байланысты, басым көпшілігінде субьективті көптеген симптомдарды белгілеу үшін көптеген жылдар бойы дәстүрлі түрде «Диспепсиялық бұзылыстар синдромы» термині қолданылуда. «Диспепсиялық бұзылыстар синдромы» термині түсінігіне жататындар: - эпигастри маңындағы ауырсыну және дискомфорттық жағдай - қыжылдау - дисфагия (жұтынудың бұзылуы) - құсу мен лоқсу - іш қату және іш өту - метеоризм - тәбеттің жоғалуы (анорексия) және басқа симптомдар. Осы симптомдардың бірнеше қосындысы асқорыту жүйесінің барлық дерттерінде кездеседі десек те болады. Сонымен қатар әрқайсысының пайда болуы түрлі механизмдермен ерекшеленеді. Сондықтан да бұл симптомдардың бір терминмен айтылуы күмән туғызады. Қазіргі заманауи ұғымдар бойынша, Диспепсия- бұл асқазан мен ұлтабардың моторлы бұзылысымен болатын, эпигастри маңында ауырсыну мен дискомфорттық жағдаймен сипатталатын синдром. Мұндай анықтама алдыңғы гастроэнтеролог – эксперттер тобымен ұсынылған. Диспепсиялық бұзылыстар асқорыту жүйесінің дерттерінде кездесетін симптомдар болып табылады. Диспепсиялық бұзылыстар түрлі себептерден пайда болады. 33-40 % науқастарда диспепсия синдромы ішкі органдардың түрлі органикалық және су алмасуы, АІТ мен билиарды жүйе фонында дамиды. Басым көпшілігінде органикалық диспепсия симптомы жара ауруында, созылмалы холециститте, созылмалы панкреатитте жиі кездеседі. Сонымен қатар диспепсия ішкі органдардың дерттерінде де кездеседі: қант диабеті, ЖИА, жүректің созылмалы шамасыздығы, бауыр сырқаты, және т.б. Сонымен қатар науқастардың 60-67% ішкі органдардың органикалық зақымданулары байқалмайды. Мұндай жағдайдағы бұзылыстар- функциональды диспепсия деп аталынады. Белгіленулері: НР- Helicobacter pylori; Aс- антисекреторлық ем; Эр- эрадикациялық ем; М- мотилиум (домпиридон немесе прокинетиктер) Функциональды диспепсия – асқазан мен ұлтабардың функциональды бұзылыстары, 12 апта және 1жыл бойы эпигастри аймағы ауырсынуы мен дискомфорттық жағдайлармен функциональды диспепсия туғызатын факторлар: тұз қышқылының гиперсекрециясы, зиянды әрекеттер (темекі тарту алкоголды артық қолдану); кейбір дәрмектерді ұзақ қолдану (СЕҚҚД, темір, кали препараттар, теофиллин және т.б); көңіл күйзелістері. Аталынған факторларды алып тастау кейбір науқастарда оң әсер береді және диспепсияның төмендеуіне әкеледі. Алайда көп жағдайларда дәрі-дәрмектер мен коррекциялаймыз. Диспепсия синдромы бар науқастарды емдеу жекеленген түрде таңдалынуы қажет. Ол ең алдымен диспепсиялық бұзылыстың генезіне байланысты. Дәрілік емді тағайындау, аурудың пайда болу генезіне тәуелді, егер органикалық генез болса онда негізгі дертті емдейміз, ал функционалды генезде – вазоконстрикцияға тәуелді. - Функционалдық диспепсия жара ауруына ұқсас түрде болса, онда антисекреторлық дәрілік заттар қолданылады, ал асқазанның шырышты қабатынан НР бактериялары анықталса, онда эрадикациялық ем тағайындаймыз. - Дискенетикалық түрде болса, асқазанмен ішектің маторлық функциясын қалыпқа келтіретін – прокинетиктер қолданылады. - Функционалдық диспепсия бейспецификалық түрде болса, онда антисекреторлық препараттармен қоса прокинетиктер қолданылады. 1. Жара ауруы – асқазан мен ұлтабар қабырғасында жара тудырып, маусымға байланысты –өзгеріп отыратын, созылмалы және қайтамалы дерт. Асқазан мен ұлтабар жарасын емдеуге негізінен 2 ұстаным қойылады: - Жан-жақты құрама ем қолдану. - Әр науқастың өзіндік ерекшелігін ескеріп емдеу. Консетвативтік емнің негізгі ұстанымы: асқазан мен ұлтабарды механикалық және химиялық әсерлерден қорғау. НР инфекциясын эрадикациялау жара ауруының және кейбір басқа дерттерінің құрама емінің негізгі болып табылады.Эрадикациялық емді тағайындау үшін міндетті түрде шырышты қабықтың инфекциялануы гистологияның көмегімен уреазды әдіс немесе тыныс тесті арқылы дәлелденуі қажет. Тиімді антихелибактериялы ем үшін спецификалық антибактериалды антибиотиктер қолданылады. Олар асқазанның қышқылды ортасына төзімді, асқазанның шырышты қабатының астына өтіп, НР көптеген штаммдарына жоғары тиімділікке ие. Мұндай талаптарға келесі антимикробты препараттар ие: макролидтер (кларитромицин), пенициллин туындылары (амоксициллин), метронидазол, тетрациклин және кейбір басқалар. НР айқын бактериоцидтік әсерге висмут препараттары ие. Антимикробтық препараттарды қолданғанда заманауи антисекреторлық заттармен қолданылуын есте ұстауымыз қажет.
НР қарсы эффективті эрадикация үшін 3 компанентті схема қолданылады, әрқайсысында: протондық насос ингибиторлары стандарттық дозада күніне 2 рет және рабепразол (париет) қолданылады. Бұл үш компоненттік антихеликобактерлік терапияның ұзақтығы 7 күннен кем болмауы қажет. Бұл схеманың эффективтілігі төмен болған жағдайда 4 компонентті схема қолданылады. Бұл схемада висмут препараты, антибактериалдық препарат және метронидазолды протондық помпаның ингибиторларымен қоса қолданамыз, емнің ұзақтығы 7 күн. Эрадикациялық ем аяқталған соң 4-6 аптадан кейін, емнің эффективтілігін міндетті түрде бақылап отыру қажет. Егер бақылаулық тексеру нәтижесінде НР асқазанның шырышты қабатынан анықталса, онда НР бактериялары эрадикациялық терапия компаненттерінің біріне тұрақты екенін білдіреді. Бұл жағдайда қолданылған емдік схеманы қайта тағайындауға болмайды, міндетті түрде төрт компанентті емдік схемаға көшу қажет; Соңынан қайта НР бактериясының сезімталдығы анықталынады. 2.Антисекреторлық дәрілік заттар Асқазан мен ұлтабардың және өңештің қышқылдық ортасына бағынышты ауруларын емдеуде ең алғашқы кезектегі қолданылатын дәрілік заттар болып саналады. Антисекроторлық дәрілік заттардың бірнеше топтарын ажыратамыз: Сол себепті бұл патологиялық жағдайдағы емдеудің негізгі тактикасы болып; асқазан бездерінің секреторлық қызметін төмендетіп, цитопротективтік механизмін жоғарылату саналады І. Н2 гистаминорецепторлардың блокаторы тобына жататын дәрілік заттар. Ранитидин Фаматидин Циметидин
ІІ. Протондық помпа массасының ингибиторы Омепразол
ІІІ. Холинорецепторларының тежеуіштері А) Әсері таңдамасыз М-холиноблокаторлары Атротин сульфаты
Б) М1- холинорецепторларды тежейтін заттар Пирензетин
В) Ганглиоблокаторлар Прилен Бензогексоний
Н2 гистаминорецепторларының блокаторы – антисекреторлық дәрілік заттар класына жатады. Н2-гистамин рецепторлары аденилатциклазамен байланысқан Н2- гистамин рецепторларының қозуы кезінде, клеткаішілік цАМФ деңгейі артады.Бұл кеде асқазанның париеталді жасушаларының секреторлық белсенділігі жоғарылайды. Сонымен қатар, гистаминмен Н2- рецепторлар ынталанғанда цАМФ мөлшерінің көбеюі мес жасушаларда, базофилдерде, Т- лимфоциттерде, миокард жасушасында, май тінінде, ОЖЖ-нің кейбір бөліктерінде анықталған. Н2- гистамин рецепторларының тежегіштері гистаминнің бәсекелес антогонисстері болып табылады. Олардың өте айқын тиімділігі асқазанның шырышты қабаты бездерінің секрециясына әсерімен байлансты.Олар париеталды жасушалардың гистаминдік Н2- рецепторларына әсер етеді және әртүрлі тітіркендергіштермен шақырылған хлорлысутек қышқылының секрециясын едәуір азайтады. Сонымен қатар НCL- дың базалді секрециясы да, төмендейді. Аздап пепсиногеннің және ішкі Касл факторының секрециясы тежеледі. Асқазан сөлінің мөлшері азаяды. Көрсеткіштері: Н2- гистаминдік тежегіштері ұлтабар мен асқазанның ойық жарасында, гипергастринемияда, пептидті (рефлюкс) эзофагитте, эрозиялық гастритте, дуоденитте қолданылады. Бұл топтың препараттарының ішінде кеңінен ранитидин (зантак) қолданылады. Ранитидин –АІТ арқылы жақсы сіңіріледі, антиандрогенді әсері жоқ. Бауырдың микросомалды ферменттерінің белсенділігіне аздап әсер етеді. Бүйрек арқылы 55 % және ішек арқылы 45% сыртқа шығарылады. Плаценталық тосқауылдан жақсы өтеді. Әсер ету ұзақтығы 8-12сағ. Кейбір жағдайда жанама әсер көрсетеді, бастың ауыруы, қажу, теріде бөртпелер, диарея, іш қату байқалады. Асқазан мен ұлтабардың жара ауруын тудыратын НР екенін ескере отырып, ранитидин висмут цитрат (пилорид) препараты шығарылған. Фомотидин (квамател)- ранитидинге қарағанда белсендірек және әсері ұзаққа созылады. Антиандрогенді әсері жоқ. Бауырдың микросомалды ферменттеріне әсер етпейді. Низатидин –белсенділігі жағынан ранитидинге ұқсас. Циметидин –таңдамалылығы, белсенділігі және әсер ету ұзақтығы бойынша ранитидиннен төмен (5-10 рет). Бауырдың микросомалді энзим жүйесіне кері әсер береді, көп қолданған жағдайда лейкопения тудырады.
М – холиноблокаторларды көбіне атропин тәрізді заттар деп атайды. М- холиноблокаторлардың әсер ету принципі М- холинорецепторларды тежей отырып, олардың ацетилхолин медиаторымен байланысуына кедергі жасайды. М- холиноблокаторлар холинериялық (постсинапстық) жүйелердің және М- холиномиметикалық белсенділігі бар (ацетихолиннің және оның аналогтары холинэстеразаға қарсы заттар, сонымен қатар мускариномиметикалық заттар) заттардың тітіргендіргіш қасиетін азайтады немесе жояды. М1- холинорецепторларды айрықша тежейтін пирензепин (гастроцепин) препараты қызығушылық туындатады. Бұл үшциклді қосылыс, бензодиазипин туындысы болып табылады. Пирензепиннің әсері кезінде негізінен тек шеткі әсерлер байқалады, себебі, ол гемотоэнцефалды тосқауылдан мүлдем өтпейді. Пирензепиннің әсер ету механизмі және әсер ету орны толық зерттелмеген. Оның асқазанның энтерохромаффиндік жасушалардың М1- холинорецепторлары мен парасимпатикалық ганглиін тежейтіні бірқатар авторлармен көрсетілген. Пирензепиннің әсері базалдық және әр түрлі тітіркендіргіштермен шақырылған хлорлысутек қышқылы мен пепсиногеннің секрециясы тежелуімен көрінеді. Пирензепин тағамға тітіркенуге жауап ретінде гастриннің босап шығуының төмендеуін де тудырады. Пирензипин белгілі дәрежеге дейін асқазанның шырышты қабатының зақымдануға тұрақтылығын жоғарылатады деген мәліметтер бар. Бұл асқазан сөлінің төмендеуіне байланысты емес гастропротекторлық әсері деп аталады. Простогландиндерге (мысалы простогландин С2) ұқсас әсер көрсетеді. Бірақ, перензепиннің гастропротекторлық әсеріне простогландиндер қатыспайды. Пирензепин аз дәрежеде сілекей бездерінің секрециясын төмендетеді. –Олар селективті және селективті емес болып 2-ге бөлінеді. Селективті емес М –холинолитиктер М1-және М2- холинорецепторларды тежейді және мұрын қуысының, ауыздың, өңештің, асқазанның, бронхтардың, ұйқы безінің, шырышты қабатының секреторлық белсенділігін төмендетеді (атропин, платифиллин, метацин) Атропин 0,25-1,0 мг күніне 2-3 рет. Метацин 0,25-1,0мг күніне 2 рет қолданылады. Селективті М1-холинолитик–пирензипин (гастроцепин)- антисекроторлық дәрілік заттар болып саналады. Пирензепин – ГЭБ –ден өтпейді, ОЖЖ-не әсер етпейді, хронотроптық әсері әлсіз. Сол себепті қазіргі кезде салыстырмалы түрде жеңіл ағымды және асқынбаған қышқылға бағынышты өт жолдарының, асқазанның және ұлтабардың ауруларында 50мг күніне 2 рет тамақтан 30 мин бұрын қолданады.Емдік курсы 4-6 апта. Протондық помпа ингибиторлары- антисекреторлық дәрілік заттардың жоғарғы эффективті класына жатады. Асқазан сөлінің қышқылдығын төмендететін заттарды алу ісіндегі зор табыс алмастырылған бензимидазол туындысы – омепрозолдың (лосек, пептикум) синтезі болып табылады. Бұл асқазанның париеталді жасушаларының протондық насосының (Н+, К+, -АТФазасын) қызметін тежейтін ойық жараға қарсы препараттардың принципиалды жаңа типті өкілі. Омепрозолдың өзі әлсіз негіз болғандықтан, бейтарап РН- та тиімсіз. Бірақ, париеталды жасушалар өзекшелерінің қышқыл ортасында онымен дисульфидті көпірше арқылы әсерлесе отырып, мембраналық Н+, К+, - АТФазаны қайтымсыз тежейтін белсенді метаболит сульфенамидке айналады. Омепразолдың сульфенамид түзілуге қажетті ортасы бар, тек париеталды жасушаларға жоғары таңдамалы әсері осымен түсіндіріледі. Омепрозолдың сульфенамидке айналуы тез жүреді (2-4 мин кейін). Сульфенамид катион болғандықтан, абсорбцияға ұшырайды. Сол себепті дәрі алдындағы дәрі болып табылады. Омепрозол базалдық және хлорсутек қышқылының кез келген тітіркендіргіштерімен шақырылған секрециясын тежейді. Асқазан сөлінің жалпы көлемін төмендетеді және пепсиногеннің бөлінуін тежейді. Сонымен қатар, омепрозолдың механизмі түсініксіз гастропротекторлық белсенділігі анықталған. Препарат ішкі Касл факторының өндірілуін өзгертпейді. Тағамдық заттардың асқазаннан ұлтабарға өтуіне әсер етпейді. Омепрозол тез сіңіріледі. Көрсеткіштері: - Асқазан мен ұлтабардың ойық жарасы - Золлингер – Эллисон синдромы - Гастроэзофагалді рефлюкс ауруы - Атрофиялық емес антралді созылмалы гастриттер - Функционалдық диспепсия - Эрадикациялық еммен қоса қолданылады Жанама әсерлері Өте сирек кездеседі, бастың ауыруы, бастың айналуы, құсу, диарея немесе іш қату, абдоминалді ауырсыну, ауыздың құрғауы, метеоризм, депрессия. Қарсы көрсеткіштері: Препаратқа гиперсезімталдық, жүктілік (І үш айы), емізу кезеңі. Соңғы кезде бұл топтың эталондық көрсетуші дәрілік заттары ретінде рабепрозол (париет) саналады. 3.Антацидтік дәрілік заттар. Антацидтер – тұз қышқылымен тікелей байланысып, асқазан сөлінің қышқылдығын төмендететін дәрілік заттар. Асқазан сөлінің артық қышқылдығын төмендету үшін көбінесе антацидті заттарды қолданады. Олар асқазан сөлінің хлорсутек қышқылымен химиялық реакцияға түсіп, оны бейтараптайтын негіздер болып табылады. Антацидті заттарға натрий гидрокорбанаты, магний тотығы, магний үшсликаты, алюминий гидрототығы және кальций карбанаты жатады. Келтірілген препараттар әр түрлі қасиеттері бойынша ажыратылады: әсерінің даму жылдамдығы, тиімділігі, ішектен сіңірілуі және резорбтивті әсер көрсету қабілеті асқазанда СО2 түзуі бойынша. Тез әсер ететін антацидті заттарға натрий гидрокарбонаты (Na HCO3) жатады. Бірақ ол асқазанда СО2 түзілуін тудырады. Na HCO3+HCL NaCL+CO2+H2O Бұл асқазанның керілуіне әкеледі. Сонымен қатар хлорсутек қышқылының екіншілік бөлуіне себеп болуы мүмкін. Препарат қысқа уақыт әсер етеді. Натрий гидрокарбонаты. Суда жақсы ериді, жеңіл обсорбцияланады және жүйелік алколоздың себебі болуы мүмкін. Магний препараттарына магний тотығы (Mg O) және магний үшсиликаты жатады. Олардың әсері натрий гидрокарбонатына қарағанда баяу басталады. Магний тотығы натрий гидрокарбонаттан 3-4 есе белсенділеу. Магний препараттарын қолданғанда СО2 түзілмейді. MgO+2HCL MgCl+H2O Жіктелуі: Негізінен антацидтерді 2 топқа бөлеміз: - сіңірілетін антацидтер (натрии гидрокарбонаты, кальции карбонаты) қысқа мерзімді - сіңірілмейтін антицидтер: - алюмини гидроксиді, алюмини фосфаты, магнии гидроксиді, магний фосфаты (әсері ұзаққа созылатын) - Сіңірілетін антацидтер жанама әсерлерінің көп болуына байланысты қазіргі таңда, негізінен қолданылмайды. Сіңірілмейтін антацидтер соңғы кезде клиникалық тәжірибеде кеңінен таралған түрлері, құрамында алюмини гидроксиді, магнии гидроксиді, сонымен қатар алюмини карбонаты, фосфаты, магнии карбонаты, фосфатынан тұратын антацидтер. Сіңірілмейтін антацидтер - суда ерімейді, асқазан –ішек трактісінде сіңірілмейді, жүйелік өзгерістер тудырмайды. Сонымен қатар алюминий қосылысты антацидтер, асқазан мен ұлтабардың зақымдалған шырышты қабатын репаративтік процесін стимуляция жасайды. Егер АL гидроксиді / Mg гидроксиді (альмагель, маалокс) жара аймағындағы, эпителиалды өсу факторын реттейді, нәтижесінде жасуша пролеферациясы және ангиогенезі тудырады. Сіңірілмейтін антацидтер соңғы кезде суспензия түрінде, қоймалжың (гель) және таблетка түрінде де шығарылады. Сұйық түрдегі формаларының эффективтілігі жоғары деп саналады. Көп жағдайда сіңірілмейтін антацидтер асқазан диспепсиясында (қыжылдау, кекіру), кейде ауырсыну синдромын басу үшін қолданылады. Көрсеткіштері: - асқазан секрециясы жоғары немесе қалыпты созылмалы гастриттердің өршу кезеңінде - асқазан мен ұлтабардың ойық жара ауруының өршу кезеңінде - жедел гастрадуоденитте - шырышты қабаттың симптоматикалық жаралары мен эрозияларында - диафрагманың өңештік тесігінің жарығы, гастроэзофагальды рефлюкспен асқынғанда - созылмалы панкреатиттің өршу кезеңінде Жанама әсерлері: Соңғы жылдарда антацидтер тек тұз қышқылын бейтараптайтын және пепсинді абсорбциялайтын әсерінен басқа, олардың цитопротективтік әсері бар екені дәлелденді. Сол себепті сіңірілмейтін антацидтерді тамақтан соң 1-1,5 сағаттан кейін, сонымен қатар ұйықтар алдын қолдану қажет. Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.018 сек.) |