АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Ацетилхолин агонистері

Читайте также:
  1. Механизм необратимого ингибирования ацетилхолинэстеразы

Ацетилхолин агонистері біріңғай салалы бұлшықеттерге парасимпатикалық ықпалды фармакологиялық негізде күшейтеді және өңештің, асқазанның ұлтабардың перистальтикасын жоғарлатуға, базалді тонустың көтерілуіне әкеледі.

Әсер ету механизміне байланысты бірнеше топтарға бөлінеді.

- тікелей М- холиномиметиктер /М-ХР- қуаттандырады/- ацеклидин

- тікелей емес М- холиномиметиктер

- ацетилхолиннің бөлінуінің күшеюіне әкелетіндер)- цизаприд

-холинэстераза ингибиторлары / холинэстераза ферментін инактивациялап ацетилхолиннің бөлінуін тудырады (физостигмин, дистигмин бромид).

Бұл дәрі-дәрмектердің бәрі парасимпатикалық жүйке жүйесінің тонусын жоғарылатып, асқазан мен ұлтабардың жиырылуын күшейтеді.

Тиімді дәрі-дәрмектердің бірі болып – цизаприд жатады.

Асқазан бездерінің секреторлы қызметі бұзылыстарында қолданылатын дәрмектер.

Асқазан бездерінің секрециясын кезбе нервінің бақылауындан, әрі АІТ бір қатар гормондарының және басқа да эндогенді заттардың бақылауында. Мысалы кезбе нервінің тонусының көтерілуі, гастрин мен гистаминнің бөлінуі асқазанның, секреторлы белсенділігін күшейтеді. Әрі холинэргтік ықпалды немесе гистолин мен гастринді әсерін жою асқазан бездерінің секрециясын төмендетеді.

6.Өт айдаушы дәрілік заттар.

Өт айдайтын заттар.

Өттің құрамында ішекте майларды ұсақтайтын (эмульгирлейтін), олардың және майда еритін витаминдердің сорылуына ықпал ететін өт қышқылдары бар. Өттің жеткіліксіздігі бауыр жасушаларында түзілуінің бұзылуына немесе өт жолдарынан ұлтабарға түсуінің қиындауына байланысты болуы мүмкін. Соған байланысты медициналық тәжірибе үшін өт айдайтын заттардың екі түлрі қызығушылық туындатады.

 

І. Өттің түзілуін ынталандырушы әсер ететін заттар (холеретика немесе холесекретика)

ІІ. Өттің шығарылуына әсер етеін заттар (хологога немесе холекинетика)

Өттің түзілуін ынталандыратын заттар әр түрлі топтардың препараттарымен келтірілген.

Оларға жатады: 1. Өт препараттары - «Холензим» таблеткасы;

2.Өсімдік тектес препараттар - Холосас

3.Синтетикалық препараттар - Оксафенамид (осалмид)

 

Келтірілген барлық өт айдағыш заттар бауыр жасушаларымен өттің өндірілуін жоғарылатады. Әсіресе өт қышқылдары оның күшті ынталандырғыштары деп есептелінеді. Холензимге (құрғақ өттен тұрады) осы әсерімен қатар орын басушы қызмет біріктірілген.

Оксафенамид өттің тек түзілуіне ғана емес, оның бөлінуіне де (спазмолитикалық әсер көрсетеді) әсер етеді. Ұзақ қолданғанда іш жүргізетін әсер көрсетеді.

Өт айдайтын заттар ретінде сонымен қатар, циквалон, никодин, құмдық салаубас гүлінің препараттары, жүгері шашағы және т.б. қолданылады.

Өттің бөлінуіне әсер ететін заттарға Одди сфинктерін босаңсытатын (бауыр- ұйқы безі ампуласының сфинктері) заттар, м-холиноблокаторлар және миотропты әсерлі спазмолитектер жатады.

Өт айдайтын белсенді зат –ұлтабардың гармоны холецистокинин (панкреозимин) Ол 33 аминқышқылының қалдығынан тұратын пептид. Оны шошқа ұлтабарының шырышты қабатынан алады. Холецистокининнің синтетикалық соңғы фрагменті (октапептид) де қолданылады. Холецистокинин және синтетикалық октапептид өт қапшығын жиырылтады. Сонымен қатар, олар ұйқы безінің де секрециясын ынталандырады және асқазанның хлорлысутек қышқылы босап шығуын тежейді. Оларды диагностикалық мақсатта өт қапшығының жиырылғыш қасиеті және оның құрамы жөнінде мәлімет алу үшін қолданады.

Фармакологиялық әсері.

Нағыз холеретиктер:

- өт айдаушы эффект көрсетеді.

- Бауыр мен ұйқы безінің секреторлық қызметін жоғарылатады.

- өт қышқылдарының синтезін жоғарылатады.

- Энтерогепатикалық қан айналымына түседі.

- Холатохолестериндік коэффициентті жоғарылатады.

- АІТ моторикасын күшейтеді.

- Ішектегі ашу мен шіру процесін төмендетеді.

Көрсетілулері:

- өт қабының гипокинезиясы

- гепатит

- асқазанның созылмалы секреторлық жетіспеушілігі

- созылмалы холецистит, холангит

- біріншілік іш қату

Қарсы көрсеткіштері:

- жедел гепатит

- бауырдың жедел, жедел асты дистрофиясы

- обтурациялық сарғаю

- асқазан мен ұлтабардың жара ауруы

- жедел понкреатит

Жанама әсерлері:

- аллергиялық реакциялар

- кейде гепатиттерде ауырсынудың күшеюі

- диспепсиялық өзгерістер

Сорбит – 50-100мл 10 % ерітіндісі күніне 2-3 рет.

Дюбаж жасау үшін 50-150 мл 10 % күніне 2-3 рет тамақтан алдын 30мин бұрын қолданылады.

Магни сульфад – 20-25 % - 1 ас қасықтан күніне 2-3 рет

Розакал майы – күніне 2-3 капсуладан тамақтан алдын қолданылады.

 

Өт жолдарының тонусын төмендететін препараттар (спазмолитиктер), - атропин, платифиллин, аминофиллин, нитроглицерин, амилнитрит т.б.

 

Холеолитолитиктерге – хенодезоксихоли және урсодезоксохоли қышқылдарының туындылары жатады.

Фармакологиялық әсері: Холестериндік өт тастары, өт жолдарындағы холестерин секрециясының төмендеуінен болады.Хенодезоксихоли қышқылы бауырдағы холестериннің синтезін төмендетеді, нәтижесінде өт жолдарындағы холестериндік тастар біртіндеп ериді.

Көрсетілуі:

- (рентген негативті) холестериндік тастар

- «жүзуші» холестериндік тастар

- көлемі 2см-ден кіші сілтілі тастар.

Қарсы көрсеткіштері:

- өт жолдарының қабыну аурулары

- бауырдың қабыну аурулары

- аш ішек пен тоқ ішектің қабыну аурулары

- айқын бүйрек жетіспеушілігі

Жанама әсерлері:

- диарея

- уақытша қандағы трансаминазаның активтілігі жоғарылайды.

Өт айдайтын дәрілік затардың эффекті өте күрделі, сол себепті тағайындар алдын өт жолдары дискинезиясының типін – атониялық немесе спастикалық екенін анықтап алу қажет. Бұл препараттарды «Шахматтық принципте» тағайындаймыз, яғни орындарын алмастырып отырамыз (ағзаның үйреншіктілігін болдырмау мақсатында)


1 | 2 | 3 | 4 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.009 сек.)