АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Экстрасистолия

Читайте также:
  1. Желудочковая экстрасистолия

Экстрасистолияның жіктемесі:

1. Қарыншаүстілік (эктопиялық ошақ Гис будасынан жоғары орналасқан):

§ синустық;

§ жүрекшелік;

§ түйіндік;

§ Гис будасының.

2. Қарыншалық (эктопиялық ошақ Гис будасынан темен орналасқан)

§ сол қарыншалық;

§ оң қарыншалық;

§ жүрек ұшының;

§ базальдік (қарыншалардың жоғарғы аймақтарынан).

 

Синустық экстрасистолия. Сирек кездеседі. ЭКГ сипаттамасы: экстрасистоланың алдындағы R-R аралық қысқа, артындағысы қалыпты; экстрасистоланың Р тісшесі мен QRSТ комплексі кәдімгідей, еш бір өзгерссіз.

Жүрекшелік экстрасистолия және оның ЭКГ сипатамалары (5-сурет):

1) экстрасистоланың алдындағы R-R. аралық қысқа, артындағысы ұзындау (толық емес компенсациялық. пауза);

2) экстрасистоланың Р тісшесі сәл деформацияланған (жалпақтау, биіктеу, төмендеу, қос өркешті немесе ұшты); жүрекшелердің төменгі аймақтарынан шыққан экстрасистоланың Р тісшесі әрдайым теріс;

3) QRSТ комплекс қалыпты; эктопиялык. ошақ АВ түйінінен неғүрлым қашық орналасса, соғұрлым РQ аралығы ұзақ.

 

Жүрекшелік экстрасистола.

ЭКГ — признаки блокированной предсердной экстрасистолы:

- Внеочередной несинусовый зубец P, за которым не следует комплекс QRS.

- Через "атриовентрикулярный" АВ-узел, находящийся в периоде рефрактерности, предсердная экстрасистола не проводится.

- Экстрасистолический зубец P иногда наслаивается на зубец T, и распознать его трудно; в этих случаях блокированную предсердную экстрасистолу ошибочно принимают за синоатриальную блокаду или остановку синусового узла.

Рис. Блокированная предсердная экстрасистола.

Түйіндік экстрасистолия жүрекшелерге импульс ретроградты, қарыншаларға антеградты бағытпен келеді. Осьщан Р тісше әрдайым теріс, қарыншалық комплекстің. пішіні қалыпты. Компенсаииялық пауза толық емес.

Жоғары түйіндік экстрасистолиида теріс Р тісше QRSкомплексінің алдында тұрады. Ортаңгы түйіндік экстрасистолияда жүрекшелер мен қарыншалар бір уакытта қозады, сондықтан экстрасистоланың теріс Р тісшесіQRS комплексімен қабаттасып, визуальді айыруға келмейді. Төменгі түйіндік экстрасистолияда қарыншалар жүрекшелерден бұрын қозады да, теріс Р тісше қарыншалық комплекстен кейін орналасады.

.

АВ – түйіндік экстрасистолия.

Карыншалық экстрасистолия.

Эктопиялық ошақ қарыншалардың өткізу жүйесінде орналасады (Пуркинье талшықтарында, Гис будасының аяқшаларында, тармактарында).

 

Жалпы ЭКГ-лық белгілері:

1) импульстің қарыншаларда бұрыс жолмен тарауынан QRS комплекстің жалпақтығы (0,1с артық) және деформациясы — экстрасистолалық комплекстің SТ аралығы мен Т тісшесінің ең ірі тісшеге (Rнемесе S) дискорданттылығы. QRS комплексте ең үлкені R. тісше болса SТ аралығы төмендейді, Т тісшесі теріс болады, ал үлкен S тісшеде, керісінше — SТ аралығы жоғарылайды, Т тісше оң және биік;

2) экстрасистолалық комплексте Р тісшенің болмауы, өйткені импульс А-В түйінінен ретраградты өткізілмейді. Синус түйінінің функциясы бұзылмайды, оң Р тісше экстрасистолалық QRS комшіексіне қабаттасуынан көрінбейді;

3) толық компенсациялық. паузаның болуы, өйткені СА түйініне өткізілмеген эктопиялык импульс оның зарядын жоймайды, ал СА түйіңінен шыққан әдеттегі импульс қарыншаларға рефрактерлік фазасында түседі, осыдан екі жүрек циклы бір-біріне қосылады да, пауза ұзарады.

 

Қарыншалық экстрасистолалар (сурет)

 

Экстрасистолияның клиникалық маңызына келетін болсақ, қарыншалар фибрилляциясына алып келу мүмкіндігінен кенет өлім қаупін төндіретін қауіпті түрлерін айырады:

1) жиі қарыншалық;

2) политопты қарыншалық;

3) қосарланған (топталған) — бірнеше экстрасистоланың бірінен соң бірі қатар түсуі;

4) ертелеткен қарыншалық (салыстырмалы рефрактерлік’ кезенде пайда болатын), алдындағы комгілекстің Т тісшесіне жақын түсетін -«Т үстіне түсетін R» типті

 

Пароксизмдік тахикардия. Бұл кенет басталып, кенет аякталатын, минутына 140-250-ге жиілікпен жүретін, дамуы эктопия ошағынан импульстердің «автомат оғын жаудырғандай» бірінен соң бірі жиі шығуынан болатын ұстамалы тахикардия.


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.005 сек.)