АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

III тип (тип III Мобитц)

Бұл типті басқаша тағы да жоғары дәрежелі АВ түйіннің толық емес блокадасы деп айтады. ЭКГ-да әр екінші немесе екі және одан да көп қарыншалық комплекстің түсіп қалуы (3:1, 4:1 және т.б.). бірақ Р тісшенің QRS комплекспен байланыс сақталады.

 

Атриовентрикулярлы блокада 3 дәрежелі (толық атриовентрикулярлы блокадасы) жүрекшелерден қарыншаларға электрлік импульстер өтпей қалады. Осындай жағдайда жүрекшелер қалыпты ырғақпен, ал қарыншалар сирек жиырылады. Қарыншалар жиырылу жиілігі автоматизмнің ошағы қандай деңгейде орналасқанына байланысты. Гис шоғырының бағананың жасушалары минутына 45 ретке дейін беру мүмкін, ал егер автоматизмнің ошағы Пуркинье талшықтар деңгейінде болғанда - 20 рет минутына болады. ЭКГ көріністері:

Жүрекшелер мен қарыншалар ырғақтардың байланысы жоқ. Яғни Р және комплекс QRS арасында байланыс жоқ.

Гис шоғырының аяқшалардың блокадалары

Гис шоғырының оң аяқшаның толық блокадасы кезінде оң жақ қарынша мен қарыншааралық перденің оң бөлігі өзгеше жол арқылы қозады: деполяризация толқыны қарыншааралық перденің сол жақтан және сол жақ қарыншадан (олар бірінше жиырылады) келеді, жиырылған бұлшықеттік талшықтар арқылы оң қарышаның миокардына жетеді. ЭКГ көріністері:

- V1,2 оң кеуделік әкетулерде QRS комплекстердің rSR немесе rsR типті М тәрізді болуы;

- V5,6 сол кеуделік және I, aVL әкетулерде S тісшесі кеңейген, тісшелі (зазубренный);

- QRS комплекстің 0,12с көп ұзаруы;

- V1 (сирек III әкетуде) RS-T сегментінің депрессиясы, томпйыған, теріс немесе екіфазалы (+-) ассиметриялық Т тісшесі

Гис шоғырының оң жақ аяқшаның толық емес блокадасы кезінде оң аяқша бойынша импульстің өтуі баяулайды.

ЭКГ диагностикасы

Q I, V6, RIII немесе rIII, rV1; V1 тісшеленуі тіркеледі —rSR' комплекс түрінде болады. Жүректің ЭО оңға қарай ығысқан. Кеңейген S I, V6, биіктеген жіне кеңейген R' V1. Қарыншалық комплекс qRS түрде S кеңейген I, aVL, V6 әкетулерде, V4,V5 болуы мүмкін, және rSR' немесе rR' формада V1, III, сирек V2 және aVF. QRS 0,12с дейін.

 

Гис шоғырының сол жақ аяқашаның алдыңғы тармақтың блокадасы

ЭКГ диагностикасы

ЭКГ I, aVL әкетулерде Q тісшелер және III, aVF әкетулерде r тіркеледі. Биіктеген R тісшесі I, aVL әкетулерде тіркеледі, және III, aVF әкетулерде тереңдеген S. Жүректің электрлік осі солға ығысқан -30 градустан көп. QRS комплекс кеңейген 0,01-0,02сек дейін блокадаға дейінгі еніменг салыстырғанда.

 

Гис шоғырының сол жақ аяқашаның артқы тармақтың блокадасы

ЭКГ диагностикасы

Q III және R I, aVL әкетулерде, I, aVL, V6 тереңдеген S, биіктеген R III, aVF (RsI, qRIII). ЖЭО оңға қарай ығысқан немесе вертикалды орналасқан. V5,V6 кеуде әкетулерде тереңдеген S. QRS кеңеюі айқын емес. Сол жақ бұтақтардың біреуінде блокаданың болуы QRS 0,12-0,14с көп кеңеюі солжақ бұтақтардың арасындағы аностомоздың блокадасы туралы айтуға болады.


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.004 сек.)