|
|||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
Д ГИПОВИТАМИНОЗЫD дәрумендерінің ішінен D2 және D3 дәрумендерінің рөлі зор, себебі олар құстардың сүйектері мен жұмыртқа қабықтарының қатаюы мен қалыптасуына оң әсерін тигізеді. D2 дәруменіне құнарлы азығымен азықтандыру, нормаға сәйкес жүргізіледі, 1 т азыққа 30 г; балапандарға сәйкесінше D3 дәруменің — 1 г, жұмыртқалағыш тауықтарға — 1,5 г. Белгілері. D тобының дәрумендерінің жетіспеушілігінен балапандарда рахит ауруларын тудырады. Өсіп келе жатқан сүйектері борпылдақ күйге ұшырап өзінің мықтылығын жояды. Сүйектің бетінде ауа пайда болуы салдарынан зат алмасуы бұзылып, балапандар өлімге ұшырайды. Рахит немесе шеткі аяқтарының әлсіздігі негізінен 3-5 апталық жастағы балапандарда байқалады. Әсіресе рахитке қыста туылған балапандар жиі шалдығады. Рахитке шалдыққан құстардың буындарының қисаюы байқалады (31-сурет). Аурудың басында ағзаның жалпы жағдайының нашарлауымен ерекшеленеді. Аурудың даму барысында ішектердің катары мен шеткі аяқтарының әлсіреуімен ерекшеленеді. Балапандардың қанаттары төмен қарай бағытталған, тепе-теңдік бұзылған, әлсіздік салдарынан құлайды. Балапандардың рахиты мен остеомаляциясы рацион құрамындағы азықтық компоненттерінің тең болмауы салдарынан, яғни D3 дәрумені мен кальцийдің жеткіліксіздігінен дамиды. Бройлер балапандарының остеомаляциясы кезінде әлсіздік және кеуде қуысының қисаюы байқалады.
Сурет 31. Рахиттің салдарынан тауықтың аяғының қисаюы
Шонданай сүйектері мен кеуде сүйектерінің жұқаруы байқалады. Рахит ауруына шалдыққан 60 күндік балапандардың бас сүйегінің қатты жұқаруы байқалады. Емі мен алдын алу шаралары. Рахит ауруының емі мен алдын алуы үшін рацион құрамына қажетті мөлшерде сапасы жақсы балық майын қосу қажет. Жасыл шөпті ұсақтап азыққа қосамыз. Балапандардың минералдық заттарға қажеттілігін сүйек ұнын, фосфор қышқылы, кальцийді беру арқылы толықтырамыз. Рахит ауруының алдын алу мақсатында тауықтарды қонақтайтын бағанға ерте отырғызуға болмайды. Қонақтайтын бағанның ені 5 см-ден кем болмауы тиіс. Етті бағыттағы балапандарды өсіру кезінде клеткада ұсталынатындарына, жерде ұсталынатындарына қарағанда Д дәруменін көп мөлшерде беру керек: торда демалу барысында сүйегіне қысым түсетіндіктен ол майысуы мүмкін. Рахиттің алдын алу үшін азыққа келесідей препараттардың қосындысын қосқан кезде жақсы нәтиже алынады: А дәруменін – 20 мың ӘБ, Д3 дәруменін – 10 ӘБ. Қолдану дозасы 100 балапанға 50 мл препарат. D2 дәруменнің спирттік ерітіндісін 10—50 рет суда гидролиздейді, сосын мұқият азыққа қосу қажет. ПРК-2,4, ЭУВ-15, ЭУВ-30 шамдарын қолданану ұсынылған, сонымен қатар сынпты-вольфрамды РВЭ-350 шамы да қолданылады. ЭУВ шамдарымен емдеу тәуліктік жастағы балапандар үшін қолдануға болады. Тәуліктік балапан 30 мин мерзімде (жарық көзінен 2—3 м шамасында болуы қажет) қолданылады. Біртіндеп бұл мерзімді 30 күндігінен 8 сағатқа дейін ұзарта береді. Жұмыртқалағыш тауықтарды тәулігіне 8 – 9 сағат бойы сәулелендіреді. ПРК шамымен балапандарды 10 күндігінен бастап 10 күн бойы күн сайын 2 – 4 минуттан сәулелендіре бастайды. Осыдан кейін 5 – 7 күнге үзіліс жасайды. Әдетте, батареялы торларда ұсталынатын тауықтар мен балапандарды жылжығыш құрылғыларды қолданады. Тауықтарды сәулелендіру кезінде рахиттің, остеомелиттің алдын алады және қымбат тұратын Д дәруменін үнемдейді. ҚҰСТАРДЫҢ БІРІН – БІРІ ШОҚУЫ, ҚУЫРСЫНДАРЫН ЖҰЛУЫ (каннибализм) Бұл ауру ретінде құстың мынадай жағдайын айтуға болады: ол дененің белгілі – бір аумағын, сонымен қатар жұмыртқаларды шоқиды және қауырсынды жұлады. Ауыр тұқымды тауықтардың, италяндық леггорн қауырсын жеуге бейім болады. Олар мойын, арқа және құйрық аумағындағы қауырсындарды жұлады. Түсіп қалған қауырсынға талас күшті болады. Ауру әсіресе шағын шаруашылықтарда кең тараған, олардың серуенге шығаратын алаңдары шағын және шөптері сирек болады. Себебі. Шоқудың себептері дұрыс азықтандырмау, серуенге шығармай, тар қорада ұстау, құмды су моншаларының болмауы, толыққанды азықтандырмау, ұзақ уақыт бойы және интенсивті түрде жарықтың әсер етуі. Бройлер балапандарының шоқуын құрғақ ауа тудыруы мүмкін, ол өз кезегінде қауырсынды құрғатады және оның сыңғыштығын арттырады. Мұндай жағдайда құстар өзінің тұмсығымен құйымшақ безін, одан бөлінген сұйықтығын қауырсынына жағу үшін қысады. Сонымен қатар, терінің шамадан тыс тітіркенуі қан сорғыш кенелермен, қаңдаламен және мамық – қауырсын жегіштермен терінің зақымдануы кезінде де туындауы мүмкін. Жиі, тауықтардың шоқуы бұрыннан өз тәртібі қалыптасып қалған тауықтар тобына жаңадан тауықтар қосу кезінде байқалады. Азықтану кезіндегі жаңа қарым – қатынастар, тауық қорасындағы жақсы орынға талас тауықтардың бірін – бірі шоқуына әкеліп соқтырады. Жұмыртқалап бастаған тауықтарға жарықтың күшті әсері, тауықтың клоака аймағын шоқуына әкеліп соқтыратыны анықталған, себебі бұл кезде клоака сақинасы ширыққан және анық байқалып тұрады. Клоака сақинасының созылуы, кей жағдайда қан тамырларының жыртылуы және қанның пайда болуы басқа тауықтардың көңілін аударады және шоқудың бастауы болып келеді. Тауықтың айдарынан қан алу кезінде және шешек ауруына қарсы егу кезінде тауықтардың бірін – бірі шоқуы байқалады. Белгілері. Алғашында балапандар саусақтарын шоқиды, мойын және құйрық аймағындағы қауырсындарын жұлады. Қан пайда болса олар жараны одан бетер шоқи түседі және ауру тауықтар шамадан тыс қан ағулардың және қатты зақым алуы салдарынан өледі (32,33-суреттер).
Сурет 32. Бел аумағын шоқу Сурет 33. Клоаканы шоқу
Балапандардың каннибализмге шалдығуы торда ұстау тәртібінен серуенге шығаруға ауыстыру кезінде байқалатыны анықталған. Балапандар қозғыш болады, бір – бірімен төбелесе бастайды, бір – бірінің бас, мойын және құйрық аумағындағы қауырсындарын жұлады. Теріде және бұлшық еттерінде жарақаттар пайда болып, қан кетеді. Бұл ауру тауықтардың жыныстық жетілу кезінде де болады және де азды-көпті қауырсын жеумен байқалады. Емдеу және алдын алу шаралары. Бұл ауру кезінде емдеу және алдын алу жұмыстары тауықтар мен балапандардың топтарын үнемі бақылап отыруға негізделеді, отырғызулардың тығыздылығының қалыпты жағдайдан ауытқымауын қатаң қадағалау, азықтандыру және күтіп – бағу тәртібінің сақталуын қадағалау. Каннибилизммен күрес кезінде осындай тауықтарды дер кезінде анықтау маңызды болып келеді. Әртүрлі құнарлы азықтармен азықтандыру керек. Балапандарды тәулігіне 4-6 реттен сирек емес, ал тауықтарды 3 рет. Әртүрлі азықтардың қоспасынмен азықтандыру кезінде рацион құрамына шөп ұнын, сәбіз, қызылша, қырыққабат, балғын шөпті қосуға болады. Шоқудың алдын алуға арналған заттар ретінде құстың азығының құрамына тәулігіне балапандарға 0,5 г, тауықтарға 1,0 г қауырсын ұнын 7 – 10 күн бойы қосады. Дәрілік заттардан лимон қышқылын (бір тауыққа күніне 0,02 – 0,05 г) азықпен бірге 15 – 20 күн бойы, метионинді (1000 тауыққа күніне 40 – 70 г) азықпен 20 – 30 күн бойы, биоветинді де (1000 тауыққа 50 г дозасында) азықпен бірге 20 – 30 күн бойы. Әрбір оттықтарға гипс қолдану да жақсы нәтиже береді. Алайда, дәрілік заттарды қолданар алдында, шоқуды тудыратын себептерді жою керек. Тауық қоралардағы шоқуды жою үшін жасанды жарық көздері мен терезе әйнектерін қызыл түске бояйды. Алдын алу үшін тауықтың тұмсығының жоғары ұшын электрлік ЭР – 1 құрылғысымен кесіп тастауға болады. Сабақты өткізу әдістемесі. Сабақты келесідей жоспар бойынша жүргізеді: оқытушы ауру құстарды зерттеу үшін студенттерді 4-6 адамға бөледі, студенттер анамнез жинайды, ауру құсты зерттейді, дифференциалдық диагнозын анықтап, диагнозын нақтылайды, патолого-анатомиялық жарып сою жүргізеді, алдын алу шараларына нұсқау беріп емдеу жұмыстарын жүргізеді, сабақ әр жарты топшаның баяндамасымен аяқталады. Бақылау сұрақтары
Ұсынылатын әдебиеттер 1. Грицкевич, В. Н. Об оказании помощи птицам при затрудненной кладке яиц / В. Н. Грицкевич //Птицеводство.-1953.-№ 9.- С. 23-29. 2. Ионов, П. С. Основы терапевтической техники в ветеринарии / П. С. Ионов, Ш. А. Кумсиев.- М.: Сельхозгиз, 1957. – 214 с. 3. Болезни птиц: руководство для ветеринарных работников / Ф. М. Орлов [и др.]; под ред. Ф. М. Орлова.- М.: Сельхозиздат, 1962.- 544 с. 4. Бессарабов, Б.Ф. Болезни кур: альбом / Б.Ф. Бессарабов.- М.: Россельхозиздат, 1974.-136 с. 5. Справочник ветеринарного врача птицеводческокого предприятия: справочник / Н.В.Кожемяка [и др.]; под ред. Н.В.Кожемяка. – М.: Колос, 1982.-303 с. 6. Кумсиев. Ш. А. Правила безопасности при работе с животными: вет. библиотека животновода / Ш. А. Кумсиев.- 2 изд., перераб. и доп.- М.: колос, 1979.- 96 с. 7. Кудрявцев, А.А. Клиническая гематология животных./ А.А. Кудрявцев, Л.А. Кудрявцева.- М.: «Колос», 1974.-215 с. 8. Внутренние незаразные болезни сельскохозяйственных животных: учебник для вузов / И.Г. Шарабрин [и др.]; под. ред. И.Г. Шарабрина.- 6 изд., испр. и доп. - М.: Агропромиздат, 1985.- 527 с. 9. Внутренние болезни животных: учебник для вузов / Г.Г.Щербаков, А.В.Коробов. [и др.] под общ. ред. Г.Г.Щербакова, А.В.Коробова.–СПб.:Лань,2002
Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.005 сек.) |