|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
Емтихан: 3 семестрСИЛЛАБУС
Мамандықтар: 5B011400 «Тарих», 5B011700 «Казақ тілі және әдебиет», 5B011900 «Шет тілі: екі шет тілі», 5B020700 «Аударма ісі», 5B050400 «Журналистика»
Оқу формасы: қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша сырттай
курс: 2 семестр: 3 кредит саны: 2 Барлық сағаттар: 90 барлық аудиторлық сағаттар: 18 оның ішінде: дәрістер: 2 тәжірибелік сабақ: 2 консультация F2F: 14 Барлық арақашықтық сағат: 72 Онын ішінде: CӨЖ: 57 дәріс 13 семинар 13 ӨЖ 31 on-line, off-line консультация 15 Аралық бақылау: 2 Емтихан: 3 семестр
Талдықорған 2013 ж Оқытушы туралы мәліметтер Казиева Лаура Жеңіс қызы экономика кафедрасының аға оқытушысы Кеңес берудің орны мен уақыты: сабақ кестесі бойынша, 328 аудитория Жұмыс стажы: 15 жыл Е-mail: lz.kazieva@gmail.com Пререквизиттер: мектеп бағдарламасынан қолданбалы экономика Постреквизиттер: Макроэкономика, Микроэкономика Курстың қысқа мазмұны 1-ші бөлімнің «Экономикалық теорияның пәні, объекті және әдістері» логикасының сұрақтарын қарастыру дәйектілігі келесі түрде жүреді: Біріншіден, экономикалық теория пәнінің мазмұны, экономикалық жүйелердің қалыптасуы мен даму заңдылықтары; Екіншіден, зерттеу объекті болып қоғамның экономикалық жүйесі табылады; Үшіншіден, экономикалық жүйенің негізі болып өндіріс құралдарына меншік қатынастары табылады; Төртіншіден,бұрынғы социалистік елдердің қазіргі экономикасы өтпелі кезең экономикасы болып табылады. 2-ші бөлімде «Жеке ұдайы өндіріс мәні және заңдылықтары» фирмалар (кәсіпорындар) экономиканың бірінші буыны (звеносы) ретінде қарастырылады. 3-ші бөлімде «Ұлттық экономика деңгейіндегі ұдайы өндіріс» жұмыссыздық, инфляция, экономикалық өсім, сыртқы экономикалық тұрақтылық сұрақтары қарастырылады. Пәнді оқыту мақсаты: Ресурстардың шектеулі жағдайында қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтынудағы адамдардың іс-әрекеті туралы студенттердің білімін қалыптастыру «Экономикалық теория» курсының мақсаты болады. Студенттердің экономика бойынша ғылыми қөзқарастарын қалыптастыру, экономикалық категориялар мен заңдарды жүйелі түрде ұғынуы, экономикалық процестерді зерттеу әдістемесін меңгеру осы курсты оқытудың негізгі міндеттері болады. Курсты бітірген соң студенттер: - негізгі экономикалық категориялар мен түсініктердің мәнін анықтап білу керек; - рыноктык экономиканың негізгі құрамдас категорияларын білу керек: сұраныс, ұсыныс, бәсеке, кәсіпкерлік және т.б. - ұлттық экономика және әлемдік экономика деңгейінде қайтаөндіру үрдісін танып білу керек.
Білімді бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесі
Пән бойынша студенттің білімін балмен бағалау көрсеткіші
Баға қоюдын критерилері
ДӘРІС КЕШЕНІ 1 тақырып. Экономикалық теорияның пәні және әдіс-тәсілдері 1. «Экономика» ұғымы. Экономика ғылымының сипаттамасы және даму кезеңдері. 2. Экономикалық теория пәні. Экономикалық теорияның қызметтері, зерттеу әдістері. 3. Позитивті және нормативті экономика. Негізгі сөздер: Экономика, Саяси экономия, экономикалық теория, Экономикалық заңдар, Экономикалық категория. 1. «Экономика» ұғымы. Экономика ғылымының сипаттамасы және даму кезеңдері. Экономикалық ой-пікірлердің қалыптасуы ежелгі заманнан басталады. Экономика туралы ғылым табиғат пен қоғам туралы адам білімінің жүйесі ретінде дамыған құлдық қоғамда пайда болды. Экономика – материалдық игіліктермен қамтамасыз етумен байланысты адамдардың кез келген әрекеті. Экономика туралы алғашқы түсініктер Ксенофонт, Платон,Аристотель және басқа да ойшылдардың еңбектерінде берілген. «Экономия» терминін алғаш ұсынған Ксенофонт, мұның мағынасы үй шаруашылығы (ойкос – үй, шаруашылық; номос – заң) деген ұғымды білдіреді. «Саяси экономия» ұғымын ғылымға алғаш еңгізген А.Монкретьен болатын. 1615 ж оның «саяси экономия трактаты» деген еңбегі жарық көрді, мұнда мемлекеттік шаруашылықыты жүргізу кеңестері мазмұндалған. 2. Экономикалық теория пәні. Экономикалық теорияның қызметтері, зерттеу әдістері. Экономикалық теория – адамның шектеусіз қажеттіліктерін қанағаттандырудағы қоғам өндірісінің сирек, шектелген ресурстарын бөлу, айырбастау және тұтыну туралы ғылым. Экономикалық теория зерттейтін құбылыстардың мәні экономикалық категория мен экономикалық заңдарда көрсетіледі. Экономикалық категория дегеніміз – экономикалық құбылыстардың (мысалы, тауар, баға, кіріс) маңызды жақтарын көрсететін жалпылама ұғымдар. Экономикалық заңдар – бұл экономикалық құбылыстар арасындағы тұрақты, қайталанатын байланысы. Экономикалық теорияның зерттеу әдістері. 1. Абстракция 2. Индукция және дедукция. 3. Анализ, синтез. 4. Тарихи және логикалық. 5. Графикалық әдіс –кесте, диаграмма, схема. 6. Моделдеу. 3. Позитивті және нормативті экономика. Позитивті экономика – дерек негізіндегі экономикалық қылық туралы болжамдар. Ал экономиканың тиімділігі жөнінде сөз болғанда, онда мұны нормативті экономикалық ғылым деп білеміз. Нормативті экономика – елдің экономика туралы бағалау пкірлері. 2 тақырып. Қоғамдық өндірістің негіздері. 1. Өндіріс, оның мәні және факторлары. 2. Ресурстардың шектеулігі және оларды талдау мәселелері. 3. Қоғамдық өндірістің құрылымы. Негізгі сөздер: өндіріс, жұмыс күші, еңбек заты, мұқтаждықтар, өндіріс факторлары 1. Өндіріс, оның мәні және факторлары. Өндіріс – бұл қоғамның дамуы мен өмір сүруі үшін қажет материалдық және рухани игіліктерді құру процесі. Өндіріс процесі тек кана үш факторлардың – адамның күші, еңбек заты мен еңбек құралдары - өзара іс-әрекеті арқылы жүзеге асуы мүмкін. Жұмыс күші – бұл адамның дене және рухани қабілеттілігінің жиынтығы және оны өндіріс процесінің материалдық игіліктер мен қызмет көрсетуінде қолданады. Еңбек заты- болашақ тауардың материалдық негізін құрайтын және еңбек процесінде адамдар әсер ететін заттар. (мұнай, руда, шикізат т.б.). Еңбек құрал- саймандары – қажетті игіліктерге адамдардың әсер ету заттары - бұл әр түрлі механизм мен машина, инструмент пен қажет тетіктер, двигатель, жекізетін құрылым және т.б. нәрселер. 2. Ресурстардың шектеулігі және оларды талдау мәселелері. Экономика екі іргелі экономикалық аксиомаға негізделеді: шексіз мұқтаждықтар мен шектеулі ресурстар. Мұқтаждықтар – бұл адамдардың белгілі бір пайдалылығы бар игіліктерді иелену мен пайдалануға деген ынталылығы. Мұқтаждықтарды қанағаттандыратын құралдар игіліктер болып табылады. Бір игіліктер шектеусіз мөлшерде болады (мысалы, ауа), ал екіншісі – шектеулі (мұнай, көмір т.б.). Соңғылары экономикалық игіліктер деп аталады.
3. Қоғамдық өндірістің құрылымы. Қоғамдық өндіріс екі саладан тұрады: материалды және материалды емес. Материалдық өндіріс саласы – халық шаруашылығы салаларының төмендегідей материалдық иігіліктер өндірісі (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс) және материалдық қызмет көрсеиту саласы бойынша (өнім қозғалысын тұтынушыға дейін қамтамасыз ететін көлік пен сауда, коммуналды шаруашылық, тұрмыстық қызмет көрчсету – киімді өндеу, тігу, жуу, тазалау және т.б.). Материалдық емес игіліктер (рухани құндылықтар) жасалады, сондай-ақ матерниалдық емес қызмет көрсету – денсаулық сақтау, білім, ғылым, мәдениет, спорт, және т.б. Қоғамдық ұдайы өндіріс қоғамдық өндірістің өзінің қайта жаңаруының үздіксіз ағымындағы процесі болып табылады, оның нәтижесі қоғамдық өнім.
3 тақырып. Меншік қатынастары және олардың экономикадағы орны. 1. Меншіктің экономикалық және құқықтық мазмұны. 2. Меншік объектілері және субъектілері. 3. Меншіктің түрлері және олардың қызметтері. 4. Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру. Негізгі сөздер: меншік, меншік субъекті, меншік объекті, жекешелендіру 1. Меншіктің экономикалық және құқықтық мазмұны. Меншік – бұл адамдар арасындағы материалдық және рухани иігіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну салаларындағы күрделі әлеуметтік-экономикалық қатынастар. Меншіктің заңдық мазмұны дәстүрлі құқықтарымен сипатталады: А) иемдену; Б) пайдалану; В) билік ету; 2. Меншік объектілері және субъектілері. Меншік субъекті – меншік қатынастарының белсенді жағы, меншік объектіне иемдену құқын білдіреді. Меншік объекті - меншік қатынастарының пассивті жағын сипаттайды және оған жатады: А) жылжымайтын мүлік; Б) жылжитын мүлік. В) интеллектуалды меншік. 3. Меншіктің түрлері және олардың қызметтері. Қазіргі қазақстандық заңнамаға сәйкес меншік иесі меншік объектісін иеленеді, пайдаланады және билік етеді. ҚР Азаматтық кодексі меншіктің жеке, мемлекеттік және аралас нысандарының құқықтық ауқымын анықтайды. Мемлекеттік меншіктің ерекше қасиеті – меншікке абсолюттік құқық мемлекетте. Өндірісті басқаруды мемлекет тайғайындаған басшылар жүргізеді. Мемлекеттік кәсіпорындардың меншігі үлестерге бөлінбейді, осыдан мемлекеттік меншік унитарлы. Муниципалды /жергілікті меншік иелері – жергілікті билік органдары (қалалық, аудандық т.б.) Жеке меншік – бір тұлғаның қолында шоғырланған меншік құқықтары. Ұжымдық меншік – жеке меншік құқықтары бар, біріккен топтар меншігі. 4. Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру. Мемлекет иелігінен алу – мемлекеттік меншікті өзгертуге байланысты мемлекеттің экономикадағы шектен тыс ролін жоюға бағытталған шаралар жиынтығы. Жекешелендіру – меншікті жеке және заңды тұлғалардың жеке меншігіне беру. 1991 жылдан бастап ҚР Конституциясы ең алғаш жеке меншік құқығын аынқтады, осы кезден жекешелендіру және мемлекет иелігінен алуға қадамдар жасалды. Жекешелендірудің заңдық негізі «меншік туралы» және «мемлекет иелігінен алу жәіне жекешелендіру туралы» Заңдарға көрініс тапқан. ҚР 10 жылдағы мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру процечсін 4 кезеңге бөліп қарауға болады. 1-ші кезеңде (1991-1992жж болды. 2-кезең 1993-1995жж- бұл 3-кезең 1996-1998жж. ҚР 4 – ші кезең. 1999-2000 жылдар. 4тақырып. Қоғамдық өндірістің нышандары. Тауарлы өндіріс. 1. Натуралды шаруашылық және оның эволюциясы. 2. Тауарлы шаруашылық: мәні, пайда болу жағдайлары мен себептері. 3. Құн заңы. Құн және баға. 4. Ақшаның пайда болуы мен мәні. Негізгі сөздер: натуралды шаруашылық, тауарлы шаруашылық, тауар, құн, Ақша 1. Натуралды шаруашылық және оның эволюциясы. Натуралды шаруашылық – бұл адамдар өздерінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өнім жасайтын ұйымдастыру-экономикалық қатынастардың жүйесі. Натуралды шаруашылыққа тән сипаттар: 1. ұйымдастыру-экономикалық қатынастар жүйесінің тұйықтылығы; 2. ерекшеленген түрлерге бөлуді жоққа шығаратын әмбебап қол еңбегі, 3. өндіріс пен тұтыну арасындағы тура экономикалық байлансытар. Ол мынадай формула бойынша дамиды: «өндіріс-бөлу-тұтыну», яғни жасалған өнім айырбасқа түспестен өндіріске қатысушылар арасында бөлініп, тұтынуға түседі. 2. Тауарлы шаруашылық: мәні, пайда болу жағдайлары мен себептері. Шаруашылықытң ең көп тараған түрі болып тауарлы шаруашылық табылады. Тауарлы шаруашылық – бұл пайдалы өнімдер рынокта сатылу үшін жасалатын ұйымдастыру-экономикалық қатынастар жүйесі. Тауарлы шаруашылыққа тән: 1. Ұйымдастыру-экономикалық қатынастардың анықтығы; 2. еңбекті бөлу жіне оның әсерінен тауар айырбасы жүреді, 3. өндіріс пен тұтыну арасындағы жанама, делдалдық байланыстар. Ол «өндіріс-айырбас-тұтыну» формуласы бойынша дамиды. 3. Құн заңы. Құн және баға. Тауар шаруашылығының өнімі – тауар. Тауар – бұл нарықта басқа тауарға балама айырбастауға бағытталған еңбекпен жасалған қоғамдық пайдалылық. Тауар арнайы сатуға, айырбастауға өндірілген зат. Тауарды тепе-тең өнімге айырбастау кезінде нарықта айырбас құнына ие болады. Баға-тауардың ақшалай көрінісі. 4. Ақшаның пайда болуы мен мәні. Ақша – жалғыз жалпы балама болып табылатын ерекше тауар. Ақшаның экономикалық ролі оның қызметтерінде көрінеді. 1. Құн өлшемі. 2. Айналым құралы. 3. Төлем құралы. 4. қазына/қор жинау. 5. әлемдік ақшалар.
5 тақырып. Сұраныс пен ұсыныс теориясының негіздері. 1. Сұраныс заңы. Сұраныс қисығы.Сұранысқа әсер етуші жағдайлар. 2. Ұсыныс заңы. Ұсыныс қисығы. Ұсынысқа әсер етуші жағдайлар. 3. Нарық тепе-теңдігі. 4. Икемділік ұғымы. Икемділік коэффициенті. 5. Тұтышушылық мінез-құлқы. Негізгі сөздер: сұраныс, ұсыныс, икемділік: 1. Сұраныс заңы. Сұраныс қисығы.Сұранысқа әсер етуші жағдайлар. Сұраныс дегеніміз- адамдардың тауар сатып алуға талабы мен қабілетілігі. Баға мен бағадан тыс факторлар сұранысқа ықпал тигізеді. Сұраныс заңы- сұраныс көлемінің бағаға кері тәуелділігі деп білеміз: тауардың бағасы неғұрлым төмен болса, тауар сұранысы соғұрлым жоғарылайды. Сұраныска 2 фактор әсер етеді. Баға әсері сұраныс шамасын өзгертеді де, сұраныстың қисық сызығы бойынша көрінеді. Бағадан тыс факторлар сұраныстың өзін өзгертеді және сұраныс қисығын оң жаққа ысырады. Бағадан тыс факторлар: 1. Тұтынушылар талғамының өзгеруі. 2. Сатыпалушылар санының өзгеруі. 3. Тұтынушылар табыстарының өзгеруі. 4. түйіндес тауарлар бағасының өзгеруі. 5. тұтынушылар күтүлерінің өзгеруі. 2. Ұсыныс заңы. Ұсыныс қисығы. Ұсынысқа әсер етуші жағдайлар. Ұсыныс дегеніміз-сатушылардың рыноққа тауарларды сату үшін ұсынудағы талабы мен қабілеттілігі. Ұсыныс заңы- ұсыныс шамасының баға деңгеіне тікелей тәуелділігі: баға жоғарылаған сайын, рыноктағы ұсыныс шамасы улғаяды. Ұсынысқа 2 фактор әсер етеді. Баға әсері ұсыныс шамасын өзгертеді де, ұсыныстың қисық сызығы бойынша көрінеді. Бағадан тыс факторлар ұсынысты өзгертеді де,ұсыныстың қисық сызығы оң жаққа, сол жаққа ығыстырылады. Бағадан тыс факторлар: 1. ресурстарға бағалардың өзгеруі. 2. Технологиялардың өзгеруі. 3. Субсидия және салықтардың өзгеруі. 4. басқа тауарларға бағалардың өзгеруі. 5. Ауа райы жағдайлары. 6. Өндірушілер санының өзгеруі. 3. Нарық тепе-теңдігі. Сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеттестігі баға механизмі мен бәсеке негізінде іске асырылады. Бұл сұраныс пен ұсынысты теңестіріп, тепе-тең бағаның құрылуына әкеліп соғады (А – нүктесі). Егер нарықтық баға тепе-теңдік бағадан артық болса. Артық сұраныс (артылып қалу) пайда болады, немесе, ұсыныс шамасы тауар сұранысынан асып кетеді. Егер нарықтық баға тепе-тең бағадан төмен бекітілетін болса, қанағаттанарлықсыз сұраныс (тапшылық) пайда болады, бұл жағдайда сұраныс шамасы ұсыныс шамасынан басым болады. 4. Икемділік ұғымы. Икемділік коэффициенті. Тауардың бағасының өзгеруі, тұтынушылардың кіріс мен басқа тауарлардың бағасы сұранысқа әр түрлі әсер етеді. Икемділік дегеніміз-бір айнымалының екінші айнымалының өзгеруіне пайыздық өзгерістің қатынасы ретінде көріну реакциясы. Икемді сұраныс. Баға төмендегенде сату көлемі өседі де, жалпы түсім (P.Q) артады. Икемсіз сұраныс. Баға төмендеген сату көлемі азғана өзгереді, жалпы түсім төмендейді. Жеке-дара икемділік. Бағаның төмендеуі өсумен өтеледіжәне жалпы түсім өзгермейді. 5. Тұтышушылық мінез-құлқы. Әр тұтынушы алдында 3 сұрақ тұрады: 1. Не сатып алу керек? 2. Қанша тұрады? 3. Сауда жасауға ақшам жете ме? Бірінші сұраққа жауап беру үшін, заттың тұтынушыға пайдалылығын анықтап алу керек. Екінші сұраққа жауап беру үшін бағаны зерттеп, үшінші сұраққа жауап беруден тұтынушы табысын анықтау қажет. Осы 3- пайдалылық, баға және табыс проблемалары тұтынушы мінез-құлқы теориясының мазмұнын құрайды. Осылардың өзара байланысын анықтауға тырысайық. Игілік пайдалылығы-бұл экономикалық игіліктің бір немесе бірнеше адам қажеттіліктерінің қанағаттандыру қабілеті. Зерттеу нәтижесінде ХІХғ. Мынадай заңдылық анықталады: біртіндеп тұтынатын қандай да бір игіліктің бөлігі тұтынушы үшін азаюшы пайдалылыққа ие болады. Бұл кезде тұтынушылар қалауы тұрақты, ал тұтыну қызметі үздіксіз, сондықтан әр нуктеде дифференцияланады деп есептеледі. Жалпы пайдалылық игілік саны өсуіне қарай біртіндеп өссе де игіліктің әр қосымша бірлігінің шекті пайдалылығы тоқтамастан азая береді. Жалпы пайдалылық максимум қанағаттандыру шекті пайдалылық нольге тең болғанда А нүктесіне жетеді. Бұл игілік қажеттілікті толық қанағаттандырады дегенді білдіреді. Егер ары қарай тұтыну зиян әкелсе жалпы пайдалылық төмендейді (АВ сызығы). Саны көбірек болған сайын осы игіліктің қосымша әр бірлігінің біз үшін құндылығы азая береді. Сонымен игілік бағасы жалпы емес тұтынушы үшін оның шекті пайдалылығымен анықталады.
6 тақырып. Жеке-дара ұдайы өндіріс теориялары 1. Кәсіпкерліктің әлеуметтік-экономикалық мәні, оның сипаттық белгілері. 2. Кәсіпкерліктің ұйымдық формалары Негізгі сөздер: Кәсіпкерлік, 1. Кәсіпкерліктің әлеуметтік-экономикалық мәні, оның сипаттық белгілері. Кәсіпкерлік — адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады, Бұған кезінде атақты неміс экономисі Гарвард университетінің профессоры Иозеф Алиоз Шумпетер (1883-І95Ожж.) мән берген. Оның айтқан мынандай сөзін эпиграф етіп алуға болады: "Кәсіпкер болу — басқаның стегенін істемеу". Екінші жағынан кәсіпкерлер — алдымен кәсіпкерлік жұмысты ұйымдастырушылар. Ол жайлы француз экономисі Жан Батист Сэй (І767-І832жж.) былай деген: "Кәсіпкер - адамдарды өндірістік шенбер ауқымында ұйымдастыратын адам". "Кәсіпкерлік" терминін алғашқы рет ағылшын экономисі Ричард Кантильон (1650-1734жж.) ендірді. Бұл ұғымға ол нарықтық тәуекелділік жағдайында табыс алу мақсатымен өндірісті ұйымдастырудағы адам белсенділігін жатқызған. 2. Кәсіпкерліктің ұйымдық формалары Қазақстан республикасы Президентінің "Шаруашылық серіктесі, жайлы” және "Мемлекеттік кәсіпорын жайлы" жарлығына сай кәсіпкерлік – қызмет шаруашылық серіктестінің түріне қарай жеке және ұйымдық болуы мүмкін: - жай,ол бірлескен қызмет шартына негізделген; - толық барлық мүлікке ынтымақтастық жауапкершілік жүктелген, - жауапкершілігі шектелген, салынған салым құны шеңберінің - коммандиттік - аралас жауапкершілік (біреудін толық мүлікімен басқаның салынған салымымен); - қосымша жауапкершілікпен, өзінің салымдарымен және оған жататын мүлікпен қосымша жауапкершілік мойынына алынады; - өндіріс және тұтыну кооперативтері; -консорциумдар; -акционерлік қоғамдар.
7 тақырып. Кәсіпорын капиталының (қорларының) айналымы және толық айналымы 1. Негізгі және айналмалы капитал. 2. Негізгі капиталдың құнсыздануы. Амортизация. 3. Инвестиция өндіріс қорларын қаржыландыру көзі ретінде. Негізгі сөздер: негізгі капитал, айналмалы капитал, амортизация, инвестиция. 1. Негізгі және айналмалы капитал. Негізгі капитал - бұл материалдық құндылықтың ұзақ кезеңлегі жұмыс істеп тұруы ретіндегі негізгі қорлардың ақшалай бағалауы. Осыған байланысты қорлар өзінің құндылығын өндіретін өнімге жартыла апарады. Қолданылып жүрген топтастыруға сай негізгі қорлардың құрамына өндірістік және өндірістік емес объектілер кіреді. 1-шіге жататындар - өндірістің, құрылыстың, ауыл шаруашылығының, автомобиль көлігінің, байланыстың, сауданың және басқа да материалдық өндіріс түрлерінің негізгі қорлары. Өндірістік емес негізгі қорлар - тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, денсаулық, білім, мәдениет, спорт салалары арналған. Айналмалы капитал - өндірістік процеске тек бір рет қана қатысып қызмет етеді және өндірістік тұтыну тәсіліне тәуелсіз өзінің құнын тікелей дайын өнімге апарады. 2. Негізгі капиталдың құнсыздануы. Амортизация. Негізгі капитал бірнеше жыл қызмет еткендіктен бір-бірте ол тозады. Тозу табиғи және сапалық болады. Табиғи тозу- жөндеу, қайта құру және негізгі қорларды жаңғыру арқылы ішінара қалпына келеді. Сапалық тозу- ескірген негізгі қорлар өзінің конструкциялық, өнімділік, үнемділік, шығарылған өнімінң сапасы жөнінен жаңа үлгіден қалып қоятынын білдіреді. Амортизация - бұл шығарылатын өнімге негізгі өндірістік қор құнының бірте-бірте ауысуы. Ол ақшалай қаражатының қорлану мақсатында негізгі қорлардың толық және ішінара қалпына келтіру үшін іске асырылады. 3. Инвестиция өндіріс қорларын қаржыландыру көзі ретінде. «Инвестиция» немістің «invesition» деген сөзі және бұл кәсіпорынға (фирма) пайда табу мақсатында ұзақ мерзімге салынған капитал мөлшерін көрсетеді. Осы тұрғыда инвестиция күрделі қаржыға қарағанда кең мағынада берілген. Күрделі қаржы -капитал жасаушы инвестицияның құрамды бөлігі. Олар жасауға және негізгі қорларды ұдайы жаңғыртуға бағытталған шығындар. Жалы және таза инвестиялар болады. Жалпы инвестициялар - капитал қорының жалпы өсуі.Жалпы инвестициялар шығынның орнын өтеумен салыстырады. Өтеу - тозған негізі капиталды ауыстыру процесі. Таза инвестциялар - жалпы инвестцииялар минус өтеуге кеткен қаражаттар. Жалпы инвестиция - өтеу= таза инвестиция. Егер жалпы инвестициялар өтеуден көп болса, онда таза инвестцииялар жағымды(+). Егер жалпы инвестициялар өтеуден аз болса, онда таза инвестициялар жағымсыз (-).Егер жалпы инвестциялар өтеуден тең болса, онда капитал қоры сол өзінің бірқалыпты деңгейінде қалады. 8 тақырып. Кәсіпорынның (фирманың) шығындары мен табысы. 1. Бухгалтерлік және экономикалық шығындар. 2. Тұрақты, өзгермелі және жалпы шығындар. 3. Фирманың жалпы, орташа және шекті табысы. Негізгі сөздер:сыртқы шығындар, ішкі шығындар, тұрақты, өзгермелі және жалпы шығындар. 1. Бухгалтерлік және экономикалық шығындар. Өндіріс шығыны өзіне шикізат, материал, жаңармай, электроэнергия, тұрақты капиталдың өткізілген бөлігі (амортизациялық) мен жұмыс күшін сатып алуға кететін шығындарды енгізеді. Өндіріс шығындары анық және анық емес болып бөлінеді. Анық шығындар (сыртқы шығындар) - сырттан алынған ресурстарға ақша төлемдері (жалданбалы жұмысшылар жалақысы, шикізат және материалдарға төлемдер,транспорт, қаржы, заң қызметтеріне төлем). Осы шығындар бухгалтериямен есептелініп, оларды бухгалтерлік шығындар деп атайды. Анық емес шығындар (ішкі шығындар) - өз ішік ресурстарын пайдаланумен байланысты шығындар. Бұл шығындар төленбейді және бухгалтерлік есептеулерде көрсетілмейді. Олар көбінесе жасырын формада болады. Осындай жасырын формадағы шығындарды балама (альтернативті) шығындар деп атайды. Анық және анық емес шығындар сомасын экономистер экономикалық шығындар деп атайды. 2. Тұрақты, өзгермелі және жалпы шығындар. Тұрақты шығындар (FC) - бұл фирманың өнім шығару көлеміне тәуелсіз шығындары. (сыртқы өндіріс факторын тікелей қолданумен байланысты шығындар). Кәсіпорын өнім өндірмеседе төленеді. Бұған жалгерлік ақы, жабдықтар үшін шығын, қызметкер (бухгалтер) жалақысы, салық төлеу, амортизациялық төлемдер, зайым бойынша пайыз т.б. жатады. Өзгермелі шығындар (VC) - өнім шығару көлеміне сәйкес өзгеретін шығындар. Материал, шикізат үшін төлемдер, энергетикалық шығындар, өнімді өндіретін жұмысшылардың жалақысы. Жалпы шығындар (TC) - тұрақты және өзгермелі шығындардың сомасы. TC = FC+ VC. Шығындарды тағы 2 түрі бар -орташа және шекті. Өнімнің бірлігіне қарай шығындарды өлшеу үшін орташа шығындар қолданылады. Ол жиынтық шығындарды өнімнің көлеміне бөлумен анықталады. Пайданы көп алу үшін өндіріс көлемін есептеу қажет, ол өз кезегінде шекті шығындарды анықтау қажеттілігін тұдырады. Шекті шығындар әрбір өндіріс бірлігін қосымша өндіру үшін қосымша шығындарды жұмсауды көрсетеді. 3. Фирманың жалпы, орташа және шекті табысы. Пайда дегеніміз - жиынтық табыс (TR) пен жиынтық шығындар (TC) арасындағы айырма. TР = TR-TC, ТР- пайда. Жиынтық табыс (TR) нарық бағасымен барлық өндірілген тауарларды сатуда түскен түсім. TR=P*Q, P – баға, Q – тауар саны. Орташа табыс (AR) – бір өнімнен орташа алынған табыс. AR=TR/Q. Шекті табыс (MR) – қосмыша өнім өндіргеннен түскен түсім. MR= TR/ Q. Қалыпты пайда - Анық емес шығындарды (ішкі шығындар) өтеу керек. Экономикалық пайда – қалпыт пайдаданың үстінен түскен табыс. Бухгалтерлік пайда – жалпы түсімнен сыртқы шығындарды алған сомаға тең. Бухгалтерлік пайда - Анық емес шығындарды (ішкі шығындар) = экономикалық пайда 9 тақырып. Өндіріс факторларының нарығы және факторлық табыстардың қалыптасуы 1.Еңбек нарығы және жалақы. 2.Капитал және процент. 3.Жер нарығы және жер рентасы. Негізгі түсініктер мен терминдер Абсолюттік рента; Дифференциальды рента; Еңбек нарығы; Жалақы; Лоренц қисығы; Нақтылы мөлшерліме жалақы; Несие пайызы; Номинальды мөлшерліме жалақы; Рента 1.Еңбек нарығы және жалақы. Табыстардың құрылуының экономикалық механизмін ұғыну үшін нарықтық экономикада өндіріс факторлары қалай бағаланады, соны білу қажет. Еңбек нарығы – бұл жұмыс күшін тауар ретінде сату - сатып алу туралы экономикалық қатынастардың жүйесі. Нарықтардың басқа да түрлеріне сәйкес еңбек нарығында жұмыс күшіне деген ұсыныс пен сұраныс туады. Еңбек нарығына тән қасиеттер: - жұмыс орындарын ұсынатын кәсіпорындардың санының мол болуы (жұмыс күшіне сұраныс); - әртүрлі мамандықтағы еңбеккерлердің санының мол болуы (жұмыс күшінің ұсынысы); - еңбек нарығында бірде - бір кәсіпорын және бірде - бір еңбекккердің күш ықпалының жүрмеуі; - жұмыс күшінің жалақының мөлшерімен бағалануы. Қазіргі экономикалық теорияда жалақыны кең және тар мағынада түсіндіруге болады. Кең мағынада жалақы әртүрлі мамандықтағы еңбеккерлердің жалпы еңбекақысы. Бұл жағдайда жалақы сомасына еңбекақымен қатар сыйлықтар және басқа да ынталандырушылық ақылары кіреді. Тар мағынада, жалақы – пайдаланған еңбек бірлігінің бағасы. Жалақы номиналды және нақты түрінде ажыратылады. Номинальды жалақы ақшаға шығарып берілетін жалақы, яғни еңбектердің өз еңбегі үшін алған ақша санасы. Нақты жалақы еңбеккердің алған ақша санасына өзі үшін және отбасы үшін қанша қажетті өмір сүру тауарларын сатып алуға болатынын көрсетеді. Нақты жалақы екі факторға тәуелді: 1. Номиналды жалақыға. 2. Еңбеккердің тұтыну және әл-ауқат тұрмыс дәрежесін сипаттайтын тауарлар бағасының деңгейіне. Еңбектің бағасы ретінде жалақының жалпы дәрежесі графикте сұраныс пен ұсыныстың қисықтарының қиылысқаны арқылы көрініс табады. Еңбекке деген сұраныстың қисығы тауарға деген сұраныс қисығына ұқсас, ал жұмыс күшінің ұсыныс қисығы – тауар ұсынысының қисығымен ұқсас болады. 2.Капитал және процент. Капитал - көп мағыналы ұғым: ол материалдық игіліктердің қоры, ол сонымен қатар материалдық емес элементтерді де қамтиды, атап айтқанда адамның қабілеті, білімі. Капиталдың екі негізгі формасын айтуға болады: өндіргіш капитал-өндіріс құрал - жабдықтары, ақшалай капитал – ақша капитал тиімді пайдалану арқылы ол иесіне табыс әкеледі, Капиталдың өсімі – пайызы деп аталады. Қарыз капиталының нарығы деп ақша капиталы объектісінің қызметін атқаратын және осы капиталға сұраныс пен ұсыныс қалыптастыратын, өзара қатынастардың жиынтығы аталады. Қарыз капиталдарының нарығы ақша нарығына және капиталдар нарығына бөлінеді. Ақша нарығы мерзімді бір жылға дейінгі банк операцияларын жүргізумен байланысты болады. Капитал нарығы банктің орта мерзімді және ұзақ мерзімді операцияларына қызмет етеді. Несие проценті – белгілі бір мерзімде капитал иесіне оның құралдарын пайдаланғаны үшін төленетін бағасы. Несие проценті капиталға деген сұраныс пен ұсыныс арқылы қалыптасады. Капиталға деген сұраныс келесі факторларға тәуелді: - инвестицияның пайдалылығына, - экономиканың дамуына, - мемлекеттің сұранысына, - салым мерзіміне, - салым салу саласына тәуекелге және басқа да факторларға. Несие пайызы номиналды және нақтылы мөлшері болып бөлінеді. Номинальды процент ставкасы – инфляцияның өсімін есепке алмайтын, ағымдағы нарықтық пайыздың мөлшері. 3.Жер нарығы және жер рентасы. Жердің саны шектелген, сондықтан жердің ұсынысы абсолютті икемсіз. Жердің ұсынысына төмендегі факторлар әсер етеді: 1. Жер құнарлылығы; 2. Жер участкісінің нарыққа алыс-жақын орналасуы. Жер нарығында тек сұраныс белсенді фактор. Жерге сұраныс өзгерістерінің нәтижесі шамалы болғандықтан, оны пайдаланғанда осы ресурстың иесі белгілейтін баға шешуші фактор болып табылады. Рента меншікке келетін табыстың бір түрі, капиталды жерге пайдалану құқы үшін меншік иесіне түсетін төлем. Оның көлемі аренда келісімінде белгіленеді. Жер рентасы – жер учаскесін уақытша қолданғанға төленетін төлем. Жер рентасының екі түрі бар: дифференциалды және абсолютті. Абсолюттік рента – бұл жериелерінің иемденетін табыстарының бір түрі. Оның абсолюттік деп аталатын себебі – ол құнарлылығы мен басқа да жағдайларға байланыссыз жалға берілген барлық жерлерден алынады. Мұны жерге меншік монополиясы болу салдарынан, жер иесіне жерге капитал пайдалану үшін төленетін төлем. Қай елде болмасын, халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін құнарлы жермен қатар өнімділігі төмен жерлерді де пайдалануға тура келеді. Сондықтан нарық бағасы құнарлылығы төмен жерде өндірілетін өнімдердің жеке өндірістік бағасымен өлшенеді. Сондықтан нашар деген жерлерден де орта пайдадан артық пайда алынатын болады. Мұндай артық пайданы абсолюттік рента түрінде жер иелері иемденді. 10 тақырып. Ұлттық экономика жүйе ретінде. 1. Қоғамдық өндірістің нәтижелері, оларды жиынтық ұлттық өнім (ЖҰӨ) арқылы өлшеп көрсету. 2. Жалпы ішкі өнім және өзара байланысқан көрсеткшіткер жүйесі. Негізгі сөздер: ЖҰӨ, дефлятор, 1. Қоғамдық өндірістің нәтижелері, оларды жиынтық ұлттық өнім (ЖҰӨ) арқылы өлшеп көрсету. Қоғамдық өндіріс нәтижесінің жалпылама көрсеткішіне жиынтық (жалпы) қоғамдық өнімді жатқызамыз, себебі ол коғамдық өндірістін бір жылда құрылған материалдық игілігінің (өндіріс құрал-жабдығы мен тұтыну заттары) жиынтығын бейнелейді. Жиынтық қоғамдық өнім (ЖҚӨ) екі түрде өндіріледі: натуралды-заттай және құндылық. ЖҚӨ натуралды-заттай түрінде өндіріс құрал-жабдықтары мен тұтыну заттарынан тұрады. Осы тұрғыдан барлық қоғамдық өндіріс екіге бөлшектенеді: өндіріс құрал-жабдықтар өндірісі (І-ші бөлімше) және тұтыну заттары өндірісі (ІІ-ші бөлімше). 2. Жалпы ішкі өнім және өзара байланысқан көрсеткшіткер жүйесі Ұлттық өндіріс көлемін өлшеу үшін жалпы ішкі өнім көрсеткіші қолданылады. Ол барлық жылдық өнім құнының сомасын құрайды, сондай-ақ Қазақстандағы шет ел және өзінің өндіріс фактоларын қолдану арқылы құралады. Оны жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) ажырата білген жөн. Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) жалпы ішкі өнімнен (ЖІӨ) осы елдегі қолданылған ресурстар табысы сомасының шет елдегісінен (пайыз, дивиденд, жалақы және т.б.) артық болады. ЖІӨ өзіне тікелей сол елде өндірілген өнім мен қызмет көрсетуді және бұл елдегі өндіріс факторын қолданғанда ғана енгізіледі. Егер жопандықтарға жататын өндіріс факторын АҚШ – да қолданса, онда олардың құны ЖІӨ - ге енгізілмейді. ЖҰӨ-нің көмегімен еліміздің экономикалық даму деңгейі мен пропорциясын шет елдермен тікелей салыстыруға мүмкіндік туды. Жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) жиынтық қоғамдық өнімнен (ЖҚӨ) айырмашылығы сол, ол еңбек заты мен жартылай фабрикаттар құнының қайталанған есеп-шотын ендірмейді. Қайталанған есеп-шоттың енбеуін қосарланған құн көрсеткіші қамтамасыз етеді. Ол дегеніміз кәсіпорынның жалпы табысы және оның шикізат пен материалға кеткен шығындары арасындағы айырмасын көрсетеді. Халықаралық статистикада ЖҰӨ-ді өлшеудің негізінен екі тәсілі қолданылады: 1. шығын немесе өндіріс бойынша; 2. табыс немесе түсім бойынша. Екі тәсілде бірдей болып бағаланады. Есеп - шоттың дәлдігіне қарай соңғысын ерекшелеуге болады. ЖҰӨ шығындар бойынша осы жылғы тауар мен қызмет көрсетуді сатып алу шығындары көлемі ретілде анықтайды. ЖҰӨ шығындар бойынша мынаған тең: GNP = C + I + Y + X мұндағы GNP – жалпы ұлттық табыс, С — тұтыну шығындары, G — тауар мен қызмет көрсетуді мемлекетгік сатыл алуы, I - жатпы инвестициялар, X - тауар мен шзмет керсетуді таза экспорггау. ЖҰӨ табыстар бойынша осы жылғы өндірілген тауардын ақшалай табысы және қызмет көрсетуді ұсыну ретінде анықталады. ЖҰӨ табыстар бойынша мынаған тең: Y = W + R + I + P мұндағы Ү — жалпы ұлттық өнім, W — жалдамалы жұмысшының жалақасы, Р - фирма мен корпорацияның пайдасы, R — ренталық төлемдер, I - қарыз капиталына пайыз (%). ЖҰӨ-ді номиналды және нақты деп айырады. Номиналды ЖҰӨ фактілік немесе ағымдағы бағамен өлшенеді, ал реалды ЖҰӨ көрсеткіші инфляция немесе дефляцияны (номиналды ЖҰӨ инфляция әсерінен тазарады, яғни баға индексін қолдану қажет) есептеумен анықталады. Нақты ЖҰӨ = номиналды ЖҰӨ / баға индексі Номиналды ЖҰӨ = нақта ЖҰӨ х ЖҰӨ дефляторы. ЖҰӨ дефляторы = номиналды ЖҰӨ/нақты ЖҰӨ ЖҰӨ-м дефляторының көмегімен өндірістің нақты көлемі баға динамикасында инфляциялық немесе дефляторлық іс-әрекет тенденциясы элеминацияланады. Тауар мен қызмет көрсетуге орташа баға пайызының өзгеруін — баға индексі дейміз. Индексті белгілеуді бастаған жылды базистік жылды дейміз. Базистік жылда әрбір бағаға индекс белгіленеді. Әр түрлі тауардың баға индекстері жинақталып тауар санынына бөлінеді. Базистік жылдың баға индексі ылғи да 100 тең болады. 11 тақырып. Макроэкономикалық тепе-теңдік 1. Экономикалық өсудің теориялары. Мультипликатор және акселератор эффектісі. 2. Макроэкономикалық тепе-теңдік теориялары. Негізгі сөздер: Мультипликатор, акселератор 1. Экономикалық өсудің теориялары. Мультипликатор және акселератор эффектісі. Өндіріс қарқынын жеделдетуге қол жеткізу үшін, Батыс елдерінің әртүрлі мектеп өкілдері экономикалық өсудің моделі мен формулаларын жасап, алдағы уақытқа болжау құрады. Өсу формуласынын негізінде кейнстің "мультипликатор" теориясы жатыр. Ол кейінірек "акселерация" теориясымен толықтырылды. Мультипликатор – көбейткіш, ал акселератор - бұл дайын өнім сұранымының өсушілігіне деген интенсивті өсушілік коэффициенті "Мультипликатор" ұғымын ағылшын экономисі Кан 1931-ші жылы ендірген, кейінірек Дж. М. Кейнс өзінің "Жұмыспен қамту, өсім және ақшаның жалпы теориясы" (1936) кітабында дамытты. Мультипликациондық эффекті масштабын болжау үшін Дж. Кейнс ендірген тәуекелділіктің мәні зор: тұтыну шығындары мөлшері мен осы деңгейдегі табыс – “орташа тұтынуға бейімділік” – арасындағы тәуелділік. Орташа тұтынуға бейімділікті (“АРС” – арқылы белгіленеді) экономикалық ғылымда “психологиялық фактор” ретінде түсіндіреді себебі адамның тұтыну тауарларын сатып алу ниетін көрсетеді. Тұтынуға бейімділік дегеніміз ұлттық табыстың тұтыну бөлігінің (С) барлық ұлттық табысқа қатынасы (Y). және “шектеулі тұтынуға бейімділік" (МРС) дегеніміз кез келген тұтынудағы өзгерудің табыстағы өзгеруіне қатынасын көрсетуі, 2. Макроэкономикалық тепе-теңдік теориялары. Жиынтық сұраным — тауар мен қызмет көрсетудің әртүрлі көлемін байқататын модель.Сондықтан тұтынушы, кәсіпорын және үкімет кез келген баға деңгейінде сатып алуға дайын. Жиынтық ұсыным — кез келген баға деңгейіндегі нақты өндіріс көлемі деңгейін байқататын модель. Басқаша айтар болсақ, тепе-тендік жағдайы ресурстарды толық қолданғанды көрсетпейді. Практикада мынандай жағдайлар кездеседі: егер өндіріс деңгейі ресурстарды толық қолдануды қамтамасыз еткенде, ЖҰӨ-м тепе-тендігін құруға талап еткен деңгейден жоғары болып келеді. Егер ол жоғары болса, онда ЖҰӨ тепе-теңдігіне жету үшін өндіріс көлемін қысқарту қажет, яғни өндіріс ресурстарын да толық қолданбау қажет, сөйтіп ол жұмыссыздыққа алып барады. Егер өндіріс деңгейі ресурстарды толық қолдағанда ЖҰӨ тепе-тендігін құруға талап етілген дейгейден төмен болса, онда сұраным ұсынымнан тұрақты түрде артып отырады. Ұсыным ешқандай арта алмайды, себебі ресурстар толық қолданылып біткен. Ал сұранымның шексіз артық болуы инфляцияға ұрындырады. 12 тақырып. Экономикалық дамудың ауытқымалы болуы макроэкономика заңдылығы ретінде. 1. Экономикалық цикл, циклдың кейнстік, неокейнстік және монетарлық тұжырымдамалары. 2. Қазіргі циклдық дамудың ерекшеліктері, ұзын толқындар. Негізгі сөздер: Экономикалық кезең (цикл), дағдарыс, өрлеу, депрессия, тірілу 1. Экономикалық цикл, циклдың кейнстік, неокейнстік және монетарлық тұжырымдамалары. Нарықтық экономикаға тұрақсыздық, көтерілу және құлдырау қасиеттері тән, ол экономикалық кезеңді қалыптастырады және экономиканың кезеңділігін анықтайды. Экономикалық цикл – бұл дағдарыстар арасындағы мерзім және осы кезде оның төрт фазасы ауысады. Экономикалық өсудің кезеңдік ауытқұын Кейнсиан мектебі акселерат принципімен және мультипликационды-акселерациондық механизмнің әрекетімен түсіндіреді.Ағылшын экономисі Дж. Кейнстің ойынша, цикл фазасының алмасуы күрделі қаржы мөлшерімен байланысты, ол пайда мөлшері мен пайыз (%) мөлшері ара-қатынасымен түсіндіріледі. Дағдарыс сонда ғана болады, егер пайда мөлшері (“шекті тиімділік”) пайыз (%) мөлшеріне дейін төмендесе, онда ол мынаған алып келеді: кәсіпкердің өндірісті дамытуға қаржы салу ниеті жойылады. Қазіргі Дж. Кейнстін ізбасарлары - "неокейнстіктер" - мәселен американ экономисі - Пол Самуэльсон былай дейді: нарықтық экономиканың циклдық сыйпаты ұлттық табыстағы тұтыну үлесінің төмендеуімен және акселератор жеделдету іс-әрекетімен түсіндіріледі. Олар күрделі қаржы тербелісінің амплитудасына және оның уақыт бойынша үлестірілуіне оңнемесе теріс әсер етіп, өндірістің өсуінен оның қысқаруына бет бұрыс жасайды. Американ экономисі Милтон Фридмен басқарған "монетаристік мектеп" өкілдері "неокейнстіктерден" айырмашылығы олар нарықтық экономыканың циклдық дамуының басты себептерін ақша факторынан іздейді. Ақша сұранымы нарықтық экономика тұрақсыздығының себебі болып табылады. 2. Қазіргі циклдық дамудың ерекшеліктері. ұзын толқындар. Қазіргі кезде циклдық дамудың өзіндік ерекшеліктері бар. Олар екінші дүниежүзілік соғыстын, ғылыми-техникалық революцияның әсерінен және мемлекеттің экономикалық ролінін өсуімен туындаған. Экономикалық дағдарыстар тым жиіледі және терендей түсті, сонымен қатар депрессия фазасы ұзақтығының ұлғаюымен ерекшеленді. Мұндай құбылыстар 1974-1975-ші және 1980-1982-ші жылдардағы экономикалық дағдарыстар кезеніңде байқалды. Бұл құбылыстар көптеген индустриалды — дамыған елдердің экономикасын қамтыды. Циклдық теорияны жасауда айырықша орынды Николай Дмитриевич Кондратьев (1892-1938) алады. Ол Петербург университетінің түлегі, кейінен сонда профессор болған. Экономика институты ғылыми кеңесінің мәжілісінде 1926-шы жылы 6-шы ақпанда жасаған “Коньюктураның үлкен циклдары” баяндамасы оған әлемдік атақ әкелді. Зерттеудің толық нәтижесі осы атпен 1928-шы жылы шыққан кітапта баяндалды. Экономикалық циклдардың 7-11 жылға созылатындығы белгілі болса, бұдан басқада 48-55 жылға созылатын ұзақ циклдардың бар екендігі белгілі бола бастады. 13 тақырып. Жұмыссыздық пен инфляция экономикалық тұрақсыздықтың көрінісі ретінде. 1. Жұмысбастылық пен жұмыссыздық ұғымдарының мазмұны. Жұмыссыздықтың негізгі түрлері. 2. Инфляция ұғымының мазмұны мен түрлері. Филипс қисығы. Негізгі сөздер: жұмыссыздық, инфляция 1. Жұмысбастылық пен жұмыссыздық ұғымдарының мазмұны. Жұмыссыздықтың негізгі түрлері. Жұмысбастылық ұғымымен еңбекке жарамды халықтың (есейген санының) жұмыспен қамтылғаны түсіндіріледі. Жұмыссыздықтың табиги деңгейі дегеніміз - өлшем, өйткені уақытша жұмыссыздарға сәйкес бос жұмыс орындардың табу үшін уақыт керек. Жұмыссыздықтың табиги деңгейі 5-6%-ға тең. Фрикциондық жұмыссыздық- бұл жұмыс күшінің объективті қажетті қозғалысымен байланысты жұмыссыздық. Құрылымдық жұмыссыздық - бұл жұмыс күші құрылымының жұмыс орны құрылымына сәйкес емес жұмыссыздықты айтады. Фрикциондық және құрылымдық жұмыссыздық түрлері болмай қалмайтын шарасыздық, сондықтан жұмыссыздықтың бұл түрлері елде жұмысбастылық халықты толық қамтиды деп санайды. Циклдық жұмыссыздық деп экономикалық тоқырау, дағдарыста көрінетін жұмыссыздық түрін айтады. Әлемдік тәжірибеде Оукен заңы қолданылады: жұмыссыздықтың деңгейі ағымдық көтерілуі табиғи жұмыссыздықтан 1% w Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.064 сек.) |