АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Глоссарий. Экономика — материалдық игіліктермен қамтамасыз етумен байланысты адамдардың кез келген әрекеті

Читайте также:
  1. V. глоссарий
  2. Глоссарий
  3. ГЛОССАРИЙ
  4. Глоссарий
  5. Глоссарий
  6. Глоссарий
  7. Глоссарий
  8. ГЛОССАРИЙ
  9. Глоссарий
  10. Глоссарий
  11. ГЛОССАРИЙ
  12. ГЛОССАРИЙ

Экономика — материалдық игіліктермен қамтамасыз етумен байланысты адамдардың кез келген әрекеті.

Экономикалық теория—адамның шектеусіз қажеттіліктерін қанағаттандырудағы қоғам өндірісінің сирек, шектелген ресурсын бөлу, айырбастау және тұтыну туралы ғылым.

Экономикалық категория — экономикалық құбылыстардың маңызды жақтарын көрсететін жалпылама ұғымдар.

Экономикалық заңдар — бұл экономикалық құбылыстар арасындағы тұрақты, қайталанатын байланысы.

Абстракция — абстракция терминін нақты түсіндірер болсақ, жекеше тыс ойлау деген ұғымды білдіреді. Күнделікті өмірде «абстракция» көбінесе нақты ұғымды болмыстан тыс және тек ойда елес ретінде түсіндіреді. Ал нақты нәрсе — бұл күнделікті өмірде көрінетін құбылыс шындығы.

Ғылыми абстракция — зерттеліп отырған құбылыстардың мардымсыз, өткінші жақтарын дерексіздендіру, олардағы тұрақты қасиеттерді тауып көрсету процесі.

Иидукция — жекелеген фактілерден жалпыны шығару.

Дедукңия — жалпыдан жекеге қарай қозғалу.

Анализ — объектіні бөлшектеп зерттеу.

Синтез — объектіні жалпы зерттеу.

Қажеттіліктер — адамдардың өмір сүруді қолдау және ағзаның дамуы, тұлғаның дамуы өршуі керек, қандай да бір затты қанағаттандыруды талап ететін объективті түрде қажетсінуі.

Игілік — өз бойында белгілі бір жағымды мән бар, белгілі бір қажеттілікті қанағаттандыратын және адамдардың мүдделері мен мақсаттарына жауап беретін процестің бәрі.

Қызметтер — нәтижесінде қандай да бір қажеттіліктерді қанағаттандыратын адамньң белгілі бір мақсаттағы әрекеті.

Ресурстар — тауарлар мен қызметер өндіру кезіндегі адамның шаруашылық әрекеті үшін қажетті, пайдалануға әзірленген игіліктер.

Экономикалық саясат — мемлекеттің экономикалық мәселелерді шешудегі және оның механизмдерін әрекетке келтірудегі қызметі.

Позитивті экономика — дерек негізіндегі экономикалық қылық туралы болжамдар.

Нормативті экономика — елдің экономика туралы бағалау пікірлері.

Өндіріс — бұл қоғамның дамуы мен өмір сүруі үшін қажет материалдық және рухани игіліктерді құру процесі.

Жұмыс күші — бұл адамның дене және рухани кабілеттілігінің жиынтығы және оны өндіріс процесінің материалдық игіліктер мен қызмет көрсетуінде қолданылады.

Еңбек заты — болашақ тауардың материалдық негізін құрайтын және еңбек процесінде адамдар әсер ететін заттар.

Еңбек құрал-саймандары — қажетті игіліктерге адамдардың әсер ету заттары бұл әр түрлі механизм мен машина, инструмент пен қажет тетіктер, двигатель, жеткізетін құрылым және т.б. нәрселер.

Өндіргіш күштер — бұл өндіріс құрал - жабдықтары, ең алдымен еңбек құралдары, сонымен қатар материалдық игіліктерді өндіретін адамдар.

Мұқтаждықтар — бұл адамдардың белгілі бір пайдалылығы бар игіліктерді иелену мен пайдалануға деген ынталылығы.

Капитал — бұл машина, құрал - жабдықтар, қойма, көлік және байланыс құралдары.

Кәсіпкерлік қабілеттілік — арнайы өндіріс факторы ретінде өндірісті ұйымдастыруда ынталылықгы, төзімділікті және тәуекелділікті көрсетеді.

Өндірістік мүмкіндіктерінің қисық сызығы — ресурстардың толық

пайдаланудағы баламалы нұсқаларды көрсетеді.

Қоғамдық ұдайы өндіріс — қоғамдық өндірістің өзінің қайта жаңаруының үздіксіз ағымындағы процесс.

Жай ұдайы өндіріс — бұл өндіріс процесінің бұрынғы ауқымда кайталануы, сондықтан да алынған табыстың бәрі жеке тұтынуға жұмсалады.

Кеңейтілген ұдайы өндіріс — бұл өндіріс процесінің ұлғайтылған ауқымда қайталануы, өйткені алынған табыстардың бір бөлігіне қосымша ресурстар сатып алынады, ал олардың пайдалану есебінен өндіріс процесі ұлғайтылған ауқымда жаңғыртылады.

Экстенсивті — өндіріс қуатын пайдаланылатын өндіріс факторлары санын көбейту нәтижесінде ұлғайту.

Аралас — өндіріс қуатын пайдаланылатын өндіріс факторлары санын ұлғайту және техника мен технологияны жетілдіру нәтижесінде ұлғайту

Интенсивті — техника мен технологияны жетілдіру нәтижесінде өндірістік әулетті ұлғайту.

Меншік — бұл адамдар арасындағы материалдық және рухани игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну салаларындағы күрделі әлеуметтік-экономикалық қатынастар.

Меншік құқығы — белгілі бір тұлғаларға материалдық және материалдық емес игіліктердің тиістілігін бекітетін және осы құқықтарды қорғайтын заң нормаларының жиынтығы.

Табыс — меншіктің экономикалық қасиеті.

Меншік субъекті — меншік қатынастарының белсенді жағы, меншік объектіне иемдену құқығын білдіреді.

Жеке меншік — бір тұлғаның қолында шоғырланған меншік құқықтары.

Ұжымдық меншік — жеке меншік құқықтары бар, біріккен топтар меншігі.

Жылжымайтын мүлік — жер телімі, ғимараттар, жылжытуға келмейтін объектілер.

Меншік объекті — меншік қатынастарының пассивті жағын сипаттайды.

Жылжитын мүлік — транспорт құралдары, айналымдағы тауарлар, бағалы қағаздар, ақша, мүліктік құқық.

Интеллектуалды меншік — рухани, ойлау әрекетінің нәтижелері.

Жекешелендіру — меншікті жеке және заңды тұлғалардың жеке меншігіне беру.

Натуралды шаруашылық — бұл адамдар өздерінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өнім жасайтын ұйымдастыру-экономикалық қатынастардың жүйесі.

Тауарлы шаруашылық — бұл пайдалы өнімдер рынокта сатылу үшін жасалатын ұйымдастыру - экономикалық қатынастардың жүйесі.

Тауар — бұл нарықта басқа тауарға балама айырбастауға бағытталған еңбекпен жасалған қоғамдық пайдалылық.

Айырбас құны — бұл тауардың белгілі бір сандық пропорцияда басқа пайдалы заттарға айырбастала алу қабілеті.

Құн — тауарды өндіруге жұмсалған және тауарды айырбастау кезінде пайда болатын қоғамдық еңбек.

Пайдалылық — қандай да бір адамның сұранымын қанағаттандыруы.

Құндылық—тұтынушының ігіліктің пайдалылығын ақшалай бағалауы.

Ақша —жалғыз жалпы балама болып табылатын ерскше тауар.

Құн өлшемі — қызметін іске асыруда барлық тауарлардың құнын өлшейді.

Айналым қүралы — қызметінде ақша каражаттары Т- А- 'I" формуласы бойынша жасалатын айналым делдалы ретінде жүреді.

Төлем құралы — ақшалар әр түрлі төлемдер үшін пайдаланылады.

Қазына/қор жинау — ақша айналысын тоқтатып, жинақталады.

Әлемдік ақшалар — ақша барлық елдердің шаруашылық озара қатынастарына ортақ балама ролінде жүре бастады.

Инфляция — қағаз ақшаның құнсыздануы.

Ақша айналымының заңы — айналымдағы ақша саны барлық өткізілген тауар бағаларының сомасына тең болуы керек.

Баға —құнның ақшалай көрінісі.

Нарықтық экономика — өндірушілер мен тұтынушылар нарық арқылы әрекет ететін шаруашылықты ұйымдастыру нысаны.

Нарық — бұл өндіру, бөлу, айырбас пен тұтыну процестерін қамтитын адамдар арасындағы экономикалық қатынастар жүйесі.

Нарықтық баға — сұраныс жәпе ұсыныс негізінде қалыптасатын баға.

Бәсеке — нарықтық шаруашылық субъектілері арасындағы қосымша табыс алу үшін жақсы өндіріс факторларын иелену және тауарларды өткізу мүдделеріне байланысты қарама-қарсылықты бақталастық пен бәсеке.

Инфрақұрылым — бұл институт (ұйымдар, фирмалар) жиынтығынан тұрады және оның мән-мағынасы нарықтың дамуы мен қызмет жасауы үшін қалыпты жағдай қалыптастыратын қызмет көрсетеді.

Делдалдық —өндіруші мен тұтынушы біріктіреді, қосады.

Баға белгілеу — бәсеке, сұраныс пен ұсыныс негізінде баға қалыптасады.

Ақпараттық — тауарға қалыптасқан баға кәсіпкерлерге экономиканың жағдайы туралы ақпарат береді.

Реттеу — баға арқылы әсер етеді.

Ынталандырушы — баға арқылы әсер етеді.

Сауықтыру — керек емес шаруашылық әрекеттен экономиканы тазартады.

Бағалық бәсеке — бағалар жарысы: бағаны төмендету, премиялар, шегерім (скидка),арзан көтере сату (распродажа).

Бағалық емес бәсеке — сапа және сенімділік, косымша кепілдік, ерекше безендіру және жарнама.

Сұраныс — адамдардың тауар сатып алуға талабы мен қабілеттілігі. Баға мен бағадан тыс факторларға сұранысқа ықпал тигізеді.

Сұраныс заңы — сұраныс көлемінің бағаға кері тәуелділігі деп білеміз: тауардың бағасы неғұрлым төмен болса, тауар сұранысы соғұрлым жоғарылайды.

Ұсыныс — сатушылардың рынокқа тауарларды сату үшін ұсынудағы талабы мен қабілеттілігі.

Ұсыныс заңы — ұсыныс шамасының баға деңгейіне тікелей тәуелділігі: баға жоғарылаған сайын, рыноктағы ұсыныс шамасы ұлұаяды.

Икемділік — бір айнымалының екінші айнымалының өзгеруіне пайыздық өзгерістің қатынасы ретінде көріну реакциясы.

Өтелім — негізгі қордың құнын олардың тұлғалық және моральдық (жаңа еңбек құрылымымен салыстыру бойынша құнының төмендеуі) төзу мөлшеріне байланысты бірте-бірте дайын өнімге аудару.

Индетерминистік тұжырымдамалар — адамзат тарихи заңды жаратылыстанушы тарихи процесс ретінде емес, әрқайсысының жеке жолы бар, қатар тіршілік ететін, туатын және өлетін мәдени-тарихи типтер немесе мәдени үлкен жүйелер жиынтығы ретінде көрсетіледі.

Детерминистік — тарихи процестің детерминистік тұжырымдамалары адамзат қоғамының прогрессивті дамуын таниды.

Демографиялық детерминизм — адамзат дамуы тарихын халық өсуімен түсіндірудің жекелеген қадамдары ежелгі және орта ғасырларда пайда болды.

Географиялық детерминизм — адам мен табиғаттың өзара әрекеті бір жақты, адамзат қоғамының қоршаған ортаға тәуелділігіне қарай қарастырылады.

Технологиялық детерминизм — ғылыми техникалық революция әсерінен техникалық прогресті абсолюттендіретіп теория, жиі пайда болып, кең -танымал болды.

Институционализм — адам қоғамының дамуының өндірістік қатынастармен ерекшеленуін мойындамайтын және жылжушы күштер ретінде психобиологиялық, әлеуметтік - құқықтық, мемлекеттік және басқа институттар сияқты экономикалық емес факторларды танитын ағын пайда болды.

Кәсіпкерлік — адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады.

Кәсіпкер — адамдарды өндірістік шеңбер ауқымында ұйымдастыратын адам.

Бизнес — табыс әкелетін кез келген қызметтің түрі.

Кәсіпкерлік — новаторлық іс.

Коммандиттік — аралас жауапкершілік (біреудің толық мүлікімен басқаның салынған салымымы)

Таза мемлекеттік шаруашылық есен — толық шаруашылық есеп.

Қазыналық — толық емес шаруашылық есеп.

Негізгі капитал — бұл материалдық құндылықгың ұзақ кезеңдегі жұмыс істеп тұруы ретіндегі иелігі қорлардың ақшалай бағалауы.

Айналмалы капитал — өндірістік процеске тек бір рет қана қатысып қызмет етеді және өндірістік тұтыну тәсіліне тәуелсіз өзінің құнын тікелей дайын өнімге апарады.

Табиғи тозу — жөндеу, қайта құру және негізгі қорларды жаңғыру арқылы ішінара қалпына келеді.

Саналық тозу — ескірген негізгі қорлар өзінің конструкциялық, өнімділік, үнемділік, шығарылған өнімнің сапасы жөнінен жаңа үлгіден қалып қоятынын білдіреді.

Амортизация — бұл шығарылатын өнімге негізгі өндірістік қор құнының бірте - бірте ауысуы.

Өтелім мөлшері — бұл жылдық амортизациялық аударымның негізгі өндірістік қорлардың құнына процент есебіндегі қатынасы.

Инвестиция — бұл кәсіпорынға пайда табу мақсатында ұзак мерзімге салынған капитал мөлшері.

Күрделі қаржы — капитал жасаушы инвестицияның құрамды бөлігі.

Инвестициялау — капитал қорын толықтыру немесе қалыптастыру процесі.

Жалпы инвестициялар — капитал қорының жалпы өсуі.

Өтеу — тозған негізі капиталды ауыстыру процесі.

Таза инвестициялар — жалпы инвестициялар минус өтеуге кеткен қаражаттар.

Нақты инвестициялар — кез келген өнімді өндіруге капитал салу, яғни қоғамның нақты капиталын өсіруді қамтамасыз ететін салымдар.

Қаржылық инвестициялар — қаржы инструменттеріне капитал салу, яғни акция, облигация және басқа да құнды қағаздарға салу.

Интеллектуалды инвестициялар — мамандарды дайындауға, тәжірибені беру, лицензия, ноу-хау, бірлескен ғылыми зерттеулер және т.б. капитал салу.

Тікелей инвестициялар — инвестордың өз қаржының жұмсаған объектіні басқару және оның қызметін бақылау сияқты құқықларға ие болуы.

Портфельдік инвестициялар — акция, облигация және т.б. кұнды қағаздарға капиталдың жұмсалуы.

ЖҰӨ дефляторы — атаулы ЖҰО- нің нақты ЖҰО-ге коэффиңенті.

Ұлттық байлық — бұл материалдық және рухани игіліктердің жиынтығы және осы уақытта барлығы қоғам меншігінде болады.

Ағу — мемлекет ішінде өндірілмеген өнімді сатып алуға табысты жұмсау.

Қуат беру — мемлекет ішінде өндірілген өнімдерге қосымша тұтыну шығындары.

ЖҰӨ — белгілі кезеңде өндірілген дайын тауардың құны.

ЖІӨ — ел ішінде өндірілетін тауардың құны.

Атаулы ЖҰӨ — экономикадағы жыл бойы өндірілген және тұтынуға арналған дайын тауарлар мен қызметтердің құны.

Нақты ЖҰӨ — экономикадағы өнімнің сол негізгі жылдағы бағасының құны.

ЖҰӨ дефляторы — атаулы ЖҰӨ- нің нақты ЖҰӨ- ге коэффиценті.

Ұлттық байлық —бұл материалдық және рухани игіліктердің жиынтығы және осы уақытта барлығы қоғам меншігінде болады.

Мультипликатор — көбейту, көбейткіш.

Акселератор (жеделдету) — бұл дайын өнім сұранымының өсушілігіне деген интенсивті өсушілік коэфициенті.

Тұтынуға бейімділік (АРС) — ұлттық табыстың тұтыну бөлігінің барлық ұлттық табысқа қатынасы.

Шектеулі тұтынуға бейімділік (МРС) — кез келген тұтынудағы өзгерудің табыстағы өзгеруіне қатынасын көрсетеді.

Жиынтық сұраныс — сатып алушының сұранысы, өндірілген өнім саны меп бағаның жалпы деңгейінің арасындағы тәуелділік. Немесе, жиынтық сұраныс — бұл үй шаруашылықтарының, фирмалар мен үкіметтің әрбір берілген бағалар жағдайындағы алғысы келетін тауарлар мен қызметтердің саны.

Байлық салдары (Пигу эффектісі) — бағалардың жалпы деңгейі өскенде (арзандағапда) жиналған қаржылық активтердің нақты бағасы төмендейді (көбейеді).

Пайыздық ставкаиың салдары (Кейнс эффектісі) — ақша массасы тұрақты- шарты: бағалар өседі - ақшаға сұраныс көбейеді - пайыздық ставка өседі.

Айырбас бағамының салдары (Манделл - Флеминг эффектісі) — бағалар құлдырайды - ақшаға сұраныс азаяды - пайыздық ставка азаяды - ұлттық валютаның нақгы айырбас бағамы төмендейді.

Бағалық емес факторлар — тұтынушылар шығындарының өзгеруі, инвестициялық шығындар, мемлекеттік шығындардың өзгеруі, таза экспорттық шығындар жатады.

Жиынтық ұсыныс — бұл сатушылардың әр түрлі баға деңгейінде ұсынатын тауарлар саны мен көрсетілетін қызметтер мөлшерін көрсетеді.

Экономикалық дағдарыс— бұл өндіріс көлемінің кенеттен төмендеуі.

Экономикалық кезең — бұл бір экономикалық дағдарыстың басынан екіншісінің басталуына дейінгі кезең.

Экономикалық цикл — бұл дағдарыстар арасындағы мерзім және осы кезде оның төрт фазасы ауысады.

Дағдарыс (құлдырау, рецессия) — алты немесе одан да көп айға созылады, жалпы өндіріс көлемі, табыс және жұмыс орындары азаятын кезең.

Депрессия (тоқырау, төмендеу, тереңдеу) — өндірістің кұлдырауының, тауардың босалқы қорлары өсуінің, баға түсуінің тоқталуы, яғни тоқырау жағдайындағы экономика.

Жандану (тірілу, көтерілу, жаңғыру) — өндірісте инвестициялардың артуы, тауарларға бағалардың көтерілуі, жұмыссыздық мөлшерінің аздап азаюы.

Шың (өрлеу) — бұл нүктеде экономикада өндірістің толықтай жұмыс істеуін және жұмыссыздықтың толық жойылуын байқалады.

«Экономикалық теория негіздері» пәнін оқып үйренуге арналаған әдістемелік нұсқаулар

1 тақырып. Экономикалық теорияның пәні және әдіс-тәсілдері. Экономикалық теорияның қоғам дамуындағы орны мен ролі

Мақсат: экономикалық теорияны пән ретінде қарастыру және оның дамуы мен әдіс-тәсілдерін талдау.

Жоспар:

4. Экономикалық теория курсының қисыны (логикасы) және құрылымы.

5. Экономикалық теорияның әдістері мен қызметтері.

6. Позитивті және нормативті экономика.

Әдістемелік нұсқаулар

Бұл тақырып жалпы экономикалық теория құрылымында ерекше орын алады, себебі ол осы оқып, білетін курсқа өзіндік әдістемелік кіріспе болып табылады. Тақырыпты орындау барысында экономикалық теорияның мәнін және зерттеу бағыттарын жаттап алу керек. Әр бір оқулықтардағы экономикалық теорияға байланысты анықтамаларды талдаңыз.

1.Мауленова С.С. Экономикалық теория.Алматы,2003.

2.Экономикалық теория. Аубакиров Я. Алматы,1999.

3.Осипова А. Экономикалық теория. Алматы, 2002.

4.Жүнісов Н, Нарықтық экономика негіздері. Алматы, 2000.

2 тақырып. Қоғамдық өндірістің негіздері.

Мақсат: қоғамдық өндірістің негіздерін талдау және оған сипаттама беру.

Жоспар:

1. Экономикалық қорлар (ресурстар) және өндіріс жағдайлары (факторлары).

2. Қоғамдық өндірістің құрылымы. Материалдық және материалдық емес өндіріс.

3. Өндіріс және ұдайы өндіріс.

Әдістемелік нұсқаулар

Өндіру, бөлу, айырбас және тұтыну кезеңдерін анық білу және әр кезеңге мысал келтіріп түсіндіре білу керек. Материалдық және материалдық емес салаларды ажырата білу. Өндіріс факторлары, ресурстар және табыстар кестесін толтырып, соны талдаңыз.

1.Мауленова С.С. Экономикалық теория.Алматы,2003.

2.Экономикалық теория. Аубакиров Я. Алматы,1999.

3.Осипова А. Экономикалық теория. Алматы, 2002.

4.Жүнісов Н, Нарықтық экономика негіздері. Алматы, 2000.

3 тақырып. Меншік қатынастары және олардың экономикадағы ролі.

Мақсат: нарықтық экономика жағдайындағы меншіктің көп түрлілігін талдау және оның қажеттілігі мен ерекшеліктерін көрсету.

Жоспар:

1. Меншіктің экономикалық және құқықтық мазмұны.

2. Меншік объектілері және субъектілері. Меншік формалары.

4. ҚР-да меншік қатынастарынын қайта құру. Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру.

Әдістемелік нұсқаулар

Жекешелендіру және мемлекет иелігінен айыру (алу) ұғымдарын анықтаңыздар, өйткені осы ұғымдар бойынша көптеген студенттер толық анықтама бере алмайды. Қазақстандағы жекешелендіруді өткізудің ерекшеліктеріне көңіл аударыңыз.

1.Мауленова С.С. Экономикалық теория.Алматы,2003.

2.Экономикалық теория. Аубакиров Я. Алматы,1999.

3.Осипова А. Экономикалық теория. Алматы, 2002.

4.Жүнісов Н, Нарықтық экономика негіздері. Алматы, 2000.

4 тақырып. Қоғамдық өндірістің нышандары. Тауарлы өндіріс.

Мақсат: натуралды шаруашылық мәнін талдап, нарықтық (тауар шаруашылығы) экономиканың қалыптасуын айқындау.

Жоспар:

1. Қоғамдық шаруашылықтың негізгі нышандары: натуралды және тауарлы.

2. Ақша жалпылама эквивалент ретінде. Ақшаның қызметтері. Ақшаның айналым заңы.

Әдістемелік нұсқаулар

Ақшаның пайда болуын айырбас қатынастарының дамуынан қарастырыңыз. Алтынға деген қөзқарас әр қоғамда қандай болғанын талдаңыз. Тауарға деген әр мектептің көзқарастарына көңіл аударыңыз.

1.Мауленова С.С. Экономикалық теория.Алматы,2003.

2.Экономикалық теория. Аубакиров Я. Алматы,1999.

3.Осипова А. Экономикалық теория. Алматы, 2002.

4.Жүнісов Н, Нарықтық экономика негіздері. Алматы, 2000.

5 тақырып. Сұраным мен ұсыным теориясының негіздері.

Мақсат: нарық, сұраным мен ұсыным негіздерін талдау.

Жоспар:

1. Рыноктың мәні, қызметтері.

1. Сұраныс заңы. Сұраныс қисығы.Сұранысқа әсер етуші жағдайлар.

2. Ұсыныс заңы. Ұсыныс қисығы. Ұсынысқа әсер етуші жағдайлар.

3. Сұраныс пен ұысныстың арақатынасы. Нарық тепе-теңдігі.

4. Икемділік ұғымы. Икемділік коэффициенті.

5. Тұтышушылық мінез-құлық.

Әдістемелік нұсқаулар

Нарықтық айрықша белігерін қарастырыңыз. Нарықтың түрлеріне кесте құрастырыңыз, талдауға жеңіл болады. Қазіргі кездегі республиканың нарықтық инфрақұрылымы қандай?

Нарықтық негізгі элементтерінде сұраным мен ұсынымның ролін талдаңыз. Тұтынушылық мінез құлық теорияларын қарастырыңыз.

1.Мауленова С.С. Экономикалық теория.Алматы,2003.

2.Экономикалық теория. Аубакиров Я. Алматы,1999.

3.Осипова А. Экономикалық теория. Алматы, 2002.

4.Жүнісов Н, Нарықтық экономика негіздері. Алматы, 2000.

6 тақырып. Жеке-дара ұдайы өндіріс теориясының негіздері.

Мақсат: кәсіпкерліктің мәні мен түрлерін талдау және Қазақстандағы кәсіпкерліктің дамуын қарастыру.

Жоспар:

1. Кәсіпкерліктің әлеуметтік-экономикалық мәні, оның сипаттық белгілері.

2. Кәсіпкерліктің ұйымдық формалары: олардың артықшылықтары мен кемшіліктері.

3. Өндіріс факторларына сұраныстың туынды сипаты. Жеке дара ұдайы өндірістің негізгі принциптері: өндірушілердің шығынын азайту және пайдасын жоғарылату.

Әдістемелік нұсқаулар

Зерттеу барысында ҚР заңдарын, ресми құжаттарын қолдану қажет. Кәсіпкерлік теориясының эволюциясының кезеңдерін жақсы игеріңіз. Фирманың кіспкерліктің түрлерінде алатын ролі қандай екенін біліңіздер.

1.Мауленова С.С. Экономикалық теория.Алматы,2003.

2.Экономикалық теория. Аубакиров Я. Алматы,1999.

3.Осипова А. Экономикалық теория. Алматы, 2002.

4.Жүнісов Н, Нарықтық экономика негіздері. Алматы, 2000.

7 тақырып. Кәсіпорын капиталының (қорларының) айналымы.

Мақсат: негізгі және айнымалы капиталдың мәнін ашу және инвестициялардың қаржыландыру құралы ретіндегі ерекшеліктерін талдау.

Жоспар:

1. Негізгі және айналмалы капитал.

2. Амортизация. Инвестиция өндіріс қорларын қаржыландыру көзі ретінде.

Әдістемелік нұсқаулар

Капитал түрлерін ажырата біліңіз. Негізгі және айналмалы капиталдарға нақты мысалдар келтіріңіз. Белсенді үйлестіру материалдарында капиталдың сатыларға бөлінуі келтірілген.

1.Мауленова С.С. Экономикалық теория.Алматы,2003.

2.Экономикалық теория. Аубакиров Я. Алматы,1999.

3.Осипова А. Экономикалық теория. Алматы, 2002.

4.Жүнісов Н, Нарықтық экономика негіздері. Алматы, 2000.

8 тақырып. Кәсіпорынның (фирманың) шығындары мен табысы.

Мақсат: кәсіпорын шығындары мен табыстарын талдау

Жоспар:

1. Бухгалтерлік және экономикалық шығындар.

2. Тұрақты, өзгермелі және жиынтық шығындар. Орташа шығындар. Шекті (қосымша) шығындар. Трансакциялық шығындар.

3. Фирманың жалпы, орташа және шектік (қосымша) табысы. Бухгалтерлік, экономикалық және мөлшерлі пайда.

Әдістемелік нұсқаулар

Кәсіпорынның шығындарының уақытқа байланысты өзгешеліктерін ескеріп, оның ерекшеліктерін талдаңыз.

1.Мауленова С.С. Экономикалық теория.Алматы,2003.

2.Экономикалық теория. Аубакиров Я. Алматы,1999.

3.Осипова А. Экономикалық теория. Алматы, 2002.

4.Жүнісов Н, Нарықтық экономика негіздері. Алматы, 2000.

9 тақырып. Өндіріс факторларының нарығы және факторлық табыстардың қалыптасуы

Мақсат: Өндіріс факторы нарығын талдау

Жоспар:

1. Еңбек ақы еңбектің бағасы ретінде.

2. Пайыз капитал иесінің факторлық табысы ретінде.

3. Жер рентасы – жер иелерінің факторлық табысы.

4. Пайда кәсіпкердің факторлық табысы ретінде.

Әдістемелік нұсқаулар

Өндіріс факторлары нарығындағы табыстардың қалыптасуы мен ерекшеліктерін талдауда М

1.Мауленова С.С. Экономикалық теория.Алматы,2003.

2.Экономикалық теория. Аубакиров Я. Алматы,1999.

3.Осипова А. Экономикалық теория. Алматы, 2002.

4.Жүнісов Н, Нарықтық экономика негіздері. Алматы, 2000.

 

10 тақырып. Ұлттық экономика жүйе ретінде.

Мақсат: ұлттық экономиканы жүйе ретінде қарастыру және негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерді талдау.

Жоспар:

1. Қоғамдық өндірістің нәтижелері, оларды жиынтық ұлттық өнім (ЖҰӨ) арқылы өлшеп көрсету.

2. ЖҰӨ-ді есептеп шығарудың әдістері. Нақты және номиналды ЖҰӨ.

3. Экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі үлгілері.

Әдістемелік нұсқаулар

ЖҰӨ, ЖІӨ айырмашылықтарын анық білу. Макроэкономикалық көрсеткіштердің өзара байланысының схемасына көңіл аударыңыз.

1.Мауленова С.С. Экономикалық теория.Алматы,2003.

2.Экономикалық теория. Аубакиров Я. Алматы,1999.

3.Осипова А. Экономикалық теория. Алматы, 2002.

4.Жүнісов Н, Нарықтық экономика негіздері. Алматы, 2000.

11 тақырып. Макроэкономикалық тепе-теңдік.

Мақсат: жалпы экономикалық теңдестіктің қалыптасуын талдау.

Жоспар:

1. Жалпы экономикалық тепе-теңдіктің классикалық теориясы.

4. Мультипликатор. Туынды инвестициялар және акселератор.

Әдістемелік нұсқаулар

AD – AS үлгілерінің сипаттамасын білу. А.Смит, Л.Вальрас, Д.Патинкин, Дж.М. Кейнс еңбектері мен теорияларын ескеру керек. Мультипликатор және акселератор айырмашылықтарын ажырата білу керек.

1.Мауленова С.С. Экономикалық теория.Алматы,2003.

2.Экономикалық теория. Аубакиров Я. Алматы,1999.

3.Осипова А. Экономикалық теория. Алматы, 2002.

4.Жүнісов Н, Нарықтық экономика негіздері. Алматы, 2000.

12 тақырып. Экономикалық дамудың ауытқымалы болуы макроэкономика заңдылығы ретінде.

Мақсат: экономиканың ауытқымалы дамуын талдау.

Жоспар:

1. Нарықты экономиканың ауытқымалы түрде дамуы.

2. Экономикалық цикл және оның түрлері: қысқа мерзімдік (Китчиннің циклы), орта мерзімдік (Жуглар циклы) және ұзақ мерзімдік (Кондратьевтің ұзын толқындары).

Әдістемелік нұсқаулар

Тұрақсыздықтың себептерін және ұзақтығын түсіндіре булу керек. Экономикалық цикл фазаларын графикте көрсету керек.

1.Мауленова С.С. Экономикалық теория.Алматы,2003.

2.Экономикалық теория. Аубакиров Я. Алматы,1999.

3.Осипова А. Экономикалық теория. Алматы, 2002.

4.Жүнісов Н, Нарықтық экономика негіздері. Алматы, 2000.

13 тақырып. Жұмыссыздық пен инфляция экономикалық тұрақсыздықтың көрінісі ретінде.

Мақсат: жұмыссыздық пен инфляцияның мәні мен экономикалық салдарын зерттеу.

Жоспар:

1. Жұмысбастылық пен жұмыссыздық ұғымдарының мазмұны. Жұмыссыздықтың негізгі түрлері.

2. Толық жұмысбастылық және жұмыссыздықтың табиғи деңгейі. Оукен заңы.

4. Инфляцияның экономикалық және әлеуметтік салдары.

5. Филлипс қисығы.

Әдістемелік нұсқаулар

Жұмыссыздықтың пен иняляцияның экономикаға тигізетін әсерін білу. Жұмыссыздық пен ЖҰӨ арасындағы байланыстың ерекшелігін айқын білу. Инфляция түрлерінің ерекшеліктеріне көңіл аудару керек.

Әдебиеттер:

1.Мауленова С.С. Экономикалық теория.Алматы,2003.

2.Экономикалық теория. Аубакиров Я. Алматы,1999.

3.Осипова А. Экономикалық теория. Алматы, 2002.

4.Жүнісов Н, Нарықтық экономика негіздері. Алматы, 2000.

14 тақырып. Экономикалық саясаттың негізгі бағыттары

Мақсат: экономиканы мемлекеттік реттеу қажеттілігі мен құралдарын талдау.

Жоспар:

1. Нарық экономикасын мемлекеттік реттеудің қажеттілігі.

2. Экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі моделдері.

3. Ақша-несие жүйесі. Ақша ұсынысы. Ақша ұсынымының мультипликаторы. Ақшаға сұраным.

4. Несиенің мәні және формалары. Осы күнгі несие жүйесінің құрылымы.

5. Қаржы жүйесінің мәні мен құрылымы. Мемлекеттік бюджет: ұғымы және құрылымы.

6. Салықтар. Салық салудың негіздері мен формалары. Лаффер қисығы.

7. Ішкі және сыртқы мемлекеттік қарыз.

Әдістемелік нұсқаулар

Экономиканы мемлекеттік реттеу құралдарын (фисқалдық және монетарлық) игеру. Қазақстанның халықаралық экономикадағы жағдайын талдау.

Әдебиеттер:

1.Мауленова С.С. Экономикалық теория.Алматы,2003.

2.Экономикалық теория. Аубакиров Я. Алматы,1999.

3.Осипова А. Экономикалық теория. Алматы, 2002.

4.Жүнісов Н, Нарықтық экономика негіздері. Алматы, 2000.

 

15 тақырып. Экономикалық өсу.

Мақсат: экономикалық өсу мәселелерін талдау.

Жоспар:

1. Экономикалық өсу ұғымы, оның өлшемі.

2. Экономикалық өсудің түрлері мен факторлары.

3. Экономикалық өсудің жаңаклассикалық және жаңакейнсшілдік үлгілері.

Әдістемелік нұсқаулар

Экономикалық өсу ерекшеліктерін және факторларына дағдарыстық жағдайдағы өзгерістерін талдау.

Әдебиеттер:

1.Мауленова С.С. Экономикалық теория.Алматы,2003.

2.Экономикалық теория. Аубакиров Я. Алматы,1999.

3.Осипова А. Экономикалық теория. Алматы, 2002.

4.Жүнісов Н, Нарықтық экономика негіздері. Алматы, 2000.

 

 

 
 

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті   СМЖ ЖМУ Е/ОӘК.08-01-2012 2 басылым
САПА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ
Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыздандыруларының картасы Ф.4.08-01-47
29.03.2012 ж.

Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыздандыруларының картасы

 

Экономикалық теория негіздері

(пәнің атауы)

 

Кафедра экономика

Тьютор Казиева Л.Ж.

Мамандықтар: 5B011400 «Тарих», 5B011700 «Казақ тілі және әдебиет», 5B011900 «Шет тілі: екі шет тілі», 5B020700 «Аударма ісі», 5B050400 «Журналистика»

Кредит саны 2

Пән циклі міндетті, базалық

Студенттер саны 41

 

 

Әдебиет түрі Шифр Әдебиет аты Бар болуы Ескерту
Кітапханада, кафедрада қамтамасыз ету%
Негізгі   У01я73 Ж23 Жалпы экономикалық теория Жалпы редакциясын басқарған Ө.Қ.Шеденов 50 дана    
  У01я7 Ғ12 Ғабит Ж.Х. Экономиялық теория. З2 дана    
           
Қосымша     Макроэкономика. Тлеужанова З.      
  У9(2К)262.29я73 К70 Көшенова Б.А. Бағалы қағаздар нарығы 100 дана    
           
           
Электронды              
             
Анықтамалық материалдар       Статистикалық жинақтар.2005,2006,2007,2008 жылдар +    
Демонстрациалық материалдар (сонын ішінде Интернет)       www.kasstat.      

 


1 | 2 | 3 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.059 сек.)