|
|||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
Кіріспе
Қайтадан жаңарту, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру және жаңа құрылыстың сапасы көп жағдайда сәйкес күрделі құрылыстарға қойылатын қазіргі заманғы талаптарға сай жобалар сапасымен анықталады. Жаңа және қайта жаңғыртылатын АКК пайдалануға беру уақыты бойынша техникалық жағынан алдыңғы қатарлы және өндірістілігі мен еңбек жағдайы, механикаландыру деңгейі, өндірістің өзіндік құны мен сапасы, күрделі кәсіпорындардың, ғимараттар мен құрылымдардың жоғары техникалық деңгейі мен жоғары экономикалық тиімділігін қамтамасыз ету оларға қойылатын басты талап болып табылады. Қаржының тиімділігін арттыру мен құрылыс бағасын арзандатудың басты міндеті: автомобиль көлігін тиімді ұйымдастыру мәселесін шешудің бір бөлігі болып табылады және көптеген пайдалану, технология және құрылыс мәселелерін қамтиды. Бұл мәселе, ең алдымен, негізгі қорларды тиімді пайдалануды және күрделі қаржының жоғары тиімділігін белгілі – бір деңгейде алдын-ала анықтауға мүмкіндік беретін кәсіпорынды жоғары сапалы жобалау арқылы шешіледі. Автокөлік кәсіпорындары соңғы кездерде едәуір өзгерістерге ұшырады. Дегенмен де кез келген автокөлік кәсіпорны олардың мақсатына, өлшемі мен меншік түріне қарамастан міндетті түрде техникалық қызмет пен жөндеу, өндірістік-техникалық базасынан тұрады Техникалық қызметті уақтында және сапалы өткізу, автомобиль паркінің сенімділігін және пайдалану тиімділігін арттыру тек қана қазіргі заманғы, жаңа жабдықтармен жарақталған өндірістік техникалық базада ғана мүмкіндікке ие. қаржының тиімділігі бойынша жоғары көрсеткіштерге ие болатындай етіп ғылым мен техниканың озық жетістіктерін барынша пайдалана отырып, жобаланатын жүйені қарастыруға болады.
I Зертемелік бөлімі. 1.1. Автокөлікке техникалық қызмет көрсету саласы. Көлік саласының даму деңгейі тікелей елдің қауіпсіздігі мен экономикасының бәсекеге қабілетті болуына әсер ететіндіктен, заманауи әлемде барлық елдің экономикасында көлік саласының маңызы артып келеді. Көлік саласы Қазақстанның ЖІӨ құрылымында салмақты үлес алатын маңызды секторы болып табылады. Республика территорясының үлкендігі, тығыздығының төмен болуы, соңғы жылдары қол жеткізген экономиканың қарқынды даму тасымалдаудың қажеттілігін арттыра түседі. Онымен қоса, шаруашылық арасындағы қатынас шеңберіндегі халық және жүк тасымалы экономикалық даму және аймақтардың өзара байланысы жыл өткен сайын қажетті қызмет болып саналуда. Экономкалық функциядан басқа, көлік социалдық та маңызды рөл атқарады: халықтың туыстық, достық қарым-қатынасын қамтып, демалыс, білім, мәдени даму және де әртүрі әлеуметтік мәселерді шешуге қатысады. Қазақстан негізгі әем нарықтарынан шет қаған. Осы себепті Қазақстан жоғары жүк сыйымдылығымен ерекшеленеді. Жүк тасымалының 80% астамы автокөлікпен тасымалданады. Елдер арасындағы қарым- қатынаста да көлік саласының алатын орны зор. Бұның нығаюы көлік кешенінің дамуына жаңа, жетілген талаптар қояды, себебі респубиканың ішкі экономикасының және халықаралық ынтымақтастығының даму нәтижесі осыған байланысты. Бұл сала әлі күнге дейін толық іске қосылмаған халықаралық потенциалға ие. Әлемдік сауда соңғы екі онжылдық ішінде қарқынды дамып келеді. Қазіргі таңда шамамен $400 млрд құрайтын Еуропа мен Азия арасындағы жылдық тауар ауысымы 2015 жылы $1 трлн жетуі мүмкін. Осыған байланысты, Қазақстанның Еуропа мен Азияның арасындағы жүк тасымалын өткізуге қолайлы географиалық орналасуы, қазақстанның мемлекеттік қаржы қоры мен көлік компаниялыраның қаржы қорларының көбеюіне әсер етеді. 2015жылы Қазақстан Республикасының көлік және коммуникация министрлігі жүк транзитінін көлемін 25 млн. тоннаға, ал транзиттен түсетін жалпы пайданы $1,5 млрдқа жеткізуді жоспарлап отыр. Қазақстан Республикасының автокөлік секторы басқа көлік түрлеріне қарағанда анағұрлым бұқаралық және алыс емес қашықтықтарда жолаушы және жүк тасымалдауға қолайлы болып келеді. Ол үлкен ептіліктің, жақсы бейімдеудің және әртүрлі климаттық және географиалық жағдайда өткіштік қасиеттің иесі. Елдің көлік саласында автокөлік маңызды роль атқарады. Автокөлік саласы кәсіпорындардың, фабрикалар мен зауыттардың, сауда ұйымдарының тамақ және жеңіл өнеркәсіп саласының, әртүрлі балалар және басқа да мекеме нарықтарының қалыпты жүмыс істеуімен қамтамасыз етеді. Қазақстандағы автокөлік жүк тасымалынының дамуына әртүрлі факторлар кері әсерін тигізеді, әсіресе, автокөлік жолдары желісінің жеткіліксіз дамуы және оларды пайдаланудың төмен мүмкіншіліктері. Техникалық қызмет көрсету мен жөндеуден өткен көлік қүралдары Қазақстан Республикасының жол жүрісіне қатысты талаптарына, ережелеріне, нормативтерге, стандарттарға сәйкес болуы тиіс. Автокөлік паркі үздіксіз өсу барысында және шетел және жергілікті өндірушілерінің автокөліктерімен толықтырылуыда. Еліміздің экономикасының дамуы жағдайынының өзгеруі автокөлік парктерінің қүрылымын қайта қарауды, пайдалалану шығынын азайтуды және автокөлік қүралдарын жоғары сапада жасалуын талап етеді. Қазақстанда соңғы он жылда автокөлік саласы белсенді дамыды және ол темір жол мен әуе көлігі саласының қүрылымын тарылтты. Республикада жыл сайын жеңіл және жүк көліктерінің паркі толтырылып, көлік жолдары желісі, автосервис қызметтері дамып, автокөлік және оның инфрақүлымы жағдайын халықаралық стандарттарға жақын болуы қадағалануда. Автокөлік қызметінің нарығы Қазақстандағы басқа көлік түрлерімен салыстырғанда анағүрлым бәсекеге қабілетті болып келеді. Экономиканы дамыту стратегиялық жоспарында көлік инфрақүрылымының, аймақтық көлік жолдары желісінің сапалы дамуына, көліктің экологиялық қауіпсіздігінің жоғарылауына және транзиттік тасымалдарыдың көбеюіне ерекше мән беріліп отыр. Қазақстандағы автокөлік саласы экономикалық мәні жағынан соңғы он жылда темір жол және қүбыр тасымалынан кейін үшінші орынға шықты. Автокөлік саласы үшін темір жолмен салыстырғанда 6 есе жоғары тығыздықтағы көлік жолдары (1000 шаршы. км территорияға 30 км) артықшылық болып есептеледі. Темір жол көліктеріне вагондардың жетіспеуі автокөлік тасымалын тапсырыстармен қамтуда. Автокөліктер жүк тасымалының айтарлықтай бөлігін (90- жылдармен (10%) салыстырғанда 2010 жылы 20,8%) және жолаушылар тасымалының 90 % қамтиды. Талдаушылардың божамы бойынша 2015 жылға қарай жүк тасымалындағы автокөліктердің үлесі 32% дейін көбейеді. Автокөліктер мен көлік жолдары Қазақстанның көптеген аймақтары үшін жалғыз қатынас жолы болып табылады. 1.2. Техникалық қызмет көрсету және автокөлік құралдарын жөндеу. Сараптау ел ішінде түгелдей «техникалық қызмет көрсету және автокөлік құралдарын жөндеу» саласындағы қызмет шамасы 2,4 есе көбейді және 40 398,2 млн тенгені құрады. Ақмола облысында қызмет шамасы 7,6 есе,Алматы облысында 23 есе; Атырау облысында 10 есе, Жамбыл обысында 8,5; в Солтүстік Қазақстанда 6 раз, Алматы және Астана қалаларында 2 есеге өсті. Қызмет көрсетудің ең үлкен көрсеткіштері Алматыда (26%) 10425247 мың теңге, Атырау облысында 6943727 мың теңге (7%), ал ең аз қызмет көрсету көрсеткіштері Қызылорда облысында 261497мың теңге (1%) құрайды. II Технологиялық есептеу бөлімі 2.1. Өндірістік жұмысшылардың қажеттілігін есептеу. 1. Өндіріске қажетті жұмысшылардың методтық кесте бойынша жұмысқа келуі мен белгілі бір себеппен келуі, келмеуін есептеу. Формула: Шк=Тг(Жжқу*Өақ) Мұндағы: Шқ - штадтық кесте (38454) Жкқу – жұмысшылардың жылдық қор уақыты (3201) Өақ – өнімді арттыру коэффициенті (1,23) 38454*(3201*1,23) =10 Штадтық жұмысшылар саны. 2. Қосымша жұмысшылардың санын пайыздық мөлшермен тізім бойынша өндеу жұмысшылардың саны арқлы анықталады. Кжс=Кжп*Шк Мұндағы: Қжс - қосымша жұмысшылар саны. Қжп – қосымша жұмысшылар пайызы – 0,3 Қжс=0,3*10=3 3. Инжинерлі технологиялық жұмыс санын пайыз бойынша штадтық және қосымша жұмысшылардың санынан анықтайды. Итжс=Итжп(Шн+ққжс) Мұндағы: Итжс – инж-к техникалық жұмысшылар саны. Итжп – 0,12 Итжс=0,12(10+3)=0,12*13=2 4. Қызметкерлердің саны мен төменгі деңгейдегі қызметкерлердің саны қосымша жұмыс көрсетумен өңдірісітің жұм-ң санымен пайыздық мөлшермен есептелінеді. Қс=Кп(Шк+Қж) Тқкж=Тққжп(Шк+Қж) Қс- қызмет саны Қп – қызмет пайызы – 0,05 Тқкжп – төмен деңгейдегі қызметкерлердің көрсететін жұмысы. Тққжп – 0,02 Қс=0,05(10+3)=1 Тққжп=0,02(10+3)=0,26
2.2. Өзіндік жұмысшылардың санын есептеу. Формула: Кжо=Тсм(К-Кд-Кд-Км)-Кма*Тл Тсм – жұмыс күнінің өнімділігі. (уақыт – 9 сағат) К – жылдағы күнтізбелік күн (365) Кд – демалыс күндері (52 күндер) Км – мереке күндер (10 күн) Кма – тұрақты сан (6) Тсм=9*(365-52-10)-6=2721 Кжо=9*(365-52-10)-6*2721=7539891 Айына: 7539891/12=628324 Күніне:628324/26=24166 Сағатына:24166/10=2416 Технологиялық қажет жұмысшылардың жылдық уақыт қоры: Фт=(К-Кд+Км)*7-Дпп-1 Мұндағы: Дпп – (мереке, сенбі, жексенбі күндері) 60 күн Фм=(365-8+9)*7-60-1=2502 2.3. Негізгі материалдармен қосымша бөліктерге кететін шығындарды есептеу. Материалдардың құны автокөліктің жүгірісінің әр 1000км-де техникалық әсерлер бойынша шығын шамасы негізінде есептеледі. шамалар пайдалану шарттарының екінші деңгейіне қойылған. Шарттардың бірінші және үшінші деңгейі жұмыс істеу үшін түзету коэффициенті қолданылады. Барлық есептеулер әр автокөліктің түріне, моделіне, тозу деңгейіне байланысты есептелінеді. Мш=(Sмі*Lг)/1000 Мұндағы Sмі – автокөлік 1000 км кеткен шығын (материалдардың) Lг – автокөліктің жылдық жүрісі Мш – материалдық шығын Sмі=2,5*131=327,5 Lг=865,410км Мш=(327,5+865,410)/1000=1192,91
Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.009 сек.) |