АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

КЕББМ АЛМАТЫ МЕНЕДЖМЕНТ УНИВЕРСИТЕТІ

Читайте также:
  1. Административные, социально-психологические и воспитательные методы менеджмента
  2. Адміністративні методи менеджменту
  3. Азиатский стиль менеджмента
  4. Алматы 2000 г.
  5. Алматы 2012 1 страница
  6. Алматы 2012 10 страница
  7. Алматы 2012 2 страница
  8. Алматы 2012 3 страница
  9. Алматы 2012 4 страница
  10. Алматы 2012 5 страница
  11. Алматы 2012 6 страница
  12. Алматы 2012 7 страница

“ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ ПӘНДЕРІ” КАФЕДРАСЫ

«Философия» пәнінің

қысқаша дәріс тезистері

ДӘРІСТІҢ ҚЫСҚАША ТЕЗИСТЕРІ

Модуль 1. Философияға кіріспе.

Д.1. Философия: пәні, функциялары, тарихи өлшемі.

1.Философияның пәні мен анықтамалары.

2. Философияның арналуы мен мағынасы.

Дәріс мақсаты: философия пәнің анықтау, философиялық білімнің өзгешелігін көрсету, философияның мәдениетте орынын көрсету.

Негізгі ұғымдар: дүниегекөзқарас, аңыз, дін, философия, әдіс, метафизика, диалектика, материализм, идеализм.

Философия пәні.

Философия - даналыққа құштарлық (ежелгі гректің phileo – құштармын және sophia – даналық деген сөздерінен шыққан); Адам - Әлем жүйесіндегі өзара қарым - қатынастар мен жалпы заңдылықтарды бейнелейді.

Философия пән ретінде келесі бөлімдерін қарастырады:

· адам және оның әлемдегі болмысы жайлы ілім (философиялық антропология);

· болмыс туралы ілім (онтология);

· таным туралы ілім (гносеология және эпистемология);

· адамзат қоғамының мәні мен дамуы туралы ілім (әлеуметтік философия);

· философия тарихы.

Сонымен қатар, философия этика, эстетика, дінтану және басқа да философиялық пәндерді негізге алады.

Философия дүниетанымның теориялық негізгі болып табылады. Дүниетанымды адамның қоршаған орта және өзі туралы пікірлері мен идеяларының жиынтығы арқылы анықтауға болады.

Дүниетанымның бірнеше формалары мен типтері бар. Дүниетанымның кең тараған түрі тарихи типология арқылы анықталады. Онда дүниетанымның мынадай типтері белгіленеді: мифологиялық, діни және философиялық.

Мифологиялық көзқарастың негізінде аңыз, қиял жатыр.

Діни көзқарастың негізінде сенім жатыр.

Философиялық көзқарастың негізінде ақыл-ой, зерде жатыр.

Материализм – материяның алғашқы екендігін мойындайтын философиялық көзқарас.

Идеализм – идеяның алғашқы екендігін мойындайтын философиялық көзқарас.

Объективті идеализм – идея, рух адамның сана-сезімінен тыс, тәуелсіз.

Субъективті идеализм – идея, рух адамның сана-сезіміне тән.

Монизм – дүниенің алғаш бастамасын бір ғана субстанция деп мойындайтын философиялық көзқарас.

Дуализм – дүниенің алғаш бастамасын екі субстанция деп мойындайтын философиялық көзқарас.

Плюрализм – субстанцияның көптігі жөніндегі философиялық көзқарас.

Дін   Мифология   Философия

 

Жалпы, бәріне ортақ

 

Келесі сұрақтарға жауап іздеу: әлемнің пайда болуы туралы, өмір және өлім, адамның дүниеде орны және оған қатынасы туралы

 

  Айырмашылық  
Адамның сезіміне назар аударады, сенімге сүйенеді   Алдамның ақылына бағытталған, ғылым мен дүние туралы білімге сүйенеді
         

20 ғ. ағылшын философы Бертран Расселдің пікірінше философияның барлық сұрақтары негізгі 13 сұрақта тұжырымдауға болады:

1. Дүние рух пен материяға бөлінген бе?

2. Олай болса, рух дегенміз не және материя дегеніміз не?

3. Рух материяға бағынады ма әлде өзгеше күш иесі ма?

4. Ғарыш біртұтас па және оның мақсаты бар ма?

5. Әлем бір бағытта дамиды ма?

6. Олай болса, қандай мақсатқа жеткізеді?

7. Табиғат заңдылықтары біздің талдау және пайымдау қабілетіміздің нәтижесі ма әлде өзгеше бар ма?

8. Адамның өмір сүруі және өзгеше мәні неде?

9. Бір өмір жолы дұрыс және мейірімді, екінші – бұрыс және қайырымсыз деп бөлуге бола ма, әлде олар екеуіде – жарамсыз ба?

10. Дұрыс өмір бар болса, оған қалай жетуге болады?

11. Зұлымдылық пен ігілік бар ма, және ігілікке ұмтылудың қажеттіліг бар ма, сбебі, өмір өлімге әкеледі, ал Ғарыш – сөнуге?

12. Ақыл бар болса, оны біз қалай анықтаймыз, әлде ақыл деп атағанымыз ессіздіктің өзгеше түрі ма?

13. Философ болу қажет па?

Сөйтіп, біріншіден, философия мән және өмір сүру туралы ғылым. Өмірде болып жатқан жағдайлар адамды қанағаттандырмайды, сөйтіп, ол оны өзгерткісі келеді. Оның мақсаты – жалпы адамзат пен жеке адам үшін мәнгі мәселелердің бастамасы.

Екіншіден, философия – ол ойлаудың тәсілі,әдетінде,реалдылыққа деген қатынасында көрінетін философтын ойлау бйнесю. Философия адамды мұнайтатын және түбіне жететін күнделіктен көтереді..

Үшіншіден, философия, әрқашанда – түсіну және пайымдау. Пайымдау дегеніміз адамның индивидуалды таным қабілеттерін бетке шығарып жетілдіру. Пайымдауға адам тіл арқылы жетеді. Ол себептен оның тереңдігі көрінеді. Пайымдау мен түсінік адамның қатал ұстанымдарын тудырады, себебі, адамның іс-әрекеті мен реалдылық қатынасы оның басында жалғас табады. Ұстанымдар білімге қарағанда құңдылық және бағалау пікірлердің бастамасы. Флософия пайымдаудың түрі ретінде ұстанымдарды жаратады.

Өзінің негізінде философия теориялық ғылым. «Теоретик» деген ұғым грек тіліннен «назар аудару». Теоретик практиктан әрі көреді. Платон: философияны «he episteme ton eleutheron» - «спорт айналушылардың ғылымы» әлде «еркін адамдардың ғылымы» деп тұжырымдаған. Плотин: филосфофия ең маңызды туралы ғылым, философия өзі - to timiotation, яғни ең маңыздысы.

Философияның пәні – адамның дүниеге қатынасы, дүниенің адамға әлде «адам-әлем» жүйесінде жалпылық.

Философия – тек дүниеге көзқарас емес, сонымен қатар әдіс болып табылады. Оның өзгешелігі – жалпы және универсалды қасиетінде.

Екі негізгі философиялық әдіске - диалектика мен метафизика жатады.

Философияның әлеуметтік функциялары:

1) Дүнигекөзқарастық – дүние туралы толық бейне береді, дүниені толық және біртұтас деп түсінеді.

2) Методологиялық – дүниені түсіндіру, пайымдау, зерттеу әдістері мен тәсілдерін ұсыну, сол арқылы оны өзгерту. Философия бүкіл нақты ғылымдар үшін жалпы методология болып табылады. к.

3) Гносеологиялық - адамның дүниеге танымдық қатынасымен байланысты, философияның негізгі сұрағымен қатысты, және оның екінші жағымен – біздің ойлау қабілетіміз дүниені тануға жете ма.

4) Интерграцияландыру /біріктіру/ - өзгеше ғылымдарға негізділіп өз категориялық аппарат пен таным әдістері арқылы тұжырым жасайды.

5) Аксиологиялық – оның нақты құңдылықтарға бағытталуы мен анықталады. Ешқандай философиялық бағыт өз ережелерін ұсыну мен дәлелдеумен шектелмейді, оларға жаңа түсінік беріп, бағалайды, құңдылық жүйесін қалыптастырып, идеал ұсынады.

6) Сыни функциясы – нақты құңдылықтар мен идеалдарды дәлелдеп, соған лайық емес философиялық жүйелерді сыни баға береді.

Философия – қөзқарастың тарихи түрі, адамзат мәдениетінде басқа көзқарас түрлерімен бірге дамиды /қарапайым, дін, аңыз, өнер және жартылай ғылым/. Көзқарастың негізгі мәселесі – адамның қоршаған ортаға қатынасы болып табылады /табиғатқа, қоғамға, басқа адамдар мен өзіне/. Осы қатынастардың негізінде жеке адам мен әлеуметтік қоғамда қалыптасқан құндылық жүйесі жатыр /игілік пен зұлымдылық, ақиқат пен жалған, үйлесімдік пен үйлесімсіздік /гармония мен дисгармония/, борыш пен іс-шексіздігі, махаббат пен кек алу, үміт пен үмітсіздік, пайда мен зияндылық, белсенділік пен қабілетсіздік т.б. Осы дүниегекөзқарастардың барлық түрлері /қарапайым түрінен басқа/ өзгеше қасиеттерге ие, яғни мәселелерді шешуде өзге тіл мен әдістерді қолданады. Философияға келсек оның теориялық қасиетін айтып кетуге болады. Әр-түрлі дүниегекөзқарас мәселелердің шешімінде /онтологиялық, гносеологиялық, этикалық, эстетикалық, экзистенциалдық, праксеологиялық т.б./ ол ақылға, анықтамалық ойлауға, дәлелге арқа сүйейді. Осы оның басымдылығы да кемшілігі де деп айтуға болады. Себебі, әр-түрлі құндылыққа қатысты мәселелердің шешімі логика заңдылығына бағымбайды. Философия өзінің жалпылыққа жақын табиғатымен бүкіл эмпирикалық материалдардың жәй жиынтығы емес, керісінше соларды рационалдық тұрғыдан схемамен көрсетеді, талдау, салыстыру арқылы жүйелендіреді. Және өзінің табиғатының ерекшелігімен ол плюралсыз да болалмайды. Бірақ осы қасиетінің жақсы ұтымды жағы бар: 1. адамзат ұжымы көптүрлі және қайшылығы мол болған сон, оларға ортақ рационалды түсінік мүмкін емес; 2. реалды тарихқа қарағанда философияның плюралдылығы адамзатты болашақта күтіп тұрған әр-түрлі мәселелердің шешімін схема әлде басқа рационалды түрмен көрсете алады.

Ғылым – әр-түрлі заттар мен объектілерді, олардың қасиеттері мен қатынастары туралы жаңа білімді қалыптастыратын нәтижелерге бағытталған өзгеше ғалым ұжымдарының когнитивтік қызметтері. Ғылыми білімнің өлшемі: пәнділік, өзін жаңғырту, объективтілік, логикалық дәлел, эмпириялық және теориялық дәлел, логикалық дәлелділігі, пайдалылығы. Қазіргі кезде ғылым өзін кұрастыра және жаңғырта алатын, оның жетіктістері қазіргі қоғамның дамуын негіздейтін аса күрделі әлеуметтік жүйе болып табылады.

Метафизика – екі мағыналы философиялық категория: 1. жалпы, синтетикалық априорлы білім /философия рационалды әлде метафизикалық деген синонимдарға тең/; 2. философия жалпы мен қажетті және бүкіл құбылыс пен процесстердің /материалды және рухани/ дамуы деген идеядан дүниеге көзқарастың теориялық модельдерінен абстракциялау. Екінші мағынада Гегель өзінің философиялық ойларында қолданған және келесі де маркс-лениндік және басқа бағыттар /неогегельяндар/. Метафизика ұғымынын оның бірінші мағынасында бинарлық оппозициясы «априорлы білім» әлде «нақты-ғылыми білім» болады. Метафизика ұғымынын екінші мағынасында бинарлық оппозициясы - жалпы даму теория, Гегель мен марксистер оны жалғыз ақиқатты философия және ойлаудын жалпы әдісі деп түсінген «диалектика» термині болып табылады.

Дін -қөзқарастың тарихи түрі, адамзат мәдениетінде басқа көзқарас түрлерімен бірге дамиды /философия, қарапайым білім, аңыз, өнер және жартылай ғылым/. Діндік көзқарастың негізінде адамның құдайға деген сенімі. Онтологияық мәселе дін шеңберінде абсолюттың жаратушылық /шығармашылық/ қабілетімен байланысты. Құдай дүниені өзінің бейнесіне ұқсас қылып және өзінің ерік күшімен жаратқан. Философия тарихында дін философиясы және діндік көзқарасы орта ғасырда үстемді түрде дамыған. Адамзат тарихында монотеистік дін бағыттарына христиан, ислам және буддизм жатады. Дүние туралы білім және заңдылықтар, өмір сүрі ережелері қасиетте кітаптарда концентрацияланған, оның ішінде Інжіл, Тора, Құран, Авеста, Трипитака т.б.

Білім және сенім – дін қоғамдық сананың ерекше бір түрі болады. Гносеологиялық тұрғысында сенім және білім мәселесі өзгеше орын алады. Орта ғасыр батыс және араб-мұсылман философиясында таным процесінде сенім мен ақыл бір-біріне көмескі деп түсінген /Тертуллиан «Сенемен, абсурд болсада!»; Августин «Түсіну үшін сенемін!»; Фома Аквинский ақылды –танымның табиғи ңұры деп, ал діндік сенімді - құдайдың ңұры деген/; түбінде приоритет /үстемділік/ діндік сенімге берілген. Білім, сенім және күмән жалпы адам санасының өзгешелігінің көрсеткіші, сол себепте күрделі мәселелердің бірі болады. Мысалы, таным процесінде сенім ролі жоққа шығарылмайды, бірақта сенімнің гносеологиялық, логикалық-методологиялық статусы, әлеумттік-мәдени және коммуникативтік негіздері мен бастамалары қазіргі гуманитарлық білім үшін актуалды.

Ғылым және философия.

«Философия дегеніміз не?» деген сұраққа келесі жауапты естуге болады «Ғылымның ғылымы». Осында жауаптың екі лайықты жағы бар: 1. априорлы тұрғыдан ол философияны үстемді, дәрежелі түрде ұсынады; сөйтіп, философия адамзат ақылының әр саласына қатысты; 2. «ғылымның ғылымы» деген атау алдынала философияны күрделі пән деп, әркім оны қабылдай алмайды деген пікірді тудырады.

Орта ғасыр принципі «қажеттіліксіз мәндерді көбейтпеңіз». Яғни, философия ғылымдардың жәй жиыны болса, ол солардың ортасында өзінің мәнің жоғалтар еді. Бүкіл ғылымдардың жетістіктерің бір полотноға көшіріп, сиыдыру оңай іс емес. Бірақ, осындай істе философиядан ештене жоқ. Философия Лир патшасы сияқты бүкіл қыздарына байлығын үлестіріп, өзі дымсыз далада қалды. Сөйтіп, философияда өзінің пәндігінен, өзгешелігінен, қажеттілігінен айырылды. Позитивистер сол тұрғыдан философия дербестігі мен өз құндылығынан айырылды дейді.

Ал, енді екінші жағынан, әр практикалық жағдайда көмекке сіз әрине маманды шақырасыз. Әрине, философия бүкіл дүние туралы өзгеше-ғылыми білімдерді өзіне жинап алуы мүмкін емес. Философ дәрігерді ме, т.б. айырбастай алмайды. Яғни, философия ғылымның ғылымы бола алмайды, және нақты ғылымда болмайды. Философия мен ғылым арасындағы тарихи ұзаққа созылған пікірталас – қайсысы қоғамға қажетті – көп пікірлерді тудырды. Философия мен ғылым арасындағы қатынас туралы келесі тезистерге тоқтауға болады:

Нақты, өзгеше ғылымдар қоғамның қажеттіліктеріне бағынады – техникаға, экономикаға, тәрбие өнеріне, заңдарға т.б. Олардың бәрі болмыстың өзіне жақын фрагментің зерттейді. Сөйтіп, дүниенің тек бір бөлігімен қанағаттанады. Гегельдің пікірінше, нақты ғылымдар нақты материалға батып, ақыл-парасаттық таныммен шектеледі. Ал, философия дүниені толық, тұтас түрде қамтиды. Универсумды тану үшін нақтылықпен шектелмейді. Мән, универсумның бірлігі – яғни, барлық бар болса, оның мәні неде? Сонда, философия «бірінші бастама, бірінші себеп» туралы ғылым деген анықтама дұрыс болар.

Нақты ғылымдар адамнан тыс құбылыстар мен заттарды, реалды дүниені зерттейді. Оларды адам құндылық шкаласы қызықтырмайды. Өзінің тұжырымдарын ғылым теория, заң, формула т.б. түрлерде жариялайды. Сонда жақшының сыртында эмоция, тұлғалық қатынаста қалады; қоғамда олар қандай салдарға әкеледі деген сұрақтарға назар аудармайды Ғалымның фигурасы, оның ой өрісі, темпераменті, өмірлік тандаулары т.б. ғылым үшін қызықты емес. Себебі, заңдар, теориялар т.б. объективті, және ғалымның жағдайы мен тұлғалық деңгейіне қатысты емес.

Ал, дүние болса философ үшін қатып қалған статика емес, ол тірі динамикалық қозғалыста дамитың жанды біртұтас. Осы көп-түрлі байланыста себеп пен салдар, циклдік пен спонтандылық, реттілік пен деструкция, ігілік пен зұлым күші, гармония мен хаос қисындары /өрістері/ шатысқан. Сонда, философияландырылған ақыл өзінің дүниеге қатынасын білдіреді. Сөйтіп, философия адамның дүниеге білдірген қатынасы /ойлаудың дүниеге қатынасы, сананың материяға қатынасы/. Ғылымның нәтижелеріне сүйеніп, философия адам болмысының контекстінде сол процесстер мен құбылыстардың қажеттілігі мен мәндік мағынасын қарастырады.

Нақты ғылымдар нақты елестерден бастайды, оларды дәлелсіз толық қабылдайды. Еш маман өзінің пәні қалай пайда болды, оның өзгешелігі неде деп сұрақ қоймайды. Осы мәселелер қойылса, сонда табиғаттанушы философиялық деңгейге көтеріледі. Философия әр білімнің, оның ішінде философияның негізін іздейді. Сонда, ол бәріне айқын, бәріне мәлім, басқаларға бастаушы нүкте, түсініктің мөлшері бола, және баға бере алатын негіздерді іздейді /ақиқат пен пікірді, эмпирия мен теорияны, бостандық пен белсенделекті, озбырлық пен биілікті ажыратады/. Әр нақты ғылымда бастамасын алатын және сонын табатын сұрақтар – философиялық ойлардың сүйікті тақырыптары.

Реалдық дүние туралы объективтік, жүйеленген, шындық пен ақиқатқа сай білім – ғылымның қызмет түріндегі жетістіктері. Және де ол жаңа білімді алуға бағытталған, дүниені пәндік түрде тануға лайық қоғамдық сананың бір түрі. Ғылымның мақсаты әр-қашанда заңдар арқылы дүниені сипаттау, түсіндіру, болжау деген. Ғылым жүйесі техникалық, табиғаттану, қоғамдық түрлеріне бөлінеді. Және тарихта әр 15 жыл ғалымдардың саны екі есе өседі. Ғылымның дамуында нормалдық кезеңдер революциялықтармен ауысады. Олар жалпы құрылымының, принциптренінің, таным әдітері мен ұйымдастыру түрлері.

Философия субъектің объектке теориялық-рефлексивтік және рухани-практикалық қатынаспен негіздейді. Әлеуметтік болмысқа жаңа идеал мен нормаларды, мәдени құндылықтрды ұсынып әсер етеді. Оның тарихи қалыптасқан салалары: онтология, гносеология, логика, этика, эстетика және жаңа қалыптасып жатқандар: философиялық антропология, аксиология, мәдениет теориясы, әлеуметтік философия, философия тарихы, дін философиясы, методология, ғылым философиясы т.б. Философияның негізгі тенденциялары келесі мәселереді түсінуге арналған: дуние және сол дүниеде адамның орны, қазіргі өркениеттің тағдыры, көп-түрлі және біртұтас мәдениеттер, адам танымының табиғаты, болмыс және тіл.

Философиялық анықтама аппаратының өзгешелігі неде?

• Философия реалдылыққа саналық қатынастың реттеуін және негіздік шекті іздеуге ұмтылады. Сөйтіп, философия реттелген схема емес, ол қойылған мәселені шешуде сыншыл салыстыру, бағалау, жариялап ақылдасу, талдаудың бүкіл қиын жағын детальдік түрде көрсетуге тырысады. Бәріне мәлім сентенция - философия үшін нәтиже қажетті және қызықты емес - оған жету жолы. Ньютонның сөзі «Физика философиядан қауыпты бол!» дегені философияда бір нақтылықтың жоқтығын білдідіреді. Философия әр-қашанда бір-неше дәлел мен терістеулерді ұсынады. Оның әр ақиқаты бір ауыз қабылдалынбайды. «Бәріне күмәндән!» және догматтарға бақас – философияландырылған ақылдың кредосы.

• Ғылымда дәстүрлі түрде алға деген кумулятивтік қозғалыс қабалданылады, яғни, қалыптасқан нәтижелер арқылы алға басу. Яғни, бұл жерде жинаушының образы анық. Ғылым ақиқат білімдердің жинағы. Философияға бұл образ лайық емес, себебі, философия әр-қашанда дайын нәтижеге риза болмайды, мысалы, орта ғасырдың өмір туралы жауаппен қазіргі адам келіспейді; әр тарихи уақыттың өзгешелігі болған сон, және әр адам өзі үшін жауап іздейді, бәрәміздің бірлігімізге қарамай. Философияның өзгешелігі – оның өзгеше рефлексия әдісі мен өзіне ауыстыруда. Философия үшін адамзат тарихының бүкіл сұрақтарын қайта қою, құрастыру - мақcат. Осы қасиеттің рефлексиялық, қайтымдылық деп атауға болады.

• Ғылым фактіге, эксперименталдық тексеріске сүйенеді. Ал философия күнделіктен интеллигибелдық мән дүниесіне көтеріледі. Intelligibilis — ақыл қорытындысы, тек ақылмен, сезімге женілмейтін объектілердің бар екендігі. Мысалы, әсемділік не, ақиқат пен ігілік дегеніміз не – осы сұрақтар эмпириялық жалпылаудан тыс. Әсемділік – ол әдемі зат әлде әдемі қыз емес, философиялық тұрғыдан – соны жалпы тұрғыдан түсінуге бағытталған. Сонда эмпириялықтан тыс шығып, оны кешіп, трансwендентік мәндік анықтамасына трансценденттеу деп философиялық тұрғыдан жауап беру дегеніміз.

Бертран Рассел «философия теология мен ғылым аралығында», теология сияқты нақты білімге жетілмеітін сұрақтармен спекуляция жасайды; ғылым сияқты дәстүр мен құдай авторитетіне емес адам ақылына шақырады. Сонда философия «иесіз жер». Онымен қойылған сұрақтардың соңғы шешімі мүмкін емес, лабораторияда эксперимент арқылы шешілмейтін сұрақтар. Және дінтанушылардың жаратушыға, авторитетке сүйенетін жауаптарыда философияны қанағаттандырмайды. Ғылым мен богословиямен шешілмейтін сұрақтарды философиялық деп атауға болады.

• Ғылым мен философияның тілдік айырмашылығы бар. Ғылым тілі өте нақты, терминдермен үстемді болса, солай қарапайым тілдің қажеттілігінен поэтикалық тілдің образдылығынан айырылады. Ал философия дүниенің жалпылығын көрсету үшін шексіздік пен өлшеусіздікті білдіретін өзгеше тілмен универсалды анықтамаларды қажет етеді. Сол үшін философия өзінің шексіз анықтамалардан, жалпы статусы бар, қажетті категориалдық тілді құрастырады: себеп пен салдар, қажеттілік пен кездейсоқтық, мүмкіндік пен реалдылық т.б.

• Нақты-ғылыми пәндер басқа қоғамдық сананың нәтижелерін де білмей дамиды, ал философияда бәрі басқаша. Философияда барлық ғылымдарға, басқа рухани тәжірибеге эмпириялық негіз ретінде редукцияландырылмасада, онда адамзаттың рухани тәжірибесінің жиынтығы, қоғамдық сананың барлық түрлері қамтылады. Философия ғылым емес, бірақ, анықтамалар мен объективтілік, себептілік, жалпы заңдарды шығару оған тәрізді. Философия өнер емес, бірақ, образ оның қабылданған гносеологиялық категориясы, метафора мен интуицияны кең қолданады. Философия дін емес, бірақта, интеллигибелдық мән әлеміне асып кетіп, сезім-сезімнен тыс материалдармен жұмыс жасайды.

• Ғылымда құндылық-адамдық аспект екінші орында тұрады. Таным объективті -тұлғасыз. Ғалымның эмоциясы, сезімі, мотивациясы ғылымды қызықтырмайды. Ғалым -жаратушы ешқандай жауапкершілік пен жүктелмейді. Философия үшін теориялық-танымдық аспект пен бірге құндылық мәселелеріде қажетті. Протагордың айтуынша «Адам бүкіл заттын өлшемі», философия қазіргі жағдайда да құндылық шкаласында өзінің мөлшерін ұсынады. Ғылыми жаңалықтардың тағдырымен бірге ол оның құндылық салдарынада назар аударады; абсолюттік құндылық ретінде адам өмірін жариялайды. Жаратушы, тұлға ойшылдың кім екендігі зерттеу процессінде қажетті. Философиялық шығармашылықта адам өзіне үніледі. Ойшыл өзінің адекваттік орынын іздейді. Дүниенің жаңа қырларын іздейді. Солай, философияның әр жүйесі авторлы, бұл жерде персоналийлердің ролі үстемді. Философия – интеллектуалды қызметтің бір түрі болған сон әр-қашанда басқа әйгілі ойшылдармен сұхбатта болуды қажет етеді /Платон, Аристотель т.б./

• Философияда маңызды және анық түрде ұлттық элементті көрсетеді. Неміс, орыс, ағылшын, қазақ т.б. философиялар бар; бірақ неміс, орыс т.б. физика, химия т.б. жоқ. Н.И. Кареевтің пікірінше «әр ұлт жалпы адамзат ғылымға өзінің идеясын еңгізуге құқығы бар, бірақ ғылымды тек осы мақсатқа келтіруге қақысы жоқ».

Философияның ғылым деген атаумен шектеуге болама?

Философия тарихынан бізге мәлім философияны ғылым түрінде анықтаған Огюст Конт. Нақты ғылымдар /физика, химия, биология/ - нақты қоршаған ортаның позитивтік нақты суретін салса, ал бір-бірінен үзілген фрагменттерден ғылыми суретті салатын философия.

Ф. Энгельстің пікірінше «философия «ғылымның ғылымы»» деген атағынан бас тарту керек. Ғылыми көзқарас басқа, ғылымнан жоғары тұратын философияны қажет етпейді. Әр ғылымның алдына жалпы заттар мен құбылыстардың жүйесінде қандай орын аласын деген сұрақ қойылғанда, сол жалпы байланыс сонша бұзылады. Сонда, алғашқы философиядан ойлау және оның заңдары туралы ілім – формалды логика мен диалектика қалады. Бақаның бәрі табиғат пен тарих туралы жағымды ғылымға қатысты».

Ғылым мен философия арасындағы қатынасты анықтау үшін ғылымдылықтың мөлшерін анықтау қажет. Оларға қатысты: бақылауда қайталау; білімнің интерсубъективтілігі; тәжірибенің қайталануы. Осының бәрі философияға лайық емес. Ғылымда бәріне ортақ әдістермен бәріне ортақ ғылыми нәтижелер пайда болады.

Сонымен бірге, философия мен ғылымның тарихи қатарластар дамуы айқын. Философия мен ғылым натурфилософия, космология, онтология сфераларында болмыстың негізін тануға бағытталған адам интеллекті, «бір жіптің бөлігі». Филипп Франктің пікірінше, осы жіптің бір жағы – бақылау арқылы танылатын негіздер, ал келесі шеті – интеллигибелдік принциптермен қосылды. Ганс Рейхенбахтің «Ғылым философиясының пайда болуы» деген шығармасында айытқан: «ежелгі және ортағасыр философияда көзбен көру мен бірге «ақылмен көру» деген бар. Қалай біз түр мен түсті қөзбен көреміз, сонша біз ақылмен идеялар мен жалпы заңдарды көреміз. Физикалық заттар бар болғансон біз оларды көреміз; сонша оларды ақыл көзіменде көріге мүмкін. Сөйтіп, тікелей сезім таныммен интеллектуалдық интуиция аралығындағы аналогия өзінің ежелгі бастамасын Аристотельдің көзқарасында табамыз. Сезім өзінің сезімдік заттарына қатысты шындық болса, солай интеллект зат туралы елеске сәйкес». Фома Аквинскийде былай деген: «Сөйтіп, интеллект заттардың мәні бойынша өзін алдамайды, ал сезім өзінің объектісіне қатысты алданбайды».

Ғылымдылық деңгейі неден тұрады?

Ғылымның фундаменті:тәжірибе, логика, сынау. Ғылыми білім дүние туралы адекваттік бейне ұсынады; адам ғылым арқылы ақиқатқа жақындайды; сенім саналы түрде субъективті қажеттілікпен негізделген ақиқатты қабылдау болса, ғылыми білім объективтілік пен универсалдыдылығымен жалпылыққа тырысады.

Ғылыми білімнің түрі көп: фундаменталды, қолдану, эксперимнталды, теориялық. Бірақ ғылыми білімнің бәрі бір стандартқа сәйкес болады. Заң, теория, ереже шектілікті негізсіз ақиқатты емес. Білімді білімсіздіктен ажыратуға шіктілікті негіз заңы логикалық мөлшер ретінде қолдалынылады. Басқа мөлшері – пәндік-практикалық қызметі, ақиқат туралы пікірталасты практикалық жазықтыққа шығарады.

• Ғылым реалдық дүниені заңдылыққа бағынатын, себептелген табиғи жағдайлар мен процесстер. Ғылым физика мен химияның заңдарына бағынып, табиғи реттілікке шақырады.

Осы мөлшерлерге философияда бағынады ма? Философия теорияларың тәжірибе, әлде эксперимент арқылы тексеруге мүмкін емес, себебі, олар тұлға мен автордың көрінісі.

• Философияның ұсынған ғылымдылықтың мөлшері:

- зерттеудің пәндік аймағы;

- сол пәнге сай категориялық және анықтама аппаратын шығару;

- сол пәнге қатысты фундаменталды заң шығару;

- көп фактілерді түсіндіретін принциптер мен теорияларды ашу.

Осы мөлшерлер арқылы философияны ғылым деп атауға болама? Оның пәні – «адам мен әлем» деген жүйедегі жалпылық; мәндіктің бастамасы; қазіргі философия сол мәндіктің стихиялық-спонтандық, статистикалық біліммен камтылатың қалыптасуын байқайды.

• Философия ғылым сияқты құрылыстың иесі: субъект, объект, таным әдістері, болжаулы нәтижелер; оның субъектісі трансцендентік сфераға жетеді, категориялары ең жалпы және қажетті болады; нәтижелері тек нақты рефлексиядан өтпей, бүкіл қоғамға, адамзат құңдылығына қатысты жағынан саралады.

Философия мен ғылымның практикалық қажеттілігі?

• Кең түрде жарияланған пікір: философия ғылым сияқты практикалық өмірде қажет емес деген пікірді терістеуге болады; ғылым физикалық, химиялық құрылыстарды шығыратын әдістерді ұсынса, философия адамдардың мінез-құлқын дұрыс жолға бағыттайтың әдістерді ұсынады. Сөйтіп, ол өзінің жолына тез түсіп, мақсатына тез жетеді. Философия ғылыммен салыстырғанда өзінің трансцендентік табиғатына қарамай қарапайым түсінікке жақын болады.

Демаркация /ғылым мен философияны ажырату/; верификация /тәжірибелік тексеріс/; фальсификация /теорияның принципиалдық түрде жоққа шығару/ - ғылым философиясында олардың айырмашалығын көрсетуге арналған принциптер. 20 ғ. пайда болған жаңа бағыт ғылым философиясы өзінің үлесін қосты; ғылым – «сау философия», ол универсалды жағымды әдістің иесі, жағымдылықтың 5 түрі бар /реалдық химералыққа қарсы, пайдалы пайдасызға қарсы, жағымды жағымсызға қарсы/.

• Позитивизм ілімі, оның салушысы Огюст Конт ғылыммен философияның аралығындағы алшақты азайтуға тырысқан ойшыл, өзінің «Жағымды философия курсы» /1830-1846/ 6-томды шығармасында табиғат пен қоғам көріністеріне ғылымдылық тұрғыдан қарауды қажет етті. Конттың классификациясында әлеуметтану бәрін қамтиды, қоғам туралы ғылым әлеуметтік статика мен әлеуметтік динамиканы қамтиды.

Ғылым мен философияның қатынасының перспективасы /келешегі/.

• 20 ғ. ғалымдары үшін бұл мәселе өзекті болып табылады. Р. Рортидің пікірінше, осыған себеп болған ереже «таным теориясы философияның «жүрегі»» /авторы И. Кант/; философия бәрінің негізінде болған сон, Канттың қойылған сұрағы «таным қалай мүмкін?» деген - келесі рационализмнің бағдарламасы болған; сол себептен, іске профессионалдар кірісуі қажет, ал, метафизиктер алшақтау тәрізді.

• Философия мен ғылымның қатынасының ретроспективасы:

- ғылым философиядан бөлінді;

- философия таза ақылдың еңшісі атауды сақтап қалу үшін, теориялық-танымдық мәселені бірінші орынға қойды;

- қазіргі философия эпистемологиядан шықты деп тұжырымдалынады.

• Қазіргі кезде ғылым философия үшін өзекті мәселе: ғылым жалпы, біртұтас, антропологиялық мөлшермен өлшенеді, жауапкершілік мөлшерінен өтпеген ғылым қазір қажетті емес; ғылымның нәтижелерің қадағалау қажет, мемлекет институты, құқық, идеология, қоғамдық пікірлер жағынан ғылымға дұрыс көмек қажет; философияның жағымды мақсаты – арбитр функциясын атқару, ғылыми зерттеудің нәтижелерін гуманистік перспективада байқау; мәселелер шешімінде этикалық-көзқарастық жағын соңғы нүкте қылу.

• Философия ғылымның дамуы бойынша рефлексияландырылады, және өзіндік рефлексия атқарады. Философиялық зерттеулер ғылымның өзіндік санасын қалыптастырады, өзінің мүмкіндігі мен перспективасын түсіндіреді, келесі даму жолда ұстану бағыттарға сілтеме жасайды.

Философияның әдістері.

Философия - гуманитарлық, жаратылыстану, техникалық сияқты барлық ғылымдардың әдістемесі болып табылады.

Әдістеме – таным әдістері мен олардың жиынтығы туралы ілім.

Әдіс – бұл практикалық және теориялық әрекет принциптерінің жүйесі.

Өзінің зерттеу пәні бар білімнің әрбір саласы өзінің объектісінің мәнін түсінуден шығатын ерекше әдістерді қолданады.

Философиялық әдістердің ерекшелігі - олардың жалпылығы, әмбебаптығы. Бұл әдістер ақиқаттың жалпы жолын көрсетіп, барлық жерлерде қолданылады. Мұндай әдістерге мыналар жатады: диалектика, салыстыру және салыстырмалы-тарихи әдіс, анализ және синтез, индукция және дедукция, абстракциялау және т.б.

Сонымен қатар герменевтика, эклектика, софистика сияқты таза философиялық әдістер бар.

Диалектика – шындықты және оның барлық элементтерін бір-бірімен өзара байланыста, қозғалыста, дамуда, жан-жақты қарастыратын философиялық әдіс.

Салыстыру – заттар мен құбылыстардың айырмашылықтары мен ұқсастықтарын табу.

Салыстырмалы тарихи әдіс – қоғам мен табиғаттың даму заңдылықтары мен діни сенімдерінің, халықтың, тілдің генетикалық ұқсастығын анықтауға мүмкіндік береді.

Анализ - бұл затпен құбылысты құрайтын бөліктері мен жақтарын ойша ыдырату.

Синтез – анализ арқылы ыдыратылған элементтерді бірыңғай тұтастыққа ойша біріктіру.

Абстракциялау бір затты оны басқа бір затпен байланысынан үзіп алып, заттың бір қасиетін оның басқа бір қасиетінен бөліп алып, ойша дерексіздендіру.

Индукция – ойлаудың жекеден жалпыға, бөліктерден бүтінге қарай өрлеу процесі.

Дедукция – ойлаудың жалпыдан жекеге, бүтіннен бөліктерге қарай өрлеу процесі.

Герменевтика – (грек тілінен «түсіндіремін») – мәтіннің (тексттің) объективтік және субъективтік негіздемелерін ескере отырып, оның мәнін анықтауды мақсат ететін түсіндірудің немесе ұғынудың өнері мен тероиясы.

Эклектика - (грек тілінен «таңдаймын») – әртүрлі, көбінесе қарама-қайшы көзқарастардың, теориялық негіздемелердің тоғысуы.

Софистика – пікір таластыру кезінде қисынсыз пікірлерді, софизмдерді, яғни сырттай ғана дұрыс болып көрінетін амалдарды саналы түрде қолдану.

Тестер:

1. Философия (ежелгі грек тілінен аударғанда):

А) даналыққа құштарлық C) болмысқа құштарлық

B) танымға құштарлық D) құндылыққа құштарлық

2. Адамның өзіне және қоршаған ортаға деген көзқарастар жиынтығы:

А)антропология C) гносеология

B) дүниетаным D) онтология

3. Мифологиялық дүниетанымның негізі:

А) пікір C) қиял

B) сенім D) сана

4. Діни дүниетанымның негізі:

А) пікір C) қиял

B) сенім D) сана

5. Философиялық дүниетанымның негізі:

А) пікір C) қиял

B) сенім D) сана

6. Дүниеде алғашқы материя пайда болды, - деп есептейтін көзқарас:

А) идеализм C) материализм

B) пантеизм D) антропоцентризм

7. Дүниеде алғашқы сана, рух пайда болды, - деп есептейтін көзқарас:

А) идеализм C) материализм

B) пантеизм D) антропоцентризм

8. Дүниеде жалғыз бір түпнегіз, бір субстанция бар, - деп есептейтін көзқарас:

А) идеализм C) дуализм

B) монизм D) плюрализм

9. Дүниеде екі түпнегіз, екі субстанция бар, - деп есептейтін көзқарас:

А) идеализм C) дуализм

B) монизм D) плюрализм

10. Дүниеде көп түпнегіз, көп субстанция бар, - деп есептейтін көзқарас:

А) идеализм C) дуализм

B) монизм D) плюрализм

11. Дүниені жан-жақты, өзгерісте қарастыратын философиялық әдіс:

А) анализ C) диалектика

B) синтез D) метафизика

12. Затты, құбылысты оның элементтеріне, бөлшектеріне абстракті ойлау арқылы бөліп қарастыратын философиялық әдіс:

А) анализ C) диалектика

B) синтез D) метафизика

13. Заттың, құбылыстың элементтерін, бөлшектерін абстракті ойлау арқылы біріктіріп қарастыратын философиялық әдіс:

А) анализ C) диалектика

B) синтез D) метафизика

14. Диалектикаға қарама-қарсы философиялық әдіс:

А) анализ C) диалектика

B) синтез D) метафизика

15. Заттардың, құбылыстардың ұқсастығын және ерекшеліктерін белгілеп қарастыратын философиялық әдіс:

А) абстрактілеу C) диалектика

B) салыстыру D) метафизика

16. Бір затты басқа заттардан абстракті ойлау арқылы бөліп алып қарастыратын философиялық әдіс:

А) абстрактілеу C) диалектика

B) салыстыру D) метафизика

17. Жекеден жалпыға ауысу процесін қолданатын философиялық әдіс:

А)эклектика C) индукция

B) дедукция D) софистика

18. Жалпыдан жекеге ауысу процесін қолданатын философиялық әдіс:

А) индукция +C) эклектика

B) дедукция D) софистика

19. Мәтіннің мәнің түсінуге арналған әдіс, не болмаса талдау теориясы:

А) индукция C) герменевтика

B) дедукция D) софистика

20. Дауда жеңіске жетуді мақсаттайтын философиялық әдіс:

А) индукция C) герменевтика

B) дедукция D) софистика

Бақылау сұақтар:

1. Дүниеге көзқарас дегеніміз не?

2. Діндік көзқарастың негізгі қасиеттері?

3. Философиялық көзқарас дегеніміз не? Басқа тарихи көзқарастардан айырмашылығы неде?

4. Философиялық білімнің құрылымы неден тұрады?

5. Философия дүниені өзгерте ала ма? Болса, қалай?

6. Философияны ғылымға келтіруге бола ма?

 

Әдебиеттер:

1. Серіқалиұлы З. Дүниетану даналығы.- Алматы, 1994.

2. Тұрғынбаев Ә. Философия – Алматы, 2001.

3. Философиялық сөздік. – Алматы, 1997.

4. Философия хрестоматиясы. – Алматы, 1986.

5. Абишев К. Философия. Учебник для студентов вузов и аспирантов. – Алматы, 2000.

6. Алексеев П.В., Панин А.В. Философия: Учебник для вузов. – М., 2003.

7. Чанышев А.Н. Начало философии. – М., 1985.

8. Радугин А.А. Философия: Курс лекций. – М., 1995.

9. Энгельс Ф. Людвиг Фейербах и конец классической немецкой философии. // Маркс К., Энгельс Ф. Соч. Т.21. Гл. 2.

10. Сартр Ж.П. Экзистенциализм – это гуманизм // Сумерки богов. – М., 1990.

11. Мамардашвили М.К. Как я понимаю философию? М.. 1990.

12. Лосев А.Ф. Дерзание духа. М. 1988.

13. Серік Мырзалы. Философия. – Алматы, 2009.

 

 

2 модуль. Ойшылдар мен мәселелерден тұратын философия тарихы.

Д.2. Ежелгі шығыс философиясы.

1. Ежелгі Шығыс философиясының жалпы сипаты мен ерекшеліктері.

2. Ежелгі Үнді және Қытай философиясының негізгі бағыттары.

Дәріс мақсаты: философиялық ойдың шығуымен, оның алғашқы тарихи типтерімен, Ежелгі Шығыс философиясында койылған мәселелермен және негізгі мектептермен таныстыру.

Негізгі ұғымдар: Ведалар (Ригведа,Самаведа, Аджурведа, Атхарваведа),упанишад, варна, буддизм, джайнизм, аскетизм, иога, брахман, атман, сансара, мокша, дхарма, карма, нирвана, локаята, дао, инь, ян, у- вэй, у син, ци, цзюнь- цзы, ли, жэнь, сяо.

Ежелгі Үнді философиясы.

Үнді еліндегі философияның алғашқы кезеңі көне жазу – Ведалармен байланысты. Алғашқы философиялық ойлар Веданың Упанишадтар (тәлімгермен ой бөлісу) бөлімінде жазылған. Оларда барлық үнді философиясының негізгі тақырыптары мен түсініктері көрсетілген. Жан ауысыуы туралы ілім (сансара), осы ауысу заңы (карма), құтқарылудың жалғыз жолы - құштарлықтан бас тарту (мокша) және атман (жан) мен Брахманның (абсолют, Құдай) бірлігі. Үнді философиясында адам мен әлемді мистикалық т үсіну басым.

Үнді философиясының негізгі идеясы – адамдардың қайғы-қасіреттен құтылу жолы ол - қайта тірілудің шексіз кезегінен құтылу. Бар нәрсенін бары Брахманға тән, Брахман мен атман тепе-тең: атманның (жеке «меннің») жойылуы, бұл Брахманмен қосылуы. Өзен көлде жоғалатындай, дана адамның индивидуалды өмір сүруі шексіз және мәңгі Брахманда жоғалып кетеді.

Европалық жыл санау бойынша шамамен 1-ші мыңжылдықтың ортасынан бастап үнді философиясының классикалық кезеңі басталады. Әр-түрлі философиялық мектептер және жүйелер, жеке философиялық шығармашылық пайда болады. Классикалық кезеңдегі мектептерді екі топқа бөлуге болады: (астика) - ортодоксальды, яғни Ведаларды қасиетті мәтін ретінде мойындайтын мектептер тобы және (настика) - ортодоксальды емес, яғни Ведаларды жалғыз және абсолютті дәреже ретінде мойындамайтын тобы.

Үнді философиясындағы алты ортодоксалды мектептерді әдетте біріктіріп айтады: санкхья және иога, ньяя және вайшешика, веданта және миманса.

Ортодоксальды емес мектептерге буддизм және джайнизм жатады. Үнді дәстүрінде чарвака-локаята мектебі ерекше болды. Ол тек қана «осы» сезіммен қабылданатын, материалды әлемді мойындады. Құдай, құдайлар, карма, дхарма, құтылу – ештеңе де жоқ. Адам – құдай емес, ол барлығы сияқты жер, су, ауа және оттан жасалған. Ведалар, абыздар, уағыздаушылардың айтатындары жалған. Адамды алдау оңай, өткен шақ жоқ, өлгендер қайта келмейді, жан тәнмен бірге жоғалады. «Жан» және «мен» - бұл тек тән мүмкіндіктері, элементтер жиынтығы. Танымның жалғыз қайнар көзі - сезімдік қабылдау, тәжірибе. Көрінетін әлемнен белгісіз әлем үшін теріс қарап кетуге болмайды. Өмірдің жалғыз мәні - өзіне және басқа адамдарға кесірін тигізбей рахаттану. Жердегі қуаныштардан басқа жұмақ жоқ, қайғы – қасіреттен басқа тозақ жоқ. Дененің жойылуынан басқа құтылу жоқ. Тағдыр да жоқ. Брахмандар өтірікші, алданушылар. Дінді билеушілер мен абыздардың айтқанын жасату үшін ойлап тапқан.

Екінші мыңжылдықтың басынан бастап, (ХІХ-ХХ ғ.ғ.) Үнді философиясының постклассикалық кезеңі басталды. ХІХ-ХХ ғ.ғ. қазіргі Үнді философиясының даму кезеңі болып саналады. Бұл кезең дәстүрлі мектептермен батыс философиясының ара-қатынасымен бейнеленді.

Буддизм б.з.д. 1-ші мыңжылдықта көне Үндістанда пайда болған әлемдік дін. Буддизмнің негізін қалаушы Ситхартха Гаутама. Буддизм ілімінің негізі төрт ақиқат жайлы ілім. Қасіреттің пайда болу себептері, қасіреттен құтылу және оның бастамасын жою, қасіретті жоюдың нағыз жолдары. Нирванаға жетудің сегіз жолы көрсетілген. Бұл жол тікелей қайырымдылықтың үш түрімен байланысты: құндылық, көңіл бөлу және даналық. Осы жолды өтеудің рухани практикасы қасіреттен құтылуға және нирванаға әкеледі.

Көне Қытай философиясы.

Қытай философиясының классикалық кезеңі б.з.д. 1-ші мыңжылдықтың ортасында – конфуцийшылдық (жу-цзя) және даосизм (дао-цзя) атты екі басты мектептен басталады. Олармен қоса басқа да көптеген мектептер болды («100 философиялық мектеп» түсінігі кең тараған), соның ішінде инь және ян жайлы ілім (инь-ян цзя,) моизм (мо-цзя), легизм (фа-цзя), софистер (номиналистер – мин-цзя). Көп ғасырлар ішінде билік еткен ағым конфуцийшылдық болды.

Конфуций – (Кун-цзы) (шамамен б.з.д. 551-497 ж.ж.), көне Қытай ойшылы, конфуцийшылдықтың негізін қалаушы. Конфуцийдің негізгі көзқарастары «Лунь юй» («Ой және толғам») кітабында талқыланған. Конфуцийшылдықтың үнді мистицизмінен ерекше айырмашылығы өмірдің күнделікті ағымына көп көңіл бөлу: адамның жоғарғы міндеті осы.

Конфуцийдің айтуынша «адам болудан» басқа маңызды және қиын ештеңе жоқ. Ең «қарапайым» ол отбасылық қатынас, шаруашылық, ал қызмет – ең күрделі болып табылады. Адамның нағыз ұлылығы оның күнделікті ұсақ-түйек заттармен айналысуында. Мұнда конфуцийшылдықтардың «қайырымды адам» - «жэнь» (адамгершілік, адамсүйгіштік) және «сыйластық» ілімдерінің мәні жатыр. Қайырымды адам бірінші орынға парызды, екінші орынға – пайданы қояды.

Даосизм философясы «Дао дэ цзин» трактатында жазылған. Негізін салушы Лао-цзы. Дін ретіндегі даосизмде «дао» түсінігі (жол) басты орын алмайды. «У-вэй» (әрекетсіздік, қарапайымдылық, жаратылыс) және тәндік мәңгілік өмір сүру идеялары басты орында. Конфуцийге қарағанда, Лао-цзы ли -ге (дәстүрге) көп көңіл бөлмеді, өмір үздіксіз рәсім ретінде қиын әрі жасанды. Ал даосизм, керісінше, абсолюттік бастама - дао мен, билеуші және адамдармен келісімде қарапайым табиғи өмір сүру керектігін үйретеді.

Инь-ян - әлемнің әмбебап дуализмі идеясын көрсететін қытай философиясының категориялары: қараңғы бастама (Инь) және оған қарсы - жарық бастама (Ян) іс жүзінде әрдайым қосалқы жүреді. Бастапқыда Инь таудың төменгі көлеңке етегі (солтүстік) не өзен жағалауы мағынасын берді. Кейіннен, бинарлы классификацияның таралуына байланысты, Инь - әйел бастамасы, солтүстік, қараңғылық, өлім, жер және т.б. мағынасына ие болды. Ал, Янь бастапқыда таудың жарық етегі (оңтүстік) - ер бастамасын, оңтүстікті, жарық, өмір, аспан, күн, тақ сандар, және т.б. бейнелейді.

Қытай философиясының ерекшелігі - философтарды ең бірінші ақиқат - билік, мемлекет құрылымы төңірегіндегі мәселелер толғандырды. Адам ақсақалдардың алдында парыздар ретінде «аспан ұлы», қоғам және жанұя мүшесі ретінде қаралды.

Барлық ілім адамның қоғам мүшесі ретінде құндылықты дамуға қызмет жасау керек. Басқаша тілмен келтірсек, қытай философиясы этикалық және саяси бағытта болды. Онда үнді философиясына тән мистицизм жоқ. Өмір, денсаулық Қытайда фундаменталды құндылықтар болды, ал үнді мистицизмі өз мәнінде өмір құндылығының мәнін терістеу болды.

Философия пайда болуының әлеуметтік-тарихи алғышарттары:

«Темір ғасырына» өтумен қоғамның таптарға бөлінуі; ой еңбегінің дене еңбегінен бөлектенуі.

Философия б.з.д.6-5 ғ.ғ. Ежелгі Үнді, Ежелгі Қытай, Ежелгі Грекия елдерінде қалыптасты.

Ежелгі Үндіде философиялық ойдың қалыптасуының бастауы брахманизммен, яғни брахмандар (абыздар) ілімімен байланысты. Брахманизм ежелгі үнді әдебиеттерінің жиынтығын, құдайлардың құрметіне арналған гимндер жинақтарын құрайтын Ведаларға (санскриттен аударғанда – «білім») негізделген. Барлық ведалық мәтіндер қасиетті кітаптар болып саналған. Ведалық әдебиет б.з,д. 2 мың жылдықтан б.з.д. VI ғасырға дейінгі кезеңді қамтиды. Ең ежелгі бөлігі төрт самхиттен (жинақтан) тұрады: Ригведа (гимндер жинағы, арийлердің ән айтуы), Яджурведа (құрбан шалуда айтатын әндер, салт-жора жағы), Самаведа( діни әндер ), Атхарваведа (қарғыс өлең).Кейінірек Ведаларды түсіндіретінәдебиет пайда болды.Оларға жататындар: Брахман (салт-жора мәтіндері), Упанишад, санскр.: ұстаз аяғында отыру(діни-философиялық сипаттағы трактаттар) және Араньяктар (орман кітабы) – құрбан шалу және бөлініп кеткендер үшін өмір сүру ережесі сипатталған. Адамға, оның танымына, өнегелілік жағынан жетілуіне басты мән берілген.

Үнді қоғамына тән сипат –


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.085 сек.)