АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Алматы 2012 1 страница

Читайте также:
  1. I. Перевести текст. 1 страница
  2. I. Перевести текст. 10 страница
  3. I. Перевести текст. 11 страница
  4. I. Перевести текст. 2 страница
  5. I. Перевести текст. 3 страница
  6. I. Перевести текст. 4 страница
  7. I. Перевести текст. 5 страница
  8. I. Перевести текст. 6 страница
  9. I. Перевести текст. 7 страница
  10. I. Перевести текст. 8 страница
  11. I. Перевести текст. 9 страница
  12. Il pea.M em u ifJy uK/uu 1 страница

1.7.Әдебиеттер тізімі

Негізгі әдебиеттер

1. Елисеева И.И., Юзбашева М.М. Общая теория статистики М., Финансы и статистика, 2002г.

2. Ефимова М.Р., Петрова Е.В., Румянцева В.Н. Общая теория статистики М., Финансы и статистика,1998г.

3. Статистика./Под ред. В.Г.Ионина. М.: ИНФРА-М, 2008. – 445с.

4.Мелкумов Я.С. Социально-экономическая статистика. Учебное пособие. М., Инфра-М. 2009г.

5. Практикум по теории статистики: учебное пособие под ред. Р.А.Шмойловой: - М.: ФиС, 2000.

6. Салин В.Н., Кудряшова С. И. Система национальных счетов. М.: Финансы и статистика, 2006 г.

7. Қазбекова Қ.Қ. Жалпы статистика теориясы. Алматы. КазНТУ.2005ж.

8. Қазбекова Қ.Қ. Статистика. Оқу құралы. Алматы. КазНТУ.2009ж.

9. Статистический ежегодник РК –Алматы. 2010.

Қосымша әдебиеттер

1. Гинзбург А.И. Краткий курс по статистике. Санк-Петербург.,2007г.

2. Гусаров В.М. Статистика. Москва. ЮНИТИ 2003

3. Ефимова М.Р., Петрова Е.В., Румянцев В.Н. Общая теория статистики. Москва. ИНФРА-М 2007

1.8. Білім бағалау жүйесі

3-кесте

Бақылау түрлеріне қарай рейтингтік балдарды бөлу

Қорытынды бақылау түрі Бақылау түрлері Баллы
  Емтихан Қорытынды бақылау  
Аралық бақылау  
Ағымды бақлау  

Ағымдық бақылаудың қорытындысын өткізу мерзімі пән бойынша оқу процесінің күнтізбелік кестесімен белгіленеді (4-кесте). Ағымдық бақылау саны пәннің оқу-әдістемелік кешенінде көрсетілген пәннің мазмұнымен және оның көлемімен анықталады.

Бақылаудың барлық түрлерін өткізу бойынша күнтізбелік кестесі

“ Статистика” пәні бойынша

4-кесте

Апта                              
Бақылау түрлері Б1 ӨЖ1 Б ӨЖ1 Р1 Б1 Б1 АБ1 ӨЖ1 Б5 Б6 Р Б7 ӨЖ АБ1
                               
Бақылау түрлері:Б–бақылау;ӨЖ-өздік жұмыс; АБ – аралық бақылау; Р – рефераттар және т.б.

Студент жалпы ≥30 рейтинг балы есебімен қорытынды бақылауға жіберіледі. Қорытынды бақылауға ≥ 20 балл жинаған жағдайда ғана өткізілді деп есептелінеді. Пәннің қорытынды бағасы шкала бойынша (5-кесте) анықталады.

5-кесте

Студенттердің білімдерін бағалау

Баға Әріптік эквивалент Рейтингтік балл (пайызбен %) Балмен
Өте жақсы А А- 95-100 90-94 3,67
Жақсы В+ В В- 85-89 80-84 75-79 3,33 3,0 2,67
Қанағаттанарлық С+ С С- D+ D 70-74 65-69 60-64 55-59 50-54 2,33 2,0 1,67 1,33 1,0
Қанағаттанарлықсыз Ғ 0-49  

Модульдар мен аралық аттестация бойынша бақылау жүргізуге арналған сұрақтар тізімі

1 модуль бойынша бақылау жүргізуге арналған сұрақтар тізімі

1.Статистика туралы түсінік және ғылыми міндеттері мен мақсаттары.

2. Зерттеудің статистикалық әдістеріжәне теориялық негіздері

3. Нарықтық экономика жағдайларында статистиканың негізгі міндеттері.

4.ҚР-дағы қазіргі уақыттағы статистиканың ұйымдастырылуы.

5. Статистикалық бақылау, міндеттері мен мақсаттары

6. Статистикалық бақылаудың түрлері мен тәсілдері.

7. Статистикалық топтау және топтау белгісін таңдау принциптері

8.Үлестірім қатарлары, олардың құрылуы және түрлері.

9. Статистикалық жинақтау туралы түсінік.

10. Статистикалық кестелер, құру ережелері мен қолданылуы

2 модуль бойынша бақылау жүргізуге арналған сұрақтар тізімі

1. Абсолютті және салыстырмалы статистикалық шамалар және өлшем бірліктері

2. Қарқындылықтың салыстырмалы өзара байланысты шамалардың қатысы

3.Статистикада орташалартүрлері және қолданылуы

4. Шашыранды мен орта шаршылық ауытқу көрсеткіштері

5. Шашырандының қасиеттерін атаңыз:

6. Сызықтық орташа ауытқудың жай түрінің фомуласы қандай

7.Сызықтық орташа ауытқудың салмақталынған түрінің фомуласы қандай

8.Шашырандының жай түрінің фомуласы қандай

9. Шашырандының салмақталынған түрінің фомуласы қандай

10. Тұрақты халық тығыздығын анықтау және бағалау

Аралық аттестацияға арналған сұрақтар

1.Статистика туралы түсінік және ғылыми міндеттері мен мақсаттары.

2. Зерттеудің статистикалық әдістеріжәне теориялық негіздері

3. Нарықтық экономика жағдайларында статистиканың негізгі міндеттері.

4.ҚР-дағы қазіргі уақыттағы статистиканың ұйымдастырылуы.

5. Статистикалық бақылау, міндеттері мен мақсаттары

6. Статистикалық бақылаудың түрлері мен тәсілдері.

7. Статистикалық топтау және топтау белгісін таңдау принциптері

8.Үлестірім қатарлары, олардың құрылуы және түрлері.

9. Статистикалық жинақтау туралы түсінік.

10. Статистикалық кестелер, құру ережелері мен қолданылуы

11. Нақты және қатысты статистикалық шамалар және өлшем бірліктері

12. Қарқындылықтың салыстырмалы өзара байланысты шамалардың қатысы

13.Статистикада орташалартүрлері және қолданылуы

14. Шашыранды мен орта шаршылық ауытқу көрсеткіштері

15. Шашырандының қасиеттерін атаңыз:

16 Сызықтық орташа ауытқудың жай түрінің фомуласы қандай

17.Сызықтық орташа ауытқудың салмақталынған түрінің фомуласы қандай

18.Шашырандының жай түрінің фомуласы қандай

19. Шашырандының салмақталынған түрінің фомуласы қандай

20. Тұрақты халық тығыздығын анықтау және бағалау

22.Өсіңкі қатарлар түрлері

23.Өсіңкі қатарлардың есептеу әдістірін талдау, бағалау

24. Өсіңкі қатарлардың экономикадағы орны мен талдау маңыздылығы

25. Табиғи халық қозғалысы түрлі коэффициеттері

26. Жеке (дара) индекстерді есептеу формулалары қандай

27. Тауар айналымының жалпы индексін қандай формула бойынша есептеуге болады:

28. Тауар айналымының көлемдік жалпы индексінің формуласын қалай жазуға болады

29. Статистикада бағаның жалпы индексі қандай формула арқылы өрнектеледі:

30. Туу, өлу және табиғи өсу коэфициентін жазып көрсетіңіз

1.9 Курстың саясаты мен процедурасы

Студенттер алдындағы талаптар:

1.Міндетті түрде сабаққа қатысуын.

2.Барлық бақылау түрі бойынша күнтізбелік кестесіне сәйкес уақытында есеп беру.

3.Сабаққа қатыспаған күндерін қайта тапсыру.

2 НЕГІЗГІ ТАРАТЫЛАТЫН МАТЕРИАЛДАР МАЗМҰНЫ

2.1 Курстың тақырыптық жоспары

6-кесте

Тақырып атауы   Академиялық сағат саны
Дәріс Практикалық /Семинар СОӨЖ СӨЖ
1.Статистика пәні және әдістері.        
2.Статистикалық бақылау. Таңдамалы бақылау        
3.Статистикалық топтау және кестелер.        
4.Нақты (абсолютті) және қатысты (относительные) шамалар.        
5.Орташа шамалардың мәні және мағынасы. Құрылымдық орташалар: мода және медиана        
6.Өзгерменің көрсеткіштері және оларды есептеу тәсілдері. Шашырандының (дисперсияның) математикалық қасиеттері және олардың қолданылуы        
7. Іріктеудің түрлері.        
8. Өсіңкі қатарлар түрлері        
9.Өсіңкі қатарлардың тенденциясын талдау әдістері.        
10.Индекстер        
11.Жұп сызықтық регрессия теңдеуі және ең кіші квадраттар әдісі бойынша модель.        
12.Өзара тәуелділік байланысын зерттеудегі корреляциялық-регрессиялық әдісі.        
13.Халық статистикасы. Еңбек статистикасы.        
14.Ұлттық есептер жүйесі негізгі макроэкономиканың көрсеткіштері        
15.Халықтың тұрмыс деңгейі мен табысының әр түрлілік статистикасы        
Барлығы (сағат)        

2.2 Дәрістік сабақ конспектілері

1. Дәріс тақырыбы. Статистика пәні және әдістері.

Дәріс конспектілері: «Статистика» термині кейінгі латынның status – мемлекет деген сөзінен шығады. Ол бірнеше мағынада қолданылады:

1) қоғамдық ғылымдар саласы ретінде,

2) қандай-да бір құбылыс немесе үрдіс туралы мәліметтер жиынтығы ретінде;

3) құбылыстың қандай-да бір жалпылауыш сипаттамасы ретінде.

Статистика пәні. Дербес қоғамдық ғылым ретінде статистиканың пәні - жаппай қоғамдық құбылыстардың мөлшерлік жағын олардың сапалық жағымен, нақты уақыт және орын жағдайларында құбылыстардың әлеуметтік-экономикалық мағынасымен тұтас байланыста зерделеу болып келеді. Жаппай қоғамдық құбылыстардың мөлшерлік жағы деп қоғамдық өмірдің құбылыстарын сипаттайтын нақты шамалар түсініледі, мысалы, тұрғындар саны, өнеркәсіп өндірісінің көлемі және т.б. Бұл шамалар сандық сипаттамасы ретінде келеді.

Қоғамдық құбылыстардың сандық жағын зерделеу міндетті түрде олардың сапалық ерекшеліктерін ескере отырып жүргізілуі керек, себебі қоғамдық құбылыстардың сандық сипаттамалары олардың сапалық мазмұнымен тығыз байланысты.

Статистика әдістері. Статистикалық зерттеуде, төрт тізбекті сатыдан тұратын жалпы ережелер мен тәсілдер - статистикалық әдістерді құрайды:

а) жаппай статистикалық бақылау, яғни алғашқы статистикалық материалдарды жинау,

ә) зерделеуге жататын статистикалық жиынтыққа бақылау нәтижелерін жинақтау,

б) жалпыланған статистикалық көрсеткіштерді есептеу,

в) алынған көрсеткіштерді талдау.

Статистика пәні мен әдістерін қарастырып, оған анықтама береміз: статистика - өзінің әдістерімен жаппай қоғамдық құбылыстардың мөлшерлік және сапалық жақтарын тұтас зерделейтін және оларға сандық сипаттама беретін қоғамдық ғылым.

Ғылым жүйесіндегі орны. Статистика жалпы есеп жүйесінде жедел-техникалық және бухгалтерлік есеппен тығыз байланысты. Жедел-техникалық есеп кәсіпорындарда бөлек техникалық-экономикалық деректерді тіркейді, мысалға, жабдықтың қандай-да бір себептермен тұрып қалуы. Бухгалтерлік есеп кәсіпорынның қаражаттарының пайда болу қорларын, пайдалану бағыттарын және айналымын сипаттайды. Статистика, есеп жүйесінде басты буын бола тұра, жалпы халық шаруашылығының масштабында жалпыланған мәліметтерді алу үшін жаппай қоғамдық құбылыстардың құраушылары ретінде бірлік берілгендерді қолданады.

Статистика өзінің пәні бойынша математикадан айырмашылығы бар және құбылыстың мөлшерлік жағын зерделеуде математикалық ғылымның әдістерін кең қолданады, олар ең алдымен математикалық статистика мен ықтималдықтар теориясы, математикалық талдау.

Статистикалық ғылым міндеттері. Әлеуметтік-экономикалық статистиканың ғылым ретінде басты міндеті қоғамдық даму үрдістерінің көрсеткіштер жүйесін әзірлеуде және оларды өлшеу әдістерінде жатыр. Бұл міндеттің ішіне әлеуметтік-экономикалық үрдістердің әртүрлі жақтарындағы динамика көрсеткіштерінің өзара байланысын және есептеу әдістерін құру, үрдістердің даму беталыстарын білу және болжауларды әзірлеу кіреді.

Сол сияқты, әлеуметтік-экономикалық статистика міндеттерінің ішіне - әртүрлі мемлекеттердің экономикалық және әлеуметтік дамуына, халықаралық экономикалық арақатынастарға, оның ішінде олардың экономикалық және ғылыми-техникалық ынтимақтастылығына салыстырмалы талдау және есептеу әдістерін әзірлеу кіреді.

Статистиканың Қазақстанда ұйымдастырылуы. Мемлекеттегі саяси-әлеуметтік жағдайдың өзгеруіне және Қазақстанның халықаралық экономикалық ынтымақтастықтар жүйесіне бірқалыпты енуіне байланысты, ұлттық статистиканың халықаралық стандарттарға сәйкес келе, біздің нақты тұтынушылық ерекшелігімізді ескеретін етіп қайта құрылу міндеті туды. Халықаралық тәжірибеде қалыптасқан статистикаға және есеп жүйесіне өту Қазақстанның дүниежүзілік экономикаға бірігу үрдісін ақпараттық қамтамасыздандыруға мүмкіндік береді.

Қазақстанда статистиканың басқарушы ұйымдастырушылық және әдістемелік орталығы ретінде 1995 жылы Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөніндегі мемлекеттік комитет болып, ал 1996 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика агенттігі болып қайта ұйымдастырылды. Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика агенттігі ұйымдық жағынан орталық аппараттан, оған тікелей бағынышты статистика агенттігі жөніндегі облыстық, Алматы қалалық басқармаларынан, Статистикалық зерттеулер институтынан және Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика агенттігі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министірлігі қарамағындағы Есепке алу, статистика, еңбек және жұмыспен қамту кадрларын даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі республикалық салааралық институтынан құралады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика агенттігінің негізгі міндеттері мыналар: статистикалық мәліметтерге сүйене отырып республикада болып жатқан экономикалық және әлеуметтік үрдістер мен олардың даму үрдісін жан-жақты зерделеу, қорыту менталдау; статистика саласындағы жалпы мәліметтік саясаттың жүргізілуі мен орындауын қамтамасыз ету:

-Қазақстан Республикасын егемен мемлекет ретінде сипаттайтын статистикалық көрсеткіштердің тұтастығы, обьективтілігі мен жеткіліктілігін қамтамасыз ету;

-Халықаралық ережелер мен стандарттарға сай статистикалық деректердің әдістемелік салыстырмалылығын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүзге асыру;

-Мемлекеттік өкімет пен басқару құрылымдарын, қоғамға жүйелі түрде респуібликада болып жатқан әлеуметтік-экономикалық үрдістер мен құбылыстар туралы мәліметтерді, статистикалық ақпаратты тарату, халықаралық статистикалық ынтымақтастықты орнықтыру және өзара статистикалық ақпараттармен алмасып отыру.

Нарықтық қатынастардың дамуы статистикалық құрылымдар қызметінің қаржыландырылуына да өзгерістер енгізді. Қазіргі уақытта олардың банктерде екі шоты бар: бюджетті және ақпараттық-есептесу қызметтерін орындаған ға есеп айырысу үшін шот.

Жедел-техникалық есеп кәсіпорындардағы бөлек технико-экономикалық деректерді тіркейді, мысалға жабдықтың қандай-да бір жағдайларға байланысты тоқтап қалуын. Бухгалтерлік есеп кәсіпорынның қаражаттарының айналымын, олардың қалыптасу қайнарларын және қолдану бағыттарын сипаттайды. Статистика есеп жүйесіндегі басты орындаушы бола тұра жалпы халық шаруашылығы масштабында жалпылауыш мәліметтерді алу үшін, бірлікті мәліметтерді жаппай қоғамдық құбылыстардың құраушысы ретінде қолданады.

Негізгі әдебиет: 1 [3-10];

Қосымша әдебиет: 1 [4-9]

Бақылау сұрақтары:

1.Статистиканың теориялық негіздері;

2.Статистика түсінігі;

3.Статистикалық зерттеулер сатылары;

4.Статистиканың ғылым ретінде мақсаттары мен міндеттері.

5.Статистикалық құрылымдар қызметінің негіздері.

2.Дәріс тақырыбы. Статистикалық бақылау. Таңдамалы бақылау.

Дәріс конспектілері: Статистикалық бақылау туралы жалпы түсінікті келесі түрде қалыптастыруға болады: жоспарланған, әлеуметтік-экономикалық үрдістер туралы мәліметтерді ғылыми ұйымдастырылған түрде жинау. Халық-шаруашылығының жоспарларын құру, олардың орындалауына бақылау жүргізу үшін қажетті мәліметтерді алу - басты мақсаты болып келетін, арнайы дайындықты және жұмысшылардың үлкен мөлшерін қажет ететін күрделі және көп еңбекті жұмыс. Одан басқа, статистикалық бақылау мемлекеттегі халық-шаруашылығының барлық деңгейлерінде жүргізілетін маңызды әлеуметтік-экономикалық және техника-экономикалық зерттеулерде қажетті болып келетін мәліметтермен қамтамасыз етеді. Сонымен статистикалық бақылау деп қоғамдық өмірдің көптеген құбылыстары мен үрдістері туралы бастапқы мәліметтерді алдын-ала жасалған бағдарлама бойынша, ғылыми ұйымдастырылған жүйеде тіркеу, жинау тәсілі айтылады.

Статистикалық бақылаудың бағдарламасында зерзаты мен бақылау бірліктері дұрыс анықталуы тиіс. Статистикалық бақылау зерзаты дегеніміз-зерттеуге жататын әлеуметтік құбылыстар мен үрдістер жиынтығы. Мысалы, өнеркәсіпті зерттеу керек болса, онда бақылау зерзатына Қазақстан Республикасындағы өнеркәсіп орындары, ал ауыл шаруашылығын зерттеу қажет болса, онда ұжымшарлар мен кеңшарлар жиынтығы жатады.

Статистикалық бақылау жұмыстарын ғылыми жүйеде ұйымдастыру кезеңінде ең бастысы-бақылау зерзатының шегін дұрыстап анықтау. Егер бақылау зерзатының шегі дұрыс анықталмаған болса, онда оның кейбір бөліктерінің зерттеуден тыс қалуы немесе зерттеуге жатпайтын мүлде баксқа зерзаттардың кіріп кетуі де мүмкін. Мысалы, өнеркәсіптің бақылау зерзатын анықтау үшін оның құрамына жататын өнеркәсіп орындарды басқа салаларға жататын кәсіпорындардан айыратын, өздерінің өндіретін өнімдерінің түрлеріне қарай білуге болады. Статистикалық бақылаудың зерзаттары бөлек элементтерден тұрады және оны нышандарына қарай бір—бірінен ажыратуға болады. Оны статистикалық бақылау бірлігі деп атайды.

Бақылау бірлігі деп, бастапқы статистикалық мәліметтер жиынтығының зерттеуге жататын зерзат құрамының белгілі бір бөлігін атайды.

Статистикалық жиынтық бірлігі - жиынтықтың құрамына кіретін жеке белгі.

Статистикалық бақылау бағдарламасы деп зерттеу кезінде бастапқы мәліметтерді жинау үшін ұғымды, жинақы, ойға қонымды түрде бақылау бірліктеріне берілетін сұрақтар тізімінің жиынтығын айтады.

Статистикалық бланк (формуляр) дегеніміз - бақылау кезінде берілген сұраққа жауап жазуға және керекті мәліметтерді жинауға арналған бір бет қағаз (бірнеше бет болуы да мүмкін).

Есеп беру-ол кәсіпорындардың статистикалық құрылымдарға жеткізіп жатқан мәліметтердің ақиқаттылығына жауап беретін тұлғалардың қолдары қойылған түрде, белгілі мерзімдерге орнатылған түрде қажетті мәліметтердің берілетін статистикалық бақылаудың түрі.

Арнайы ұйымдастырылған статистикалық бақылау әртүрлі зерттеулер мен санақ түрінде жүргізіледі.

Статистикалық бақылауды жүргізу кезінде зерттелініп отырған зерзаттың жиынтық бірліктерінің толық қамтылуына, яғни тіркелуіне қарай жаппай және жартылай бақылау болып екі түрге бөлінеді.

Жаппай бақылау деп - зерттелуге жиынтықтардың барлық бірліктері кіретін статистикалық бақылауды атаймыз.

Жартылай-ол зерттелінетін жиынтық бірліктерінің белгілі бір бөліктерінің ғана қамтылуы.

Негізгі бөлігін бақылау - жиынтықта зерделетін белгінің басымды үлесі бар бөлігі зерттелген жағдайдағы статистикалық бақылау.

Таңдамалы статистикалық бақылау деп жиынтықтан ерекше түрде таңдалған қандай-да бір бөлігі зерттеліп, ал алынған нәтижелерінің жалпы жиынтыққа таратылуын атаймыз.

Монографиялық деп типті қоғамдық құбылыстың бірлігін жан-жақты зерттеу мақсатымен статистикалық түрде бақылау.

Үзіліссіз (ағымды,тұрақты) статистикалық бақылау деп деректердің пайда болуына байланысты тіркелуі және зерттелуі аталады.

Үзілісті статистикалық бақылау деп деректердің тіркелуі және зерттелуі анықталған уақыт аралықтары өткен сайын кезеңдік (периодттық) немесе қажеттілігіне қарай бір уақытты статистикалық бақылауларды атайды.

Тікелей есеп – керекті мәліметтердің жиынтық бірліктерді өлшеу, есептеу арқылы алынатын статистикалық бақылау.

Сурет 1. Статистикалық бақылаудың классификациясы

Құжаттық есеп деп барлық қажетті мәліметтер әртүрлі құжаттама негізінде алынатын статистикалық бақылауды атаймыз. Сұрау деп ол барлық қажетті мәліметтердің статистикалық құрылым жұмыскерлерімен (тіркеуші, есептеушілер) сұрау арқылы алынған статистикалық бақылауды атаймыз.


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.015 сек.)