|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
Алматы 2012 8 страницаЕсептік кезең аралығында негізінен экономикалық емес қызметпен айналысатын студенттер, үй - шаруашылығымен айналысатын әйелдер және басқа тұлғалар (оларды «дербес жұмыспен қамтылғандар» ретінде жіктедік) «жұмыспен қамтылғандар» ретінде саналуы тиіс, бірақ, егер мүмкін болса, жеке есептелуі керек. Әскери қызметкерлер тұрақты және уақытша қызметкерлерге бөліне отырып, «ақы төленетін қызмет» категориясына жатқызылуы тиіс. ХЕ¥ анықтамасы бойынша, жұмыссыздар - бұл есептік кезең бойынша төменгі жағдайларда болған, ең аз жұмыс жасынан үлкен тұлғалар: а) жұмысы жоқ, яғни жоғарыда аталған «ақы төленетін қызмет» немесе «дербес қызметте» болмағандар; ә) «бірден жұмыс істеуге даярлар», яғни «ақы төленетін қызмет», не «дербес қызметке дайын болғандар»; б) «жұмыс іздегендер», яғни «ақы төленетін қызмет», не «дербес қызметті» табуға нақты қадам жасағандар «нақты» қадамдар: мемлекеттік немесе жеке жұмыспен қамту биржаларында (енбек биржаларында) тіркелу; жұмыс берушілерге өтініш беру; фермалар, фабрикалар, базарлар мен басқа жерлерде жұмыс іздеу; жұмыс іздеу туралы хабарламларды газетке беру немесе ұсыныстарға жауап жазу; туысқандар мен достардан көмек сұрау; өз ісін ашу үшін қаржы ресурстарын, машина немесе құрал-жабдыктарды, гимаратты, жерді жалға алу немесе сатып алуға ұмтылыс жасау; қандай да бір қызметке рұқсат, лицеизия және т.б. алуды күту. Негізгі әдебиеттер: 3 [7-11], 6 [18-29]. Бақылау сұрақтары 1. Халық статистикасы не үшін қажет 2. Халық статистикасы есептері қандай 3. Орта жылдық тұрғын халық саны қалай есептейміз 4. Табиғи халық өсуі дегеніміз не 5. Халықтың өмір сүру деңгей көрсеткіші қандай 14. Дәріс тақырыбы. Ұлттық есептер жүйесі негізгі макроэкономиканың көрсеткіштері Дәріс конспектілері: Жалпы өнімнің ұдайы өндірісін, табыстың қалыптасуы, оны беру, қайта бөлу, пайдалану процестерін, негізгі капиталдың өсуін жан-жақты сипаттау үшін және сыртқы экономикалық байланыстарды қамтып көрсету үшінҰЕЖ – де экономикалық операциялардың нәтижелері шот түрінде беріледі. Әр шот (ұлттық шоттар тек тұтас экономика үшін ғана емес, сонымен қатар экономиканың секторлары, салалары үшін де құрылатын шоттар тобы деуге болады) экономикалық әрекеттің бір аспектісіне қатысты болады. Екі жақты жазу прінціпіне сәйсек әр амал шоттары екі рет жазылады: бірінші рет- ресурстарда, екінші рет- ресурстарды пайдалануда. Шоттар баланстық кесте түрінде беріледі. Ресурстар бөлігінің жиыны пайдалану бөлігінің жиынына тең болады. ҰЕЖ-ның кез-келген шотын пайдалану бөлігі баланстық статьямен аяқталады. Баланстық статья шоттың пайдалану және ресурстар бөлігінің арасында арифметикалық тепе-теңдік сақталу үшін және шоттарды жабу үшін қолданылады. Әр шоттың баланстық статьясы келесі шоттың ресурстар бөлігіне көшіріліді. ҰЕЖ-дегі шоттарды мынадай топтарға бөлуге болады. 1. Өндірістік шоттар тобы. Өндірістік шоттар аралық және ақырғы өнімді шығаруда, оларға жұмсалатын шығындарды есепеке алады. Бұл шоттар экономиканың салалары және секторлары үшін құрылады. Салалары үшін құрылған шоттардың жиынтығы «шығындар - өнім шығару» атты кестелерді құрайды. Бұл кестелерден тауар мен қызмет ағымдарын бақылауға болады. 2. Табыс шоттарының тобы. Бұл шоттар табыстың пайда болуын және институционалдық бірліктер арасында оның қалай бөлінетінін көрсетеді. Сол сияқты олар салық, басқа да трансферттер арқылы табыстың қайта бөлуін де көрсетеді. 3. Капитал және қаржы шоттары. Бұл шоттар негізгі қаржылардың қолдануын және активтерді сатып алуда қаржыландырудың әдістерін анықтайды. Сол сияқты шоттар экономикалық секторларының сатып алатын және бөлетін қаржы активтерінің мөлшерін көрсетеді. 4. Ашық және жабық түрдегі баланстық ведомосттар. Бұл ведомосттар жылдың басындағы және соңындағы активтер мен пассивтердің теңгесін көрсетеді. Осы мезгілдегі жеке секторлардың немесе институционалдық бірліктердің активтерінің айырмасы меншікті капитал мөлшерін анықтайды. Бұл шоттардың активтер мен пассивтер құнының өзгеруінің 3 түрі қарастырылады: - институционалдық бірліктердің арасындағы амалдардың нәтижесінде активтер мен пассивтерді сатып алу; - активтер мен пассивтердің бір жақты өзгеруі; - жеке активтердің өзгеруіне немесе жалпы бағаның өзгеруіне байланысты активтердің немесе пассивтердің құнының өзгеруі. 5. «Қалған әлем» шоттары немесе төлем балансы. Төлем балансы макроэкономикалық сараптау және болжаудың негізгі құралы болып табылады. Бұл шотта резидент және резидент емес бірліктер арасындағы амалдар көрсетіледі. Төлем балансы тауар мен қызмет экспорты және импорты. Басқа елдерге төленген немесе басқа елдерден қабылданған табыстар, қаржы амалдары, инвестиция туралы ақпараттарды, экономиканың барлық секторларындағы төлеу қаблеттігі туралы ақпаратты қамтиды. 6. Салааралық баланс. «шығындар - өнім шығару» кестесі үйлесімді салааралық арақатнастарды, байланыстарды көрсетеді. Бұл кесте 4 квадранттан тұрады. Ол халықаралық стандартты салалық класификаторда көрсетілген салалардың басым көпшілігі үшін құралады. Кесте жеке кәсіпорындар мен экономиканың салалары арасындағы байланыстарды талдауға керек. Ол салааралық баланс өндіріс шотына ұқсас. 7. Қаржы амалдарының жиынтық кестесі шаруашылық бірліктерінің қаржы ресурстарының құрылым өзгерістерін, экономикалық айналымның қандай қаржы құралдары арқылы іске асатынын көрсетеді. 8. Ұлттық баланстық кесте мазмұны жағынан кәсіпорынның бухгалтерлік есебіне ұқсас. Бұл кесте тұтас экономика үшін құрылады және елдің ұлттық байлығының балансы болып табылады. Экономиканың айналымының жекешеленген сатылары мынадай шоттарда көрсетіледі: Ұлттық шоттардың мазмұны мен құрылымы(ішкі экономиканың шоттары) 15 кесте
Ұлттық есептер жүйесінің негізгі түсініктері, топтастыруы және классификациялары Ұлттық есептер жүйесінде мынадай негізгі түсініктер қолданылады: - тауар деп материалдық-заттық түрдегі еңбек нәтижесін айтады; - қызмет –жеке адамның, қоғамның делгілі бір қажетін қанағаттандыру үшін істелетін жұмыс нәтижесі; - өнім деп сатуға арналған тауар мен қызмет-жұмысты айтады. Өнімді өндіруге жұмсалатын шығынды(шикізат, еңбек, т.б.) жабатындай бағамен сатылады; - нарықтық емес қызметтер - деп мемлекеттік мекемелер мен қағамдық үйымдардың ағымдағы тұтынуы болып сансалатын қызметтерді айтады; - трасферттер -ақша не зат түріндегі табыстың қайта бөлінген бір жақты ағымдары; - экономикалық өндіріс - экономикалық ғылымдағы негізгі концепция, ол құн және ұлттық табыс пайда болатын салаларды анықтайды. Экономикалық өндірістің қазіргі теориясы бойынша тауар өндіру, қызмет көрсетуге байланысты істелген барлық іс-әрекет, жұмыс экономикалық өндіріс сферасын құрайды. ҰЕЖ-де сыртқы сауда мекемелерінде қалатын пайдаға айналыс шығындарын қосқанға тең. ҰЕЖ-де экономика салалары үшін өндіріс және табыстың пайда болуы шоттары құрылады. ҰЕЖ-де мынандай топтастырулар қолданылады: -шаруашылық бірліктерден салаларға, секторларға топтастыру; -экономикалық амалдарды топтастыру; -өнім түрлерінің классификациясы; -мемлекеттік басқару ұйымдарының шығындарын топтастыру; -активтер мен пассивтердің классификациясы; -салық пен субсидия классификациясы. 1. Шаруашылық бірліктерін салаларға топтастыру. Шығаратын өнімі, өндірістік технологиясы және шығындардың құрамына қарай біртекті болып саналатын шаруашылық бірліктері салаларға топтастырылады.ҰЕЖ-де стандартты халықаралық салалық классификация қоданылады. Бұл классификация бойынша ең алдымен натуралдық ресурстарды пайдаланатын салалар топтастырылады, содан кейін өндіруші өнеркәсіп, өңдеуші өнеркәсіп, т.б. салалар топтастырылады. ҰЕЖ-де стандартты халықаралық салалық классификациясы мыналар: -ауыл шаруашылығы, аң аулау және орман шаруашылығы; -балық шаруашылығы; - өндіруші өнеркәсіп; - өңдеуші өнеркәсіп; -электр энергиясы, газ,сумен қамтамасыз ету; -көтерме және бөлшек саудасы, тұрмыстық тауар жөндеу; -қонақ үйлер, мейменханалар; -қаржы делдалдық; -көлік және байланыс; -қозғалмайтын мүлік, жалға беру, т.б. коммерциялық амалдар; -мемлекет басқару, қорғаныс, әлеуметтік қамсыздандыру; -білім беру; -денсаулық сақдау, әлеуметтік қызметтер; -коммуналдық, тұрмыстық кызметтер; -жалжанушы жұмысшылары бар үй шаруашылығы. 2. ҰЕЖ-дегі секторлық топтастыру. Секторлық топтастыру бірлігі болып институционалдық бірлік немесе шаруашылық субъектісі алынады. Секторлық топтастыру қаржы активтерін, табыс пен шығысты зерттеу үшін қолданылады. Институционалдық бірліктер 6 секторға топтастырылады: -қаржылық емес кәсіпорындар; -қаржы мекмелері; - мемлекеттік мекемелер; - үй шаруашылығына қызмет көрсететін қоғамдық ұйымдар; - үй шаруашылығы; -сыртқы экономикалық байланыстар; -«қалған әлем». Қаржылық емес кәсіпорындар секторына тауар өндіру және қаржы қызметінен басқа қызметтерді көрсетумен айналысатын институциялық бірліктер топтастырылады. Олар өз өнімдерін өндіріс шығындарының орнын толтыратындай бағамен сатады. Кейбір жағдайда бұл сектордың бірліктерінің өндірістік шығындарының бір бөлігі дотация, субсидия түрінде мемлекеттік бюджеттен төленеді. Қаржылық емес кәсіпорындар секторының ресурсы өнімді сатудан түскен түсімнен құралады. Бұл секторға мемлекеттік бюджеттен қаржыланатын, бірақ өнім шығарумен айналысатын кәсіпорындар шартты түрде топтастырылады (мысалы, орман және су шаруашылығының кэсіпорындары). Мемлекеттік, акционерлік, мердігерлік, кооперативтік т.б. кәсіпорындар меншік түріне қарамастан осы сектордың бірліктері болады. Сонымен қатар, өндірушілердің әр түрлі топтары құрған қоғамдық ұйымдарда осында топтастырылады. Мұндай ұйымдардың шығындары кәсіпорындар төлейтін мүшелік жарнадан қаржыландырылады (мысалы, кәсіпкерлер ассоциациясы). Қаржы мекемелері секторына коммерция негізінде қаржы және сақтандыру операциялармен айналысатын институциялық бірліктер топтастырылады. Коммерция негізінде қаржы операцияларымен айналысатын институциялық бірліктерге: коммерциялық банктер, несие қоғамдары, ассоциациялар жатады. Олардың негізгі міндеттері қаржы құралдарын шығару, сатып алу, сақтау және бөлу; бағалы қағаздарды шығару; кәсіпорындарға, үй шаруашылығына несие беру. Банктер қаржы мекемелерінің және мемлекеттік мекемелердің бірлігі болуы мүмкін. Мысалы, орталық банк ақша саясатын іске асырады. Оның негізгі міндеттері: 1) ақша шығару; 2) шетелдік валюта резервін меңгеру және сақтау; 3) басқа банктерге қарыз (ссуда) беру; 4) бағалы қағазды сату және сатып алу. Елдің экономикасы неғұрлым, дамыған болса, орталық банктың ролі соғұрлым жоғары болады. Мұндай жағдайда ақша саясатын орталық банк өзі іске асыра алады және үкіметпен байланысты сақтай отырып, оған зор ықпал жасайды. Коммерция негізінде қаржы операцияларымен айналысатын институциялық бірліктердің ресурстары депозиттерден, сертификаттардан, облигациялардан, яғни міндетті қарыздардан және қабылдаған проценттерден тұрады. Сақтандыру мекемелері адамдардың өмірін, олардың мүлкін, кәсіпорындардың мүліктерін сақтандырады. Олардың ресурстары сақтандыру шарты бойынша қабылданған төлемдерден құралады. Мемлекеттік мекемелер секторындағы институциялық бірліктер нарықтық емес қызметтер керсетеді, ұлттық табысты бөлуге қатысады. Олар негізінен мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылады. Бұл секторға жалпы басқару, қаржы, экономиканы реттеу және жоспарлау, қоршаған ортаны қорғау, ғылыми зерттеу, қорғаныс, тәртіп сақтау сферасындағы мекемелер мен ұйымдар, сол сияқты халыққа білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және өнер,спорт, әлеуметтік қамсыздандыру, әлеуметтік сақтандыру салаларында нарықтық емес қызмет көрсететін ұйымдар мен мекемелерді топтастырады. Сонымен қатар, мемлекеттік мекемелер секторы мемлекеттік орталық банктерді, жергілікті банктерді де қамтиды. Бұл банктердің негізгі міндеттері - мемлекеттік ұйымдар ғақаржы қызметтерін көрсету, ақша шығару, құнды қағаздарды шығару, алтын қорын сақтау (орталық банк). Мемлекеттік мекемелер секторының ресурсы, негізінен, басқа секторлардың міндетті төлемдерінен құралады. Үй шаруашылығына қызмет көрсететін коммерциялық емес (қоғамдық) ұйымдар секторына үй шаруашылығының ерекше топтарына нарықтық емес қызмет көрсететін институциялық бірліктер топтастырылады. Бұл бірліктер жеке үй шаруашылықтарына білім, денсаулық сақтау, мәдениет, өнер т.б. сферада қызмет көрсетеді, сол сияқты олардың ұжымдық қажеттерін де қанағаттандырады. Саяси партиялар, кәсіподақтар, діни қоғамдар осы сектордың бірліктері бола-ды. Үй шаруашылығына қызмет корсететін қоғамдық ұйымдарды, мемлекеттік мекемелер тексермейді, оларға мемлекеттен қаржы бөлінбейді. Қоғамдық ұйымдар секторының ресурстары үй шаруа-шылығының төлеген жарнасына, олардың бергеи жәрдемінен, меншіктен түскен табыстан құралады. Үй шаруашылығы секторы жеке адамдарды, адамдар-дың топтарын, олардың кәсіпкерлік әрекетін қамтиды. Бұл секторға шаруашылық формасы, көлемі жағынан әр түрлі резидент-үй шаруашылықтары (жұмысшылардың, қызметкер-лердің, қосалқы шаруашылығы, жеке шаруа қожалығы, қолөнершілердің шаруашылығы, заңды түрде тәуелсіз деген статусы жоқ жеке кәсіпорындар) топтастырылады. Сыртқы экономикалық байланыстар «қалған элем» секторыида шетелдік экономикалық бірліктердің елдің резиден-ттерімен қандай экономикалық операцияларға қатысқаны көрсетіледі. 3. Экономикалық амалдарды топтастыру. ҰЕЖ-де экономикалық амалдар 3 топқа бөлінеді: -тауар және қызмет амалдары; -бөлу амалдары; -қаржы амалдары. Тауар және қызмет операциялары экономиканың салалары мен секторларындағы өнім өндіру, оны айырбастау, пайдалану сияқты процестерді қамтиды. Бұл операциялар тек есепті мерзімде шығарылған өнімді ғана қамтып қоймайды, олар сонымен қатар, өткен мерзімдегі өнімдерге және импортқа байланысты операцияларды да көрсетеді. Бөлу операциялары өндірушілердің жасаған қосымша құнын бөлу, жинақты қайта бөлу сияқты операциялардан тұрады. Қаржы операциялары экономиканың әр түрлі секторларының активтері мен пассивтерінің өзгерістерін көрсетеді. 4. Өнім түрлерінің классификациясы. Өнім әр түрлі нышандар бойынша топтастырылады. Пайдалану мақсатына байланысты өнімді мынадай түрлерге бөледі: -айырбас орнына берілген өнім; -сыйға берілген өнім; -өзі тұтыну үшін шығарылған өнім; -үй шаруашылығының тұтынуы үшін шығарылған өнім; Өндірушіге немесе өнім иесіне байланысты өнімді былай бөледі: -дағдылы нарықтық өндірушілер өнімі; -өндірістік ірі тауарларды шығарушылардың өнімі; -көтерме және бөлшек саудадағы сатушылар өнімі; -өндірістік лизинг саудасындағы өнім. Дағдылы нарықтық өндірушілер өнімінің элементтері төмендегідей: - нақты өткізілген немесе өткізуге жоспарланған өнім (бұл өнім нақты сатылған өнім мен тауарлар қалдығының өзгерісі арқылы анықталады); - өз бөлімшелеріне берілген өнім; - өз жұмысшыларына сыйға берілген өнім; - айырбас ретінде қолданылған өнім; - өзінің негізгі капиталының жалпы қорлануы үшін өндірістік тауарларды бөлу; - ақырғы тұтыну үшін өз өнімін пайдалану. Аталған элементтердің біріншісінен басқасы нарықта (рынокта) сатылмайды. Нарық бойынша сатылатын өнім өндіруші бағасымен бағаланады. Өндірістік ірі тауарларды шығарушылардың өнімі деп ұшақтар, кемелер қуаты 5000 квт және одан да жоғары турбиналар, эстакадалар, шахта құдықтары, т.б. осындай өнімдерді айтады. Егер өндірістік циклдің ұзақтығы 1-2 ай болса, бұл өнімдердің құны өндіріс аяқталған кездегі бағамен бағаланады. Ал егер өндіріс циклының ұзақтығы 2 айдан артық болса, онда әр түрлі мерзімдегі өнім мөлшері анықталып, оларды қайта бағалау қажет. Кетерме және бөлшек саудадағы сатушылар өнімі деп еткізілетін өнімнің үстеме бағасын айтады. Өткізілетін өнім сатушылардың ендірістік әрекетінің нәтижесін көрсетпейтіндіктен, оның құны сатушы өнімі болып саналмайды. Сауданың үстеме бағасына тауарларды сақтау шығыны қосылмай жоғалған тауарларды нольдік бағамен есептейді. Егер тауар сатып алу бағасынан төмен бағамен, сатылса үстеме баға теріс таңбамен алынады. Өндірістік лизинг саласындағы өнім. Өндірістік лизинг деп машиналарды, жабдықтарды ұзақ уақыт жалға бе-руді айтады. Өндірістік лизинг енімінің құны жалға алушы-ның төлеген жалдау ақысы бойынша 'анықталады. 5.Мемлекеттік басқару ұйымдарының шығындарын топтастыру. ҰЕЖ-дегі мемлекеттік басқару ұйымдарының шығындар тобы мыналар: -жалпы басқару; -қорғаныс; -білім беру; -денсаулық сақтау т.б. Негізгі әдебиеттер:6 [7-11], 9 [18-29]. Бақылау сұрақтары 1. Ұлттық есептер жүйесінің анықтамасы 2. Ұлттық есептер жүйесі негізгі көрсеткіштері 3. Ұлттық есептер жүйесінің кестесі 4. Жүйенің кесте сатылары 5. Ұлттық жүйесінің кестесі 15. Дәріс тақырыбы. Халықтың тұрмыс деңгейі мен табысының әр түрлілік статистикасы Дәріс конспектілері: Халықтың тұрмыс деңгейі бойынша қоғамның бөліну процестері халықтың әлеуметтік-экономикалық әр түрлілігін талдаудың қажеттігін туындатады. Халық табысының әр түрлілігін экономикалық жағдайын корреляциялық, дисперсияльқ және регрессиялық, көп өлшемді статистикалық талдау және т.б. әдістерін өткен тарауларда теориясын пайдалынған. Халық табысының әр түрлілік процесін сандық жағынан сиппатауда халықтың ең жоғары және ең төмен табыстарымен қамтамасыз етілген топтарының қатынасын көрсететін дифференциация (әр түрлілік) коэффициенттері қолданылады. Көбінесе дицильді және квартильді дифференциация коэффициенттері есептелінеді. Олар 10% (дицильді коэффициент үшін) халықтың ең жоғарғы және 25% (квартильді коэффициент үшін) ең төменгі табыстарымен қамтамасыз етілген топтарының қатынасын анықтайды, сонымен қатар 10% ең бай халық тұрмысының максимальды табысы болса, 25% ең төменгі табыс халық тұрмысының минимальды деңгейін көрсетеді. Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.038 сек.) |