АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Антика философиясы

Читайте также:
  1. Билет № 2. Трагедия в творчестве Сумарокова: поэтика и семантика жанра
  2. Какон и антиканон.
  3. Логическая семантика
  4. Марксизм философиясы.
  5. Орыс философиясы.
  6. Саутрантика
  7. СЕМАНТИКА ПРЕДЛОЖЕНИЯ
  8. Семантика «видений» в «Идиоте»

«Антика» термині латын сөзінің – antiqus, яғни көне деген шыққан. Антика кезеңі деп Көне Греция мен Рим, сонымен қатар осы елдер мәдениетінің ықпалында болған жерлер мен халықтардың даму кезеңдерін атайды.

Антика кезеңінің алғашқы философиялық мектебі Милет мектебі болып саналады. Милеттіктердің қарастырған негізгі мәселесі – алғашқы бастаманы, субстанцияны, архэны іздеу болды.

Аталмыш мектептің негізін қалаушы – Фалес. Фалестың субстанциясы – су.

Фалестың шәкірті – Анаксимандр. Ондағы алғашқы бастама – апейрон (грекше - шексіз). Сонымен бірге, Анаксимандр алғашқы болып географиялық картаны, күн сағатын және глобусты жасап шығарған.

Анаксимандр шәкірті, Милет мектебінің тағы бір өкілі - Анаксимен. Анаксимендегі архэ – ауа.

Эфестен шыққан философ Гераклит (Қараңғы) әлемнің негізі деп отты қарастырған. Гераклитты стихиялық диалектика өкілі деп айтуға болады. Оның атақты афоризмдері: «Барлығы ағады, барлығы өзгереді», «Бір өзен ағысына екі рет кіруге болмайды».

Сонымен қатар, Элейлік философия мектебі бар. Олардың негізгі көтерген мәселелері – болмыс туралы ілім немесе онтология.

Элей мектебінің негізін қалаушы – Парменид. Парменидтің айтуы бойынша «Болмыс бар, болмыс емес жоқ», яғни болмысты тануға болады, ал болмыс емес (бейболмыс) танылмайды. Элеаттардың ойынша, болмыс бірегей.

Элеаттардың тағы да бір өкілі – Зенон өзінің апорияларымен әйгілі. (апория гр. тілінен аударғанда қиын, шешімі жоқ жағдай). Оның ең атақты апориялары – «Ахиллес және тасбақа», «Жебе». Зенон өзінің апориялары арқылы қозғалысты ойлау мүмкін еместігін дәлелдеуге тырысады.

Атомисттік концепцияның негізін қалаушы – Демокрит. Оның айтуынша болмыс ол атом (грек тілінен «бөлінбейтін»). Атом бөлінбейтін физикалық бөлшек. Демокрит мұндай атомдарды өте көп дейді, осы сөзі арқылы ол элеаттардың болмыс жалғыз деген қағидасын терістейді. Атом бос. Бостық бұл болмыс емес, сондықтан тануға келмейді. Дегенмен, Демокрит элеаттардың болмысты тануға болады дегенімен келіседі.

Софистер мектебі антика философиясының антропологиялық бағытын көрсетеді. Софисттерден бастап, адам зерттейтін мәселеге айналады. Аталған мектептің негізін қалаушы Протагор «Адам барлық нәрселердің өлшемі» дейді. Софистер танымның релятивистік теориясының негізін салды.

Софистердің шәкірті – Сократ – философиялық антропологияның негізін салды. Сократтың әдісі – «майевтика» деп аталады, бұл грек тілінен аударғанда «тудыру өнері» деп аталады. Осы әдістің көмегімен, Сократ ақиқаттың тууына көмектеседі. Сократтың «Өз өзіңді таны», «Менің білетінім ештеңе білмейтінім» деген белгілі сөздері бар. Сократтың қарастырғаны - этикалық мәселе. Қайырымдылық пен адамгершіліктің мәнін тану Сократ үшін қайырымдылыққа қол жеткізудің және өнегелі өмірдің алғышарты болып табылады. Ол ерлікті, әділеттілікті қайырымдылықтың негізі деп санайды. Сократ классикалық кезеңдегі үш ұлы философтардың бірі.

Сократтың шәкірті болған, оның мұрасын сапалық жаңа деңгейге көтерген Платон болатын. Платон (б.з.д. 427-347 ж.ж.) – ежелгі грек философы, объективтік идеализмнің негізін қалаушы. Платонның ілімі Гераклиттің, Пифагордың және Сократтың ілімдерінің синтезі. Платонның философиялық мектебі – Академия деп аталды. Ол антикалық идеализмнің орталығы. Платон зор философиялық мұра қалдырған ойшыл. «Сократ апологиясы», «Заңдардан» басқа ол диалог түрінде жазылған 34 еңбектің авторы. Идея мен заттардың қатынасы – Платонның философиялық ілімінің маңызды бөлігі болып табылады. Сезімдік тұрғыдан қабылданатын заттар – бұл көлеңке – оларда идеялар бейнеленеді – деп есептейді. Таным теориясында Платон сезімдік танымды рационалды танымнан ажыратады. Платон гносеологиялық концепциясының түпнегізі – еске түсіру теориясы.

Платонның ілімін жалғастырушы Аристотель (б.з.д. 384-322 ж.ж.). Аристотельдің философиясы грек философиясының аяғы. Аристотель антикалық дәуірдің зор ғылыми жүйесінің негізін салушы, Аристотельдің мынадай еңбектері бар:

«Метафизика» – мұнда онтологиялық сипаттағы аса маңызды мәселелер көтеріледі. Аристотель бұл мәселені алғашқы философия ретінде анықтайды. Сонымен қатар, оның табиғат философиясы мен жаратылыстану ғылымына арналған «Физика», «Аспан»» «Аспан туралы» «Пайда болу мен өлу туралы», «Метеорология», «Жануарлардың пайда болуы туралы» деген еңбектері бар. Ал оның қоғамдық мәселелерге арналған – «Саясат», «Никомах этикасы», «Риторика», «Поэтика» деген еңбектері бар.

Аристотельдің шығармашылығы антикалық философияның ғана емес, жалпы грек елі дүниетанымының шыңы болды. Көптеген ғылымдар өз бастауын Аристотельдің шығармаларынан алады. Аристотельдің шығармашылығы жаратылыстану, қоғамдық ғылымдардың дамуына зор үлес қосты. Аристотельдің философиялық жүйесі жан-жақты.

Антика философиясы ежелгі гректер мен римдіктердің философиясы. Бұл философияөзінің дамуында мыңжылдық кезеңді қамтиды деуге болады. Ол ежелгі Грецияда б.з.д. ҮІ-ғасырда пайда болды және өзінің орнын ортағасырлық философияға Рим империясы құлағаннан кейін – б.з. ҮІ-ғасырына таман берген болатын.

Ежелгі философияны ерекшелендіретін қыры – дүниенің рационалды ұғыну және космоцентризм, яғни “ғарышты”, “табиғатты” пайымдауға жасалған бағыт. Дүние – біртұтас, тіршіліктің тұтастығы. Адам табиғаттың ажырамас бөлігі ретінде қарастырылады(микрокосм).

Ежелгі философияның негізгі даму кезеңдері:

1. Сократқа дейінгі немесе ежелгі грек философиясының қалыптасу кезеңі. (б.з.д. ҮІ- б.з.д. ҮІІ ғғ.) – басты назарда ғарыштың, табиғаттың (физистің) проблемалары. Кезеңнің басқаша атауы – “натуралистік кезең”.

2. Сократтық немесе классикалық грек философиясы – Сократтың, Платонның, Аристотельдің ілімдері (б.з.д.Ү- б.з.д. ІҮ ғғ.). Басты назар адамның проблемаларына, оның мәні мен танымдық мүмкіндіктеріне аударылады;

3. Грек-римдік, немесе эллинизм кезеңі (б.з.д. ІҮ ғ соңы - б.з. ІҮ ғ.). Эллинизм дәуірі (б.з.д. ІҮ ғ. соңы) дегеніміз А.Македонскийден кейін, оның римдіктерді жаулап алғанына дейінгі эпикуреизмнің, стоицизмнің, кинизмнің,скептицизмнің,эклектика, неоплатонизмнің қалыптасуы болып табылады.

Милет мектебі (“натуралистер” немесе “физиктер”) б.з.д. ҮІ ғасырда Кіші Азия жартыаралының батыс жағалауындағы Милет қаласында пайда болды. Фалес (б.з.д. 625- б.з.д 545 жж.). Барлық нәрсе судан пайда болады. Бастапқы себеп (архэ) – су. “Бақылау көрсеткеніндей, барлық нәрсе тұқымнан пайда болады, ал тұқым ылғалды болып келеді. Ылғал заттарда олардың табиғи бастауы су болып табылады. "Бәрі де судан пайда болады және суға айналады”. Анаксимандр (б.з.д. 611- б.з.д 545 жж.). “Табиғат туралы трактат”. Бастама– біртұтас, алғашқы, уақыттан тыс, мәңгілік өлмейтін, шексіз субстанция, ол “барлық дүниені қамтиды”, яғни белгісіз материя (апейрон) Ол жер бетіндегі әртүрлі құбылыстарға айналады: жер, су, ауа, от, бұлар өз кезегінде басқасына ауысады. Анаксимандр табиғат, дүние объективті болады, ал оны ешкім жаратпаған деген тұжырым жасады. Анаксимандр күн сағатты іс жүзіне асырды, Жердің географиялық картасын жасады, онда Еуропа мен Азия бейнеленген. Анаксимен (б.з.д. 560- б.з.д 480 жж.). Бастама – ауа, шексіз субстанция. От – қыздырылған сұйылтылған ауа. Ауа қоюлана келе бастапқы су күйіне айналады, ал содан кейінгі қоюлану барысында тасқа айналады. Анаксимен стихиялардың барлық әралуандығын ауаның қойылу дәрежелерімен түсіндіреді. Жан да ауадан тұрады. Құдайлар да ауадан пайда болған.

Сонымен, Милет мектебіне дүниені материалдық бастау негізінде пайда болды деп түсіндіру тән. Бастапқыда милеттік философтар ғарышты стихия ретінде және құдайларды алмастыратын жанды тіршілік иесі ретінде пайымдады. Милеттіктер -гилозоистер. Олардың материализмі стихиялық және аңғал болған.

Пифагор мектебі (Пифагор, Филолай, Архит және т.б.). Мінез-құлық ережелеріне қатаң бағынған әлдеқандай туысқандық немесе діни орден ретінде әрекет етті. Пифагор (б.з.д. 580- б.з.д. 500 жж.) Самос аралында дүниеге келген. Ол алғашқыда өзін философ деп атады. Оның бастамасы - сан. Барлығы саннан тұрады. Сан – дүниедегі құдырет бастауы, барлық заттардың принципі. Ғарыш, оның тәртібі санмен белгіленеді. Сандарды құдайландыру сандардың, сандық қатынастардың мистификациясына әкеп соқтырды.. Пифагорлықтар шектің дыбысталу тонының жоғары болуы оның ұзындығына байланысты деп тұжырымдады, яғни бұл музыканың математикалық негіздері болып табылады. Өмірдің мақсаты, мәні – жанды денеден оны тазарту арқылы босату. Тазарту – бұл “сырттай қарайтын өмірдің жетістіктері”. Жан – санмен есептелетін дене элементтерінің үйлесімі.

Гераклит Эфестен (б.з.д. 544- б.з.д. 483 жж.). Оның еңбегі “Табиғат туралы” деп аталады. Барлық дүниенің бастауы – от. Дүниеде бардың бәрін ешкім жаратқан жоқ, ол әрқашан болған, бірде жанатын, бірде сөнетін мәңгілік нағыз от бола да береді. Оттың өзгеріске түсуі жүзеге асады: ол суға айналады, ал су дүниені жаратушының ұрығы. Су, өз кезегінде, Жерге және Ауаға айналып өзгереді. Аталған үдеріс циклді болады.Гераклит гносеологияның негізін қалаушы болып есептеледі. Ол бірінші болып сезімдік және рационалды танымды бөліп қарады, бұл орайда ақиқатқа ақыл-оймен жетуге болады деп есептеді. Таным сезулерден басталады. Одан әрі сезімдік мәліметтер адамның ақыл-ойымен өңделеді. Дүниеде біртұтастық бар, және ол қарама-қайшылықтардың үйлесуінің нәтижесі. Қарама-қайшылық күресі заңды құбылыс және ол керек, бұл дүниенің құрылуының қайнаркөзі. Қарама-қайшылық бір-бірімен күреседі және бірігеді. “Бәрі де ағады, бәрі де өзгереді, бір өзеннің өзіне екінші қайтара түсуге болмайды”.

Болмыс туралы ілім. Элеаттар: Ксенофан, Парменид, Зенон. Ксенофан (б.з.д. 580- б.з.д. 490 жж. дейін) – Элей мектебінің негізін салушы. Еңбегі – “Табиғат туралы”, поэма түрінде жазылған. Бастапқысы – жер. “Бәрі де жерден пайда болады және жерге оралады”. Құдай – жалғыз, табиғатпен кірігеді (пантеизм). Ксенофан – рационализмнің жақтаушысы.

Парменид (б.з.д. 540- б.з.д. 480 жж. дейін).Гераклитке қарама-қарсылығы Парменид ештеңе өзгермейді деді.Парменид тұрақтылықтың және өзгермейтіннің әлдебір тұстарын іздеуде болмыстың біртұтастығы идеясын тұжырымдады. Болмыс туралы ілім. Болмыстың қасиетері: Болмыс пайда болған жоқ және ешқашан жойылмайды;болмыс мәңгілік және өзгермейді;болмыс бірлікте және тұтастықта;болмыс жетілген (онысы аяқталған) және қозғалмайды. Болмыс оймен қамтылатын нәрсе. “Ойлау және болу – бұл өзі бір нәрсе”. Парменид – рационализмнің “атасы”. Ақыл-ой – ақиқаттың жолы, сезім – пікірдің жолы. Ақиқаттың өлшемі – ақыл-ой.

Зенон (б.з.д. 490- б.з.д. 430 ж.) – Парменидтің шәкірті.Зенон – субъективті диалектиканың өкілі. Зенон тарихқа өзінің апориясы (парадоксы) арқылы енген болатын. Зенондық апорияның мәні –бұл қозғалыс пен тыныштық күйдің, даралық пен көпшіліктің, шек пен шектеусіздіктің, үзіліс пен үзіліссіздің арқатынасы. Зенеон ақиқатты логикалық түрде дәлелдеуге болады деп есептеді. Бізге Зенонның 9 апориясы жетті (“Дихотомия”, “Ахиллес және тасбақа”“Жебе” және т.б.). Қозғалыстың қарама-қарсылығы туралы идея.

Ежелгі грек атомизмі (Левкипп, Демокрит, Анаксагор, Эмпедокл). Демокрит (б.з.д. 460- б.з.д. 371 жж.). 70 шақты еңбегі бар. Бастамасы –бос кеңістікте қозғалатын бөлінбейтін бөліктер - атомдар. Атомдар өзгеріске түспейді, мәңгілік, олардың саны шексіз, олар көлемі, пішіні, реті мен орналасуы жағынан ерекшеленеді. Бұлар үнемі қозғалыста болады.

Сезімдік таным – “пікір” бойынша таным, рациональдысы – “ақиқат” бойынша және оның бірлігі.

Демокрит – демократияның басты жақтаушысы. “Монархиядағы кешкен бай өмірден демократиялық мемлекеттегі кедейшілік артық”. Демократия азаматтардың өздері құрған заңдары арқылы қолдау табуға тиіс.

Адам туралы ілім. Софистер (Протагор, Горгий, Продик, Алкидам, Критий және т.б.) (б.з.д. Ү ғ.) – басқаларға арнайы білімді ақыға берген алғашқы философтар. Олардың пайда болуы халық жиналыстарында, соттарда шешен әрі дәлелді сөйлеу қажеттігінен туындады(құл иеленушілік демократия). Софистердың басты мақсаты ақиқат емес, тыңдаушыларды өздеріне қарата білу, сондықтан шешендік өнер оларда бірінші орында болды. Олар объективті ақиқаты теріске шығарды, ақиқат әрқашанда субъективті деп тұжырымдады. Сократпен бірге оларды “гректің ағартушылары” деп атады. Софистердың негізгі назарында адам және оның танымдық қабілеттілігі болды. Софистердың басты тақырыптары: этика, саясат, шешендік, өнер, тіл, дін, тәрбие – яғни мәдениет. Сондықтан олар ежелгі философияның гуманистік кезеңін бастаушылар болып табылды.

Протагор (б.з.д. 490- б.з.д. 420 ғғ.шамасында). Еңбегі “Антилогиялар”. Оның мынадай атақты сөзі бар: “Адам- бар заттардың өлшемі”.

Софистердің принциптері: релятивизм– танымның салыстырмалығы;бәрі де басқаға қатысты пайда болады және болады, ештеңе де өздігінен болмайды.

Ғарыштағы барлардың бәрі де өзіне қарама-қарсы болады, бірақ қалай болса солай өзгермейді. Демек кез келген зат қарама-қайшылықтан тұрады және “кез келген зат туралы екі мағынада және қарама-қайшы жағын айтуға болады”.Объективті ақиқат деген болмайды, объективті ізгілік пен зұлымдық болмайды. Бұл нақты адамға қатысты, ол өзіне тиімді оған пайда әкеледі деп есептесе оның ізгілікті болғаны, ал оның мүддесіне сай келмейтіндер зұлымдық делінеді. Софистердың өзінен бұрынғыларға қарағанда тарихи сіңірген еңбегінің ерекшелігі олар бірінші рет ежелгі философиялық ойды ғарыштың проблемаларынан адамзат өмірінің проблемасына бұрды. Біздің заманымызға дейінгі Ү ғасырдың аяғынан бастап адам проблемасы айырықша назарға алынды, әсіресе оған атақты философ Сократ ерекше мән берді.

Сократ (б.з.д. 469- б.з.д. 399 жж.) – афиналық философ, оның көптеген ізбасар мен шәкірттері болған, оның ішінде ең атақтысы Платон болып табылады. Сократ және оның идеялары туралы мәліметтер бізге оның шәкірттері мен философия тарихшыларының мазмұндап баяндауымен жетті, өйткені, ол өзі көзінің тірісінде ешқандай еңбек жазбаған. Сократ бойынша жазбаша білім, - өлі білімдер. Диалог жазбаша білімнен жоғары тұрады.

Сократ философиясының басты өзегі – адам өзін-өзі танитын өнегелілік тіршілік иесі. Адамның мәні оның жаны болып табылады, өйткені, ол “оған дене қызмет етеді”. Жанның құндылығы танымда. Сократ субъективті диалектиканың әдісін жасады, оның мақсаты – ақиқатты айқындау. Сократ бойынша ақиқат – бұл диалог үдерісінде ұғымдардың мазмұнын анықтау барысында алынатын объективті білім. Сократтың айтуынша, сұхбаттасу - моральды “жанның сынақ” тапсыруы. Сократ субъективті диалектиканың әдісін майевтика (кіндік шеше” өнері) деп атады. Субъективті диалектика әдісінің көмегімен сұхбат, диалог үдерісінде ақиқат туындайды. Ол индукция әдісін кеңінен қолданды және бұл әдісті ақиқатқа “бару” әдісі деп ақиқаттан кем емес бағалады. Сократ былай деді: ”Мен білмейтінімді білемін”. Сократ софистерді “жалған данышпандар”деп,олардың ілімін сынады.

“Өзіңді өзің таны” – барлық адамдарға ортақ өнегелілік сапаларды іздеуді білдіретін ұран. Бақыт пен ізгілік бір-біріне теңдеседі, ал зұлымдық ізгілікті білмеу болып табылады. Таным – игі істің, оң әрекеттің қажетті шарты. “Ізгілікті дегеніміз білім”. Адам өз бақытының және бақытсыздығының сәулетшісі. Сократтың этикалық ілімінің қуаты оның тек философиялық іпікрлерімен ғана емес, сонымен қатар өзінің өлімімен де дәлелдеді, ол соттың сөзсіз шешімімен болған әділетсіздікке мойынсұна отырып, у ішіп қаза болды. Сократқа мынадай айып тағылды: “ол қала сенетін құдайға сенбейді, жаңа құдайларды енгізеді, және ол жасөспірімдерді бұзады, сол үшін де оған -өлім”.

Платон (шын аты Аристокл, Сократтың шәкірті, Академияның негізін қалаушы, объективті идеалист).

Платонның шығармаларын төмендегідей кезеңдерге шартты түрде бөлуге болады:

•сократтық (жасөсіпірімдік) – “ Кіші Гиппий ”, “Лисии”, “Алкивиад І”, “Сократтың Апологиясы”, “Критон”;

• софист философтарға қарсы бағытталғандар – “Протагор”, “Горгий”, “Менон”, “Эвтием”, “Кратил”, “Теэтет”, “ Үлкен Гиппий ”;

• гүлдену кезеңі – “Федр”, “Той”, “Менекен”, “Ион”, “Мемлекет”,”Саясат”, “Парменид”,

•метафизикалық сипатта – “Федон”, “Тимей”, “Критий”;

•Филипп Опунский жинақтаған “Заңдар”.

Идеялар туралы ілімдер (диалектика). Платон философиялық жүйесінің өзегі гносеологиялық проблемаға, білімнің мәні туралы пайымдауға (өзіне өзі пайымдау жасау) мән берілген идеялар туралы ілім болып табылады. Егер Сократта өнегелілік ізгілік білімге сүйенсе, яғни идеал нормативті ерік болса, ал Платон өзінің ұстазынан да асып түсіп, адамның практикалық әрекеті ойлауға тәуелді дей келе, өзінің ісіне есеп бергісі келген адам құндылықтар мен міндеттер туралы ұғымды иеленуі керек деп тұжырымдайды. Осы ұғымдарды тұжырымдау үшін ол талдау әдістерін, қабылдау және шығарып тастау, қарсылықа дәлел әдісін қолданды. Ұғымдар қабылдаудан толықтай ерекшеленеді және одан шығарыла алмайды. Олар “біріктірілген сырттан қарау” жолымен құралады, сондықтан әуелгі бастан жан қабылдауға тәуелді болмайтын мазмұн туралы “еске түсіруді”білдіреді. Осыдан екі дүние туралы ілім шығады: көрінетін (сезімдік, өзгергіш, ақиқат емес, жетілмеген, денелік) және имматериалды және ақиқатты (ақиқатты, жоғары сезімталды, тұрақты, жетілген, идеалды, мәңгілік, көзге көрінбейтін, денелік емес) – (“көрінетіннің бәрі көрінбейтіннің өзі десе болады”). Мұнда платондық диалектиканың өзіндік орны бар, оның негізінде – ізгіліктің идеясы –бүкіл болып жатқанның себебі, дүниенің мәні, Құдайға теңдесетін ақыл-ойдың үстемдігі ретіндегі дүниелік мақсат. Идея – құбылыстар себебінің мәні, мақсатты себеп. Ізгіліктің қайнар көзі – Құдай, ал зұлымдыққа бас себеп- тән. Жан бастапқы қозғалыс, ол сананы иеленеді. Құдай ретіндегі ақыл-ой немесе дүниелік мақсаттар объективті бастау, жаны болады және санаға көшеді.

Платон әлеуметтік саясатшы ретінде “Мемлекет” деген өзінің еңбегінде идеалды мемлекетің,теориясын құруды жария етті. Еркімен бірлесу – дұрыс мемлекет болу деген сөз. Демократия белгісі әркімнің еркін ерікті түрде білдіруі. “Ешкім де өз еркімен әділетсіздік жасамайды”. Мемлекеттің жетістігі сенімдердің бірлігінде жатыр, сондықтан оның құрылысы ғылыммен және ғылыми біліммен айқындалуы тиіс, бұл мемлекет басына философтарды әкеледі. Философ өзінің жанында мынадай үш бөліктің үйлесімін табады: қанағат етушілік, әділдікті құрайтын ерлік және парасаттылық.

Платон пайғамбар ретінде өзінің жаңа ақиқатын ұстана отырып, адамдар арасындағы ұзақ және құнды байланыс тек интеллекуталды бірлік арқылы мүмкін болады деп есептейді. Көзқарастардың ортақтығы, өмірдің рухани мағынасын зерттеу бойынша бірлескен жұмыс жекелеген тұлғалардың көбін органикалық бірлікке ұштастыратын ақиқат байланыс. Мәдениетті мемлекеттің принципі осылайша айқындалады. Қоғамдық өмірде рухани біррлікті сақтау үшін Платон тәрбиені ұсынады.

Аристотель (Платонның шәкірті, Ликейдің негізін салушы, ұстаз,Стагира полисінде дүниеге келген, тағы бір аты-Стагирит) -– Платон мектебінде кәсіби дәрежеде қалыптасқан және педагог пен ғалымның тәуелсіз өмір салтын ұстанған философтың жаңа типі. Көптеген трактаттардың авторы: “Саясат”, “Физика”, “Метафизика”, “Жануарлардың тууы туралы”, “Жан туралы”, “Никомах этикасы”, “Эвдем этикасы”,”Категориялар”, “Органон”т.б.. Платон сияқты Аристотель үшін де - ең жоғарғы бастау игілік болып табылады. Бірақ ол Аристотельде ақыл мен болмыстан тыс болуды қойды. Бірінші бастау толықтай іске асырушылық: бұл ойдың пәнін мәңгілік меңгеретін ақыл, яғни үздіксіз болатын ақыл тәрізді, немесе құдай ретінде болады. Бұл игіліктің табиғаты абсолютті ұғынылады: сергектік, қабылдау, ойлау – бұл ақылдың мәңгілік қызметіне тән. Барлық дүние секілді біз де оған ұмтыламыз. Аристотель үшін дүниеде бәрі ретке келтірілген, оны зерттеу керек және тиісті ғылымның көмегімен қарама-қайшылықсыз сипаттау керек. Жан туралы мәселе – табиғат туралы ғылымға жататын арнайы ұтымды ғылымды зерттеудің пәні. Ол Платонның заттар дүниесінен тыс өмір сүретін идеялар дүниесі бар деген ойымен келіспеді.

Мән туралы ілім. Аристотельдің болмыстан тыс бастауды танудан бас тартқанын көрсетеді және ғылыми білімнің көмегімен философияның категориялық аппаратын кеңейте отырып, шындықты сипаттайды. Мән дегеніміз не түр (форма), не материя, не одан да, бұдан да құралатын болып табылады; түр дегеніміз жүзеге асырылғандық (энтелехия), маңыздылық, белсенді, материя –мүмкіндік. Жанды нәрсе материя мен түрден (формадан), яғни дене мен жаннан тұрады, жан – осы мүмкіндіктің жүзеге асырылуы, немесе кейбір дененің энтелехиясы. Жан дене емес, дененің белгілі бір тегіне жататын бір нәрсе, оның тірі болу мүмкіндігін жүзеге асыратын нәрсе; дененің бұл тірі болу мүмкіндігі денеден тысқары іске асырыла алмайды. Жаны бар дене өседі, қозғалады, сезінеді, ойлайды. Табиғи заттардың және элементтердің барлық әралуандығын Аристотель табиғат деген бір ұғымға біріктірді, оған қозғалыс, өзгеру және тыныштық тән. Танымның мәселесінде дұрыс ойлау тәсілдері ретінде формальдық логика,индукция, силлогизм әдістерін ұсынды. Аристотель әзірлеген ұғымдар бастау, себептер, түрлер (формалар), материялар, мүмкіндіктер, жүзеге асырылғанның әрекет етуі және аяқталуы – энтелехиялар, қозғалыстар, орындар, уақыт, шексіздік, үздіксіздік және т.б. Аристотель ғылымды теориялық және практикалық деп бөлуді бекітті. Оның екіншісіне ізгіліктілерді насихаттаумен байланысты этика мен саясат жатады.

Эллинизм кезеңі(грекше ойлау, грекше өмір сүру). Бұл кезеңнің басты мәселесі этика (физика мен логикаға сүйенген)болды.

Эпикур (б.з.д. 341-270 ж.ж.), материалист, атомдық ілімді дамытқан, мектебі ”Бақ”деп аталады.Атомдық ілімге қосқаны: атомдардың салмақ күшінің әсерімен еркін ауытқуы. Жаны да, тәні де еркін атомдардан құралған адам еркін құбылыс.Ол жүріс-тұрыс ережелерін еркін таңдайды. Эпикур гедонизмді ұстанды,яғни өмірдің мәні рахат пен ләззатта.Философияның міндеті жанның жайлануын (атараксия)қамтамасыз ету,яғниөлім мен құдайлардан қорқу сезімінен азат ету.Біз өлімге дейін, өлім бізден кейін.Білім көзі -сезімдік қабылдау.Эпикуршылардың ішіндегі аса көрнектісі римдік Лукреций Кар (б.з.д.1ғ.).

Кинизм- эллинизм кезеңіндегі этикалық мектеп.Киниктер-материалдық байлықтарды менсінбей, этика ережелерін мойындамай,еркін, табиғи өмір салтын ұстанушылар.Көрнекті өкілі-Диоген Синопский. Стоицизм (б.з.д. 3ғ.б.з.3 ғ.), негізінқалағанКитиондықЗенон.Өкілдері:Хрисипп,Посидоний,Сенека,Эпиктет,

Марк Аврелий т.б. Стоиктер Космосты жаны бар,тұтас тірі организм ретінде қабылдады.Ол Логос заңына бағынады. Адам осы тұтастықтың бөлігі болғандықтан,оның өмірі де осы эаңға бағынады.Сондықтан өмірде ешқандай кездейсоқтық жоқ, бәрі заңды, қажетті (фатализм),адам өмірінің мәні тағдырға мойынсұнып, -шыдау,басқа түскенді ерлікпен көтеріп алу.

Скептицизм, негізінқалаған-Пиррон. Өкілдері - Энисидем, Секст Эмпирик т.б. Скепсис-грек.күмәндану.Скептиктер білімнің ақиқаттығына күманданады. Сондықтан, адам соңғы қорытынды жасауға ұмтылмай, ақылды үнсіздік сақтағаны дұрыс.

Эклектизм (эклектика) - әртүрлі идеялар мен концепциялардың жүйесіз бірігуі.Философияда әртүрлі ілімдердің әрқайсысының “ең жақсы ”жағын біріктіруге ұмтылу. Көрнекті өкілі-римдік Цицерон.

Неоплатонизм -антика кезеңінде қалыптасқан соңғы бағыт(3-4ғ.ғ.). Негізін қалаған –Плотин.Неоплатонизмде Платон идеялары стоицизммен, перипатетизммен (Аристотель ілімі) толықтырылады. Жүйелі объективтік идеализм болып табылады.

Тестер:

1. Космос, фюзис, логос, эйдос, – осы кезеңнің басты категориялары болып табылады:

А) Қайта өрлеу С) Антика

В) Ортағасырлар D) Ағартушылық

2. Фалес бойынша дүниенің түпнегізі, субстанция, архэ:

А) су С) жер

В) от D) атом

3. Қарама-қайшылықтардың бірлігі мен күресі туралы заңның бастамаларын еңгізген ойшыл:

А) Сократ С) Аристотель

В) Гераклит D) Платон

4. «Майевтика» әдісін қолданған философ:

А) Сократ С) Аристотель

В) Гераклит D) Платон

5. «Өзінді танып біл», - деген ойшыл:

А) Сократ С) Аристотель

В) ГераклитD) Платон

6. Объективті идеализмнің негізін қалаушы:

А) Сократ С) Аристотель

В) Гераклит D) Платон

7. Аристотельдің логикалық дедукция туралы ілімі:

А) майевтика С) апологетика

В) силлогистика D) акциденция

8. «Метафизика», «Никомах этикасы» шығармаларының авторы:

А) Сократ С) Аристотель

В) ГераклитD) Платон

9.Апориялар арқылы болмыспен ойлау мәселесін қарастырған ойшыл:

А) Сократ С) Аристотель

В) Зенон D) Платон

10. Философия терминің алғашқы рет пайдаланған философ:

А) Сократ С) Аристотель

В) Гераклит D) Пифагор

Қосымша әдебиет:

1. Антика философиясы. ӘФМ.20 томдық.Т.2. А. 2006.

2. Аристотель философиясы. ӘФМ.20 томдық.Т.3. А. 2006.

Д.4. Орта ғасырлар философиясы.

1. А.Августин мен Ф.Аквинскийдің теософиясы.

2. Ортағасырлық мұсылмандық Шығыс философиясының жалпы сипаты мен бағыттары.

Дәріс мақсаты: орта ғасырлық батысевропалық және мұсылман шығыс философияларының әлеуметтік-мәдени негіздерін, жалпы сипатын ашып көрсету.

Негізгі ұғымдар: патристика, схоластика, теология, реализм, номинализм, томизм, теоцентризм, креоционизм, аскетизм, догма, суфизм, эманация, неоплатонизм, қалам, перипатетизм, политеизм.

Батыс - Европалық орта ғасыр философиясы.

Батыс Европалық орта ғасыр философиясы – V-XIII ғасырға дейінгі кезеңді қамтиды. Бұл уақыттағы философия «құдай ілімнің қызметшісі», осы ғасырдың философиясы христиандыққа негізделген. Христиан дінінің қасиетті кітабы – Библия (Інжіл). Грек тілінен ауларғанда «кітап»-деген мағынаны білдіреді. Христиандық дүниетаным монетеистік. Христиан дініндегі құдай үш бейнеде: Құдай - әке, Құдай – ұлы және Қасиетті рух.

Орта ғасырдың негізгі идеясы теоцентризм, яғни барлығын анықтайтын ақиқат құдай.

Христиан теологиясы – екі қағидаға негізделген. Ол тудыру идеясы (креационизм, лат. creatio – тудыру) және ашулы идеясы (ревеляционизм, лат. revelation - ашылу). Тудыру идеясы ортағасырлық онтологияның негізінде жатыр, ал ашу идеясы таным туралы ілімінің негізін құрайды. Ортағасыр философиясы сонымен қатар провиденциализм идеясын (лат. Providenta – көріпкелдік, көзқарастар жүйесі) уағыздайды. Ол бойынша барлық дүниежүзілік жағдайларды, соның ішінде тарихты да, бөлек адамдардың іс-әрекетін де құдай көріпкелділігі басқарады. Тағы да бір ағым персонализм (лат. persona – тұлға) философиядағы теистік бағыт. Ол бойынша тұлға алғашқы шығармашылық ақиқат және рухани құндылық, ал барлық әлем құдайдың шығармашылығының көрінісі.

Ортағасыр философиясының қалыптасуының екі кезеңін атап өтуге болады – патристика және схоластика. Патристика – «шіркеу әкелерінің», теологиялық философиялық көзқарасының жиынтығы. Олар христиан дінін негіздеуде антика философиясына, соның ішінде Платон идеяларына сүйенеді. Патристика үш кезеңді қамтиды: апологетика (ІІ-ІІІғғ.) – христиан дүниетанымының қалыптасуына және қорғауында маңызды рол атқарды; христиан ілімін жүйелендірген классикалық патристика (ІV-Vғғ.); догматиканы бір қалыпқа келтірген соңғы кезең (VІ-VІІІғғ.). Схоластика адам зердесінің көмегімен сенімде қабылданған идея мен формулаларды негіздейтін философиялық ойлаудың бір түрі. Орта ғасырларда схоластика өз дамуының үш кезеңінен өтеді: (ХІ-ХІІғғ.); кемелденген кезең (ХІІ-ХІІІғғ.); соңғы схоластика (ХІІІ-ХІVғғ.).

Патристиканың атақты өкілі – ұлы христиан ойшылы Аврелий Августин (Блаженный) (354-430жж.). Оның ең атақты еңбектері «Исповедь» және «О граде Божьем». Августин өз этикасында жамандыққа жақсылықтан гөрі өзгеше бастама берген. Жамандық адамнан шығады, ал жақсылық Құдайдан келеді. Адам жақсылыққа емес, жамандыққа жауап береді.

Жан және материя арасындағы философиялық тартылыс реалистер мен номиналистер арасындағы күреске алып келді. Ол жалпылықтың жекелікке қатынасы немесе «универсалий» мәселелсі. Номиналистер бойынша алдымен қандай да бір зат пайда болса, оған ат беріледі (nomen). Реалистердің айтуынша алдымен заттың өзі емес, оның жалпы атауы «универсалийлар» пайда болады, яғни сөз соған сәйкес пайда болады.

Христиан философиясының дәстүрлі тақырыбы – Құдай әмбебаптылығын қорғау – ұлы философ Фома Аквинский (1225-1274жж.) еңбектерінде ауқымды орынға ие. Оның айтуынша – жамандық позитивті көрініс болып табылмайды, ол жақсылық сияқты өз-өзімен өмір сүрмейді, ол бейболмыс. Фома Аквинскийдің атақты еңбектері – «Сумма теологии», «Сумма философии» және т.б.

Орта ғасыр деп аталған кезең Батыс Европа тарихында Рим империясының күйреуінен бастап, Қайта өрлеу дәуіріне дейінгі мың жылдан астам уақытты қамтиды. Бұл кезеңде христиан діні қоғамдық өмірдің барлық салаларында үстемдік көрсетті. Мектеп ағарту ісі шіркеудің қолына көшті. Философия бірнеше ғасыр бойы діннің жандайшабына айналды. Ең алдымен философияның міндеті діни жағдайларды, сенім мен білімге қатысты ілімді негіздеуге тірелді.

Ортағасырлық христиандық философияның бірінші кезеңі – патристика (Августинға дейінгі), екінші – схоластика.

Схоластика мен патристиканың арасында айырмашылық бар. Оқытушылардың /патристикадағы/ алдына қасиетті жазудың мазмұнын құрайтын жүйелі түрдегі догманы жасап шығу міндеті қойылды. Ал схоластиктердің алдында осы догматикалық тұжырымдаманы сауатсыз адамдарға кең тарату міндеті тұрды. Схоластиктердің ұстанымы: «неге сенемін – соны танимын» болды. Схоластиканың негізгі мәселелері Құдайдың хақ екені мен жанның мәңгілігін дәлелдеуге байланысты.

Схоластика өз дамуында үш кезеңнен өтті:

1. Балауса схоластика – IX - XII ғғ. Негізгі өкілдері: Ансельм Кентерберийский, П.Абеляр, Августин Аврелий, т.б.

2. Кемеліне жеткен схоластика – XIIғ – Негізгі өкілдері: Ұлы Альберт, Фома Аквинский, Дунс Скотт, т.б.

3. Құлдырау кезеңі – XIV – XV ғғ. – Негізгі өкілдері: Ульям Оккам, Жан Буридан, т.б.

Ортағасырлық философиядағы негізгі тартыс, айтыс универсалий деп аталған ұғымдар, жалпының жекеге қатынасы жайында болды.

Жалпы ұғым - әмбебаптар адам санасынан, нақты зат атауынан тыс, оған дейін өмір сүретін шындық, деп түсіндіреді. Бұл көзқарасты жақтаушылар реалистер деп аталады. Бұған қарама қарсы екінші пікір бойынша, әмбебаптар адамнан, нақты заттардан тыс өмір сүрмейді. Бұл тек нақты заттарды топтап атау арқылы пайда болған жалпылық ұғым. Бұл пікір бойынша, «жалпы адам» дүниеде жоқ. Қоғам әрбір жеке бейнелерден тұрады. Ал «адам» деген жалпы атау – ол нақты адамдардың бәріне тең, ортақ ұғым. Бұл пікірді жақтаушыларды «номиналистер» деп атады.

Реализмнің басты өкілдері Ансельм Кентерберийский, П.Абеляр, Фома Аквинский. П.Абеляр бойынша, шынайы өмір сүретін – жалқылар, бірвқ олар өзара ортақ қасиеттері болғандықтан, осы негізінде жалпы ұғымдар қалыптасты. Бұл жалпылар (универсалилер) шын өмір сүреді, себебі ол құдайдың ақыл-ойында есепте тұр, ол жаратқан заттардың үлгісі болып табылады. Олай болса, жалқыларды зерттеп, алған білім де, жалпылардың шын екеніне деген сенім де бір-біріне қайшы келмеулері керек.

Фома Аквинский. Платонның бағытын жалғастырды. Олардың пікірі бойынша, жалғыз құдай шын өмір сүреді, дүниеде бар нақты заттар мен құбылыстардың бастамасы құдай, демек жеке нәрселердің пайда болуы жаратушы құдайға байланысты. Заттарды құдайдың ақыл ойындағы идеялық болмысы мәңгі, шындықтағы болмысы өткінші ғана сипатта болады деп есептеді. Ф.Аквинский ілімі бойынша, материя формадан бөлек жекеше өмір сүре алмайды, ал форма материядан бөлек өмір сүре алады. Фоманың айтуынша, ешбір материалдық дене жоғары формадан яғни жаратушы құдайдан тәуелсіз өмір сүре алмайды, сондықтан, құдай – таза рухани жан деген сөз. Тек табиғат дүниесіндегі заттар үшін ғана форма мен материяның бірлігі қажет. Жалпы идеялар заттарңа дейін құдайдың ақыл-ойында өмір сүреді деп, реалистермен келісетінін көрсетеді. Сонымен қатар ол жалпы идеялар заттардан кейін адамның ақыл-ойының жемісі ретінде ойда өмір сүреді, сөйтіп олар заттарды жарата алмайды, қайта олардың нәтижесі болып табыла отырып, белгілі бір дәрежеде номиналистерді жақтауға әрекет жасайды. Мәселені бұлайша шешу философия тарихында идеялар тек заттардан тыс бұрын өмір сүреді дейтін атауға ие болды. Заттардың мәні олардың түп негізі – құдайдың бойындағы жалпы идеялар болғандықтан, адамның мақсаты- соларды діни сенім арқылы білуге ұмтылу. Ал философия болса, ол да діни догмалардың дұрыстығын, ақиқаттығын өзіне тиесілі бар беделімен дәлелдеуі керек.

Реалистерге кері бағыт ұстанған номиналистр. Олар астыртын материалистік ұғымды қолдады. Оның өкілдері: Роджер Бэкон, Уильям Оккам, Николай Уразмский. Олар жалпы заттарды зерттеуге шақырды. Санадан тыс өмір сүретін жалпылық жоқ, тек нақты заттар бар деп түсіндірді.Нақты затқа жалпының да, жалқының да керегі жоқ деді Ульям Оккам. Әмбебаптар – олар үшін тек белгілер, бірақ олар барлық заттарға қолданылмайды, тек өзара ұқсас заттарға ғана қолданылады, - деді, Роджер Бекон схлоастиканы сынады. «Шындыққа жету үшін нақты ғылымдарды, яғни ертедегі ғылымдарды білу қажет»,-деді, Николай Уразмский де ғалым болған, дінге сенбестік білдірген.

Орта ғасыр араб-мұсылман философиясы.

VII ғасырдың басында Түркістаннан Испанияға дейінгі ұлан-ғайыр территорияға араб шапқыншылық нәтижесінде «Араб халифаты» көп халықты мемлекет пайда болды. Бұл мемлекетте философия жақсы дамыған, көбінесе ежелгі грек философиялық ойлары қарастырылады. V –VII ғасырда схоластикамен қатар араб философиясы дамыды, бірақ оны батыс еуропалық схоластикамен салыстыруға болмайды.

Араб философиясы ислам дініне негізделген. Құран – ислам дініндегі қасиетті кітап. «Құран» араб тілінен аударғанда оқу деген мағынаны берді. Ал 114 сүреден тұрады. Сунна - Мұхаммед пайғамбардың өмірбаянымен хадис жинақтары.

Араб мұсылман философиясының бағыттары шығыс перипатетизмі, қалам, суфизм.

Шығыс перипатетизмі – араб философиясындағы Аристотельдің идеяларын дамытушы бағыт.

Шығыстық перипатеттизм өкілдері - Әл-Кинди, Әл-Фараби, Ибн - Сина, Ибн Рушд және т.б.

Әл Киндиді араб философы деп атаған, философияның ұлы өкілі. Әл Кинди 200-ден астам еңбек жазған, соның ішінде «Алғашқы философия», «Бес мән туралы кітап». Әл Кинди философияны жаратылыстану ғылымдарымен тығыз байланыстырды, оның ойынша философиямен айналысу үшін математиканы үйрену керек. Әл Киндидің философиясы Аристотельге негізделеді және оның еңбектерін аударып уағыздады.

Әбу Насыр Ибн Мұхамед Әл Фараби (870-950) философ, ғалым – энциклопедист, шығыс аристотелизмнің басты өкілі, Аритотельден кейінгі «екінші ұстаз» болып табылады. Багдад, Алеппо, Дамаск қалаларында өмір сүрді. Негізгі еңбектері «Ақыл мен түсінік», «Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы», «Музыка туралы кітап», Ибн Сина (латын тіліндегі транскрипциясы - Авеценна) Абу Әли Хусеин ибн Абдаллах (980-1037) – философ, энциклопедист, дәрігер, ақын, математик. Ибн Синаның белгілі еңбектері «Айығу кітабі», «Аман қалу кітабы», «Білім кітабы», «Медицина туралы поэма» өлеңдерін жинақ кітабы және ең негізгі еңбегі «Медицина ғылым каноны» болып табылады. «Медицина ғылым каноны» кітабы латын тіліне аударылған, ХІІ ғасырдан бастап Еуропа елдеріне әйгілі болды. Соңғы оқулық болып табылып, еуропа медицина университетінде бес ғасыр бойы оқытылды. Ибн Синаның ойынша - дүние эманация жолымен пайда болады.

Ибн Рушд (лат. аудармасында – Аверроэс, Averroes) Әбіл Валид Мұхаммед Ибн Ахмед (1126-1198) – Кордов (Испания) қаласынан келген философ, ғалым, дәрігер, шығыс перипатетизмнің көрнекті өкілі, ұлы комментатор атымен әйгілі болды. Көбіне оның шығармалары Аристотельдің еңбегін түсіндірумен шектеледі. Негізгі шығармасы «Терістеуді терістеу» деп аталады. «Дін мен философияның арасындағы салыстыралы байланысы жайлы пікірлер». Оның идеялары әйгілі аверроистердің еңбектірмен байланысты болды. Аверроэс философиясы Европа философиясына күшті ықпал етті. Ақиқат жалғыз, бірақ оған жетудің екі жолы бар: білім немесе ғылым жолы және сенім немесе діни жолы.

Калам – «спекулятивті теология» - араб-мұсылман философиясының бағыттарының бірі, ол ІХ ғ. басында қалыптасқан және силлогизм мен аналогияға арқа сүйеген араб - мұсылман философиясының бағыты, оның негізі діни беделге сүйену емес, философиялық қағидаға сүйену.

Суфизм – (араб тілінен аударғанда «жүн шаш») деген мағынаны білдіреді. Исламдағы мистикалық аскеттік бағыт. Алғашқы суфийлер VIIІғ. соңы- ІХ ғ. басында Ирак және Сирияда жүнек киінген аскеттер болып саналады. Олар байлыққа және кедейлікке талпынбайтын әлеуметтік активтіліктен аулақ болды. Олар Аллаға махаббатын мистикамен түсіндірді.

Суфизм бойынша алла барлығында – гүлде, күнде және т.б. және де барлық Аллада Суфизм материалдық тұрғыдан қарағанда денесінен айырылып, жанымен Аллаға бірігуге шақырды. Ол төрт қадамнан тұрады.

Шариғат – мұсылмандағы өмір сүру қағидасы. Тариқат – адамын моральдық –психологиялық жетілуі. Марифат – қоғамнан тыс өмір сүруде «Құдай әлем бірігуінде» деген ұғымды түсіну жолы. Хақиқат – Құдайға толықтай ену, өзінің меніңді құдайдан тану, тәндік қажеттілікті шектеу.

Арабмұсылман философиясы дегеніміз мұсылман дінін қабылдаған және араб тілінде сөйлейтін Шығыс халықтары ойшылдарының орта ғасырлар дәуіріндегі ілімдерінің жиынтығы.

Фәлсафаның араб тілінде өрбуіне мәдени – тарихи, саяси - әлеуметтік жағдайлар болған. Бұл жерде еріксіз мойындайтын мәдени-әлеуметтік жағдайлар: ислам діні, оны таратушы басты саяси күш – Араб халифаты. Араб тілі осы империаның мемлекеттік тілі болатын.

1.Араб тілін меңгеру- білімділіктің әрі мұсылмандықтың белгісі. Осы жағдайға сай оқу, білім беру жүйесі арабша қалыптасып, ендігі жерде араб тілі мұсылман өркениетінің тіліне айналды.

2.Фәлсафа мұсылман мәдениетінің туындысы. Бұл, негізінен, мұсылман елдерінің ойшылдарына тән дүниетаным.

3.Фәлсафа антиктік философияны араб тілінде, мұсылмандық дүниетаным негізінде қайта жандандырған.

ХХ ғ. көрнекті ғалымы Б.Рассел, біріншіден, антик дәуіріндегі Платон мен Аристотельдің арасалмағы туралы. Платон Аристотельден әлдеқайда басым болған. Арабтар осы мәселеде философия тарихында өзгеше бастау жасады, олар Аристотельді бірінші орынға шығарған. Екіншіден, ұмыт болған антиктік философияны тірілтіп, аударып, онымен Еуропа жұртшылығын таныстырып, грек философиясындағы дәстүрді жалғастырушылар, сөзсіз фәлсафашылар. Осындай істің нәтижесінде Еуропада грек, латын тілдері қайта жанданды, олар ғылым, білім, өнер, философия тілдеріне айналды. Үшіншіден, арабтар салған дәстүр немесе грек философиясын қайта жаңғырту XI ғ. Батыс Еуропа схоластикасына негіз болды. Бұл туралы кезінде И.Г.Гердер былай деп жазған: «Арабтар болмаса, Гербер де, Альберт Великий де, Роджер Бекон де, Луллия Раймунд та болмас еді. Олардың барлығы Испанияда арабтардан оқыды немесе солардың шығармаларын оқыды». Схоластика деп танылған орта ғасырлық философия: мұсылмандық, иудейлік және христиандық болып бөлінеді. Төртіншіден, араб философтары Еуропалық Қайта өрлеу заманындағы интелектуалдық халге әсері айтарлықтай болған. Фәлсафа араб тілі негізінде ғана емес, ол саяси негіздерде жүзеге асқан феномен. Осы тұрғыдан оның үш тарихи кезеңін көрсетуге болады.

Бірінші кезең, Бағдат халифатына қатысты, ӘЛ-Кинди, «Таза ағайындар» еңбектеріне байланысты қарастырылатын тарихи мәдени кеңістік.

Екінші кезең: Халифаттан өзге мұсылман мемлекеттерінің пайда болуына байланысты ислам мәдениеті Аравиядан тыс аймақтарда гүлдене бастады, соның бір көрінісі – Орта Азия мен Қазақстан аумағында ерекше түрде дамыған фәлсафа, оның өкілдері: әл-Фараби, Ибн Сина, Омар Хаям, әл-Ғазали. Бұлар парсы-түркі жұртының ойшылдары.

Үшінші кезең: Мұсылман Испаниясындағы Еуропалық фәлсафаның тарихи-мәдени кеңістігі, оның өкілдері: Ибн Бадж, Ибн Туфейл, Ибн Араби, Ибн Рушд.

Әл Кинди (800 жылы туған) жан-жақты білімді, терең ойлы ғұлама. Еңбектері: метафизика, логика, этика, математика, астрономия, медицина, метеорология, музыка теориясы және оптика сияқты білім-ғылымға арналған. Әл Киндидің ерекше ерлігі Аристотель еңбекткрін грек тілінен арабшаға аударып, оларға түсінік, герменевтикалық талдау беруінде. Оның айтуынша, философиямен шұғылданбақ болған адам Аристотель еңбектерін танудан бастауы керек. «Әрине, әрбір істің басшысы Алла,-дейді, бірақ білім бұлағы Аристотель еңбектерінде». Ол Аристотель шығармаларын төрт түрге бөліп, топтаған. Бірінші топтамаға – логика, екіншіге физика туралы кітаптар, үшінші топтамаға- өздігінен өмір сүріп, нақтылы нәрселерді қажет етпейтін, бірақ солармен бірге өмір сүріп, бірге байланыс тәсіліне болатын білімдер туралы кітаптар. Төртінші- нәрселерді қажет ететін және олармен ешқандай байланыста емес білімдер туралы кітаптар. «Категориялар» деп аталатын кітабында – сөз ұғымдар(категориялар), сипаттар (атрибуттар) туралы. Субстрат дегеніміз – субстанция(зат). Сипат(атрибут) дегеніміз – акциденция. Сипат деген заттың ішінде болып, не өзінің аталуы, не өзіндік белгісі болмайды. Бұл кітапта, әл-Кинди айтуынша, тоғыз акциденталдық ұғым бар, олар: сан, сапа, қатынас, орын(кеңістік), уақыт, әрекет, өзгеріске түсу, қабылдану(обладание) және орын алу немесе орналасу.

«Алғашқы философия туралы» трактатында мынандай мәселелерге тоқталған:

1. Философияның мәні туралы. Ол шындықты танудағы адам қабілетінің мөлшерін білдіреді. Өйткені нағыз философия дегеніміз – ақиқатты тану.

2. Нағыз биік әрі ізгілікті, әрі рухани философия, ол қандайда ақиқаттың себебі болатын алғашқы ақиқат туралы ғылым.

3. Таным туралы. Адам танымының екі түрі бар. 1.сезімдік таным, 2.ақылмен тану.

4. Егер нәрсенің өзі болмай, оның мәні болса, ол ештеңе де емес. Ал ештеңе емес нәрсенің пайда болуына себеп бола алмайды.

Ол мән, субстанция, акциденция, бүтін, жалғыз,қатынас, айырмашылық, қайшылық, тыныштық, қозғалыс, басқа да философиялық ұғымдар мен түсініктер туралы ой пікірлерін білдірген.

Әл Фараби – Аристотельден кейінгі «Екінші ұстаз»атанған данышпан ойщыл. Әбу Насыр әл-Фараби ілімінің ерекшелігі:

1. Аристотель шығармаларына герменевтикалық талдау жасаған.

2. Дін мәселесіне келгенде, Құдай деген идеяны жоққа шығармаған.Ол аристотель ілімі негізінде әлемнің алғашқы себебін мойындайды, алғашқы себеп ол құдай. Фараби форма үздіксіз өзгерісте, ал материя мәңгі деген.

3. Ғылым, Фарабидің айтуынша, ақылдың нәтижесі, оның екі түрі болады: теориялық және практикалық. Теориялық ғылымдар: логика, табиғаттану ғылымдары, метафизика, практикалық – этика мен саясат.

4. Фарабидің мемлекет, саясат, қала өмірі туралы «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы туралы»және «Азаматтық саясат» деген еңбектері бар.

5. Фарабиді таза рационализм тұрғысынан түсінген, толық емес.

Ибн Сина (980 – 1037). Ол әлемге әйгілі ұлы емші ретінде кеңірек мәлім, медицина тақырыбына 43 трактат жазған. Осы саладағы басты еңбегі «Емшілік ілімінің каноны». Ибн Сина грек философы Аристотель еңбектерін жоғары бағалай келіп, оның ізбасарларын(Шығыс перпатетиктерін) сынға алған, себебі, олар өз ұстаздарының ойларын түсініп алуға бар күштерін жұмсап, оның кемшіліктерін көре білмеген. Ибн Сина метафизиканы Аристотельдік түсінікте ала отырып, оның предметін анықтаумен бірге, субстанция, дене, форма, себептілік, қажеттілік, мүмкіндік, мән, қозғалыс сияқты негізгі ұғымдарға талдау берген. Ал «Жан туралы кітабында» ол Аристотельден гөрі Плотиндік концепцияға жақын. Дене мен жан деген проблема – Ибн Сина дүниетанымының басты арнасы.

Ибн Рушд (1126 – 1198). Ол жас шағынан бастап теология, заң білімі, араб әдебиетін меңгеріп, медицинаға ерекше ықыласын танытқан. Оның шығармаларының формалары: түсініктер және арнайы шығармалар. Ибн Рушдтың барлығы 38 шығармасы болған, оның 28-і араб тілінде, 36-сы көне еврей тілінде,34-ті латын тілінде сақталған. Мұның көбісі Аристотель шығармаларына герменевтикалық талдау. Ибн Рушд еңбектерінің ішіндегі ең көрнектілерінің бірі-әл-Ғазалиге қарсы жазылған «Жоққа шығаруды жоққа шығару» трактаты. Ибн Рушд фәлсафа мен дін туралы көптеген терең ойлар айтқан, оның «Әрбір пайғамбар-данышпан, ал әрбір данышпан-пайғамбар емес» деген қанатты сөзі бар. Алайда ғұлама діни ортодоксия өкілдерімен таласқа түспеген, себебі, оның ғылым үшін қажеті шамалы. Талас діни дүниетаныммен «шығыстық перипатетиктер» арасында болған. Сол замандағы, тіптен қазіргі күннің де басты проблемасы-дүниенің мәңгілігі немесе оның пайда болуы туралы. Ибн Рушд «Жоққа шығаруды жоққа шығару» трактатындағы пікір таласы әл-Ғазалидің әлемнің жаратылмағандығы туралы ұс


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.043 сек.)