АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Бірінші позитивизм: Огюст Конт, Джон Стюарт Милль, Герберт Спенсер

Читайте также:
  1. Вопрос 43. Философия позитивизма Огюста Конта
  2. Г-н Огюст Мишель
  3. Еволюціоністські та формаційні концепції (Е.Дюркгейм, Л.Уайт, К.Маркс, А.Тойнбі, О.Конт, К.Ясперс).
  4. ИСТОРИЯ СТАНОВЛЕНИЯ СОЦИОЛОГИИ:ОГЮСТ КОНТ И СПЕНСЕР
  5. Огюст Конт (1798-1857 гг.).
  6. Огюст Конт (1798-1857)
  7. Позитивизм: основные идеи учения и этапы эволюции.
  8. Позитивизм: сущность и основные этапы его развития.
  9. Реставрация Стюартов
  10. Реставрация Стюартов 236
  11. Социологические концепции государства и права: Р. Иеринг, Г. Еллинек, Г. Спенсер.

Огюст Конт (1798-1857 жж.) өзінің «Жағымды философия курсы» (1830-42 жж.) атты шығармасында қазіргі ғылым философиясын қалыптасуына ықпал ететің аса күрделі идеяларды ұсынған. Мысалы, үш кезең туралы заң. Оны Конт келесі түрде анықтайды: «Біздің әр идеямыз, білімнің әр салдары бірізгілікті үш түрлі теориялық кезеңнен өтеді: теологиялық әлде фиктивті /өтірік/, метафизикалық әлде абстракциялық, ғылыми әлде жағымды». Осы заңмен негізделіп Конт келесі тұжырымды жариялайды: спекулятивті метафизикалық философияның уақыты өтті, енді жағымды философия ғылыми философияға айналуы қажет, яғни ғылым философиясына. Оның ролі екі мақсатқа жинақталады: біріншісі – нақты ғылымдардың күрделі нәтижелерін синтездеу; екіншісі – ғылыми танымның әдістерін дамыту.

Позитивизм сонша кең танылды, оның негізінде ғылым философиясы өзгеше философиялық пән ретінде дамиды. Осыған үлес қосқан ағылшын философы-позитивист, «Логика жүйесі» атты әдіс мәселесіне арналған шығарманың авторы Дж. Стюарт Милль:табиғаттанудағы индуктивті әдістер;

· әлеуметтік /моральдық/ ғылымдардағы /әсіресе политэкономия/ гипотетикалық-дедуктивтік әдістер.

· позитивизімнің негізгі принциптері неопозитивизмде сақталған;

· методологиялық монизм, әлде ғылыми зерттеу аймақтарының айырмашылығына қарамай ғылыми әдістердің ортақтығы туралы идея;

· нақты табиғаттану ғылымдары, әсіресе физика, методологиялық стандарттың үлгісі /сциентизм/;

· метафизика – ескірген ойлау типі болған сон, одан «жағымды ғылымды» тазарту қажет;

· ғылыми тұсініктемелер – ол нақты индивидуалды фактілерді жалпы заңдарға келтіру.

19 ғ. аяғында позитивизімнің 2-ші түрі пайда болды, оны махизм әлде эмпириокритицизм деп атайды /Эрнст Мах, Рихард Авенариус, Пьер Дюгем, Анри Пуанкаре / конвенциализімнің қалаушысы /. Оның негізгі себебі - физикадағы метологиялық дағдарыс. Дағдарысқа әкелген оқиғаларды келесі жаналықтар құрайды: электронның ашылуы, радиактивтік құбылыстардың ашылуы т.б., түбінде олар материя құрылысы туралы ескі көзқарасты бұзды, кейбір ғалымдар материализімнен бетбұрды.

«Екінші позитивизм» махизм мен эмпириокритицизімді біріктіреді. Махизмнің салушысы австриялық физик, философ Эрнст Мах, ал эмпириокритицизімді салған – швейцарлық философ Рихард Авенариус. Атаулары ұқсас болғансон оларды махизм әлде эмпириокритицизм деп атайды. Махизм нақты түрде материализм көзқарасын жоққа шығарып, Берклидің субъективтік идеализімін жақтайды.

Махтың ұсынған ғылыми танымдағы принцип – «ойлау экономиясы» деп аталады. Осындай принципті Авенариус «үнемді күш жұмсау» деп ұсынған. Осы екі принциптердің мағынасы –«экономды», «үнемде күш жұмсап» ойлау дегеніміз, құбылысты түсіндіру емес, жәй сипаттау.

Сөйтіп, махизм үшін сүбъективтік идеализм лайық. В.И. Ленин «Материализм және эмпириокритицизм» атты шығармасында осыларды сыңға келтірді.

Неопозитивизм – ол позитивизімнің қазіргі түрі болып табылады. Еуропада 20 ғ. 20-шы ж. қалыптасты.

Неопозитивизімде позитивизімнің алғашқы принциптерін қолдайды /философияны терістеу/. Неопозитивизм өзінің дамуында бір-неше кезеңнен өтті. Логикалық позитивизм – оның тарихи алғашқы түрі /басқа түрлері осының модификациясы/. Логикалық позитивизімнің негіздері екі танымалы философ, логиктардың шығармаларында қалыптасқан: ағылшын философ, математик, логик Бертран Рассел мен австриялық философ, логик Людвиг Витгеншейннің /«Логикалық-философиялық трактат» (1921 ж.)/.

Неопозитивизімнің келесі кезені логиктерден, математиктерден, әлеуметтанушылардан тұратын Вена ұжымының /1923 ж./ қызметімен байланысты. Оның меңгерушісі Мориц Шлик /австриялық философ, физик/, өкілдері Р. Карнап, Г. Рейхенбах, А. Айер, Львов-Варшава мектебі (Н. Тарский, К. Айдукевич).

Философияның пәні болуына тек қана тіл мүмкін, себебі, ғылыми тіл – ол білімді жеткізу түрі, тәсілі.

Логикалық позитивизімнің өзгешелігі оның қазіргі формалды логиканы әдіс ретінде ұсынуы. «Логика философияның мәні» деп Рассел жазған. Карнап «Философия – ол логика» дейді.

Адамдармен айтылатын пікірлерді логикалық позитивистер екі бір-бірін терістейтін түрге бөледі: 1. мағыналы пікірлер, яғни, логикалық жетілген тілмен көрсетіледі; 2. мағынасыз пікірлер, яғни, логика заңдарың бұзған. Дәстүрлі түрде метафизикалық, философиялық пікірлерді логикалық позитивистер мағынасыз түрге жатқызады. Мағыналы пікірлерді олар екі түрге бөледі: 1. аналитикалық, тавтологиялық, яғни, бағдарлама жарияламайды /логика мен математиканың пікірлері/; 2. синтетикалық, тәжірибе ғылымдардың нәтижесін қамтиды.

Осы пікірлердің ақиқат деңгейі екі тәсіл арқылы шешілуі мүмкін: 1. фактілерге бет бұрмай, тілдік түрін логикалық талдау /анализ/ арқылы; 2. тікелей әлде айналмалы түрде сезім тәжірибемен салыстыра отырып.

Верификация процедурасы арқылы тек синтетикалық пікірлердің ақиқатқа лайықтығы шешілуі қажет. Пікірдің верификациясы /оның шындық, ақиқат екендігін тексеру/ дегеніміз, ол бақылаудың нәтижесінде пайда болған пікірлерді /протоколдық ұсыныстарды/ сараптап, сонғы пікірді шығару.

Сөйтіп, тәжірибе ғылымдардың мағыналы ережелерін синтетикалық пікірлер классына айналдыру үшін екі рұқсат еңгізу қажет: 1. білімнің негізгі деңгейі бар - көп түрлі протоколдық сөйлемдер; 2. ғылыми анықтамалар арасындағы қатынас формалды-логикалық түрмен шектеледі.

Неопозитивистермен бүкіл ғылыми ережелерді синтетикалық пікілер классына айналдыру жолы – түбінде О. Конттың заңының анықтамасы болады – «елесті бақылауға бағындыру» заңы. Бірақ, Конт осы формуланы әлі дұрыс анықтай алмаған сон, неопозитивстер келесі пікірді ұсынды, дүние туралы жағымды білім - пікір арқылы жарияланған, мағынасы протоколдық бақылауға сай білім.

Философия неопозитивистердің айтуынша: 1. нақты теория; және 2. қызмет түрі.

20 ғ. 40-шы ж. неопозитивизм талдау философиясы деп аталады. Осы философияның пәні – мағыналарың анықтауға арналған нақты ғылымдардың ережелерін талдау қызмет. Философтың мақсаты – нақты логикалық техника арқылы нақты ғылымдардың ережелерінен сезім ұсыныстармен салыстырылатың сөйлемдерге көшу.

Позитивті философиясының әдісі – формалды логика. Логикалық позитивизімнің пікірінше білім мен таным аспектілерін біріктірудің ғылыми маңыздылығы жоқ жағдай. Таным процесті тек психологияда қарастыру қажет, ал позитивті философия таным нәтижелерін анализдейді – нақты ғылымдардың анықтамалары мен сөйлемдерін.

Бірақ, содан кейін, неопозитивистер ғылыми білімнің басқа моделін ұсынады: 1. ғылыми тұжырымдар түбінде болжаулар болған сон, оларды ұсыну – психологиялық процесс; 2. теория тандау, қабылдау процесі тек фактілермен салыстыра жүргізілетін логикалық жол.

Редукционистік модельдің орынына неопозитивистер гипотетико-дедуктивтік модельді ұсынған болады. Ол постпозитистермен өздерінің ғылыми таным концепциясында қолданылған.

50-60-шы жж. философ-аналитиктің мақсатын ғылымға логикалық талдау беру емес, табиғи нақты сөйлеу тілді талдау деп түсінген. Басқаша бұл ағым қарапайым тіл философиясы деп аталған, себебі, оның талдау пәні қазіргі күнделікті тіл болады.

Логикалық позитивизм ғылым философиясы деп аталады, философияда сциентизм жолын қалыптастырады.

Ал, лингвистикалық позитивистер ғылыми білімнің культі /үстемділігіне/ қарсы, дүниеге қатысты «табиғи» қарым-қатынасты ұстанады, ол қарапайым тілде көрсетілген деп, философияда антисциентизм жолын ұстанады.

Неопозитивизм өкілдері қазіргі формалды логиканы, семиотиканы, ғылым логикасын мен ғылым философиясын дамытуға үлес қосты.

Карл Поппердің концепциясына тәрізді келесі ұғымдар: демаркация мәселесі; фальсификация мәселесі; фаллибилизм принципі; «үш әлем» туралы теория.

Демаркация мәселесі – Поппердің философиялық концепциясында бұл мәселе қосымша негізгі ұғымы болып саналады. Философияның мақсаты ғылыми білімді ғылыми еместен ажырату. Ажырату әдісіне Поппердің пікірінше, фальсификация әдісі жатады.

Фальсификация мәселесі – Поппермен неопозитивистердің верификация принципіне альтернатива ретінде ғылымды «метафизикадан» демаркация /ажырату/ жасауға ұсынылған принцип. Бұл принцип бойынша ғылымға қатысты әр пікірді принципиалдық түрде жоққа шығаруды қажет етеді.

Фаллибилизм принципі – бұл Поппердің концепциясының принципі бойынша, әр ғылыми білім түбінде тек гипотетикалық қасиеті бар және қателікке шалдығады. Поппердің пікірінше, ғылыми білімнің өсуі ауқымды гипетезаларды ұсынудан және оларды кесімді түрде жоққа шығарудан тұрады.

«Үш әлем» туралы теория – бұл К. Поппердің философиялық концепциясының теориясы бойынша, бірінші – объект әлемі, екінші – субъект әлемі, үшінші – 1-ші және 2-ші әлемдермен объективтік білім әлемі жаратылады және олар бір-бірінен тәуелсіз. Осы үшінші әлемдегі білімнің дамуы және өсуін анализдеу – ғылым философиясының пәні болып табылады.

Фальсификация (лат. falsus — жалған және facio — істеймін) — гипотезаның әлде теорияның жалғандығын классикалық логиканың modus tollens ережесімен сәйкестігін атқаратын методологиялық процедура. Фальсификация ұғымын фальсификациялау принципінен ажырату қажет. Теорияның фальсификациясы үшін жаңа альтернативті теория қажетті: тек ол өзі, эксперименттердің нәтижелері емес теорияны фальсифицияландырады.

Имре Лакатостың концепцияларына тәрізді келесі ұғымдар: ғылыми-зерттеу бағдарлама, зерттеу бағдарламаның «қатал ядросы /ұйытқысы»/, гипотезалардың «қорғау белдігі», «ad hoc» гипотезасы, жағымды /позитивті/ және жағымды емес /негативті/ эвристика.

Ғылыми-зерттеу бағдарлама – И. Лакатоспен құрылған ғылым дамуының универсалды логикалық-нормативтік реконструкциясының орталық ұғымы, келесіде ғылыми-зерттеу бағдармалардың методологисы деп аталады. Лакатостың методологиясы бойнша жетілген ғылымның дамуы бір-бірімен байланысты және бір-бірін алмастыратың зерттеу бағдарламалар. Зерттеу бағдарламаның құрылыстық элементтеріне оның «қатал ұйытқысы» мен гипотезалардың «қорғау белдігі» жатыр.

Зерттеу бағдарламаның «қатал ядросы /ұйытқысы/» – бұлИ. Лакатостыңғылыми-зерттеу бағдарламасының методологиясында – оның шарт түрінде қабылданған, жоққа келтірілмейтін фундаменталды кіріспелерден тұратын бағдарламасының құрылыс элементі.

Гипотезалардың «қорғау белдігі»– бағдарламаның «қатал ұйытқысын» жоққа келтіруден сақтайтың негізбен қосымша гипотезалардан тұратын бағдарламаның құрылыс. Лакатостың пікірінше, «қорғау белдігі» қарсы мысалдармен кездескенде жартылай әлде толық түрде айырбасталуы мүмкін.

«Аd hoc» гипотезасы – «қорғау белдігінен» алынған, тек осы оқиғаға қатысты, яғни, «қатал ұйытқысын» нақты қарсы мысалдардан қорғайды.

Жағымды /позитивті/ және жағымды емес /негативті/ эвристика – зерттеу бағдарламаның келешегінде перcпективті /«жағымды эвристика»/ және бұрыс жолдардан алшақтау туралы, бағдарламалардың ауысуын негіздейтің нормативтік ережелер туралы анықтамалар.

Лакатостың пікірінше, зерттеу бағдарламаның дамуында екі кезеңді шығаруға болады: прогрессивтік және азғындаған. Эмпириялық пен теориялық мазмұндарды нығайтатың және гипотезалардың ұсынуына активті түрде итермелейтін «жағымды эвристика» прогрессивті кезеңде үстемді болады. Бірақ, содан кейін зерттеу бағдарламаның дамуы жедел тоқтала бастайды, оның «жағымды эвристикасы» өзінің эвристикалық күшінен айырылады, сол себепте ad hoc гипотезаларының саны өсе бастайды.

Томас Кунның концепциясына, оның негізгі «Ғылыми революциялардың құрылысы» атты шығармасында ұсынылған келесі ұғымдар: парадигма; пәндік матрица, қалыпты /нормалы/ ғылым, басты қатыру жаттығулар, парадигмалардың салыстырмаулыстықтығы.

Парадигма – Т. Кунның ғылыми білімнің даму динамикасы туралы концепциясында ғылыми қоғамдардың қалыптасу негіздерінде ғылым тарихын құрастыратын олардың арасындағы бәсекені ашатын және білдіретін орталық ұғым. Сол негіздеп ғылыми қоғамның өкілдерімен қабылданған ғылыми іс-әрекеттің нақты моделі – теориялық стандарттардың жиынтығы, методологиялық нормалар, дүниеге көзқарастардың құндылық белгілері – яғни, парадигмалар деп аталады.

Пәндік матрица – парадигма ұғымына тең ұғым.

Қалыпты /нормалы/ ғылым – бір кезеңде парадигманың басымдылығын білдіретін ұғым. Осы кезеннің соны «аномалийлердің» /сол шеңберде шешілмейтін мәселелер/ қысылымымен парадигма ішінен «жарылғанда» болады. Бір-бірінен жүлдені тартып алу, басқаша дағдарыс әлде революциялық кезең басталады. Біреуінің женісімен дағдарыс шешіледі, сөйтіп, «нормалы» кезеңін бастамасын білдіреді, келесіде, осы процесс қайталанады

Басты қатыру жаттығулар – бұл ұғым Т. Кунның концепциясында «нормалы ғылым» кезеніне сипаттау береді, яғни нақты парадигманың шеңберінде сондай жаттығуларды шешу арқылы ғылыми білімнің баяу кумуляциялық дамуы өтеді.

Парадигмалардың салыстырмаулыстықтығы – бір-бірін аустыратын теориялардын арасында қандай болса қатынас мүмкін емес деген. Бұл тезис парадигмадан тәуелсіз фактілердің болуы мүмкін еместігін бекітеді, яғни, бақылаудың теориялық нейтралды тілі жоқ. Керісінше, ғалымдар парадигманың мазмұның меңгергенсон, оның призмасынан өтіп «дүниені көруге» үйренеді. Теорияны фактілер бағаламайды, теория мағыналы тәжірибеге кіретін фактілерді анықтайды. Осымен Кунның ғылым эволюциясында бірізгіліктік жоққа келтіріледі: алғашқы парадигмамен жиналған білім оның құлдырауымен лақтырып тасталады, ал ғылыми қоғамдар бір-бірін ығыстырады.

Пол Фейерабендтің «эпистемологиялық анархизмына» келесі ұғымдар қатысты: теорияның пролиферация принципі, ғылым методологиясындағы плюрализм, ғылым методологиясындағы анархизм.

Теорияның пролиферация /көбею/ принципі – бұл принцип бойынша, ғалымдар қазіргі және қабылданған теориялармен келіспейтін теорияларды шығару қажет. Бұл Фейерабендтің принципі Поппер мен Лакатостын ұсынылған ғылыми теорияны жоқа шығаратын фактілермен қақтығысқан жағдайда тағы бір теория қажетті /фактты жоққа шығаратын куәлік/ деген ережемен негізделген. Альтернативтік теорияны шығару Фейерабендтің пікірінше олардың екі жақты өзара сынауына негіз береді және ғылымның дамуын жеделдетеді. Пролиферация принципі Фейерабендтің ұсынысы бойынша ғылыми танымның методологиясының плюрализімін дәйектейді.

Ғылым методологиясындағы плюрализм – Фейерабендтің методологиялық концепциясына тәрізді, оны ол теорияның пролиферация принципі арқылы негіздейді, яғни, ғалым үшін бірінші түрде ұсынылған және бәрімен қабылданған ғылыми теорияны жоққа шығару. Фейерабендте плюрализм туралы тезис теориялардың өлшемсіздігімен қосылғанда плюрализмді тудырады.

Ғылым методологиясындағы анархизм – бұл ереже бойынша, әр ғалым ешқандай қайшылық пен сыңға қарамай өз теориясын шығарып ұсынуы қажет. Фейерабендтің концепсиясында анархизімге теорияның пролиферация принципін теориялардың өлшемсіздігі туралы тезиспен қосылуы әкеледі. Фейерабендтің пікірінше, ғалымның қызметі ешқандай рационалды нормаларға бағынбайды, сол себепте, ғылымның дамуы иррационалды, яғни, ғылым идеологияның бір түрі болып аңызбен діннен ешқандай айырмашылығы жоқ. Сөйтіп, қоғамды «ғылым диктатынан» босату қажет, ғылымды мемлекеттен айыру және ғылымға, аңызға, дінге қоғамдық өмірде бірдей құқықтар беру.

Стивен Тулминнің концепциясына келесі ұғымдар қатысты: рационалдылық пен түсінудің стандарттары, түсіну матрицасы, концептуалды популяциялар.

Рационалдылық пен түсінудің стандарттары – «ғылыми теорияның негізіндегі рационалдылық пен түсіну стандарттар» ретінде қызмет ететін және тарихи қалыптасу теория сияқты дамитың эпистемологияның негізгі ұғымы болып жарияланады.

Тулминнің пікірінше, ғалым қабылданған стандарттарға сәйкес оқиғалар мен құбылыстарды анық деп есептейді. Ғылыми білімнің рационалдылығы, Тулмин айтуынша, қабылданған түсіну стандарттарға сәйкес келу. Рационалдылықтың стандарттары ғылыми теорияның өзгеруімен ауысады - үзілмейтін концептуалды жаңалықтарды іріктеу процесі.

Түсіну матрицасы – бұл ұғымарқылы эпистемологияны түсіну мен рационалдылықтың стандарттарының қызметі мен тарихи қалыптасу теориясы деп санайды. Тулмин пікірінше, қабылданған стандарттарға сәйкес жағдайлар мен құбылыстарды ғалым анық деп санайды. «Түсіну матрицасының» шеңберіне сиымайтынды аномалия деп санайды және оны жоққа шығару ғылым эволюциясына шабыт.

Концептуалды популяциялар – С. Тулминнің концепциясындатеориялардың мазмұнды пікірлерін логикалық жүйе сияқты емес, анықтамалардың өзгеше популяциясы ретінде қарастыратын ұғым. Тулминнің пікірінше, ғылымның эволюциясының негізгі қасиеттері Дарвиннің биологиялық эволюцияның схемасына ұқсас. Концептуалды популяциялардың мазмұны /биологиялық түрлердің аналогтары/ өзгеріске ықпал, яғни, оның нәтижесінде ғылыми іс-әрекеттің әдістері мен мақсаттары өзгереді; концептуалды жаңалықтардың шығуы сынау іріктеумен балансқа келтіріледі /биологиялық мутация мен селекцияның аналогтары/. Бұл екі ұштасты процесс тек нақты жағдайда өзгеріске әкеледі /өмір үшін күрестегі құтаю мен жоғалу аналогтары/; интеллектуалды ортаның қажеттіліктеріне адаптация жасаған концептуалды нұсқаулар сақталады.

К.Р. Поппердің сыншыл рационализмі.

Поппер Карл Раймунд (1902-1994 жж.) – британдық философ. Австрияда дүниеге келді, әуелі физика, математика мен психологияны содан кейін философияны Вена университетінде меңгерген, 1937-1945 жж. Жаңа Зеландияда философиядан дәріс оқыған, кейін 1945 ж. Лондонның экономика мен саяси ғылымдар мектебінде профессор, логикадан дәріс оқыған, 1949-1969 жж. сол мектепте логика мен ғылым методологиясының профессоры. Вена ұжымынң дискуссияларына қатысқан, оның бағдарламасына сынау жасаған; 1946 ж. бастап, өзінің шәкірттерімен бірге ғылым философиясында сыңшыл рационализм аталатын жаңа бағытты қалыптастырған. Поппердің шәкірттерінің қатарына кіретіндер: Лакатос, Фейерабенд, Агасси, Уоткинс, У. Бартли т.б. Поппердің пікірінше, сынау ғылымның негізгі әдісі және ғалымның әдетінің негізгі рационалды стратегиясы.

Поппердің көзқарасын 20 ғ. басында физикадағы жаңа теориялар, логикалық позитивизмнің идеялары, кантианшылдықтар /Нильсон/ өзгертті. Өзінің сыншыл рационализм атты философиялық концепциясын неопозитивизімге антитеза ретінде құрастырды: верификацияның орнына демаркацияны; индуктивизімге қарсы болды; демаркацияның әдісі – фальсификация /бәрін жоққа келтіру/.

Карл Поппердің методологиялық идеялары батыс философиясында – сыншыл рационализм - әйгілі бағыттың негізін қалыптастырды. Рационализм ғылыми білімнің мінездемесі және зерттеу процесінде ғалымдардың қызмет әдеті ретінде айқын. Сыншыл рационализімнің жарияланған принциптеріне компромиссіз сынау, білімнің принципиалдық гипотетикаландырыуы жатады, себебі, абсолюттік ақиқаттың иелігіне шабыт беретін рационалдылықсыз жағдай.

Попперді неопозитивистік дәстүрмен байланыстырады, бірақ Витгенштейн сияқты ол Вена ұжымының қызметіне қатысы жоқ. «Өзімнің сынаушылырыма жауап» әлде «Өмірбаяным» атты шығармасында ол осы мәселені анықтайды; Отто Нейрат Попперді Вена ұжымының ресми оппоненті деген. Аналитиктарға қарсы ол өзінің бағдарламасының мәні туралы былай деген: «Сөзбен мағыналарды қазбаламай, сыналған теориялармен олардың құңдылығын анықтаумыз керек».

К. Поппердің, ғылым философияның өкілі ретінде назарын ғылыми білімнің өсу мәселесіне аударады. Бірінші шешім қадамы ретінде ол демаркацияны – ғылымды ғылым еместен ажыратуды ұсынады. «Демаркация» терминің Поппер ғылымның шекарасын анықтауға енгізген. «Мен ғылым мен ғылым еместің аралығын көрсеткім келді, себебі, ғылым көп жағдайда қателеседі, ал ғылым емес кездейсоқтықта ақиқатқа ұрынуы мүмкін». Демаркация мәселесі /бөлу, ажырату/ ғылымды иррационалды аңыздар мен квазиғылыми құбылыстардан, экзистенциалдық, идеологиялық қатпарлардан босатуға арналған. Бірақ, демаркация кең мағынасында эмпириялық ғылымдарды математика, логика мен метафизикадан бөлу мөлшерлерді іздеу. Демаркация белгісі ақиқатты әлде жалғандық қатынастырға теңделмейді, ол тек ғылымның нақты аймаққа қатысын білдіреді. Индуктивті логика демаркация белгісінің ерекшелігі мен лайықтығын анықтамайды. Поппер атуынша: «демаркация белгісін келісім әлде конвенцияның ұсынуы деп түсіну керек».

Ғылыми өлшемнің ең әлсіз нүктесі – тәжірибелік тексеру – олда жетілмеген. Яғни, теорияны дәлелдемейтін де фактілер кездеседі.

Л. Витгенштейннен келесі пікір жалғас алады, әр ғылымдылыққа қатысты теория фактілерге /протоколдық пікірге/ сүйенеді, және тәжірибенің нәтижесі болады. Ал Поппер таза бақылаудың мағынасыздығын, әлде нақты, бақылау тек тандамалы және мақсатты деп жариялаған. Сөйтіп, ол анық жариялаған: «Теорияның ғылыми статусының белгісі оның фальсификациялануы мен жоққа келтірілуі...». Әр жақсы, жетілген теория тиым салады, теорияның тиым салуы көп болса, ол жетілген, басқа теориямен жоққа келтірітіруі тек бір сәтте.

Басқа жағынан қарасақ, Л. Витгенштейіннің бақылаудын үстемді шешімімен келіссек, тәжірибелік білім теорияның ақиқатты екендігіне толық негіз болалмайды, себебі, тек бір факт арқылы теорияны жоққа келтіруге болады. Дәстүрлі мысал: биологтардың пікірінше, аққулар тек ақ түсті деп саналған, Австралияда қара түстілер кездескенше дейін.

Осыларға назарын аударып, Карл Поппер верификацияның альтернативасы деп теорияны принципиалды түрде жоққа шығаруды, оның фальсификациясын ұсынады. Осы жағдайда, ғылыми деп соңғы ақиқат деп жарияланған емес, жоққа келтірілгенді санаймыз. Ғылыми емес құрылыстар /қосымша метафизикада/ фальсифицияландырылатың ғылыми теориялар қарағанда жоққа келтірілмейді, себебі, жоққа келтіру эмпириялық, тәжірибеге негізделген білімді дәлелдейді, яғни, оның ғылымдылығын, фактілермен байланысын. Ғылымдылықтың идеалынан алшақ ғылыми емес концепциялар мәнінде жоққа келтірілмейді. Оны ешқандай факт жоққа келтірмейді, себебі, ол фактілермен жұмыс жасамайды. Поппер өзі осыны түсініп, жазған: «Менің білім теориясынна деген қатысым революционды болғансон, сол себепте, мен ойламағандай, қабылдауда қиындық тудырды».

Оның пікірінше, ғылым мен рационалдылық тоталитарлы иррационалдылықтың рухыны қарсы болатын негіз. Демаркация мен фальсифицияландыру идеясы – оған әлемде атақ әкелген жетістіктер. Фальсифицияландыру принципі верификация принципіне альтернативаны құрастырады және бірінші позитивистермен қорғалатын индуктивизм принципіне сынау тудырады. Индуктивизімге қарсы Поппер эмпириялық бағдарламалардың рационалды құрастырылған схемалар үстемді ғылыми зерттеудің гипотетикалық-дедуктивтік моделін ұсынады. Эмпириялық бағдарламалар өздері конвенционалды түрде қабылданған эмпириялық негізге арқа сүйейді. Сөйтіп Поппер Вена ұжымының қисан эмпиризімінен бет бұрады. Ол зерттеудің теориялық пен эмпириялық деңгейлерінің теңдігімен байланысын қөрсетуге тырысты.

Фальсифицияландырылу теориясы 1965 ж. Лондон коллоквиумінде жарияланды, келесі бірнеше жылдар Еуропа мен оның шеңберінен тыс ғылым философиясының пікір-таласының орталық тақырыбы болды. Күмәнсіз, фаллибилизм туралы тұнғыш рет айтқан Ч. Пирс /1839-1914 жж./, бірақ артикуляциаландырылған доктринаға К. Поппер өзінің «Ғылыми білімнің өсуі мен логикасы» атты шығармасында /1934 ж./ айналдырды. Фаллибилизімді тек 60-шы ж. қолдана бастады. Попперниандік қозғалысқа кіргендер: Дж. Агасси, Дж. Уоткинс, Дж. Фрезер.

Поппер өзінің фальсифицияландыру концепциясын келесі тұжырымнан бастайды – теориялық білім шамамен болжамды, ол қателікке ұрынады. Ғылыми білімнің өсуі ғылыми гипотезалардың ұсынуы мен жоққа келтіруді негіздейтін процесс. Соңғысы фаллибилизм принципінде бейнеленеді. Поппер сенеді, қанша тексерістен өтседе ғылыми теориялар қателесуі мүмкін, олардың мүмкіндігі нөлге жақын. Басқаша айытқанда, теориялардың бәрі қате деп қателесуге болмайды. Сонымен бірге ол өзінің жағымды принципін ғылым философиясының идеялық ағымдарының контекстіне қоюға тырысты. Конвенциялық пікір бойынша табиғат заңдарын бақылаумен фальсифицияландыруға болмайды және жүйелерді фальсифициландырылған әлде фальсифиландырылмайтыңға бөлуге болмайды, бұндай бөлініс анықсыз деп тұжырымдайды. Сөйтіп, осы принциптін түсіндіруінде кейбір қозғалыс бар.

«Фальсификация» термині теорияға қарсы келетін эмпириялық фактілер арқылы теорияны жоққа келтіру деген мағынаны білдіреді. Фальсифицияландыру дегеніміз әр ғылыми теорияның фальсификацияға ашықтығы. «Фальсифицияландыру дегеніміз теория оны дәлелдейтін, яғни, дедукция арқылы тұжырымдалынатын тек эмпириялық фактілермен бірге емес, сонымен қатар, теорияға қарсы, әлі белгісіз эмпириялық куәландырылмаған потенциалды фальсификаторлар тобы. «Теория «эмпирикалық» әлде «фальсифицияландырылатын» деп аталады, ол екі класс мүмкіндігінн, негізгі пікірлерді ек қуыссыз подклассқа бөлсе: бірінші, өзімен сәйкес емес, өзіне лайық емес негізгі пікірлер классы; екінші, өзіне қарсы емес, өзі «жіберетін» негізгі пікірліедің классы». Осы анықтаманы нақты айытсақ, теория фальсифицияландырылады, оның потенциалды фальсификаторлардың классы қуысты /бос/ болмаса.

Алғашқы «қияли фальсификационизімнен» /тәжірибемен жоққа келтірілген гипотезалар түсіп қалады/ фальсификацинизімді жетілдіруге қозғалыс /териялар ұқсастық арқылы тексеріледі және жақсы дәлелделген теориялар түсіп қалмай басқа продуктивті фактілермен түсіндірілген теорияларға/. Бұл жерде жаңа ұғымға сұраныс бетке шығады – корроборация, яғни, теорияның мүмкіндігін көтермейтін, оның фальсифициаландыруын бұзбайтын дәлел. Теория корроборияландырылған деп саналады, одан эмпириялық куәліктер жиналса. Басқа тең жағдайларда теория корроборияландырылгған деп саналады: 1. потенциалды фальсификаторлар классы кең болса; 2. қатал тексрістен, яғни, қиын, күтпеген эмпириялық куәлікпен – қабылданған теорияларды фальсифицияландыратын гипотезаларды қабылдау».

Поппер ғылыми білімнің өсуін жалпы әлемдік эволюциялық процесстің нақты оқиғасы дейді. Өзінің эволюциялық эпистемологиясын индуктивистік дәстүрмен пікір таласта дамытқан. Ғылыми теориялар индуктивтік процесстер арқылы құрылмайды. Біздің ақылымыз tabula rasa емес. Поппер болжамсыз және идеялардың «иррационалды» инъекциясын қабылдайды. Оған қатысты тағы бір пікір – методология эволюцияға қарсы қасиеттердің иесі, себебі, ғылыми методология ғылыми білімнің унификациясыны /бірлігіне/ әкеледі, ал эволюциялық процесс көп түрлікке әкеледі. Сол себепте, Поппердің методологиясы эволюциялықтың аналогі, өзгеру, іріктеу, бекіту анықтамаларды қолданады.

К. Поппердің эпистемологиялық позициясын кумулятивизімнің стандарттарына қарсы деп бағалайды. Оның пікірінше, ғылымның мақсаты тұрақты түрде өзін жаңарту. Ғылым мәселеден басталады, ғылыми теория ғылыми білімнің өсуіне қосатын үлесі – жаңа мәселерді тудыру. Алғашқы Поппер үшін антикумулятивизм тәрізді, яғни, ғылымда жоққа келтірілген теорияларды сақтау.

Сөйтіп, Поппер кумулятивтік метолологияда қалыптасқан бірізгілік принципті жоққа келтіреді. Ғылымға ешқандай даму ізгілік тәрізді емес, әр жаңа теория жаңа сызықты жаратады. Ғылым тарихы «тарихи преценденттердің» жиынтығы. Поппердің эпистемологиясының соңғы нұсқауына антикумулятивистік емес, кумулятивистік емес позиция /бірізгілік пен үзілісті қабылдайды/ тәрізді.

Сынау жалпы мағынасында керісінші байланыс, яғни, алғашқы шарттарға, негіздерге, теория мен идеяларға, тұжырыммен принциптерге назар аудару режимінде рефлексияландыру қабілеті. Сынау принципиалдық түрде өзіндік позиция контраргументтермен жоққа шығарылса, яғни, оларды жоққа шығару. «...Әр сынау түбінде әр-түрлі қайшылық пен сәйкессіздікті көрсету, ғылыми прогресс қайшылықты тек айқындау емес жоюшылық. Қайшылық ғылымды прогресске әкелетін тәсіл».

Бірақ, сыншылдық ұсынылған идеяларды қорғау мен дәлелдеу, соны жасауға аргументтерді іздеу. Сынау аргументация жүйесіндегі өкілдермен «диалог» пен «полилогқа» қатысу. Сол қасиетінде ол плюралды.

Дж. Сороспен келесі сөздер айтылған: «Бәрі мүмкін болу керек, әлі дәлелденбей, түбінде мүмкін емес. Оны мен ойлаудың сынау типі деп атаймын». Тандау әр-қашанда жарияланған ережелердің механикалық қосымшасын емес, тұрақты сынау анализге сұраныс жасайды. Ойлаудың сынау типінде абстракциялар маңызды орын алады. Латынша абстракция ол аландау болса, ал шығарып алу өзінің сапасында реалдылықты қарапайым түрге айналдырады, бірақ ойлаудың қабылданған құралы болады. Абстракциялық құрылыстын интерпретациясы қосымша мәселелер тудырады. Ақыл реалдылықтан алшақтаса, абстракциялардың «өзгеше толық» өмірмен жаратылған мәселелрдің төнірігіне жеткісі келеді. Түбінде, ойлаудың жоғары деңгейіне дейін жетіп, реалдық өмір мәселелері мен коллизиясынан «ұшып» кетеді. Жерге түсу үшін, сыншыл ойлау абстракциялық категориялардың байланысының басқа интерпретациясына іліну қажет, олар реалдықта максималды түрде адекватты болады. Ойлаудың сынау түрі интерпретациялардың әр-түрлі мүмкін жағдайларын ұсынады.

Рационалдылықтың сапасы сынаудың қасиеті ретінде мақсаттың, іс-әрекеттің, нәтиженің әлде байланыс процесстің анықтығы мен түсінігін негіздейді. Сынау рационализімнің пафосы эмпиризімге қарсы болуда емес. Керісінше, реалды эмпириялық жағдайлар анализге және сынауға назар сұрайды. Сыншыл рационализм ирационализімге қайшы. Рационалдылықтың стандарты индивидтердің іс-әрекет ресурсына қатысты жинақсыздықты қабылдамайды. Рационалды дүние түсінігінің негізінде оптималдылық жатыр.

Кант пен Гегельдің шығармаларында біз рационалдылық анықтамасының шегінің өсуін байқаймыз. Гегельге мына сөздер тәрізді: «Ақылдының бәрін біз қатар мистикалық деп санауымыз қажет, себебі, ол ақылға симайтын және жетілмейтін болғандықтан емес ақыл-парасаттың шегінен шығатындығы». Поппер айытқандай, Гегель ақылдың табиғатында өз-өзіне қайшылық жатыр дейді. Адам қабілеттері емес, рационалдылықтың өзінің мәні бізді қайшылықтар мен антиномиялармен жұмыс жасауға мәжбүрлейді. Антиномиялылық, Гегельдің пікірінше, ол ақыл арқылы дамып жатқан тәсіл.

Қазіргі жағдайда рационалдылықтың мәселесін талқылау қиын жағдайға жатады, себебі, рационалды бағытталған теориялар басқа табиғаты бар элементтерді кіргізеді – рационалдылықтан тыс, құңдылық, идеологиялық, экзистенциалды, стохастикалық – бәрі әлеуметтік детерминацияға бағынады.

М. Вебердің анализіне бағынып отырып, бюрократияны да қоғамды меңгерудің рационалды тәсілі. Өзінің мақсаты бойынша ол заң әріптеріне бағыну мен ұстануды міндет етеді. Ал заң рационалдылықтың бірінші белгісі. Бірақта, сыншыл рационализм сонша рационалды деп аталады, себебі, ол тек ақыл деңгейіне жетпеген түрлерді сынау емес, сонымен қатар нақты жағдайдағы мақсаттылық пен және қосымша сферадағы ақылмен шек қою.

Ақылдың сыншыл потенциалының қосымша сферасы ретінде институциналдылықты қарастыруға болады, яғни, бұған әлеуметтік реттілікті қалыптастыратың қоғамдық институттар жатады. Сыншыл ақылдың компетенциясына тек персоналармен және доктриналармен пікірталас емес, тағы да әлеуметтік институттардың қызметіне белсенді өзгеріс кіргізу – «жабық қоғамдағы» «бағыну» принципі және рефлексияланбай бағыну. Поппердің айтуынша, ақылға бағынып, сынау қабілетті қолдана бастағанда, біз өзіміздің тұлғалық жауапкершілік үнімізді сездік, сонымен бірге білім прогесіне ықпал ететін жауапкершілікғ біз алғашқы тайпалық магияға бағынатын қоғамға қайтарылып келе алмаймыз. Біз артқа бұрылсақ – тағы барлық өтілген жолды қайталау мәжбүрміз – яғни хауан деңгейіне».

Бірақ бұл эпистемологиямен әлеуметтік танымның кездесуінде жалғыз оқиға емес. Эпистемологияда Поппермен ұсынылған демаркация идеясы – рационалды мен иррационалдықты, ғылым мен ғылым еместі бөлу ғылыми танымның шегінен шықты. Демаркацияны универсалдандыруға себеп пайда болды – яғни, ашық және жабық қоғамдар аралығында демаркациялық сызық өткізу – бірақ олардың бәріне ортақ тарихи даму процесске қатыстарын ұмытпай.

К. Поппердің эпистемологиясындағы орталық идея қоғамдық организмден де өзіндік коррекция сүрауға мәжбүр болды. Фальсификация идеясы әлеуметтік анализдеуге қосымша қоғамдық біртұтастыққа өзіндік коррекция үшін маңызды бағыттарды ашады.

Әр социумдағы қабылданған идеялар сыннан өткізу қажет, сонда қана ақылдылар сақталады, ал ақылсыздар тасталып, жаңа әлеуметтік стратегияны ұсынады. Осыны кіші өзгерістің түрі деп айтуға болады. Сынау өзгеріске әкелетін рационалды және эффективті әсершіл құралдары.

Имре Лакатос Карл Поппердің замандасы оның теориясына скептикалық тұрғыдан қарайды. Келешек саяси философтар мен ағартышу қызметкерлеріне талай сұрақтарға жауап іздеу жұмысы дайын. Мәнгі сұрақтарға жауаптар әлі де тек жорамал жағдайында қалады.

Ғылыми танымның стратегиясына айналған сынау рационализм принципіне келесі тежеулер қойылады:

Бірінші тежеу – мақсатқа жетудің қажеттілігі.

Екінші тежеу – тек керекті салдардың шығуы, сонымен қатар, тікелей бақылаудан өткендерде.

Үшінші тежеу – салдардың зиянсыздығы, жағымдысы.

Төртінші – білу мен болжау мүмкіндігі.

Және ғылымның дамуына әсер беретіндеріне – мистикалық инсайт – тұлғалық, индивидуалдық шығармашылық.

Попперден үш әлемді ажырату сыншыл-рефлексивтік процесстің сызықтарын анықтайды. Үш әлем – 1. шектелген физикалық жағдайлар әлде объектілер; 2. сана, ойлау ментальдық жағдайлар, қызметке қатысты диспозициялар; 3. ойлаудың объективтік мазмұны – ғылыми иедялардың мазмұны, поэтикалық ойлар мен өнер шығармаларының мазмұны. Яғни теориялық идеялар, концепциялар, мәселелер, қиын оқиғалар – сынау пікірлер, сыншыл пікір-таластар және олардың жағдайлары.

Эпистемология ғылым философиясының теориясы ретінде автономды үшінші әлеммен тығыз байланысты. Ғалымосыған дәлел ретінде үш тезисті ұсынады.

1. Дәстүрлі эпистемология екінші әлемге назар аударғансон ғылыми білімнің зерттеуіне ешқандай қатысы жоқ..

2. Эпистемология үшін үшінші объективті білім әлемін /автономды/ зерттеу шешімді мағына береді.

3. Үшінші әлемді зерттейтің объективтік эпистемология екінші субъективтік сана әлеміне, әсіресе, ғалымдардың субъективтік ойлау процесіне.

Осыларға Поппер қосымша аргументтер ұсынады:

• өрмекшінің торы оның продукциясы сияқты, солай үшінші әлем адамның табиғи продукциясы;

• үшінші әлем үстемді түрде автономды, соған бағыттылған әсерге қарамай;

• біз және үшінші әлем арасындағы байланыс арқылы объективтік білімнің өсуі мүмкін, биологиялық өсумен, яғни, өсімдіктер мен хайуан эволюциясымен объективтік білім арасында тығыз аналогия жатыр.

Үшінші әлемнің автономия туралы пікірден келесі ғылыми білімнің өсу формуласы шығады: Р - ТТ - ЕЕ - Р2, Р – мәселе; ТТ – мүмкін қате теория; ЕЕ – қатені түзету процесі; Р2 – жаңа мәселе.

«Үшінші әлемнің автономиясы, және үшінші әлемнің екіншіге және біріншіге керісінше әсер береді – барлығы білімнің өсуінің маңызды фактілері», - деп К. Поппер тұжырымдайды.

Қорыта айытқанда, қазіргі ғылым философиясында адекватты түрде толық саналатын жағдайға білімнің дамуының реалды процесі түбінде қатал бақылауға қарсы шығады. Ғылыми процестің субъектілері жарияланған ережемен емес, ішкі мотивациядан өткен логикалық, верификациялық-фальсификациялық салыстырмадан өткен, принципиалды түрде жаңа мүмкіндіктердің болуына ашық.

И. Лакатостың ғылыми-зерттеу бағдарлама туралы концепция.

Имре Лакатос (Лакатош) (1922- 1973 жж.) Венгрияда дүниеге келген. 2-ші дүние жүзілік соғыста антифашистик қозғалысқа қатысты. Өзінің Липщиц деген еврей фамилясын венгрлік Мольнарға (Мельник)ауыстырды, содан соң Венгрияда коммунистік үкімет орнаған соң – дүниежүзілік және европа философия әлемінде аты қалған Лакатошқа (Столяр) ауысты. 1947 жылдары Білім Министирлігінде жұмыс атқарды, диссиденттік көзқарастарына байланысты түрмеге отырды. 1956 жылдары Австрияға, одан Англияға жер аударды. Кембриджде сабақ берді, 1960 жылдары Лондонның экономика және саяси ғылымдар мектебіндегі К. Поппер бастаған европаның «критикалық рационализмі» орталығы болған философия кафедрасында сабақ берді. Математиканың философиялық сұрақтары диссертациясын Москва университетінде дайындады. 60-70 жылдары Имре Лакатос есімі жарқын шыға бастады. Ол өзінің ұстазы Карл Поппермен пікір таластарда бәсекелесе бастады, бірақ Лакатос өз ұстазының жұмыстарын ары қарай жалғастырды. Оның ойынша барлық методологиялық концепция истографиялық, яғни тарихи болуы тиіс, ал оның бағасын ғылым тарихы беруі тиім. Лакатосты «рыцарь рационалист» деп атады, өйткені ол сыншыл рационализм приципін ұстанды. Оның «Очерки по логике математического открытия» /«Математимкалық жаңалық ашу логикасы туралы очерктер»/ деген докторлық диссертациясы кең көлемді әйгілікке ие болды, және сол диссертация негізінде жазылған кітабы «Доказательство и опровержения» /«Дәлелдер және жоққа шығару»/ жарық көрді (орыс аудармасы 1967 ж. шықты). Жоғарғы ұрпақ философтары бұл кітаптан алған әсерлері «таза бір самал жел» сияқты деп атап өтті. Бұл кітап өз оқырмандарын тез тапты, сол еңбектен цитаталар келтірілді, көптеген докторлық диссертациялардың қолданылған әдебиеттер тізімінен көруге болатын. Өз еңбегінде әдеби жанрмен дәстүрлі платондық диалогтарды еске түсірді. Лакатос математикалық білімнің дамуы жиналып қалған мәңгілік және күдікті шындықтар болып табылмайды, ол драматикалық процестер мен тұспалдан тұрады, математика басқа ғылым салаларындағы ғалымдардай «жаңалықтар ашады» деген. Лакатос шамалы, бірақ мағнасы жағынан көлемді жұмыстар жазды. Тағы бір атап өтетін еңбегі «Ғылыми – зерттеу программасының методологиясы» концепциясы.

Фальсификацияның үш типі.

Лакатостың ойынша ғылым мен зерттеулер программаларының сайысы, яғни өзара бәсекесі болуы тиіс. Дәл осы идеясы нәзік методологиялық фальсификационизммен сипатталады, бұл Поппер концепциясының негізі ағымымен дамыған. Лакатос Поппердің ғылым философиясының өткір бұрыштарын жұмсартуға тырысты. Ол Поппер көқарасының үш стадияға бөлді: Поппер0 - догматикалық (натуралисттік) фальсификационизм, Поппер - наивный (қияли) фальсификационизм, Поппер - методологиялық фальсификационизм. Соңғы кезең 50 жылдардан басталады және нормативті концепцияның өсу зерттемесімен және білімнің дамуын жан-жақты сыншыл негізімен байланысты. Ғылымның бірінші түрі процесс сияқты, құрылымдармен белгіленген.

Догматикалық фальсификационизмге тоқталсақ, бұл концепция бойынша барлық сонымен бірге ғылыми теорияларда жоққа шығару, бірақ сонымен біргежоққа шығаруға болмайтын эмприкалық базис бар. Бұл – қатал эмпризицизм, бірақ индуктизімсіз, эмприкалық базисті жоққа шығару теорияға ауыспайды. Одан догматикалық фальсификационизмті әлсіз деп атауға болады. Догматикалық фалсификационистер үшін барлық теориялар гипотезді бола бермейді.

Догматикалық фалсификационизм логикасы бойынша ғылымның өсуі - бұл берік қойылған фактілерге соқтығысқан теориялардың қайта-қайта қайталануы дейді. Мысалы, Декарттың вихревая тартылу теориясы (ол картензияндық кругпен қозғалады деген) жоққа шығарылды, планета эллипстікті орбитамен қозғалады деген фактімен соқтығысты.

Методологиялық фальсификационизм догматиктердің қателіктерін түзейді, ғылымның эмприкалық базасын және ұсынылған гипотезаларды бақылауды көрсетеді. Олар өз шешімдерінің қателіктерін түсініп, мойындайды. Метологиялық фальсификационизм сыншылдық алдынан жаңа белдеулер ашты; көптеген «ғылыми» теориялар болып квалификациаланды. Поппердің «Логика научного открытия» ғылыми білімнің суреттемесі, теориялар мен фактілер арасындағы дуэль сияқты. Теория мен фактілер арасындағы күресте үш қатысушы бар: фактілер және екі бәсекелес теориялар. Осыдан түсінуге болады, теория өзіне қарама–қарсы факті пайда болғанда өлмейді, ол өзін теория алдынғыдан жақсы екенін мәлімдегенде. Сонымен, ньютонның механикасы Энштейн теориясы пайда болғаннан соң өткеннің фактісі болып қалды.

Методологиялық фальсификационизмді жұмсарту үшін И. Лакатос зерттеу программасының концепциясын ұсынды

Ғылыми-зерттеу бағдарламасы.

И. Лакатос назарын теорияға емес, зерттеу бағдарламаларға көңіл бөлді. Ғылыми-зерттеу бағдарламасы ғылымның құрылымды-динамикалық моделінің бірлігі болып табылады. Ғылыми бағдарламаны іздеуді қалай екенін түсіну үшін, Декарт пен Ньютонның механизімін, Дарвиннің эволюция теориясы еске түсіру қажет. Теориялардың кезектесуі бір ядродан шығады, бағдарлама шеңберінде үздіксіз метологиямен өтеді, өз маңыздылығын, жемістілігін)және басқа бағдарламалардан қарағанда прогрессивтілігін көрсетеді. Өзінің дамуына теория, қалыптасу мен уақыт мезетінде орнықтылықты қажет етеді.

Сонымен Лакатостың ойынша ғылым-зерттеу бағдарламаларының бәсекелесуі сияқты болады. Мұндай көзқарас әртүрлі эпистемологиялар мен ғылымның историография арасындағы байланысты және ғылыми эволюциялық ізденіс кезінде де бірінші жолға қояды.

«Кейбір философтар, өздерінің эпистемологиялық және логикалық мәселелердің шешімін іздегенде қатты қамығады, өйткені айқындылық ғылым тарихы өздерін қызықтырған деңгейде бола алмайды. Егер шынымен тарих өз стандартына сәйкес келмесе, онда олар ғылым туралы барлық жұмыстарын тайсалмай қайта бастаулары тиіс», - деп жазады Лакатос.

И. Лакатостың ойынша, барлық методологиялық концепция историографиялық функциялдануы тиіс. Оның ең терең бағасы ғылым тарихының рациональді реконструкциясын арқылы беріледі. Бұл позициясы Лакатостың Кун мен Поппердің теорияларынан ерекшеленеді. Лакатос Попперді тарихшыл емес деп сөгеді, оның фальсифицкациалану принципінде ол тарихты қателестіретін (жоқ қылатын) логикалық екі мағыналылықты көрсетеді.

«Фальсификация және ғылыми зерттеу бағдарламасының методологиясы» (1970) жұмысында Лакатос Кунның теориясына келісе отырып, ғылыми революция иррационалды, онда материал тек топтың психологиясына икемді. Лакатостың ҒЗП концепциясы рационалды негізімен теориялық және логикалық байланысқан, олар маңызды идеялар мен теория, гепотезалар жиынтығы.

И. Лакатос Кундік көзқарасқа жақын, бірақ өзінің ғылыми танудың методологиялық концепциясын, яғни ғылыми-зерттеу методологиясының бағдарламасы деп аталатын көзқарасын ұсынды. Ол ғылымның дамуындағы ерекшеліктерінің трактовкасында ғана емес, бірақ ғылыми зерттеулердің әртүрлі логикалық бәсекелесуін бағалауда да қолданады.

Лакатостың айтуынша, бір зерттеу бағдарлама екіншісін ығыстырғанда, ғылымның дамуы ғылыми-зерттеу бағдарламалардың бәсекесі болып табылады.

Ғылыми революцияның мазмұны, мәні, бұл эмприямен бір ғана жекеленген теорияны ғана емес, бірақ бір-бірімен негізін салатын бірдей принциптермен байланысқан ауысатын теорияларды салыстыру.

Сондықтан дамыған ғылым процесстердің фундаменталды бағалаудың жиынтығы теория емес, зерттеу бағдарламасы болып табылады.

Бұл бағдарлама төмендегідей құрылымда болады. Ол өзінде «қатты ядро» болады, мұндағы «ядро» (иходное) бастапқы негіз, сондықтан жоққа шығаруға болмайды және көмекші гепотезалар «қорғаныс белбеуі», олар ғаламның саналы іс-әрекеттеріне ғылымда қандай жолмен жүрүін, ал зерттеушінің қандай жолмен жүрмеуін көрсетеді. Т0 - бұл барлық теорияларға жалпы болады. Бұл бағдарламаның метафизикасы: ақиқат туралы жалпы түсінік, олар бағдарламаға кіретін теорияларды сиппаттайды; бұл ақиқаттың негізгі заңдылықтары элементтермен байланысы; негізі методологиялық принциптер осы бағдарамамен байланысты. Мысалы Ньютонның бағдарламасының механикасының қатты ядросы болып, ақиқат заттардың бөлшектерінен тұрады, олар абсолютті кеңістікте және уақытта Ньютонның үш заңына сәйкес қозғалады және бір- бірімен дүниежүзілік тартылу заңына байланысты әсер етеді. Белгілі бір бағдарламамен жұмыс істейтін ғалымдар оның метафизикасын қолданады, оны адекватты және мәселе емес деп есептейді. Бірақ, басқа да альтернативті зерттеу бағдарламаларын анықтайтын метафизика болуы мүмкін. Сонымен, XVII ғасырда механизімде Ньютондікімен бірге картензиандық бағдарлама болды, олардың метафизикалық принциптері ньютоннан ерекшеленді.

Сонымен бірге ядросына қарап, барлық бағдарламаның сипаттамасын байқауға болады.

Бағдарламаға «негативті /жағымсызды/ эвристика» кіреді, ол көмекші гипотезалардың жиынтығынан тұрады, оның ядросын фальсификациядан, жоққа шығаратын факторлардан қорғайды. Барлық өнертапқыштық оның артикуляциясына және гипотезаның ядроны ұстайтын зерттеуеге, немесе жұмысқа бағытталған («қорғаушы белбеу» деп аталады). Бұл «қорғаушы белбеу» бағдарламасы өзіне сынау аргументтердің жалынын жақындатады, тартады. «Көмекші гипотезалар сақинасы» бақылаушылардың шабуылын ұстап тұрады, ядроны қорғап тұрады. Т0 - бұл өзіндік бір методологиялық ереже, олардың кейбіреуі қандай жолдардан аулақ болуды көрсетеді.

Жағымды эвристика ол ғалымның алғашқы проблемалар мен мақсаттардың таңдау мен шешу. Барлық жағымды эвристика белгілі бір уақытта сынды және аномалияны елемейді, конструктитвті зерттеулермен айналысады. Мұндай стратегиясы бар ғалымдар, олар әлі де түсініксіз және потенциалды жоққа шығаратын бағдарлама фактілерін және олардың сол фактілердің болуы бағдарламадан бас тартуға болмайды деп есептейді.


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.051 сек.)