|
|||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
B) Герцен А. И., Чаадаев П. Я., Огарев Н.ПC) Соловьев В. С., Богданов А., Бахтин М. D) Киреевский И., Хомяков А., Аксаков И.С. 3. Орыс космизмінің негізін қалаушы: A) Соловьев В. C) Циолковский К. B) Хомяков А. D) Бердяев Н. 4. Орыс халқының ұлттық санасезімі туралы жазған орыс философы: A) Соловьев В. C) Циолковский К. B) Хомяков А. D) Бердяев Н. 5. «Бүкілтұтастық» философиясының авторы: A) Соловьев В. C) Циолковский К. B) Хомяков А. D) Бердяев Н. 6. Экзистенциализм философиясының дамуына ықпал тигізген жазушы: A) Толстой Л. C) Достоевский Ф. B) Тургенев И. D) Чехов А. 7. Персонализм бағытының өкілі: A) Соловьев В. C) Циолковский К. B) Хомяков А. D) Бердяев Н. 8. Бердяев философиясындағы онтологияны айқындайтын идея: A) Азаттық идеясы C) Творчестволық идея B) Тұлға идеясы D) Тарихтың маңыздылығы туралы идея 9. «Ақылды эгоизм» идеясын еңгізген батысшылдық философиясының өкілі: A) Хомяков А. B) Чаадаев П. С) Ломоносов М. D) Чернышевский Н. 10. «Жалпы іс философиясы» шығармасының авторы: A) Хомяков А. C) Чаадаев П. B) Федоров Н. D) Соловьев В. Бақылау сұрақтары: 1. Славянофильдік бағыттың Батысшылдық бағытынан айырмашылығы неде? 2. Персонализм дегеніміз не? 3. Орыстың діни философиясындағы “Құдай-Адамдық Жалпыбірлік ” теориясының мәні неде? 4. Орыс космизмінің негізгі мәселесі неде? 5. Орыс материалистерінің дәстүрлі дүниетанымын қалай түсіндіресіз? Қосымша әдебиет: 1. Орыс философиясы. ӘФМ.20 томдық. 12 том. А. 2006 Д.8. Қазақ философиялық ой-пікірлерінің ерекшеліктері. 1. X-XII ғ.ғ. қазақ жерінде қалыптасқан философияның мәселелері. 2. Ақын-жыраулар философиясы. 3. Қазақ ағартушылығының ерекшеліктері. Дәріс мақсаты: ұлттық философиялық ойлаудың қалыптасу және даму ерекшеліктерін ашып көрсету. Негізгі ұғымдар: даналық, бақсылық, түркі сопылығы, жырау, ақын, батыр, дүние, заман, ел, адам, текті, жақсы, жаман, ақыл, қанағат, әділет. Қазақ философиясы. Қазақ философиясының негізгі ерекшеліктері мынада жатыр: мұнда болмыс пен ойлаудың негізгі проблемалары ретінде адам, мораль, эстетика, білім, сөз еркіндігі, рух еркіндігі сияқты мәселелер тұр. Қазақ философиясының көп ғасырлық тарихы бар. Мұнда біз қазақ философ–ағартушылары жөнінде мәліметтер келтіреміз. Философия деген гректің даналықты сүйемін деген сөз тіркесінен шыққан. Ана тілімізде философия, философ дегендерді білдіретін даналық, дана, данышпан, араб тілінен енген хакім деген ұғымдар бар.Қазақ философиясы дегеніміз даналық ойлардың тарихы. Қазақ философиясының негізгі сипаты: біріншіден, табиғатқа бас ию, оған табыну; екіншіден, қазақ философиясында онтологиялық (болмыс)және гносеологиялық (таным) мәселелерден гөрі адам мәселесіне көбірек көңіл бөлінеді; адам мәселесі экзистенциалды тұрғыдан қарастырылды; көшпелі халықтың арасында әлеуметтік айырмашылықтар аз болғандықтан теңдікке негізделген әділеттілік құндылығы;материалдық байлықтан көрі ар-намысты биік ұстау;барды қанағат ету;жеке мүддеден ұжымдық мүддені жоғары қою; ерлік қасиет; ел үшін өмірін қиюға дайын болу; өмірі қысқа көшпелінің күнбе-күнгі өмірді бағалап, оны той-думанға айналдыруы, қиналғанға риясыз көмек; ата-ананы; үлкенді сыйлау; сөз өнері мен бақсылық өнерге ерекше құрмет. Жүсіп Баласағұн (XI ғ.) –Баласағұн қаласынан шыққан түрік, “ Құтадғу білік” (“ Құтты білім”) деп аталатын атақты шығарманың авторы.Оғыз-қыпшақ тілінде жазылған бұл жұмыс этика, саясат мәселелеріне арналып қана қоймай, философиялық, эстетикалық, ертедегі түріктердің наным- сенімдеріне байланысты материалдарға да толы. Ойшыл бұл еңбегінде төрт құндылықты бөліп көрсетеді: әділет, дәулет, ақыл, қанағат.Басты құндылық ретінде әділдікті атайды. Махмұт Қашқари өзінің 1072-1083 жылдары жазылған “ Диуани лұғат ат- түрк” (“Түрік тілінің сөздігі”) еңбегінде түрік тайпаларының тілі, әдет –ғұрпы, тарихы мен саяси өмірінен мол мағлұмат берген. Суфизмнің көрнекті өкілі, түрік сопылығының негізін қалаушы Қожа Ахмет Яссауи (XII) негізгі еңбегі “Диуани хикмет” (“Даналық кітабы”) түрік тілінде қыпшақ диалектісімен жазылған. Шәкірті Сүлеймен Бақырғанидың “Ақыр заман”, “Бақырған” атты еңбектерінде сопылық этика мәселесі көрініс тапқан. Түрік сопылығының тағы бір өкілі Ахмет Игүнекидің (XI) негізгі еңбегі “Ақиқат сыйы” поэмасы. Қазақ халқының дүниетанымынан ислам ортодоксиялық (дұрыс, толық) түрінде емес, табиғаты туралы ұзақ айтыстан кейін исламның бір бұтағы деп танылған суфизм (сопылық) түрінде орын алды. Суфизмнің негізгі өзегі “жетілген адам” (“инсан камил”) концепциясы. Даналық түрінде қалыптасқан қазақ философиясында ақын- жыраулар шығармашылығы маңызды орын алады.Қазақ ақындық шығармашылық дамуы мынадай үш кезеңге жіктеледі: а) шартты түрде жыраулар дәуірі деп аталатын кезең (XV-XVIII ғасырдың бірінші жартысы); ә) ақындық шығармашылық кезең (XVIII ғасырдың екінші жартысы - XIX ғасырдың бірінші жартысы); б) ақындардың өзіндік сайысы-айтыстың пайда болуымен байланысты кезең (XIX ғасырдың екінші жартысы - XX ғасырдың басы). Асан қайғы (XV), Қазтуған жырау (XV), Доспанбет жырау (XVI), Шалкиіз (XV-XVI), Ақтамберді (XVII- XVIII), Бұқар жырау (XVII-XVIII), Шал ақын (XVIII-XIX) және т.б. шығармашылығында қазақ дәстүрлі мәдениеті қалыптастырған рухани құндылықтар көрініс тапқан. Ақын - жыраулар шығармашылығының қайнар бұлағы болып табылатын халық даналығының қатарына ертетүркі жазба ескерткіштері (Орхон- Енисей, Талас және т.б.) жатады. Дәстүрлі кезеңде туған жерді қорғап, сақтап қалу мақсатымен батырлық эпос қайта жаңғырды (“ Қобыланды”,“Ер Тарғын”,“ Қыз Жібек” лиро- эпостық жыры және т.б.) Философияның кең тараған анықтамасы ұғымдар арқылы ойлау болса, ақын – жыраулар шығармашылығы қазақ дәстүрлі ойлау ерекшелігін танытады. Онда поэзиядан, яғни образдық бейнелеуден көрі ұйқаспен берілген, түйінделген ой басым.Және ақын- жыраулар өз ойларын қазақи ұғымдар арқылы өрнектейді. Олар: дүние, адам, заман, жақсы, жаман, ақыл, сұлу, ару, әділет, қанағат, ғашықтық және т.б. Зар-заман ақындары деп аталатын XIX ғасырда өмір сүрген бір топ ақындар шығармашылығында халықтың басына төнген қайғы-қасірет сары уайымға салыну, тарығу, ескіні көксеу сарынымен жырланады. Бұл кезең патшалық отарлау саясатының ең күшіне енген уақыты болатын. Зар-заман ақындарының көрнекті өкілдері: Дулат Бабатайұлы (1802-1874), Шортанбай Қанайұлы (1818-1881), Мұрат Мөңкеұлы (1843-1906). Қазақ ағартушылық кезеңі XIX ғасырдың екінші жартысынан басталып, XX ғасырдың 30-шы жылдарына дейін созылды.Қазақстандағы ағартушылық ойдың қалыптасуына XIX ғ. 40-60 жылдарындағы орыс ағартушылығының ықпалы күшті болды.Қазақ ағартушылығының өзіндік ерекшелігіне мыналар жатады: а) европа, орыс демократтары сияқты халықты тапқа бөлмей, жалпы ұлт атынан сөйлеуі, себебі жаппай сауатсыздық, отарлық қаналуға байланысты; б) аңсаған қоғамды төңкеріс жолымен емес, бейбіт реформа жолымен орнатуды таңдауы. Қазақ ағартушылығының бірінші кезеңі XIX ғасырдың екінші жартысын қамтиды.Бұл кезеңнің негізгі өкілдері: Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай. Қазақ ағартушылығының негізін қалаушы – Шоқан Уәлиханов (1835-1865).Қазақ халқының дүниетанымын “Тәңір ”, “Қазақтардағы шамандықтың қалдығы”, “Дала мұсылмандығы ”атты еңбектерінде талдаған.Қоғамдық – саяси көзқарастары “Сібір ведомоствосына қарайтын қазақтардағы сот реформасы туралы жазбалар”, “Қытай империясының батысы және Құлжа қаласы”, “Ыстықкөл күнделіктері” т.б.еңбектерінде көрініс тапқан. Философияның дін философиясы саласының дамуына көп үлес қосты. Көзқарасына материализм, географиялық детерминизм тән. Ыбырай Алтынсарин (1841-1889) - қазақ ағартушылығының көрнекті өкілі, педагог-жаңашыл, жазушы.Алтынсаринның дүниеге көзқарасы деизмге жақын.Ол дүниені жаратушы құдай деп білді. Бұл ойды “Жаратқан мұнша таңсық жаббар құдай”, “Жаратты неше алуан жұрт бір құдайым”деген өлеңдерінде, “Мұсылманшылықтың тұтқасы” т.б. еңбектерінде осы ойды қуаттайды. Алтынсаринның қоғамдық – саяси көзқарастарына терең демократизм, патриотизм тән.”Қырғыз қайғысы” деген еңбегінде патша үкіметінің отаршылдық саясатына наразылығын білдіріп, қазақ жерінде қандай реформалар жүргізу керектігі туралы ойларын айтты. Тарих пен қоғамдық құбылыстар туралы мәселеде Ыбырай ғылым мен ағартушылыққа оның түрленуші күшіне деген сенім білдіреді. Абай Құнанбайұлы (1845-1904) қазақ ағартушылығында, қазақ рухани мәдениетінде үлкен орын алатын ойшыл- демократ, ұлы ақын, сазгер. Абай қазақ әдебиетінде сыншыл реализмнің негізін салушы. Дүниетанымы деизмге жақын. Құдай өз заңдылығымен дамитын өлшемнің алғашқы себепшісі.Шығармаларынан диалектикалық ой тұжырымдары байқалады.Абай философиясының негізгі мәселесі – адам. “Адам бол!” Абай этикасының негізгі принципі. Абайша, сену үшін алдымен түсіну қажет. Бұл ойлары әл - Фарабимен үндес.Көп өлеңдерінен сопылық сарыны еседі.Ақыл нақты құбылыстарды танығанымен Құдайды тануға шамасы жетпейтінін айтады.Ақын сопылықтағы махаббат поэзиясын қайта жаңғыртты. Абай – ұлы гуманист.Абай өз халқын бір орында тұрып қалмауға, тұйықталмауға, мәдениетін басқа халықтар, соның ішінде орыс халқының жетістіктерімен байытуға шақырды. Қазақ ағартушылығының екінші кезеңі XX ғасырдың басынан қазақ жерінде Кеңес өкіметі толық орнағанға дейінгі уақыт аралығын қамтиды. Бұл кездегі қазақ ағартушылығының көрнекті өкілдері ретінде Сұлтанмахмұт Торайғыровты, Ахмет Байтұрсыновты, Міржақып Дулатовты, Шәкәрім Құдайбердіұлын, Мағжан Жұмабаевты, Сәкен Сейфуллинді, Бейімбет Майлинді және т. б. атауға болады. Ш. Уалиханов (1835-1865 жж.) – қазақтың ағартушысы, демократы, саяхатшы, этнограф, фальклорист, Орта Азия, Қазақстан, Шығыс Түркістан мәдениетімен тарихын зерттеушісі. Ш.Уалиханов Шыңғысхан ұрпағынан шыққан, оның тегін Жошы хан, Орыс хан, Құйыршық хан, Барақ хан, Есім хан, Абылай хан, Уалихан, Шыңғыс сұлтан сияқты ұлы тұлғалар құрайды. 1856-1857 жылдары Ш. Уалиханов Алакөлден Орталық Тянь-Шанға, Ыстық көлге, Құлжаға дейін экспедицияға қатысты. Ғылыми зерттеулерден басқа бұл экпедицияда Шоқан саудалық қатынастарды реттеу үшін орыс-қытай келіссөздеріне қатысты және олардың бейбіт жолмен шешілуіне ат салысты. 1857 жылы Қырғызстанға жүргізген екінші саяхатында қолжазбалар жазды және қырғыз халқының «Манас» эпосын орыс тіліне біртіндеп аудара бастады. Көбінесе оның саяхаттарымен байланысы бар ғылыми еңбектерінің барлығы басылып шықты. Оның «Ыстық көлге саяхат», «Құлжа қаласы мен Қытай империясының Батыс провинциясы», «Қырғыздар туралы қолжазбалар» сияқты Шоқанның ғылыми еңбектері – Орыстың географиялық қоғамының назарын аударады. 1857 жылы П.П. Семенов–Тянь-Шанскийдің ұсынысы бойынша, ол осы қоғамның шынайы мүшесі болып сайланды. 1858-1859 жылы Шоқан Қашқарияға өзінің ұлы саяхатын жасады. Бұл саяхат оған атақ әкелді. Осы саяхатының барысында ол «Нан-Лу» Қытай провинциясының 6 түрлі қалаларымен немесе «Алты шардың жай күйі туралы» деген еңбегін жарыққа шығарды. Мұнда шығыс Түркістан әлеуметтік құрылымы, тарихы мен географиясы баяндалды. Ш. Уалиханов өз елінің шынайы патриоты, қазақ қоғамы дағдарысының саяси өміріне белсене ат салысты. Өзінің қоғамдық саяси және философиялық көзқарастары бойынша ол ағартушы – демократ болды, қазақтардың отырықшылық пен жер шаруашылығына өтуін насихаттады. Қазақ халқын ағарту жолымен, олардың қоғамдық-мәдени артта қалушылығын жойғысы келді. Ы.Алтынсарин (1841-1889 жж.) - оның ұйымдастырушылық қабілеті, оның ағартушы-педагог ретіндегі таланты халыққа білім беру жүйесінде басқару ісімен айналысу уақытында ашылды. Алтынсариннің ат салысуымен, қазақ даласындағы білім кеңге жайылды. 1884 ж. Алтынсариннің басшылығымен Торғай, Ырғыз, Ақтөбе және Николаевскіде мектептер ашылды. Ал, 1887 ж. Алтынсарин Ырғызда алғашқы қыздар мектебін ашты. Сонымен қатар, Алтынсариннің қатысуымен Торғай қаласында қолөнер училищесімен, Орск қаласында оқытушылар семинариясы ашылды. Ол орыс графикасының негізінде алфавит пен қазақ тілінде оқулықтар шығарды. Сонымен қатар, қазақ мектептері үшін орыс тілінен оқулықтар өңдеуге ат салысты. Ол екі бөлімнен тұратын «Қырғыз хрестоматиясы», «Қырғыздарды орыс тіліне үйретуге басшылық» және 1889 ж. «Мактубат» (Хрестоматия) деген кітаптары жарыққа шықты. Алтынсариннің әдеби мұрасына келетін болсақ, ол аудармашылықтың, өлеңдер мен мысалдардың, қазақ ертегілерінің авторы болып саналады. Ол қазақ балалар әдебиетінің негізін салушы. Алтынсариннің көп қырлы қызметі қазақ халқының мәдени, экономикалық және рухани дамуына мүмкіндік тудырды. Алтынсариннің қазақтарды алдыңғы қатарлы демократиялық мәдениетке үйретуге зор үлесін қосқан ұлы ағартушы, педагог, жазушы және қоғам қайраткері. Қазақтың ұлы ақыны, ағартушы Абай Құнанбаев 1845 ж. Семей облысында, Шыңғыс тауында, тамыз айында дүниеге келді. Абай ақын ғана емес, сонымен бірге музыкант, философ, ағартушы, қоғам қайраткері. Абайдың әдеби мұрасы өте зор. Оның өлеңдері, поэмасы, аудармалары мен қара сөздері бар. Ол Пушкинді, Лермонтовты, Крыловты бірінші болып аударған қазақ ақыны. Оның әңгімелерінің арқасында «Шахнаме», «Ләйлі-Мәжнүн», «Керағлы» сияқты шығыс классиктерінің поэмалары әйгілі болды. Орыстың шығармаларын қолдана отырып, Абай Шиллер, Гете, Гейне, Мицкевич, Байрон сияқты батыс әдебиеттерінің классиктерін аударды. Абайдың басты этикалық философиялық еңбегі – оның қара сөздері. Мұны ол сегіз жыл бойы жазды. Қара сөздерінде Абай ХІХ ғ. ІІ жартысындағы қазақ қоғамын сипаттайды. Өз қара сөздерінде Абай қазақ халқын ағартып, дамытуға кедергі болатын құбылыстар жөнінде мәселені қозғайды. Сонымен қатар, қара сөздерде қазақ халқының дамыған елдердің қатарына қосылатынына деген үміт пен сенім баяндалады. Ұлы Абайдың реалистік дәстүрін жалғастырушы талантты ойшыл ақын Шәкәрім Құдайбердиев. Шәкәрім шығармашылғының диапазоны өте кең. Оның шығармаларында жарқын болашаққа деген, сонымен қуаныштың белгілері тән. Оның «Үш анық» атты философиялық трактаты бар. Ол шығыс және орыс әдебиеттерінен бірнеше аудармалар жасаған. Шәкәрімнің мұрасы көп қырлы, ол философия, этнография, этика, тарих пен дін туралы көптеген кітаптар жазды. Шәкәрім талантты ойшыл және композитор болды. Абайдың ізін жалғастырушы ретінде Шәкәрім өзінің философиялық шығармаларында қазақ халқының дүниетанымын сипаттап берді. Тестер: 1. «Адам бол» принципінің авторы: A) Абай Құнанбаев С) Мұқтар Әуэзов В) Мағжан Жұмабаев D) Ыбрай Алтынсарин 2. Қазақтың алғашқы философиялық еңбегі «Үш анық»-тың авторы: A) Сәкен Сейффулин C) Шәкәрім Құдайбердиев B) Мыржақып Дулатов D) Ахмет Байтұрсынов 3. «Қара сөздер» кітабының авторы: А) Абай Құнанбаев С) Мұқтар Әуэзов В) Мағжан Жұмабаев D) Ыбрай Алтынсарин 4. А. Байтұрсынов бойынша қазақ халқының дүниежүзілік цивилизацияға қосылу тәсілдері: А) Өндіріс дамуы С) Діни құндылықтарды дамыту В) Саяси жүйені өзгерт D) Ағартушылық және тәрбие 5. Шоқан Уәлиханов – осы бағытты ұстанушы: А) Батысшылдық С) Евразиялық біртұтастық В) Славяншылдық D) Географиялық детерминизм 6. Абай Құнанбаевтың дүниетанымына әсер еткен осы кезең философ-гуманистерінің көзқарастары: A) Ежелгі Үндістан C) Қайта өрлеу B) Ортағасырлық араб-мұсұлмандық D) Антикалық 7. Ағартушы, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы: А) Абай Құнанбаев С) Мұқтар Әуэзов В) Мағжан Жұмабаев D) Ыбрай Алтынсарин 8. Танымның жоғары және төмен деңгейлерін белгілеген қазақ ағартушысы: А) Абай Құнанбаев С) Мұқтар Әуэзов В) Мағжан Жұмабаев D) Ыбрай Алтынсарин 9. Автор философского эссе «Записки забытого»? А) М. Жумабаев С) А. Кунанбаев В) Ч. Валиханов D ) Ш. Кудайбердиев 10. Шәкәрімнің үш анығы: A) сенім, білім, сезім B) сенім, сана, сезім C) сенім, білім, ғылым D) сенім, ғылым, жан Бақылау сұрақтары: 1.Қазақ дүниетанымы көшпелі өмірдің бейнесі ретінде. 2.Орта ғасырларда қазақ жерінен шыққан ойшылдар дүниетанымы. 3.Ақын-жыраулар философиясының өзекті мәселелері мен ұғымдары. 4.Қазақ ағартушылығының ерекшеліктері мен даму кезеңдері. Әдебиет: 1. Есім Ғ. Қазақ философиясының тарихы.Оқулық. – Алматы: Қазақ университеті, 2006. 2. Қасабеков А., Алтаев Ж. Қазақ философиясы.Оқу құралы.- Алматы: Ер-Дәулет, 1996. 3. Сегізбаев О.А.Казахская философия XV- начала XX в.- Алматы: Ғылым,1996. 4. Орынбеков М. Ежелгі қазақ дүниетанымы.- Алматы: Ғылым, 1996. 5. Рысқалиев Т. Даналық пен түсініктің үлгілері.- Алматы: Ақыл кітабы, 1999. 6. Абай. Қара сөз. Поэмалар.- Алматы:Ел, 1993. 7. Бес ғасыр жырлайды. Т.1,2. -Алматы: Жазушы, 1989. Д. 9. 19-20 ғғ. қазіргі заман философия (1 б.). 1. Батыс философиясының мәні мен ерекшеліктері. 2.19 ғ. философиясында иррационализм: өмір философиясы. Дәріс мақсаты: Негізгі ұғымдар: ХIХ ғ. Батыс Европа философиясы. ХIХ ғ. Батыс Европа философиясын классикалық емес философия деп те атайды. Бұл кезең рационалдылықтан айырылып, иррационалдылыққа бет бұрған уақыт болып табылады. ХIХ ғ. Батыс Европа философиясы негізгі үш философиялық бағытта дамыды: 1)Позитивизм (негізін қалаушы О. Конт) 2) Марксизм (негізін қалаушы К. Маркс) 3) Иррационализм (өкілдері А. Шопенгауэр, Ф. Ницше, С. Кьеркегор). Позитивизм (лат. – оң, жағымды) ғылымды философиядан жоғары қоятын бағыт. Позитивистердің пікірінше ғылым тек фактілермен айналысады, ол метизикалық және идеологиялық спекуляцияларды жоққа шығарады. Өзінің дамуында позитивизм үш кезеңді өтті. Бірінші кезең О.Конттың философиясына сүйенеді. Оның ойынша, ғылымның негізі - фактілер мен нақтылы бақылауларда. Конттың ізбасарлары Г. Спенсер және Дж. Милль өз жұмыстарында ғылым негізі деп эмпирикалық білімді қарастырады. Позитивизмнің екінші кезеңі Э. Мах көзқарастарына негізделеді. Оның позитивизмі «махизм» немесе «эмпириокритицизм» деп аталынды. Мах философиясы бойынша әлем психикалық және физикалық элементтерден қалыптасады, және олардың бірлігі нейтралды жүйе болып табылады. Бұл көзқарас материализммен идеализмнің қарама-қайшылығын жоюға арналған, бірақ өз мақсатына жетпейді. Мах ХIХ ғ. физкада туындаған қиыншылықтарды сезіне отырып, өз философиясын солардан құтылу бағыттайды. Позитивизмнің үшінші кезеңі неопозитивизм немесе логикалық позитивизм деген атымен белгілі. Логикалық позитивизмнің бір ерекшелігі позитивизмнің негізгі мәселелерін сақтап, философиялық пробелмаларды қалыптастырып шешуге математикалық логиканың аппаратын қолданады. Неопозитивизм жайлы осы оқу құралының 17 тарауындағы мәліметтермен танысуыңызға болады. Марксизм. Карл Маркс Гегельдің философиясын сынға алады. Маркс философиясы дәстүр ретінде Фалес пен Фейербахтың дүниетанымын жалғастырады. Гегельдің идеалистік диалектикасын Маркс материалистік тұрғыда қарастырып, материалистік диалектиканың негізін қалыптастырады. Егер Гегельдің философиясы әлемдік рух дамуын басты проблема ретінде қарастырса, Маркс шығармашылық күш ретінде материяны және оның дамуындағы ең биік деңгейін - адамды қарастырады. Маркс былай дейді: философтар әлемді тек қана ойлаумен талқылағысы келді. Бірақ, істің нәтижесі - оны өзгертуде болу керек. Біріншіден, Маркс философиясы әлеуметтік саяси бағытқа, екіншіден, қоғамдық бірлестіктердің өндірістік күшіне, үшіншіден, капитализмге негізделген. Иррационализм. Иррационализмнің негізін салушы Артур Шопенгауэр. Шопенгауэрдің негізгі тезистерінің бірі құбылыстардың реалды өмірде көрінуі – адамның еркі болып келеді. Шопенгауэр философиялық пессимизмнің классигі, өмірдің барлығы ақылға сыйымсыз, ақылдан тыс, өмір мәнінің өзі құмарлық пен қайғы-қасіретте болып табылады. Шопенгауэр философиясы бойынша, өмір дегеніміз – шексіз құмарлық пен мақсаттылыққа негізделген. Дат философы Серен Кьеркегордың көзқарасы діни философияға негізделген, оның философиясы адам болмысына тән болып, экзистенциализмнің негізін салушы ретінде философия тарихына енді. Адам бостандығы өмірдің басынан-ақ құмарлықпен шектелген. Кьеркегор шығармаларында адамның шынайы болуын терістейді. Кьеркегордың ойынша адамның еркі бар және ол ерік оның болмысы болып келеді. Адам өміріндегі құмарлығымен өзінің бостандығынан, еркінен айырылады. Адам өмірінде өзінің еркіндігінен қорқады, сондықтан өзімен-өзі бола алмайды. Адам өзімен-өзі Құдайдың алдында ғана шынайы алады. Кьеркегор христиан экзистенцианализм философиясының негізін салушы. Фридрих Ницше өмір философиясының негізін қалаушысы. Ницше европалық мәдениеттің дәстүрлі құндылықтарын сынға алды. Ол «жетілген адам» концепциясын қалыптастырады және философиясының негізгі ұғымы ретінде «билікке ерік»-ті қарастырып, осы түсінікті адам өмірінің мәні деп талдады. Ницше философиясы алдымен Шопенгауэрге сүйеніп, өмірдің басы – ерікте дей отыра, ерікті соқыр наным-сенімге теңестірді. Құдай мәселесін Ницше философиясында: «Европа Құдайға жалған түрде сенеді, ал құдай өлді», деп шешеді. Қазіргі заман философиясы. Қазіргі заман философиясының негізгі бағыттарының бірі позитивизмге негізделген, ғылыми революциялардың нәтижесінде туындаған – аналитикалық философия болып келеді. Негізгі мәселесі – тіл мәселесі және осы бағыттың белгілі өкілдерінің бірі – Бертран Рассел. Оның ойынша, барлық философиялық анализдер тіл мәселесінен басталады, сондықтан ізденісті арқашан семиотикалық талдаулан бастау керек. Бұл кезеңде философияның мақсаты – ғалымның ойлау бейнесін және ғылымның логикалық құрылымын, терминдердің қарама-қайшылықтарын танып білу. Осының нәтижесінде неопозитивистер қазіргі заман ғылымының логикасы мен методологиясын, верификация мен фальсификация принциптерін қалыптастырды. Неопозитивизмнің бір тарауы - критикалық рационализмнің негізін қалаған Карл Поппер болатын. Ол ғылымның тарихи дамуын көрсетіп, оны зерттеуді ұсынды. Ғылымның ақиқаттылығын тексеруді – верификация және ғылымның ақиқатсыздығын тексеруді – фальсификация деп атады. Барлық теориялар – уақытша гипотезалар болып келеді. Осының нәтижесінде Карл Поппер ашық қоғам теориясының негізін қалады. Хайдеггердің фундаментальды онтологиясы адам болмысының мәселесін және оны дәстүрлі түрде зерттеуді анықтады. «Болмыс пен Уақыт» атты еңбегінде адамзаттың «болу» мүмкіндігіне феноменологиялық анализ жасады. Экзистенциализмнің негізгі өкілі ретінде Хайдеггер уақыт пен кеңістіктің қарым-қатынасында адам «болу» мүмкіндігінің гипотезасын құрастырды. Жаңа философиялық тілді қалыптастыруда Хайдеггер онтология, гносеология, этиканы сынға алды. Хайдеггердің белгілі афоризмі «Тіл – болмыс үйі». Ол адам өмірінің шектеулігі және болмыстың шексіздігі қарама-қарсылыққа соқтырады деп санаған. Хайдеггердің философиясы экзистенциализм бағытына тән. Бірақ, Карл Ясперстің философиясы Кьеркегордың экзистенциализміне жақын. Оның философиясының негізі экзистенциализмдегі шекаралық жағдайлар болып табылады (өлім, махаббат, қайғы-қасірет, күнә). Экзистенциализм – адам өмірінің мәні туралы ілім, сондықтан Ясперс философиясы адам болмысын қарастыруға негізделген. Экзистенциализмнің негізгі өкілдерінің бірі Жан Поль Сартр феноменологиялық онтологияның құрылымын құрастыруға тырысты. Ол «экзистенциализм – бұл гуманизм» деп есептеген. Ал, Альбер Камю өзінің философиясында әдеби формаларды қолданып адамның абсурдты жағдайын талдауды жөн көрді. ХХ ғасыр структурализмі субьекттің, индивидтің іс-әрекетін зерттеуге өз философиясын қарсы қойды. Бұл бағыт индивидтердің, ұжымдардың, адам іс-әрекеттерінің негізін тіл мәселесінде деп білді. Структурализм бағытына Ницше мен Фрейд үлкен үлесін қосты. Клод Леви-Строс архаикалық мәдениетті зерттесе, Ролан Барт - әдеби шығармашылықтың құрылымын, Жан Лакан – бейсаналық құрылымды зерттеді. Мишель Фуко өзінің дискурсивті философиясын жасай отыра, оны археология деп атады. Бұл археология дискурсивті іс-әрекеттің байланысын көрсетеді. Постструктурализм мен постмодернизмнің негізгі өкілдері: Ж.Ф. Лиотар, Ж. Делез, Ж. Деррида, Ж. Бодрийяр және т.б. Бұл философтар бүкіл рационалды философияны сынға – деконструкцияға – салады. Олардың бағыты бойынша тіл мен мәтін мәселелерін анықтау қажет. Тестер: 1. Философияда иррационализм бағытының негізін қалаушы: A) А. Шопенгауэр C) Ф. Ницше B) З. Фрейд D) М. Шелер 2. Марксизм бойынша дамудың қайнар көзі: A) ішкі қайшылықтарда C)сыртқы әсерлерде B) сенімде D) ақыл-ойда 3. Қоғами зерттеуде формациялық теорияны қолданған ойшыл: А) Ницше C) Маркс B) Кьеркегор D) Шопенгауер 4. С.Кьеркгор бойынша философияның басты мәселесі: А) ғылымның дамуы C)болмыс және таным B) адамның тіршілігі D) ақиқат және құндылықтар 5. Философия – ғылым емес - өнер, - деп есептеген ойшыл: A) А. Шопенгауэр C) Ф. Ницше B) З. Фрейд D) М. Шелер 6. Экзистенциализм философиясы – бұл: A) өмір философиясы C) құбылыстар философиясы B) өлім философиясы D) тіршілік философиясы 12. «Тіл – болмыс үйі», - деп санаған ойшыл: A) М. Хайдеггер C) Ж.-П. Сартр B) К. Ясперс D) А. Камю 7. Мәдениетті психологиялық сипаттаудағы З. Фрейд ілімінің ортақ мәселесі: A) Кеңістік C) Super - Egо B) Уақыт D) Сублимация 8. Постмодернизм танымында мәтін зерттеуінің басты методологиясы: A) Жүйелілік C) Деконструкция B) Реформация D) Конструкция 9. Постструктурализм және деконструктивизмнін негізгі жағдайларын қалыптастырған ойшыл: A) Жак Деррида C) Мишель Фуко В) Ролан Барт D) Жиль Делез 10. Жалпы рационалды дәстүрді және ғылыми ойлауды терістейтін қазіргі заман философиясының бағыты: A) Экзистенциализм C) Персонализм B) Постмодернизм D) Психоанализ 11. Мәнді, маңыздылықты дискурсивтік практика арқылы түсінетін және түсіндіретін қазіргі заман философиясының бағыты: A) Экзистенциализм C) Неопозитивизм B) Философией жизни D) Постмодернизм 12. Классикалық эстетикада көркем бейненін орнын алатын? постмодернистік философияның басты түсінігі: A) Гипотеза C) Деконструкция B) Психоанализ D) Симулякр 13. «Симулякрлер және симуляциялар» шығармасының авторы: А) Делез C) Деррида B) Бодрийяр D) Фуко 14. «Сөздер және заттар» шығармасының авторы: А) Делез C) Деррида B) Гадамер D) Фуко Д. 10. қазіргі заман философиясы. ХІХ-ХХ ғғ. Қазіргі заман философиясы (2 б). 1. Позитивизімның жалпы сипаты мен ерекшеліктері. 2. Психоанализ және экзистенциализімге жалпы сипаттама. Дәріс мақсаты: Негізгі ұғымдар: Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.032 сек.) |