АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Орыс философиясы

Читайте также:
  1. Антика философиясы.
  2. Марксизм философиясы.

Орыс философиясы деп ХІХ-ХХ ғасырлардағы орыс ойшылдарының философиялық концепцияларын белгілейді. Дәстүрлі түрде орыс философиясы Петр Чаадаевтың «Философиялық хаттар» атты еңбегінен басталады. Орыс философиясы негізгі екі бағытқа бөлінеді – славяншылдық және батысшылдық.

Славяншылдық – ХІХ ғасырдағы орыс қоғамымен философиялық ойларының ұлттық бағыты болып келеді. Славяншылдық бағытының мақсаты – Ресей қоғамының православ дініне сүйеніп, саяси және мәдени бірігуі және дамуы. Славяншылдық бағыт батысшылдыққа қарсы негізделген. Славяншылдықты жақтаушылар Ресейдің Батыс Европадан ерекше тарихи дамуының өз жолы болатындығына сенді. Славяншылдықтың басты теориялық негіздемелері А. Хомяковтың «Ескі және жаңа жөнінде» атты мақаласында көрініс табады. А. Хомяков 1838 жылы өзінің «Әлемдік тарих жөніндегі қолжазбалар» атты негізгі тарихи –философиялық еңбегін жазды. Қоғамдық қызметкер ретінде А. Хомяков либералды позицияны ұстанып, крепостық құқық пен өлім жазасының жойылуын, баспасөз, сөз бостандығын енгізуді қолдады. Ол 1850 жылы орыс православиесінің тарихы мен діни мәселелерге барынша назар аударды.

Батысшылдық – ХІХ ғасырдың ортасында қалыптасқан, Ресей тағдырының ерекшелігі мен өзгешелігін терістейтін, орыстың қоғамдық философиялық дүниетанымындағы бағыт. Батысшылдар Ресей халқының мәселесін тұрмыстық және қоғамдық саяси өмірі ерекшелігінің әлемдік тарихи дамуынан қалып қоюының салдары деп түсіндіреді. Батысшылдардың ойынша Ресейдің дамуы үшін ол Европаны қуып жетуі керек. Батысшылдарға Батыс Европалық мәдени және идеологиялық құндылықтарды ұстанатын бағыттардың барлықтарын жатқызады.

1836 жылы «Телескоп» журналында басылып шығарылған П. Чаадаевтің «Философиялық қол жазбалары» орыс философиясының дамуына түрткі болды. Оны жақтаушылар Батысшылдық бағытын қолдаса, ал оны сынаушылар - славяншылдық бағытында болды. Чаадаев орыс философиясында екі түрлі басты идеяны ұстанды. Олар: Утопияның жүзеге асыру деген ұмтылыс және ұлттық ерекшелікті іздеу. Чаадаевтың ойынша: «Біз батысқа да шығысқа да жатпаймыз, біз өзгеше халықпыз».

Космизм – адамды космотық, яғни ғарыштық жан ретінде қарастаратын орыс философиясының ағымы. Космизм моделі өз үйіне яғни әлемге орналасуы, әлем мен адамның өзара сәйкестігінің моделін ұстанатын философия. Космизмнің өкілдері: Н.Ф. Федоров, К.Э. Циолковский, В.И. Вернардский.

Экзистенциализм, персонализм өкілдерінің бірі орыстың философы Н. Бердяевтың ойынша, шығармашылықтың ең басты механизмі – ол еркіндік. Оның еңбектері: «Еркіндік философиясы», «Шығармашылықтың мәні» және т.б. Бердяевтың метафизикасының дуализмі – бұл Құдай мен еркіндік. Еркіндік тек Құдайға ғана тән, сонымен бірге еркіндік Құдайдан емес, Құдайдың билігіне тән емес, «алғашқы» еркіндік болады. Бұл «болмыстың тәңірлік иерархиясын бұзып, зұлымдықты тудырады». Бердяевтың пікірінше, еркіндік тақырыбы – бұл христиандықтағы -«еркіндік дініндегі» - ең маңызды тақырыбы.

Құдай мен адам арасындағы қатынастар – еркіндік мәселесімен байланысты: адамзат еркіндігі абсолютті мазмұнға ие, тарихтағы еркіндіктің тағдырлары – ол тек адамзаттың ғана емес, Құдайдың да трагедиясы. Уақыт пен тарихтағы «еркін адамның» тағдыры - трагедиялы.

Діни философ ретінде В.С. Соловьевтің негізгі идеясы ол «София» идеясы болатын, бұл әлемнің жанын білдіреді. Мұнда жердегі әлемді құдаймен біріктіріп тұрған мистикалық ғарыштық жан жөніндегі айтылып тұр. София дегеніміз құдайдағы әйелдік бастама. Бұл бейне Библияда кездеседі, бірақ ол Соловьевтің ойынша, мистикалық көріністе ашылады. София 3 түрлі тәсіл бойынша жүзеге асырылады.

1. Теософияда ол туралы түсінік қалыптасады.

2. Теургияда ол өзі қалыптасады.

3. Теократияда ол жүзеге асырылады.

Теософия – Құдай, тәңір даналығы. Ол біртұтас білімнің шеңберінде христиан дініндегі ашылулар мен ғылыми жаңалықтардың синтезі болып табылады.

Теургия – Құдай шығармашылығын білдіреді. Соловьев ғылымның моральдық бейтараптылығына қарсы болды. Теургия тазартушы практика сияқты, онсыз ақиқатқа ие болу мүмкін емес.

Теократия – Құдай билігін білдіреді. Мұндай мемлекеттің негізінде рухани принциптер жатуы керек және ол ұлттық емес, әлемдік сипатқа ие болуы керек, орыс монархиясының католиктік шіркеумен бірігуі теократияға жасалған алғашқы қадам болып саналады.

Философияның ұлттық типтері болады, олардың қатарына орыс философиясы жатады. Орыс халқының 988 жылы христиан дінді қабылдауы оның дамуының шешуші қадамы болғанын атап көрсету қажет. Орыс философиясы Петр Біріншінің реформалық қызметіне дейін теорталықтық түсінікті игерді. Петр біріншінің реформасынан соң орыс зиялыларының қарқынды түрде батысеуропалық философиясын меңгеруі басталды.

Орыс философиясының дамуы 17- ғасырдың аяғынан басталады. Орыс философиясындағы материалистік дәстүрлерге алғаш үлес қосқан М.В.Ломоносов (1711-1765жж). Ломоносов бойынша, материя атомдардан тұрады, атомдар өзара қосылыса келе молекулаларды құрайды, ал соңғылылардың қосылысынан барлық заттар түзіледі деп есептеді. Табиғатты зерттеп, ол материя мен қозғалыстың мәңгілігін және жойылмайтынын дәлелдеді, зат пен қозғалыстың сақталу заңын ашты. Материя мен қозғалыс ажырамас бірлікте, материя үздіксіз қозғалыста болады деп көрсетті

Философияның жүйелі дамуы XIX ғасырдың екінші ширегінен өзек алады. Ал, XIX ғасырдың 40-50 жылдары идеялық даулар, негізінен, Ресейдің келешектегі даму жолдары төңірегінде өрбіді. Осы тұста белгілі екі ағым пайда болды – батысшылдық (В.Г.Белинский, А.И.Герцен, т.б.) және слявянофильдік (И.В.Киреевский, А.С.Хомяков, т.б.).

Батысшылдар. Ресейдің Еуропалық алдыңғы қатарлы елдерден экономикалық, саяси және мәдени жағынан артта қалып бара жатқанын ескерді. Өркениетті буржуазиялық Еуропа оларға Ресей талпынатындай идеал ретінде көрінді. Ресейдің артта қалуын олар діни институттарға, монархизмге тәуелділікке байланысты деп білді. Ерте бой көрсеткен батысшылдар арасынан философ, жазушы А.И.Герцен (1812-1870 жж.) ерекшеленді. Ол батыс философтарының еңбектерін тамаша білді. Ол Гегель диалектикасын «революция алгебрасы» деп бағалады және адамзаттың антогонизмнен ада қоғамға ұмтылу заңдылығын негіздеуге талпынды.

Герценнің барлық философиялық тұжырымдарында табиғат пен адамның, материя мен сананың, индивид пен халықтың, жаратылыстану мен философияның, тарихи жағдайлар мен адам еркінің, тағы басқалар бірлігінде бейнеленетін жалпы бірлік идеясы көрініп тұрады.

Герцен болашақ қоғам социалистік идеал мен тектес. Герцен идеялары орыс философиясының, Ресейдің қоғамдық-саяси ойының дамуына зор ықпал етті. Сөйтіп, олар халықшыл (народничество) идеологияны тудырушылардың біріне айналды.

Егер батысшылдар қоғам дамуының еуропалық үлгілерін басшылыққа алса, словянофильдер ұлттық идеялық дәстүрлері негізінде айрықша орыс философиясын жасап шығаруға ұмтылды. Славянофильдер Ресейдің әлемдегі ерекше мессиандық(құтқарушылық) идеясын негіздеді. Олардың тарапынан дінге рухани көшбасшының барлық құқықтары қайтарылуы керек болды.

Славянофильдер шындықты интуитифтік сезімдік қабылдауға негізделген орыс халқының дінге бой ұсынушылығы туралы православиелік дін, христиандық менталитеттің діни тұтастығын уағыздады. Православиелікті олар Ресей қоғамының рухани негізі, монархияны басқарудың дұрыс жолы деп, шаруашылық қоғамда орыс өмірінің экономикалық және өнегелі тірегі деп санады.

Еркіндік пен қажеттілік үйлесімділігі мәселесін шешу үшін славянофильдер өздерінің философиялық көзқарастарындағы маңызды принцип – соборшылдық / еркін кауымдастык/ ұғымын енгізеді. Бул уғымды даярлаған А.С. Хомяков /1804 - 1860/.Ол Русьтегі патриархалдық өмірді қалпына келтіру, “Касиетті Русь” идеалдарына бет бұру, провославиені ең жоғарғы бастау ретіндегі концепциясын бекіту сиякты идеяларды колданады. Хомяковтың тарихи концепциясында шіркеу «бастапкы нактылық» болып табылады. ”Соборшылдық” ұғымы да осымен байланысты. “Соборшылдық ” принципін бекіту индивидуализмді ғана теріске шығару емес, жеке еркіндіктен айыратын ұжымды да мойындамайды. “Соборшылдық және қауымға табынумен”(культ) сипатталатын Хомяков философиясы индивидуализм мен қатар, казармалық коллективизмге қарсы бағытталған және орыстың православиялық шіркеуінде бар еркіндік пен суйіспеншілік принциптерін бекітуге бағытталған. Соборшылдық адам өмір -қамының барлык салаларынан көрінеді; шіркеуде, отбасында, қоғамда. Ол еркін адамзаттық бастау (адамның еркіндік ыркы) мен адамнын кұдайға тән кудіреттік бастауының (ырыс- береке) әзара өрекеті нәтижесі болып табылады. Славянофильмдердің аитуынша “соборшылдықты “ правослвавиелік “ шіркеулік коршаудағылар” ғана, яғни православиелік кауым мушелері ғана игере алады, ал “бөтендер мен дінсіздер ” оны кабылдай алмайды. Ауылшаруашылык кауымын славянофильдер асыра дәріптейді. Қауымның экономикалық қарекеті жеке және қоғамдык мүдделердің уйлесімді бірлігін білдіреді. Селолық қауымның басты артықшылыгы өз мүшелерін тәрбиелейді рухани адамгершілік принциптерден көрінеді; ортақ мүддені сақтауға дайын болу, патриотизм. Славянофильдердің пікірінше, кауым мушелері бойында касиеттердің пайда болуы ертедегі діни дәстурлерді бейсаналы инстинкті түрде сақтау жолымен жүзеге асырады.

XIX ғасырдың ортасында Рессеяда азаттық үшін қозғалыстың буржуазиялық, демократиялық кезеңі басталды. 1861 жылы басыбайлы құқықтың жойылуына байланысты бұл қозғалыстың буыны бекіп, қанатын кеңге жая бастайды да, оның басына орыс зиялылары келеді. Бұл кезде Россияда капиталистік қоғамдық қатынастар қалыптасып дами бастаған болатын. Осы кезде орыс мәдениеті қоғамдық ой мен философия жаңа бағытқа бет алған. Осындай тарихи, әлеуметтік-саяси жағдайлар аясында орыстың төңкерісшіл, демократтарының философиялық көзқарастары қалыптасқан болатын.

Осы кезеңдегі революциялық – демократиялық басшысы, жазушы, публицист Н.Г.Чернышевский (1828-1889). Философияда ол Герцен, Белинский, Гегель және Фейербах ілімдеріне сүйенеді. Негізгі теориялық жұмысы – «Философияның антропологиялық қағидасы» («Антропологический принцип в философии»).

Чернышевский – шынайы материалист. Ол сапасы бар материя ғана өмір сүреді деп жазды. Бірақ материяны Фейербах сияқты тар мағынада түсінеді. Диалектика идеяларын қарастыра отырып, оны метафизикалық жағынан түсіндіреді: күрделі процестерді сапалық өзгешелігіне қарамай, қарапайым түрде көрсетуге тырысады. Мұндай жол Чернышевскийдің адамды пайымдауында айқын көрінді. Ол Фейербах сияқты антропологиялық принципті қолданып, адамда медицина, физиология және химияны зерттейтін органикалық болмыс қана бар деп сынайды. Сонымен қатар тұлғаның этикалық негіздері қысқаша түсіндіріледі: адам жағымды нәрсеге талпынып, жағымсыздықтан қашады. Мейірімді ме, мейірімсіз бе – шартқа байланысты. Мысалға, «адам басқаға жағымсыздық таныту арқылы өзіне жағымдылық алуға мәжбүр болғанда, мейірімсіз болады». Бірақ мұндай адам кінәлі емес, жағдай солай. Ол бұны былай қорытындылайды: адамды жетілдіру үшін оның өмірлік жағдайын, әлеуметтік және экономикалық жағынан өзгерту қажет. Мұндай революциялық өзгерістердің қажеттілігі туралы қорытынды өте заңды болып табылады.

Чернышевскийдің шәкірті, публицист және әдеби сыншы Н.А. Добролюбов (1836-1861) өз ұстазының көзқарастарын көп жағдайда мақұлдаған. Ол философияның негізгі мәселесін материалистік тұрғыдан шеше отырып, материя туралы ілімді ілгері дамытты. Ол ойлауды материясыз жеке алып қарастыратын идеалистік философияны өткір сынға алды. Тұрпайы материализмнің қағидаларына қарсы шығып, сананы ойлауды материяның дамуындағы ең жоғары нәтиже, рухани құбылыс ретінде қарастырған болатын.

Оның ұстазынан айырмашылығы Чернышевскийге қарағанда халыққа әсердің қажеттілігіне және шаруа революциясының жақындығына сенімді болды. Және ол шаруашылық қоғамның болашағына сенімсіздікпен қарап, социализмнің орнына орыс капитализмін қабылдауды құптайды.

Ресейдегі діни философияның маңызы өте зор. Оның XIX ғасырдағы дамуы бірнеше кезеңнен тұрады. Алдымен орыс православиесі мен монархизм идеясынан славянофильдер пайда болды. Оларды жершілдер ауыстырды. Олар XIX ғасырдың діни реформаторлықты туғызды. Оның заңды нәтижесі маңызды діни ақиқаттарды ұсынуға бағытталған діни-философиядағы ағым - құдайіздеушілік (богоискательство) толқыны болып табылады.

«Орыстың рухани ренессанансы» деп аталатын құдайіздеушілік кезеңі шамамен XIX ғасырдың аяғында басталып, XX ғасырдың басында аяқталады. Бұл кезеңде орыс ойларының жаңа көрінісі шығады: бірінші жағынан рухани ізденістерге талпынған діни-философия; екінші жағынан революцияға ұмтылған, Фейербах пен Маркстың ізін қуушы материалистер.

Бұл кезеңнің аса көрнекті өкілі, орыс жазушысы Лев Николаевич Толстой (1828-1910). Ол Христостың іліміне негізделген, бірақ шіркеуліктен, мистикадан бос сенушіліктен тазартылған жаңа практикалық дінді қалыптастыру идеясын алға қояды. Ол философиялық сүйеуді ерте христиандықтан, шығыс діндерінен және Руссо, Шопенгауэр, Фейербах ілімдерінен табады.

Толстойдың діни шіркеулік Православиеден бірнеше ерекшелігі бар. Біріншіден, ол Христостың құдай ретінде емес, жоғарғы этикалық қасиеттерді нығайтқан рухани адам ретінде қабылдайды.

Екіншіден, адамдар бұл ілімді түсінбегендіктен шіркеу жауаптылықты өз мойнына алады деп сенеді.

Үшіншіден, метафизикалық артынан жаңа өсиет этикасын ұмытты. Сондықтан да ол биліктің әділетсіздігі мен құлдыққа рұқсат берді.

Төртіншіден, Толстой ертедегі христандыққа табынуға шақырады. Сөйте тұра, Толстой оны басқа діндерден бөліп қараған емес. Өйткені олардың барлығында да бірдей дәрежеде жалпы адамдық ізгіліктер қасиеттер бейнеленген дейді.

Мистикалық идеализмнің көрнекті өкілдерінің бірі – Владимир Сергеевич Соловьев (1853-1900). Соловьевтің көзқарасына христиан әдебиеті, сондай-ақ буддизмнің, неоплатонизмнің және басқа діни-философиялық жүйелердің идеялары елеулі ықпал етті. Ол неміс философиясынан славяншылдардан көп нәрсені қабылдап пайдаланды.

Ол орыс философиясының тарихында алғаш рет мистикалық платонизмді Шеллингпен және ғылыми эмпиризммен ынтымақтастырмақ болған ғұлама. Бұл әрине, алдын ала бітпес қайшылықтарға құрылған философиялық жүйе болатын. Соловьев христианшылдықтың мистикалық философиялық негізін қаламақшы болғандығы түсінікті. Материалистік философияның жауы, атеизм қараңғылықтың, сыңарлықтың нәтижесі деп санайтын Соловьев философияның негізгі мәселесін идеалистік тұрғыдан шешеді, демек ол үшін әлемнің түп негізі объективтік рух болып табылады. Алайда, оның рухы Гегельдік рухтан біршама өзгешелеу болады. Өйткені, Гегельдің рухы «таза рух» болса, Соловьевтің рухы құдайға тән және ол болмысқа әбден сіңісті болып кеткенімен болмыстық күйге толығымен ауыспайды. Демек, бұл жәйттен Соловьев әлемнің бірлігі- құдайда деген тұжырымын жасайды.

Космизм – орыс философиялық ойындағы терең, эвристикалық және перспективтік ағымдардың бірі. Ол көптеген философтарды, ғалымдарды, суретшілерді, музыканттар мен ақындарды біріктіреді.

ХIX ғасырда космизмің негізгі идеялары көптеген философтардың шығармаларында көрініс табады. Солардың ішінде В.Д.Одоевский, А.В. Сухово–Кобылин, Н.Ф.Федоров, Н.В.Бугаев, В.С.Соловьев, Е.П.Блаватская, Н.А.Умов.

XIX ғ. космизнің қарқынды дамуы К, В.И Вернадский(ноосфера), П.А.Флоренский, С.Н.Булгаков, Н.А.Бердяев, Н.Л.Чижевский, В.Н. Муравьев, А.К.Моисеевтің және басқа да көптеген философтар мен ғалымдардың жұмыстарында жалғасын тапты. Осы ағымда және жалпы әлемдік философияда адамның космостық эволюциясы ерекше орын алады. Космизнің басты идеялары:

· Адам мен космостың тығыз байланысы және бір-біріне тигізетін әсері.

· Адам өмірі мен сана дамуының шыңы ретінде саналмайтын үздіксіз туып келе жатқан эволюция.

· Адамның космостық табиғаты және онда жасырын шексіз рухани күштердің болуы.

· Адамның рухани мәнінің өшпестігі.

· Адамның космосқа шығуы және саналық өзгеруі.

Тестер:

1. Славяношылдық философиясынын өкілдері:

A) Бердяев Н.А., Лосский И.О., Зеньковский В. В.

B) Герцен А. И., Чаадаев П. Я., Огарев Н.П.

C) Соловьев В. С., Богданов А., Бахтин М.


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.009 сек.)