АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Kредит шот 1030

3510, 4410 шоттар бойынша операцияларды тіркеу №9 журнал –ордер кредиттік айналымдары үшін, №9 тізімдеме дебетттік айналымдары үшін қолданылады.

 

20 Билет. Еңбекақы бойынша қысқамерзімді берешектің есебі. Өндірістік қызметке жұмысшылардың қатысуына байланысты персоналдар өнеркәсіптік өндірістік және өндірістік емес болып бөлінеді.

Жұмысшыларды тізімдік және тізімдік емес құрамға бөледі. Тізімдегі құрамға бір күннен артық негізгі қызметі бойынша, ал басқа қызмет түрлері бойынша бес күннен кем мерзімге жұмысқа қабылданған барлық тұрақты, кезеңдік және уақытша жұмысшылар жатады.

Ұйымда атқаратын функцияларына байланысты жұмыс істеушілерді екі топқа бөледі: жұмысшылар және қызметкерлер. Қызметкерлер тобынан келесідей категорияларды бөлуге болады: жетекшілер, мамандар және қызметкерлерге жататын басқа да мамандар.

Жұмысшылар - математикалық игіліктерді жасау процесімен тікелей айналысатын тұлғалар.

Жетекшілер (басшылар) кәсіпорынның және оның құрылымдық бөлімдерінің басқарушылары, сонымен қатар бас мамандар мен оның орынбасарлары.

Мамандар - өндіріс процестерін ұйымдастыру және басқаруды жүзеге асыратын, инженерлі – техникалық және басқа жұмыстармен айналысатын қызметкерлер, мысалы: инженер, экономист, бухгалтер, механик т.б.

Қызметкерлерге жататын басқа да мамандар - құжаттарды дайындайтын және толтыратын, есептеу мен бақылауды, шаруашылық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын жұмысшылар.

Кадрлар есебі үшін жеке карточкалар, ғылыми жұмысшылар үшін ғылыми жұмысшының есеп карточкалары алғашқы құжаттар болып табылады. Жұмыс уақытының есебі бойынша негізгі алғашқы құжаттар- жұмыс уақытын пайдаланудың есебі мен еңбек ақыны есептеу табелі және жұмыс уақытын пайдалануды есептеу табелі болып табылады. Табельді табель толтырушы немесе мастер бір данада толтырады және еңбекақы есептеу үшін бухгалтерияның есеп айырысу бөліміне жіберіледі.

Жұмысқа келулер және жұмыс уақытын пайдаланудың есебін табельде жалпылау тіркеу әдісімен жүргізіледі, яғни барлық келгендерді, кешіккендерді белгілеу немесе тек қана ауытқуларды тіркеу арқылы. Күндер мен сағаттардың санын ондық белгімен көрсетіледі. Ай соңында табельдер әрбір жұмысшымен атқарылған уақыттың қорытындысы жазылады және жұмысқа келген, келмеген күндер есептеледі. Осы деректер жұмыс категориялары бойынша және жалпы табель бойынша қосылады. Жеке құрамның есебі категорияның кадрлар бөлімінде жүргізіледі.

Еңбек ақының екі түрі болады: негізгі және қосымша.

Негізгі еңбек ақыға атқарылған (жұмысқа) уақытқа және орындалған жұмыстың саны мен сапасы үшін есептелген еңбек ақы: тарифтік ставка, оклад, кесімді бағалау бойынша төлеу, сыйақылар, мерзімнен тыс жұмысқа, түнгі уақытта жұмыс істегені үшін, жұмыскерлер кінәсінің болмаған тұрып қалған уақытқа ақы төлеулер жатады.

Қосымша еңбек ақыға еңбек туралы заңдарда қарастырылған атқарылған уақытқа төленетін төлемдер жатады.Оған: кезекті демалыс уақытына ақы төлеу, мемлекеттік және қоғамдық міндеттемелерді орындағаны үшін ақы төлеу, жұмыстан шығу кезіндегі төленетін жәрдем ақы және болып табылады.

Еңбек ақының негізгі формалары мерзімді және кесімді болып табылады. Мерзімді еңбек ақыны төлегенде жұмыс істеушінің ақысын жұмсаған еңбегінің іс жүзінде атқарған уақыты мен сапасына тікелей тәуелді түрде төлеу қарастырылады. Мерзімді еңбек ақыны төлеу екі жүйеге бөлінеді : жай мерзімді және мерзімді - сыйақылы.

Жай мерзімді еңбек ақы төлеуде жалақы сағаттық, күндік, айлық тарифтік ставкалар бойынша немесе нақты атқарған уақыты үшін оклад бойынша есептеледі. Еңбек ақының мөлшері тарифтік ставканы атқарылған уақыт мөлшеріне көбейту арқылы немесе окладты есептеу арқылы анықталады.

Еңбекті төлеудің мерзімді - сыйақылық жүйесі кезінде тариф бойынша есептелген еңбек ақы сомасына тарифтік ставкаға белгілі бір процент мөлшеріндегі сыйақыны қосады.

Еңбек ақының есептелуі есептік төлем ведомосында, жеке счеттарында, ал берілуі төлем ведомостары бойынша жүргізіледі.

Еңбекті төлеудің кесімді формасы - өндірілген өнімнің, орындалған жұмыстың және көрсетілген қызметтің сапасын ескере отырып, бірлік санына төлеуді білдіреді. Кесімді еңбек ақының келесідей жүиелері бар: тікелей кесімді, кесімді-сыйақылы, кесімді – прогрессивті, аккордты.

Тікелей кесімді еңбек ақы төлеуқажетті біліктілікті ескере отырып, тағайындалған тұрақты кесімді баға негізінде өндірілген өнім бірлігінің саны үшін жүргізіледі. Еңбекақы мөлшері тұрақты кесімді бағаны өндірілген өнім санына көбеиту арқылы анықталады.

Еңбекті төлеудің кесімді-сыйақылық жүйесі кезінде өндірілген өнім санына есептелген еңбек ақы сомасына белгілі бір сапалы көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін төленетін сыиақы қосылады. Кесімді – прогрессивті жүйе кезінде төлеу норма шегіндегісі тұрақты баға б-ша,ал нормадан артығы прогрессивті өспелі баға бойынша жүргізіледі.

Аккордты жүйе кезінде еңбекақы төлеуді алдын-ала нормаланған тапсырма және бағасы анықталған жұмыс көлемінің орындалуы бойынша анықтайды. Аккордты еңбек ақы төлеудің мөлшерін іс жүзіндегі нормативті тапсырмалар бағалар негізінде бекітеді, ал олар болмаған жағдайда - ұқсас жұмыстар үшін қолданылатын нормаланған тапсырмалар мен бағалардан шыға отырып бекітеді.

Еңбекақы төлеудің кесімді формасы кезінде есеп айырысу еңбек өнімділігі туралы құжаттар бойынша жүзеге асырылады.

Әрбір жұмысшының бригада еңбегінің нәтижесіне қосқан еңбектік үлесінің мейілінше толық есебі үшін оның мүшелерінің келісімімен еңбекке қатысу коэффициенті қолданылады.

Қосымша еңбек ақының есептелуі орташа еңбек ақы бойынша жүргізіледі. Орташа еңбекақы дегеніміз өткен уақыт үшін нақты алынған еңбек ақының негізінде есептелген жұмысшының еңбек ақы мөлшері.

Кезекті демалыс уақыты үшін ақы төлеу. Еңбек демалысы жұмысшылармен қызметкерлерге жұмыс жылында бір рет беріледі. Еңбек демалысы жұмысқа қабылданған күннен бастап есептелінеді. Жұмысшы берілген кәсіпорында 11 ай үзіліссіз жұмыс істеген мерзімнен кейін еңбек демалысын алу құқығына ие болады. Еңбек демалысының ұзақтығы жұмыс істеушілердің әртүрлі категориялары мен ұжымдық шарттар және қолданыстағы ережелер б-ша белгіленеді. Еңбек демалысы уақытына төлеуді демалысқа кететін айдың алдындағы 12 күнтізбелік айдағы орташа жалақыдан, осы кезеңге бекітілген үстемелер, қосымшалар және сыйақының орта мөлшерін есепке ала отырып есептейді. Сыйақының орта мөлшері 12 күнтізбелік ай үшін сыйақының орташа айлық процентін 12 күнтізбелік айдағы орташа жалақыға көбейту арқылы анықтайды.

Демалыс ақыны есептеу үшін қабылданған еңбекті төлеу сомасы 12-ге және осы уақыт аралығында жұмыс істелген күндер санына бөлінеді, орташа жалақыны есептеуге уақытша еңбекке жарамсыздығы бойынша жәрдемақы да қосылады. Алынған орта күндік еңбек ақыны демалыс күнінің санына көбейтеді.

Жұмысшы айдың аяқталуына дейін жұмыстан босағанда немесе еңбек демалысына кеткенде жалақы бойынша есептеу жасалады, оның мәліметтері айдың аяқталуы бойынша есеп айырысу төлемдік ведомостында немесе еңбек ақы төлеу бойынша есептеу кітабына жазылады.

Еңбек ақы төлеу бойынша қызметкерлер мен есеп айырысудың синтетикалық есебі 3350 “Еңбек ақы бойынша қысқа мерзімді қарыздар’’ шоты бойынша жүзеге асырылады.

3350 шоттың кредиті бойынша айдың басы мен айдың аяғына жұмыс істеушілердің алдындағы қарыздардың қалдығы және оларға еңбекақы, сыйақы, жәрдемақы түрінде есептелген сомалар, яғни қарыздардың көбеюі, ал дебеті бойынша барлық ұстаулар түрлері мен берілген еңбекақы сомалары көрсетіледі. 3350 “Еңбек ақы бойынша қысқа мерзімді қарыздар’’ шотының кредиттік айналымдары №10 журнал – ордерде бейнеленеді.

 

21 Билет. Түсімді тану критерийлері. Келісім идентификациясы. Тауарларды сатудан түсімді тану. Қызмет көрсетуден түсімді тану. Пайыздар, лицензиялық төлемдер мен дивиденттер түріндегі түсімдерді тану.

 

22 Билет. Табыстар мен шығыстар түсінігі. Өнімді сатудан және қызметтер көрсетуден табыстар есебі.

Табыстар –бұл активтердің келуі мен өсуі жолымен немесе субъектінің қызметі нәтижесінде иіндеттемелердің азаю жолымен экономикалық ресурстардың көбеюі. Шығындар – бұл активтердің азаюы не басқа да қызметтерді жүзеге асыруда, тауарларды өндіру не жеткізу салдарынан қарыздардың пайда болуы, яғни міндеттемелердің көбеюі. Басқаша айтқанда, шығындар – бұл табыс табу мақсатында таурларды өндіруге не қызметтер көрсетуге кеткен шығындар.

Пайда - бұл кәсіпорынға қатысты негізгі және негізгі емес қызмет нәтижесінде капиталдың өсуі, бұған акционерлік капиталға жарна жатпайды.

Зияндар - бұл кәсіпорынға қатысты жағдайлардан капиталдың азаюы.

Тану – кәсіпорынның қаржылық есебінде баптарды енгізу процесі. Тану есептің жиынтық көрсеткіштеріне сомаларды бейнелеуден тұрады. Танудың төрт критерийі: анықтау, бағалау, мерзімділік, сенімділік.

Табыс - кәсіпорынның өзінің сатып алушыларына қандай да бір уақыт кезеңі ағымында берген қызметтері немесе өнімдерінің жиынтығын ақшалай бейнелеу.

Табыстар есепті кезеңдегі активтердің көбеюін (ақша қаражаттарының, басқа да мүліктердің келіп түсуін, кіріске алынуын) және міндететмелердің азаюы (өтелінуі) негізінде капиталдың көбеюін, яғни экономикалық пайда табуды айтады. Мұндай табыстарға: дайын өнімдер мен тауарларды сатудан алынатын табыстар; қызмет көрсетуден алынатын табыстар; дивидендтер, роялти және процент түрінде алынатын және т.б. табыстар жатады.

Алынған табыстар шаруашылық субъектісі қызметінің түріне және бағытына байланысты негізгі қызметтен және негізгі емес қызметтен алынған табыстар болып бөлінеді. Негізгі қызметтен алынған табыстар мен негізгі емес қызметтен алынған табыстардың қосындысы оның жиынтық табысын құрайды.

Сатылған тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің өзіндік құнының есебі

Сатылған тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің өзіндік құнын есепке алуға 70 бөлімшенің 7010 «Сатылған тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) өзіндік құны» шотында жүргізіледі. Бұл шот бойынша өнім өндіретін, жұмыстар істейтін және қызметтер көрсететін және босатылған өнімдердің, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің нақты өзіндік құнын есепке алуға арналған. 7010 шоттың дебетінде сатылған тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің өзіндік құны есепке алынады да, есепті кезеңнің аяғында осы шоттың кредитінен 5610 «Қорытынды пайда (залал)» шотының дебетіне жазылады.

Тауарларды, қызметтер мен жұмыстарды сату бойынша шығындардың есебі

Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатуға байланысты жұмсалған шығындарды есепке алуға 7110 шот арналған. Бұл шотта сату бойынша жұмсалған кәсіпорын қоймасындағы өнім ыдыстарына және өнімдерді орауға жұмсалған шығындар көрсетіледі. Егер өнімдерді ыдысқа салу өнім қоймаға тапсырылғанға дейін өндіріс технологиясына сәйкес жүзеге асырылса, ыдыстардың құнын өнімнің өндірістік өзіндік құнына енгізеді, өнімді жөнелтетін станцияға дейін тасымалдау, оны көлік құралдарына сату бойынша жұмсалатын шығындар; комиссиялық алымдар немесе шарт бойынша өткізуші ұйымдарға өнімді өткізгені үшін төленетін шығындар; өнімді өткезген жерлерде қойманың ұсталуы;сатушылардың және басқа қызметкерлердің еңбек ақысы мен аударымдар; жарнамаға және өткізуге арналған шығындар; өткізушіге және делдалдық ұйымдарға төленетін комиссиялық алымдар; өнімдерді өткізумен байланысты басқа да шығындар.

Есепті кезең соңында есепке алынған шығындар табыс (зиян) шотына көшіріледі: Дебет шот 5610 Кредит шот 7110.

 

23 Билет. Қаржыландырудан табыстар есебі. Басқалай табыстар есебі

4. Сатылған тауарлардың қайтарылуының есебі және сату мен баға шегерімдері

Сатылған тауарлардың қайтарылуы, сату және баға шегерімдері туралы ақпаратты жинақтау үшін келесі шоттар арналған: 6020 «Сатылған тауарлардың қайтарылуы», 6030 «Баға және сату шегерімдері».

6020 шотта тауарларды сатып алушылардың қайтаруы туралы ақпараттарды жинауға арналған. 6030 шотта сату шегерімдерінің есебі жүргізіледі. Нарықтық қатынастар дамыған елдердегі есеп айырысулардың қалыптасқан тәжірибесінде сату шегерімдерінің келесідей түрлерін жатқызуға болады:

-нақты төлем үшін шегерім шотты нақты ақшалай сатып алатын сатып алушыларға жасалады.

-сконто шегерімдері бағалық шегерулер шартта немесе жабдықтаушы шотында көрсетілетінмерзімнен бұрын төлеген сатып алушыларға жасалады.

-дилерлік шегерімдер тауарларды ұйымдастыратын агенттерге және делдалдарға жасалады.

-жабық шегерулер тұйықталған экономикалық бірлестіктерде айналыста болатын, өнімнің сатылған көлемінен шығатын тауарларды сатқанда жасалады. Қызмет барысындағы шегерулер өндіруші тауарларды сату, тасымалдау, сақтау, күзету, есепке алу қызметтеріне жасайды.

Сатып алушыларға жасалған сату шегерімдерінің барлық түрі шартта және басқа да құжаттарда айтылып, есеп айырысу-төлем құжаттарында көрсетілуі керек. 6030 шот бойынша жыл басынан жасалған айналымдар жинақталған тізімдемеде немесе машинограммаларда шегерімнің түрлеріне қарай талдау жүргізіледі. Жыл аяғында бұл шот жабылады, онда қалдық қалмауы керек.

Баға шегерімдерінің есебін жүргізуге 6030 арналған. Жеңілдіктер тауар бағасының жалпы немесе ұйғарымды бағасына қарағанда төмендетілуі болып табылады. Жеңілдіктер процент түрінде немесе белгілі бір сомада болады.

Шегерімдердің іс жүзінде келесідей түрлері қолданылады:

- алынатын тауарлардың санына байланысты баға жеңілдігі тауарды 1 жылға ұйғарымды көлеміне қарағанда көбірек сатып алушылар үшін жасалады;

- уақытпен байланысты жасалатын жеңілдіктер негізінен маусымдық сипаты көпшілік сұранысы бар өнім сауда саласында қолданылатын баға жеңілдіктері;

- сандық жеңілдік тапсырыстың көлеміне және саласына байланысты баға жеңілдігі;

- арнайы жеңілдік белгілі бір жабдықтаушымен көптен бері байланысы бар және басқа ерекше қатынастағы сатып алушыларға жасалатын баға жеңілдігі.

6030 шот бойынша сатып алушыларға жасалған жеңілдіктерінің түрлеріне қарай талдау жасалады. Талдау есебі үшін тізімдеме немесе машинограмма жүргізіледі, онда жыл басынан жасалған жеңілдіктердің түрлеріне дебеттік айналымдары бойынша жинақталады. Жыл аяғында 6030 шот жабылады.

Жасалған баға жеңілдіктері сатып алушылардың жазатын шот-фактурасында көрініс табуы керек және оның негізінде нақты экономикалық есептеудің есебі жасалады.

Көрсетілген қызметтер бойынша табысты тану. Шығындардың танылуы

Қызметтерді көрсетуден табыстарды танудың төрт әдісі бар:

1) нақты орындау;

2) пропорциональді орындау;

3) аяқталған орындау;

4) инкассация.

Шаруашыық субъектісінің негізгі емес қызметтен алынатын табыстары- деп кәсіпорындар мен ұйымдардың негізгі өндірісі шығарған тауарларды сатудан, көрсеткен қызметтерден, сондай-ақ орындалған жұмыстардың барысында тапқан табыстары саналады. Субъектінің негізгі қызметтен алынатын табыстарының есебі 6010 «Дайын өнімді (жұмысты, қызметті) сатудан түскен табыс» шотында жүргізіледі. Бұл шотта негізгі қызметтерден алынған табыстары туралы ақпараттарды жинақтап, қорытынды жасайды. Бұл шот пассивті шот, сондықтан кәсіпорынның қызметтері барысында алатын табыстарына 1210, 1220, 1230, 1284, 1010, 1030 шоттарының тиістілері дебеттеліп, 6010 шот кредиттеледі. Субъектінің өткен кезеңде алған, бірақ есепті кезеңнің табысы болып есептелінетін сомаларына 3520 «Алдағы кезеңдердің табысы» шоты дебеттеліп, 6010 шот кредиттеледі.

Негізгі емес қызметтен табыстар материалды емес активтерді, негізгі құралдарды, бағалы қағаздарды және т.б. өткізуден алынады. Мұндай қызметтерді атқаруы, жұмыс істеуі барысында алынған табыстары 6210 «Активтерді сатудан табыстар», 6110 «Сыйақылар бойынша кірістер», 6250 «Бағамдық айырмашылықтан түскен табыс», 6280 «Басқа да табыстар» шоттарында жүргізіледі. 6210 шотта материалдық емес активтерді, негізгі құралдарды, инвестицияларды сатудан табыстар есепке алынады. Құнды қағаздарды, акциялар бойынша дивидендтер және проценттер түріндегі табыстар есебі 6110 шотта жүргізіледі. Бағамдық айырмашылықтан түскен табысдың есебі үшін 6250 шот арналған. Атқарушы өкімет органдарының субсидиялары 6280 шотында есептеледі. Жыл соңында табыстар және шығындар шоттары жабылуы керек.

24 Билет Кезең шығындары есебі

Кәсіпорынға тұтастай алғанда қызмет көрсетуге және оның өндірістік-шаруашылық қызметін басқаруға байланысты жалпы шығатын шығындар жалпы және әкімшілік шығындар болып табылады. Бұл шығындар есебі 7210 «Әкімшілік шығындар» шотында жүргізіледі, жалпы және әкімшілік шығындарды есепке алатын тізімдемеде немесе машинограммаларда жүргізіледі. Оған жазбаларды кәсіпорын бекіткен баптардың номенклатурасына қарай және әзірлік кестелері мен құжаттарынан корреспонденцияланатын шоттар бойынша жазады.

Материалдық емес активтер бойынша амортизация есептелгенде:

Дебет шот 7210 Кредит шот 2741

Негізгі құралдардың тозуы есептелді: Дебет шот 7210 Кредит шот 2421

Жалпы және әкімшілік шығындарға шикізат және материалдар жұмсалды:

Дебет шот 7210 Кредит шот 1310

Әкімшілік қызметкерлерге еңбек ақы есептелгенде: Дебет шот 7210 Кредит шот 3350

25.Билет. Жарғылық капитал есебі: шығарылған акционерлік капиталдың, салымдар мен пайлардың. Төленбеген капитал есебі. Сатып алынған меншікті үлес құралдары. Эмиссиялық табыс есебі.

1. Жарғылық капитал есебі: шығарылған акционерлік капитал; салымдар мен пайлар.

Капитал – бұл дара кәсіпкер тұлғаның немесе ұйымның активтеріндегі барлық міндеттемелер шегеріліп тасталғаннан кейінгі қалған үлес.

Меншікті капитал есебіне Халықаралық қаржылық есеп стандартының бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарына сәйкес V бөлім арналған.

«Капитал және резервтер» бөлімінің шоттары капитал мен резервтерді есепке алуға арналған. Капитал - бұл ұйымның активтерінде оның барлық міндеттемелерін шегергеннен кейін қалған үлес.

Аталған бөлім мынадай кіші бөлімдерді қамтиды:

5000 «Жарғылық капитал»

5100 «Төленбеген капитал»

5200 «Сатып алынған жеке меншік үлестік аспаптар»

5300 «Эмиссиялық кіріс»

5400 «Резервтер»

5500 «Бөлінбеген кіріс (жабылмаған залал)»

5600 Қорытынды пайда (қорытынды залал)»

Кәсіпорынның жарғылық капиталы қызметті бастауды қамтамасыз ету үшін жаңадан құрылған кәсіпорынның жасаған қаражаттарының сомасы болып саналады.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес, шаруашылық жүргізуші ұйымдардың алуан түрлері құрылады.

жарғылық капитал жаңадан құрылған заңды тұлғалар өз қызметiн бастау үшiн бастапқы материалдық базасы болып та табылады, ол құрылтайшылардың (акционерлердiң, қатысушылардың) қатысу үлесiн және кепiлдiк сипатын анықтайды.

Шаруашылық серiктестiктердiң жарғылық капиталына салынатын салымдары, ақша да, бағалы қағаздар да, мүлiк те, мүлiктiк құқық та және басқа да мүлiктер (интеллектуалдық қызметтiң нәтижесiнде берiлген құқын да қоса алғанда) болуы мүмкiн.

Құрылтайшылардың (қатысушылардың) жарғылық капиталына натуралды нысанда салынатын салымдары немесе барлық құрылтайшылардың келiсiмi бойынша немесе барлық құрылтайшылардың жалпы жиналысының шешiмi бойынша мүлiктiк құқығы ақшалай нысанда бағаланады.

Акционерлік қоғам мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталы үш негізгі функцияны атқарады:

- ол бастапқы капитал болып саналады, яғни қоғам қызметі үшін мүліктік негіз;

- ол барлық құрылтайшылардың (акционерлер, қатысушылар) салымдарының үлесін анықтауға мүмкіндік береді, себебі жиналыста қатысушының дауыс беру саны мен оның табысының мөлшері осыған сәйкес;

- жарғылық капиталдың көлемі қоғамның үшінші тұлғалар алдындағы міндеттемелерін орындауға кепіл береді, сондықтан оның минималды көлемі заңмен бекітіледі.

Акционерлік қоғамның жарияланған жарғылық капиталының ең аз деңгейдегі көлемі – бір айлық есеп айырысу көрсеткішінің 50 000 есе мөлшерін құрайды және мемлекеттік тіркеуден өткен күннен кейін 30 күннің ішінде төленуі керек. Артықшылықты акцияны шығару барлық жарияланған акциялардың жалпы санының 25% көп болмауы керек.

Акционерлік қоғам - жарғылық капитал барлық жарияланған акциялар шығарылымының жиынтық атаулы (номинальдық) құнына тең.

Акцияның номиналдық құны - акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарында анықталған құрылтайшылармен төленген жарғылық капиталдың қалыптасуына қатысатын акция құнының ақшалай көрінісі.

Орналастыру бағасы - алғашқы бағалы қағаздар нарығына акцияны орналастыруда анықталатын акция бағасы.

Акциялар қарапайым және артықшылығы бар болып бөлінеді.

Қарапайым акция акционерге акционерлердің жалпы жиналысына қатысуы кезінде барлық сұрақтарды шешуге, ұйым таза табыс алған кезде дивиденд алуға, сонымен қатар қоғам жабылған кезде заңмен бекітілген негізде қоғамның мүлігінің бір бөлігін алуға құқық береді.

Артықшылығы бар акция акционерлерге қарапайым акцияны иеленетін акционерлерден бұрын қоғамның жарғысында көрсетілген алдын-ала анықталған міндетті түрде алатын дивидендтерді алуға құқық береді.

Акционерлік қоғамның артықшылығы бар акцияларының саны оның жарияланған акцияларының жалпы санынан 25 пайыздан аспауы керек.

Жарғылық капиталдың нақты барын және оның қозғалысы туралы ақпараттарды жалпы қорытындылау үшін бухгалтерлік есеп шоттарының 5000 «Жарғылық капитал» бөлімшесінің шоттарында жүргізіледі:

5010 «Артықшылығы бар акциялар» - мұнда акционерлік қоғамның төленген эмиссияланған артықшылығы бар акцияларының жиынтық атаулы құны көрініс табады;

5020 «Қарапайым акциялар» - мұнда акционерлік қоғамның төленген эмиссияланған қарапайым жиынтық атаулы құны көрініс табады;

5030 «Салымдар мен пайлар» - мұнда серіктестіктің жарғылық капиталына салымдар мен жарналар көрініс табады.

Акционерлік қоғамның жарғылық капиталына салынатын салымдар бойынша құрылтайшылармен есеп айырысуларды есепке алу 5110 «Төленбеген капитал» шотында жүргізіледі. Бұл шоттың дебеті бойынша жарғылық капиталға салынатын салымдар жөніндегі құрылтайшылардың салымдарының нақты түскен сомалары көрсетіледі. 5110 «Төленбеген капитал» шотының дебетттік қалдығы жарғылық капиталға жарияланған, бірақ төленбеген салымдар бойынша құрылтайшылардың берешек сомасы көрсетіледі. Ұйым өзінің жарғылық капиталын құрылтайшы құжаттарда белгіленген тиісті мөлшерде толық қалыптастырғанда, 5110 «Төленбеген капитал» шоты толық жабылады және онда дебеттік қалдық онда болмайды.

Акционерлік қоғамның жарғылық капиталына салынатын жарияланған және тіркелген салымдардың нақтылы құны бойынша құрылтайшылардың берешек сомасына бухгалтерлік есеп шоттарында келесі жазулар жүргізіледі:

5110 «Төленбеген капитал» шот дебеті

5010 «Артықшылығы бар акциялар»

5020 «Қарапайым акциялар» шоттар кредиті

Құрылтайшылармен жарияланған және тіркелген акциялардың құнын төлеу негізгі құралдар,

Жарғылық капиталдың аналитикалық есебі №13 журнал-ордерде жүргізіледі. Акциялардың аналитикалық есебін жүргізу үшін мынандай мәліметтері бар акционерлер тізбесінен /реестрінен/ алынған жазба негіз болады:

- акцияларға ие акционерлердің жалпы саны;

- артықшылықты акциялардың жалпы саны және оларға ие акционерлердің саны;

- акциялардың 5%-інен астамына ие акционерлердің сондай-ақ жеке және занды тұлғалардың жарғылық қордағы үлесі.

Жазбаның шығу сан реті, күні, тіркеушінің атауы және оның орналасқан орны көрсетілуі керек. Жазбаға лауазымды /басшы/ адам қол қояды және тіркеушінің мөрімен куәландырылады.

Акциялардың қозғалысы жөніндегі операциялардың бухгалтерлік есебіндегі жазулар тәуелсіз тіркеушінің /бағалы қағаз ұстаушылардың тізімдемесін жүзеге асыратын заңды тұлға/ операцияларды тіркеуі негізінде, төлемдемедегі тиісті жазуды өзгерту жолымен жүргізіледі.

Төленбеген капитал есебі. Қайта сатылып алынған меншікті үлестік құралдар

Құрылтайшылардың (қатысушылардың) жарияланған және тіркелген, бірақ жарғылық капиталға енгізілмеген салымдар бойынша берешек сомасы төленбеген капитал деп аталады. Төленбеген капиталдың есебін жүргізу үшін 5110 «Төленбеген капитал» шоты арналған. Бұл шотта заңды және жеке тулғалардың шаруашылық серіктестіктің жарғылық қорына қосқан үлестері бойынша қарыздарының сомасы туралы ақпарат жинақталады.

Жарияланған /белгіленген тәртіппен тіркелген/ жарғылық қор сомасына 5110 «Төленбеген капитал» шоты дебеттеледі де, 5000 «Жарғылық капитал» бөлімшесінің шоты 5010,5020 /акционерлік қоғамдарда/ және 5030 «Қосқан үлестер мен жарналар» /серіктестіктердің акционерлік қоғамдардан басқа түрлерінде/ шоттары кредиттеледі.

Eгep 5110 «Төленбеген капитал» шоты бойынша дебеттік қалдық өтелген болса, бұл кәсіпорын өз жарғылық қорын толығымен қалыптастырды деген сөз кредиттік қалдық акционерлер /құрылтайшылар/ енгізуге тиісті қаражат сомасын, яғни акционерлердің салым бойынша қарыздарын көрсетеді.

Акционерлік қоғам сатып алатын орналастырылған акциялардың саны орналастырылған акциялардың жалпы санының 25 пайызынан аспауға тиіс, ал қоғамның орналастырылған акцияларын сатып алуға жұмсайтын шығындары:

- орналастырылған акцияларды акционерлердің талап етуі бойынша сатыпалған кезде - олардың жалпы жиналысы бекіткен әдістемесіне сәйкес жүзеге асырылады;

- орналастырылған акцияларды қоғамның бастамасы бойынша сатыпалған кезде - қоғамның орналастырылған акцияларын сатып алу туралы шешім қабылдаған күнгі жағдай бойынша оның өз капиталы мөлшерінің 10 пайызынан аспауға тиіс.

Сатып алынған жеке меншік үлестік аспаптар - бұл сатылған, содан соң шығарған акционерлік қоғам сатып алған акциялар. Сатып алынған жеке меншік үлестік аспаптар фирманы тарату кезінде активтердегі үлесіне дивидендтер алуға құқық бермейді.

Кейіннен сату мақсатында немесе еліміздің заңдарына және акционерлік қоғамның жарғысына қайшы келмейтін өзге де мақсаттар үшін акционерлерден сатып алынған меншікті акциялар туралы ақпараттарды жалпы қорытындылау үшін 5210 «Сатып алынған жеке меншік үлестік құралдар» шоты арналған. 5210 «Сатып алынған жеке меншік үлестік құралдар» шотының дебеті бойынша акционерлерден сатып алынған меншікті акциялардың құны, ал кредиті бойынша сатып алынған меншікті акцияларды оралымнан қайтарып алуды көрсетеді.

Акционерлерден меншікті акцияларын нарықтық құны бойынша ақшалай қаражаттар, ТМҚ, негізгі құралдар, материалдық емес активтер және басқа да мүліктер түрінде қайтып сатып алынғанда бухгалтерлік есеп шоттарында келесідей жазулар жүргізіледі:


1 | 2 | 3 | 4 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.023 сек.)