АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

шоттар корреспонденциялары

Читайте также:
  1. Kредит шот 1030
  2. Алматы 2012 7 страница
  3. Алматы 2012 8 страница
  4. Дебет шот 1030
  5. Кредит шот1010,1030, 1310,1320,1330,1350, 2310, 2410, 2730
  6. Статья 9. Функции и полномочия уполномоченного органа
  7. Тестілер
  8. ЭССЕ жазу
  Операциялардың мазмұны Шоттар корреспонденциялары
Дебет Кредит
1. Есепті жыл соңында жабылуы:    
2. Қайта бағалаудан алынған баға көбеюі:    
а) негізгі құралдар мен ұзақ мерзімді инвестициялар оларды есептен шығарып тастағаннан кейінгі 5420, 5440  
б) өзге активтерді    
3. Акционерлерден меншікті акциялар сатып алу кезінде алынған айырма:    
а) номиналдық құнынан төмен баға бойынша    
  б) номиналдық құнынан жоғары баға бойынша    
4. Есепті жылдың бөлінбеген кірісінен резервтік капиталға жасалған аударымдарды көрсету   5410,5460
5. Акциялар бойынша дивидендтер есептеу    
6. Есепті жылдың бөлінбеген кірісінің қалған сомасын өткен жылдар кірісіне апару    
7. Есепті жылдың жабылмаған залалын жабу:    
а) резервтік капитал есебінен 5410,5460  
б) өткен жылдардың бөлінбеген кірісі есебінен    
         

28. Билет. Қаржылық есептіліктің мағынасы. Бухгалтерлік балансты ұсыну. Балансқа қойылатын минималды талаптар.

Қаржылық есеп беру, оның формалары Есеп беру деп кәсіпорынның өткен кезеңдегі қаржылық – шаруашылық қызметін кешенді түрде сипаттайтын барлық көрсеткіштер жүйесін айтамыз. Есеп беру процесін жасау есеп жұмысының соңғы сатысы болып табылады.

Қаржылық есеп берудің мақсаты өз пайдаланушыларына заңды тұлғаның қаржылық жағдайы туралы сенімді, мәнді және пайдалы ақпараттарды беру болып табылады. Қаржылық есеп берудің пайдаланушыларының қатарына потенциалды инвесторлар, кредиторлар, жабдықтаушылар, сатып алушылар, еңбеккерлер, сондай – ақ мемлкеттік органдар, т.б. кіреді.

Есеп беруге қойылатын негізгі талаптар: кәсіпорын қызметінің нәтижесін анық және объективті көрсету, барлық көрсеткіштерді бір – бірімен қатаң түрде үйлестіру, бухгалтерлік пен жедел – статистикалық есеп берудің сабақтастығын сақтау, әдістемелік және басқа да ережелерді сақтау болып табылады.

Қаржылық есеп берудің негізгі қағидалары болып:

Есептеу. Қаржылық есеп беру есептеу қағидасының негізінде жасалады, соған сәйкес өнім жөнелтілген, жұмыс атқарылған кезінен бастап, олардың төлену нәтижесіне қарамастан табыс болып танылады, ал шығысы мен зияны орын алынған кезден бастап танылады.

Толассыздық. Субъект өз қызметін жақын арада тоқтатпауды топшылайды және ондай ниеттің көз жетерлік болашақта пайда болуын да мақсат тұтпайды.

Түсініктілік. Қаржылық есеп беруде берілген ақпарат пайдаланушыларға түсінікті болуы тиіс.

Маңыздылық. Қаржылық есеп беруді пайдаланушылар ондағы мәліметтерге қанағаттануы тиіс; қаржылық, шаруашылық, жедел жағдайларын бағалаған кезде олардың қабылданған шешіміне алынған мәліметтер өз септігін тизізуі керек.

Мәнділік. Қаржылық есеп беру негізінде қабылданған экономикалық шешімдер олардың ұғымдарының дұрыстығына немесе дұрыс еместігіне әсер етуі мүмкін.

Дұрыстық. Есеп беру негізінен анық мәліметтердің көрсеткіштерінен құрылады, егер де онда мәнді қателер немесе күні бұрын пішілген ойлар болмаса.

Шындық және алалықсыз ұсыну. Қаржылық есеп беру субъекттің ақша қаражатының қозғалысы, операцияның нәтижесі, қаржылық жағдайы туралы пайдаланушыларға шындық және алалықсыз мәліметтерді ұсынуы тиіс.

Бейтараптылық. Қаржылық есеп беруде берілген ақпараттар күні бұрын ойластырылған мәліметтен алшақ болуы керек, яғни сенімді болжамы болғаны абзал.

Сақтық. Кез келген шешімді қабылдаған кезде сақтық деңгейін сақтаған жөн, белгісіз жағдайда активтер мен табыстың, сондай – ақ міндеттемелер мен шығыстың қайта бағалануына барынша жол бермеу керек.

Аяқтау және салыстыру. Қаржылық есеп берудегі ақпараттардың анықтылығын қамтамасыз ету мақсатында ондағы мәліметтер толық болуы тиіс. Ақпараттың пайдалылығы мен мазмұндылығын арттыру үшін бір есептік кезеңі екінші бір есептік кезеңмен салыстырылуы тиіс.

Жүйелілік. Пайдаланушы субъекттің қаржылық есеп беруін, оның әртүрлі есептік кезеңмен салыстыру мүмкіндігін қалыптастыру керек, өйткені оның көмегімен қаржылық жағдайдың тенденциялық өзгерстерін анықтай алады, демек қабылданатын шешімдердің жүйелілігін сақтау мүмкіндігі артады.

Қаржылық есеп берудің элементтері. Қаржылық есеп беру мәміленің және басқа да оқиғаның нәтижесін классқа топтастырып, экономикалық мазмұнына сәйкес көрсетіледі. Экономикалық мазмұн қаржылық есеп берудің элементтері болып табылады.

Актив – бұл құндық бағасы бар субъекттің құқығы мен жеке мүліктік және мүліктік емес игілігі.

Міндеттемелер – бұл өткен мәміленің нәтижесі, ол жүзеге асқандықтан қарызданушының міндеттемесінің пайда болғанын, белгілі бір әрекеттің кредитор пайдасына жасалатындығын көрсетеді:

Меншік капиталы бұл субъекттің міндеттемесі шегерілген активі. Бухгалтерлік есепте ол бірнеше классқа бөлінеді: жарлық капиталы, қосымша төденген капиталы, резервтік капитал, таратылмаған табыс. Қаржылық есеп беруді пайдаланушылар үшін бұндай бөліну, шаруашылық қызметін талдаған кезде қажет. Егер де баланс пассивінің құрылымында меншік капиталының үлес салмағы көп болса, онда ол субъектінің қаржылық жағдайының тұрақтылығын көрсетеді.

Қаржылық нәтижесі – бұл есепті жылдағы кәсіпорынның қаржылық – шаруашылық қызметтің нәтижесі. Қаржылық нәтижесін өлшеу элементі: табыс пен шығыс болып табылады.

Табыс – бұл есепті кезеңдегі активтердің өсуі, не міндеттемелердің азаюы; шығыс – бұл есептік кезеңде активтердің азаюы, не міндеттемелердің көбеюі. Бұл жерде иеленушілердің жарлық капиталына салған салымы субъекттің табысы болып табылмайды, ал субъект иелеріне меншік капиталын таратып беру – шығыс болып табылады.

Қаржылық есеп беруде шаруашылық жүргізуші субъект қызмет түріне қарап табыс пен шығысты бөліп көрсетуіне болады. Мысалға, өнеркәсіп өндірісі, делдалдық қызмет, ауылшаруашылық қызметі бойынша және т.б., сондай – ақ табыс пен шығысты әдеттегі қызметі мен төтенше жағдайдан алатын табыстары немесе шығыстары бойынша бөлуі мүмкін.

Табыстар – бұл субъекттің негізгі және негізгі емес қызметінің нәтижесі. Негізгі қызметтен алатын табыстардың қатарына: өнімді, жұмысты, қызметті сатқаннан алынған табысы; сондай-ақ тауарлы-материалдық құндылықтардан, жалға беруден, инвестициялық ықзметтерден түсетін табыстары жатады. Ал негізгі емес қызметтен түсетін табыстардың қатарына: негізгі құралды, материалдық емес активтерді, бағалы қағаздарды, сатқаннан және бағамдық айырмадан түскен табыстары жатады.

Шығыстар - өнімді өндірумен, жұмысты атқарумен, қызметті көрсетумен байланысты шығындар, негізгі және негізгі емес қызметтен шеккен зияндар және төтенше жағдайдан туындаған шығындары. Шығыстар, әдетте, шығыс нысанын қабылдайды енмесе активтердің пайдалануын көрсетеді. Зиян экономикалық олжаның азайғанын көрсетеді. Зиян өз табиғаты бойынша, шығыстан айтарлықтай ерекшеленбейді және ол жеке элемент болып та саналмайды.

Қаржылық есеп берудің элементтерін тану бұл бухгалтерлік балансқа енгізу процесі немесе қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп берудің бабы, ал ол элементтерге берілген анықтамаларына сәйкес келеді және мынадай тану тұжырымдамасын қанағаттандырады:

-кез келген болашақтағы олжаның осы баптарда көрініс табу ықтималдығы бар, оның түсуі де, шығып кетуі де мүмкін;

-баптың құны бар, ол үлкен дәлдікпен өлшенуі мүмкін.

Қаржылық есеп элементтерін мойындау, тану мойндаудың мынандай критерийлерін қанағаттандыратын және элементті айқындауға сәйкес келетін баптың нәтижелері туралы есепке немесе бухгалтерлік балансқа кіргізу процесі:

1) бапқа байланысты кез келген болашақ экономикалық пайданы субъект алады немесе жоғалтады деген ықтималдық бар;

2) объектінің сенімді өлшенетін құны немесе бағасы бар.

Қаржылық есеп элементтерін бағалау – ақшалай соманы анықтау тәсілі, ол бойынша активтер мен міндеттемелер қаржылық есептерде мойындалады және мыналар бойынша бағаланады:

- бастапқы бағасымен. Активтер оларды сатып алған кезде қол жеткен тараптардың келісімі мен белгілеген ағымдағы құны бойынша немесе төленген ақшалай қаражат сомасында; міндеттемелдер – міндеттемеге айырбасталып немесе кей жағдайлардағы белгілі бір шарттармен алынған түсім сомасы бойынша жағдайлардың қалыпты тоғысуы кезінде міндеттемелерді орындау үшін төленетін ақшалай қаражат сомасы бойынша көрсетіледі.

- ағымдық құнымен. Активтер есепте сол немесе соған ұқсас актив енді ғана сатып алынған жағдайда төленуге тиісті ақшалай қаражат сомасы бойынша көрсетіледі, міндеттемелер оларды өтеу үшін талап етілетін ақшалай қаражаттың дисконтталмаған сомасы бойынша көрсетіледі;

- өткізудің ықтимал құнымен. Активтер сатудан алынуы мүмкін ақшалай қаражат сомасы бойынша көрсетіледі. Міндеттемелер – оларды өтеу үшін талап етілетін ақшалай қаражат;

- дисконтталған құн. Активтер субъектінің қалыпты қызметі барысында активтерді генеризациялауға тиісті ақшалай қаражат болашақ түсімнің дисконтталған құны болып танылатын ағымдағы құны бойынша;

- баланстық құнымен. Активтер мен міндеттемелердің бухгалтерлік баланста көрсетілетін құны.

Қаржылық есеп берушілік түрлеріне: ақшалардың қозғалысы туралы есеп, табыстар мен шығындар туралы есеп, меншікті капитал құрамындағы өзгерістер туралы есеп, бухгалтерлік баланс кіреді.

Бухгалтерлік баланс — кәсіпорынның жылдық есеп беруінің негізгі үлгісі. Баланс жасалғанға дейін есепке алу тізімдеріндегі барлық синтетикалық шоттары бойынша толтырылған айналымдар мен қалдықтарды талдау есебінің деректерімен салыстыру қажет. Жылдың басындағы және аяғындағы баланстардың деректерін салыстыру үшін жыл басындағы бекітілген баланс баптарының номенклатурасы жыл аяғындағы баланс үшін бекітілген номенклатурамен және бөлімдер мен баптардың топтамаларымен (егер баланс баптарының номенклатурасында өзгерістер болса) сәйкестендірілуге тиіс.

Баланс Бас кітапта не «Бас кітап» машина жазбасында көрсетілген шоттар бойынша толтырылған қалдықтар негізінде жасалады.

Баланс екі бөлімнен тұрады: актив және пассив. Активте айналым қаражатының және айналымнан тыс активтердің синтетикалық шоттары бойынша толтырылған қалдықтарды; пассивте міндеттемелер мен меншікті капиталды көрсетеді.

Сонымен қатар, баланста баланстан тыс шоттарда есепке алынатын қолда бар құндылықтар туралы анықтама келтіріледі. Анықтама баланстан тыс шоттар бойынша жүргізілетін есеп жүйесінің деректері бойынша жасалады.

Есепті жылдың аяғында баланс баптарының деректері белгіленген тәртіп бойынша жүргізілген түгендеу арқылы расталуға тиіс.

 

29 Билет.Пайда мен зиян туралы есептілікке қойылатын минималды талаптар. Пайда мен зиян туралы есептіліктің екі формасы.

Кірістер мен шығыстар туралы есеп беру – шаруашылық қызметтен түскен пайда мен зиянға қамтылуы тиіс есептік бағалаудағы өзгерістер. Сыртқы пайдаланушылар үшін кірістер мен шығыстар туралы есеп беру қысқа формада жасалады.

Кірістер мен шығыстар туралы есеп беру есептеу жүйесінен шыға отырып жасалады, сондықтан ағымдағы қызметтің ақша құралдарына және олардың ликвидтілігіне әсер етуі есеп беруде көрсетіледі. Кірістер мен шығыстар ақша құралдарының кемуімен немесе көбеюімен ілесіп отырмайды. Ақша құралдары сомаларының кемуі немесе көбеюі активтердің бухгалтерлік шоттарының өзгеруіне әкеледі.

Кірістерді мойындау өнімді (қызметті) өткізуден түскен кірістерді бухгалтерлік есепке алуды тіркеудегі тиянақтылықты анықтайтын есептеу қағидасына сәйкес іске асырылады. Мойындау, сонымен қатар, тауардың сатылған күні заң күші бар төлем міндеттемелерін сатып алушының жеткізушіге ұсынған кезде орын алады. Мойындау мүмкіндігі тауарға немесе қызметке айырбастау кезінде алынған қаржылық емес активтердің сатушарттарына сәйкес белгілі бір ақшалай көлемге айналуы кезінде пайда болады.

Кіріс алынған кезде көрініс табады, яғни келісім-шартқа сәйкес ұйым кіріс алуға құқық беретін жұмыс көлемін орындаған кезде көрініс табады.

Сонымен, пайда – ұйымның капиталы мен пайдасының көбеюі негізін құрайтын қаржылық нәтиженің маңызды факторы. Қаржылық есеп беруді құру жөніндегі әдістемелік рекомендацияда кіріс деп сальдоланған қаржылық нәтиже мойындалады және кезеңнің жалпы кіріс және жалпы шығыстарының арасындағы әртүрлілік ретінде анықталады.

Кірістерді жіктеудің бірнеше түрі бар. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бухгалтерлік есеп және аудит әдістемелері Департементінің анықтамасы бойынша, ұйымның кірістері негізі қызмет және негізгі емес қызмет нәтижелерінде пайда болуы мүмкін.

Негізгі қызметтен түскен кіріс – дайын өнімдерді өткізуден қосымша құн салығын, акциздерді және басқа салық түрлерін, міндетті төлемдерді және қайтарылған тауарлар сомасын, сатудағы жеңілдіктер сомасын, бағадағы жеңілдіктер сомасын шегеріп тастағандағы ақша сомасы немесе құралдар.

Негізгі емес қызметтен түскен кіріс – бұл айналымнан тыс активтерді өткізу, құнды қағаздарды асыра бағалау және т.б.

Салық салуға дейінгі негзгі қызметін сальдоланған қаржылық нәтижесі көрсеткіштерді есептеу жолымен анықталады: негізгі қызметтен түскен кіріс (залал) және негізгі емес қызметтен кіріс (зиян).

Салық салынғаннан кейін гі негізгі қызметтен түскен кіріс табыс салығы мен негізг қызметтен түскен кіріс арасындағы айырмашылық түріндегі есептеу жолымен анықталады.

Төтенше жағдайлардан түскен кіріс (залал) табыс салығын шегеріп тастағандағы төтенше жағдайлар нәтижесінің сальдолануымен анықталады.

Төтенше өзгерістер деп мыналар саналады:

- алдын ала болжанбаған жағдайлар (апатты жағдайлар, өрт, т.б.) салдарынан түскен түсімдер;

- сақтындыру өтемақылары;

- қалпына келтіруге жарамсыз материалдық құндылықтар бағасы және т.б.;

Таза пайда - есеп беру кезеңіндегі заңды тұлғаның алатын сальдоланған нәтижесі.

 

30 Билет Ақша қаражаттары қозғалысы туралы есептілікті ұсыну. Операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметтен ақша ағындарын ұсыну. Ақша қаражаттарының жабылмалы ағынын көрсету. Есептілікті тікелей әдіспен ұсыну. Ақша қаражаттары қозғалысы туралы есептілікті жанама әдіспен құрастыру.

Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру – бұл ақша қаражаттары мен олардың эквиваленттерінің келіп құйылуы мен шығысталуы. Ақша эквиваленттеріне қысқа мерзімді қаржы инвестициялары және облигация, қазынашылық векселі және т.б. сияқты өтімді бағалы қағаздар жатады. Ақша түсімдері туралы ақпарат, біріншіден, ұйымның ақша қаражаттары мен олардың эквиваленттерін табу қабілеті, сондай-ақ ақша түсімдерін пайдаланудағы ұйымның мұқтажын бағалауға көмектеседі. Екіншіден, ұйымның таза активтеріндегі өзгерісті, оның қаржы құрылымын, сондай-ақ өтімділік пен төлем қабілетін бағалауға көмектеседі. Үшіншіден, әр түрлі ұйымдардағы операциялық қызмет туралы есеп берулерді салыстыруға мүмкіндік береді.

«Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп» заңды тұлғаның қаржылық жағдайындағы өзгерісті бағалауға мүмкіндік береді, бұл оларды есепті кезең ішіндегі операциондық, инвестициялық және қаржылық қызметі тұрғыдан алғанда қаражаттардың түсуі мен жұмсалуы туралы хабарлармен қамтамасыз етеді. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп субъекттің есепті жылдың ішіндегі қаржылық есебінің құрамында беріледі.

Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беруде 3 түрге бөлінетін ақша түсімдері көрсетіледі:

- негізгі қызметтен түскен ақша түсімдері;

- инвестициялық қызметтен түскен ақша түсімдері;

- қаржыландыру жөніндегі қызмет.

Операциядан түсетін ақша түсімдері негізінен кәсіпорынның табыс келтіретін негізгі қызметінің барысында пайда болады.

Негізгі қызмет жөнінде мысал болып табылатындар:

- тауар сатудан және қызмет көрсетуден түскен ақша түсімдері;

- сыйақылардың, комиссия ақысының және басқа табыстардың ақшалай түсімдері;

- тауарлар мен қызметтер үшін жеткізушілерге төленген ақша төлемдері;

- қызметкерлерге ақша төлемдері;

- ақша төлемдері немесе табыс салығын өтеу, егер олар қаржыландыру жөніндегі қызметпен және инвестициялық қызметпен байланыссыз болса;

- шарттар бойынша ақша түсімдері немесе төлемедер.

Инвестициялық қызмет – бұл ұзақ мерзімді активтердің және ақша эквиваленттеріне қатысы жоқ басқа инвестициялардың сатып алынуы немесе шығарылуы.

Инвестициялық қызметтің нәтижесінде туындаған ақша түсімдеріне мыналар мысал болып табылады:

- негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді және өзге де ұзақ мерзімді активтерді сатып алу, сату кезіндегі ақша төлемдері немесе түсімдері;

- меншікті капиталды немесе басқа ұйымдардың қарыз міндеттемелерін, сондай-ақ бірлескен ұйымдардағы қатысу үлесін сатып алу кезіндегі ақша төлемдері немесе түсімдері;

- басқа ұйымдарға аванстық төлемдер және берілетін қарыз:

- басқа ұйымдарға ұсынылған аванстық төлемдерді өтеуден алынған ақша түсімдері.

Қаржыландыру жөніндегі қызмет – бұл нәтижесі меншікті капитал мен қарыз қаражаттарының мөлшері мен құрамындағы өзгеріс болып табылатын қызмет.

Қаржыландыру жөніндегі қызметке мыналар мысал болып табылады:

- акциялар немесе меншікті капиталдың басқа элементін шығарудан түскен ақша түсімдері;

- акция сатып алған кездегі немесе меншікті акциялардың төлеп алған кездегі акционерлерге ақша төлемдері;

- қамтамасыз етілмеген қарыз міндеттемелерін, займдарды, векселдерді, облигацияларды, басқа да қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді займдарды шығарудан түскен ақша түсімдері;

- алынған займдарды өтеу есебіне ақша төлемдері;

- қаржыландырылатын жолмен, яғни ұзақ мерзімді жалмен байланысты ақша төлемдері мен түсімдері;

Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру екі әдіспен жасалады: тікелей және жанама әдіс.

Тікелей әдіске басымдылық беріледі, өйткені ол болашақ ақша түсімдерін бағалауда тиімді болатын ақпаратпен қамтамасыз етеді, ал оны жанама әдіс бере алмайды.

Тікелей әдісті қолданған кезде ақша қаражаттарының барлық түрдегі түсімдері мен олардың төлемдері туралы ақпарат екі тәсілмен алынуы мүмкін:

1. журналдар, қосымша ведомостер бойынша ұйымның есептік жазуларынан;

2. сату көлемін, сатылған өнімнің өзіндік құнын және есепті кезең ішінде тауарлы-материалдық қорларды, дебиторлық және кредиторлық берешектердегі өзгерістерді ескеріп, шаруашылық қызметтің нәтижелері туралы есеп берудегі басқа баптарды түзету жолымен;

3. басқа да ақшалай емес баптардан;

4. инвестициялық қызметтен немесе қаржыландыру жөніндегі қызметтен болағн ақша қаражаты қозғалыстарының нәтижесінде ақша әсері туындайтын басқа баптардан.

Жанама әдіс бойынша операциялық қызметтен алынған ақша қаражаттарының таза түсімі таза пайданы немесе зиянды түзету жолымен анықталады. Мұндағы ескерілетіндер:

- есепті кезең ішінде тауарлы – материалдық қорлардағы және операциялық қызметтен алынған дебиторлық және кредиторлық берешектерде болған өзгерістер;

- тозу, амортизация, резервтер, салықтар, бөлінбеген пайда сияқты ақшалай емес баптар;

- инвестициялық қызметтен, сондай-ақ қаржыландыру жөніндегі қызметтен алынған ақша қаражаттарының қозғалысы нәтижесінде алынған ақша әсері туындайтын өзге де баптар.

Түсіндірме жазбада ұйымдағы ақша қаражаттары мен олардың эквиваленттерінің маңызды сомалары ашылып көрсетіледі.

Ұйымның қалауы бойынша өтімділіктің қаржы жағдайын анықтау үшін пайдаланушыларға қажетті болып табылатын қосымша ақпарат алынып көрсетіледі.

 

 

 


1 | 2 | 3 | 4 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.016 сек.)