АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Статья 9. Функции и полномочия уполномоченного органа

Читайте также:
  1. II. Основные задачи и функции
  2. III. Предмет, метод и функции философии.
  3. XVIII. ПРОЦЕДУРЫ И ФУНКЦИИ
  4. А) ПЕРЕДАЧА НА РУССКОМ ЯЗЫКЕ ФУНКЦИИ АРТИКЛЯ
  5. А. Средняя квадратическая погрешность функции измеренных величин.
  6. Абстрактные классы и чистые виртуальные функции. Виртуальные деструкторы. Дружественные функции. Дружественные классы.
  7. Адаптивные функции
  8. Администраторы судов, их функции
  9. Акти офіційного тлумачення (інтерпретаційні акти) – це правові акти, прийняті компетентними державними органами, що містять роз’яснення норм права або порядку їх застосування.
  10. Анализ себестоимости продукции по статьям затрат
  11. Аналитические функции
  12. Арендная плата: состав и функции

Сноска. Заголовок статьи 9 в редакции Закона РК от 05.07.2012 № 30-V(вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования).

1. В целях государственного регулирования, контроля и надзора за деятельностью финансовых организаций уполномоченный орган:
1) в случаях, предусмотренных законодательными актами Республики Казахстан, выдает и отзывает разрешения на открытие (создание) финансовых организаций, их добровольную реорганизацию и ликвидацию, в том числе добровольную реорганизацию банковских и страховых холдингов, а также определяет порядок выдачи указанных разрешений и согласия;
2) в случаях, предусмотренных законодательными актами Республики Казахстан, дает согласие либо отказывает в даче согласия на избрание (назначение) лиц на должности руководящих работников финансовых организаций, банковских холдингов, страховых холдингов, а также определяет порядок дачи указанного согласия либо отказа в даче согласия;
3) устанавливает порядок выдачи, приостановления и лишения лицензий на осуществление профессиональной деятельности на финансовом рынке в случаях, предусмотренных законодательством Республики Казахстан о лицензировании, выдает, приостанавливает действие и лишает указанных лицензий;
4) издает нормативные правовые акты, обязательные для исполнения финансовыми организациями, потребителями финансовых услуг, другими физическими и юридическими лицами на территории Республики Казахстан;
5) утверждает пруденциальные нормативы и иные обязательные к соблюдению нормы и лимиты для финансовых организаций, в том числе на консолидированной основе;
5-1) утверждает внутренние процедуры для определения выполнения банками, банковскими холдингами и банковскими конгломератами требований уполномоченного органа с учетом принимаемых ими рисков;
6) устанавливает перечень, формы, сроки и порядок представления отчетности (за исключением финансовой отчетности) финансовыми организациями и их аффилиированными лицами;
7) исключен Законом РК от 05.07.2012 № 30-V(вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования);
7-1) направляет своего представителя для участия в общем собрании акционеров финансовых организаций, банковских и страховых холдингов;
8) проверяет деятельность финансовых организаций и их аффилиированных лиц в случаях и в пределах, предусмотренных законодательными актами Республики Казахстан, в том числе с привлечением аудиторской организации;

 

54. Қазақстан Республикасы қаржылық нарық пен қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау Агенттігінің мәселелері.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Президенті бекітетін, тікелей Қазақстан Республикасы Президентіне бағынып, есеп беретін, уәкілетті орган қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылау мен жүйелеу бойынша Қазақстан Республикасы Агенттігі (әрі қарай-Агенттік) болып табылады.

 

Агенттік міндеттері:

1) Қаржылық қызметті тұтынушылардың заңды құқығы мен мүддесін бұзуға жол бермеуге арналған шараларды жүзеге асыру;

2) таза бәсекелестік принципінде қаржы ұйымдарының жұмыс істеуіне дұрыс (тең) жағдай жасау;

3) қаржы ұйымдарының қызметін бақылайтын және жүйелейтін әдістер мен стандарттар деңгейін жоғарылату; олардың алған міндеттемелерін толық, мезгілінде жасауына жағдай жасау;

4) ҚР Заңның актілерінде көрсетілген басқа да міндеттерді жүзеге асыру.

Агенттік қаржы ұйымдарында және оларға теңестірілген тұлғаларға, оның ішінде аудиторлық ұйымдарды жұмысқа тарта отырып, төмендегі мақсатта тексеріс жүргізуге құқылы:

1) қаржы ұйымдарының және оларға теңестірілгендердің қаржы жағдайын анықтауға;

2) қаржы ұйымдарының және оларға теңестірілген тұлғалардың басқару құрылымы мен шешім қабылдау жұмыстарын ҚР Заңына сай анықтау;

3) қаржы ұйымдарының теңестірілген тұлғаларын анықтау;

4) Қаржы қызметін тұтынушылардың құқығы бұзылуының алдын алу;

5) Қаржы құралдарын шығару және қаржылық қызмет көрсету бойынша өкілетті еместігін анықтау, алдын алу;

 

Агенттік қаржы ұйымдарының ҚР Заңының орындалуына бақылау жасауды жүзеге асыруда заңсыз табылған табысты (жою) легализациялауға қарсы әрекет жасалуының, бекіту жөнінде терроризмді қаржыландыруға, қаржылық мониторингке жататын ақшамен не басқа да мүлікпен операциялар туралы ақпаратты сақтауға және біреуге беруге, ҚР Заңына сай ішкі бақылау ұйымдарындағы жүзеге бақылау жүргізеді.

 

Агенттік бағалы қағаз нарығы субъектілерінің қызметін бақылау мен жүйелеуді жүзеге асыру мақсатында (ал, акциялар мен басқа да бағалы қағаздарды тек АҚ шығаратыны біздің есімізде):

 

1) қаржы нарығының активтерін бағалы қағаздармен мойындайды;

2) мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаз шығарылымдарын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырады, шығару қорытындысы туралы есепті және акцияларды орналастыруды, облигацияларды жабуды, бағалы қағазды шығарудың күшін жоюды бекітеді, қарайды; мемлекеттік бағалы қағазға ұлттық идентификациялық нөмір береді;

3) бағалы қағаз шығарылу тәртібін, шартын анықтау, орналастыру мен айналдыру, бағалы қағазды өтеу (оның ішінде туынды бағалы қағаз да бар) тәртібін, шартын анықтау, мемлекеттік бағалы қағазға ұлттық идентификациялық нөмір беру тәртібін анықтау;

 

4) бағалы қағаз шығаруды мемлекеттік тіркеу тәртібі және оларды өтеу мен орналастырудың қорытындысы туралы есепті қарау, сондай-ақ оны жою жағдайы мен тәртібін анықтайды.

 

5) бағалы қағаз, туынды бағалы қағаз айналымы мен оны орналастыруды жаңалау, тоқтату тәртібі мен шарты анықталады.

 

6) Бағалы қағаз нарығында қызмет ету үшін бағалы қағаздың мемлекеттік тіркеуін, лицензия мен рұқсат алу жұмыстарын жүргізеді.

 

7) бағалы қағаз нарығындағы кәсіби қызметті жүзеге асыру тәртібі мен шартын жасайды, оның ішінде сол тәртіп пен шартқа талап та бар.

 

8) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын, ұйымның инвестициялық қызметін жүргізу тәртібін жасап, орнықтырады.

 

9) бағалы қағаз сатуды ұйымдастырушылар өзін-өзі жүйелейтін ұйымдардың қызметін жүзеге асыру тәртібін орнықтырады.

 

10) бағалы қағаз құнын пайдалануға бақылау жасайды, оның ішінде туынды бағалы қағаз да бар, бағалы қағаз нарығындағы инсайдерлік ақпарат не заңмен қорғалатын банктік, коммерциялық, қызметтік, т.б. ақпаратты пайдаланып іс келісуді бақылайды.

11) ҚР Заңына сай инвестициялық қордың жұмыс істеуін бақылап, жүйелейді.

12) Арнайы қаржылық компанияларды жою мен ерікті түрде қайта жасақтауға рұқсат алу тәртібін анықтайды;

13) бағалы қағаз нарығына кәсіби қатысушылардың тәуекелі үшін басқару жүйесі бойынша талаптарды бекітеді;

14) ҚР Заңнама актілеріне сай өзге де функцияларды орындайды.

Агенттік:

· мемлекеттік емес бағалы қағаздарды өтеу, айналымда ұстау, шығарудың шарты, туынды бағалы қағаз және оның мемлекеттік тіркелуі, мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаз, туынды бағалы қағазды өтеу мен оны орналастырудың қорытынды есептерін қарау; сондай-ақ оны жоюдың, оның ішінде Қазақстан Республикасы аумағында шығарылып, орналастырылатын халықаралық ұйымдар мен Қазақстан Республикасы резидент емес эмиссиялық бағалы қағазды мемлекеттік тіркеу;

 

· эмиссиялық бағалы қағаз тіркеуін, лицензия тіркеуін және бағалы қағаздың нарықта қызмет етуіне рұқсат алуды жүргізеді;

 

· мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаз, туынды бағалы қағазды орналастыруды жаңалайды және тоқтатады; мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздың, туынды бағалы қағаздың шығуын тоқтатады;

· лицензиаттардың қаржылық тұрақтылығының (нормативтерін), критерийлерін не өзге де көрсеткіштерді, пруденциальды нормативтер түрін орнықтырады;

· орталық депозитарлар мен лицензиаттардың есеп беру тәртібін және есеп беру формасын анықтайды; орталық депозитарлар мен лицензиаттардың, эмитенттердің қызметін қадағалайды; өз құзыреті шамасында олардың қызметіне тексеріс жүргізеді.

· Бағалы қағаз нарығындағы субъектілерге орындалуға міндетті түзету шаралары туралы ұйғарым қабылдап жібереді. Ол белгілі болған кемшілікті белгіленген мерзімде жоюға бағытталады;

· Бағалы қағаз эмитенттеріне жарғыдағы Қазақстан Республикасы Заңына қайшылықтарды орындалуға міндетті етіп, алып тастауы туралы ұйғарым жіберіледі.

· Бағалы қағаз ұстаушылардың заңды мүддесі мен құқығын қорғау мақсатында сотқа шағымдануға құқылы;

· Қазақстан Республикасы Заңына сай бағалы қағаз нарығын мемлекеттік реттеудің басқа да құзыреті мен функцияларын жасайды.

 

55.Ұйымдар іс-жұмысын жоспарлы және жоспардан тыс тексерістер

Тексеріс – кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің қаржы-шаруашылық қызметін, лауазымды адамдардың қызмет бабындағы іс-әрекетін, құжаттардың, заңдардың,ережелердің, нұсқаулықтардың сақталуын, құжаттарда жағдайдың шынайы көрсетілуін, жолсыздықтың, бұрмалаушылықтың болмауын, тауар-материалдық құндылықтардың құжат жүзінде тиянақталуын уәкілетті органдардың бақылау тұрғысынан тексеруі. Тексерісті түрлі бақылаушы органдар, негізінен қаржы органдары, сондай-ақ мемлекеттік басқару органдары бағынышты органдарға қатысты жүргізеді. Тексеріс осы органдардың жоспары бойынша да, басқа құзырлы органдардың, соның ішінде құқық қорғау органдарының нұсқауы бойынша да жүргізілуі мүмкін. Тексеру объектісі бойынша құжаттық тексеріс, нақты тексеріс, толық (жаппай) тексеріс, іріктемелі тексеріс түрлеріне бөлінеді. Ұйымдық белгісі бойынша жоспарлы(тиісті органның жұмыс жоспарында көзделген) тексеріс, жоспардан тыс (азаматтардан дереу тексеруді талап ететін дабыл, шағым, арыз түсуіне байланысты тағайындалған) тексеріс, кешенді (бірнеше бақылаушы органдармен бірлесіп жүргізілетін) тексеріс болып ажыратылады. Құжаттық Тексерісті жүргізу кезінде құжаттар, әсіресе, бастапқы ақшалай құжаттар (шоттар, төлем тізімдемелері, ордерлер, чектер) тексеріледі. Нақты тексеріс – тек құжаттарды ғана емес, сонымен бірге ақшаның, материалдық құндылықтардың болуын тексеруезі Толық тексеріс кезінде кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің белгілі бір кезеңдегі бүкіл қызметі тексеріледі. Іріктеме тексерісте бақылау қаржы-шаруашылық қызметтің қайсы бір жекелеген жақтарына (мысалы, іссапар шығынына, салық және сақтандыру жарналарын қабылдау жұмысына) бағытталады. Тексеріс нәтижелері маңызды заңды мәні бар актіменрәсімделеді.

 

56. Жемқорлық, анықтамасы сипаттамасы

Жемқорлық (лат. corruptio - сатып алу) — мемлекеттік басқару құрылымдарындағы лауазымды қызметкерлердің өздеріне тапсырылған қызмет мүмкіндіктерін жеке бастарының пайдасы мен мүддесі үшін пайдалану мақсатында жасаған қоғамға қауіпті қылмыстық іс-әрекеттері. Жемқорлықтың жалпылама белгілері: лауазымды адамның өзінің немесе делдал арқылы пара берушінің немесе оның өкілі болған адамның пайдасына жасаған іс-әрекеті (әрекетсіздігі) үшін ақша, бағалы қағаздар, өзге де мүлік, мүлік құқығы немесе мүлік сипатындағы пайда түрінде пара алу, туыстық, жерлестік, т.б. жақындықтарына байланысты қызметке ретсіз қабылдау және көтермелеу, сондай-ақ, мемлекеттік және қоғамдық мүліктерді талан-таражға салу. Мемлекетте жемқорлықтың бел алуы көлеңкелі экономиканың пайда болып, экономикалық өсуқарқынының тежелуіне және әлеуметтік, саяси шиеленістердің құрт асқынуына ұрындырады. Сонымен қатар жоғары лауазымды мемлекеттікқызметкерлер жаппай жемқорлыққа салынған жағдайда құқық қорғау органдары оларды жасаған қылмыстары үшін қылмыстықжауапкершілікке тарта алмайтын жағдай қалыптасады.Жемқорлық жасалу түрлеріне қарап екіге бөлінеді: жекелеген лауазымды қызметкерлер жасаған қылмыстық іс-әрекет және бірнеше лауазымды қызметкерлер бірігіп жасаған қылмыстық іс-әрекет (қысқаша Сыбайлас жемқорлық). 1989 жылы әлемнің дамыған 37 мемлекеті халықаралық бизнестегі жемқорлыққа қарсы күресу туралы конвенцияға қол қойды. Қазақстан осы конвенцияға қосыла отырып, 1998 жылы 2 шілдеде “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы” Заң қабылдады.

 

57. Жемқорлық белгілері. Мысал.

“Сыбайлас-жемқорлық” деген түсінік мағнасына этимологиялық қарау мұны “параға сатып алу”, “пара” ретінде, "corruptio" деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді. Рим құқығында сондай-ақ "corrumpire" түсінік болған, ол жалпы сөзбен айтқанда “сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу” деген түсінік берген де, құқыққа қарсы іс-әрекетті білдірген. Орыс тілінің түсіндірме сөздігі сыбайлас-жемқорлықты пара беріп сатып алу, лауазымды адамдардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипаттайды. ҚР “Сыбайлас-жемқорлықпен күрес туралы” Заңы сыбайлас-жемқорлыққа келесідей анықтама береді. Ол: “...мемлекеттік міндеттерді орындайтын адамдар, сондай-ақ соларға теңелген адамдар, тікелей өзі немесе делдал арқылы өздерінің лауазымды құзыреттерін және онымен байланысты мүмкіншілікті немесе өз құзыреттерін басқаша пайдаланып мүліктік пайда алу үшін заңмен қарастырылмаған мүліктік жайлылықты және артықшылықты қабылдау, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен аталмыш жайлылықты және артықшылықты оларға заңсыз беруге осы адамдарды парамен сатып алу”.Сыбайлас-жемқорлықпен күрестің негізгі қағидаларына келесі жатады:
1.Баршаның заң және сот алдында теңдігі. Бұл қағиданы сақтау және жүзеге асыру сыбайлас-жемқорлықпен күресте өте маңызды. Өкінішке қарай, заңнаманы таңдап қолдану өте жиі кездеседі, ондайда заң біреу үшін бар, басқалар үшін жоқ. Жеке соттар, мемлекеттік қызметшілер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері сондай-ақ сыбайлас-жемқорлыққа беттелген.Бұл қағиданың сақталуының кепілі азаматтардың өздерінің белсенділігі болып табылады—сыбайлас-жемқорлық үдерістерді БАҚ-та жариялау, оның ішінде БАҚ, бұқара өкілдерінің сот үдерістерінде болуы; өтініштерді прокуратураға, экономикалық және сыбайлас-жемқорлық қылмыспен күрес жөніндегі Агенттікке және басқа құқық қорғау органдарына беру.

2. Мемлекеттік органдар қызметінің нақты құқықтық тәртібін, заңдылығын және осындай қызметтің жариялылығын, оған мемлекеттік және қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету. Қазіргі таңда ҚР Президентінің 2005 жылғы 23 желтоқсандағы Жарлығымен бекітілген 2006-2010 жылдарға арналған сыбайлас-жемқорлықпен күрес бойынша Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес, 2008 жылға дейін мемлекеттік органдар қабылдаған шешімдердің ақпараттық мөлдірлігін қамтамасыз ету,мемлекеттік басқару органдарының рұқсат ету және әкімшілік құзыреттерін оңтайландыру, сондай-ақ мемлекеттік сатып алудың электронды жүйесіне көшу негізінде мемлекеттік сатып алу жүйесін реформалау.Бағдарламада ерекше орын азаматтық қоғам ұйымдарын сыбайлас-жемқорлыққа қарсы қызметке тартуға, құқықтық сана мен құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бөлінеді.Нормативтік құқықтық актілерді сыбайлас-жемқорлыққа қарсы сараптаудың пәрменді тетігін енгізу, бюджеттік қаражаттың жұмсалуын қоғамдық бақылау жүйесін құру, жеке рұқсат беру міндеттерін азаматтық қоғам институттарына беру, ақшалай қаражаттың қолма-қол айналымын мейлінше көбірек қысқарту бойынша шаралар енгізу, заңға қайшы жолмен ақшалай қаражатты заңдастыруға қарсы іс-әрекет жасау қарастырылған.ҚР Әділет министрлігі “Мүддес болу туралы” заң жобасын әзірлеп, парламентке ұсынды, онда заң жобаларын мүддестендіру үдерістерін құқықтық реттеу және лауазымды адамдардың өз функционалдық міндеттерін орындаған кезде даудың алдын алу бекітілген.

3.Жеке және заңды тұлғалардың құқығы мен заңды мүдделеріне қатысы бар сұрақтарды шешу процедурасын және кадр жұмысын, мемлекеттік аппарат құрылымын жетілдіру. Мемлекеттік бағдарламамен мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлік субъектілерінің өзара іс-әрекетінің нақты құқықтық тәртіптеу формалары мен механизмдерін жүзеге асыру, сондай-ақ сот шешімдерін қабылдаудың мөлдірлігін және олардың дер кезінде орындалуына ықпал жасау қарастырылған.Заңға сәйкес аталған қағидалар:

-мемлекеттік функцияларды орындауға өкілетті;

-лауазымды, сондай-ақ олардың қатарына жататын басқа адамдардың құқықтарын және еркіндігін ҚР Конституциясының 39 бабы 1 тармағына сәйкес шектеу;

-жеке және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру, сыбайлас-жемқорлық құқық бұзушылықтың зиянды салдарын жою және алдын алу:

-сыбайлас-жемқорлық құқық бұзушылықпен күреске ықпал жасайтын азаматтардың жеке қауіпсіздігін;

-кәсіпкерлік қызметке бақылау жасайтын жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік реттеу өкілеттігін беруді болдырмау.

 

Сыбайлас-жемқорлық бірталай экономикалық заңдардың іс-әрекетін төмендетеді және әлемдік қауымдастық алдында елдің беделін түсіреді, оған тиімді шетел инвестиция жолында басты кедергі болып табылады.Адал және әлеуметтік бағытталған бизнес нарықтан ысырылады, себебі сыбайлас-жемқорлық мұндай бизнесті тиімсіз етеді.Сыбайлас-жемқорлық әсіресе мемлекеттік билік органдарында қауіпті. Мұндай жағдайда ол биліктің монополиясын, мемлекеттік қызметшілердің шешім қабылдау өкілеттігін күшейтеді және шенеуніктердің қатал құқықтық есеп беруін және бақылауда болуын жою симбиозын көрсетіп-білдіреді.Практика көрсеткендей, сыбайлас-жемқорлық мемлекеттік жүйенің барлығын бұзады, мемлекеттік билік беделінің және мемлекеттік қызмет абыройның құлдырауына ықпал етеді.Сыбайлас-жемқорлық экономиканың дамуына кедергі жасайды және ұйымдастырылған қылмыстың, әсіресе экономика саласында, өсуіне ықпал жасайды.

3.1. Қандай мемлекеттік органдар сыбайлас-жемқорлыққа қарсы қызметті жүзеге асыра алады? Сыбайлас-жемқорлық құқық бұзушылықты анықтау, болдырмау, алдын алу және өз құзыреті шеңберінде оларды жасаған адамдарды жауапқа тарту прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер, салық, кеден және шекара қызметі, қаржы және әскери полиция органдарымен жүзеге асырылады.Аталмыш органдардың лауазымды адамдары заңнама белгілеген мерзімде іс, материал, хаттама жіберген адамға немесе органға жазбаша сыбайлас-жемқорлық қылмыс, әкімшілік құқық бұзушылық туралы көрсетіп-білдіру жіберуге, оларды қарағанның нәтижелеру туралы хабарлауға тиіс.Заңға сәйкес бұл органдар олардың құзырынан шығатын шаралар қабылдауға және жауапты мемлекеттік лауазымда отырған адамдардың жасаған сыбайлас-жемқорлық қылмысын анықтаған әр оқиға туралы құқық статистикасы және ақпарат органдарына дереу мәліметтер жіберуге міндетті.ҚПК 192 бабына сәйкес т.тг) 176 бап.3 б.,193 бап.3 б., 209 б.1 б., 307 б.,1 б.,308 б.1 б.,310,310 б.1,2 б.,312-315 б.қарастырған қылмыстар туралы алдын ала тергеу қаржы полициясы тергеушілерімен жасалады.ҚП ҚПК 307 бабының 2,3,4 б., 308 бабының 2,3,4 б., 311 бабының 3,4, б. Қарастырған қылмыс туралы қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеу қылмыстық іс қозғаған ұлттық қауіпсіздік немесе қаржы полициясы органымен жасалады.ҚР ҚПК 380 бабы қарастырған қылмыстар туралы қылмыстық іс бойынша алдын ала тергеу қылмыстық іс қозғаған ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік немесе қаржы полициясы органымен жасалады.Сыбайлас-жемқорлықпен байланысты қылмысты анықтау, ашу, жібермеу және алдын алу мақсатында жедел-іздестіру және басқа қызмет, сондай-ақ заң белгілеген тәртіпте заңға қайшы табылған мүлікті заңдастыруға жол бермеу мақсатында қаржы бақылауының арнайы шараларын қолдану ҚР 1994 жылғы 15 қыркүйектегі “Жедел-іздестіру қызметі туралы” Заңына сәйкес жүзеге асырылуға тиіс.

3.2. Сыбайлас-жемқорлықпен күресуге ықпал жасаған адамдардың қауіпсіздігіне кепілдік

Сыбайлас-жемқорлықпен келіскісі келмейтін азаматтардың белсенді іс-әрекеттері өз нәтижелерін беруде. Мысал ретінде нақты болған жағдайды айтуға болады: кәсіпкер өзіне шабуыл жасаған адамдардың қатыстылығын анықтауға ықпал жасау үшін криминалдық полиция бастығына жүгінді. Криминалды топтардан (және полиция қызметкерлерінен, бұл енді тіпті қызық) қорғайтыны үшін бастық кәсіпкерден айына 100 мың теңге талап еткен, олай болмаса оның қауіпсіздігіне кепілдік бере алмайтынын айтқан. Кәсіпкер оның ұсынысымен келеді. Соңынан парақор жәбірленушіден талап етілген соманың бөлшегін қалалық криминалдық “бедел” болып келген жалған адам арқылы алған. Кәсіпкер Бас басқарма бастығының орынбасарына криминал полициясы бастығының заңсыз іс-әрекетінен қорғауын өтінеді. Орынбасар оған мезетте келіседі де алдын ала кәсіпкердің дүкенінен “Мерседес” автомашинасы үшін 58 мың теңге тұратын төрт доңғалақ дискілерін алып кетеді. Онымен қоймай, волейбол командасына 200 мың теңгелік демеушілік көмек көрсетуді сұрайды. Ішкі істер органдарының қызметкерлері криминалды адамдармен бірге пара талап етіп отырғанын көріп, кәсіпкер ҰҚД өтініш береді, бұл органның қызметкерлері ішкі істер қызметкерлерін 200 мың теңге және 500 доллар алып жатқан жерінде ұстайды. Басқа міндеттерін былай қойғанда, органдар жедел-іздестіру қызметтің міндеттерін орындаған кезде өз құзырына сәйкес заңмен қорғалатын жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандығын және мүдделерін, қоғамның, мемлекеттің меншігін, қауіпсіздігін және оның экономикалық және қорғаныс потенциалын қорғауға міндетті.“Сыбайлас-жемқорлықпен күрес туралы” Заңның 7 бабында сыбайлас-жемқорлықпен күреске ықпал жасап жүрген адамдарды қорғауға келесі кепілдік бекітілген:сыбайлас-жемқорлық қылмыс фактісі туралы хабар берген немесе басқаша бір тәсілмен сыбайлас-жемқорлықпен күресуге ықпал жасап жүрген адам мемлекет қорғауында болады;

-сыбайлас-жемқорлықпен күресуге ықпал жасап жүрген адам туралы ақпарат мемлекеттік құпия болып табылады және тек қана прокуратура, ұлттық қауіпсіздік,, ішкі істер, салық, кеден және шекара қызметі, қаржы және әскери полиция органдары, соттың сұрауымен заң белгілеген тәртібі бойынша беріледі. Бұл ақпаратты жариялау заң белгілеген жауапкершілікке әкеліп соғады:

-қажет болған жағдайда сыбайлас-жемқорлықпен күресетін органдар сыбайлас-жемқорлықпен күресуге ықпал етіп жүрген адамның жеке қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Куәгерлерді қорғау үшін, оның ішінде құқық бұзушылық туралы, мемлекет мемлекет бюджетінде жеке жолмен жазылған қомақты қаржы бөледі.Оның үстіне, ҚР экономикалық және сыбайлас-жемқорлық қылмыспен күрес жөніндегі Агенттігінде сыбайлас-жемқорлық туралы хабарлағандарды қорғау жөніндегі департамент іске кірісіп, ойдағыдай істеп жатыр. Егер қажет болған жағдайда, мұндай адамдарды физикалық қорғау, тіпті жасыру, тұратын орнын, аты-жөнін,тіпті түрін өзгертуге дейін. Қорғау жалған ақпарат берген адамдарға жатпайды.Оның үстіне, “ҚР сыбайлас-жемқорлықпен күрес туралы” Заңның 17 бабына сәйкес сыбайлас-жемқорлықпен күрес жүргізетін органға басқа мемлекеттік қызметші, құқық қорғау органның қызметкері жөнінде жалған хабар берген мемлекеттік қызметші, құқық қорғау органының қызметкері тәртіптік тәртіппен сыбайлас-жемқорлықпен күрес жүргізетін органның көрсетіп-білдіруімен жұмыстан босатылғанға дейін жазаланады.

3.3.Мемлекеттік функцияларды орындауға өкілетті және оларға теңелген адамдардың қандай іс-әрекеттері сыбайлас-жемқорлық үшін жағдай жасайды деп табылады? “Сыбайлас-жемқорлықпен күрес туралы” Заңның 12 бабына сәйкес мемлекеттік функцияларды орындауға өкілетті және оларға теңелген адамдардың іс-әрекеттері сыбайлас-жемқорлық үшін жағдай жасайды деп табылады:

-заңсыз басқа мемлекеттік органдардың, ұйымдардың қызметіне араласуы;

-өз қызмет өкілеттігін аталған адамдардың немесе олардың жақын туыстарының және жақындарының материалдық мүдделерін қанағаттандырумен байланысты сұрақтарды шешкен кезде пайдалану;

-мемлекеттік және соған теңелген қызметке түскен және жылжыған кезде заң қарастырмаған басымдық беру;

-шешімді дайындаған және қабылдаған кезде заңды және жеке тұлғаларға заңсыз басымдық беру;

-кім болса да кіріс алумен байланысты кәсіпкерлік және басқа қызметпен айналысуды жүзеге асыруға кез-келген заңнамамен қарастырылмаған ықпал ету;

-мемлекеттік міндетті орындау кезінде алынған ақпаратты жеке немесе топ мүддесінде пайдалану, егер ол ресми таратылуға болмаса;

-жеке және заңды тұлғаларға заңнамамен беруге қарастырылған ақпаратты негіссіз бермеу, оны кешіктіру, жалған немесе толық емес ақпарат беру;

-жеке және заңды тұлғалардан заңнамамен қарастырылмаған ақпаратты талап ету;мемлекеттік және материалдық ресурстарды жеке үміткерлердің немесе қоғамдық бірлестіктердің сайлау қорларына беру;жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және олардың құзыретіне енетін басқа сұрақтардың шешу тәртібін бірнеше дүркін бұзу;жоғарғы ресми адамдарға сыйлық беру және қызметтен тыс қызмет көрсету жасау, егер ол ырым жасау ишараты және қонақжайлылық нормалар, сондай-ақ хаттамалық және басқа ресми іс-шараларды өткізгенде болмаса;жеке және заңды тұлғаларға олардың құқықтарын және заңды мүдделерін жүзеге асыруға ашықтан-ашық кедергі жасау;жеке және заңды тұлғаларға кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеуге құзыретін беру;мемлекеттік мәртебесі жоқ ұйымдарға мемлекеттік бақылау және қадағалау міндеттерін беру;жоғарғы немесе төменгі лауазымды адамдармен немесе олардан басқаша тәуелділермен ақшалай немесе басқа мүліктік сипаттағы құмарлы ойын ойнауға қатысу;Мемлекеттік міндеттер орындауға өкілетті немесе соларға теңелген адамдар өз мемлекеттік міндетін орындағаны үшін ақшалай, қызмет көрсету және басқа формада ұйымдардан, жеке тұлғалардан сыйақы алса сыбайлас-жемқорлық құқық бұзушылық болып табылады, егер басқаша ештеңе заңмен қарастырылған болмаса.

Сыбайлас-жемқорлық қылмыстың салдарын жою бойынша қандай шаралар қолданылуы мүмкін?Заңға сәйкес мемлекеттік міндеттер орындауға өкілетті адамдар немесе соларға теңелген адамдар заңсыз байыған барлық жағдайда, сыбайлас-жемқорлық құқық бұзушылық нәтижесінде алынған мүлік қайтарылуға жатады, ал заңсыз пайдаланған қызмет көрсету құны—мемлекет кірісіне қайтарылады.Заңсыз алынған мүлікті өз еркімен қайтарудан немесе мемлекетке оның құнын төлеуден бас тартқан жағдайда қайтарып алу сот шешімі бойынша прокурор, салық қызметі немесе басқа мемлекеттік органдар және лауазымды адамдардың талабы бойынша жасалады.Сот шешім шығарғанға дейін өкілетті органдар құқық бұзушыға жататын мүлікті тәркілей тұрады. Егер мемлекеттік міндет атқарған адам немесе соған теңелген адам жұмыстан босатылғаннан кейін бұл талапты орындаудан бас тартса лауазым иесі немесе мұндай босату туралы шешім қабылдаған орган кінәлі адамның мекен-жайы бойынша заңсыз алынған кіріс туралы хабарды салық органына жібереді. Оның үстіне, сыбайлас-жемқорлық құқық бұзушылық жасаумен байланысты келісімдер заң тәртібімен белгіленген бойда заңсыз деп мойындалады. Сыбайлас-жемқорлық құқық бұзушылық нәтижесінде жасалған актілер органмен немесе лауазымды адамдармен мүдделі жеке тұлғалар немесе заңды тұлғалар, немесе прокурордың талабы бойынша күшін жояды.

 

58.Жемқорлықтың ел экономикасына ықпалы.

59.Жемқорлықтың әлеуметтік салдары.

60. Жемқорлықтың саяси салдары

Сыбайлас жемқорлық Қазақстанның қауіпсіздігіне, мемлекет пен қоғамның тұрақтылығына жүйелі қауіпті білдіреді, халықаралық аренада Қазақстан Республикасының жағымсыз имиджін жасай отырып, жүргізіліп жатқан экономикалық және әлеуметтік реформаларға кедергі жасайды.

Сыбайлас жемқорлық сыбайлас жемқор және адал (жергілікті немесе шетелдік) кәсіпкерлерді алдын ала теңсіздік жағдайына қоя отырып, сыртқы және ішкі нарықтардағы бәсекелестікке нұсқан келтіріп, ұлттық экономикаға жағымсыз әсер етеді. Сыбайлас жемқорлық жөніндегі тәуелсіз сарапшылар қауымдастығының бағалауы бойынша ол Қазақстанда тауарлар мен қызметтердің құнын 50%-ға дерлік көтереді, бұдан елдің барлық халқы зиян шегеді.

Сыбайлас жемқорлық бизнес жүргізудің экономикалық және қаржылық ортасын бұрмалайды, мемлекеттік басқару мен бизнестің тиімділігін, инвестицияларға ынталарын төмендетеді, экономикалық және саяси дамуды тежейді, әлеуметтік теңсіздікті туындатады, сондай-ақ саяси үдеріске белгілі бір тұрақсыздықты енгізеді.Мысалы, өткен ғасырдың 80-ші жылдарының басында экономиканы епсіз басқарумен ұштасқан сыбайлас жемқорлық Венесуэла сияқты мұнайға бай елді төлем қабілетсіздігіне әкелді. Демократиялық және демократиялық емес институттары бар бай елдер де, кедей елдер де сыбайлас жемқорлыққа бейім болады. Сыбайлас жемқорлықтың Жапония үкіметінде болған өзгерістерде, Италияның саяси жүйесін қайта ұйымдастыруда, Заирдағы үкіметтік биліктің, заңның және тәртіптің коллапсында түйінді рөл атқарғаны белгілі.

Осылайша, сыбайлас жемқорлықтың қазіргі қоғамға әсері экономикалық шектен шығады. Сыбайлас жемқорлық экономика мен қоғамның әртүрлі салаларына ене отырып, елдің тұрақты саяси-экономикалық дамуына ыдыратушы әсер етеді, сондықтан оның ұлттық қауіпсіздігіне елеулі қауіп болып қала береді.Мәселен, 2005 – 2010 жылдар кезеңінде Қазақстан Республикасында 10929 сыбайлас жемқорлық қылмыс анықталды. Бұл ретте, осы көрсеткіштің жыл сайынғы өсу үдерісі байқалады, егер 2005 жылы осындай қылмыстар саны 1505 болса, 2010 жылдың нәтижелері бойынша – 1911, яғни 27 %-ға өскен.

Осыған байланысты елдің ұзақ мерзімді бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында ел алдында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың белсенді саясатын жалғастыру міндеті тұр.

Бұл ретте, сыбайлас жемқорлыққа тек мемлекеттік және құқық қорғау органдарының күшімен ғана қарсы тұру сыбайлас жемқорлық деңгейін барынша төмендетуге мүмкіндік бермейтіндіктен, бұл жеделдетілген экономикалық және әлеуметтік даму бойынша елде жүргізіліп жатқан қайта құруларды тежейді.Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Қазақстанның және Президент Н. Назарбаевтың мемлекеттік саясатының аса маңызды стратегиялық басымдығы болып табылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясат елдегі әлеуметтік, экономикалық және саяси тұрақтылықты күшейтуге, азаматтар мен қоғамның құқықтарын, бостандығы мен заңды мүдделерін жалпы қылмыстық көріністерден қорғау деңгейін көтеруге мүмкіндік береді. Бұрын іске асырылған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің мемлекеттік бағдарламаларының нәтижелері сыбайлас жемқорлықтың одан әрі дамуына кедергі жасайтын пәрменді жағдайларды қалыптастыру бойынша барлық мемлекет пен қоғамның дәйекті жүйелі жұмысын одан әрі жүргізудің мақсаттылығы мен қажеттілігін көрсетті.

Мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам іске асыратын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған өзара байланысты іс-шаралардың кешенін әзірлеу мақсатында осы Бағдарлама әзірленді.Бағдарлама Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығымен бекітілгенҚазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының негізгі мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған.

 

3. Ағымдағы жағдайды талдау.Сыбайлас жемқорлық қазіргі қоғамның тұрақты түрде мұқият зерделеуді, жүйелік ұстанымды, кешенді және жедел қарсы іс-қимылды талап ететін жағымсыз құбылысы болып табылады.Елдегі сыбайлас жемқорлықтың деңгейі мен ауқымы экономикалық дамуға кедергі жасайды, инвестициялық ахуалға жағымсыз әсерін тигізеді, елдің имиджін, Қазақстан Республикасымен ынтымақтастыққа деген халықаралық қызығушылықты төмендетеді. Осыған байланысты, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдығы болып табылады.

1998 – 2010 жылдар кезеңінде қабылданған заңнамалық актілерді, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің мемлекеттік бағдарламаларын талдау оларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы маңызды әлеуеттің негізі қаланғанын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды заңнамалық қамтамасыз ету бойынша бірқатар шаралар іске асырылғанын көрсетеді.Соңғы 12 жылда Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес үшін белгілі бір заңнамалық база қалыптастырылды. Мәселен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы нормативтік құқықтық база 17 заңмен жетілдіріліп, олар ұлттық заңнаманы қолданыстағы халықаралық стандарттарға жақындатты.Әкімшілік кедергілер төмендетіліп, лицензияланатын қызмет түрлерi мен рұқсаттар саны 3 есе азайтылды.Тиісті нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу мен қабылдау, жеңілдіктер және үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар арасында әлеуметтік мемлекеттік тапсырысты орналастыру түріндегі азаматтық қоғам институтын дамытуды белсенді мемлекеттік қолдау халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы белсенділігін арттыруға әкелді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің нәтижесіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық ұйымдар мен саяси партиялардың, атап айтқанда заң шығару қызметіне табысты қатысатын «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясының жұмысын жандандыру оң әсерін тигізеді.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы халықаралық келісімдер мен халықаралық ынтымақтастықты іске асыру мақсатында 2008 жылғы 4 мамырда Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясын ратификациялап, Румыния, Польша, Эстония, Хорватия, Грузия, Словакия, Латвия, Қытай, Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері, Египет және Франция үкіметтерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша 12 келісімге қол қойды.Мәселен, 1998 – 1999 жылдар кезеңінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің пәрменді құралы болған және мемлекеттік қызметшілердің мәртебесін, құқықтары мен міндеттерін, олардың моральдық-адамгершілік бейнесін және іскерлік сапасын белгілейтін «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» және «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңдары, сонымен қатар «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығы қабылданды.Атап айтқанда, мыналарды қабылдау сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің маңызды кезеңдері болды:«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, ол арқылы сотталған адамның қылмыстық жолмен алынған және басқа адамдардың меншігіне берілген мүлкін тәркілеу енгізілген;мыналарға:сыбайлас жемқорлық қылмыс және құқық бұзушылық жасағаны үшін айыппұл санкциясын арттыру және мүлкін тәркілеуді енгізу жолымен лауазымды адамдардың жауапкершілігін күшейтуге;мемлекеттік органдардың, мемлекеттік ұйымдардың және мемлекет қатысатын ұйымдардың басшыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін дербес жауапкершілік белгілене отырып, осы жөнінде тікелей міндет жүктеуге;

азаматтардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жолын кесу мен оны ашуғажәрдемдесуге бағытталған қызметін көтермелеу тетіктерін қамтитын, азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекетін ынталандыру жөнінде шаралар белгілеуге;«корпоративтік сыбайлас жемқорлыққа» қарсы іс-қимыл шараларын әзірлеуге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті одан әрі күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің заңнамалық базасын жетілдірудің жүйелі және кешенді тәсілі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағыты бойынша халықаралық қоғамдастықтың мемлекетті бағалауын жақсартуда өз бейнесін тапты. «Транспаренси Интернэшнл» сыбайлас жемқорлықты түйсіну индексінің рейтингіне сәйкес Қазақстан 178 елдің ішінде 2010 жылы 105 орынды иеленсе, 2009 жылы 120-орынды, 2008 жылы 145-орынды иеленген.Соңғы жылдары құқық қорғау органдарының қызметін жандандыру нәтижесінде сыбайлас жемқорлық қылмыстарды анықтау құрамының сапасы артты. Жауапкершілікке тартылатын сыбайлас жемқорлардың ішінде мемлекеттік билік органдарының басқарушы буынының өкілдері жиі кездеседі.Алайда, құқық қорғау органдары қабылдап жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шараларына қарамастан, олар айтарлықтай нәтиже бермей отыр.Осылайша, сыбайлас жемқорлық қылмыстардың ауқымы, оның әлеуметтік-экономикалық даму үдерісіне жағымсыз әсері сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың дәйекті жалғасын талап етеді.Мемлекеттік сатып алу, жер қойнауын пайдалану, жер қатынастары мен құрылыс, кеден және салық саласы қазіргі уақытта неғұрлым сыбайлас жемқорлық салалары болып табылады, онда соңғы жылдары келтірілген зиянның едәуір өсуі байқалады. Егер 2005 жылы анықталған сыбайлас жемқорлық қылмыстар бойынша келтірілген зиян сомасы 379 миллион теңгені ғана құраса, 2010 жылы осы көрсеткіш 6,8 миллиард теңгеге дейін өскен.Осыған байланысты сыбайлас жемқорлық көрністерін болдыртпау мақсатында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен заңнамаға:сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаудың жоғары қауіпі бар лауазымдар тізбесін анықтау үшін негіздерді;осы лауазымдарға түсу және қызмет өткеру үшін жоғарылатылған талаптарды;көрсетілген лауазымдарды иеленуге үміткер тұлғалар үшін, олардың сыбайлас жемқорлықты сақтауына қатысты арнайы тексерістер қолдану мүмкіндігі туралы міндеттерді анықтауға бағытталған түзетулер енгізілді.Мемлекеттік органдар қызметінің ашықты­ғын қамтамасыз ету мақсатында әр мемлекеттік орган өз веб-сайтының жұмыс істеуін қамтамасыз етті, министрліктер мен ведомстволардың басшылары үкіметтік порталда ел халқымен сұхбаттарды жүзеге асыратын жеке блогтарын құрды.Барлық мемлекеттік органдар ведомстволық бағдарламалар мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша жоспарларды қабылдауда, оларда әр түрлі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар белгіленген.Атап айтқанда, салық органдары Қазақстан Республикасы Салық қызметі органдарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясын Салықтық қатынастардағы сыбайлас жемқорлық салаларының тізімін және олардың сыбайлас жемқорлық көріністерін жою жөніндегі іс-шараларын, Салық қызметі органдары қызметкерінің кәсіптік этика кодексін,Салық төлеушінің хартиясын бекітті.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында барлық облыстарда, сондай-ақ Астана және Алматы қалаларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің өңірлік бағдарламалары мен олардың іске асырылуы жөніндегі іс-шаралар жоспарлары қабылданды. Қабылданған бағдарламаларды іске асыру барысы туралы ақпарат Президент жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның отырыстарында қаралады.Мемлекеттің Интернет-ресурс арқылы халықпен толыққанды кері байланысын құруға мүмкіндік беретін «электрондық үкіметті» енгізу іске асыру сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда оң рөл атқарады.Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру үшін мемлекеттік қызметтер ұсынудың нақты стандарттары енгізілуде, бұл мемлекеттік органдар жұмысының ашықтығы мен айқындығын жақсартуға, қабылданатын шешімдердің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.Жоғарғы Сот сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар шеңберінде Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Астанадағы орталығы, Америка Құрама Штаттарының халықаралық ынтымақтастық жөніндегі агенттігі (ЮСАИД), Германия техникалық ынтымақтастық қоғамы (ГТЦ), Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (БҰҰДБ), Біріккен Ұлттар Ұйымының босқындар істері жөніндегі Жоғарғы Комиссар басқармасы (БҰҰ ҚЖКБ), «Адам құқықтары үшін хартия», «Трансперенси Қазақстан» қоғамдық қорлары және басқалар сияқты халықаралық және қоғамдық ұйымдармен азаматтардың сот әділдігіне, сот үдерісінің айқындығына қол жеткізуін қамтамасыз ету бойынша бірлескен жобаларды іске асыра отырып, ынтымақтастық жасайды.Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесі жыл сайын Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында жарияланып тұрады. Айталық, «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» және «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты жолдауларында құқық қорғау жүйесі қызметінің тиімділігін оларды оңтайландыру арқылы және азаматтардың құқықтары мен мемлекет мүдделерін қорғау қызметіне назар аудару жолымен арттыру, сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы шешуші күреспен қамтамасыз ету белгіленді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жинақталған тәжірибесі жүргізіліп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың тиімділігін арттыруға жақсы әлеует болып табылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді саясат жүргізу үшін айрықша мүмкіндіктерге ие Қазақстан Республикасының әлсіз жақтары, мүмкіндіктері мен қауіптері бар, талдауға сәйкес оларға мыналар жатады:

 

Күшті жақтары Әлсіз жақтары
1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша нормативтік-құқықтық базаның болуы 2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың қалыптасқан тәжірибесі 3. Ақпараттық инфрақұрылым саласында мемлекеттік органдардың қолда бар әлеуеті 4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мемлекеттік саясат басымдықтарының бірі болып табылады 1. Барлық салаларда сыбайлас жемқорлықтың кеңінен таралуы 2. Халықтың құқықтық сауаттылығы деңгейінің жеткіліксіздігі 3. Мемлекеттік пен жергілікті билік органдары қызметіашықтығының жеткiлiксiздiгi 4. Халық пен мемлекеттік қызметшілердің ділі
Мүмкіндіктері Қауіптері
1. Халық тұрмысының жоғары деңгейі 2. Қолданыстағы заңнаманы халықаралық стандарттар деңгейіне дейін жетілдіру 3. Инвестициялық ахуалды жақсарту 4. Сыбайлас жемқорлық деңгейін бағалаудың халықаралық рейтингтерінде Қазақстан көрсеткіштерін көтеру 5. Мемлекеттік институттардың азаматтық қоғаммен ынтымақтастығын нығайту 1. «Көлеңкелі экономика» деңгейінің ұлғаюы 2. Инвестициялық тартымдылықтың төмендеуі 3. Мемлекеттік жобалар құнының «сыбайлас жемқорлық» құрамы есебінен өсуі 4. Экономикалық тиімділіктің төмендеуі 5. Халық тұрмысы деңгейінің төмендеуі және әлеуметтік шиеленістің артуы 6. Азаматтық қоғам тарапынан қолдау көрсетілмеуі

 

61. Қазақстанда Жемқорлықпен күресудің заңнамалық актілері


1 | 2 | 3 | 4 | 5 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.017 сек.)