АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Гидроциклондар

Читайте также:
  1. Суды залалсыздандыру 29

 

Тұндырғышта қалқымалы заттар бөлшектерінің бөлінуі (ажырауы) ауырлық күшінің әсерінен жүреді.

F=mg

Мұндағы m- бөлшектер массасы;

g – еркін түсу үдеуі

Қалқымалы заттар құрамындағы бөлшектер су айналған кезде, оны ортадан тепкіш күшпен шетке (периферияға) лақтыратын болады, ол шама төмендегідей анықталады.

F=mац

ац=V2/R, м/с2

F=mV2/R – ортадан тепкіш күш;

Мұндағы V – шеңбер бойынша су қозғалысының сызықтық жылдамдығы, м/с.

R – қалқымалы заттар бөлшектерінің айналу радиусы, м.

Жылдамдықтың үлкен мәндерінде V және R шамасының аз мәндерінде, айналымдағы сұйықтықтың қалқыма заттар бөлшектеріне әсер ететін күш, олардың еркін тұнуындағы ауырлық күшінен және қалқыма заттар бөлшектерінің жылдамдығынан бірнеше есе артық болады.

Сондықтан центрифугада және гидроциклонда судан қалқымалы заттар тұндырғыштармен салыстырғанда мәнді түрдінде аз уақытта бөлінуі мүмкін.

Ортадан тепкіш күшті тудыратын аппарат ретінде центрифугалар қолданылуы мүмкін, бірақ құрылымының, пайдаланылуының күрделілігіне және элетр энергиясының көп шығындалуына, өнімділігінің төмен болуымен оларды суды тазалауда қолдану тиімсіз. Суды мөлдірлету үшін әсіресе экономды аппарат гидроциклон болып табылады. Гидроциклондар жоғары лайлылыққа ие су көздерін алдын ала мөлдірлетуде қолданылады. Реагентсіз схемаларда гидроциклондар тұндырғыштарды сәтті айырбастайды, реагенттік схемаларда оларды тасқын кезінде түйістіруші мөлдірлеткіштер алдында суды алдын ала мөлдірлету үшін қолданады.

 

1.9 Қалқымалы тұнба қабатында суды мөлдірлету

 

Ертерек түскен тұнба қабаты арқылы мөлдірленетін суды өткізгенде оның мөлдірлігінің кенет артуы тағайындалған. Осы құбылыс негізінде қалқыма тұнбалы мөлдірлеткіштер құрастырылған. Ауыз суын дайындайтын станцияларда қалқыма тұнбалы мөлдірлеткіштерді сүзу алдындағы суды алдын ала өңдеуге арналған ғимарат ретінде қолданады. Олар тек суды коагулянтпен өңдегенен кейін ғана жұмыс істей алады.

Мөлдірлеткіштер тұндырғыштарға қарағанда мөлдірлетудің жоғары тиімділігін береді және жоғары өнімділікке ие, бірақ олардығ құрылымы және пайдаланылуы күрделірек. Мөлдірлеткіштер судағы қалқымалы заттар мөлшері 1500 мг/л дейін, түстілігі 120° дейін және өнімділігі 5000 м3/тәуліктен жоғары болғанда қолданады. Коагуляндандырылған су мөлдірлеткішке құбыр арқылы түсіп, тесікті құбыр арқылы мөлдірлеткіштің төменгі (жұмысшы) бөлігіне таралады. Жұмысшы бөлігіндегі судың жылдамдығы коагулянт үлпектері қалқымалы күйде болатындай болу қажет. Бұл қалқымалы қабат қалқымалы бөлшектердің ұсталуына ықпал етеді. Бұл кезде судың мөлдірлену дәрежесі кәдімгі тұндырғыштарға қарағанда мәнді түрде үлкен. Жұмысшы бөліктен жоғары қорғау аймағы болады, онда қалқымалы қабат жоқ. Мөлдірленген су ары қарай өңделу үшін науа және құбыр бойынша әкетілінеді. Тұнбаның артылған мөлшері терезе 3 арқылы 5 құбырмен тұнбанығыздағышқа 2 сорылады, одан нығыздалған тұнба мерзімді түрде немесе үздіксіз канализацияға тасталынады.

Жұмысшы бөлікке келетін су жылдамдығы 1 —1,2 мм/с аралығында қабылданады. Қалқымалы тұнба қабатының биіктігі2—2,5 м, мөлдірлену аймағы 1,5—2 м құрайды. Тұнбанығыздағыштағы тұнбаны нығыздау уақыты 3-12 сағат.

 

 

 

1 – коридоры дәліздер (жұмысшы бөлік); 2 – тұнбанығыздағыш; 3 – тұнба қабылдаушы; 4 – таратушы тесікті құбыр; 5 – тұнбаны жою (әкету) құбыры; 6 – тұнбанығыздағыштан мөлдірленген суды әкету; 7 – ысырма; 8 – батырылған саңлаулы немесе тіктөртбұрышты мөлдірленген суды жинауға арналған науа; 9 – мөлдірленген суды жинауға арналған канал (қалта);

 

Сурет 11 - Дәлізді қалқымалы тұнбалы мөлдірлеткіш

 

 

1.10 Суды сүзу

Әдетте суды тұндырғыштарда немесе мөлдірлеткіштерде мөлдірлеткенен кейін оны сүзеді.

 

1.10.1 Сүзгілердің жіктелуі

Жедел арынсыз сүзгілерді алдын ала мөлдірлеген (тұндырғыштарда, мөлдірлеткіштерде, түйістіруші префильтрларда) суды тазартудың екі сатылы схемасында және ауыз суы сапасындағы суды алу үшін реагенпен өңделген алдын ала мөлдірленбеген суды тазартудың бір сатылы схемасында қолданады.

Жедел арынды сүзгілер әсіресетехникалықмақсатта (ауызсуы мақсаты үшін)қолданылатын суды алу үшін реагенпен және реагентсіз өңделген алдын ала мөлдірленбеген суды тазартудың бір сатылы схемасында кең қолданылады.

Баяу сүзгілерді ауыз суы сапасындағы суды алу үшін алдын ала мөлдірленбеген немесе алдын ала мөлдірленген суларды реагентсіз мөлдірлеуде және жартылай түссіздендіруде қолданады. (тұндырғыштарда).

Сүзу процесінің мәні құрамында қоспалары бар сұйықтықты сұйықтық үшін өте алатын және қатты бөлшектер үшін өткізе алмайтын сүзуші материал арқылы өткізу. Көп жағдайда сүзу суды өңдеудің қорытынды сатысы болып табылады және суды тұндырғыштарда немесе мөлдірлеткіштерде алдын ала өңдегенен кейін жүргізеді.

Сүзгілер сүзуші орта түрі бойынша төмендегідей бөлінеді:

- маталы немесе торлы,

- каркасты немесе сумен үйілетін (диатомитті),

- түйіршікті (құмды, керамзитті).

Әсіресе кең тарағаны түйіршікті сүзгілер.

 

1.10.2 Сүзуші материалдар

Түйіршікті сүзгілер үшін сүзуші материал ретінде өзендік кварцты немесе қазба құм, ұнтақталған кварц және антрацит, мрамор, магнетит, керамикалық қоқым, керамзит қолданылады.

Сүзгі жүктемесіне арналған сүзуші материал қажетті кеуектілікті қамтамасыз ету қажет, жуу процесіндегі мүжілуге (желінуге) қарсы жеткілікті механикалық беріктілікке ие және судың еріту әсеріне қарсы жеткілікті химиялық шыдамды болу қажет.

 

1.10.3 Жедел сүзгілер

 

Жедел сүзгілер сүзуші материалмен жүктелген, суды беруге, сүзілген суды жинауға және жүктемені жууға арналған құрылғылары бар резервуар.

Жұмыс үрдісінде сүзгі біртіндеп, бітеледі оның гидравликалық кедергісі артып, жууды қажет етеді.. Жуу таза сумен төменнен жоғары бағытқа қарай жүргізіледі. Сүзгіні жуу жиілігі су сапасына байланысты және әдетте тәулігіне 1-2 рет.

Сүзгілер жүктемесі біртекті сүзуші материалдан немесе әртүрлі материалдардан (екі немесе көп қабатты сүзгілер) болуы мүмкін.

Сүзгі құрылымдарын таңдау технологиялық және техника экономикалық көрсеткіштермен анықталады.

Ашық жедел сүзгілерде коагуляндандырылған және мөлдірленген су құбыр арқылы қалтаға түседі (сурет 12). Сүзуші қабат және ұстап тұрушы қиыршықтас қабаты арқылы су өтіп, дренажға түседі, одан құбыр бойынша таза су резервуарына бағытталады. Жуу кезінде сүзгі жұмыстан ажыратылады.

Шаятын (жуатын) су 3 және 16 құбырлар бойынша беріледі, ұстап тұрушы қиыршықтас қабатты 12 және сүзуші жүктемені 11 өтіп, шайылған су науасына тасталынады. Содан кейін ластанған шайынды су 4 құбыр бойынша суағарға бағытталады.

Сүзуші жүктеменің қалыңдығы оны толтыратын құм түйіршіктерінің ірілігіне байланысты және 0,7—2 м. Бұл кезде қалыпты жағдайда сүзудің есептік жылдамдықтары 8—12 м/сағ құрайды.

Сүзгі корпусы тіктөртбұрышты темірбетонды резервуар болып келеді. Сүзгілердің өлшемдерін анықтау кезінде жоспарда ұяшықтардың типтік өлшемдері қабылданады: (ВхL) 3,5х5; 5х5,5; 6х6; 6х8; 6х9; 6х12; 12х12 м (қабырға өсетрі бойынша өлшемдер).

Дренаждың (дренажды таратушы жүйенің) атқаратын қызметі – сүзілген суды жинау және бірқалыпты әкету, ал жуу кезінде суды сүзгі ауданы бойынша бірқалыпты тарату.

Құбырлы дренаждар - қиыршықтастың төменгі қабатында сүзгінің түбіне төселетін құбырлар (шойын немесе болат) жүйесі. Әдетте сүзгі түбі бойынша екі жағынан диаметрі кішкене құбырлы тармақтары бар бір магистраль құбыр төселеді. Тармақтарда тікке мөлшермен 45° бұрышпен төмен бағытталғансаңлаулар бар. Саңлаудан шыққан су құмды қопсыта отырып сүзгі түбіне соғылып, шағылыса судың бірқалыпты қозғалысын тудырады. Бұл кезде құм көлемі артады, яғни құмның «кеңеюі» жүреді.

1 – бастапқы суды сүзгіге беру (магистраль); 2- сүзілген суды әкету (магистраль); 3 –суды жууға беру (магистраль); 4 – жуған суды әкету; 5 – сүзгілерден кір жуылған суды әкетуге арналған лас су; 6 –дренажды таратушы жүйенің коллекторы (d≤300 мм); 7 – дренажды тарату жүйесінің (тармағының) тесікті құбыры; 8 – жуған суды жинауға арналған науа; 9 – сүзгінің жұмысшы бөлігі (типтік ұяшық); 10 – бүйір қалта; 11 – сүзуші жүктеме; 12 – қиыршық тасты ұстап тұрушы қабат; 13 – сүзгідегі судың есептік деңгейі; 14 – сүзгіге тармақтар; 15 – бір сүзгіден сүзілген суды әкету; 16 – сүзгіні жууға тармақ.

Сурет 12 – Бүйірлік қалтасы бар жедел сүзгі құрылымы

 

Жуатын суға арналған жинақтаушы науа жуатын сумен бірге құмнан ластаушылар шығарылатындай және құмнан бөлшектер шығарылмайтындай құм деңгейінен жоғары орналасу қажет..

Науалар темірбетоннан немесе беттік болаттан жасалады. Науа түбі су жүрісі бойынша бойлық ылдилыққа ие болу қажет. Көлденең қимада науа түбі үшбұрышты немесе шеңберлі түрде болады.

Науалар жинақтаушы қалтаға немесе каналға жалғастырылады. Жуатын суды сүзгіге жуатын сорғыштар (ТСР нан суды алатын) көмегімен береді.

Сүзгілерді жуу сүзілу жылдамдығынан 7-10 рет артық жылдамдықпен жүргізеді. Жуу ұзақтығы 5—8 мин.

 


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.006 сек.)