|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
СУ ДАЙЫНДАУ
1.1 Қолданылатын су сапасына қойылатын мөлшерлік (нормативтік) талаптар және табиғи сулар сапасының негізгі көрсеткіштері Ауыз суына берілетін су сапасына қойылатын талаптар МЕМСТ 2874-82 «Ауыз суы». Гигиеналық талаптар және сапаны бақылау» бойынша тағайындалады. Өндірістік мұқтаждықтарға қолданылатын су сапасына қойылатын талаптар ведомстволық мөлшерлермен және ТШ (ТУ) тағайындалады. Су сапасы көрсеткіштерін физикалық, химиялық және санитарлы-бактериологиялық деп бөлуге болады. Физикалық көрсеткіштерге: температура, мөлдірлік, лайлылық, қалқымалы заттар, түстілік, иіс, дәм және татым. Ауыз суы үшін қолданылатын су температурасы мейлінше (желательно) 7-12 ºС болу қажет. Жер асты су көздері тұрақты 5-12 ºС температураға ие. Жер беті су көздерінде су температурасы сыртқы ауа температурасына байланысты ауытқып тұрады. Судың мөлдірлігі және лайлылығы судағы қалқымалы заттардың болуына байланысты. Мөлдірлік крест немесе шрифт бойынша су бағанымен см –мен өлшенеді. Лайлылық стандартты шкала бойынша мг/л анықталады. Шаруашылық ауыз суы мақсатында орталықтандырылған су құбырымен берілетін судағы қалқымалы заттар мөлшері 1,5 мг/л - ден аспау қажет. Қалқымалы заттар жер беті су көздерінде әрқашан болады және олардың мөлшері бір су көзінің өзінде жыл бойында мәнді түрде ауытқып отырады. Жер асты суларында қалқымалы заттар кейде мүлдем болмайды. Түстілік. Ауыз суының түстілігі платино кобальт шкаласы бойынша 20º тан аспау қажет. Кейбір жағдайларда санитарлық эпидамиалогиялық қадағалау (бақылау) органдарының келісімі бойынша судың түстілігі 35 градусқа дейін арттыруға рұқсат етіледі. Батпақты өзендердің суы жоғары түстілікпен ерекшелінеді, сонымен қатар торфпен әсерлесетін жер асты сулары да. Иіс және татым Ауыз суы 20ºС температурасы кезінде және 60ºС ға дейін ысытқанда, иіс 2 балдан жоғары болмау қажет және татым 20ºС кезінде 2 балдан артық болмау қажет. Иістер және татымдар судағы органикалық заттардың, кейде органикалық емес байланыстардың (мысалы, темір, күкіртті сутек, марганец және т.б.) болуына байланысты (болуымен түсіндіріледі). Судағы дамитын ұсақ ағзалар және олардың тіршілік әрекетінің өнімдері, сонымен қатар тазаланбаған лас суларды суатқа тастау суға иістер және татымдар береді. Судың хмиялық құрамы құрғақ қалдықпен, жалпы қалдықпен, кермектілікпен, сілтілікпен, рН (сутектік көрсеткішпен), тотығумен, еріген газдар мөлшерімен, темір, марганец, азот байланыстарының мөлшерімен сипатталынады. Жалпы қалдық деп еріген күйдегі негізінен органикалық емес және жартылай органикалық қоспалардың (газдан басқа) судағы концентрациясын айтады. Ол, сүзілмеген сынаманың белгілі көлемін булап, және 150 0С температурада тұрақты салмаққа дейін кептірілген қалдық ретінде анықталады. Еріген (құрғақ қалдық) жалпы қалдықтан, су сынамасын булап, кептіру алдында сүзілуімен ерекшеленеді. Шаруашылық ауыз суы мақсатында қолданылатын суда, құрғақ қалдық 1000 мг/л ден аспау қажет, жеке жағдайларда санитарлық эпидамиологиялық бақылау органдарының келісімімен құрғақ қалдықты 1500 мг/л ге дейін арттыруға рұқсат етіледі. Жоғарғы құрғақ қалдықа жер асты сулары ие, жер беті суларынан – теңіз сулары. Судың кермектілігі ондағы Са және Мg тұздарының болуымен түсіндіріледі. Жалпы кермектілік карбонатты және карбонаттық емес кермектіліктерден құралады. Шаруашылық ауыз суы мақсатында қолданылатын судың жалпы кермектілігі 7,0 мг-экв/л (немесе ммоль/л) ден аспау керек. Сілтілік – дегеніміз судағы гидрокарбонатты иондардың НСО3-мөлшері. Щ=Жк=Жобщ-Жнекарб Судың белсенді реакциясы сутекті иондардың рН концентрациясымен анықталады. Шаруашылық ауыз суы мақсатында берілетін суларда рН 6,0….9,0 болу қажет. Сумен жабдықтау көзі ретінде қолданылатын сулардың басым көпшілігі әлсіз сілтілікке немесе әлсіз қышқыл реакцияға ие. Сутектік көрсеткіш (рН) жер беті суларында жыл бойы ауытқып тұрады. Темір бикарбонат түрінде жер асты су көздерінде басым болады. Әдетте олардың концентрациясы 5 мг/л ден аспайды, ал жеке скважиналарда 10-15 мг/л және жоғары. Жер беті суларында темір үш валентті темір оксиді байланысында болады. Шаруашылық ауыз суы мақсатында қолданылатын суларда темір қосылысының мөлшері 0,3 мг/л ден артық болмау қажет. Жеке жағдайларда санитарлық эпидамиологиялық бақылау органдарының келісімімен су құбыр желісіне берілетін судағы темір мөлшері 1 мг/лөге дейін рұқсат етілуі мүмкін. Ауыз суында марганец 0,1 мг/л ден артық болмау қажет. Жер беті суларында марганецтің болуы – олардың өндіріс лас суларымен ластану нәтижесі. Жер беті немесе жер асты су көздерінде а зот қосылыстарының болуы (нитраттар NO3-, нитриттар – NO2- және аммонийлы қосылыстар NН4+) су көздерінің тұрмыстық лас сулармен ластану ықтималдылығын білдіреді. Бұл кезде аммонийлы қосылыстардың болуы жаңадан (свежее) ластануды, нитраттар – ертеректе ластануды көрсетеді. Ауыз суында нитраттардың мөлшері NO3- - 45 мг/л ден артық емес. Ауыз суында с ульфаттар (SO42-)500 мг/л ден артық болмау қажет, ал хлоридтер (Cl-) – 350 мг/л. Фтор (F-) мөлшері ауыз суында 0,7-1,5 мг/л болу қажет. Сонымен қатар ауыз суында МЕМСТ 2874-82 сәйкес 0,05 мг/л артық емес мышьяк (As), 1 мг/л мыс ( Cu), 5,0 мг/л мырыш (Zn) және 0,03 мг/л қорғасын байланысы(Pb 2+) болу қажет. Судың тотығуы органикалық қосылыстардың және оңай тотығатын органикалық емес қоспалардың (мысалы Fe2+) болуын сипаттайды және тотығу үшін қажет оттегі мөлшерімен анықталады. Жер асты суларының тотығуы әдетте 5-7 мг/л О2 аспайды, жер беті суларында – 10-12 мг/л О2 (кейде 25-30 мг/л О2 және одан жоғары,яғни судың мәнді түрде ластануын көрсетеді). Табиғи суларда еріген газдардың – оттегі, күкіртті сутекті, көмірқышқыл мөлшерлері үлкен шектерде ауытқиды. Оттегі және көмірқышқыл газдары ауыз суының сапасын нашарлатпайды, бірақ металдың тат басуына және бетонның бұзылуына ықпал етеді. Күкіртті сутек суға жағымсыз иіс беріп, металдың тат басуына ықпал етеді. Сондықтан күкіртті сутектің суда болуы рұқсат етілмейді. Судың бактериологиялық қасиеті Судың бактериологиялық көрсеткіштері – бактериялардың жалпы мөлшері (саны), коли-титр және коли-индекс. Ауыз суы 1 мл суда 100 бактериядан артық болуға болмайды. Коли-индекс – ауыз суы үшін ішек таяқшалары тобы (кишечные палочки) 1 л суда 3 артық болмау қажет. Коли-титр – судың ішек таяқшалары 300 мл артық көлемі (тот наименьший объем воды, в котором еще обнаружена кишечная палочка – более 300 мл.) Сулардың мәнді түрде бактериалды ластануы ашық су көздері үшін тән, ал жер асты сулары жоғары санитарлық сапалы көрсеткіштерге ие.
1.2 Сумен жабдықтау жүйесі тазалау ғимараттарының міндеттері және суды өңдеудің негізгі үрдістері Табиғи су көзі сапаларын мөлшерлік талаптармен салыстыру, оны өңдеу бойынша қажетті опрециялар сипатын анықтауға мүмкіндік береді. Тазалау ғимаратына түсетін барлық әртүрлі міндеттер келесі негізгі топтарға жинақталуы мүмкін: 1.Судан ондағы қалқымалы заттарды жою (суды мөлдірлету); 2. Судың түстілігін болдыратын заттарды жою (суды түсссіздендіру) 3.Судағы бактерияларды жою (суды залалсыздандыру); 4. Судан Са және Мg катиондарын жою (жұмсарту); 5.Жалпы тұз мөлшерін төмендету – суды тұзсыздандыру; 6. Тұздардың қалдық концентрациясы 1000 мг/л дейін суды жартылай тұзсыздандыру (тұщыландыру). Кейбір жағдайларда тұздардың жеке түрін жою жүргізілуі мүмкін (темірсіздендіру және кремнисіздендіру). Тазалау ғимараттарына арнайы міндеттер - судағы еріген газдарды жою, иіс пен татымды жою, фторлау, фторсыздандыру қарастырылуы мүмкін. Кейбір жағдайларда (өндірістік тұтынушылар талабы, су құбырын пайдалану шартттары немесе суды тазалау бойынша табысты операция жүргізу үшін) судың тұрақтылық қасиетін беретін, рН қажетті мәніне жету үшін суды арнайы өңдеу қажет.
1.3 Суды өңдеудің технологиялық сұлбаларының жіктелуі
Су дайындауда технологиялық сұлбаларды (схемаларды) келесі түрде бөлуге болады: 1. Суды өңдеу тәсілдері бойынша технологиялық схемалар реагентті және реагентсіз болады. Суды өідеудің реагенттік схемаларнегізінен суды тереңірек мөлдірлеуде қолданылады, ал реагентсіз схемалар –тереңірек мөлдірлету үшін де және жартылай мөлдірлету үшін де қолданылады. Өңдеудің реагенттік схемалары қарқынды және мәнді түрде тиімді жүреді. Мысалы қалқымалы заттардың негізгі массасы тұну үшін реагентті қолдана отырып 2-4 сағат қажет, ал реагентсіз – бірнеше тәулік. Реагенттерді қолдана отырып, сүзу 5-12 м/сағ және артық (жедел сүзгілерде) жүреді, ал реагентсіз – (баяу сүзу) – 0,1-0,3 м/сағ. 2. Өңделетін судың мөлдірлеу дәрежесі бойынша технологиялық схемалар суды толық мөлдірлеу үшін (тереңірек,глубокого) және суды толық емес (жартылай және дөрекі) мөлдірлету үшін деп ажыратылады. Толық мөлдірлеткен кезде тазаланған су МЕМСТ «Ауыз суы» талаптарына сай келеді және мұндай схема шаруашылық ауыз - су, және көптеген өндірістік су құбырлары үшін қолданылады. Жартылай мөлдірлету схемалары техникалыө суды дайындауда қолданылады. Толық емес мөлдірлетуде тазаланған суда қалқыма заттар 50-100 мг/л жетеді. 3. Технологиялық үрдістер саны және олардың әр қайсысының саты саны бойынша. Технологиялық үрдістер саны бойынша өңдеу схемалары бір-, екі- және көп үрдісті болуы мүмкін: тұну, сүзу, центрифугалау, флотация және т.б.. Егер негізгі технологиялық үрдістердің бірі екі немесе одан артық рет болса, онда технологиялық схема екі, үш және көп сатылы деп аталады, мысалы тұну және сүзу 2 сатыда, немесе тұну 2 сатыда және сүзу 1сатыда. Суды реагентсіз өңдеу кезінде сүзу 2 сатыда қолданылады, ал лайлылығы жоғары сулардың реагенттік схемасында тұндыр 2 сатысын қолданған дұрыс. 4 Өңделетін су қозғалысының сипаты бойынша технологиялық схемалар арынды және өздігінен ағатын болып бөлінеді. Қалалық және ірі өндірістік су өткізгіш станцияларда судың өздігінен ағатын схемасы қолданылады, яғни су айнасы еркін.
1.4 Суды мөлдірлетудің және түссіздендірудің негізгі технологиялық схемаларының мысалы
Суды тазалау әдістері және тазалау ғимараттарының құрамы сумен жабдықтау көзіндегі су сапасына, су құбырының тағайындалуына, станция өнімділігіне және жергілікті жағдайларға байланысты. Әсіресе кең тараған су тазалау тәсілдеріне мөлдірлету және залалсыздандыру жатады. Бастапқы су сапасы тазалаудың бірнеше технологиялық схемаларын қолдануға мүмкіндік берсе және жұмыс істеу принциптері бойынша тазалау ғимараттары әртүрлі болса, тиімді нұсқасын таңдау осы нұсқаларды техника-экономикалық салыстыру негізінде жүргізілу қажет. Суды тазалаудың әсіресе жиі кездесетін технологиялық схемалары 1,2,3 суреттерде келтірілген. Тік тұндырғышты және арынсыз жедел сүзгілі схеманың қолданылу облысы – тазалау ғимараттарының өнімділігі 5000 м3/тәу –ке дейін, бастапқы су лайлығы 1500 мг/л –ге дейін, түстілігі 120 градусқа дейін. Көлденең тұндырғышты және арынсыз жедел сүзгілі схеманың қолданылу облысы – тазалау ғимараттарының өнімділігі 30000 м3/тәу артық, бастапқы су лайлығы 1500 мг/л –ге дейін, түстілігі 120 градусқа дейін. Қалқымалы тұнбалы мөлдірлеткішті және жедел арынсыз схеманың қолданылу обласы – тазалау ғимараттарының өнімділігі 5000 м3/тәу артық, бастапқы су лайлылығы 50 ден 1500 мг/л -ге дейін, түстілігі 120 градусқа дейін. Тазалаудан кейін лайлылығы 1,5 мг/л-ге дейін, түстілігі 20 градусқа дейін болады. Тазалаудың бұл схемаларында лайлылық сүзілер алдында 8-15 мг/л құрайды.
Сурет 1 -Тік тұндырғышты және жедел арынсыз сүзгі сұлбасы
Сурет 2 - Қалқыма тұнбалы мөлдірлеткішпен арынсыз жедел сүзгі сұлбасы
Сурет 3 - Көлденең тұндырғышты және арынсыз жедел сүзгі сұлбасы
Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.013 сек.) |