АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

MS Access интерфейсімен танысу

Читайте также:
  1. Access.conf : файл доступа к серверу
  2. Microsoft Access - СУБД реляционного типа.
  3. XI ПАРА. ДОБАВОЧНЫЙ НЕРВ (N. ACCESSORIUS).
  4. БАЗЫ ДАННЫХ. MICROSOFT ACCESS 2010
  5. Выполнение задания в Access
  6. Запустити Access і завантажите базу даних МВПУ.
  7. Начинаем работать с Access
  8. Об'єкти СУБД Access
  9. Общие сведения о MS Access
  10. Работа с СУБД Access
  11. Розташувати вікна Access так, щоб вікна макросів і основне вікно бази даних не перекривали один одного.

Microsoft Access 2010 пайдаланушы интерфейсі қосымшамен жұмыс жасау үшін көптеген элементтерден тұрады. Бұл элементтер Access пен жұмыс жасауда керек командаларды тез тауып және олармен тез жұмыс үйрену үшін кірістірілген.

 

Сурет 1 MS Access терезесінің көрінісі

MS Access-те мәліметтер қорын құру кезінде алдымен сурет1-де көрсетілгендей Новая база данных командасын таңдап, Создать басамыз. Ал Имя файла жолына мәлімет қорының атауын енгізуге болады.

Интерфейстегі ең негізгі элемент ол-лента. Лента – бағдарламаның жоғарғы жағындағы команда топтарына қол жетімділікті көрсетеді. Access2010 пайдаланушы интерфейсіне негізгі төменде көрсетілген элементтер жатады.

- Тақырып жолы MS Access терезесінің жоғарғы бөлімі. Бұл жерде мәліметтер қорының атауы енгізіледі.

- Жылдам қол жеткізу панелі (Панель быстрого доступа) стандартты құрал-саймандар панелі. Тез кедергісіз кіру панелі үнсіз келісім бойынша кішкене аймақты алады. Бұл аймақ батырманы бір басу арқылы командаларға кедергісіз кіре алады. Үнсіз келісім бойынша бұл командаларға Сохранить, Отменить и Вернуть батырмалары жатады .

- Лента- бұл жерден қажет команданы таңдауға болады. Лента бірнеше қаптамадан тұрады. Әр қаптама бірнеше командалардың жиынтығынан құралған. Лентаның көрінісі төмендегідей:

 

- Строка состояния Программа терезесінің төменгі қалып-күй бөлімі.

батырмасын басқанда экранда терезе пайда болады:

 

Бұл ашылған терезеден көріп отырғанымыздай мәліметтер қорын құруға, сақтауға, құпия кілт қоюға, соңғы құжаттардың тізімін көруге, файлмен жұмыс жасау үшін қолданылатын негізгі командаларды және т.б. командаларды орындауға болады.

Создание қаптамасында MS Access мәліметтер қорының объектілері: кесте, сұраныс, үлгі, есеп, макростар орналасқан. MS Access мәліметтер қорының негізгі объектісі ретінде кесте алынады. Кесте — МҚ ақпаратты енгізу және оны сақтау үшін қолданылатын ең басты обьект болып табылады. Кесте құрудың екі жолы бар:

- Конструктор режимі арқылы

- Үлгі шебері бойынша (Мастер форм)

Кесте өрістен және жазбадан тұрады. Жазба ол – қатар, өріс ол – баған болып табылады. Әр өріске ат, мәлімет типі, қасиеті және сипаттама беріледі.

Мәлімет типі (Тип данны х) берілген өріс құрамындағы мән диапазоны мен түрін анықтайды. Microsoft Access келесі мәліметтер типін ұсынады:

- мәтіндік —өлшемді 1 мен 255 аралығындағы символдар тізбегінен тұратын мәтіндер.

- сандық — сандық өрістер бүтін не нақты сандар енгізілетін болады.

- Memo өрісі — өріс мәтіндік сияқты, бірақ ол ұяшықта 257 мен 65536 аралығындағы символдар тізбегінен тұратын мәтіндер қолданылады.

- Күнтізбе / уақыт — сақталатын құжаттардың уақыты мен күнтізбесі көрсетіледі.

- ақшалық — мәліметтер типі ақша түрінде беріледі. Өрістің ұзақтығы 8 байт.

- Счетчик — мәліметтер типтері натурал сандардың ретімен берілуі болып табылдаы. Өріс ұзақтығы 4 байт.

- Логикалық тип — логикалық өріс ұяшығына ауыстырып қосқыш белгісі енгізулі тұрады. Оны орнату ұяшықта логикалық Иә (ақиқат), орнатуды алып тастау үшін Жоқ (жалған) мәнін енгізу керек. Өріс ұзақтығы 1 байт.

- OL E обьектісінің өрісі — басқа программалар арқылы құрылған сурет және т.б. обьектілерді кірістіру үшін қажет.

- Гиперссылка — өрісі интернет не басқа обьектінің файлдармен байланыс орнату үшін гиперсілтеме мәтінін енгізу үшін құрылады. Ұзақтығы 2048 символ.

Кестеден шартты қанағаттандыратын берілгендерді таңдап, жаңа кесте құру оны фильтрлеу деп атайды. Фильтрлеудің үш түрі бар:

· таңдама бойынша

· әдеттегідей

· кеңейтілген

Кеңейтілген фильтр күрделі фильтрді құру кезінде қолданылады. Фильтрді орындау үшін Фильтр – Кеңейтілген фильтрді Главная қаптамасынан таңдау қажет.

Үлгі (Форма) — берілгендерді экраннан енгізуді жеңілдету үшін дайындалған бланк. Үлгіні кесте негізінде құрып, оған өзгерістер енгізуге болады. Бұл кезде өзгерістер автоматты түрде кестеге де енгізіліп қойылады. Үлгіні құрудың екі түрі бар:

· Форма шебері (форманы жартылай автоматты түрде құру)

· Қолдан құру (конструктор режимі арқылы)

Access-те үлгінің келесі түрлерін құруға болады:

- Бір бағанға (в один столбец)

- Ленталық (ленточный)

- Кестелік (табличный)

- Түзетілген (выровненный)

Үлгі шебері (Мастер форм). Автоматты түрде үлгі құрудың бір тәсілі - Үлгі шебері арқылы құру.

1. Жаңа үлгі терезесін экранға шығару.

2. Терезенің Үлгі шебері қатарын және кестелер тізімінен кесте атауын таңдап, ОК батырмасын шерту. Төрт қадамдық сұхбаттық терезесі бар Үлгі шебері іске қосылады.

Қолдан құру (Конструктор форм). Үлгі құрудың үшінші тәсілі – Қолдан құру.

Есеп(Отчет) – кесте не сұраныстың басып шығаруға дайындалған түрі. Есепті құру тәсілі үлгі құру тәсіліне ұқсас, бірақ үлгіден айырмашылығы – ол деректерді енгізу үшін емес, тек шығару үшін және басылып шығатын құжатты дайындау форматында құрылады. Есепті құрудың түрлері:

Батырма түрі Түрлері Түсініктеме
Есеп Қарапайым кестелік есеп құруға мүмкіндік береді
Конструктор отчетов Конструктор режимінде бос есепті ашуға және оған қажетті өрістер мен басқару элементтерін қосуға мүмкіндік береді.
Пустой отчет Макет режимінде бос есепті ашуға және «Список полей» есебін бейнелеуге мүмкіндік береді.
Мастер отчетов Макет параметрлерін, сұрыптау және топтау деңгейлерін, өрістерін тапсыру арқылы қадамдық шебер (мастер) шақыру үшін қажет. Шебер жұмыс нәтижесінде таңдалған параметрлер қорындағы есеп құрылады.
Наклейки Стандартты немесе кірістірілген таңба өлшемін, көрсетілген өріс жиынтығын және олардың сұрыптау ретін таңдауға болатын шеберді шақырады. Нәтижесінде шебер таңдалған параметрлер қорындағы таңбамен есеп құрады.

Есептің келесі түрлерін құруға болады:

- Бағанға (в столбец)

- Кестелік (табличный)

- Түзетілген (выровненный)

Автоесеп- есепті автоматты түрде құрудың қарапайым әдісі. Оны екі типте құруға болады: бағандық және таспалық. Конструктор терезесі арқылы Автоесеп пен Есептер шеберін пайдаланып құрылған есеп элементтерінің орналасу форматын қолдан өзгертуге болады. Кестенің сандық өріс мәндерін көрнекті түрде салыстыру үшін оларды диаграммма түрінде көрсеткен дұрыс.


2 ҚОСЫМША.

Өзіндік жұмыс.


1 | 2 | 3 | 4 | 5 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.005 сек.)