|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
Автор туралыАвтор туралы бөлімді құрау барысынды мынандай компоненттер пайдаланылды Form, Image, Panel, Bitbutton. Сондай-ақ декоративті мақсатта Panel және Image компоненттері қолданылды. Сурет 11. Автор туралы Кесте 9. Автор терезенің атрибуттары.
Пайдаланушыға нұсқау Пайдаланушыға нұсқау бөлімді құрау барысынды мынандай компоненттер пайдаланылды Form, Image, Label,Panel, SpeedButton. (сурет 17 көрсетілген).
Сурет 12. Пайдаланушыға нұсқау. Кесте 10. Пайдаланушыға нұсқау терезенің атрибуттары.
БӨЛІМ 3. ДИПЛОМДЫҚ ЖОБАНЫ ОРЫНДАУДЫҢ АСПАПТЫҚ ҚҰРАЛДАРЫ 3.1. Қолданылатын операциялық жүйенің қысқаша мінездемесі Microsoft корпорациясының операциялық жүйе даярлау жолындағы келесі есеулі қадамы болып ондағы графикалық интерфейс қондырма программа күйінде емес, сол жүйенің ажырамас бөлігі болатын операциялық жүйені даярлау болып саналады. Осылайша Windows 95, Windows 98 және Windows NT операциялық жүйелері пайда болды. Windows 95 жүйесінің, сондай – ақ Windows NT жүйесінің соңғы версияларының графикалық интерфейс стандарттары Windows 3.1 жүйесінің стандартынан өзгеше түрге енді, бірақ негізгі идеология бұрынғыша сақталған болатын. Windows 3.1 – ден Windows 95 – ке өту әрине MS – DOS – тан бірден Windows 95 – ке өтуге қарағанда біршама жеңіл екені түсінікті [3]. Сөйтіп Windows операциялық жүйесі Microsoft компаниясымен жасалған Dos операциялық жүйесін жүктеуші жүйе болып табылады. Ол қолданушылар программистерге үлкен мүмкіндік беретін операциялық жүйе. Norton Commander қабықшасына қарағанда Windows операциялық жүйесі файлдармен дискілермен жұмыс істеу үшін қолайлы интерфейспен қатар жаңа бағдарламалар жүктеуге жаңа мүмкіндіктер береді. Windows операциялық жүйесі программистерге қолданушы интерфейсін жасау үшін барлық қажетті құрылғыларды береді, сол себепті қолданушыға әрбір жаңа программамен жұмыс істеген кезде интерфейсті жаңадан оқытудың қажеті жоқ, себебі олардың барлығы бір-біріне ұқсас. Windows операциялық жүйесі бір уақытта бірнеше бағдарламалармен жұмыс істеуге және бір бағдарламадан екінші бағдарламаға көшуге мүмкіндік береді. Windows операциялық жүйесі келесі режимдерде жұмыс істеуі тиіс: – стандарттық режим; – кеңейтілген режим. Егер компьютерде Windows операциялық жүйесі орнатылған болса, Windows операциялық жүйесі Dos командалық жолы арқылы жіберіледі. Содан кейін Windows операциялық жүйесінің терезесі шығады да, экран фонмен боялып, бағдарлама диспетчерінің терезесі пайда болады. Windows операциялық жүйесін жіберген кезде Windows өз конфигурациясы жөнінде win.ini және system.ini файлдарын оқиды және де кейбір қосымша бағдарламалар автоматты түрде жіберіледі. Мысалы үшін клавиатура драйвері [5]. Қазіргі операциялық жүйелердің адамға беретін жеңілдіктері MS – DOS жүйесінің мүмкіндіктеріне қарағанда өте жоғары, ал графиктік интерфейс солардың тек бір қыры ғана. Кез – келген операциялық жүйе сияқты Windows мынадай мәселелердің орындалуын қамтамасыз етеді: - компьютердің барлық ақпараттық құрал – жабдықтарын басқару; - файлдық жүйемен жұмыс істеуді қамтамасыз ету; - қолданбалы программаларды іске қосу. Бұған қоса Windows жүйесі; - бір уақытта бірнеше программалардың жұмыс істеуі; - әртүрлі программалар арасында мәліметтер алмасу; - масштабталатын қаріптерді қолдану; - мультимедия мүмкіндіктерін пайдалану; - бірыңғай анықтамалық жүйе жұмысын қолдануды қамтамасыз ету. Терезе Windows жүйесіндегі ең негізгі ұғым болып саналады. Windows сөзінің нақты аудармасы “терезелер” екені осыны білдіреді [19]. Терезе – экранның төртбұрышты қоршаулы аумағы, онда әртүрлі программалар орындалады, кез – келген мәліметтер өңделіп түзетіледі және басқару әрекеті жүргізіледі. Windows терезесінің экранды толығымен, жартылай немесе белгілі бір бөлігін ғана қамтуы мүмкін, яғни экран бетіндегі программалар мен құжаттар орналасатын терезелер үш түрге бөлінеді: - толық экранды терезе, яғни терезе экранды толығымен алып тұрады; - қалыпты күйдегі терезе, яғни терезе экранның белгілі бір бөлігін ғана алып тұрады; - белгіше (пиктограмма) түрінде, яғни терезе кішірейтіліп белгішеге айналып кеткен. Жұмыс столы – екінші негізгі ұғым [30]. Жұмыс столы ұғымы қазіргі барлық операциялық жүйелер интерфейсінің элементі болып саналады. Жұмыс столында кітаптар, мәліметтер салынған бумалар, құрал – жабдықтар орналасуы мүмкін. Windows ортасында жұмыс столының рөлін дисплей экраны атқарады. Онда жұмыс істейтін программалардың терезелері, құжаттардың жеке файлдары белгілер түрінде орналасқан. Белгіше (Icon) – бұл экран бетіндегі қысқаша жазуы бар кішірейтілген графикалық бейне. Ол дисплей экранындағы программаны, терезені, функцияны, файлды, тағы да басқаларын бейнелеп тұруы мүмкін. Әр белгіше белгілі бір терезеге сәйкес келеді және ол қажет болғанда үлкейту батырмасы арқылы терезеге айналады. Экранда мынадай белгішелер кездеседі: - қосымша (қолданбалы) программалар белгішесі; - белгілі бір топтар белгішесі; - функциялар белгішесі. Жарлық (shortcut) – бұл белгілі бір объектімен тікелей қатынас жасауды іске асыратын командалық файл. Мысалы, жарлық арқылы каталогтың, желідегі дискінің ішіндегісін көрсетуге болады, тез арада басқа каталогта орналасқан программаларды іске қосуға, файлды да жылдам ашуға болады және тағы да басқалары. Жарлықты пайдаланғанда негізгі объектілердің өздері өз орындарында ешбір өзгеріссіз тұрады. Ал сол объектілермен қатынас жасау shortcut файлында сақталған ақпараттың көсегімен іске асырылады [20]. Бума (folder) экранда каталогтарды және программалық топтарды белгілеу үшін қолданлады. Мұның мағынасы мынада: каталог пен программалар тобы белгілі бір объектілерді орналастыруда қолданылатын контейнер болып табылады. Windows ортасында пернелер тақтасының көмегімен жұмыс істеуге болады, бірақ тышқан тетігімен басқарылатын графиктік сілтемені (point) немесе олардың комбинацияларын (бірге) қолдану өте тиімді. Стол бетімен тышқанды жылжыту экран бетіндегі тышқан сілтемесінің, яғни курсордың жылжуымен сай келеді. Тышқан тетігінің екі немесе үш батырмасы болады. Жұмыс барысында негізінен (көбінесе) оның сол жақтағы, ал анда – санда оң жақтағы батырмасы пайдаланылады. Тышқан тетігінің ортаңғы батырмасы (егер бар болса) Windows ортасының тек кейбір программасымен жұмыс істеуде пайдаланылады. Тышқан тетігімен орындалатын операциялар: - экран бетімен курсордың қозғалуы; - шерту (click); - екі рет шерту (double – click); - тасымалдау (drag & drop). Windows жүйесінің негізгі технологиялық принциптері: 1) “point – and – click” (көрсету және шерту) принципі. Бұл тәсілмен төмендегі әрекеттерді орныдауға болады: - программа немесе құжат терезесінің аумағын кішірейту, үлкейту және бұрынғы қалпына келтіру; - көлденең орналасқан мәзір пунктерін таңдау; - экранға шығатын мәзір командаларын таңдау; - аспаптар тақтасы командаларын таңдау; - мәліметтері бар тізімнің бір жолын белгілеу; - командалық батырманы басу, таңдау; - ауыстырып қосқыштың мәнін өзгерту; - мәтіндік ақпаратты енгізу кезінде курсордың орналасуын өзгерту; - мәтін енгізілетін өріс жолдарының бірін таңдап, оған мәлімет енгізу және көптеген басқа әрекеттер. 2) “select” (ерекшелеу, белгілеу) принципі. Программалар терезесінде құжатпен жұмыс істеу барысында бізге үнемі мәтін фрагменттерімен, үзінділермен әртүрлі операциялар орындауға тура келеді. Ол операциялар мынадай іс - әрекеттерден тұрады [24]: - фрагментті көшіру, тасымалдау, жою, олардың қаріптерін, мөлшерін өзгерту, жиектеу, кейбір жерлеріне көлеңке түсіріп қараңғылау тағы да басқалары. Мұндай операциялар екіге бөлініп орындалады: ең алдымен біз фрагментті белгілеп алуымыз керек, ал сонан соң нақты команданы орындау. 3) “drag - & - drop ” принципі (тасымалдау және барған орнында қалдыру). Windows жүйесінде “drag – and – drop” әдісімен келесі операцияларды орындау жиі жүргізіледі: - үлкейтілмеген терезелер мен белгішелердің орнын ауыстыру; - графикалық редактордың жұмыс аумағындағы суреттің белгіленген фрагментін жаңа орынға ауыстыру немесе оның көшірмесін алу; - word редакторында мәтіндік ақпараттың белгіленген фрагментін басқа жерге ауыстыру немесе оның көшірмесін алу; - суреттер мен кестелердің орнын ауыстыру немесе көшірмелерін алу; - мәтін беттеріндегі абзацтың жаңа жолын және оның оң жақ, сол жақ шекараларын көлденең сызғыштың жоғарғы және төменгі кішкене үшбұрыштарын тасымалдау арқылы тағайындау; - дайын белгішелер жиынынан әрбір адам өзі қолданатын құрал – саймандар тақтасын құрастыру. 4) WYSIWYG принципі (не көрсеңіз, соны аласыз). Экранда мәтіндік құжатты баспаға дайындау кезіндегі символдар бейнесі басылып шыққан қағаз бетіндегі символдармен бірдей болады. Бірақ мұнда көңіл аударарлық сәттер де жоқ емес. Windows жүйесі символдарды экранда бейнелегенде олардың шеттерін нықтап анық етіп көрсетеді, ал қағазда таңбалар бейнесі дәл экрандағыдай болмай қалуы да мүмкін. 5) OLE технологиясы – объектілерді байланыстыра отырып кірістіру (Object Linking and Embedding – OLE). Бұл программаларды кірістірудегі (интеграциялаудағы) ең басты құрал болып табылады. Ол бір программа өңделген объектіні баспа программалардың құжаттары арасында енгізіп, оны негізгі, яғни бастапқы программа құралдарымен редакциялауға мүмкіндік береді [14]. 6) DDE технологиясы – объектілерді динамикалық түрде байланыстыру. Объектілерді басқа құжатқа не программалық қолданбаға енгізе отырып, негізімен байланыстырудың ең қуатты түрі, мұнда объектіні бастапқы программада түзетсек, ол түзету онымен DDE технологиясы арқылы байланысқан екінші программада да автоматты түрде жүзеге асады. 3.2. Бағдарламалау ортасының қысқаша мінездемесі Delphi – туралы жалпы мағлұмат Delphi – бұл Object Pascal сияқты керемет программалау тілі. Pascal тілі 1990 жылы шықты, ол сол кезде жетінші сериясын шығаруда болды. Сол кезде визуалды программалау және программа құру, сонымен бірге тез Windows жүйесі тарады. Сондықтан жетінші сериядан соң программистерге Pascal-дың сегізінші сериясын шығарған жоқ, бірақ Delphi дікі бірінші шығарды. Проект осы атпен 1993 жылы шықты, ал 1995 жылы сатуға Borland Delphi-дің бірінші версиясы шығарылды. Неге осы атпен проект шыққан екен. Бәрі жай «Егер сіз Оракулмен сөйлескіңіз келсе, онда Делфиге барыныз» деген. Бұл, әрине, мәліметтер базасына баруға көмек, ол Oracle және Грецияда Дельфи деген қала бар, онда мифологиялық Оракул болған [26]. Неге Delphi де программа құру өте қолайлы? Delphi-ді басқа программалау жүйелерімен салыстырайық – Visual Basic және C++. Егер Delphi-ді, мысалы C++ салыстырсақ, онда біздің көретініміз Delphi-да программа жазу тез және ыңғайлы. Delphi-ді Visual Basic-пен салыстырсақ, онда көретініміз Visual Basic-те жазылған программалар аз орын алады, бірақ оның жұмыс істеуіне қосымша файлдар (DLL кітапханасы) қажет. Сол үшін жай программаның өзі 2 Мбайт орын алады. 1995 жылы шыққан Borland Delphi 1.0 революция болды, Pascal-дың жетінші версиясынан кейін шықты. Егер оны Delphi-дің алдынғы версияларымен салыстырсақ, онда Delphi 1 мүмкіндіктері бүгінгі күнде өте ыңғайсыз. Borland компаниясы жылдан жылға Delphi-дің жаңа версиясын шығаруда. Windows 95 жаңа операциялық жүйесінің пайда болуында Delphi 2 шығарылды, онда оның мүмкіндіктері және стандартты жаңа операциялық жүйесі ескерілді. Delphi-дің бірінші версиясы екінші версиядан айырмашылығы 32 разрядты және жаңа компонеттерді қолдайды, олар Windows 95 стилінде орындалады. Егер программист барлық қазіргі заманғы технологияларды және жаңа компоненттерді қолданғысы келсе, Delphi дің соңғы версияларын пайдалана білуі керек. 1997 жылы Delphi-дің үшінші версиясы шығарылды. Delphi 3 бағдарламасы сол кезде кең дамып келе жатқан Интернет желісіне және клиент – серверлік технологиясына бағытталған. Delphi 3 – те мәліметтер базасында жаңа драйверлер және SQL шығарылды. Delphi 4 - те динамикалық массивтер енгізілді, ол өте ыңғайлы, жақсартылған программа отладкасын, жаңа компонеттер және CORBA қолдайды. Delphi 5 2000 жылы шығарылды, мәліметтер базасын және көп тілді қолдады. HTML беттерін құру үшін Internet Express жүйесі құрылды. Delphi 6 2001 жылы жарыққа шықты, өзімен бірге көптеген жаңа компонеттер алып келді, ол Интернетпен өте тығыз интегралданды. Delphi 7 өзін программалық қамтамасыздандырумен ортасымен әзірлейді. Delphi жетінші версиясында Windows XP толығымен шықты. Delphi 2 сияқты жаңа компонеттер Windows 95 стилінде қосылды, алты жыл өткеннен кейін жаңа компонеттер жаңа операциялық жүйе стилінде құруға рұқсат береді. Қазіргі кезде Delphi соңғы версиясы – сегізінші. Borland Delphi 8 NET Framework формасында құруға қолданылады [32]. 3.3. Бағдарламалық тілдің қысқаша мінездемесі Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.013 сек.) |