АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Керегелер

Читайте также:
  1. Суды залалсыздандыру 29

 

Лас су құрамындағы ерімейтін ірі заттарды ұстап қалу үшін керегелер қолданылады. Олар дөңгелек, төртбұрышты және басқа пішінді металл шыбықтардан жасалады. Керегенің шыбықтарының арасынан өтетін лас судың жылдамдығы 1 м/с аспауы керек.

Керегелер конструкциясына байланысты жылжымалы, жылжымайтын және ұнтақтағышты болып бөлінеді. Негізінде керегелер:

а) автоматтандырылған керегелер - ұнтақтағыштар

б) қалдықтарды ұстайтын қондырғылар мен ұнтақтағыштарға жеткізетін қондырғылар (бөлек ұнтақтағыштары бар керегелер).

Ұсталған қалдықтарды тазалауға байланысты керегелер қолмен тазалайтын және механикаландырылған болады.

Керегелер каналдың ішінде орналасады. Егер керегелер лас су тазартатын ғимараттардың құрамында болса, онда керегелердің саңылаулары тұрақты 16 мм болады.

Егер керегелер бас сорғыш бекетінің құрамында болса, онда оның шыбықтары үш түрлі болады:

1) төртбұрышты, ені 10 мм, биіктігі 60 мм;

2) дөңгелек, диаметрі 10 мм;

3) төртбұрышты дөңгелектелген қырлы, ені 10 мм, биіктігі 60 мм;

Егер қалдықтың жалпы шығыны 0,1 м3/тәуліктен аспаса, керегелерді қолмен тазалайды, 0,1 м3 /тәуліктен асса механикалық әдіс қолданылады.

Жалпы қиғаш керегелер бөлмелердің ішінде орналасуы тиіс. Бөлменің ішінде желдеткіш болуы керек, бөлменің ауасы сағатына 5 рет ауысуы тиіс.

Тік керегелер бөлмелерді қажет етпейді, олар сыртта каналдың ішінде орналасады.

 

Сурет 2.2 – Кереге

 

Вк – канал ені, Ск – кереге қондырғысының ұзындығы, Вкер – кереге ені, С1 – кереге алдындағы каналдың кеңею ұзындығы, С2 - кереге соңындағы тарылу ұзындығы, h – судың тереңдігі, hк - керегедегі арын жоғалу.

 

Ұнтақтағыштар - ұсталған қалдықтарды ұнтақтау үшін қолданылады. Ұнтақталған қалдықтардың диаметрі 0,1 мм, олар сумен араласып ұнтақталады. Лас су болғандықтан ұнтақтағышқа өздігімен және арынмен түседі.

Кереге - ұнтақтағышта үгітілген заттар науа немесе құбыр арқылы қайта керегенің алдына беріледі.

 

2.8 Құмұстағыштар

 

Лас судың құрамында ауыр минералды қоспалар кездеседі, олар тұндырғыштарға және биологиялық әдіспен тазартатын ғимараттарға көп кедергі жасауы мүмкін.

Осындай ауыр минералды қоспа және құмды ұстауға арналған лас судың су шығыны 100 м3/тәуліктен көп болғанда құмұстағыштарды пайдаланады. Құмұстағыштың жұмыс тәртібі гравитациялық күшті пайдалану арқылы жүзеге асады.

Судың ағысына байланысты құмұстағыштардың төмендегідей конструкциялары болады:

1) көлденең – судың ағысы айналмалы болады;

2) көлденең – судың ағысы түзу болады;

3) тік – судың ағысы төменне жоғары;

4) тік – судың ағысы винт тәрізді;

5) тангенциалды құмұстағыштар;

6) аэрациясы бар құмұстағыштар.

 

 

 

Сурет 2.3 - Суы айналма қозғалысты көлденең құмұстағыш

 

1 – гидроэлеватор; 2 – қалқып шығатын қалдықтарды әкететін құбыр; 3 – науа; 4 – қолмен ашылатын жаппалар; 5 - әкелетін науа; 6 – майда лай құбыры (пульпа); 7 – жұмысшы сұйықтық құбыры; 8 – ауыстыру камерасы; 9 – қалқып шығатын қалдықты ұстап қалу құрылғысы; 10 - әкету науасы; 11 – жартылай батырылған қалқан.

 

Лас судың құрамындағы құмның орта есеппен 65% құмұстағышта тұнбаға түседі. Тұнбаға түсетін құмдардың ірілігі dэкв= 0,2÷025 мм, гидравликалық ірілігі U0 =18÷24 мм/сек болады.

Гидравликалық ірілік дегеніміз лас судың құрамындағы бөлшектердің бірқалыпты жағдайдағы тұнбаға түсу жылдамдығы

 

U0=h/t (2.3)

мұндағы һ – биіктігі, мм;

t – уақыты, сек.

Тұну дегеніміз ластанған судың ағысындағы бөлшектердің тұнбаға түсу жылдамдығы, мм/с.

Жалпы барлық құмұстағыштарға тән технологиялық көрсеткіштер:

1) лас судың құмұстағышта болу ұзақтығы 30-60с дейін;

2) құмұстағыштағы лас судың ағысының жылдамдығы V=0,15÷0,3 м/с

Тұнбаға түскен құмның ылғалдылығы 20-30%, тұнбаның күл қалдығының ылғалдылығы 76-94%.

Көлденең құмұстағыштар жоспарда тікбұрышты ұзын резервуар тәрізді болады.

 

Сурет 2.4 - Көлденең құмұстағыш

 

1 – құмды әкетуге арналған қырғыш механизм, 2 – гидроэлеваторлар, 3 – электрлі жалғау, 4 – қолмен жлғау, 5, 6 – жаппалар, 7 – гидрэлеваторға су әкелу құбыры, 8 – пульпа құбыры.

 

Оның су ағар бөлігінің ұзындығы, м

 

LS=1000 ×КS ×V S × H S /U0 (2.4)

 

мұндағы V S – су ағысының жылдамдығы, м/с;

H S – құмұстағыштың су ағар бөлігінің тереңдігі, м;

КS – эмпирикалық коэффициент, егер U0= 18 мм/ с, онда КS =1,7, егер U0= 24 мм/ с, онда КS =1,3.

Құмұстағыштың жалпы ені

BS=FS/LS (2.5)

мұндағы FS – құмұстағыштағы су бетінің ауданы

 

FS=qмах/U0 (2.6)

 

мұндағы qмах – лас судың максималды шығыны, м3/с.

Құмұстағыштың жалпы биіктігі һ<1,2-1,5 м аспауы керек. Ені в- 0,6-6 м болуы керек.

Тангенциалды құмұстағыштарды шет елде кеңінен қолданады. Лас су құмұстағышқа жанама түседі. Ол су ағар бөлігінің тереңдігінің аздығымен ерекшеленеді. Диаметрі 6 м артық болмауы керек. Ұсталынған құмдарды тазалау шнектің көмегімен жүргізіледі. Негізгі науада 0,6-0,8 м/с жылдамдықта 90% құм ұсталады. Ұсталынған құмдардың ылғалдылығы 20%, күлділігі 94%, құмның көлемі 14,5-40%, ірілігі 0,2 мм.

Аэрациясы бар құмұстағыштар. Лас судың құрамындағы құмның сырты көбінесе органикалық заттармен байланысты. Тұнбадағы түскен құмдарды құм алаңына тастағанда органикалық заттар шіри бастайды. Сондықтан құмұстағыштың өзінде құмның бөлшектерін органикалық заттардан бөліп алу қажет. Бұл жағдайда аэрациясы бар құмұстағыштар қолданылады. Бұлар конструкциясы бойынша көлденең құмұстағыштарға ұқсас. Бірақ қабырғасының бойымен түбінен 60-70 см биіктікте пластмасса құбырларда жасалған аэраторларды орналастырады. Аэраторлардың диаметрі 3-5 мм болуы керек. Сол құбыр арқылы ауа жіберіледі, ауаның көлемі 3-5 м3 1 м3 су бетінің ауданына 1 сағатқа. Мұндай құмұстағыштарда судың екі түрлі ағысы болады:

1) ұзындығы бойынша V=0,08-0,12 м/с;

2) айналма ағысы V=0,25-0,3 м/с.

Лас су құмұстағышта 2-3 минут болады. Құмның гидравликалық ірілігі U0=18 мм/с, ал ылғалдылығы w=60% болады.

 

Сурет 2.5 - Құйынды сулы воронкасы бар тангенциалды тұндырғыш

1 — тұну бөлігі; 2 — жылжымалы бүйірлі су құю; 3 — телескопиялық құбыр; 4— жұмысшы бөлігі; 5—тығын; 6—шнек; 7- жуылған органикалық заттарды тастайтын тесік; S — редукторлы электроқозғалтқыш; 9 – әкету науасы; 10- әкелу науасы

 

 

Сурет 2.6 - Құмды гидрамеханикалық әкететінаэрациялы құмұстағыш

 

1 — шағылыстыратын қалқандар; 2 – ауа құбыры; 3 – гидрожуу құбыры; 4 — шашыратқышты шаю құбыры; 5 — аэраторлар; 6 — құм науасы; 7— құм бункері; 8— гидроэлеватор; 9 — ысырмалар; 10 — құм бөлігі; 11 — қалқанды жаппалар.

 

2.9 Құм кептіру алаңдары және бункерлер

 

Әрбір су тазартатын станцияда құм кептіру алаңдары болуы қажет. Құм кептіру алаңдарының астында дренажды жүйелер орналастырылады. Алаңдарды тегістейді, жан-жағынан топырақтан үймелер жасайды. Алаңдар 2, 4, 6 – дана болады, ені және ұзындығы 10-15 м болады.

Құм алаңының ауданы

 

(2.7)

 

мұндағы 365- 1 жыл.

3÷5 - әрбір алаңның жылына 1 м2 түсетін жүктемесі. Құмның жалпы биіктігі жылына 3 метр.

Егерде лас суды тазартатын станциясындағы судың шығыны 75000-ға дейін болса, онда құм ұстайтын бункерлерді орнатқан жөн.

 

 

Сурет 2.7 - Құмға арналған бункерлер

1 — жылыту жүйесіне суды беру; 2 — жылыту жүйесінен суды әкету; 3—электр қозғаушы тетікті жаппа; 4— жылу оқшаулау; 5—бункер; 6 — гидроциклон: 7 — суды гидроциклоннан әкету; 8 — пульпаны гидроциклонға жеткізу; 9 — суды канализацияға әкету.

 

 

2.10 Бірінші сатылы тұндырғыштар

 

Тазалау ғимараттарының технологиялық схемаларына байланысты тұндырғыштар былай жіктеледі:

1-ші сатылы тұндырғыштар. Олар биологиялық тазалау әдісінің алдында қолданылады.

2-ші сатылы тұндырғыштар. Олар биологиялық әдісте қолданады.

Жұмыс істеу принципіне байланысты тұндырғыштардың келесі түрлері болады:

1) ағысты тұндырғыштар – бұларда судың баяу ағысында тұндыру процестері жүреді;

2) мерзімімен тұдыратын тұндырғыштар – тұндыру үрдістері ағысы болмаған уақыттарда жүреді.

Судың ағысына байланысты:

а) көлденең – судың ағысы көлденең болады;

б) тік – судың ағысы төменнен жоғары;

в) радиалды – судың ағысы ортасынан шетіне қарай жүреді.

Тұндырғыштардың қатарына мөлдірлеткіштер де жатады. Бұл ғимараттардың тұндыру үрдістері қалқымалы заттар өткенде жүреді. Тұндыру процесі дегеніміз – судың салмағынан ауыр бөлшектердің тұнбаға түсу процесі. Сонымен қатар судан салмағы аз бөлшектер судың бетіне қалқып шығады. Олар май, мұнай,бензин және тағы басқалар. Ластанған суды тұндыру процесі өте күрделі процесс. Себебі судың құрамындағы бөлшектердің және сұйықтықтардың тұтқырлығы әр түрлі болады.

Судың ағысына қарай бөлшектер бір-бірімен кездесіп үлкейіп қосылуы немесе қосылмауы мүмкін. Сонымен лас судың құрамындағы бөлшектер агрегатты тұрақсыз ортадан полидисперстік ортада болады.

Жалпы тұндыру процестерінің теориясы Стокстың формуласына байланысты шешіледі.

 

(2.8)

 

мұндағы U0 – бөлшектердің гидравликалық ірілігі, мм/с;

d – шар тәрізді бөлшектердің диаметрі, м;

ρ1 – бөлшектің тығыздығы, кг/м³;

ρ - сұйықтың тығыздығы, кг/м³;

µ - динамикалық тұтқырлық коэффициент, Па.

Биологиялық әдістердің ғимараттарының алдында тұрған судағы қалқымалы заттардың концентрациясы С= 100 - 150 мг/л болу керек.

Көлденең тұндырғыштар - бұл тұндырғыштар лас судың шығыны 30000 м³/тәу артқанда пайдаланады.

Артықшылдығы: бұлардың бойынан ағатын судың ағысының биіктігі аз; су тазарту тиімділігі; тұнбаны жинайтын бір механизмді бірнеше бөлігіне пайдалануға болады.

Кемшілігі: ені аз болғандықтан көп бөлімше пайдаланады (ені 3-6м).

Радиалды тұндырғыштар - лас судың шығыны 30000 м³/тәу болғанда пайдаланады. Бұл тұндырғыштардағы судың ағысы көлденең тұндырғыштардағы сияқты болады. Бұлар планда дөңгелек резервуар тәрізді.

Артықшылдығы: көлемі үлкен болғандықтан жалпы саны аз болады; су тазарту тиімділігі жоғары болады.

Кемшілігі: құрылыс құны қымбат. Себебі әрбір тұдырғышқа тұнба жинайтын айналмалы механизмдер пайдаланылады.

Тік тұндырғыштар - бұл тұндырғыштар судың шығыны 10-15 мың м³/тәу болғанда пайдаланылады. Диаметрі 6-12 метрден артпайды, биіктігі 9-11м.

Артықшылдығы: жер асты сулары биік және жердің топырағы нашар, бос болғанда қолданылады. Пайдаланғанда өте қолайлы, қарапайым.

Кемшілігі: су тазарту тиімділігі төмен 50%- аспайды.

Тік тұндырғыштар планда дөңгелек резервуар тәріздес, түбі конус тәріздес болып келеді. Лас су орталық құбырмен келіп тұндырғыштың ортасына дейін жоғарыдан төмен ағыс арқылы беріледі. Тік тұндырғышта лас су тазарту дәржесіне байланысты 30 минуттан 1,5 сағатқа дейін болады.

Түбіне жиналған тұнба 200 мм диаметрлі құбырмен гидростатикалық қысым арқылы алынып кетеді.

 

Сурет 2.8 -Бірінші сатылы радиалды тұндырғыш

 

1 – лас су әкелу құбыры, 2 – бөлгіш камера, 3 – тұнба қырғыш, 4 – май жинағыш, 5 – су әкету құбыры, 6 – сорғыш бекеті, 7 – тұнба құбыры, 8 – жалпы су әкету құбыры.

 


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.025 сек.)