АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Жедел старт

Читайте также:
  1. Непосредственно перед стартом
  2. Старт вождя
  3. Стартові завдання ( перейти до нового матеріалу)
  4. Стартові завдання ( повторити попередній матеріал і перейти до нового)
  5. Стартові завдання (повторити попередній матеріал і перейти до нового)
  6. Стартовые условия для проведения системных реформ в странах с переходной экономикой
  7. Тема № 46 Складання турбостартерів.
  8. Упражнение 3/10 – Старт с поворотом
  9. Успешный старт с помощью манипуляции
  10. Электростартер

Будет ли рациональный индивид когда-либо признаваться в соверше­нии преступления добровольно"}

 

Жедел старт

Мicrosoft Office Access 2007 нұсқасының экранында қосымшаларды жедел құруды қамтамасыз ететін Жедел старт деп аталатын жаңа бет пайда болды. Бұл жерде сіз "тышқанды екі рет шерту" арқылы мәліметтер қорын жасауға болатын, мәліметтер қорының кәсіби шаблондарын таба аласыз. Дербес жағдайда, сіз өзіңіздің жеке мәліметтер қорын жасап алуыңызға, немесе бұрыннан барларын пайдалануыңызға болады. Бұл жерде әңгіме араларында байланыс орнатылған, мәліметтері бар кестелер негізінде жасалынған реляциялық мәліметтер қоры туралы болып отыр.

1-сурет. Мicrosoft Office Access 2003жұмыстық экраны.

2-сурет. Мicrosoft Office Access 2007 жұмыстық экраны.

Егер сіз бұғанға дейін мәтіндерді, электрондық кестелерді және презентацияларды құру мен өңдеуге пайдаланылатын бағдарламалармен, яғни, дәстүрлі "офистік" қосымшалармен жұмыс істеп келсеңіз, бұдан былай алғашында тек кәсіби бағдарламашылар ғана жасай алған, қосымшалар құруға мүмкіндік беретін бағдарламамен жұмыс істеуді үйренеміз. Әрине, Access –тегі МҚБЖ мүмкіншілігі мәліметтер қорын жасаудың кәсіби шеберінің құралы Огасlе –ден төмен, дегенмен олар "офистік" мәліметтер қорын жасауға әбден жеткілікті.

Осындай қордың арқасында сіз көптеген әртүрлі ақпараттарды жинауға және жүйелеуге, таңдап алынған (немесе алдын ала берілген) критерилерге сәйкес келетін обьектілерді іздеу мен сорттауға, мәліметтерді енгізуге арналған формалар құруға, сол сияқты қолда бар жазбалардың негізінде жасалынған есептерді түрлендіруге мүмкіндік аласыз.

Кез келген мәліметтер қоры үлкен көлемдегі ақпараттарды сақтауға арналған құрылымдар жиынтығын, сол сияқты мәліметтерді басқаруды жүзеге асыратын бағдарламалық модулдер жиынтығын құрайды. Мәліметтерді басқару дегеніміз таңдау, сорттау, тұжырымдау, сол сияқты басқа да іс әрекеттерді жүзеге асыру.

Мәліметтер қорында кодталған ақпарат негізінде бір кестенің немесе осындай обьектілер жиынтығының құрамында болады. Кестелер бір типтегі тізбектеле орналасқан жазбалардың жиынтығы – кестелер жолдары түрінде болады. Тұтынушылар өдерінің қалаулары бойынша кестелер жолдарын еркін меңгеруіне болады – оларға қосуға, жоюға немесе өзгертуге болады. Жазбалар құрылымы негізінен, өздеріне еркін ақпараттарды енгізуге болатын, ат берілген өрістердің (ұяшықтардың) жиынтығы. Сонымен, сіз мәліметтер қорының кестесінде бухгалтерияда еңбек ақы есептеуге сәйкес келетін өзіңіздің табельдік нөміріңіз сияқты қарапайым мәліметтерді кодттай аласыз, сол сияқты, атом бомбасын жасауға арналған безендірілген жазбалар түріндегі мәліметтердің күрделі құрылымын да сақтай аласыз. Соңғы ақпараттың ерекше құпия екендігін ескере отырып, сіз мәліметтер қорының әкімшілік құқындағы адам ретінде, оны қызыққұмар тұтынушылардан қорғай аласыз. Егер әртүрлі жазбалардың құрамына бір ғана типтегі өрістер енетін болса, олар кесте бағанын құрайды.

Бір кестеге жататын жазбалар ереже бойынша басқа кестенің мәліметтерімен байланыс жасай алады. Мысалға, қызметкерлердің штаттық кестесі енгізілген кесте штаттық окладттар мен есептелінген сый ақылар туралы мәліметі бар кестемен байланыста болуы мүмкін. Бұл жерде біз мәліметтер қорындағы байланыс ұғымымен әрекет етіп отырмыз.

Мәліметтер қоры құрылымының тұтастай жиынтығы да бар, олардың көмегімен кестедегі мәліметтер өңделеді. Мысалға, формаларды пайдалана отырып, сіз көрінетін ақпаратқа форматталған енуді жүзеге асыра аласыз. Алдын ала жасалынған сұраныстарды пайдалана отырып, алдын ала анықталған шарттарға жауап беруші, мәліметтерді таңдау жүргізіледі.

Есептер әртүрлі деңгейлердегі тақырыптарды қамтитын, жазбалардың форматталған тізімдерін шығаруға (экранға немесе принтерге) арналған.

Мәліметтер қорының схемасы — бұл өрістер мен кестелер арасындағы байланыстар құрылымы.

Деректер қорының элементтері. Негізгі түсініктер.

Кестелер деректер қорының негізгі объектілері. Онда деректер сақталады.

Сұраныстар бұл деректерді өңдеу үшін арналған арнайы құрылымдар. Олардың көмегімен деректерді сұрыптауға, сүхгілеуге, өзгертуге, біріктіруге, яғни өңдеуге болады.

Формалар (Қалыптар) объектісінің көмегімен қорға жаңадан деректерді қосуға немесе бар деректерді көруге болады.

Есеп берулер бұл формалардың (қалыптардың) керісіншесі. Олардың көмегімен деректер тұтынушы үшін қолайлы түрде беріледі.

Макростар бұл қайталанатын операцияларды орындайтын ең қарапайым автоматтандыру құралдары.

Модульдер Visual Basic for Application тілінде сипатталған программалық процедурлар.

Ассеss 2007 деректер қоры басқа да деректер қоры сияқты кестелік құрылымға ие болады. Бұл әр жазбаға өзінікін меншіктегу мүмкіндік беретін бейнелі адрес, яғни жолдар мен бағандардың қиылысымен анықталады. Деректер қорында бағандарөрістер, ал жолдаржазбалар деп аталады. Өрістер деректер қорының құрылымын құрайды, ал жзбалар онда орналасқан ақпаратты құрайды.

Өрістер – бұл деректер қорының құрылымының негізгі элементі. Олар қасиеттерге ие болады. Өрістің қасиеттеріне байланысты оған енгізуге болатын және болмайтын деректердің түрлері анықталады, сонымен қатар өрістегі жазбаларға математикалық амалдар қолднуға болады. Өрістердің әр түрлі қасиеттері болады және олар әр түрлі түрлерге жатады.

Кез келген өрістің негізгі қасиеті оның ұзындығы болып табылады. Өрістің ұзындығы символдарменөрнектеледі. Өрістің ұзындығынан оған қаншалықты ақпараттың сиятындығына тәуелді болады. Жазылған сөз – бұл бағанның тақырыбында бейнеленген ақпарат. Оны өрістің атымен шатастыруға болмайды, дегенмен егер жазылған сөз болмаса, онда тақырыбында өрістің аты бейнеленеді. Мысалы, әртүрлі өрістерге жазылған сөздер бірдей бола алады. Өрістердің әр қилы түрлері әр түрлі қасиеттер мен міндеттерге ие болады.

Мәтіндік өрістің негізгі қасиеті – өлшемі (ең үлкен өлшем – 255 белгі).

 

Ассеss 2007 –мен жұмыс істеудің негіздері

Бірінші, біз кез келген бағдарламамен жұмысты неден бастаймыз, - оны орындауға жібереміз. Ассеss 2007 орындауға жіберу:

а) жұмыс стөліндегі бағдарлама жарлығын екі рет шерту;

б) жедел жіберу тақтасындағы бағдарлама жарлығын шерту;

в) Жіберу – Бағдарламалар – Microsoft Office – Microsoft Office Access 2007;

Microsoft Office Access 2007 орындауға жібергеннен кейін бағдарламаның алғашқы экраны пайда болады (3-суретті қараңыз).

3-сурет. Бағдарламаның алғашқы экраны.

4-сурет. «Жаңа мәліметтер қоры» терезесі.

«Бағдарламаның алғашқы экраны» терезесінде «Жаңа мәліметтер қоры» белгісін шерту. «Жаңа мәліметтер қоры» терезесінде файлдың атын енгізіңіз және мекен жайын көрсетіңіз. (4-суретті қараңыз.)

Алғашқы экранның сол жағында Шаблондар категориясы орналасқан, онда өзіңіздің мәліметтер қорыңыздың шаблонын таңдай аласыз. Жұмыс экранының ортасында жаңа бос мәліметтер қорын таңдап алуыңызға немесе Интернеттен мәліметтер қорына қажетті шаблонды жүктеуіңізге болады.

Алғашқы экранның оң жағында жақын арада пайдаланылған мәліметтер қорының тізімі орналасады. (3-суретті қараңыз). Сіз жаңа мәліметтер қорын құрған кезден бастап, ол бұл тізімді толықтырады. Егер «Басқалар» пунктінде тышқанды шертсеңіз, өзіңіздің мәліметтер қорыңызды таңдап алуға болатын, файлдарды ашуға арналған стандартты терезе пайда болады. «Жасаңыз» (4-суретті қараңыз) терезесін шерткеннен соң, біраз уақыт өткеннен кейін Access 2007 жұмыстық экраны пайда болады (5-сурет).

5-сурет.Ассеss 2007 жұмыстық экраны.

Ассеss 2007 жұмыстық экранының құрылымы

Экранның жоғарғы жағында тіркемелерінде мәліметтер қорымен жұмыс істеуге арналған командалары бар лента орналасады.

· Кестелер режимі. Бұл тіркемедекестелермен жұмыс істеуге арналған командалар бар.(6-сур).

6-сурет.Бұл тіркемеде кестелермен жұмыс істеуге арналған командалар бар

· Бастысы. Бұл жердекестелердііздеуді, сүзгілеуді, сорттауды, жазбалармен жұмыс істеуді, сол сияқты мәліметтерді көрсетуді таңдауды, алмастыру буферімен және шрифтің параметрлерін қою операцияларын жүргізуді қамтамасыз ететін негізгі командалар "тіркелген (7-сурет).

7-сурет.Бұл тіркемеде Ассеss 2007 "негізгі " командалары орналасқан.

· Құру. Атауына байланысты, бұл тіркемеде мәліметтер қорының негізгі құрылымдық элементтерін – кестелер, формалар, есептер және сұраныстар, құруды қамтамасыз ететін командалар орналасады. Нақтысында, дәл осы тіркеме мәліметтер қорының негізгі компаненттерін құру ісінде анықтауыштық рөл атқарады.(8-сурет).

8-сурет. Бұл тіркемедегі командалар мәліметтер қорының негізгі компаненттерін құруды қамтамасыз етеді.

· Сыртқы мәліметтер. Бұл тіркемедегі командалар, мәліметтерді импорттау-экспорттауды ұйымдастыруды, сол сияқты мәліметтерді жинауды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді (9-сурет).

9-сурет. Бұл жерде сыртқы мәліметтермен алмастыруды ұйымдастыруға арналаған командалар орналасқан.

Мәліметтер қорымен жұмыс. Бұл тіркемеде орналасқан командаларқұрылған мәліметтер қорын қолдауды қамтамасыз етеді, яғни макростарға енуді, мәліметтер қорының әртүрлі элементтерін бейнелеу-жабуды, мәліметтердің орын ауыстыруын, сол сияқты мәліметтер қорын қолдаудың басқа да операцияларын қолдауды қамтамасыз етеді (10-сурет).

10-сурет. Бұл тіркемедегі командалар құрылып қойылған мәліметтер қорын қолдауды қамтамасыз етеді.

Жұмыстық экранның төменгі оң жақ бұрышында көру режимінің түймелері орналасқан. Алғашқы ретінде кесте режимі таңдалынған, алайда сіз конструктор режиміне ауыса аласыз.

Жұмыстық экранның сол жақ бөлігінде Ассеss 2007 нұсқасында пайда болған «Ауысу облысы» орналасқан, сондықтан оны нақтырақ қарастыру қажет.


1 | 2 | 3 | 4 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.007 сек.)