АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Негізгі функциялары

Читайте также:
  1. тарау. НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР

Конструкциондық және отындық материалдарды сынау зертханасы өзінің жұмысы барысында келесі функцияларды атқарады:

– реактордан тыс сынамалардан және реакторлық сәулелендіру барысындағы материалдардың қасиеттерің аңықтау;

– ядролық реакторлардың активті аймағының конструкциялық элементтерін және материалдарының зақымданылуға төзімділігін зерттеу;

– жоспарда қарастырылған тапсырмаларды жоспарлау және ұйымдастыру орындаушылар мен зертхана жұмысшылары арасындағы шарттың міндеттерің орындалуын қадағалау;

– зерттеулер жасау үшін қосымша қаржыландыру арқылы отандастық және шетелдік серіктестерді іздестіру және жобалық ұсыныстарды конкурстарда және тендрларға қатысу үшін жасау;

– бөлім басшысына және филиалдың ғылыми-техникалық кеңестің қарастыруына жобаларды, ұсыныстарды, ғылыми есептемелерді беру;

– есептемелік ғылыми-техникалық материалдарды жалпылау;

– зертханада қауіпсіз жұмыстарда жүргізу бойынша құжаттарды, программа-әдістемелік, жобалық, эксплуатациялық ұжымдық құжаттамаларды дайындау;

– сынамалық қондырғыларды, эксперименталдық стендтерді(өңдірістік-техникалық бюромен бірге немесе жеке) жобалау;

– эксплуатацияланып жатқан жүйелерді негізгі жұмыс бағыты бойынша жұмысын қамтамасыз ету үшін жүйелерді ағымдық және перспективтік жобалау;

– Ғылыми-зерттеулік жұмысты қамтамасыз ету үшін қажетті құрал жабдықтарды, детальдарды, приборларды, материалдарды алу үшін тапсырыстық спецификацияларды немесе техникалық құжаттарды өңдеу;

– бөлім үшін жұмыс істеп жатқан бөтен ұйымдардың зерттеулік, жобалық және т.б жұмыстарын қадағалау;

– берілген ресурстарды рационалды пайдалану, құрылғылардың, құрал-жабдықтардың қауіпсіздігін және сақталуын қамтамасыз ету;

– зертханада жүзеге асатын талаптарды, нормаларды, ережелерді, еңбек қорғанысы, радиациялық қауіпсіздік ядролық қауіпісіздік, өңдірістік қауіпсіздік, электрқауіпсіздігі, өңдірістік санитария және өрт қауіпсіздігі бойынша инструкциялардысақтау[3].


 

2 Негізгі бөлім

 

2.1 Болаттың классификациясы

Қазаргі заманғы техникада ең көп қоладынылатын материал ретінде болат ең көп маркалы материал болып табылады. Болатты химиялық құрамы, микроқұрылымы, өңдіру әдісі және қолдану мақсаты ретінде классификацияланады.

Химиялық құрамы бойынша болат көміртектік(конструкциондықжәне құрал-жабдықтық) және легильденген(төмен легильденген және жоғарғы легильденген) болып жіктеледі.

Болаттың құрамы тепе-теңдік жағдайында көмңртек қоспасымен аңықталады. Көміртегі қоспасының ең аз аз мөлшері бар болат феррит деп аталады. Феррит түйіршіктік полиэдрлық құрылымға ие болады. Орта көміртектік болаттың құйылған немесе аса қыздырылған күйінде перлит түйіршіктерінің шекарасында феррит бөлінуі байқалады. Көміртек темірдің құрамында өте төмен ергіштік қасиетке ие болғандықтан, көміртектің 1 пайыздың бірнеше бөлігіне дейін мөлшерде кішкене өсуі темірдің ішінде екігші фазаның пайда болуына әкеп соғады. Ол фаза цементит деп аталады. Көміртектің 0,0025% пайызға дейінгі мөлшерде болған кезде перлит салыстырмалы өте аз мөлшерлерде кездеседі. Көміртек мөлшерін 0,0025% пайыз мөлшерінен асырған кезде перлит пайда болып, қоспа 2 фазалық құрылымға апарады. Ол фаза феррит және цементиттан тұрады. Көміртеті өсірген сайын перлит мөлшері көбейіп феррит мөлшері өседі. Яғни көміртеекті көбейткен сайын біз микроқұрылымда тегіс дақтарды байқаймыз.

Микроқұрлымы бойынша:

- перлиттік болат классы –қалыпты жағдайға келген сон перлит құрылымына ие болатын болат(сорбит немесе тростит), перлит+феррит;

- мартенситтық класс – критикалық қатаю жылдамдығы төмен болат, ауадағы суудан кейін мартенситтік құрылымға ие болады;

- аустениттік класс – легильдейтін элементтердің әсерінен қатты ерірітінді гама темір базасынан қатты ерітінді альфа темір базасына өтетін полиморфтық айналу процессі бөлемелік температурадан төмен температурада өтеді, қалпына келген сон құрылым көп жағдайда аустениттен немесе аустениттен немесе карбиттен тұрады(жоғары лигильденген тот баспайтын, жоғарғы температураға төзімді және берік болат);

- ферриттік класс – легильдейтін элементтердің кейбір қоспалары болған кезеде қалпына келген сон болат феррит немесе феррит-карбид құрылымна ие болады(жоғағыхромдалған, тотбаспайтын, ыстыққа берік);

- карбидтік класс – карид түзгіш элементтерінің және көміртек элементтерінің жоғарғы мөлшері бар болаттың түрі, құйылған күйінде болаттың құрылымында карбидтік эвтектика болады, деформацияланған күйінде бірнішіреттік(эвтектика) және екінші реттік карбидтер болады.

 

Қолдануы бойынша болат клесі түрлерге бөлінеді: құрылыстық, машина жасайтын; арнайы машина жасайтын; инструменталдық(құрал-жабдықтық), арнайы және химиялық қасиеттерге ие инструменталдық болат.

Өңдіру әдісі бойынша:

- сапалы болат – көміртектік немесе легильденген болат. Фосфор және күкір қосапасының мөлшері 0,04% аспауы тиіс, металдық емес қоспа мөлшері қарапайым болаттың азырақ болады. Көміртегі қоспасының мөлшері 0,08%.аспауы керек. Мартендық пештерде және конверторларда оттегі қолдануымен, әлде қайда қатаң ережелер сақталуымен жүзеге асады;

- жоғарғы сапалы болат – көміртектік немесе легильденген, жиірек химиялық құрамы күрделенген болат. Күкірт және фосфор қоспасының мөлшері 0,030 % және 0,035 %.аспауы тиіс. Бейметалдық қоспалар бойынша тазалығымен ерекшеленеді. Элктрлік және қышқыл мартендік пештерде балқытады;

- қарапайым сапалы болат–көмірітектің қоспасы 0,6 % аз емес көміртек қоспасы бар көміртектік болат және беймтеалдық қоспалардың, күкірттің, фосфордың жоғарғы концентарцияларының бар болуымен ерекшеленеді. Болат конверторларда немесе үлкен мартен пештерінде құйылады. Бұл болаттың түрі күкір пен фосфордың әрқайсысы 0,04%-дан 0,07%-ға дейін концентрацияларына ие болады. Бұл болаттың прокатталған түрінде бұл болатта талщықардың сызықты түрде созылуы байқалады, ол микро және макроанализ арқылы байқалады. Көміртегі концентрациясы өскен сайын қаттылық қасиеттері артып бірақ иілгіштігік және тұтқырлық қасиеттері төмендейді.

Қарапайым сапалы болат өңдіру әдісі бойынша салмақты, жартылай салмақты, қайнатылған болып 3-ке бөлінеді. Салмақты болатты өңдіру процсінде марганецпен ғана емес активтілігі жоары кремнийменде тотықсызтдндырады, сондықтан бұл болаттар оттегі мөлшерінің және басқа оксидтердің төмендігімен ерекшеленеді. Салмақты болатта кремний мөлшері 0,15%-0,20% аспауы керек. Кремнийдің бұндай аз мөлшерде болғанымен да тұтқырлық шегі артады және иілгіштік төмендейді.

Қайнатылған болатты кремниймен тотықсыздандырмайды. Олардың мөлшері 0,1% кем болады. Ерітілген оттегінің белгілі бір бөлігінің жойылуы қатаю кезіндегі оттегінің болаттың көміртегісімен әркеттескенде жүзеге асады. Осының нәтижесінде пайда болған СО көпіршіктерінің бөлігі құйманың жоғарғы жағына қалқып шығады және белгілі бір бөлігі құйылған болаттың құрамында қалады.

Көміртегі оксиді әр-түрлі сызаттар және микропоралар арқылы шығады. Келесі кезекте ыстық деформациялау нәтижесінде ондвй бос кеңістіктер пысырылып бітеледі.

Қайнатылған болаттар салмақты болаттың қасында әлдеқайда төмен тұтқырлық шекарасына ие және осыған орай суық прокатканы деформацияның жоғарғы дәрежесімен жақсы қабылдайды. Жартылай салмақты болат кремнийдін 0,17% мөлшеріне дейін ие болады. Олар қайнатылған болттан қарағанда жөғары тқтқырлық шекарасына ие. Жартылай салмақты болатты болттарды және басқа бөлшектерді суық сығыуы үшін қолданады. Жартылай салмақты болатты қосымша «ПС» әрпімен белгілейді.

Зерттеу үшін берілген алтықырлы болт СТ3ПС конструкционддық болаттан жасалады. Біз көріп отырғанымыздай жартылайсалмақты болат болып табылады. СТ3ПС болатының химиялық құрамы кестеде көрсетілген(кесте1).

 

Кесте 1 СТ3ПС болатының механикалық-химиялық қасиеттері

Ммарка Мпа,уақытша кедергісі ,тұтқырлық шегі Мпа, δ, % Химиялық қасиеттері
С,% Mn, % Si, % қолдануы
Ст3пс 370-480 205-405   0,14-0,22 0,4-0,65 0,05-0,17 Құрылыстық конструкциялар, мосттар болттар үшін үшін парақтық және сорттық прокат  

 

2.2 Болттардың классификациясы

Болт – стержень тәріздес сыртында резьбасы бар әр-түрлі бұйымдарды бекітуге бұйым. Көбінесе гайкалы кілтке келетін алтықырлы басы болады және ол гайкамен байланыс құрайды.

Резьбасы бар байланыс пайда болмағанға дейін болтты көбінесе әр-түрлі цилиндрлы формасы бар бұйымдарды атайтын, мысалы сөғыста қолданылатын арбалеттік болт, винттік болттың кең қолданыс табуы шын мәнінде тілден болт сөзінің басқа мағынада қолдануын ығыстырып тастады.

Болттар әр-түрлі қасиеттері бойынша классификацияланады. Негізнде болттар 6 қасиеті бойынша классификацияланады. олар келесідей:

- мақсаты бойынша;

- формасы бойынша;

- материалы бойынша;

- беріктік классы бойынша;

- сыртқы қаптамасы бойынша

Формасы бойынша классификациялануы:

-жиналмалы;

- анкерлік;

- рым-болттар;

- алтықырлыбасы бар болттар;

- жартылай домалақ басы бар болттар;

- жасырын басы бар болттар.

Болттардың қолданылатын мақсаты бойынша классификациясы. Лемештік болттар топсалы құрылғыларды бекіту үшін, ауыл-шаруашылығы көліктері үшін қолданылады. Топсалы болттарда беріктік классы: 3.6; 4.6; 4.8; 5.6; 5.8; 8.8.

Жиһаздыұ болттар жиһаз өнеркәсібінде және құрылысы саласында пайдаланылады. Беріктік классы: 3.6; 4.6; 4.8; 5.6;5.8.

Жол болттары жолдық қоршаулар үшін, арнайы метал конструкцияларында қолданылады. Беріктік классы топсалы болттармен бірдей: 3.6; 4.6; 4.8; 5.6; 5.8; 8.8.

Машинажасау болттары көлікөнеркәсібінде, құрылысыта, арнайы құрылғылар жасау өңдірісінде қолданылады. Беріктік классы:3.6; 4.6; 4.8; 5.6; 5.8; 8.8; 10.9; 12.9.

Болттардың беріктік классы. ГОСТ 1759.4-87 (ISO 898/1-78) бойынша бөлме темературасында көміртектік легильденген және төмен лигельденген болаттан жасалған болттардың, шпилькалардың, винттардың механикалық қасиеттерін 11 беріктік классы сипаттайды: 3.6; 4.6; 4.8; 5.6; 5.8; 6.6; 6.8; 8.8; 9.8; 10.9; 12.9. 100-ге көбейтілген бірінші сан номиналдық уақытша кедергіні Н/мм² аңықтайды, 10-ға көбейтілген екінші сан тұтқырлық шегінің кақытша кедергіге пайыздық қатынасын аңықтайды. 10-ға көбейтілген сандардың көбейтіндісі номиналдық тұтқырлық шегін аңықтайды.

Беріктігі жоғары болттар ауыл шаруашылығы машиналарының бөліктерінің байланыстыру үшін, темір жол бекітпері, кранның байланыстары, көпірсалуда және т.б салаларда пайдаланылады.

Қазіргі кездегі беріктігі жоғары болттардың жасалуы арнайы автоматтарда суық және ыстық қондыру және резьбаны жаю және одан кейінгі термоөңдеу және арнайы бетті орналыстыру негізінде жүзеге асады.

Арнайы суық және ыстық жаю автоматтары қолданылады. Олардың өнімділігі минутына 100-200 бұйым.

Негізгі шикізат көзі ретінде легильденген және төмен легильденген болаттан жасалған сым қолданылады(көміртегі мөлшері0,40%-дан аспауы тиіс). Олардың маркалары: 20, 20КП, 35, 35Х 20Г2Р, 65Г, 40Х және қажетті беріктікті қамтамасыз ететін болаттың басқа да маркалары. Беріктігі жоғары болттардың механикалық қасиеттері қолданылатын болаттың қасиеттерімен және одан кейінгі бұйымдағы көміртегі жойылуын тоқтататын қорғаныш ортасы бар электрпештеріндегі термоөңдеумен аңықталады.

 

 


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.007 сек.)