АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Психосинтез теориясы

Читайте также:
  1. I. ПСИХОДИНАМИЧЕСКИЕ МОДЕЛИ КОНСУЛЬТАТИВНОЙ ПРАКТИКИ
  2. Ауруды тудыратын себептер
  3. Билет № 22
  4. Билет № 6
  5. Болатты жасыту
  6. В.Синестезия
  7. Глава шестая, в которой автор докажет, что спасение утопающих - это дело рук самих утопающих.
  8. ГЛОССАРИЙ 15 страница
  9. ГЛОССАРИЙ 17 страница
  10. ГЛОССАРИЙ 20 страница
  11. Гуманистік психология
  12. Депрессивті невроз

 

Терапевт әр түрлі сұрақтар қоюы мүмкін әке-шешесінің ауруы, қашан, қалай өлгені, ол нешінші бала жанұяда, ата-ана қай баланы жақсы көрді т.с.с. Бала кезінде қандай қиындықтарды бастан кешірді (ұялшақтық, достарды табудағы қиындықтар)

Әр түрлі аурулары жайлы сұрақтар қойылуы мүмкін. Клиенттің қорқыныштары туралы жыныстық қатынастар туралы (бабалық, ересектік шақтағы) сұрақтар қойылаы. Соңғы мақсаттарды анықтау үшін психотерапевт: «Сіздің кім болуға жаралғансыз?» деген сұрақ қояды, яғни оған қандай іс-әрекет қызықты және кәсібі болар еді, егер де белгілі бір қиындықтар туындамағанда оған не кедергі болды.

Жекелей психология баланы зерттеудегі негізгі бағыттардың сызба нұсқасын жасады. Ол бірнеше бөлімнен тұрады.

1. Бірінші бөлімдегі сұрақтар арқылы қашан және қандай жағдайда проблемалар туындай бастады. Бала қалыптасқан жағдайды зерттеу кезінде қоршаған ортаның өзгеруіне көңіл бөлінеді. Ауруларға, бауыр-сіңілдерінің тууына, мектептегі сабақтардың басталуына, жаңа достардың пайда болуына бірнеше көңіл бөлінеді.

2. Екінші бөлімдегі сұрақтар жауластық бағдарды, басымдылық сезімдерді анықтауға және олардың тұлғаның мінез-құлқында, қылық-әрекетінде қалай көрінетіндігін көруге көмектеседі. Балада ерекше уайымдар, қайғылар болды ма (әлсіздік, ыңғайсыздық сезімі, тастандылық, керексіздік, жалғыз болғысы келетін сезімі, қызғаншақтық т.с.с.). Қана уақыт басқаларға тәуелді болады. (Киінуде, тамақтануда, біреуге жақын байланысқандық, бірдемеден қорқу т.с.с)

3. Үшінші бөлімде баланың инстинктивті белсенділігі, басымдылыққа талпыну шектелді ме дегендерді ұғуға көмектеседі. Бұл үшін бала көп әурелікті тудыра ма, түнде көп жылады ма, энурез немесе энкопреза белгілері байқалды ма, қай ата-анамен бірге ұйықтағысы келеді, аямшақ болды ма, бірдемеден қорықты ма.

Психотерапевтің ерекше маңызды сұрақтары: бала басқа балаларға барғысы келеді ме, қандай балаларды мықтыларды ма, немесе әлсіздерді ме. Баланың икемсіз алаңғасар, мазақтаушы болғанын анықтау өте маңызды.

4.Бұл бөлімдегі баланың қарым-қатынасының ерекшелігін, оның әлеуметтік қызығушылықтарын анықтауға көмектеседі. Психотерапевтің сұрайтыны бала достарды қаншалықты жеңіл табатын, балаларлы немесе жануарларды қинады ма, лидер болды ма, әлде шетте қалуды қалады ма, өзінен кіші балалармен ойнағысы келді ме, әлде қарама – қарсы жыныстағы балалармен ойнағысы келді ме т.с.с

5. Бесінші бөлімде алдыңғы бөлімдегі мәселелерді аша, тереңдете түседі. Қазіргі кездегі қоршаған ортадағылармен қандай қарым-қатынаста. Бала мектепте өзін қалай ұстайды, әрекет етеді.

6. Жанұя жағдайы туралы мәліметтер, жанұядағы қарым-қатынас нормалары бала позициясын ұғынуға көмектеседі. Жанұя мүшелерінің ауруға, өлімге, алкоголизмге ұшырауы баланың қалыптасуындағы маңызды фактр ретінде қарастырылады.

7. Баланың басқа адамдар мен қарым-қатынасын оның нешінші болып туғанын білу арқылы ұғуға болады.

8. жеке психолог үшін үміт пен күтулер болжамдар қызықтырады: бала өзінің таңдауы туралы не ойлайды, ол ата – аналарының кәсібі мен байланысты ме, ол келешек жанұя өмірін қалай көреді, бұл адамдар қарым-қатынасына қалай байланысты.

9. Психотерапевт баладан оған қандай кейіпкерлер ұнайды, армандауды, қиялдағанды жақсы көре ме деп сұрайды.

10. Ерте есте қалған естеліктер жиі қайталанатын түстер арқылы әр түрлі проблемалар анықталады.

11. Бала өзіне назар аудару үшін өзін күлкілі, балаша, ақымақ ретінде көрсетуі мүмкін. Терапевт осындай жағдай туралы білуге тырысады.

12. Жеке психолог физиологиялық кемістіктерді анықтайды. (дене бітімінде, сөйлеуінде, көруінде) Өйткені олар өз -өзін кем сезіну сезімін тудырады.

13. Баланың көмексіз, әлсіз болуы, онда өзін қабілетсіз, жұмысқа, өмірге икемсіз сезімдерін, өз-өзіне қол жұмсау ойларын тудырады

14. Психотерапевт баланы жаңадан бағдарлау үшін оның позитивті жетістіктерімен, мүмкіншіліктері, психологиялық функциялардың даму ерекшеліктерімен әр түрлі сферадағы тәжірибесімен танысады.

Жасалған мақсаттарды зерттеу Психотерапевт клиентті алғашқы жіберілген қателіктерге көңіл аударуға тырысады. Ол үшін ол оның мимика мен понтамимикасын бақылайды. Егер клиентте бір қайталанатын әрекеттері болса және психотерапевт: «ол неге солай істейді?» деген сұрағына «бұл әдет» деп жауап берсе, онда бұл «Бұны өзгертуге тырысыңыз» дегендей көрінеді немесе «Бұл жайлы әңгіме көңі-күйімді түсіреді»дегені «Бұл жөнінде сөйлеспей-ақ қояйық» дегенді білдіреді. Осындай қылық-әрекеттер, вербалды және вербалсыз қарым-қатынас интерпритациялау арқылы оның өмір стилі туралы білуге болады.

Психотерапевт невроз себептері туралы болжамдар жасайды, содан соң ақырындап, зертту барысында, оны дәлелдейді немесе кері шығарады. Көптеген қылық-әрекет көріністерінен, айтқандарының түстердің, қиялдардың талдауынан қате апперцептивті жүйелер алынады. Жекелей психологияда клиенттің өзінің функцияларын түсінуі, оның жалған екендігін ұғуы, оларға негізделіп жасалған өмір стилі де бұзылады.

Психодинамикалық психотерапияның мақсаты инсайтқа жету болып табылады – невроздың себептеріне интелектуалды және эмоционалды ену. Психотерапевт невротиктің фиктівті мақсаттарына негізделген уайымдар мен іс-әрекеттерді тапқанда, талдағанда, тіпті болжаған кезде, клиент олардан бас тартқаннан кейін жаңа невроздар жасайды. Мұнда күрес психотерапевтен басым түсуге талпынушылықтан болады. Сондықтан себептердің мағынасын ашумен қатар психотерапевт келесі әрекеттердің мотивтерінің күші туралы ойлайды.

Адлер бойынша психотерапиялық қарым-қатынастар клиент үшін жаңа әлеуметтік байланыс моделі болуы керек. Адамдар мен өнімді қарым-қатынасы туралы тәжірибесі жоқ. Невротик психотерапевті өзінің ойына електіріп әкеткісі келеді, оған әке, мұғалім, құтқарушы т.с.с. рольдерді ойнауға мәжбүрлік береді. Пациент психотерапевтке: «Мен көптеген дәрігерлерде емделдім, сіз менің соңғы үмітімсіз» бұл санасыз түрде дәрігерді жеңуге бағытталған. Адлердің жауабы: «Жоқ, соңғы емес. Мүмкін соңғы, бірақ үміт. Сізге көмектесе алатын басқалар бар». Мұнда пациенттің тактикасын бұзу мақсат болды. Жекелей психологияда клиентке психологиялық тіреуге, көмекке үлкен көңіл бөлінеді. Ол тым жоғары да болмау керек, өйткені клиент ауруға адаптацияланып, емделу мотивациясынан бас тартуы мүмкін. Түсінудің, тіреу болудың аздығы да кері әсер етеді, емделгісі келмей, өзінің қиындықтарында батып қала береді. Көмек, тіреу болу көптеген фактілерге байланысты: емдеу этаптарына, проблеманың күрделілігіне тұлғаның оны шешу мүмкіндіктері, емделу мотивация т.с.с. Әлеуметтік қызығушылықты дамыту. Адлер бойынша кез келген проблема әлеуметтік болып табылады. Жекелей психологияның барлық процедуралары мақсатты анықтауға және клиентті әлеуметтік қызығушылыққа бағдарлауға бағытталған. Жекелей психологияның нәтижесі адамда сену, жақсы көру, өнімді еңбек ету қабілеттерін дамыту болып табылады.

ХХ жылдардан бастап жекелей психологияда топтық әдістер қолданыла бастады. Топ, көмек, тіреуді және терапевтік эффекті жоғарлатады. Жанұялық психотерапия жұптарға жүргізіле бастады, бұрынғыдай бөлек емес. Интерпритация жекелей психологияда үлкен роль атқарады. Ол арқылы психотерапевт ол өз өмірін қалай жасауда қандай жетістікке жеткенін, қате операцепциялық жүйелер қалай істеуде, қандай мақсаттары бар екенін көрсетеді.

Адлер концепциясында әлеуметтік қызығушылық адамзат қоғамдағы эволюция факторы ретінде көрсетіледі. Қате оперцептивті жүйелермен жұмыс танымдық және рационалды – эмоционалды психотерапияның техникаларының модельдерін жасауға түрткі болады.

№ 13 Дәріс

Тақырыбы: Когнитивті терапия

Сұрақтары:

1. Когнитивті психотерапияның құрылымдық ерекшелігі

2. Жеке адамның қалыптасуында когнитивті терапияның қолданылуы

3. Когнитивті терапиядағы депрессия

Когнитивті психотерапияның негізгі 60-жылдары Альберт Эллис және Аран Бектің жасауымен тығыз байланысты. Кейіннен бұл идеялар бихевиоризмнің негізін құраса, қазіргі кезде бірыңғай когнитивті әрекет- қылықтық терапия деп аталады. Бұл саланың негізгі мақсаты- адамның ойлауындағы, яғни дисфункционалды сендіруін өзгерту болып табылады.

Когнитивтіліктің түп тамырлары психологиялық проблемаларды шешудегі философтарды да айтып өтуге болады (Эпиктет, Сенеки, Цицерон және т.б.). Олардың ойынша, біз нақты жағдайлардан емес, керісінше біз не ойлаймыз, содан зардап шегеміз. «Барлығы субъективті пікірге байланысты». Біз өзіміздің пікірлерімізден зиян шегеміз (Сенеки Луцияно). Когнитивті элементтер екі деңгейде болуы мүмкін: ақпараттармен байланысты автоматты образдар мен ойлар, базалық посылка- тұлғаның өзі туралы және қоршаған орта туралы терең ойлар жүйесі.

Автоматты ойлар – рефлекторлықпен, тез және санасыздықпен сипатталады. Олар өте тез сеніп қалатын балалардың ата- аналарының сөздеріне байланысты. Базалық – бұл ұстанымдар, яғни тұлғаның өмірлік философиясындағы санасыздық тұрақтылықпен және көбінесе сол және автоматты ойларды анықтайды. Осы базалық ұсыныстармен автоматты ойларды байланыстыратыны когнитивті процестер болып табылады. А. Бек депрессиядағы типтік логикалық қателерін атап көрсетті:

1. Шартты ой қорытынды – факторларға қарама- қайшылық.

2. Селективті абстрагирлеу – ситуациядағы бір элементінің, яғни оның басқа да аспектілеріндегі пациенттің өмірге көзқарасы.

3. Полярлы (немесе «қара- ақ») ойлау – депрессивті ауру адамдардың әрқашан- ешқашан, бар- жоқ, жақсы- жаман, т.б.

4. Персонификация – фактілерсіз нейтралды жағдайларды тұлға өзіне тән қасиет деп санауы.

5. Максимизация- минимизация- депрессивті ауру адамдар өзіндік жағымды тәжірибесін кенеттен сәтсіздік деп санауы.

Ашық дағдарыс кезеңдерінде пайда болып, кейін елеулі өзгерістерге кезіккен теориялық бағыттар 60 жылдардың басында өздерінің бұрынғы абыройынан айырыла бастады. Әрекет- қылық пен психиканы түсіндірудегі теориялық ішкі қайшылықтар позицияларын қайта қарауды талап етті. Бұл дағдарыстың негізгі себебі: экспериментальді зерттеулер мен теориялар саласында жаңа өнімді көзқарас, бағыттардың туындауынан болды; танымдық іс- әрекет зерттеулері аймағында – когнитивтік психология, гуманистік психология, нейрофизиология, нейроморфология, нейорпсихология, қанат жайған жаңа бағыт- адам психологиясы.

Қазіргі заман психологиясының аса маңызды артықшылығын танытқан, ғылыми ағым- когнитивтік психология болды. Бихевиористердің әрекет- қылық талдауында психологиялық элементтерді елемеуі мен танымдық дамуы ескермеуіне қарсылық білдірген. Адам организмі жүйелі құрылым деген танымды жалғастырды, яғни адам әрқилы ақпараттарға ықпалды әсер етуге қабілетті: бөтен таңбалар (код) формасына келтіре алады, одан әрі өңдеу үшін өз қажетіне керек ақпаратты бөліп алады немесе керексіз мәліметті жүйеден бүтін дей аластайды. Когнитивтік психология өкілдері: Дж. Брунер, Д. Норман, Л. Фестингер, Ф. Хайдар, У. Найсер, П. Лиднсей, Г. Саймон. Бұл бағыттың бірнеше бағыттары бар; ең танымал болғаны- есептеу варианты. Мұнда танымдық процестер шектен тыс механистік негізде түсіндіріледі: психика сигналдарды өзгеріске келтіруші тұрақты қабілетке ие тетік (аппарат) күйінде қарастырылады. Әсіресе таным процесіндегі ішкі когнитивтік құрылымдар мен ізденуші организм белсенділігіне аса мән беріледі.

Когнитивтік психологияның негізгі зерттеу аймағы танымдық процестер- ес, тіл мен сөздің психологиялық қырлары, қабылдау, ойлау, зейін, қиял және танымдық даму. Бұл таным психологиясының әдістері жеке адамның көңіл- күйі (эмоция) мен себеп- түрткілерін (мотив), сонымен бірге әлеумет психологиясын зерттеуге де қолданылды. Адам танымының барлық формалары электрондық есептеу машиналарына (ЭВМ) ұқсастығымен ақпарат жинау және өңдеудің бір ізді блоктары ретінде бағаланды. Адамның ақпарат өңдеу, сақтау және пайдалануына байланысты танымдық белсенділігінің белгілі деңгей дәрежесінде көрінетіні туралы пікір болды. Ес, қабылдау процестері, зейін, ойлау мен оның сөзбен не сөзден тыс берілетін бірліктері (компоненті) көптеген құрылымдық модельдерге келтірілді. Субъект проблемасынан алшақ тұрумен когнитивтік психология психологиялық әрекеттің иесі деп әсіреленген бір дерексіз бастаушыны (гомункулюс) мойындау керек болды.

№14 Дәріс

Тақырыбы: Альберт Эллистің РЭТ – сы

Сұрақтары:

1. Когнитивті психотерапияның негізін салушылар.

2. Иррационалды ұстанымдар.

3. Эллистің психотерапия техникасы.

Альберт Эллистің когнитивті терапиясы тиімді-сезімдік немесе рациональды-эмотивті терапия деп аталады. Рациональды эмотативті терапия он екі жаттығулар жүйесінен тұрады. Бастапқы кезде бұл жаттығу оңай болып көрінуі мүмкін. Берілген жаттығу, өткен өмірдегі сәтсіздіктерін немесе сәтсіздіктерді бастан кешіріп жатқан кездегі адамның ой-толғау кезінде пайда болатын, орынды және орынсыз жағымсыз эмоциялардың айырмашылығын көрсетуге арналған. Орынды тынымсыздықтың арасындағы айырмашылықтар, сақтық, байқампаздық, орынсыз алаңдаушылық, нервоздылық, паника.

Сізбен олашақта болуы мүмкін ең жамандықты көз алдыңызға елестетіңіз, - мысалы, жақсы жұмыстан айырылу, көлік апатындағы алынған жарақат немесе жақын адамнан айырылу. өзіңізге шынайы елестетіңіз. Егер сіз орынды алаңдаушылықты сезінсеңіз, онда сіз өзіңізге мысалы мынаны айтыңыз: «Әрине, бұндай жағдай менімен болғанын қаламаймын, бірақ егер мұндай жағдай бола қалса, онда мен бұл жағдайға мойымауға тырысамын». «Егер менің досым ауырып қалса немесе өліп қалса, бұл өте қайғылы болады. Бірақ мен сонда да өмір сүруімді жалғастыра беремін, өйткені барлық өмір қайғыдан тұрмайды». «Егер мен көру қабілетімнен айырылып қалсам, маған өте ауыр болады, бірақ мен өмір қызығынан Мына ойлар тек қайғылы мәліметтерден ғана тұрмайтынына назар аударыңыз, сонымен қатар жақсы, қуанышқа толы өмір жалы ой түйін тастайды. Өзіңізді жаншылған,басылынған күйде сезінсеңіз, өз ойларыңызда «міндетті», «керек» т.с.с. сөздерді табыңыз. Мысалы: «Мен өз ақшамды байыппен ұстау керекпін. Мен неге сондай ақмақ болдым, жағдайды дұрыс бағаламадым?», «Бастығым мені бұлай төмендетуге қақысы жоқ! Мен мұндай қарым-қатынасты көтере алмаймын!

Егер сіз тек өзіңіздің қалауларыңыбен жүрсеңіз, олар шындыққа жанасса және одан ешқашан таймасаңыз, онда сіз күйзелістерге сирек, ал шынайы күйзелістерге мүлде ұшырамас едіңіз. Өйткені сіз нені қалайтытыңызды айтқан кезде, сіз мынандай сөздерден бастайсыз: «Маған өте ұнайды – немесе:мен қалаймын – сәттілік, көпшіліктің қолдауын, ыңғайлылықты...» және келесідей сөздермен аяқтайсыз: «Бірақ егер мен бұған жетпесем, өмір сымен бітпейді. Мен бәрібірде бақытты боламын(қалағандай болмаса да).

Немесе: «Мен сәтсіздіктерді, көпшіліктің қолдауының жоқтығын, ыңғайсыздықты жек көремін...» - және қорытындылай келе: «бірақ мен сәтсіздікке ұшырасам, көпшіліктің жаман көз қарасын немесе ауырпалықты сезінсем, мен бұған төзем, басымнан кешірем. Бұдан мен өлмеймін. Мен бәрібір, бұл қиыншылыққа қарамастан бақытты болам (қалағандай болмаса да)».Өзіңізді соңғы рет қашан абыржулы болғаныңызды есіңізге түсіріңізші. Сізді не алаңдатты? Бейтаныс адамдармен кездесу ме? Жұмыстағы ісіңіздің жағдайы ма? Сіздің жақын адамыңызбен қарым-қатынасыңыз ба? Емтихан ба? Жұмысқа орналасу үшін сынақ па? Шахмат немесе тенистен болатын партия ма? Университетке түсу ме? Ауыр диагноз қауіпі ме? Сізге деген әділетсіз қарым-қатынас.

Сіздің алдыңызда қандай «керек», «міндеттісін» деген жағдайлар тұрды, соны белгілеңіз.

v «Мен осы адамдарға жақсы әсер қалдыруым керек

v «Егер мені жұмыста бағаласын десем, онда мен мұны істеуім керек

v «Маған бұл адам ұнайды, мен оның жақсы көз қарасына ие болуым керек

v «Бұл емтихан өте маңызды. Мен оны «өте жақсы» тапсыруға міндеттімін

v «Бұл өте жақсы орын, мен міндетті түрде жұмыс берушіге ұнауым керек».

v «Егер мен бұл тенис партиясын ұтсам (немесе шахмат партиясын), онда мен барлығына жақсы ойыншы екенімді дәлелдеймін. Сондықтан мен ұтуға міндеттімін

v «Мен бара жатқан мектеп өте жақсы, мен сонда түскім келеді. Яғни мен оған түсуге міндеттімін, әйтпесе бұл өте өкіншті болады!»

v «Егер менде бұл қорқынышты ауру болса, бұл өте жаман болар еді, бұл шыдамастай болар еді. Бұл ауру менде нақты жоқ екендігін білуім керек

v «Мен оларға жақсы қарым-қатынаста болдым, сондықтан оларда маған жақсы қарым-қатынаста болулары міндетті. Олар менімен әділетсіз болмауы керек. Олардың бұлай істейтіні өте жаман!»

Сіздің өзіңізге қойған талаптарыңызға ұқсайтын сөздерді мысалдардан табыңыз. Жақында болған депрессияңызбен де соны істеңіз. Оның себебін табыңыз және осы депрессияға себепші болған талаптарды табыңыз. Мысалы:

-«Мен осы жұмысты алғым келгендіктен, мен жақсы дайындалып келуім керек еді, бірақ мен мұны ітемедім, яғни бұл жұмысқа лайықты емес идиотпын

-«»Мен жеңу үшін көп жаттығуым керек еді, бірақ мен керекгінше жаттықпадым, бұл менің жалқау мыжын екнімді дәлелдейді, мен ешнәрседе жетістікке жетпеймін, теннисте де, басқада істерде де!» Өз-өзіне, басқа адамдарға және шынайы өмір жағдайларына зерттеушілік көзқарасты қалай қалыптастыруға болады? Сіз осы әдістерді өз-өзіне, басқа адамдарға, қоршаған әлеммен қарым-қатынасында қалай қолдана аласыз?

Ғылым фактілерге және шынайылыққа, сонымен қатар логикалық ойлауға сүйенеді. Бірақ ғылым «бәрі немесе ештене» сияқты ойлаудан аулақ болады және әр құбылыстың басқада жақтары болатынын ылғида есіне сақтап жүреді.. сондықтан шындықта кейде қарама қайшылықтар болады.

Ғылыми-зерттеушілік ойлаудың негізгі ережелері мынандай:

1. Біз әлемде болып жатқан барлық жағдайларды, ол бізге ұнамаса да, оны өзгеркіміз келсе де, оны «шындық» деп түсінуге келісейік. Біз ылғида фактілердің шынайы екеніне немесе оның өзгеріп кеткеніне көз жеткізу үшін тексереміз және бақлаймыз. Бұл шынықты бақылау әдісін ғылымның эмпирикалық әдісі деп атаймыз.

2. Біз ғылыми заңдылықтарды, теорияларды, гипотизаларды логикалы және рет-ретімен түсіндіреміз, негізгі сәттерінде қарама-қайшылықтарды тудырмауға тырысвмыз, сонымен қатар жалған, шындыққа сәйкес емес «фактілерді» болдырмау. Егер теория фактілермен, логикамен дәлелденбесе, онда біз теорияны өзгертеміз.

3. Ғылым икемділікпен, догматизмнің жоқтығымен ерекшеленеді. Ғылым барлық идеяларға күмәнмен қарайды. Ғылым әр кез өзінің теорияларын өзгертуге даяр, ол жаңа ақппараттардың пайда болуына байланысты.

4. Ғылым дәлелдеуге келмейтін теорияларды қарастырмайды, мысалы, шайтандр, көрінбейтін күшті күштер туралы идеяларды.

5. Ғылым дүниеде жақсылық жасағанға шарапат және жаман қылық істегендерді жауапқа тартылуы туралы идеяларға күмәнмен қарайды, ғаламда жақсы мен жаманның абсалютті стандарты жоқ деп қарастырады.

6. Адамдардың қарым-қатынастары және қылық-әрекеті туралы ғылым ешқандай абсалютті ережелерді ұсынбайды. Егер адамдар өздері стандарттарды, ережелерді, мақсаттарды қойғандықтан, ғылым соған сәйкес адамдарның өмір сүру жағдайларын, қылық-әрекеттерін зерттеп, адам өзіне қойған талаптарды орындап жатқаны туралы ой қорытындыларын айта алады, сонымен қатар жаңа тиімді мақсаттарды, жолдарды көрсетіп түсіндіре алады. Ғылым өзімізге лайықты өмірді құру туралы тек қана меңзей алады.

РЭТ негізгі көңілін бұрыңғы кезіңізде сіздің ата-анаңыз немесе басқа адамдар сізге не айтқанына, не істегеніне емес, сіздің не істегеніне, не ойлағаныңызға бөледі. Сондай-ақ РЭТ сіздің қазір не сезініп, не ойлайтыныңызды көрсетеді және өзіңіздің осал позицияныңызды қайтып өзгертуге болатынын үйретеді. Өзіңіздің РЭТ біліміңзді қолданып, өзііздіжабырқатып, балалық кезіңізде сіз өзіңізге қандай талаптар қойдыңыз, және содан нені әлі күнге дейін қолданып жүргеніізді талдаңыз.

Егер де сіз өзіңізді бір ерекше адам деп санайсыз ба, онда өз ойыңызда «міндеттімін», «тиістімін» деген сөзді табыңыз. Сонда сіз мысалға осылайша пайымдайсыз. «Мен мұны жақсы істедім, өйткені ол солай болу керек. Керемет. Осы жетістігім мені адам қылды». Немесе «мен оны жақсы істедім, сондықтан адамдар мені ерекше адам деп санайды. Маған олардың мені сондай деп ойлаған өте қажет, сол кезде ғана мен қанағат бола алам». Егер де сіз өзіізді жөнсіз жаман немесе жақсы немесе жақсы сезінесіз, онда ұнамсыз, жағымсыз қасиеттерді тізім ретінде жазыңыз. Жағымсыз эмоцияларға байланысты, мысалға, депрессия, өзіңізге деген кінә сезіміңізді, эмоцияңызды орындау онай. Бірақ сіздің жөнсіз жағымды эмоцияңыздың басқа да жақтары бар. Мысалға, егер де сіз өзіңізді ұлы адам немесе басқалардан өзгеше деп ойласаңыз, онда осы жағдай ұнамсыз салдарға апарады. Мысалы,

§ Сіз барлығын жақсы істейсіз деп реалсыз болды.

§ Қоршағандарға деген эгоисттік, өзімшілдік, басқаларды сынамау деген қатынас.

§ Сізге болашақта барлық жағынан жоғарғы деңгейді ұстану қажет емес, өйткені сіз барлық жағынан күштісізді.

§ Сізді барлық қоршаған адамдар ерекше деп санағаны, бірақ болашақта сізден көңілі қалып қала ма, деген ой сізді қобалжытады.

§ Сіз ылғида биіктен көріну керек, сіз сондықтан сәтіздік сізге котострофалы болады.

§ Барлық уақытыңызды істейтін іске жұмсамау.

§ Менсініп қалуымен сіз басқалармен қарым-қатынасыңызды жоғалттыңыз.

§ Өз жұмысыңызға тым көп көңіл бөлгенсіз, өзіңізді стресстік жағдайға апарасыз. Өзіңіздің денсаулығыңызға қауіп төндіресіз.

Көптеген терапия түрлері, соның ішінде бихевиоральдісі невротикалық симптомдарды- фобиялар, жабысқақ күйлер, ауыртпалы құмарлықтарды шешуге көмектеседі. Ал терапияның басқа түрлері, мысалы: экзистенциялды немесе психоаналитикалық түрлері «тереңірек» баруға ұмтылады, яғни пациенттердің философиялық көзқарастарын өзгертіп, осы симптомдарға болашақта төтеп беруіне көмектеседі.

РЭТ алдыға жылжып, жаңа тереңдетілен өмірлік философияны өндеуді, сонымен қоса симптоидарды жоюды мақсат тұтады. Ол адамдарға невротикалық проблемалардан туындайтын депрессия және қобалжудан құтылуға көмектеседі.

«Психотерапиядағы ақыл- ой және эмоция», «Ақылды өмірге жаңа жол» атты еңбектерде тышқандарға лабораториялық тұрғыда тәжірибе жүргізіліп, олардың еш нәрсеге алан болмайтындығы, невротикалық аурулармен ауырмайтындығы байқалды. Ал адамдар керсінше болады. Қобалжымау керек екендігін біле тұра, оның қаншалықты денсаулыққа зиянды екенін біле тұра болып жатқан жағдайға өзін жауапты қылып қояды. Олар қобалжулары үшін депрессияға түседі. Осының барлығынан өз- өзін аяй бастайды.

РЭТ- ті сырттан ғана қарастырғанға қарамастан ол жаулап алған терапия болып саналады. Әдістің тереңділігінің жоқтығын қатесіз болжайтын себебі- оның оңай және барлығы тез түсіне алатындығында жатыр. Осы жерде РЭТ барлық емдеу әдістерінен асып түседі, яғни әрбір адамды, оған қоса сізді де- айналадағы адамдарға және қоршаған ортаға әсер ететін және олар жағынан әсер етуіне ұшыраған тұлға ретінде қарастырады. РЭТ терапияның басқа түрлерімен салыстырғанда жүйелендірілген, яғни сізге бастапқы күнделікті қиындықтан туындаған проблемаларды және бір уақытта олармен байланысты эмоционплды проблемаларды шешуге көмектеседі. РЭТ өзінің бастауынан ең үлкен әртүрлі интеллектуалды, эмоционалды, белсенді әрекет- қылықтық әдістерді қолданады. Көптеген жылдар ішінде көп жаңа әдістемелер қосты, бірақ Арнольд Лазарустың айтуынша РЭТ әрдайын мультимодельді терапия болып қалады.

 

№ 15 Дәріс

Тақырыбы: Мінез-құлық терапиясы.

Сұрақтары:

1.Мінез-құлық терапиясына сипаттама.

2.Негізгі әдістемелік ерекшеліктері.

3.Жағдайларға байланысты қолданылуы.

 

Мінез – адамның негізгі өмірін, бет алысын және оның өзіндік әрекетінің айырмашылығын сипаттайтын сапалы өзгешелік. Мінез – адамның жеке басына тән өзіндік психологиялық қасиеттері мен ерекшеліктердің жиынтығы. Мінез-құлық терапиясының негізін салушы австрия психотерапевті Д.Вольпе (1958 ж). Негізгі мақсаты: фобиялық реакциялар мен өте жоғарғы деңгейдегі үрейлену жағдайларынан арылу. Ерекшелігі: терең релаксация арқылы фобия мен қорқыныш сезімдеріндегі адамдармен жұмыста қолданылады. Қолданатын негізгі әдісі: сенсибилизация және десенсибилизация әдістер жүйесі. Сенсибилизация – ішкі психикалық факторлардың әсерінен анализаторлар сезімталдылығының жоғарлауы, десенсибилизация – (қарама-қарсы) – жүйелеу әдістері мен адекватсыз сезімдердің әлсіреуі:

- 1. Монофобия.

- 2. Үрейлендірудің күшейтілуі.

- 3. Жоғары үрейлену реакциясы (бас ауруы, сақина ұстауы, асқазан – ішек ауруы,т.б).

- 4. Қорқыныш пен үрейлердің жоғарғы жиілігі.

- 5. Қорқыныш пен үрейден құтылуға ұмтылыс.

- 6. Қашу, құтылу реакциясы (көп жағдайларда дезадаптивті қылық -әрекеттер туындайды, мысалы, жасөспірімдер кезеңдегі алкоголизм, наркомания,т.б.).

Иммерциондық әдістер – қорқыныштарды коррекциялауға арналған. Имплазиялар - қорқыныш қиялдарын тудыру, қарқынды үрей мен қорқыныш қиялын тудыру арқылы нақтылы өмірдегі қорқыныш сезімдерін азайту. Пародаксальды интенция – негізін салушы В.Франкл, үрейдің алдын – алу. Жетондық жүйе – негізін салушы Б.Скиннер, «модельге» (үлгіге) – сүйене отырып келісу. Адамның әлеуметтік рөліне сәйкес мінез-қылығын өзгерту. Мысалы, ақша немесе басқа да материал құндылықтарды «жетонға» (бақытқа, денсаулыққа,т.б) алмастыру. Морита – 1921 жылы Жапонияда қалыптасқан әді, жеке адамның коррекциясына бағытталған. «Шин – кей – шит - цу» - адамның эгоцентрлік келбеті, адамның өмірлік үлкен күштерінің интеллектік ағымдары мен үйлесімділігі. Өмірлік қажетті күш-қайраты бар адам өзін-өзі сақтай алады және тәні мен рухани жетілуіне ұмтылады.

«Холдинг» - «ұстау» - деген мағынада. Эмоциялық бұзылулардың кең таралған түрлерін коррекциялауда қолданылады. Негізін салушы медицина ғылымының докторы М.Велш, «аналар орталығының» жетекшісі. Россияда 1987 жылы Никольская О.С. енгізген. Бұл әдісті «өткір әдіс», «драмалық әдіс» немесе «шок» деп те атайды. Көбінесе аутизм, мутизммен ауырған балалармен жүргізіледі, соңынан эмоциялық әлсіреу туындайды.

«Имаго» - «образ-бейне» мағынасы, негізін 1966 жылы Вольперт И.Е. салған. Кореккциялық мақсатта клиенттің арнайы бейнелер комплексін жандандыра алуға жаттықтыру әдісі.

Өмірдегі қиындық жағдайларға қалыпты бейімделуге, коммуникативті мумкіндіктерін кеңейтуге, бейнелерді жандандыру қабілетін дамытуға, өмірлік тәжірибелерін қарқындатуға уйрету.

Психотерапиялық көмекке қойылатын талаптар:

- адамның қарым – қатынас «тілін», сөйлеуін терең зерттеу және сол «тілде» сөйлеу;

- адамды сендірудің нәзік техникасы реструктурлеу: қарапайым ойды когнитивті өзгертуден метафораларды және парадоксальды реструктурлеуді қолдануға дейін;

- негативті лингвистикалық формалардан қашу;

- парадоксты күтпеген, әдеттен тыс, ойда жоқ, ғажайып және парадоксальды коммуникация қолдану.

 

 

№ 16 Дәріс

Тақырыбы: Топтық психотерапия. Психодрама

Сұрақтары:

1. Топтық психотерапияның негізгі ерекшеліктері.

2. Оған қойылатын талаптар

3. Психодраманың маңызы. Жүргізу техникасы

Негізін салушы Роберто Ассаджиоли. Психосинтез З. Фрейдтің «психоанализ» теориясына қарама-қарсы. Р. Ассаджиолидың ойы бойынша психоанализдың зерттеулері адам психикасын терең білуге жеткілікті түрде көмектесе алмайды. Психосинтез – адам бойындағы көптеген мүмкіншіліктердің қарама-қайшылықтары мен үзіліссіз қарым-қатынасы. Сондықтан психосинтез жеке адамның:

- ең алдымен, дамуы мен жетілуіне;

- одан кейін, өзінің «менімен» қарым-қатынас үйлесімділігіне бағытталған;

Психосинтез адамның негізгі проблемасына емес, нәтижеге бағытталған мақсаты мен позитивті мотивациясына ерекше көңіл аударады. Ассаджиоли жеке адамның құрылымын немесе «ішкі дүниесінің картасын» былайша ұсынады:

1 – адамның ең қарапайым бөлігі, психикалық әрекеттің қарапайым формалары, денені басқару, қарапайым қозулар мен негізгі құмарту, түс көру, фантазия, парапсихологиялық орталықтар, жеке адам дамуының бастауы.

2 – барлық психологиялық жағдайлармен дағдылар аймағы, тәжірибені жинақтау,ой туады; орта санасыз бен сана байланысып, біріне – бірі өтеді.

3 – суперсанасыз: шабыт, творчество, батылдық және басқа жоғарғы сезімдердің қалыптасуы, сондай-ақ жоғарғы парапсихологиялық функциялар мен рухани энергия қалыптасады немесе жеке адам дамуына резерві.

4 – саналы аймақ, түйсіктер, ойлар, қажеттіліктер бақылау мен талдауға лайықты деңгей.

5 – ең жоғарғы саналы аймақ.

6 – біздің нағыз, ақиқат негізіміз, ол өзгермейді, жоғалмайды.

Жеке адам дамуының басталуы: 1 – төменгі санасыз, 2 – орта санасыз, 3 – жоғарғы санасыз, 4 – сана аймағы, 5 – саналы, 6 – жоғарғы «мен», 7 – ұжымдық, топтық санасыздық. Ассаджиолидің шәкірті Пьеро Ферруччи «Мен»-ді екіге бөледі:

- персональды «Мен»

- трасперсональды «Мен» Персональды «Мен» - психикалық саулықты

шарты. Трасперсональды «Мен» - рухани жетілудің белгісі.

Ассаджиолидің психосинтез әдісі мынандай міндеттерге бағытталған:

- өзінің нақты «Мені» - не жету;

- ішкі гармония негізде ғана жету;

- қоршаған ортамен, айналадағы адамдармен адекватты қарым-қатынас орнату;

Ол үшін –Адам өзін-өзі терең танып, білуі керек.

- Жеке адамның әртүрлі элементтеріне бақылау.

- Субжекеадамдармен жұмыс істеу (негізгі құралдары: дене, эмоциялар, ой)

Субжекеадам психикалық жарақаттардан пайда болады. Субжекеадаммен жұмыс істеу кезеңдері (Руффлер 1998):

- тану, түсіну

- қабылдау

- кооридация және трасформация

- интеграция

- синтез

Психодраманың негізін салушы Якоб Леви Морено (1892- 1974) социометрияның негізі болып табылатыны белгілі. Мореноның негізгі идеяларының негізі тұлғаның творчестволық менін жүзеге асыруға бағытталады. Оларға «кентеттен театр» шығарылғанының не үшін екенін, яғни оқылған рөлдің тұлға мағынасын міндетті емес, бірақ өзін- өзі көрсету мүмкіндіктері шексіз болады. Психодрама әдісі емдік әдіс ретінде де болуы мүмкін. Бұл яғни Мореноның сахнада қойған белгілі бір әдістің күйеумен арасындағы конфликтідегі тарихты қойды. Ол осының негізінде туындады.

Психодрамада негізгі орынды рөлдік ойындар әдістемесі алады. Психодрама мінез- құлықтың тұрақты моделін мүмкіндіктерін жеңуге мүмкіндік береді.

Морено бойынша, шығармашылықтың негізі- бұл қажеттілік, яғни бұл хаосқа тәуелді емес, сондықтан жаңаға адекватты жауапты ұсынады. Сонымен қатар кенеттік әрекет шығармашылық актіге әкелуі мүмкін.

Кенеттілік гештальт принципіне негізделеді, «осы жерде және қазір». Практикада бұл қарым- қатынас проблемасы сөздік формада талқыланбайды. Психодрама- тұлғаға маңызды жағдайларға немесе болашақ туралы фантазия туралы объектілеуге мүмкіндік береді.

Психодрама басқа да маңызды түсініктері - дене сөзімен байланыстырылады. Дене- бұл терең эмоционалды қатынас болып табылады. Психодрамада сонымен қатар «катарсис» түсініг кең түрде қолданылады. Бірақ та катарсисте тек қана көрермендер ғана зерттелінбейді, актерлер өздерінің проблемаларын шешіп, драмалық әрекет барысында одан өздерін босатады.

Бірақ та, психодрамалық әрекеттің соңғы нәтижесі «инсайт» болып табылады, проблемді ситуацияны қабылдау, жаңа түсініктің туындауы, яғни нәтижесінде бұл проблема болуын қояды: бұл бірден шешілетін болады.

Психодрамада топтың жетекшісі (психотерапевт) режиссер топтардың драмалық әрекетін топтардың мүшелерінің сұраныстарына сәйкес ұйымдастырады, топ мүшелерінің сәтсіз мінез- құлық формаларын өзгертуге көмектеседі, қатысушылардың мінез- құлықтарын интерпретациялайды. Берілген этапта топ мүшелерінің жұмысын протогонист деп атайды. Режиссердің көмегімен аудиториялар мен арнайы шығармашылық тәсілдерін протогонист жүзеге асырады, яғни сахналық әрекеттерді, өмірлік проблемаларын шешуге көмектеседі. Протогонист өмірінің мағыналы рөлін көмекші мен деп атайды, оны сол немесе басқа қатысушы топтың қатысып, ойнай алады. Көмекші «меннің» негізгі мақсаты протогонистің рөлін, яғни психодрамалық әрекетті жүзеге асыруға бағытталады, бірақ та қарым- қатынастың негізгі аспектілері конфликтерді тұлғааралық және өзінің ішкі шешімін терапевтілік бағытта шешуге бағытталады. Аудитория берілген психодрамалық әрекеттің рөлін ойнамайтын адамдар ұжымын құрады.

 

 

№ 17 Дәріс

Тақырыбы: Жанұялық психотерапия. Психикалық релаксация әдістері.

Сұрақтары:

1. Жанұялық психотерапияның негізі

2. Коррекцияның жалпы моделі

3. Коррекциялық блоктар

 

Коррекция жұмысының бағдарламасы психологиялық негізделген болуы керек. Коррекциялық жұмыстың жетістігі ең алдымен, диагностикалық зерттеудің дұрыс, объективті, нәтижелерді комплексті бағалауына байланысты болады. Коррекциялық жұмыс түрлі функциялардың сапалы ауысуына, сонымен қатар клиенттің түрлі қабілеттерінің дамуына бағытталуы керек.

Коррекциялық бағдарлама түрлері коррекциялық әсер етуді жүзеге асыру үшін белгілі бір коррекция моделін тудыру және жүзеге асыру керек: жалпы, типтік, индивидуалды.

Коррекцияның жалпы моделі- тұлғаның жас кезеңдік дамуына оптималды шарттар жүйесі. Ол адамның қоршаған орта, адамдар, қоғамдық жағдайлар, байланыстар және олардың арасындағы қатынастар туралы көзқарасын тереңдету, кеңейту және нақтылауды; ойлаудың жүйелілігі, анализдеуші қабылдаудың, байқағыштықтың дамуы үшін алуан түрлі іс- әрекетті қолдануды; клиенттің денсаулығын есепке алатын қорғаушы типтегі жұмыс жүргізуді (әсіресе жарақаттан кейінгі стрессті бастан кешірген, әлеуметтік және дене дамуының жағымсыз жағдайында болған клиенттер) болжайды. Ауыртпашылықты жұмыс уақыты, күн, апта, жыл мезгіліне оптималды бөлу қажет.

Коррекцияның типтік моделі түрлі негіздегі практикалық іс- әрекетті ұйымдастыруға негізделген; түрлі іс- әрекет компоненттерін меңгеру және түрлі іс- әрекеттің кезеңдік қалыптасуына бағытталған.

Коррекцияның дербестік моделі клиенттің психикалық дамуы, оның қызығушылықтары, проблемаларының индивидуалды сипаттамасын анықтауды; іс- әрекеттің негізгі түрлерін, түрлі іс- әрекет деңгейін анықтау; индивидуалды даму бағдарламасын құруды қамтиды.

Стандартталған және ерікті (қазіргі уақытқа бағытталған) коррекциялық бағдарламалар бар.

Стандартталған бағдарламада берілген бағдарламаға қатысушыларға ұсынылатын коррекция кезеңдері, қажетті материалдар, міндеттер анық және нақты жазылған. Коррекциялық шараларды жүзеге асырудың алдында психолог бағдарламаның барлық кезеңдердің жүзеге асырылу мүмкіндігін, қажетті материалдардың барын, мүмкіндіктер сәйкестігін тексеру қажет.

Ерікті бағдарламаны психолог коррекция этаптарының мақсаттары мен міндеттерін анықтап, кездесу тәсілдерін ойластырып, психокоррекцияның келесі этаптарына көшу үшін жетістіктер нәтижесін белгілей отырып өзі құрастырады.

Клиентке бағытталған мақсатты әсер ету бірнеше өзара байланысты блоктардан құрылған психокоррекциялық комплекс арқылы жүзеге асырылады.

Әрбір блок түрлі тапсырмаларды шешуге бағытталған және ерекше әдістер мен тәсілдерден тұрады.

Психокоррекциялық комплекс төрт негізгі блокты қамтиды:

1. Диагностикалық.

2. Құрастырушы.

3. Коррекциялық.

4. Коррекциялық әсер ету тиімділігін бағалау блогы.

Диагностикалық блок. Мақсаты: тұлға дамуының ерекшеліктерін диагностикалау, қауіп- қатер факторын анықтау, жалпы психологиялық коррекция бағдарламасын қалыптастыру.

Құрастырушы блок. Мақсаты: клиент дамуының тиімділігі мен үйлесімділігін, клиенттің өз- өзіне деген сенімділігін жоғарылату, алаңдаушылықты жою, психологпен серіктесу тілегін қалыптастыру және өз өміріне өзгеріс енгізу.

Коррекциялық блок. Мақсаты: клиент дамуының гармонизациясы мен оптимизациясы, жағымсыз даму фазасынан жағымдыға өту, өз- өзімен және әлеммен әрекеттесу тәсілдерін меңгеру.

Коррекциялық әсер ету тиімділігін бағалау блогы. Мақсаты: психологиялық мазмұн және реакция динамикасын өлшеу,позитивті әрекет- қылықтық реакцияның пайда болуына мүмкіндік тудыру, позитивті өзіндік бағалауды тұрақтандыру.

Психокоррекциялық бағдарламаны құрастырудың негізгі міндеттері:

- коррекциялық жұмыстың мақсатын нақты құрастыру;

- коррекциялық жұмыс мақсатын нақтылайтын тапсырмалар шеңберін анықтау;

- коррекциялық жұмыс жүргізудің стратегясы мен тактикасын таңдау;

- клиентпен жұмыс формасын нақты анықтау (индивидуалды, топтық және аралас);

- коррекциялық жұмыстың әдістері мен техникаларын іріктеп алу;

- барлық коррекциялық бағдарламаны жүзеге асыруға қажет жалпы уақытты анықтау;

- қажетті кездесулердің жиілігін анықтау (күнде, аптасына 1рет, аптасына 2 рет, 2 аптада 1 рет және т.б.);

- әрбір коррекциялық жұмыстың ұзақтығын анықтау (коррекциялық бағдарламаның басында 10- 15 минуттан бастап, қорытынды кезеңде 1,5- 2 сағатқа дейін);

- коррекциялық бағдарламаны өңдеу және коррекциялық жұмыстың мазмұнын анықтау;

- жұмысқа басқа адамдардың қатысу формасын жоспарлау (жанұямен жұмыста- туысқандарды араластыру және т.б.);

- коррекциялық бағдарламаны жүзеге асыру (коррекциялық жұмыстың динамикасын бақылау, бағдарламаға толықтырулар мен өзгерістер енгізу мүмкіндіктерін қарастыру қажет);

- қажетті материалдар мен құрал- жабдықтарды әзірлеу.

Коррекциялық шараларды аяқтау кезінде мақсаттар, міндеттер және коррекциялық жұмыстың тиімділігін бағалау мен нәтижелері туралы психологиялық немесе психологиялық- педагогикалық қорытынды жасалады.

 

№ 18 Дәріс

Тақырыбы: Медитация

Сұрақтары:

1. Медитация – психотерапияның негізгі тәсілі

2. Медитацияның маңызы

3. Қолдану техникасы

Медитация әдісі психотерапияның негігі әдістерінің бірі. Медитация жағымсыз жағдайларға ұшыраған адамдардың сана-сезімін, ақыл-ойынын, денесі мен бұлшық еттеріндегі ауырлықты, келеңсіздіктерді жеңілдетіп, қалыпқа келтіруде және болдырмауда маңызды роль атқарады. Бұл жерде суггестияның жасалуы өте оңай деген адамдар жиналған деп ойлаймын. Енді сіздерге бірнеше жаттығулар ұсынылады. Олар рет- ретімен орындалады.

Бірінші жаттығу- босансу. Жайғасып отыру керек, ең жақсысы «кучер» позасы. Көздерініз жұмулы, алақандарыныз тізелерінізде ашық түрде болсын. Ән мен ритм және образға кірініздер.

Келесі жаттығу- барлық денеге таралған ауырлық. Яғни сіз ауырлықты қолынызда, аяғынызда, барлық дене мүшелерінде сезінініз. Күнделікті өмірде,н фантазиянызды босатуынызды сұраймын.

Келесі жаттығу- жылуды сезіну, алдымен жеңіл күйде, одан кейін анық түрде барлық дененіз арқылы, аяғынызда, кеуденізде, арқанызда сезінініз.

Келесі жаттығу- сіздің жоғарғы мүмкіндіктерге бағыттылық. Өзінізге бір кішігірім керемет сиқырлық жасап көрініз. Өзініздегі жасырын күшті және жаңа мүмкіндіктерді сезініп көрініз. Осы сезімдер бір сәтке қиялынызды оятып, сананызды мазалауына еркіндік беріп, жайлы бір минут ойлап, одан кейін көзінізді ашып, оларды қолданып көрініз.

Соңғы жаттығу- тонизация. Өзінізде сергектікті, қуатты, қуанышты, мейірмді күшті, ерекше жаңа мүмкіндіктерді сезінініз. Беске дейін санағанда көзінізді ашып, жаңа мүмкіндіктерінізбен өмірге жаңа келгендей болындар. «бес, төрт, үш, екі, бір...». сонымен осындай сезімге бөленгендерініз қолдарынызды көтерулерінізді сұраймын. Сіздерде бірден бастап беске дейін қанша жаттығулар іске асқан және қалауынызға жетуге қанша қадам жасағанынызды саусақтарынызбен сананыз. Яғни босансу, ауырлық, жылу, жоғарғы мүмкіндіктерге бағыттылық, тонизация. Енді келесіде демонстрациялауға жеңіл болу үшін сіздер орындарынызды ауыстырып отырасыздар. Яғни бес саусағын көтергендер- бірінші қатарға, төрт саусағын көтергендер- екінші қатарға, үш саусағын көтергендер- үшінші қатарға отырыныздар. Сонымен ауысып отырамыз. Кімде кім еш қандай жаттығуды сезінбесе келесі бөлмеге, басқа жаттығуларды орындауға көшулеріне болады.

1. Коррекциялық, профилактикалық және дамытушы міндеттердің жүйелік принципі. Бұл принцип кез келген коррекциялық бағдарламада үш түрлі психологиялық жұмыс: коррекциялық, профилактикалық және дамытушы тапсырмалардың болу қажеттігін көрсетеді. Бала тұлғасының түрлі жағы дамуының өзара байланыстылығы мен гетерохрондылығы (біркелкі емес) көрінеді. Басқа сөзбен айтқанда, әрбір бала дамуының түрлі деңгейі: жағымды деңгейге, қолайлы дамуға сәйкес; қауіп- қатер деңгейінде- дамуда потенциалды қиындықтар пайда болу қауіпі бар дегенді білдіреді; дамудың қалыпты өзекті қиындықтар жолында түрлі ауытқулардың болуы. Осыдан дамудың бірқалыпсыздық заңы көрініс табады. Тұлғалық дамудың кейбір аспектілерінің дамуындағы ауытқулар мен артта қалулар бала интеллектісінің дамуына қиындықтар мен ауытқулар тудырады. Мысалы, оқу және таным мотивтерінің, қажеттіліктердің дамымауы, логикалық операциялық интеллект дамуының артта қалуына әкеп соғады. Сондықтан, дамытушы- коррекция бағдарламасының мақсат, міндеттерін анықтауда бала дамуының тек бүгінгі күнгі көкейкесті проблемалары мен қиындықтарымен шектелмей, жақын арадағы даму мүмкіндіктерінен шығу керек.

Уақытында қабылданған превентивті шаралар дамудың түрлі деңгейлеріндегі ауытқулардан арылуға мүмкіндік береді. Балаға психологиялық әсер етудің кез келген бағдарламасы тек дамудағы ауытқулардың коррекциясына ғана бағытталмай, тұлғаның гармониялық дамуына да жағымды жағдай тудыруы керек.

Сонымен, кез келген дамытушы- коррекциялық бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері үш деңгейлі міндеттер жүйесін құрауға тиіс:

Коррекциялық- дамудағы ауытқулар мен бұзылуларды түзету, қиыншылықтарын шешу;

Профилактикалық- дамудағы ауытқулар мен қиындықтарды алдын ала ескерту;

Дамытушы- даму мазмұнын байыту, оптимизациялау, стимулдау.

Аталған тапсырма түрлерінің бірлестігі ғана дамытушы- коррекциялық бағдарламаның тиімділігі мен жетістігін қамтиды.

2. Коррекция мен диагностиканың бірлестік принципі. Бұл принцип практик психолог іс- әрекетінің ерекше түрі ретінде субъект дамуына психологиялық көмек көрсету процесінің толықтығын көрсетеді.

3. Каузальді типтегі коррекцияның басымдылық принципі. Бағыттылыққа байланысты коррекцияның екі типін белгілейді: 1) симптоматикалық 2) каузальді (себеп- салдарлы).

Симптоматикалық коррекция дамудағы қиындықтардың сыртқы жағын, сыртқы белгілерді, қиындықтардың белгілерін жеңуге бағытталған. Керісінше, каузальді типтегі коррекция проблемалардың және субъект дамуындағы ауытқулар тудыратын себептерді қалыпқа келтіруді және жоюды болжайды.

Симптоматикамен жұмыс істеу, қандай тиімді болса да, клиенттердің қиындықтарын аяғына дейін шеше алмайды.

Бұл жерде балалардағы қорқыныш коррекциясы мысал бола алады. Сурет салу терапия әдісін қолдану балалардағы қорқыныш белгілерін жеңуде маңызды нәтиже береді. Бірақ, балалардағы қорқыныштар мен фобиялардың пайда болуы бала мен ата- ана қарым- қатынас жүйесіне байланысты болса, мысалы: ата- ананың баланы эмоционалды қабылдамамуы мен байланысты болған жағдайда, ата- ана позициясын тиімділеу жұмысынан бөлек қолданған сурет салу терапиясы тұрақсыз және қысқа мерзімді эффект береді.

Баланы қараңғыдан және бөлмеде жалғыз қалу қорқынышынан арылтсаңыз, біраз уақыттан кейін клиент ретінде дәл сол баланы жаңа қорқынышпен (мысалы- биіктен қорқу) алуыңыз мүмкін. Қорқыныштар мен фобиялар тудыратын себептер мен жағымсыз даму симптоматикасын, тек тиімді психокоррекциялық жұмыс арқылы бала мен ата- ана қарым- қатынасын жүзеге асыруға болады.

Каузальді типтегі коррекцияның басымдылық принципі- коррекциялық шараларды жүргізудің мақсаты клиент дамуындағы ауытқулар мен қиындықтардың себептерін жоюды білдіреді.

4. Коррекцияның іс- әрекеттік принципі. Аталған принципті қалыптастырудың теоретикалық негізі А. Н. Леонтьев, Д. Б. Эльконин ұсынған баланың психикалық даму теориясы болып табылады. Коррекцияның іс- әрекеттік принципі коррекциялық жұмыс жүргізудің тактикасын, жолдарын және қойылған мақсаттарды жүзеге асыру тәсілдерін анықтайды.

5. Клиенттің жас ерекшелік- психикалық және дербес ерекшеліктерін ескеру принципі. Клиенттің жас ерекшелік- психикалық және дербес ерекшеліктерін есепке алу принципі бір жағынан, клиенттің психикалық және тұлғалық даму жолының қалыпты дамуымен сәйкестігін талап етсе, екінші жағынан, тұлға даму жолының бірегейлігі мен қайталанбастығын мойындау. Дамудың қалыптылығын, жас кезеңдерінің бір- бірін ауыстыру кезегі, онтогенетикалық дамудың жас ерекшелік кезеңі деп түсінуге болады.


1 | 2 | 3 | 4 | 5 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.059 сек.)